Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2014



жүктеу 2.31 Mb.
Pdf просмотр
бет25/26
Дата15.03.2017
өлшемі2.31 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Жұмаділов  Қ.  Он  екі  томдық  шығармалар  жинағы.  Төртінші  том.  Соңғы  көш.  -
Алматы: Қазығұрт, 2005. - 504 б. 
2
 
Нұрғали  Р.  Сырлы  сөз.  Әдеби  сын,  зерттеу.  Бір  томдық.  -  Алматы:  Жазушы,  2000.  - 
434б.  
3
 
Елеукенов Ш. Әдебиет тәуелсіздік қаруы. - Алматы: Баспалар үйі, 2009. - 472 б. 
4
 
Жұмаділов Қ. Атамекен. Роман. - Алматы: Жазушы, 1990. - 300 б. 
5
 
Оразбек  М.  Автор  және  шығармашылық  процесс.  Монография.  -  Алматы:  Атамұра, 
2003. - 488 б. 
6
 
Жетписбаева Б. «К поэтике символа в романе А. Нурпеисова «Долг». // Академик Зәки 
Ахметов  және  руханият  мәселелері:  республикалық  ғылыми-теориялық  конференция 
материалдары. -Алматы: «Үш қиян», 2003. - 640 б.  
7
 
Сәмитұлы Ж. Сергелдең. Роман. - Астана: Елорда, 2001. - 520 б. 
8
 
Поплавский Б. Неизданное: Дневники. Статьи. Стихи. Письма. - М., 1996. - 347 с. 
9
 
Сартр Ж.П. Бытие и ничто. - М., 2000. - 360 с. 
10
 
Грузін  Ю.В.  Інфернальний  герой  в  російскій  прозі  XX  століття.  Витоки.  Типологія. 
Трансформація.  Автореферат  диссертаціі  на  здобуття  наукового  ступеня  кандидата 
філологічних наук. – Киів, 2001. - 20 б. 
11
 
Бөдешұлы Ж. Бұрылыс: Жыр жинағы. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. - 296 б. 
12
 
Памяти Ивана Сергеевича Шмелева. // Шмелев И.С. Собр. соч.: в 5 т. Т.1. - М., 1998.-
478 с.  
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматриваются прозаические произведения писателей. Анализируются проблемы 
отчизны, судьбы нации, стиль и структура персонажей художественной прозы. 
 
RESUME 
 
In  the  article  the  author  considers  the  prose  works  of  the  writers.  The  problems  of  the  native 
country, the fate of the nation, the style and structure of feature prose characters are analyzed. 
 
 

 
235 
ӘОЖ 82-32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ж.О. Мәмбетов 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті,  
ф.ғ.к., доцент 
Қазіргі қазақ 
прозасындағы  
бет пен бағыт 
Аннотация 
Мақалада  қазіргі  қазақ  прозасының  даму 
ерекшеліктері,  соның  ішінде  шағын  жанрдың  даму 
сипаты  сөз  болады.  Қазіргі  прозада  қалам  тартып 
жүрген  кейінгі  толқын  жазушылардың  соңғы 
шығармалары  салыстырмалы  түрде  талданып, 
түсіндіріледі.  Әр  қаламгердің  стильдік  ерекшелігі, 
жаңа  тақырып,  тың  идея  іздеудегі  талпыныстары, 
көркемдік  таным  жолындағы  ізденістері,  ұстанған 
бағыттары 
мен 
ерекшеліктері 
бүгінгі 
күн 
тұрғысынан  бағаланады.  Сонымен  қатар  қазіргі 
әдебиеттегі жаңа ағымдар туралы да түйінді пікірлер 
айтылады. Қазіргі әдебиетті саралау бүгінгі күн үшін 
өзекті мәселенің бірі екені талас тудырмаса керек. 
Түйін  сөздер:  образ,  миф,  діни  мифология, 
көркем сюжет, композиция, постмодернизм. 
 
 
Еліміз  азаттыққа  қол  жеткізген  соңғы  жиырма 
жылдан 
астам 
уақыт 
ішінде 
ұлтымыздың 
дүниетанымы  барлық  жағынан  үлкен  өзгерістерге 
ұшырады.  Жүздеген  жылдар  бойы  санамызға 
күшпен  сіңіріліп,  әбден  орнығып  қалған  қасаң 
таным-түсініктерді  жаңаша  пайымдауға,  табылып 
жатқан  тың  деректермен,  басқа  халықтардың  ойлау 
дәстүрлерімен  салыстыра  зерделеуге  мүмкіндіктер 
ашылды.  Бұл  ең  алдымен  ұлттық  тарихымызды 
қайта  таразылаудан,  әдебиетіміздің  болашақ  бағыт-
бағдарын  анықтау  қажеттілігінен  туындаған  еді. 
Сондықтан  да  тәуелсіздік  жылдары  тарихи 
шығармалар  көптеп  дүниеге  келді.  Бұрын  айта 
алмаған, емурінмен танытқан ақиқат шындықты енді 
атын  атап,  түсін  түстеп  жазуға  жол  ашылды.  Оның 
үстіне  бір  кездері  коммунистік  жүйе  таптық  қоғам 
деп  айыптаған  капиталистік  дүниенің  материалдық 
құндылықтарымен  қатар  рухани  құндылықтары  да 
ашық  есіктен  именбей  еніп  жатты.  Жаһандану 
дәуірінде 
олардан 
тартынып, 
көрпеңді 
қымтайтындай  мүмкіндік  те  жоқ  еді.  Томаға-
тұйықтық  баяғы  кеңес  өкіметімен  бірге  келмеске 
кеткен.  Сондықтан  да  қай  елден  үйренесің,  кімге 
еліктейсің, қай ағымды қолдайсың бәріне де еркіндік 
берілді,  қаламгердің  қалауына  шектеу  қойылмады. 
Бірақ  қазақ  әдебиеті  солардың  бәрімен  де  араласа 
жүріп  өзінің  ұлттық  табиғатын  түбірімен  өзгерткен 
жоқ.  Үйрену,  еліктеу  бар  -  бірақ  сол  үйренгенінің 
өзін  ұлттық  мүддемен  сәйкестендіру  басымырақ 
секілді.  
Қазіргі  қолына  қалам  ұстаған  қауым  арасында 
өзінің  шығармашылық  шеберлігімен  көпшілік 
оқырманның   көңілінен   шығып   жүрген    Нұрғали 

 
236 
Ораздың «Қайыршының жұлдызы» әңгімесі. Әңгіме сюжетінің қазақ прозасында бұрынан 
қалыптасқан өзге екі адам арасындағы әңгіменің желісі арқылы басталуы да шығарманың 
алабөтен жаңалығы бар дүние екенін байқата қоймайды. (Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» 
хикаятынан бері келе жатқан дәстүр). Бірақ көлемі оншақты беттен сәл-ақ асатын осынау 
шағын  әңгімені  оқып  шыққанда  қасымызда  жүрген  адамдар  туралы,  өзіміз  өмір  сүріп 
отырған  заман  туралы  ойға  шомып,  іштей  мүжіліп,  өзгеше  бір  көңіл-күйді  басымыздан 
өткізетініміз  рас.  Бұл  жазушының  тақырыпты  ұтымды  таңдай  білгендігі,  шығарма 
идеясының  біз  күтпеген  тұстан  байлам  жасап,  соны  ойға  жетелеуінен  десек  қателесе 
қоймаспыз. Таланты актердің қайыршыға айналып кетуін жазушы сенімді бейнелей алған. 
Өмірде  жолы  бола  қоймаған  жас  жігіттің  қоғамдағы  ең  бейшара  топ  өкілдеріне  қосылу 
себептерін  де,  яки  шығарма  сюжетіндегі  логикалық  байланысты  да  өмірдің  өзінен 
бұлтартпастай сенімді етіп ала білген. Бүгінгі өнер адамы кім, оның дарыны мен талантын 
бағалап, өнерге сіңірген еңбегін елеп жатқан кім бар? Осы қоғамда бізбен қатар өмір сүріп 
жатқан  қарапайым  өнер  адамының  өзгелерден  айырмасы  қайсы?  Біз  көрген,  біздің 
замандастар көрген қиындықты олар да көріп келеді. Етектен тартқан жоқшылық қасіреті 
оларды да айналып өтіп жатпағанына әңгімені оқи отырып көз жеткіземіз. 
Қайыршының  ролін  сомдап,  атағы  шағын  қалада  дүркіреп  тұрған  азаматтың  адами 
тұрмысы  жан  төзгісіз  қиын.  Оны  жазушы  былайша  суреттейді:  «Өнер  адамдарының 
күнкөрісіне  қазір  кім  көңіл  бөліп  жатыр,  сахнадан  жарқырап  көрінгеніне  қарап,  е-е 
бұларда  бәрі  бар,  нағыз  бақытты  жандар  осылар  ғой  деп  ойлайсыз.  Ал  шындығында 
олардың  бір  айда  алатын  арзымайтын  жалақысы  –  базардағы  саудагердің  бір-ақ  күндік 
табысына тең. Маркс дұрыс айтқан:  «Сананы тұрмыс билейді». Биік рух әрі кетсе бір-ақ 
күнге  азық  болады...»  [1,  40  б].  Бұл  ақиқат  шындық  болғанымен,  шағын  әңгімеде  оны 
публицистикалық сарында баяндаудың керегі жоқ еді, онан гөрі сол жоқшылықтың сырын 
ашатын  айшықты  бір  деталь  тапқанда  әлдеқайда  ұтымды  шығар  еді.  Ал  одан  кейінгі 
актердың  қызының  пальтосын  мектепте  ұрлатып  алып,  суық  тиіп  ауыруы  да  жалаң 
баяндау  сарынынан  аса  алмаған  сықылды.  Осы  екі  эпизод  болмаса,  шығарманың  тілі 
жатық,  сюжеттің  даму  сатылары  да  бір  бірімен  композициялық  тұрғыда  әсем  үйлесім 
тапқан. Шығарма ішіндегі шығарманың сюжеті түгел дерлік баян етілмесе де, автор театр 
сахнасында қойылған туындының идеялық мұратын мынадай бір екі сөйлеммен-ақ нақты 
ашып,  дәл  таныта  алған.  «Оу  халайық  деді  ол  спектакльдің  соңында  залға  қарап  екі 
алақанын  жайып  отырып.  –  Сендер  менің  ойымда  ен  бар  екенін  қайдан  білесіңдер?! 
Құдайға шүкір, жетеді... бәрі де жетеді. Қайғы да, сор да, қуаныш та, бақыт та кезектесіп 
өтіп жатады алдымнан. Иә... иә, мен сендерді  сынау үшін отырмын осы жерде!»,  -дейді. 
[1.38  б].  Осы  актер  аузымен  сахнада  айтылған  сөз  Н.Ораздың  да  әңгімесінің  идеялық 
тұғыры іспетті. Жазушы заман жайлы, оның қызығы мен қуанышы жайлы айтпақ болған 
ойын қайыршының сөзі арқылы осылайша жеткізген деген ойға тоқталдық... Шын талант 
иесі  қоғамдағы  экономикалық  қиыншылықтардың  құрсауынан  шыға  алмай  арпалысып 
жүріп, ақыры ақша табудың жолына түсіп кетеді. Қарын тоқтығы мен дүниенің буы оны 
түптің түбінде рухани қайыршылыққа әкеліп соқтырады. Ең соңында қу дүниенің құлына 
айналған  бір  кездегі  атпал  азаматтан  әйелі  де,  бала-шағасы  да  безіп  кетеді...  Бұл 
жазушының  замана  шындығын  суреттей  отырып  жеткізген  идеясы,  қазіргі  кезеңнің 
трагедиясы. 
Жалпы  Нұрғали  Ораз  шағын  әңгімеде  адам  сезімінің  алуан  қырлы  толқындарын 
мөлдіретіп  беруге  төселген  қаламгер.  «Біз,  ол,  «мерседес»  және  махаббат»  деген 
әңгімесінде түкпірдегі ауылға нағашы әжесі Сағираға келген бойжеткен қыз Бибіажардың 
мінезін айшықты да әсем суреттейді. Әңгімеде адамды елең еткізерліктей оқыс оқиға да 
жоқ,  шырғалаң  сюжеттік  тартыстан  да  ада.  Бірақ  шағын  шығарманы  оқып  шыққанда 
оқырман  көңілінде  бір  қимастық  сағыныш,  екі-үш  күн  ғана  сырттай  таныс  болған 
ақжарқын  қыздың  ерке  қылығы  ұмытылмастай  болып  жатталып  қалады.  Расында  да 
түкпірдегі  ауылға  келген  өнерлі  қыздың  әр  бір  әрекеті,  әр  бір  қимылы,  сөйлеген  сөзіне 

 
237 
шейін тартымды, ешқандай да жасандылық  жоқ. Бірақ  сонысына қарамай қазақы тәрбие 
алған  бұйығы  ауылдың  балалары  үшін  оның  барлық  әрекеті  жаңалыққа  толы,  тосын  да 
қызықты болып сипатталған.  
«Бибіажар келгелі біз құдық басында бір-бірімізге су шашысып, қуаласып ойнайтын 
болдық.  Сайдағы  жалғыз  құдықтың  суы  да  көбейіп  кеткен  секілді.  Бұрынғыдай  емес, 
өзімізді  біртүрлі  еркін  сезініп,  жарық  дүниеге  шыр  етіп  түскелі  бері  жанымызға  батып, 
иінімізді басып келген бір ауыр жүктен құтылғандай жеңілдеп қалдық.  
Бибіажар  мал  суаруға  күнде  келсе  екен  деп  тілейміз  іштей.  Мейлі, ол  сәмбі  талдай 
майысып құдықтан су тарпай-ақ қойсын. Сағира шешейдің қойларын өзіміз-ақ томпаңдап 
жүріп суарып береміз. Тек біздің ортамызда сықылықтап күліп, мәз-майрам болып жүрсе 
болғаны. Шынында да оның мінезі бала сияқты еді. Ол біздің ауылдың барлық қызынан 
сұлу  болса  да,  тәкәппарлық,  паңдық  дегенді  білмейтін.  Екі  беті  бал-бұл  жанып,  бізбен 
бірге  асыр  салып  ойнап  жүретін-ді»,  -деген  үзіндіден  Бибіажарға  деген  ынтызарлықты 
аңғарамыз  және  оған  имандай  сенеміз  [1,99  б].  Бұл  жазушының  шағын  әңгімеде  өз 
оқырманын ұйыта білген шеберлігінен деп білеміз.  
Ораздың  кейбір  әңгімелерінің  сюжеттік  желісі  ойламаған  жерден  тосын  басталып 
жататын  кездері  де  жиі  ұшырасады.  Ондағы  қаһармандар  да  өзімізге  таныс  бүгінгі 
замандастарымыз. Бірақ аталған шығармалардағы әйелдер образдары арқылы нені насихат 
еткісі  келді,  қаламгердің  позициясы  қандай  деген  сұрақтарға  жауап  таба  алмаймыз. 
Мысалы,  «Оңаша  арал»,  «Бақ  құсы»  деген  әңгімелеріндегі  оқиғаның  өрбуі,  адамдар 
арасындағы  байланыстың  күтпеген  жерден  басталуы  осыған  дәлел  бола  алады.  Ақыл 
тоқтатқан жігіт пен жас келіншектің кафеде таныса салып бірін-бірін қимай, сырласа кетуі 
оқырманды иландыра алмайтын сықылды. «Бақ құсында» да жас қыздың өзін танымайтын 
жазушы  жігіт  ағасын  мейрамханаға  шақырып,  артынша  оған  барлық  сырын  ақтарып, 
жақындаса кетуі моральдық жағынан ғана емес, логикалық тұрғыдан да сенімсіз дер едік. 
Дей тұрғанмен де, қанша жерден заман өзгерсе де, адамгершілік қасиеттің әрдайым биік 
тұрғаны  абзал  шығар...  бұл  тұрғыда  Н.Ораздың  әлі  де  болса  өзіне  талапты  жоғарырақ 
қойғаны жөн. Себебі оның жаман жазуға қақысы жоқ. Мөлдір де сырлы әңгімелері оның 
сол  биіктен  түспеуін  талап  етеді.  Осы  жерде  Асқар  Сүлейменовтің  мына  бір  сөзі  ойға 
оралады: «Жазушы да, жазушының геройы да басқаға, басқалардың өз-өзіне деген сындық 
талаптың  іштей  піскенін  етене  түйсініп  жүр.  Талап  –  қоғам  талабы,  қоғам  иесі  адам 
талабы.  Ұлыққа  да,  кішікке  де,  оның  жақсы-жаман  қылығына  алақан  астынан  қарауға 
келісімпаздыққа,  әй  қойшы  соны,  әйтеуір  бірдемесі  болар  деген  бойкүйез  бұйығылыққа 
көк  сүңгі  болып  шүйлігетін  талап.  Әркімнің  серігі  де,  көлігі  де  осы  талап  болу  керек. 
Бірнші кезекте - талап, басқа түк те емес» [2, 28 б].  
Әрине  біз  әдеби  шығармашылықтың  көбіне  бір  бағытта  дамуына  қоғамды  кінәләп 
жатамыз. Ал жиырма жылда адам танымастай өзгерген дәуір құбылысы мен өзгерістерге 
біздің  қаламгерлер  ілесе  алып  жүр  ме?  Бұл  да  ойланатын  мәселе.  Мысалы  көптеген 
сыншыларымыз  біздің  жазушылардың  жаһанданудан  кенде  қалып,  оған  тек  қарсылық 
білдірумен  ғана  келе  жатқанын  тілге  тиек  етуде.  Олардың  ойынша  қазіргі  қазақ 
қаламгерлері  шарықтап  дамып  жатқан  әлемдік  ғылыми-техникалық  үдеріске,  дүние 
жүзіне  ортақ  мәдени,  әдеби-философиялық  интеграциядан  оқшауланып  қалғандай. 
Сондықтан да олар кез-келген жаңашылдыққа, постмодернистік үлгілерге үрке қарайды. 
Тағы  бір  көз  жіберіп,  тексеріп  алатын  нәрсе,  біздің  қаламгерлер  қазір  қандай 
тақырыптарды  көтеріп жүр?  Айналдырған  бірнеше  белгілі  тақырыптарды  таптап,  жауыр 
болған  ескі  ойлармен  оқырман  қауымды  жалықтырып  алған  жоқпыз  ба?  Осы  мақсатпен 
жүргізген  ізденстеріміз,  біздің  прозада  сан  алуан  тақырыптардың  көтеріліп  жүргенін 
айғақтап берді. Мысалы, тарихи және махаббат тақырыптарынан басқа еліміз тәуелсіздік 
алғаннан кейінгі жылдар пайда болған сауда-саттық тақырыбы, жұмыссыздық тақырыбы, 
ауылдан  қалаға  көшу,  яғни  урбанизация  тақырыбы,  оралмандар  тағдырын  суреттейтін 
шығармалар,  шет  ел  тақырыбы,  өнер  тақырыбы,  спорт  тақырыбы,  діни  тақырыптар  т.б. 

 
238 
Сонымен қатар сыншылардың біздің жазушылар қазіргі қоғам дамуына ілісе алмай келеді 
дегенінің  де  жаны  бар  сықылды.  Өйткені  қазіргі  қаржы  жүйесін,  әлемдік 
инвестициялардың  елімізге  ағылуын,  банк  саласындағы  құйтырқы  әрекеттерді,  ірі 
компаниялар  мен  холдингтердің  арасындағы  шым-шытырық  байланыстарды  суреттейтін 
шығармалар  бізде  жоқтың  қасы.  Себебі  жазушыларымыз  ол  саланы  әлі  толық  білмейді, 
зерттемеген, ал білмеген нәрсеге қалам тартудың қиын екені белгілі. Болса да сол саланың 
барлық  құйтырқы  әркеттерін  әшкерелеп  беруге  қауқарсыз,  тек  бетін  қалқып  қана  өз 
топшылауларын  бейнелемек  болады.  Ал  оның  қазіргі  биік  интеллектуалды  оқырманды 
толық қанағаттандыра алмасы әмбеге аян.  
Жазушы  Нұрлан  Қамидың  «Шизофрения»  деген  хикаясы  сол  жолдағы  алғашқы 
ізденістердің  бірі  деп  ойлаймыз.  Шағын  әңгімедегі  қаһармандардың  аты-жөндері  де 
аталмайды. Оқиға бірінші  жақтан баяндалғандықтан мен, әйелім, досым, қайнағам деген 
кейіпкерлер  ғана  бар.  Бірақ  сол  адамдардың  аттары  кім  деген  сауал  сізді  мазаламайды. 
Өйткені ондағы адамдар да, сюжет хроникасы да сізге таныс, өзіңіздің күнде көріп жүрген 
замандастарыңыз  секілді.  Ең  бастысы  сол  оқиғалардың  бәрі  сіздің  өз  басыңыздан  өтіп 
жатқандай күй кешесіз. Сөмке тасып, сауда жасап жүрген жоғары білімді экономист жігіт 
жағдайы түзелген соң банк ашпақшы болады. Бар пәле сонан басталады. «Шай ішіп, тамақ 
жеп болған соң жеңгеміз ас үйге кетті де, қайнағамыз әңгімесін бастады. Тік мінезді адам 
болатын, мәселені төтесінен қойды.  
-  Шотыңа  біраз  қаржы  түсті,  бірақ  соның  қайдан  келгенін  ұмытпа,  -  деді  нығарлай 
сөйлеп. –Ана досыңа да ескертіп қой, бұл ақшаның өз орны бар, тек менің айтқаныммен 
ғана жұмсайтын боласыңдар. 
Мұндайды күтпеген басым не айтарымды білмей құмығып қалдым әйелім де аң-таң. 
Бір-бірімізге жалтақтап қарап қоямыз». [3.227 б]. Осынау қысқа ғана диалогтен баиймын 
деп жүріп, ең жанашыр адамдарымен араз болып, өзінің азат басын кіріптарлыққа кіргізіп, 
соның  салдарынан  пенде  атаулыдан  бөлектеніп,  шеттеп  жалғыз  қалған  адамның  жан 
күйзелісін  танығандай  боламыз.  Әйелінің  ағасы  да,  талай  қиыншылықтан  бірге  өткен 
жолдасы  да,  керек  десеңіз  құдай  қосқан  қосағы  да  ақшаның  алдында  дәрменсіздік 
танытып, бас қаһарманды сатып кетеді. Мұның бәрі жазушының қиялынан туған десек те, 
онда күнделікті өмірде өзіміз көріп, біліп жүрген ақиқат шындық бар.  
Оның  «Шал»  деген  әңгімесінде  соғыс  ардагерінің  өмірі  сөз  болады.  Бірақ  шал 
соғыста ерлік жасап көзге түскен кісі емес, жұмыста да елден ерек оза шауып жүлде алған 
жері  жоқ.  Қарапайым  көптің  бірі  ғана.  Жазушының  оқырманға  жеткізгісі  келгені  де  сол 
көптің  бірін,  қарапайым  жанды  шығармасына  арқау  ету.  Осы  кезге  шейінгі  прозада 
әйтеуір  бір  ерекшелігі  бар  адам  шығарма  қаһарманы  болып  келсе,  Н.Қами  аталған 
әңгімесінде  сол  ескі  сүрлеуден  шыққысы  келген.  Оның  кейіпкері  шаруаға  да  орашолақ, 
ерліктің  де  парқын  терең  ұға  қоймайтын  миллиондардың  бірі  ғана.  Оны  әңгіме 
арасындағы мына бір мінездеуден де анық аңғаруға болады: «Жалпы өзі көп ойланбайтын 
адам, бала кезінен-ақ топастау еді, есейгеннен кейін де ақылы толысып, кемеңгер болып 
кеткені  шамалы.  ...Сергей  досы  айтушы  еді,  саған  жақсы  ғой,  көп  ойланбайсың,  жүйкең 
берік,  жан  дүниең  қат-қабат  қыртыстардың  астында  жатыр,  сондықтан  жас  сәбидей 
бәйкүнәсің, анау-мынауға мойымайтының да содан, ұзақ өмір сүресің сен. Айтқаны айдай 
келді,  міне  сексеннен  асып  бара  жатыр...»  [3,  7  б].  Бірақ  сол  қарапайым  адамдардың  да 
іштей  өздері  құрмет  тұтатын,  өздері  ғана  сеніп,  өздері  парыз  санайтын,  басқалар  көп 
ұғына бермейтін түсінік-әдеттері, бар пейілдерімен орындайтын іс-әректтері болады екен. 
Шығарманың бұрын қазақ прозасында көп ұшыраса бермейтін, құлаққа тосындау тиетін 
«Шал  жылына  екі  рет  ішетін»  деген  оқыс  сөйлеммен  басталуының  да  сырын  оқиға 
желісіне  қаныққан  соң  ғана  түсіне  бастайтынымыз  рас.  Шығарма  сюжетінің  кейбір 
тұстары  Ш.Айтматовтың  «Боранды  бекет»  романының  оқиғалар  желісіне  де  ұқсап 
кететіндей. Шалдың балаларынан бөлініп жалғыз қалуы, олардың әкелерін ойламауы, шал 

 
239 
қайтыс  болғанда  ауыл  адамдарының  оны  арулап  жер  қойнына  тапсыруы  т.б.сол 
ойымызды дәлелдей түседі. 
Жалпы, Нұрлан Қамидың қазақ прозасына араласқанына отыз жылдан аса уақыт өтсе 
де  шығармалары  сирек  жарық  көреді, кітаптары  да  араға  жылдар  салып  шығып  жатады. 
Соған  қарағанда  өзіне  қатты  талап  қоятын  болса  керек.  Біздіңше  Нұрлан  қазіргі  қазақ 
прозасында  өзіндік  орны  бар,  өзіне  тән  машығы  қалыптасқан  қаламгер.  Оның  қалам 
тартып  жүрген  тақырыптары  да  басқа  жазушыларда  көп  кездесе  бермейтін  ерекше 
тақырыптар. Ол ақиқат өмірдегі әр құбылыстан, әр бір тосын оқиғалардан өзіне ғана тән 
ой түйюге, жалпы адамзат баласы дұрыс деп қабылдаған орныққан қағидалардың екінші 
қырынан қарауға, көпшілігіміз байқай бермейтін тұстарына тереңдеп үңілуге бейім екенін 
аңғарамыз. Көбіміз оншалықты мән бере қоймайтын қалыптасқан этикалық, эстетикалық 
пайым-түсініктер жазушы шығармаларында мүлдем жаңаша пайымдалып, соны қырынан 
танылатынын да оның жаңалығы, басқаларды қайталамайтын өзгешелігі деп түсінгеніміз 
жөн. Шығарма соңы біз күтпеген бағытта тосын шешіммен  аяқталып  жатса, оған да таң 
қалудың  керегі  жоқ.  Ол  жазушының  оқырманға  қалдырған  сауалы,  оқырманды 
интеллектулдық  тартысқа  шақырған  өзіндік  тәсілі.  Мүмкін  сонан  да  шығар  Нұрланның 
шығармаларын  алғаш  оқыған  адам  өз  ойын  бірден  жинақтай  алмай  әрі-сәрі  күйге 
түскендей  болады.  Оқырман  басына  анау  неге  олай,  мынау  неге  бұлай  деген  сауалдар 
қаптайды.  Бірақ  қайта  оқысаңыз,  ойлана  оқысаңыз  сол  сұрақтардың  жауабын  тағы  да 
өзіңіз  тапқандай  боласыз.  Бұл  қазақ  прозасында  Н.Қами  тапқан  өзгеше  сүрлеу,  жаңаша 
жол.  
Қазіргі оқырманға жақсы таныс қаламгердің бірі – Асқар Алтай. Оның шығармалары 
да мазмұн мен формадағы тың ізденістерімен ерекшеленеді. Оны кеңестік кезеңнен қалған 
ескі  сүрлеумен  келе  жатыр  деп  айта  алмас  едік.  Тақырып  таңдауында  да,  идеялық  ой 
түюінде де ол өзгелерден ерек тұрған жазушы. «Казино», «Кентавр» сияқты әңгімелерінің 
сюжеттік  желісі  біздің  замандастарымыздың  бастарынан  өтіп  жатқан  оқиғаларға 
құрылған.  Байлыққа  белшесінен  батып,  адамшылық  пен  туыстық  қасиеттерін  жоғалтқан 
кейбір адамдардың біз сырттай қызығатын өмірлерінің терең қатпарларын қопара ашып, 
олардың өз ара салқын, тек жеке бастың бір сәттік қамымен жүрген пенделік сипаттарын 
бейнелеуі,  әке  мен  бала,  ана  мен  әке  арасындағы  адами  қатынастардың  сырттай  ғана 
бүтін, ал шын мәнінде түтін болып жатуы тек адамдар арасындағы күйбең байланыс емес, 
қазіргі  қоғамдағы  ақиқат  шындықтың  бір  көрінісі  екенін  анық  таныта  алған.  Ал 
халқымызға  қасірет  әкелген  Семей  полигонының  зардаптарын  көрсетуде  қаламгер 
басқалардан  өзгеше  жол  табуға  тырысқан.  Трагедия  трагедияны  тудырады.  Жазушының 
ойынша  полигон  зардабы  оның  жабылуымен  біте  салатын  құбылыс  емес  екен.  Оны 
жоюға,  одан  айығуға  тек  қана  жоғарыдан  берілген  бұйрық  қанан  емес,  адам  жанын 
емдейтін  ұзақ  уақыт,  санадағы  оң  өзгерістер,  адамға  тән  бауырмалдылық,  аяушылық,  ең 
бастысы  сүйіспеншілік  қасиеттер  керек  екен.  Мұны  Асқар  қысқа  ғана  әңгімесінде  атап 
айтпаса да тұспалдап әдемі жеткізген. 
Біз  сөз  еткен  үш  жазушының  шығармаларындағы  замандастар  бейнесі  айналып 
келгенде бір біріне ұқсас бейнелер. Олардың баяндау тілдерінен де суреттілік, көркемдік 
қасиеттерді  жиі  кездестіреміз.  Оларда  посмодернистік  бағыттағы  жазушылардай  тілді 
ықшам  пайдалану,  көркемдіктен  алыстау,  оқиғаның  тек  бір  ғана  қырын  ашып  көсету, 
ойды шолақ қайыру сипаттары жиі кездесе бермейді. Олардың прозаларындағы нарықтық 
заманындағы  адамдардың  рухани  жұтаңдануы,  дүние,  ақша  үшін  адамдық  қасиеттердің 
саудаға  түсіп,  жеңіліс  табуы,  адамгершілік,  махаббат  сықылды  асыл  қасиеттердің 
арзандап аяққа тапталуы көркем жинақталған. Ол бүгінгі біздің замандастардың басынан 
өтіп жатқан шынайы өмір суреттері, өмірдегі ақиқат шындықтың өнерге айналуы. 
Ал  Дидар  Амантай,  Мадина  Омарова,  Лира  Қоныс  секілді  қаламгерлерде 
постмодернизм  сипаттарының  айқын  көрінетінін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Мысалы, 
«Дидардың  Қарағайлы»  шаһарында  деген  қысқа  әңгімесі  бар.  Әңгіме  жас  жігіт  пен 

 
240 
кішкентай қыздың арасындағы диалогке құрылған. Есік алдында машинада бір адамдарды 
күтіп тұрған жігіт ойнап жүрген кішкентай бес жасар қызбен сөйлеседі. Жігіт тарапынан 
қойылған сұрақтардың анау айтқандай терең мәні жоқ секілді. 
-  Атың  кім,  мына  үйде  кім  тұрады,  мамаңды  жақсы  көресің  бе?  -  деген  сықылды 
әңгімеге тарту үшін айтыла салған сұрақтар. Көбіне сұрақты қоюшы кішкентай қыз. Бірақ 
оның  сұрақтарының  мазмұны  тереңірек  секілді.  Жазушының  әңгімеде  көрсеткісі 
келгенінің өзі де сол ма деген ойда қалдық. 
«- Сіз бізге қонаққа келдіңіз бе, 
- Менің атымды білгіңіз келмей ме,  
- Жасымды айтайын ба, 
- Менің қайда тұратынымды білесіз бе,  
- Сіз шокаладты ұнатасыз ба, 
-  Сіз  маған  ештеңе  сыйламайсыз  ба?»  –  деген  сарындағы  бір  жағы  бала 
психологиясына  тән,  ал  екінші  жағынан  өзінен  үлкен  адамды  әңгімеге  тартудың  амалы 
бар, астарында ептеген қулық та бар сауалдар [4, 122 б]. 
Сәби қыз бен ересек жігіт аз ғана уақыт сөйлесіп, бірін-бірі қимай қоштасады. Қыз 
кішкентай  сәби  болса  да  өзінің  тегінің  кім  екенін,  тәңірдің  өзін  әйел  етіп  жаратқанын 
сезеді  дегенді  жазушы  шығармасының  негізгі  идеясы  ретінде  ұсынады.  Бұл  өз  ойын 
ишарамен ғана астарлап жеткізетін постмодернизм көрінісі.  
Бұл тарапта өнімді еңбектеніп жүрген жазушылардың бірі - Мадина Омарова. Оның 
шығармаларында  да  әлемдік  әдебиеттегі  постмодернистік  үрдістер  қазақтың  ұлттық 
дүниетанымымен астаса орын алған. Мадина жас та болса осы уақытқа шейін біраз шет ел 
жазушыларының  шығармаларын  қазақ  тіліне  аударып,  олардың  кейбір  шығармашылық 
әдістері мен көркемдік ізденістерін өзі де орнымен қабылдап, бүгінгі әдебиетіміздегі жаңа 
бағытта  батыл  қалам  тартып  жүрген  қаламгерлердің  бірі.  Жас  прозайктің  «Емші  апа», 
«Жақсы  көру»,  «Таң  алдында»,  «Құдайы  тамақ»,  «Суық»,  «Ұят»,  «Мәңгілік»,  «Ақша 
іздеген» бала т.б. әңгімелерінде өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның әр алуан шындығын 
қысқа  да,  қарапайым  ғана  шағын  оқиғалар  арқылы  астарлап  жеткізуге  төселегені 
байқалады.  Жазушы  әңгімелерінен  дәстүрлі  қаламгерлерге  тән  толыққанды  жұмыр  да, 
ширатылған  сюжет  желісін  де  кездестіре  алмайсыз.  Ойды  нақты  бір  образ  бойына 
жинақтап көрсетуге де тырыспайды. Әңгіме  керек десеңіз тартыстан да ада. Бірақ кейде 
оқып  отырып  мұңға  батасыз,  кейде  өзіңіз  күнде  көріп  жүрген  үйреншікті  оқиғаларға 
тосыннан қарағандай күй кешесіз. Қалай десеңіз де сізді ойландырады, шығарма мәтінінің 
бар қызметі сізді тек сол ойдың арнасына ғана салып жіберу сықылды. Сіз жазушыны да, 
ондағы оқиғаны да ұмытып, өзіңізбен өзіңіз болып кетесіз. Қаламгердің де мақсаты сол.  
«Жақсы  көру»  деген  әңгімесіне  інісімен  әпкесінің  арасындағы  қысқа  ғана  диалог 
арқау  болған.  Әпкесі  кітап  оқып  отырады,  ал  тоғыз  жасар  інісі  оны  әңгімеге  тартқысы 
келеді. Бірақ кітап қызығына түскен әпкесі оны тыңдай қоймайды. Осыдан келіп балақай 
оған «сен мені жақсы көрмейсің» деп кінә тағады. Ақыры столда отырып ұйықтап қалады. 
Ал әпкесінің «оның ақырын барып шашынан сүйдім» деуімен әңгіме аяқталады [5, 122 б]. 
Бірақ дәл осындай оқиға бәріміздің өмірімізде талай рет болған, болып та жатады. Бірақ 
сонда  біз  адамдар  бір-бірімізден  алыстап,  жатбауырланып  бара  жатқан  жоқпыз  ба  деп 
ойландық  па?  Ал  мына  көлемі  екі  беттік  әңгімеден  соң  қайсымыздың  болмасын 
басымызға  сондай  ой  келеді.  Бұл  Мадинаның  жетістігі,  қаламгерлік  шеберлігі  деуімізге 
әбден болады.  
Постмодернистік  дәстүрде  оқиғаның  идеясын  ашып  көрсету,  шығарма  сюжетіндегі 
шиеленіскен тартысты логикалық байланыста дамыту міндет емес. Сондықтан да олардың 
шығармалары  қысқа,  кейде  тіпті  бірнеше  сөйлемнен  ғана  тұруы  мүмкін.  Негізінен 
оқырманның шығармаға арқау болған оқиғаны одан әрі өзінше дамытып ойлауына, жан-
жақты  шешім  шығаруына  еркіндік  беріледі.  Бір  шығарманың  идеялық  тұғырын  әр 
оқырман өзінше топшылап жатса оған да таң қалудың қажеті жоқ.  
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет