Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,87 Mb.
#9903
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Андреев В.И. Педагогика высшей школы. Инновационно-прогностический курс: Учеб. 
пособие для вузов/ В.И. Андреев. - Казань: Центр инновационных технологий, 2008. - 
499 с. - Библиогр.: с.482-494. - Прил.: с.444-481. 
2
 
Веселяева  Т.Ю.  Организация  учебной  деятельности  студентов  в  соответствии  с 
компетентностной парадигмой / Almamater. Вестник высшей школы .  – 2013. - №1. – 
С. 71-75.  
3
 
Фомин  Н.В.  Организация  самостоятельной  работы  студентов  в  условиях 
двухуровневой  системы  высшего  профессионального  образования  //  Инновации  в 
образовании. – 2012. - № 10. – С. 42-50.  
4
 
Dictionnaire Français Définition : définitions, exemples, synonymes et expressions Reverso 
[Электронный ресурс].
 
Режим доступа: http://dictionnaire.reverso.net/francais-definition/ 
5
 
Giret  J-F,  Moullet  S.  et  G  Thomas.  Retour  sur  la  définition  de  la  professionnalisation  de 
l’enseignement supérieur Communication au GDR RAPPE, 21 et 22 novembre 2002, Aix en 
Provence. 
[Электронный 
ресурс].
 
Режим 
доступа: 
http:// 
http://formationemploi.revues.org/1495?lang=en 
6
 
Giret J-F, Moullet S., Marseille Céreq. Une analyse de la professionnalisation des formations 
de l’enseignement supérieur à partir de l’insertion de leurs diplômés. – 2008. [Электронный 
ресурс].
 
Режим доступа: http://www.cereq.fr/cereq/netdoc35.pdf 
7
 
Le 
monde 
agricole 
en 
tendances. 
[Электронный  ресурс].
 
Режим  доступа: 
http://agriculture.gouv.fr/IMG/pdf/Le_monde_agricole_en_tendances.pdf 

 
114 
8
 
Loi d’avenir pour l’agriculture, l’alimentation et la forêt : Une ambition affirmée pour faire 
de  l’enseignement  agricole,  technique  et  supérieur,  un  levier  stratégique  d’innovation  et 
d’investissement.  [Электронный  ресурс].
 
Режим  доступа:  http://agriculture.gouv.fr/Loi-d-
avenir-pour-l-agriculture-l,23666 
9
 
Quelle  est  la  valeur  professionnelle  des  stages  étudiants  ?  [Электронный  ресурс].
 
Режим 
доступа: http://www.cereq.fr/index.php/articles/Focus/Caracteristiques-des-stages-etudiants 
10
 
Rapport Etude-Action "Ambitions et trajectoires professionnelles des (futures) ingénieures". 
[Электронный ресурс].
 
Режим доступа: http://www.socialbuilder.org/etude-actions-portant-
sur-les-ambitions-et-trajectoires-professionnelles-des-ingenieures.pdf 
11
 
Repères  et  références  statistiques  sur  les  enseignements,  la  formation  et  la  recherche 
statistiques - publications annuelles - Édition 2014 [Электронный ресурс].
 
Режим доступа: 
http://www.education.gouv.fr/cid57096/reperes-et-references-statistiques.html#Les étudiants 
12
 
Vincens  J.  Enseignement  supérieur:  les  défis  de  la  prospective.  –  Notes  du  Lirhe,  336.  – 
2002. – pp. 1-17 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақалада  Францияның  жоғары  агроинженерлік  оқу  орындарындағы  студенттерді 
кәсібилендіру  жолдары,  осы  білімнің  практикалық  бағыттылығы,  сондай-ақ  жоғары  инженерлік 
білім берудің тиімді көрсеткіштері қарастырылған.  
 
RESUME 
 
The  article  is  devoted  to  analyzing  the  ways  of  the  students  of  French  Academies  to  become 
professionals. Also this article examines the efficiency factor of the higher engineering education. 
 

 
115 
ӘОЖ 372.416  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
К.А. Тлегенова 
Қазақ экономика, қаржы 
және халықаралық сауда 
университеті, п.ғ.к., доцент 
 
Қазақ тілін 
интерактивті 
әдіспен оқытудың 
ерекшеліктері  
 
Аннотация 
Мақалада  жоғары  оқу  орындарында  қазақ 
тілін  оқытуда  интерактивті  оқыту  әдістерін 
қолданудың  ерекшеліктері  мен  оның  тиімділігі 
қарастырылады.  Студенттердің  белсенділігін 
арттыру  үшін  қолданылатын  интерактивті  оқыту 
әдісі жан-жақты талданады. 
Түйін  сөздер:  интерактивті  оқыту  әдісі, 
оқытушы 
мен 
студенттің 
арасындағы 
ықпалдастық,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ену, 
оқытудың 
жаңа 
технологияларын 
тиімді 
пайдалану. 
 
 
Қазіргі  білім  беру  тұжырымдамасының 
талабында  мұғалім  мен  оқушының  қарым-
қатынасы 
түбегейлі 
өзгеріп, 
«мұғалім 
– 
ұйымдастырушы,  бағыттаушы»,  ал  «оқушы  – 
ізденуші,  белсенді»  субъектіге  айналуы  тиіс 
екендігі айтылған.  
Интерактивті  әдіс  –  бұл  педагогикалық 
үрдіске  қатысушылардың  өзара  қарым-қатынасы 
және  бір-біріне  әсер  ету  арқылы  бір  мақсатты 
көздеуі. Бұл әдістің мақсаты – тек ақпарат ұсыну 
емес,  студенттерді  өз  бетінше  ақпаратты  табу 
дағдыларын  қалыптастыруға  итермелеу,  әр 
қатысушының  мінез-құлқы  мен  жұмыс  жасау 
дағдысына  оң  өзгеріс  енгізу,  логикалық  ойлау 
дағдыларын  дамыту.  С.В.  Белованың  пікірінше, 
білім алушыларды үш топқа бөлуге болады: 
-
 
сұхбатқа формалды қатысушылар; 
-
 
өз 
пікірін 
дәлелдеуге 
ұмтылатын 
оқушылар; 
-
 
шын  мәнінде  сұхбаттасып,  өз  пікірін 
байыта  алатын  оқушылар.  Оқыту  барысында 
оқытушы 
осы 
топтар 
арасындағы 
айырмашылықты  аңғарып,  дұрыс  бағыттап 
отыруы,  бірінші  және  екінші  топтардағы 
студенттердің  басқа  деңгейге  бағытталуына 
ықпал ете білуі қажет [1]. 
Интерактивті  әдіспен  оқыту  –  білім  беру 
жүйелерінің  жаңа  уақыт  талабына  бейімделіп, 
жаңа  арнада  тоғысуы.  Біріншіден,  интерактивті 
оқыту  жаңа  заманға  бет  бұрған  оқыту  жүйесі 
болса,  екінші  жағынан,  мұғалім  мен  оқушының, 
оқытушы 
мен 
студенттің 
арасындағы 
ықпалдастық,  білім  беру  мен  білім  алу 
арасындағы 
ерекше 
дидактикалық 
қарым-
қатынастың  заңдылықтарын  зерттейтін  сала 
болып есептеледі [2]. 

 
116 
Интерактивті  оқыту  технологиясында  берілетін  білім  мазмұны,  оқытушы  мен 
студенттердің  сабақта  қолданатын  әдістері,  қосымша  дидактикалық  және  техникалық 
құралдар – барлығы өзара тығыз байланысты және үйлесіммен қолданылады. 
Қазіргі  білім  беру  үдерісі  ең  алдымен  жеке  тұлғаға  бағытталып,  тіл  үйренушінің 
іскерлігін, коммуникативтік құзіреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, 
қазақ  тілінің  білім  мазмұнын  құрудың  әдіснамасын  дұрыс  таңдап  алу  қажеттілігі 
туындайды.  Ол  үшін  қазіргі  заман  талабына  сай  мемлекеттік  тілді  меңгертуде  озық 
технологияларды,  ұтымды  әдіс-тәсілдерді  пайдалану,  білім  беру  саласында  жүйелі 
жұмыстар  атқару  –  еліміздегі  ең  маңызды  кезек  күттірмейтін  өзекті  мәселелердің  бірі 
болып отыр. 
Қазіргі  таңдағы  білім  беру  жүйесіндегі  елеулі  бетбұрыстардың  айтулы  жаңалықтар 
әкелгені белгілі. Оған білім стандарты, инновациялық технологиядан іздену, әлемдік білім 
кеңістігіне  ену  жұмыстары,  сонымен  қатар  оқулықтардың  қайта  жасалуын  жатқызуға 
болады. Бүгінгі күн оқытушысының негізгі мақсаты – студенттің ойлау қабілетін дамыту 
үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, белсенділігін 
арттыру барысында жағдаяттық сұрақтарды пайдалану, жан-жақты дамуына әсер ету.   
Осыған орай, білім берудің қазіргі міндеті  – білім алып, білім мен дағды, машыққа 
қол  жеткізу  ғана  емес,  солардың  негізінде  дербес  әлеуметтік  және  кәсіби  біліктілікті 
ақпаратты  өзі  іздей  отырып,  талдау  және  ұғымды  пайдалану,  тез  өзгеріп  жатқан  бүгінгі 
дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады деп атап көрсетіледі [3]. 
Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, 
сынақтан өткізу мең енгізудің ауқымды міндеттері тұр. 
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқынды дамуына байланысты білім 
беру  жүйесінің  алдында  жаңа  міндеттер  қойылып  отыр.  Адамзат  баласы  ғаламдану 
кезеңінде  көптеген  өзгерістерге  ұшырауда.  Дамыған  өндірістік  қоғам  ақпаратты 
технологиялар  заманына  ұласу  нәтижесінде  қоғамдағы  жеке  тұлғаның  дамуын  заман  өзі 
талап етіп отыр. 
Бұған  дейінгі  дәстүрлі  оқыту  студенттерге  тек  пәндік  білім,  білік  дағдылардың 
белгілі жиынтығын меңгертуде ғана бағытталып, олардың жеке басының дамуына, тұлға 
ретінде қалыптасуына жеке көңіл бөлінбеді. 
Білім  берудің  жаңа  жүйесінде  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда, 
жаңаша  көзқараста  педагогика  теориясы  мен  оқу  тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге 
байланысты білім берудің мазмұныны жаңарып жеке тұлғаның дамуына ықпал жасауда. 
Интерактивті оқыту жүйесі – сабақта барлық білім алушының белсенді қатысуымен 
ұйымдастырылатын  оқу  үрдісі.  Кәсіби  қазақ  тілін  оқытуда  интерактивті  оқыту 
технологиясын қолдану арқылы өмірде болып жататын түрлі жағдаяттарды дидактикалық 
талаптар  тұрғысынан  екшеп  алған  соң,  тілдік  жағдаят  жаттығуларына  айналдыра  білу 
керек.  
Интерактивті  әдіснаманың  студенттің  оқу  процесіндегі  тәжірибе  негізінде 
оқытылатын  пәнге  білімі,  дағдысы  және  қатынасы  қалыптасқаннан  соң,  өзара  қатысу 
арқылы жүзеге асырылуын білдіреді. 
Оқытушының  рөлі  хабарлама  берушіден  сырқы  және  ішкі  қатысушылардың 
арасындағы өзара іс-әрекетіне негізделген оқытудың жетекші әрекетіне ауысып отырады. 
Интеративті  әдіснаманың  негізгі  принциптердің  бірі  –  студенттің  өмірлік 
тәжірибесіне  сүйене  оқыту,  бұл  әдіснама  өзара  әрекеттің,  міндеттері  мен  типтерінің  кең 
ауқымын қамтиды. 
Оқыту үрдісінде студенттердің өзара әрекеті төмендегідей өтеді:  
-
 
оқытушы тек өзінің басшылығына негізделген қатынас түрін өзгерте білсе; 
-
 
басқа оқушылармен жұптасып жұмыс істегенде; 
-
 
аз топпен (3-5 студентпен); 
-
 
студенттермен рөлді ойындар, пікірталастар өткізгенде, т.б.; 

 
117 
-
 
студенттермен және қауыммен зерттеу жүргізетін топ; 
-
 
техниканың кейбір түрлерін қолдану. 
Оқудың  сапасы  немесе  студенттердің  өзара  әрекеті  топтың  көлеміне  қарай 
анықталмайды. Сондықтан да әдістің негізгі ерекшелігі – студенттердің өзара әрекетінде. 
Бұл  әсіресе  түрлі  көзқарастар  мен  түрлі  шешімдерді  қарастыратын  азаматтық  білім 
берудің маңызы зор әдіснама. 
Интерактивті әдістерді қолданудың басты себептері мыналар: 
-
 
 студенттер ақпараттар мен дағдыларды игереді; 
-
 
студенттер  өздерінің  білетінін  басқалардың  білетінімен  бөліскенде,  ақпаратты 
беруші де, алушы да білім алады;  
-
 
студент идеясының логикалық дұрыстығы бірден анықталады; 
-
 
өзара әрекет арқылы студенттер қазіргі кездегі қажетті демократиялық тәжірибеге 
ие болады; 
-
 
топтастарының  көзқарастары  мен  өзіндік  пікірлерінің  бірдей  болуының  мүмкін 
еместегіне көздері жетеді; 
-
 
оқытудың бұл түрі студенттерді қызықтырады. 
Дәстүрлі  сыныпта  оқытушының  мәртебесі  жоғары,  өйткені  ол  –  білім  беруші.  Ал 
интерактивті  сабақта  мәртебе  биіктігі  оның  оқыту  үрдісін  басқару  қабілетімен 
анықталады.  Оқытудың  бұл  әдіснамасы  студенттердің  өзара  әрекеті  барысында  өтіп 
жатады.  Топтағы  билік  өзгерісінің  нәтижесі  оқытушының  жетістігі  үшін  маңызды.  Оған 
қол  жеткізудің  ең  жеңіл  жолы  –  оқытушының  аз  сөйлеуі.  Басқаша  айтқанда,  өзіңіз 
түсіндіре  бергеннен  гөрі,  студенттің  идеясын  пікірін  тыңдауға  көбірек  көңіл  бөлу.  Бұл 
студенттердің бір ғана жауаппен шектелуге болмайтынын, түрлі шешімдер бола беретінін 
түсінуіне көмектеседі. Оқытушы ретінде кейде біз студентке жаңа мағлұмат береміз. 
Оқу үрдісінің біртұтас логикалық бөлігінің үзіндісі сабақ десек, онда аталған пәннен 
өтетін  сабақтарда  студенттің  пәнге,  ғылымға,  техникаға  қызығуын  ояту,  белгілі  өлшеу 
құралдары,  әдістері  және  техникалык  құбылыстарының  ерекшеліктерін  қызметінің  мән 
мағынасына  түсіндіре  білу  және  меңгерту  оқытушыдан  үлкен  шеберлікті  талап  етеді. 
Себебі, оқу мен оқыту жүйесінде оқытушының студентке жеткізетін ақпараттары бірнеше 
пәндер  арасындағы  байланысты  қамтиды.  Оқыту  жүйесінде  ақпараттар  өзара  әсерлесіп, 
өзіндік алмасу мен толықтыру жүріп жатады. 
Ақпараттар  ағымының  таралу  сипатына  қарай  сабақ  оқыту  режимдеріне  бөлініп, 
оқыту технологиясының қажетті түрін қабылдау қажет. 
Сабақты  немесе  интерактивті  осы  пәнге  байланысты  қолдану  студенттің 
шығармашылық  және  интеллектуалдық  белсенділігін  дамыту  факторының  бірі  болып 
табылады. 
Оқу  үрдісіне  қатысушылардың  арасындағы  ойды  ортаға  салып,  пікір  таластыру, 
ақпараттар  алмасу  қатынастары  жүйесіне  әңгімелеу,  дебат,  ой  жекпе  –  жегі,  “ой  қозғау” 
түрлерін  жатқызуға  болады.  Сондықтан  оқытушы  мен  студенттің  бірлескен  әрекетінде 
оқып  үйренудің  тиімді  жолдарын  анықтау,  студент  үшін  маңызды  жағдайларды 
шеберлікпен  ұйымдастыру,  студенттің  өз  әрекетіне  баға  беру,  қисынды  ойлауын, 
іскерлігін қалыптастырады. 
Пәннің  ілгеріде  оқытылатын  техникалық  өзге  арнаулы  пәндермен  байланысын 
көрсете білу арқалы оқытушы студенттің белсенділігі мен танымдық іс-әрекеті шеңберінің 
кеңеюіне  ықпал  жасап,  шығармашылық  қабілетінің  дамуына  әсер  етеді.  Топпен,  не 
жұппен  жұмыс  істеу  кезінде  студенттер  арасында  өз  пікірін  дәлелдеп  қорғау  немесе 
қателігін  көрсете  білу  мен  мойындауға,  пікірлесе  отырып  ұжымдық  шешім  қабылдауға 
үйренеді.  Осының  нәтижесінде  оқушы  өз  білімін  бағалау  және  бақылау  дағдысын 
меңгереді. 
Сабақты  ұйымдастырудың  топтық  үлестірме  қолдану  арқылы  іс-әрекетті  талқылау, 
қарама-қарсы қайшылықты мәліметтер беру  арқылы пікір таласын тудыру студенттердің 

 
118 
пәнге  деген  ықыласын,  ынтасын  арттырады.  Студенттер  ойларын  ортаға  салып,  өзіндік 
тұжырымдар  жасайды,  жаңалық  ашу  деңгейіне  жетеді.  Сондықтан  студенттерге 
диференциалды  түрде  ұсынылған  тапсырмалар  да  осы  бағытта  топпен  жұмыс  істеуге 
мүмкіндік  беріп,  әр  оқушы  өз  ойын  еркін  айтып,  өзге  студенттің  тиянақты  ойымен, 
пікірімен таныса алады, нақтылы ой қорытындылар жасалады. 
Сабақ қ а қ атысушылардың  екі жағ ы да: оқ ытушы мен оқ ушы ә рқ айсысы 
ө
з  тұ рғ ысынан  оқ ытудың   ұ тымды  жағ ын  анық тап,  сабақ тың   тиімділігін 
арттыруғ а  жағ дай  жасайды,  ө з  іс-ә рекетін  саралай  отырып  сын  кө збен 
қ
арайтын ә рі ө зін-ө зі дамытуғ а ұ мтылатын тұ лғ а болып қ алыптасады. 
Бүгінгі  таңда  интерактивті  оқыту  жүйесіне  байланысты  ЖОО-да  студенттер  үшін  қолайлы  жағдай  жасалды.  Оларға 
уақыт көп беріліп, аудиториялық сабақтар азайды, өз бетімен жұмыс істеуге баса назар аударылады. 
Студенттерді интерактивті оқ ыту технологияларың  кә сіби іс-ә рекеттерде 
пайдалануғ а  оқ ытудың   педагогикалық   жү йесі  объективті  жағ дай  жасау 
арқ ылы, студентті ө зіндік жұ мысқ а баулып, шығ армашылық  белсенділігін 
арттыруғ а бағ ытталып отыр.
 
Мұндай оқыту жүйесі өз бетімен жұмыс істеу негізінде, дидактикалық оқу кешені негізінде іске асырылады. Бұл 
ретте  оқытушы  мен  студент  арасындағы  байланыс  үзілмейді,  педагог  әрбір  студенттің  жеке  ерекшелігіне  назар 
аударып отырады, 
қалыптасады. 
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде студенттердің 
өзінің  өмірлік  тәжірибелерін  пайдалану  арқылы  есте  берік  сақтауымен,  мәліметтерді 
талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. 
Бүгінгі  уақыт  талабына  сай  еліміздің  дамыған  елдерінің  қатарына  қосылу  үшін 
сапалы  білімді,  саналы  азамат  қалыптастыруда  оқытудың  жаңа  технологияларын  тиімді 
пайдалану – әрбір оқытушының міндеті. 
Қорыта келгенде, оқытушылардың бүгінгі міндеті – дүние жүзіндегі жаңалықтар мен 
дамуларды  назарға  ала  отырып,  жас  ұрпақты  заман  ағымынан  артта  қалдырмай,  оның 
жақсысын, тиімдісін ұсыну. Өйткені барлық кәсіби салаларда даму өте жедел жүзеге асып, 
оның  негізі  білім  мен  тәжірибеге  байланысты  болып  отыр.  Интерактивті  оқу 
технологиясының  барлық  түрі  оқу  сапасын  арттыруға  жеке  тұлғаны  дамытуға  қазіргі 
заман талабына сай жұмыс істеуге бағытталған.  
Интерактивті  оқытуды  тиімді  пайдалану  –  әр  оқытушының  басты  міндеті.  Жаңа 
технологиямен қаруланған оқытушы өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады, оны білім 
беру саласында тиімді пайдалану студенттердің білім сапасын арттыруға көмектеседі.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1
 
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық. - Алматы, 2005. - 359 б. 
2
 
Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002. - 254 б. 
3
 
Манахов  В.М.,  Қабдықайұлы  Қ.Қ.  Oқытудың  педагогикалық  жаңа  технологиясы.  - 
Алматы, 2004. 
4
 
Эльконин Б.Д. Избраные психологические труды. - М., 1989. – 560 с. 
5
 
Әбілқасымова  А.Е.  Студенттердің  танымдық  ізденімпаздығын  арттыру.  –  Алматы: 
Білім, 1994. – 192 б. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается эффективность интерактивных методов обучения и их применение 
при изучении казахского языка в высших учебных заведениях. 
 
RESUME 
The  article  examines  the  effectiveness  of  interactive  teaching  methods  and  their  application  in 
teaching the Kazakh language in higher educational establishments. 

 
119 
ӘОЖ 001.891.34 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.М. Мубараков 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті,  
п.ғ.д., профессор 
 
Н. Карелхан 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті,  
магистр 
 
Ғылыми зерттеуде 
сабақтастықтың 
рөлі 
 
Аннотация 
Мақала  ғылыми  зерттеуде  сабақтастық 
қағидасын талдауға арналған. Жаратылыстану – 
математикалық 
циклдік 
пәндерін 
оқу 
тәжірибесі,  философиялық  және  психология–
педагогикалық  әдебиеттер  негізінде  білім 
беруде  сабақтастықтың  негізгі  ерекшеліктері 
және  сипаты  анықталған.  Үздіксіз  білім  беруде 
педагогикалық  үрдістің  диалектикалық  дамуын 
көрсетеді. Мұнымен қоса бұл үрдіс дискреттілік 
пен үздіктілік бірлігімен сипатталады. Авторлар 
сабақтастықтың  екі  түрін  ажыратады  – 
конвергенттік 
және 
дивергенттік. 
Егер 
біріншісінде  жаңа  білім  дәстүрлі  түрде 
алынумен  жүзеге  асса,  ал  екіншісінде  жаңа 
білім  дәстүрлі  әдіс  аясында  түсіндірілуге 
берілмейді және бұл теория аймағынан шығуды 
талап етумен ерекшеленеді. 
Түйін 
сөздер: 
сабақтастық, 
даму, 
компонеттер,  оқу,  құрылым,  конвергенттік, 
дивергенттік, үздіксіздік, дискреттілік. 
 
 
Сабақтастық  принципі  жалпы  ғылыми 
түрде 
философиялық 
әдебиеттерде 
түсіндірілетіндей, 
терістеуді 

терістеу 
диалектика 
заңының 
бір 
жағы 
ретінде 
қарастырылады.  Сабақтастықтың  өзінің  мәні, 
бүтіндікті жүйе түрінде өзгертуді  ұйымдастыру 
кезінде  бүтін  немесе  жеке  тараптардың  сол 
немесе басқа да элементтердің дамуының түрлі 
кезеңдері 
немесе 
қадамдар 
арасындағы 
байланыс ретінде түсіндіріледі.  
Даму 
процесі 
ескіні 
жаңарту 
диалектикалық  терістеудің  шексіз  тізбегінен 
тұрады. Туындаған және бекітілген жаңа, өзінде 
ескінің  жақсы  жақтары  мен  қасиеттерін, 
элементтерінің  мазмұнын  сақтайды.  Даму 
процесінде  оның  жоғарғы  қадамдарында, 
төменгі  қадамдардағы  орын алған жақтары мен 
ерекшеліктері,  процестің  кейбір  жақтары  мен 
ерекшеліктерін 
қайталаған 
сияқты 
ескіге 
қайтадан оралу болып тұрады.  
Ақиқаттылықты  дамыту  жалпыға  бірдей 
заң  бола  тұра,  терістеу  заңы–ғылым  және  оқу 
білімді  дамыту  заңын  тану  заңы  ретінде 
орындалады.  Оны  дамыту  үшін  түсіну  процесі 
дегеніміз ескіні жаңаға жаңарту, ондағы болған 
өзгерістердің   жалпы   бағытын   анықтап  оның 

 
120 
объективті  тенденцияларын  ашу.  Осыдан  объективті  ақиқаттылықты  дамыту 
сабақтастығы - ғылым және оқу танымды дамыту сабақтастығын анықтайды. 
Әр бір нақты жағдайда бұрын болған, көнерген терістеудің сипаттамасы мен әдістері 
әр түрлі болады. Бірақта барлық түрлі терістеу әдістерін сапалық өзгерістеріне қарап екі 
түрлі  топқа  бөлуге  болады.  Біріншіден  -  ескінің  элементтерін,  негізін  сақтау  кезіндегі 
баялау.  Терістеудің  екінші  түрі-  қазіргіні  терістеу,  түбегейлі  басқа  негізде  жаңа  сапаны 
туғызу. 
Терістеу жолы арқылы дамыту- жаңаның қажеттілігіне бейімделген ескінің оңтайлы 
элементтерін  алып,  дамуға  кедергі  болатын  заттардың  барлығының  жоғалуы,  құртылуы 
және  жаңаның  нышанын  бекітуді  және  өсіруді  білдіреді  және  де  бұл  жалпы  түрде 
табиғаттың,  қоғамның  және  пікірдің  даму  тенденциясының  негізгі  ілгерлемелі  процесін 
құрастырады.  Терістеу  арқылы  дамыту,  ойлау  процесінің  өзіне  тән  қасиеті  болып 
табылады.  Қандай  да  бір  объектіні  немесе  құбылысты  зерттеу,  тану  кезі  әрқашан 
терістеуді- терістеу ойдың әрекеті арқылы жүзеге асады. 
Жаратылыстану  –  математикалық  цикл  пәндерін  оқытудың  алдыңғы  қатардағы 
тәжірбиесі  мен  оқу  танымдағы  сабақтастықты  талдау  негізіндегі  философиялық, 
психология-педагогикалық  әдебиеттерді  зерттей  отырып  келесі  қорытындылар  жасауға 
болады: 
1.
 
Оқу  танымда  егерде  жаңа,  ескіні  шығарып  тастап  оның  кейбір  элементтерін 
сақтап,  жеңілден  күрделіге  шығу  сызығы  бойынша  білімнің  қозғалысы  және 
дамуы, бірінші ретті мәннен екінші ретті мәнге, екінші ретті мәннен үшінші ретті 
мәнге диалектикалық секіріс негізінде болады. 
2.
 
Оқу  танымда  диалектикалық  терістеу  дааму  негізі  және  кезеңі  ретінде 
қарастырылады, ескі білімнің жаңа біліммен байланыс әдісі, жаңа өзінде ескінің 
жақсы жақтарын түрленген түрде қолданады. 
3.
 
Оқу таным - мазмұнының анықталған элементтерін терістейтін қарама-қарсы екі 
тұтас процесс, онымен қоса бұрын болған оқу танымның жақсы жақтарын сақтап 
оны  одан  да  жоғарғы  дамыту  сатысына  өзгерту.  Оқу  танымда  қарама-
қайшылықты  шешу  дегеніміз  оқытуда  сабақтастықтың  жүзеге  асу  механизмі 
ретінде қарастырылады. 
Диалектика  позициясынан  логика  және  таным  теориясы  ретінде  тиімді  оқыту 
әдістемесін құрастыру мүмкін. 
Қарастырылған  әр  сұрақтар  бойынша  математикалық  абстракцияларда  түрлі 
деңгейдегі  абстракцияларды  белгілеуге  болады.  Материальдық  әлемнің  заттарын 
жалпылауға  тек  қана  соған  және  соның  нәтижесіне  тікелей  қатысты  емес,  бұрын 
зерттелген  абстракты  түсініктерді  ары  қарай  дамыту  нәтижесіндегідей  оқиғалар 
қатарында  жаңа  абстракциялар  құрастырылады.  Бұрын  меңгерілген  абстракциялар 
арқылы  әрдайым  жаңа  абстракциялар  құрастырылып  отырады.  Осы  тұрғыда  бар 
абстракциялардың негізінде құрастырылған әр жаңа абстракциялар бұрынғыдан қарағанда 
жоғарғы дәрежеге ие болады. Математиканы дамытудың ішкі логикасы осыдан тұрады. 
Оқытуда  сабақтастықтың  мәні  “оқушылармен  студенттердің  даму  аймағының 
бірқалыпты  және  заңды  өзгерісін  қамтамасыз  ететін,  оқу  есебінің  тізбектеп  күрделене 
түсуін көрсететін және оқытудың әр қадамының өлшемнің өзгерту мақсатына бағытталған 
(ақпараттың)  өзгерудің  санының  сапалыққа  (психикалық  даму)  ауысу  үздіксіздігімен 
қорытындыланады”. 
Бұл  аймақтардың  біркелкі  өзгеруі  педагогикалық  процестің  келесі  қадамға 
белсендірек қосылуына себеп болу үшін және тұлғаның даму кезеңінің өзгергендігі болып 
табылады [1, 17]. 
Диалектикалық  терістеудің  мәні  тек  қана  көнергендікті,  ескіні  жою  ғана  емес, 
объектінің  үздіксіз  даму  кезеңінде  ұйымдастырылудың  жаңа  деңгейінің  үндестігін 
қамтамасыз етіп, жаңаны ескімен байланыстыру кезеңі болып табылады. 

 
121 
Сабақтастықты  кездейсоқ  процесс  ретінде  емес,  қажетті  заңды  құбылыс  ретінде 
қарастырады.  Ол  дамудағы  ақиқаттың  әр  түрлі  сападағы  жағдайы  мен  байланыстардың 
маңызды  бейнесі  сияқты  дамудың  енгізу  сипаттамасын  қамтамасыз  етеді.  Оның  мәні 
терістеу жүйесінен ақырғы жағдайдың бірлігін өзгерту, жүзеге асыру және сақтау болады. 
Үздіксіз  білім  беруде  педагогикалық  процесс  диалектикалық  түрде  дамиды.  Оның 
барлық  жағдайлары,  компонеттері  өзара  алдын  ала  келісілген  және  сабақтаса 
байланысқан. Педагогикалық процесс үшін үздіксіздік пен дискреттілік бірлігі өзіне тән: 
бір  жағынан  білім  алушылардың  дамуының  өлшеу  санының  өсуінде  болса,  келесі 
жағынан- сапалы өтуде болады.  
Жүйелі  көзқараспен  сабақтастық  феноменының  зерттеуін  ескере  отырып, 
сабақтастық  жүйе  деңгейінде  екі  ішкі  жүйенің,  екі  детерминанттың  жиынтығы  ретінде 
жүзеге  асатынын  байқауға  болады:  бірінші  жүйе-  ішкі,  білім  алушылардың  оқу-таным 
қызметінің  сабақтастығында  көрсетілген  және  екінші  жүйе-  сыртқы,  үздіксіз  білім  беру 
жүйесінің әр түрлі қадамдарындағы білім алушылардың түрлі қызметтеріне байланысты. 
Сабақтастықты кең мағынада қарастырсақ, “ол тек қана ескіні жою ғана емес, олсыз 
тұрмыста  да,  танымда  да  ешқандай  алға  қарай  жылжуға  мүмкіндік  болмайтындай, 
алдыңғы  сатыға  болған  жетістіктерді,  прогрессивті,  рациональды  ары  қарай  дамытуды 
және  сақтауды”  алдын  алатын,  “даму  процесіндегі  ескі  мен  жаңаның  арасындағы 
объектівті қажетті байланыс” деп атауға болады 

1, 25


Сабақтастықтың  екі  түрге  ажыратылады  –  конвергенттік  және  дивергенттік.  Егер 
біріншісінде  жаңа  білім  дәстүрлі  түрде  алынумен  жүзеге  асса,  ал  оның  құрылымы  бар 
теория мен парадигмалар арқылы табылады. Жаңа ғылыми қорытындылар ондағы болған 
даулы сұрақтарды шешуге және бәсекелес болған гипотезаларды таңдауға арналған негіз 
береді  және  кемшіліктерді,  қиындақтарды  және  қарама-қайшылықтарды  жоятындай  бұл 
теорияның  ережені  нақтылайды.  Олар  бұл  теорияны  оның  негізгі  жағдайынан  жаңа 
логикалық салдарлармен және жаңа фактілермен растаумен түсіндіріледі. 
Дивергенттік  сабақтастықта  жаңа  білім  дәстүрлі  әдіс  аясында  түсіндірілуге 
берілмейді  және  бұл  теория  аймағынан  шығуды  талап  етумен  ерекшеленеді.  Оны  бар 
теорияға  икемдеу  әрекеті  мүмкін  болмайды,  және  жаңа  білім  бұл  теорияларды  жалған 
екенідігін  қарастыра  бастайды.  Бұл  жаңа  теориялық  концепциялардың  немесе  ғылыми 
революцияның  бастапқы  көзі  болады  (бұл  физикада  кванттарды  және  жарық 
жылдамдығының  тұрақтылығын  ашудан  кейін  болса,  математикада-  жиындар 
теориясының  парадоксы  анықталғаннан  кейін  болған,  ал  биологияда  гендарды  ашудан 
кейін болған т.с.с.). 
Конвергентті  сабақтастық  «инерция  бойынша»  жүзеге  асады:  ол  зерттеу 
жұмыстарында  белгілі  теориялар  мен  әдістерге  сүйенген  кезде  өзінен  өзі  пайда  болады. 
Осыдан  “Егер  мұнда  жаңа  теория  ескі  теорияны  өзгертсе  қарама-қайшылық  бар  ма?” 
деген  сұрақ  туындайды.  Тіпті  ескі  теорияны  бекерге  шығарғанның  өзінде  оны  жай  ғана 
жойып  жіберуге  болмайды.  Егер  де  қандай  бір  ғылыми  жаңалық  кейбір  эмпирикалық 
растау  алса  да,  ол  сол  шеңбер  аясында  оны  растайтын  берілгендер  және  жаңа  теория 
пайда  болғаннан  кейін  де  өзінің  күшін  сақтайды.  Ақырында,  ол  біріншісіне  қарсы  келіп 
тұрса,  тек  қана  алдыңғы  теория  неге  тәжірбиемен  расталған  екендігін  түсіндіргеннен 
кейін  ғана  ғылымға  енгізіледі.  Демек,  ескі  теория  сүйенген  барлық  фактылар  жаңа 
теорияда  ескіріліп,  лайықты  түсініктеме  алынып,  жаңа  теория  ескі  теорияға  түсініктеме 
беру  керек.  Онымен  қоса  белгісіз  фактілерді  алдын  ала  болжауға  да  болады,  яғни  жаңа 
теория ескі теорияның жинағы да бола алады. Осылайша, ескі және жаңа теория арасында 
дивергенттік деп аталатын “өзіндік” сабақтастық туындайды. 
Математикада  XIX  ғасырдың  соңында–ХХ  ғасырдың  басында  болған  ғылыми 
революция  оның  негізіне  қайтадан  байыпты  қарастыруға  әкеліп  соқты.  Бірақ 
математикалық  анализдың  бір  де  бір  теоремасының  жалған  екеніндігі  табылған  жоқ. 
Математиканың  тарихында  математиканың  негізі  өзгерсе  де  көптеген  дәлелденген 

 
122 
теоремалардың  жиынтығы  сақталғандығы  көрсетіп  отыр.  Шынымен  де,  екі  жүз  жыл 
шамасында көп рет бір Эйлер теоремасының дәлелдеуі өзгеріп отырды, бірақ теореманың 
өзі өзгеріссіз қала берді 

2, 56


Қазіргі заманда математика философиясының тұрақты адасуы,  «олар аксиомаларды 
кейбір  ақиқат  ретінде  бастапқы  берілгендер  сияқты  қарастырады.  Олар  бір  нақты 
теоремаларға  дейін  ғана  қолданылады  және  анықталған  және  оған  теорема  не  келеді 
немесе  келмейді.  Алайда  тарихи  және  логикалық  қарым-қатынас  керісінше  көрсетеді 

3, 
45

.  Аксиомаларды  олардың  көмегімен  теоремаларды  негіздеуге  болатындай  етіп таңдау 
керек,  яғни  аксиомалар  емес  теоремалар  бұлжымас  болу  керек.  Сондықтан  сынақтан 
өткен  дәлелденген  теорема,  аксиомалардың  негізінде  оның  дәлелдеуі  өзгерсе  де,  мәңгі 
ақиқат  болып  қалады 

3,  51

.  Осыдан  егерде  бұрын  дәлелденген  теоремалардың  негізгі 
жиынтығы инвариантты болып қалса, онда математиканың негізін қайта қарауға болады. 
Осыдан  теорияның  сабақтастық  принципі  шығады:  Жаңа  теория  ескі  теорияға 
түсініктеме  беру  керек  және  негіздеменің  өзгеруі  де  мүмкін,  бірақ  бұрын  расталған 
заңдардың негізгі жинағы (басқаша айтылса да) сақталады; бұрын табылған фактілер, ескі 
теориялар  жаңа  теориялармен  түсіндірілу  керек.  Сәйкестік  принципі  бойынша  (нақты 
ғылымдарға  арналған  теориялардың  сабақтастық  принципі):  «Бұрынғы  теориялар,  жаңа 
теория  пайда  болысымен  шегіндіріліп  тасталмайды,  бірақ  бұрынғы  құбылыс  аймағында 
жаңа  теорияның  дербес  жағдайы  және  ақырғы  пішіні  ретінде  өзінің  мәнін  сақтайды» 

4, 
6


Осының  салдары  ретінде  мынандай  қорытындыға  келуге  болады:  теориялар 
жеткілікті  қатаң  математикалық  пішінге  келтірілген  нақты  ғылымдарда,  іргелес 
теорияның  математикалық  аппараттар  арасындағы  байланысты  көрсету  қажет;  жаңа 
теория өзінде бұрынғы теорияда жоқ кейбір параметрден тұру керек; бұл параметр ақырғы 
мәнге,  яғни  шекке  ұмтылғанда  ол  бұрынғы  теорияға  ауысатын  болып  жаңа  теория 
құрастырылу  қажет.  Осындай  шарттардың  орындалу  кезінде  жаңа  теория  ескі  теорияны 
жинақталған  түрі  ретінде  қарастырылады  және  өзінің  дербес  немесе  ақырғы  жағдайы, 
шегі ретінде оны өзіне қосады. Әрине, бұл параметрдің мәні немесе анығырақ айтсақ, ескі 
теорияның  қорытындысының  бағыттын  алдын-ала  болжау  мүмкін  емес.  Физиктерге  бұл 
принцип  құрастыратын  теорияның  дұрыстығын  тексеруге  мүмкіндік  береді.  Егер  олар 
өздерінің  құрастырған  теориясы  мен  Ньютонның  теориясы  арасындағы  сәйкестікті  таба 
алмаса,  онда  олардың  конструкциялары  дұрыс  болмайтындығын  түсінген.  Физикалық 
теориялардың  даму  шамасы  бойынша  бұл  принцип  классикалық  және  постклассикалық 
физика арасындағы сәйкестікті, олардың логикалық байланысын және бірінен екіншісіне 
өту шартын анықтаушы ұғымы ретінде қалыптаса бастады.  
Сәйкестік  принципі  математиканың  тілінде  жазылған  ғылыми  теорияның 
шекарасынан шығып кетпей оның сандық тұжырымдамасына ғана әсер ететінін атап айту 
керек. 
Ғылымда  математиканың  формула  түрінде  көрсетілмейтін  негізгі  түсініктер,  өзінің 
жалпы  түрінде  жекелеп  айтқанда,  білім  беру  теориясында  теорияның  сабақтастық 
принципімен жұмыс істейді. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет