Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



жүктеу 2.87 Mb.
Pdf просмотр
бет16/31
Дата15.03.2017
өлшемі2.87 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31

 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Салмина Н.Г. Знак и символ в обучении. - М.: Изд-во Моск. ун-та, 1988. - 288 с. 
2
 
Доблаев Л.П. Смысловая структура учебного текста и проблемы его понимания. - М.: 
Педагогика, 1982. - 176 с. 
3
 
Жинкин Н.И. О внутренней речи. – М., 1974. 
4
 
Зорькина  О.С.  О  психолингвистическом  подходе  к  изучению  текста  //  Язык  и 
культура. - Новосибирск, 2003. - С. 205-210. 
5
 
Зимняя  И.А.  К  вопросу  о  восприятии  речи.  Автореферат  дисс...  кан.  пед.  наук.  -  М., 
1961. 
6
 
Лурия А.Р. Речь и мышление. - М., 1975. 
7
 
Бархаев Б.П. Педагогическая психология. - СПб: Питер, 2009. - 448 с. 
8
 
Ишмурадов  А.Т.  Понимание  и  дедукция  //  Понимание  как  логико-гносеологическая 
проблема. - Киев: Наукова думка, 1982. 
9
 
Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. - М., 1966.  
10
 
Gadamer N.S. Kleine schriften. - Tubingen, 1967. 
11
 
Брудный А.А. Психологическая герменевтика. - М.,1998. 
12
 
Дейк  Т.А.  Контекст  и  познание.  Фреймы  знаний  и  понимание  речевых  актов//  Дейк 
Т.А. Язык. Познание. Коммуникация. - М., 1989. 
13
 
Потебня  А.А.  Общее  и  индоевропейское  языкознание  //  Общее  и  индоевропейское 
языкознание. - М., 1965. 
14
 
Автономова Н.С., Филатов В.П. Понимание как логико-гносеологическая проблема // 
Вопросы философии. - 1981. - №5.  
15
 
Канонич  С.И.  Виды  пресуппозиций  коммуникантов  //  Язык  как  коммуникативная 
деятельность человека. Сб. науч.тр. Вып. 284. - М., 1987. 
16
 
Никитин  Н.С.  Курс  лингвистической  семантики.  –  СПб:  Научный  центр  проблем 
диалога, 1996. 
17
 
Кубрякова  Е.С.  Текст  и  его  понимание//  Русский  текст  российско-американский 
журнал по русской филологий. Лоуренс, Дерем. США, СПб: Россия, 1994, №2. - С.18-
25. 
18
 
Болотков В.И. Экспликация некоторых терминов языка и текста // Функционирование 
языкового знака в тексте. - Ташкент: Университет, 1992. - С. 7-8. 
19
 
Парыгин В.Д. Основы социально-психологической теории. - М., 1971. – 351 с. 
20
 
Минский М. Фреймы для представления знаний. - М., 1979. – 154 с. 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақалада  оқу  мәтіндерін  пәнаралық  байланыс  арқылы  меңгерту  мен  түсіндіру  жайы 
қарастырылады. 
 
RESUME 
 
In  this  article  the  authors  discuss  the  problems  of  an  interdisciplinary  approach  to  understanding 
and mastering the educational text. 

 
132 
ӘОЖ 340.114.5 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
К.Қ. Базарбаева 
«Тұран-Астана» университеті,  
п.ғ.к., доцент  
 
А.С. Баймурзина 
«Тұран-Астана» университеті, 
магистрант 
 
Оқушылардың 
құқықтық 
мәдениетін 
қалыптастыру 
жолдары 
 
Аннотация 
Бұл  мақалада  оқушылардың  құқықтық 
мәдениетін 
қалыптастыру 
жолдары 
қарастырылған.  Құқықтық  тәрбие  беру  мен 
мәдениет  ұғымы  талданып,  оқушылардың 
құқықтық 
мәдениетін 
дамыту 
жолдары 
сипатталады.  
Түйін  сөздер:  құқық,  құқықтық  тәрбие, 
құқықтық мәдениет. 
 
 
Еліміз  тәуелсіздік  алған  күнінен  бастап 
қоғам  өмірінің  барлық  саласына  түбегейлі 
өзгерістер  енуде.  Сондай  өзгерістердің  бірі  – 
демократиялық-құқықтық  мемлекет  құру.  Бұл 
туралы  еліміздің  Ата  Заңында  «Қазақстан 
Республикасы  өзін  демократиялық,  зайырлы, 
құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  ретінде 
орнықтырады,  оның  ең  қымбат  қазынасы  — 
адам  және  адамның  өмірі,  құқықтары  мен 
бостандықтары»  деп  көрсетілген  [1].  Осыған 
орай қазіргі қоғам адамы сана-сезімі жоғары, өз 
іс-әрекетіне  жауапты,  әлеуметтік  өзгерістерге 
тез  бейімделе  алатын,  өз  шешімін  қабылдай 
алатын азамат болуы тиіс. 
Сонымен 
қатар 
Қазақстан 
Республикасының 
әрбір 
азаматы 
бойына 
құқықтық  құндылықтарды  сіңіріп,  құқықтық 
сананы  қалыптастыруы  қажет.  Қоғам  үшін  ең 
қымбат қазына – ол адам, адамның бостандығы 
мен өмірі. Бүгінгі жастар осы қымбат қазынаны 
бағалай  білуі  тиіс.  Сол  себептен  құқықтық 
мәдениетті  қалыптастыру  тәрбиенің  негізгі 
мақсаты десек, бұл тәрбие мектеп қабырғасынан 
бастау  алып,  оқушы  мемлекет  заңдары  мен 
қоғамда  өмір  сүру  ережелерін  құрметтеуге, 
қоғамдық  тәртіпті  сақтауға  міндетті.  Ал  бұл 
сапалар  болашақ  қоғам  азаматының  құқықтық 
мәдениетінің мәнін құрайды. 
Бұл  туралы  Президент  Н.Ә.  Назарбаев 
2014  жылғы  17  қаңтардағы  «Қазақстан  жолы  – 
2050:  Бір  мақсат,  бір мүдде, бір болашақ»  атты 
халыққа  Жолдауында:  «Әлемнің  дамыған  30 
елінің  қатарына  ұмтылыс  кезінде  бізге  адал 
бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және 
жоғары  құқықтық  мәдениет  ахуалы  қажет»,  - 
деп ерекше атап өтті [2].  
Осы  мақсатта  мемлекеттік  деңгейдегі 
бірқатар  маңызды  шаралар  жүзеге  асырылып 
келеді. Олардың алғашқысы жастардың құқық- 

 
133 
тық  мәдениетін  қалыптастыруды  іске  асыруда  нормативтік-құқықтық  қамтамасыз  ету 
болды. Атап айтар болсақ: 
-
 
1989  жылы  20  қарашада  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  Бала  құқықтары  туралы 
қабылдаған Конвенциясына Қазақстан 1994 жылы қосылды. 
-
 
2002  жылы  8  тамызда  ҚР  «Баланың  құқықтары  туралы»  Заңы;  2004  жылы  7 
шілдеде  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы» 
Заңы  және  осы  жылы  9  шілдеде  «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың және балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын алу 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 
Мақаламыздың  түйінді  ұғымдарының  бастысы  «құқықтық  мәдениеттің»  шығу, 
қалыптасу тарихына тоқталмас бұрын, құқық және құқықтық тәрбие ұғымдарының мәнін 
ашып  алсақ.  Өйткені  құқықтық  мәдениет  жүйелі  жүргізілген  құқықтық  тәрбиенің 
нәтижесі.  Ал  құқық  ұғымының  мәнін  әр  қырынан  түсініп  алмай,  құқықтық  тәрбиені 
жүргізу мүмкін емес.  
Құқықтық  тәрбиенің  маңыздылығына  адамдар  ерте  бастан-ақ  ерекше  көңіл  бөлген.
 
Мемлекеттік құқық жүйесінің тарихы туралы сөз еткенде ежелгі заң ретінде Вавилонның 
«Хаммурапи заңы», Үндінің «Ману заңы», көне Римнің «ХІІ кестесі» заңдары айтылады. 
Ал қазақ хандығында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке 
ханның «Жеті Жарғысының» негізінде қазақ даласы басқарылғандығын білеміз. 
Зерттеушілердің пікірінше, құқық мемлекетпен бірге пайда болған. Құқықтың пайда 
болуының  бірнеше
 
негіздері  бар:  әлеуметтік  негізі  –  адамдар  мінез-құлқы  мен 
психологиясындағы  өзгерістерге  байланысты.  Экономикалық  негізі  –  бірте-бірте 
өнеркәсіп пен сауда айналымының өсуі алынған өнімді жеке иелену тәжірибесін дүниеге 
әкелді, яғни жеке меншік пайда болды. Жеке меншіктік қатынастарды реттеудің ең икемді 
құралы  ретінде  құқық  дүниеге  келді.  Өйткені  моральдық,  діни  нормалар  мен  дәстүр  өз 
табиғатында  жеке  меншіктік  қатынастардан  аулақ  болды.  Саяси  негізі  –  қоғамдық 
қатынастардың  дамуы  өмірге  мемлекет,  әлеуметтік  топтар  және  т.б.  адамдардың 
ұйымдасу құрылымдарын әкелді. Нақты басқару жүйесі бар мемлекет бір қалыпты жүйеге 
түсірілген мінез-құлық ережелерін бекітті. Құқықтың саяси негізі осылайша қаланды [4].  
Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады: біріншіден, құқық 
– ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау 
мүмкіндігі.  Мысалы,  азаматтардың  еңбек  ету  бостандығы,  білім  алу,  меншік  иесі  болу, 
кәсіпкерлікпен  шұғылдану  құқығы;  екіншіден,  құқық  дегеніміз  құқық  нормаларының 
жүйеге  келтірілген  жиынтығы;  үшіншіден,  құқық  термині  оқу  пәнін  білдіретін  ұғым 
ретінде  қолданылады.  Құқық  пәндері  түрлі  салаларға  бөлінеді:  конституциялық  құқық, 
әкімшілік  құқық,  еңбек  құқығы,  отбасы  құқығы,  азаматтық  құқық,  қылмыстық  құқық, 
қаржылық  құқық  т.б.;  төртіншіден,  «құқық»  термині  тұлғалық  құқық  пен  объективтік 
құқықтың
 
жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген 
түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.  
Сонымен,  «құқық  –  мемлекет  бекітіп,  жүзеге  асырылуын  қадағалайтын,  жалпыға 
міндетті  тәртіп  ережелерінің  жиынтығы  және  қоғам  өмірінде  тұлғалардың  заңға  сүйеніп 
әрекет  етуінің  көрсеткіші»  деген  анықтама  ұсынамыз.  Ал  құқықтық  тәрбие  -  құқықтық 
мемлекет  жүйесінде  өмір  сүруге  бейім,  өз  құқығын  заңмен  қорғай  алатын,  өзгелердің 
құқығын қастерлей білетін азамат-тұлға тәрбиелеуді мақсат етеді.  
Оқу-тәрбие  үдерісінде  құқықтық  мәдениетті  қалыптастыру  тек  оқушыларды 
құқықтық  білім  және  түсініктермен  қаруландыруды  ғана  білдірмейді,  сонымен  қатар  іс-
әрекетте  жүзеге  асатын  күнделікті  заңды  мінез-құлық  дағдылары,  біліктері  мен  әдеттері 
негізінде  құқықтық  салада  белсенді  ұстанымдарын  тәрбиелеуді  білдіреді.  Оқушылардың 
құқықтық  мәдениетін  қалыптастыру  дегеніміз  –  олардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес, 
құқықтық  мәдениет  элементтерін  қоғамдағы  шынайы  құбылыс  ретінде  қабылдатуды 
мақсат ететін, арнайы ұйымдастырылған педагогикалық әрекет. 

 
134 
Құқықтық білім беру жүйелі, мақсатты, құнды, оқушылардың құқықтық мәдениетін 
көтеруге  бағытталған  болуы,  құқықтық  мәдениеттің  өзі  тұлғаның  дамуының  деңгейі 
ретінде  қаралуы  керек.  Біз  оқушылардың  жақсы  құқықтық  білімді  меңгеруі,  оны 
әлеуметтік  құндылық  ретінде  қарастыруы  және  тұлғаның  құқықтық  тәртібі  шеңберіне 
бағытталған  әлеуметтік-құқықтық  қалыптасуы  ретінде  қабылдауы  үшін  талпынуымыз 
керек. 
Тұлғаны  жан-жақты  үйлесімді  тәрбиелеу  саласының  бірі  –  құқықтық  тәрбие.  Ол 
қоғамның  әрбір  азаматының  мемлекеттік  заңдарды  аса  жауапкершілікпен  орындап 
отыруы  талаптарымен  тығыз  байланысты.  Әсіресе  оның  елімізде  жүріп  жатқан 
жариялылық,  құқықтық  және  зайырлы  қоғам  орнату  үдерісімен  байланысының  маңызы 
ерекше. Мектептегі құқықтық тәрбиенің мақсаты: 
1.
 
Оқушыларға мемлекет, құрылым және құқық, құқықтық нормалар жайында жан-
жақты білімдерді меңгерту. Бұл бағытта мектеп Жарғысы, оқушыларға арналған 
мінез-құлық  ережелері  құқықтық  білімнің  алғашқы  негізін  қалайды.  Онда 
оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. 
2.
 
Мемлекет  пен  мемлекеттік  заңдарға  құрметпен  қарау  сезімдерін  тәрбиелеу. 
Мұндағы  маңызды  мәселе  –  бүгінгі  таңда  елімізді  қайта  құру  кезеңінде 
Парламентте  қабылданып  жатқан  заңдарды  таныстыру,  олардың  қоғамдағы 
демократияны  дамытып,  әділдікті  баянды  етуде  атқаратын  қызметі  мен 
ерекшеліктеріне  көңіл  бөлу,  соның  негізінде  оқушылардың  сана-сезімін  қоғам, 
заң алдындағы жауапкершіліктерімен тәрбиелеу. 
3.
 
Жеткіншектердің  мінез-құлықтары  мен  жүріс-тұрыстарын  заң  талаптарына  сай 
қалыптастырып, адамгершілікті әдет-дағдыға айналдыру. 
4.
 
Біздің  қоғамымыз  гуманист-ұжымшыл,  ол  халық  үшін  қызмет  жасайтын  жан 
болуы  керек.  Ата  Заңның  14-бабында  «Заң  мен  сот  алдында  жұрттың  бәрі  тең» 
деп  атап  көрсетілген  [1].  Олай  болса  адам  баласы  Қазақстан  Республикасының 
азаматы  болған  жерде  бір-біріне  қамқор  болып,  ел  байлығын  халық  игілігіне 
жұмсауға атсалысуы тиіс. Ол үшін құқықтық тәрбиенің міндеті – жасөспірімдерді 
адамзаттық  белсенділігін  қалыптастыру,  заңды  бұзушылыққа  қарсы  күресу. 
Әртүрлі әлеуметтік-құқықтық маңызы бар жұмыстарға қатыстыру. 
Мектепте құқықтық тәрбие беру үдерісін кезең-кезеңмен өткізген жөн.  
Жастарға құқықтық тәрбие беруде орта білім беру мекемелері жетекші орын алады. 
Онда жастарды құқық туралы ғылым негіздерімен қаруландырады, адамның іс-әрекетіне 
қоғамның  қоятын  талаптарымен  таныстырады,  нені  жасауға  болады,  нені  болмайды, 
қандай  іс,  қылықтары  заңды,  әділетті,  қандайы  заңсыз  екенін  түсіну,  алған  білімдерін 
практикалық  өмірде  пайдалана  білу  дағдыларын,  жамандық  пен  заңсыздықпен  күресте 
қажет болатын психологиялық қасиеттерін қалыптастырады. 
Мектептердің  құқықтық  тәрбие  берудегі  жоғарғы  рөлі  бірнеше  факторлармен 
анықталады. Ондағы құқықтық білім беру педагогикалық технологияны жақсы меңгерген 
кәсіби мамандар арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ орта білім беретін мекемелерде тәрбиелік 
ықпал  ету  жинақтылық  сипатқа  ие.  Онда  тәрбие  беру  ісін  ағарту  ісімен  біріктіретін 
тамаша  мүмкіндіктер  бар.  Мектептердегі  тәрбие  беру  ісі  бұл  тек  оқушыларды  құқықтық 
біліммен  байыту,  құқықтық  жағдайларға  оқыту  ғана  емес,  сондай-ақ  баланың  мектепке 
алғашқы  қадамынан  басталып,  колледж,  лицейді  бітіргенге  дейін  жалғасатын  қоғамдық 
ұзақ  әсер  етудің  түрі.  Сонымен  қатар  орта  білім  беру  мекемелерінің  бай  ғылыми 
әдістемелік базасы бар. Олар құқықтық тәрбие берудің түрлері мен әдістерінің бай қорын 
игерген [2]. 
Оқушылар 1-4 сыныптарда алғашқы құқықтық ұғымдармен танысады, адамгершілік 
тәрбиесіне  баса  көңіл  бөлінеді.  Содан  кейін  әркімнің  өз  істеген  ісіне  жауапкершіліктің 
болатыны  түсіндіріледі.  Мысалы,  олар  мектептің  өздеріне  бұрын  беймәлім  ішкі  тәртібін 
меңгереді,  міндеттерін  ұғынады,  алғашқы  қоғамдық  тапсырмаларды  орындайды 

 
135 
(кезекшілік,  т.т.).  Осы  әрекеттер  барысында  олардың  сынып,  мектеп  алдында 
жауапкершілік  сезімдері  қалыптасады.  5-8  сыныптарда  бастауышта  алған  құқықтық 
білімді жетілдіреді. Қазақстан Республикасының заңдары туралы жалпы мағлұмат алады, 
азаматтардың  негізгі  құқықтары  және  міндеттерімен  танысады,  қоғамдық  жерлердегі 
ережелерді  түсініп,  талқылап,  сақтайды.  Оқушылардың  саналы  әрекеті  қалыптасады. 
Қоғам алдындағы жауапкершіліктері артады.  
10-11 сыныптарда  мемлекет  және құқық  мәселелері  бойынша теориялық тұрғыдағы 
мәселе  қозғай  алады.  Құқықтық  жағдайлар  мен  айғақтарды  нақты  өмір  жағдайларымен 
байланыстырады.  Адамдардың  әрекетіне  баға  беріп,  құқықтық  дағды  қалыптасады. 
Қоғамға  қарсы  әрекеттерден  сақтанып,  оны  болдырмауға  тырысады.  Дүниетанымы 
қалыптасып, құқықтық мәдениеті өсе түседі. 
Сонымен  қатар,  география,  табиғаттану,  биология  сияқты  оқу  пәндерін  оқытқанда 
балаларға қоршаған ортаны сақтап, тиімді пайдалануға, қорғауға арналған заңдар туралы 
мәлімет  беруге  болады.  Ата  Заңның  38-бабында:  «Қазақстан  Республикасының 
азаматтары  табиғатты  сақтауға  және  табиғат  байлықтарына  ұқыпты  қарауға  міндетті»,  - 
деп атап көрсетілген. 
Мектепте  оқушылардың  құқықтық  мәдениетін  қалыптастыру  бір  жақты  ғана 
болмауы  керек.  Құқықтық  білім  беру  сыныптан  тыс  үйірмелер,  сынып  сағаттары  және 
қоғамдық  пәндердің  тәрбиелік  міндеттері  арқылы  жүзеге  асырылады.  Мысалы,  мектеп 
жарғысымен  танысу,  мектеп  заңдарын  қабылдау,  мектептің  өзін-өзі  басқару  ұйымының 
жұмысына қатысу т.с.с. аталған шараларға оқушыларды мейлінше көптеп тарту олардың 
құқықтық  мәдениетін  арттыра  түседі.  Сондай-ақ,  «Құқық»,  «Мемлекет  және  құқық», 
«Құқық  және  біз»  сияқты  негізгі  және  факультативті  пәндерді  оқу  жоспарына  енгізумен 
қатар,  шебер  ұйымдастырылған  тәрбие  шаралары  арқылы  жас  ұрпақты  күнделікті 
отбасында, орта мектепте, орта арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орындарында, жоғары 
мектептерде тәрбиелеу абзал. 
Мектептерде  тәрбие  жұмысының  әр  алуан  түрлері  мен  әдіс-тәсілдерін  пайдаланған 
жөн.  Оқушыларға  құқықтық  тәрбие  беру  шараларын  төмендегідей  ұйымдастыруға 
болады: 

 
Құқықтық  білім  кабинетінің  жұмысын  ұйымдастыру,  онда  жақсы  жабдықталған 
кітапханасы мен көрнекі құралдарының болуын қамтамасыз ету; 

 
жыл сайын құқықтық апталық өткізу. Оның жоспарын жүйелі түрде жасау; 

 
заңтану тақырыптарына сайыстар, шығармалар, конкурстар өткізу; 

 
профилактикалық кеңес жұмысын ұйымдастырып, онда қиын балалармен жұмыс 
істеуі  және  оған  ата-аналар  мен  құқық  қорғау  орындарының  қызметкерлерін 
қатыстыру, кездесулер ұйымдастыру;  

 
құқықтық  үйірмелердің  жұмыс  істеуі.  Мысалы,  пікірсайыс  клубының  жұмысы 
аясында пікірсайыс турнирлерін өткізу; 

 
құқықтық  ақпараттық  орталықтың  жұмыс  істеуі.  Оның  арнайы  бұрышы  болуы 
керек.  Қабырға  газеттері,  құқық  тақырыбына  қажетті  басылымдар  шоғырлануы 
қажет; 

 
құқық тақырыбында сынып жетекшілердің семинарларын өткізу және құқықтық 
білім бойынша олимпиадаларды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыру; 
Ең бастысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру жұмысының жүйелі түрде жүруі өз 
нәтижесін берері анық. Қазіргі уақытта елорда мектептерінде еніп жатқан өзін-өзі басқару 
ұйымдарының да оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруда үлесі зор [3].  
Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  Қазақстан  Республикасы  өзін  зайырлы,  құқықтық, 
демократиялық  мемлекет  ретінде  орнықтыруды  мақсат  етіп  отыр.  Бұл  мақсатты  жүзеге 
асырудың  тетігі  жастар  екендігі  белгілі.  Сондықтан  да  жастардың  құқықтық  мәдениетін 
көтеруге  бағытталған  заңдарда,  ең  алдымен  жастардың  құқықтық  білімі  мен  тәрбиесін 
жетілдіруге  бағытталған  шаралар  қажет.  Құқықтық  тәрбие  беру  баланың  жеке  тұлғасын 

 
136 
қалыптастырып,  олардың  заң  алдындағы  жауапкершілігін  орнықтырады.  Бұл  тұрғыда 
мемлекетіміз  жастарға  құқықтық  тәрбие  беру  ісіне  үнемі  үлкен  көңіл  бөліп  келеді. 
Қазақстан  заңдарына  терең  құрмет  сезімін  қалыптастыру,  оларды  сөзсіз  сақтау  және 
орындау  –  ұзақ  уақыт  тәрбие  жұмысын  жүргізудің  жемісі.  Көбіне  құқықтық  сананың 
төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға 
жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды 
жеткізу,  жеткізіп  қана  қоймай  оның  күнделікті  мінез-құлық  нормасына  айналдыру  үшін 
күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 
2
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». 2014 жылғы 17 
қаңтар 
3
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  Халқына 
Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». 2007 ж. 
4
 
Маханбетова  А.Ә.  Жоғары  сынып  оқушыларының  құқықтық  мәдениетін 
қалыптастыру.  Пед.ғыл. канд.дисс. автореф. - Алматы, 2010.  
5
 
Құқықтық  мәдениет  ұғымының  генезисі  //  «Ізденіс»  «Поиск»  журналы.  -  (1).-  2009.  - 
№2. – Б. 224-227. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  формирования  правовой  культуры
проанализированы  основы  правового  воспитания,  описаны  основные  методы,  развивающие 
правовую культуру учащихся.
 
 
RESUME 
 
In  this  article  the  authors  discuss  the  issues  of  formation  of  legal  culture,  they  analyzed  the 
foundations of legal education and described the basic methods, developing legal culture of students. 

 
137 
ӘОЖ 78.09 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
М.Н. Жумадилова 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті,  
ф.ғ.к., доцент 
Қазақ тілін 
үйретудің 
коммуникативтік 
әдістері 
 
Аннотация 
Мақалада  қазақ  тілін  коммуникативтік  әдіс 
бойынша  үйрету  мысалдары  қарастырылған. 
Коммуникативтік  әдіс  қазақ  тіліндегі  қарым-
қатынас 
дағдыларын 
жетілдіруге 
септігін 
тигізеді. 
Ол 
үшін 
келесідей 
тәсілдер 
қолданылады:  ойындар,  PowerPoint  арқылы 
таныстыру 
рәсімдері 
(презентация), 
бейнефильмдер  қарау,  бейнесабақтар,  Skype 
арқылы  қазақ  тілді  тұлғамен  сөйлесу,  қазақ 
тіліндегі газеттермен жұмыс істеу. 
Түйін  сөздер:  технологиялар,  әдістеме, 
коммуникация,  қазақ  тілі,  әдіс,  таныстыру 
(презентация), слайд, ақпарат. 
 
 
Жоғары  технологиялардың  дамуы  мен 
экономиканың 
жаһандануы 
тілді 
үйрету 
әдістерін  одан  әрі  жетілдіріп,  заманауи  тиімді, 
функционалды  әдістер  жүйесін  жасауды  талап 
етеді.  Бұрыннан  келе  жатқан,  үйреншікті 
кітаптан  оқыту,  бір  типті  жаттығуларды  жасату, 
грамматиканы  үйрету  және  мәтіндерді  аудару 
тәрізді  әдістерді  бүгінгі  күнде  коммуникативті 
әдіс  алмастырып  отыр.  Аудару-грамматикалық 
әдістің бір оңтайлы тұсы студенттер орыс тілінен 
қазақ  тіліне  немесе  орыс  тіліне  дұрыс  аударып 
үйренеді  және  сол  арқылы  грамматиканы 
тереңірек 
игереді. 
Бірақ 
мұндай 
әдіске 
дағдыланған  студент  мәтінді  қағаздан  мінсіз 
аударғанмен,  сөйлеуге  келгенде  кідіреді.  Ал 
коммуникативті әдіс болса, осындай мәселелерді 
шешуге септігін тигізеді [1, 79-85].  
Қазақ  тілін  үйренуші  студенттер  үшін  ең 
бастысы,  өзінің  сөздік  қорын  байыту.  Көптеген 
студенттер  үшін  бұл  қиын  мәселе.  Біреулері 
сөздерді 
жаттап 
алады, 
енді 
біреулері 
ассоциациялар  тізбегін  жасайды,  тағы  біреулері 
жаңа  сөздерді  бір  жерден  естісе  немесе  көрсе,  я 
болмаса  өзі  қолданса  ғана  есінде  сақтайды. 
Мұндай 
жағдайда 
оқытушының 
мақсаты 
студенттің  жаңа  сөздерді  қаншалықты  жақсы 
есте  сақтағанын  қадағалау.  Әдетте  оқытушы 
студенттен  ана  тілінде  сөздің  аудармасын 
сұрайды, ал студент оның қазақ тіліндегі атауын 
айтады.  Дегенмен  қазіргі  кезде  сөздерді  есте 
сақтауды  және  қазақ  тілінде  қарым-қатынас 
жасау дағдыларын дамытатын тиімді әдістер көп.  
 

 
138 
 
Ол  үшін  оқытушы  сабақтың  алдында  жаңа  сөздер  жазылған  карточкаларды 
дайындап,  онда  жазылған  сөздер  көрінбейтіндей  етіп  жасырып  қояды.  Студенттер  екі 
адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Бірінші студент карточкадағы жаңа сөзді екінші студенке 
көрсетпей алып, қазақ тілінде сөздің өзін жасырып, мағынасын түсіндіруге тырысады. Ал 
екінші  студент  оның  қандай  сөзді  түсіндіріп  тұрғанын  тапса,  сол  сөздің  атауын  қазақ 
тілінде айтады. Осылайша студенттер жаңа сөздерді бір-біріне түсіндіріп, оларды жаттап 
қана қоймай, саналы түрде сезінеді. Яғни ол жай механикалы түрде есте сақтау емес.  
Студенттердің  дайындық  деңгейін  тексерудің  тағы  бір  әдісі  Power  Point  арқылы 
әзірленген  презентация  ойынын  пайдалану.  Оқытушы  слайдтарда  жаңа  сөздердің  қазақ 
тіліндегі түсіндермесіне шолу жасайды. Осы сөзді тапқан бірінші студент бір балл алады. 
Кім  көп  балл  жинаса,  сол  жеңеді  және  оны  баға  ретінде  қоюға  болады.  Жарысудың 
негізінде  студент  жоғары  балл  алу  үшін,  үй  тапсырмасын  жасағанда  көп  сөз  жаттауға 
және оның мағынасын жақсы түсініп алуға тырысады. Мұндай ойынның тағы бір жақсы 
тұсы  студент  жаңа  сөздің  түсіндірмесін  оқу  үшін  ана  тіліне  көшпейді,  яғни  сабақ 
барысында  тек  қана  қазақ  тілінде  сөйлеу  арқылы  толығымен  шет  тіліне  сүңгуіне  тура 
келеді [2, 156-159]. 
Студенттердің қазақ тіліндегі айтылымды, тыңдалымды қабылдауын жақсарту үшін, 
студенттерге  икемделген,  түпнұсқадағы  түрлі  бейнебаяндарды  қарауды  ұйымдастырған 
абзал  (фильмдер,  мультфильмдер).  Дегенмен  студенттердің  көрген  материалдан 
ұққандарын  қосымша  тексерген  де  дұрыс.  Ол  үшін  студенттермен  бейнежазбаны 
талқылап, студенттерге сұрақ қойып, материалда көрсетілген тақырып бойынша олардың 
пікірлерін сұрауға болады.  
Коммуникативтік  әдісті  сынаушылардың  көбі  бұл  оқыту  тәсілі  қолданылғанда 
грамматикаға  уақыт  берілмейтіндігін  немесе  жеткілікті  көлемде  көңіл  бөлінбейтіндігін 
айтады. Шын мәнінде бұл олай емес. Грамматика жылдам оқытылғанмен, ақпаратты беру 
үдерісі  аздап  басқаша  түрде  жүргізіледі.  Оқытушы  студенттерге  жаңа  тақырыпты 
түсіндіргеннен  кейін,  олар  бірнеше  топқа  бөлінеді.  (топтардың  санын  оқытушы  өзі 
анықтайды). Осыдан кейін оқытушы әр топқа өткен тақырып бойынша тапсырма береді. 
Топтың мүшелері бұл тапсырманы әркім өз бетінше орындап, жаттығу аяқталғаннан кейін 
топ ішінде осы тақырыпты талқылап, әрбір студент өз таңдауын дәлелдейді. Ең бастысы 
бұл талқылау қазақ тілінде, яғни үйреніп жатқан тілінде жүргізіледі. Осылайша студентер 
тек  грамматикалық  тақырыпты  біліп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  өз  пікірлерін  қазақ 
тілінде  жеткізіп  үйренеді.  Нәтижесінде  әр  топ  өз  жауаптарын  көрсеткен  соң,  оқытушы 
олардың қателерін тексеріп, олардың себебін қазақ тілінде түсіндіріп береді [2, 159].  
Тілді  үйретудің  коммуникативтік  әдісін  пайдалану  барысында  мәтінді  де  қолдану 
мүмкіндігі  бар.  Мысалы,  студенттер  мәтіннің  мазмұнын  талқылап  өз  пікірлерін  білдіре 
алады. Сонымен қатар басқа да нұсқасы бар, яғни студенттерді екі, үш адамнан бірнеше 
топқа  бөліп,  әр  топтың  мүшесіне  бір  тақырыпқа  құрылған  әртүрлі  мәтіндер  беріледі. 
Мысалы, бірінші студент АҚШтағы білім беру жүйесі туралы мәтінді алса, екінші студент 
Германиядағы, ал үшінші студент Ресейдегі білім беру жүйелері туралы мәтіндерді алады. 
Олар  топ  ішінде  бір  біріне  қазақ  тілінде  мәтіннің  қысқаша  мазмұнын  айтады  және  әр 
елдегі білім беру жүйелерін өзара салыстырып, басқа студенттерге ауызша формада айтып 
береді. Осылайша студенттер мәтіндегі маңызды ақпаратты айқындауға, топпен байланыс 
құруға және алған ақпаратын қазақ тілінде жеткізуге үйренеді. Сонымен қатар күнделікті 
«жанды»  тілді,  оның  ішінде  сленгтерін  қоса  үйрену  үшін  қазақ  тіліндегі  түрлі 
форумдардағы  мәтіндерді  пайдалануға  болады.  Бұл  студенттерге  қазақ  тілділердің 
оқулықтағы тілден мүлдем ерекшеленетін сөйлеу формасын жақсы түсінуге көмектеседі.  
Факультативтік шаралар ретінде оқытушы түрлі біріккен жобалар ұсынуына болады. 
Мысалы, әрбір студент Power Pointта презентация әзірлеп, оны қазақ тілінде айтып берсе 
болады. Бірақ тек ауызша айтып беру, қағаздан оқу емес.  

 
139 
Сонымен  қатар  қазақ  тілді  адаммен  Skype  арқылы  әңгімелесуді  ұйымдастыруға 
болады. Бұл да қазақ тілін тиімді үйренудің қызықты тәсілдерінің бірі. Әңгімелесудің өзі 
тілді жетілдіруге көп септігін тигізетіні анық [3, 3].  
Оқытудың грамматикалық аудармалық сынды классикалық тәсілі тілді академиялық 
оқытуға  бағытталған.  Мұндай  әдіс  жазбаша  тілдің  дағдыларын,  грамматикалық 
құрылымды  терең  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Ал  коммуникативтік  қолданбалы  тәсіл 
ауызша  қарым  қатынасты  табысты  дамытуды  көздейді.  Адамды  тіл  үйренуге  қосымша 
ынталандырады.  Яғни  сабақта  тиімді,  нәтижелі  білім  алуына  қызығушылық  тудырады. 
Бүгінгі күнде қазақ тілін үйретудің түрлі әдістері мен тәсілдері көрсетілген оқулықтардың 
алуан  түрін  кездестіруге  болады.  Оларды  таңдау  өзіңіздің  қалауыңызға,  талғамыңызға 
және ең негізгісі қызмет салаңызға байланысты.  
Біздің ойымызша, тілді үйренудің ең қызықты және тиімді тәсілдерінің бірі – қазақ 
тіліндегі газеттерді оқу. Шын мәнінде, қазақ тіліндегі баспасөзді оқудың пайдасы туралы 
ұзақ  әңгіме  құруға  болады.  Өйткені  олар  тек  соңғы  жаңалықтардан  ғана  хабардар  етіп 
қоймайды,  сонымен  қатар  сөздік  қорды  кеңейтуге,  грамматикаңды  және  жазуыңды 
жақсартуға  септігін  тигізеді.  Ең  бастысы,  сөйлеу  дағдыларын  дамытуға,  өзіңдік  стиліңді 
және  сөйлеу  мәнеріңді  қалыптастыруға  оңтайлы  әсер  етеді.  Мен,  әрине,  көп  жылдардан 
бері  тілді  үйретумен  айналысып  жүрген  маман  ретінде  бір  нәрсені  нақты  сеніммен  айта 
аламын,  яғни  газеттің  түрлі  әдістемелер  мен  оқулықтардың  қасында  бірден  бір  ерекше 
артықшылығы  бар  онда  барлығы  күнделікті  өмірде  сөйлеп  жүрген  шынайы  тілмен 
жазылады.  Олай  дейтін  себебіміз  сіз  күнделікті  ауыс  түйіс  аясындағы  ауызекі  тілді 
үйренсеңіз, тіл иеленушілердің көзіне оғаш, күлкілі болып көрінбейсіз [3, 4].  
Сонымен қатар тәжірибе көрсетіп отырғандай сабақ барысында газет, журналдарды 
пайдалану  өте  қызықты  процесс.  Ол  студенттерге  қазақ  тілін  үйренуде  үнемі  білімін 
жетілдіріп  отыруға  ықпал  етеді.  Газеттер  мен  журналдардың  әр  түрлі  болуы  тілді 
үйренудің  түрлі  деңгейіндегі  студенттермен  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді  және  түрлі 
тақырыптағы  мақалалар  студенттердің  жеке  қызығушылықтарына  сай  келеді.  Ең  бір 
құптарлығы  кезеңдік  баспасөзді  арнайы  жерлерден  сатып  алмай-ақ,  интернет  арқылы 
тауып алып оқуға болады. Тәжірибеге сүйене отырып айтатынымыз, газет мақалаларынан 
оқытушыға да, студентке де ұнайтын түрлі қызықты тапсырмалар құрастыруға мүмкіндік 
бар [4, 36].  
Ең  қызықты  тапсырмалардың  бірі  -  «мақала  тақырыбы».  Студент  мақаланың 
тақырыбына  қарап  онда  не  жөнінде  айтылғаны  туралы  жобалап  қазақ  тілінде  әңгімелеп 
беруге тырысады. Дәл осы тапсырманы мақаланың тірек сөздері мен шешуші сөйлемдері 
арқылы  да  орындауға  болады.  Осындай  жаттығу  арқылы  студент  өзінің  сөздік  қорын 
кеңейтіп,  ауызша  сөйлеу  дағдыларын  жетілдіреді.  Белгілі  бір  сөздерді  және 
конструкцияларды  есте  қалдыру  үшін  газетте  жазылған  белгілі  адамдар  туралы  немесе 
атышулы  оқиғалар  туралы  әңгіме  дүкен  құрып,  «ондайға  қалай  барды  екен?»,  «ұят  емес 
пе?», «заман не боп барады?», «ондайды мен бұрын соңды естімеппін» деген сияқты және 
оларға жауап ретінде «оларды да түсінуге болады», «өмір болғаннан кейін солай», « негізі 
көп  нәрсеге  түсіністікпен  қараған  абзал»  т.б  деген  фразаларды  арасында  қолдануға 
болады. Мұндайда грамматика да шеткері қалмайды [4, 88].  
Грамматикалық  материалды  білу  деңгейіне  байланысты  түрлі  күрделіліктегі 
тапсырмаларды  орындауға  болады.  Мысалы,  берілген  тақырып  бойынша  сұрақтар 
құрастыру,  етістіктерді  табу,  шақтарға  ажырату  деген  тәрізді  тапсырмалар  орындалады. 
Әрине  қандай  тілді  үйренсеңіз  де  сізді  алға  қойған  мақсатыңызға  дұрыс  бағыттайтын 
сенімді,  жақсы  маман  табу  өте  маңызды.  Ондай  мамандарды  үнемі  практикамен 
айналысып, әдістемелерін, тәсілдерін тапжылмай жетілдірумен айналысып жүрген белгілі 
бір  кафедралардан  немесе  танымал  мемлекеттік  орталықтардан  іздеген  абзал.  Себебі 
ұжым арасында жүрген маман кәсіби деңгейін үнемі жетілдіруіне, өзге мамандармен жаңа 
тәжірибе алмасып отыруына зор мүмкіндігі бар.  
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет