Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



жүктеу 2.87 Mb.
Pdf просмотр
бет23/31
Дата15.03.2017
өлшемі2.87 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Williams T. Memories. - N.Y., 1975. P. 40, 41. 
2
 
Spoto D. The Kindness of Strangers. The Life of Tennessee Williams. - N.Y., 1985. P. 51. 
3
 
Maxwell, D. T. Williams and friends. Cleveland. - New York, 1965. 
4
 
Уильямс Т. Трамвай «Успех» / Пер. с англ.С. Митиной // Писатели США о литературе: 
В 2 т. Т. 2. – М.: Прогресс, 1982. 
5
 
Williams, Tennessee. A Street Named Desire. - New York, 1959. 
6
 
Смирнов  Б.А.  Орфеи  не  возвращаются  из  ада  (Проблематика  и  поэтика  драматургии 
Теннесси Уильямса) // Вопросы зарубежной литературы и искусства: Сб. 3./ Отв. ред. 
Б.В. Павловский. – Свердловск, 1974. 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақалада    АҚШ  әдебиетінің  өкілі,  белгілі  де  белсенді  драматургі,  өнердің  биік  жұлдызы 
Теннеси  Уильямстың  «Трамвай  «Желание»  пьесасына  талдау  жүргізіледі.  Драматургтің  атақты 
пьесасы орыс әдебиетінің өкілі А.П.Чеховпен салыстырмалы түрде қарастырылады. Орыс әріптесі 
сияқты,  Теннеси  шығармасында  қуаныш  пен  қайғы  қасіретті  қатар  тартқан,  жаны  жаралы 
құдыретті  жанның  терең  де  шексіз  бейнесін  сомдауы  американың  мәдени  өміріндегі  елеулі 
құбылыс деп бағалаймыз. 
 
RESUME 
 
The  article  “A.  P.  Chekhov  in  the  artistic  world  of  T.  Williams’  drama”  is  devoted  to  the  little 
theme  in  T.  Williams’  play  A  Streetcar  named  Desire.  The  playwright  shows  that  T.  Williams  is  the 
singer  of  the  American  national  life,  the  chronicle’s  writer  of  his  own  time  –  the  XXth  century, 
independently of the problems he raises, the epochs he applies. T. Williams’ plays set a model of creative 
mastery of Chekhov’s theatre. 
A Streetcar named Desire by T. Williams is one of the most remarkable plays of our time. It is full 
of sympathy to people perishing in hostile surrounding. It created an immortal woman (Blanche Dubois), 
the  haggard  and  fragile  southern  beauty  whose  pathetic  last  grasp  at  happiness  is  cruelly  destroyed. 
However,  the  plot’s  result  of  the  play  is  not  equal  to  its  meaning.  It’s  typical  for  T.  Williams  to  put 
questions. The reader must find answers himself. 
 

 
204 
ӘОЖ 821.512.122-25 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Л.Н. Дәуренбекова 
Назарбаев университеті, 
ф.ғ.к., доцент 
 
Б.Д. Керімбекова 
Сулейман Демирел атындағы 
университет, ф.ғ.к., доцент  
Жапон 
поэзиясындағы 
танка, хокку 
жанрын қазақ 
тіліне аудару 
үлгілері 
 
Аннотация 
Мақалада  ХVI-ХVII  ғасырлардағы  Жапон 
поэзиясының  көрнекті  өкілдерінің  қазақ  тіліне 
аударылған 
өлеңдері 
қарастырылады. 
Аудармашының  өлеңді  тәржімалау  барысында 
қолданған  тәсілдері  айқындалып,  көркем  мәтінде 
эстетикалық 
қызмет 
атқаратын 
көркемдік 
құралдарға 
назар 
аударылады. 
Түпнұсқа 
мазмұнының 
экспрессиялық-эмоциялық 
көңіл-
күйінің берілу әдістері мысалдармен айқындалады.  
Түйін  сөздер:  поэзия,  танка,  хокку,  ырғақ, 
интонация, поэтика, аударма, бейнелілік, эстетика.  
 
 
Өзіндік  пішінімен,  дәстүрімен  ерекшеленетін 
жапон  поэзиясының  асыл  қазынасына  айналған 
Аривара-но  Нарихираның  лирикалық  өлеңдерін, 
ежелгі және жапон жырларының жинағы «Кокинсю» 
антологиясын 
құрастырушы 
ақындар: 
Ки-но 
Цураюки,  Ки-но  Томоно-ри,  Осикоти-но  Мицунэ, 
Мибу-но Тадаминэ, орта ғасырдағы жапон ақындары 
ұстаз  тұтқан  атақты  Сайгё  жапон  поэзиясындағы 
танкадан  кейінгі,  үш  жолдан  ғана  тұратын  хокку 
жанрының  көрнекті  өкілдері:  Фудзивара  Садайэ, 
Мацуо  Басё,  Еса  Бусон,  Кобояси  Исса,  Масаока 
Сики өлеңдері аудармашы Жанат Әскербекқызының 
«Сакура  гүлдегенде»  [1]  атты  аударма  жинағына 
енгізіліпті.  
Сакура  –  Жапон  халқының  символы  деуге 
болады.  Сакурамен  бірге  өмір  гүлденеді,  жаңарады 
деген  ұғым  қалыптасқан.  Ай  күнтізбесі  бойынша 
көкек айында Жапондықтар Құдайлардың құрметіне 
«Ясурай»  мерекесін  тойлаған.  Адамдар  сакура 
арқылы  ясурайбананың  гүлдеуіне  қарап  өздерінің 
тағдырларын,  болашақтарын  болжаған.  Бір  сөзбен 
айтқанда,  ол  –  «Өмір  ағашы»  [2].  Демек,  көктемгі 
табиғаттың  әдемілігіне  елітіп,  әсемдігіне  тамсанған 
жапон  ақындары  өз  сезімдерін,  көңіл-күйлерін  жыл 
мезгілдерімен  ұштастыра  өрнектеген.  Өлеңдері 
хокку,  танка  үлгісінде  қысқа  жазылса  да, 
мағыналары  терең  сыршыл  болып  келеді.  Әрине, 
тәржіма  барысында  поэзиялық  туындының  өзіндік 
өлшемдерін  сақтай  отырып,  бес,  үш  жолға 
сыйғызылған  жапон  поэзиясына  тән  образдылықты 
сақтау қиын-ақ. Десек те, аудармашы көркемдік әсер 
қалыптастыруға,  ырғақ  пен  өлең  өлшемдерін 
барынша сақтауға тырысқандығы байқалады.  
Ж.Әскербекқызы өлеңді тәржімалау барысында 
әр   жолды   сөзбе-сөз   аударып   сірестіріп   қоймай, 

 
205 
көркемдік ерекшелігін, поэтикалық құрылымын бұлжытпай беретін сөздердің баламасын, 
ұғымдарды  орыс  тіліндегі  нұсқаға  сай  береді.  Аударма  сапасын  бағамдау  үшін,  бірнеше 
мысалдар келтіре кетейік. Өлеңдерінде ішкі жан әлеміндегі тебіреністерді, арпалыстарды 
шынайы бейнелейтін Ки-но Томоно-ридің аудармаларына назар аударайық: 
Проходят годы, но любовь 
Не угасает в сердце. 
И лишь ноголит на руков
От слез номокшит 
Ложится белый иней [3, 34] 
Аудармасы: 
Жылдар өтеді, махаббат өшпейді 
Жүректі сыздатқан. 
Түндерде жасымды төгілтіп жаттым-ау! 
Төгілген көз жасы – 
Секілді шөп басын көмкерген ақ қырау [1, 15]. 
Байқап  отырғанымыздай,  аудармашы  орыс  тіліндегі  нұсқаға  сай  баламалы 
поэтикалық  тіркестермен  әсем  үйлестіреді.  Көз  жасын  жәй  ғана  «ақ  қырау»  емес,  «шөп 
басын  көмкерген»  деп  нақтылы  теңеумен  әсерлі  жеткізеді.  Тіпті,  шашауын  шығармай 
сезімді,  құштарлықты  бес  тармақтан  тұратын  танка  үлгісіне  сыйғызады.  Бұл 
аудармашының шеберлігі. «Танка» үлгісі дұрыс сақталғандығына аталған автордың келесі 
өлеңі дәлел.  
На листья бамбука 
Уж лег холодный иней. 
Но холодный еще – 
Руков мой, -  
Когда я сплю один [3, 21]. 
Аударма: 
Бамбуктың жапырағын 
Ақ қырау жауыпты. 
Сұп-суық одан да қолдарым. 
Жападан жалғыз түн 
Не деген қауіпті! [1, 25]. 
Мұндағы басты ой орыс тіліндегі нұсқаға қарағанда қазақ тіліндегі аудармада әсерлі 
де, анық айтылады. Демек, аудармашы өзіндік түйсігіне сүйене отырып, жапон ақынының 
ішкі әлеміндегі арпалысты түсініп, дәл беріп отыр.  
Жапон әдебиетіндегі әрі лирик ақын, әрі поэзия теоретигі ретінде танылған Мибу-но 
Тадаминэнің өлеңінің аударылуына назар аударайық: 
Все говорят: 
Весна пришла. 
Я утром гору Есино 
Окинул взглядом 
Уже затянута 
Весен [3, 28] 
Аудармасы: 
Бәрі айтады: 
Көктем келді деп, 
Таңертең Есино тауына қараймын, 
Ол дағы көгілдір сағымға 
Оранған мөлдіреп... [1, 31]. 
Аудармашы  автордың  айтпақ  болған  түпкі  ойын  көмескілендірмей,  поэзия  тілімен 
бейнелі  береді.  Оқырманның  эмоциясына  ерекше  әсер  ету  үшін  көркем  мәтінде 

 
206 
эстетикалық  қызмет  атқаратын  көркемдік  құралдарды  сәтімен  қолданып,  табиғат 
құбылыстарын  образды  тіркестермен  әсерлі  жеткізеді.  Аударманы  оқығанда  қарапайым 
ғана  орыс  тіліндегідей  емес,  сөздерді  кестелендіріп,  өрнектеп  барып  өлеңге  жан  бітіре 
салғандай  әсер  аласың.  Бұл  Ж.  Әскербекқызының  аудармашылық  стиліне  тән нәрсе.  Өзі 
ақын  болса  да,  аударманы  қазақтың  қара  өлеңіне  айналдырмай,  түпнұсқа  мейлі  бес  жол 
болсын, мейлі үш жол болсын қазақ тілінде де дәл солай жол санын сақтап отырған. Қай 
аударманы  алып  қарасақ  та  оқырманды  эстетикалық  әсерге  бөлейтін,  тепе-теңдікке  қол 
жеткізіледі.  Әсіресе,  аудармашы  жеке  сөздердің  баламасын  сәтімен  тауып,  дәл 
қиыстырады.  Бұл  хокку  жанрында  жазылған  өлеңдерде  анық  байқалады.  Мацуо  Басё 
суреттейтін  әр  мезгілдің  табиғат  көріністерін  нәп-нәзік  етіп  көз  алдымызға  әкеледі. 
Жолма-жол салыстырып көрейік: 
Бабочки полет 
 
 
 
Көбелек қанаты 
Будить тихую поляну 
 
 
Оятшы, оянсын алаңқай, 
В солнечных лучах.  
 
 
Күнді іздеп таусылған тағаты. 
Келесі өлеңінде: 
Как быстро летит луна! 
 
 
Аспанда ай жүгірді! 
На неподвижных ветках 
 
 
Қыбырсыз қалғыған бұтаққа 
Повисли капли дождя. 
 
 
Жаңбырдың тамшысы ілінді. 
деп,  аудармашы  өлеңнің  мазмұнын  қалпында  жеткізуді  мақсат  тұтқан.  Жапон 
поэзиясының  үш  тармақтан  тұратын  хокку  үлгісінің  заңдылығынан  алшақтамай, 
түпнұсқамен пара-пар аударған. 
Танка  үлгісінде  ірі  поэтикалық  өлеңдер  жазған  тақуа  ақындардың  бірі  -  Сайге. 
«Ақын  өлеңдері  тақырыптық,  мазмұндық  тұрғыдан  сан  алуан.  Табиғатқа  деген 
құштарлық,  адамдарға  деген  сағыныш,  жыл  мезгілі  мен  мезеттерінің  көрінісі  өзіндік 
өрнекпен өріліп, тылсым бір әлемге бастайды» [1, 33]. 
Какую радость 
Мне принесла в сновиденье 
Встреча с тобою! 
Но после еще грустнее  
Тебя вспоминать наяву [3, 38]. 
Лирикалық  кейіпкердің  ішкі  әлемі  оқырманның  қабылдауына  да  әсер  етері  даусыз. 
Бұл өлеңнің аудармасына зер салайық: 
Қандай керемет! 
Түсім маған сыйлады 
Кездесуді сенімен! 
Бірақ...сосын өңімде 
Қайғы жұтып егілем [3, 36]. 
Аудармашы  түстегі  махаббатпен  қауышу  сезімін  түпнұсқаға  дәл  суреттейді. 
Лирикалық кейіпкердің басындағы түрлі сезімді, жан тербелісін ұтымды бейнелеген. 
Встретились снова...  
Но ведет к тебе лишь один  
Путь сновидений.  
Пробужденье - разлука  
О, если б не просыпаться! [3, 51]. 
Аудармасы: 
Қауыштық қайта... 
Саған барар жалғыз соқпақ – түс көру. 
Ояну – азап, 
Қандай ғажап 
Оянбастан түске ену! [1, 48]. 

 
207 
Байқап отырғанымыздай, өлеңнің поэтикалық құндылығын беріп тұрған, ырғақ пен 
интонацияның қуаты да сәйкес келіп тұр.  
Хайку  жанрының  шебері  Масока  Сикидің  қысқа  да,  нұсқа  жазылған  өлеңдерінің 
эстетикалық  сипаты  мен  көркемдік  мазмұны  өте  терең  болып  келеді.  Ақын  өмір 
құбылысын кейіптеу арқылы береді. Буддаға иілген бұлт көрінісі арқылы автор дінге бас 
ұрған халықты бейнелейді.  
Весенний день. 
Облака лежат на коленях 
Большого Будды [3, 58]. 
Аудармасы: 
Көктем күні. Аспан жүзі ашылды. 
Алып Будда тізесіне 
Бұлттар келіп бас ұрды [2, 52]. 
Ж.Әскербекқызы  қарапайым  ғана  берілген  өлең  жолдарына  сән  беріп,  автордың 
көңіл-күйін,  айтпақ  болған  ойдың  желісін  терең  түсініп,  ерекше  нақышпен  келтіреді. 
Мәселен:  
В руке - ветка сливы. 
Я поздравляю людей 
С Новым Годом [3, 62] 
Бұл жолдарды жолма-жол аударсақ: 
Қолымда өрік ағашының бұтағы,  
мен адамдарды құттықтаймын, 
жаңа жылымен. 
Дәл осылай тәржімаласақ, өлеңнің эстетикалық-көркемдік қуаты әлсіз болар еді. Ал, 
бұл  жолдарды  аудармашы  ерекше  пафоспен  келтіріп,  автордың  көңіл-күйін  ұтымды 
берген.  
Қолымда – өрік ағашының бұтағы 
Менің көңілім адамдарды жаңа жылмен 
Құттықтауды биік мұрат тұтады [3, 63]. 
Масока  Сики  негізінен  табиғат  арқылы  адамның  ішкі  көңіл-күйін  астастыра 
жырлайды. Мәселен: 
Аптап ыстық бұл қандай! 
Бұлдыр санам жаңылды ма –  
Күн күркіреп тұрғандай [1, 64]. 
Аривара-но Нарихираның махаббат лирикасы – сәттік таныстықтың сүйіспеншілікке 
айналуын, махаббаттың азабы мен қуанышын, ұзақ күтулер мен сағынышты кездесулерді, 
табысу  мен  ажырасуды,  үміт  пен  күдікті  сыршылдықпен  тебірене  толғаған  лирикалық 
күнделік  сырлары  тәріздес  [1,  107].  Оның  сезім  дүниесі  мен  көңіл-күйін,  ішкі  ойы  мен 
жүрек  сырын  терең  түсінген  аудармашының  аудармасы  ешбір  кібіртіксіз  тартымды 
оқылады.  
вновь и вновь хочу спросить
Меня ты любишь ли? 
А дождь, 
Что знает все, 
Лишь льет сильнее... [3, 62]. 
Аудармасы:  
Қайта-қайта сұрай бергім келеді: 
Сүйемісің сен мені? 
Бәрін білер мына жаңбыр не деді? 
Бар болғаны 
Нөсерледі, селдеді [1, 69]. 

 
208 
А.  Нарихира  сарыны  VIII  ғасырдағы  жапон  поэзиясында  «ең  көрнекті  махаббат 
жыршысы» атанған Отомо-но Якомотидың өлеңдерінен де байқалады.  
Как гуси дикие, что вольной чередой 
Несутся с криком выше облаков, 
Ты далека было... 
Чтоб встретиться с тобой
Как долго я блуждал, пока пришел! [3, 66]. 
Аудармасы: 
Қараша қаздай...аспандай ұшып, 
Қаңқылы бұлттан әрі асқан, 
Сен алыс кеттің... 
Кездескім келіп өзіңмен 
Жеткенше ұзақ адасқам... [1, 71]. 
Жалпы, Ж.Әскербекқызы аудармаларының сипаты халық дүниетанымына тән болып 
келеді.  Оқырманның  көз  алдына  «қараша  қаз»,  «биік  шынар»,  «алабажақ  өрнек», 
«қыраумен  көмкерілген  шөп»,  «кесілген  шөрке»,  «мәжнүнтал»,  «жамылғы»,  «ұлпа», 
«бұрқақ», «жазира дала», «жаратқан», «көкорай шалғын», «көк сағым», «бас ұру», «күбі», 
«ымырт  үйірілгенде»  т.б.  образдары  тізбектеле  береді.  Аудармашы  бейнелі  сөздерді 
кеңінен қолданып, шығарманың көркемдік-эстетикалық қуатын арттырған. 
Өлеңдердегі  мағынасын  арттырып,  көркемдік  дарытып  тұрған  жолдарға  назар 
салсақ:  
«Снег  выпал,  И  на  всех  деревьях»  –  «Қар  жауды...Бар  ағаш  Ақ  қардан  жамылғы 
жамылған». 
«И лунный лик холодным» – «Ай сәулесі тым салқын боп сөнгендей».  
«Цветы увяли. Сыплются, падают семена, Как будто слезы» – «Гүл біткен солыпты. 
Дәнегін амалсыз, Көз жасы секілді төгіпті».  
Байқап  отырғанымыздай,  жыл  мезгілдерінің  ерекше  бір  көріністерін  тың  баламалы 
образдармен  суреттейді.  Мұндай  шашылып  түскен  образды  тіркестер  Ж.Әскербекқызы 
аудармаларында молынан кездеседі. Әдебиеттанушы Ә.Тарақов: «Ақынның поэзиясымен 
танысу жеткіліксіз, оның қоғамын, заманын, өмірін, шығармашылық тағдырын, ақындық 
ортасын,  сол  кездегі  әдебиет  тынысын,  әдеби  ағымдарды,  ел  тарихын,  қысқасы 
поэтикалық  әлемін  кең  ауқымда  зерттеп,  біліп,  ұғынып  аударған  дұрыс.  Сонда  ғана 
ақынның  поэзиялық  рухы  басқа  ұлт  әдебиетінде  еркін  тыныстайды»  [4,  163]  –  дейді. 
Демек, Ж.Әскербекқызы Жапон ақындарының жан дүниесін жақсы түсінгендіктен ерекше 
бір құштарлықпен аударғаны байқалып тұр. Аудармашы: «Жапон ақындарын аудару үшін 
ішкі  дайындығымды жетілдірдім. Олардың тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, өмір  сүру 
салтын,  дүниетанымын  танып-білу  мақсатында  көптеген  әдебиеттерді  оқыдым, 
киноларын  көрдім.  Сөйтіп,  тілді  білмесем  де  ділін  түсінуге  ұмтылдым»  [5],  -  деп 
шығармашылық зертханасынан сыр шертеді. Демек, поэзия аудармасына кіріспес бұрын, 
аударылатын  елдің  тұрмысына,  дәстүріне  тереңдеп  енгеннен  кейін  оның  аудармалары 
аудармашылық шеберліктің үлгісіне айналып отыр.  
Поэзиялық  шығармалар  аудармасын  зерттеуші  Е.Эткинд:  «Аудармашы  бәрінен 
бұрын  ақын  болуы  тиіс.  Ұлы  шығарманың  сұлулығын  байқап,  түсінуі  тиіс,  елестету 
арқылы ақын бейнелеген бұрынғы көріністерді қайта жасап шығуы қажет, оның жұмбақ, 
жасырын  ойларын  түсіне  білуі  керек,  өзінің  шабытында  нені  сезінгеніндей  сезінуі  тиіс. 
Оның  рухына  бойлап,  өзінің  өлмес  өлеңінде  мейлінше  жақсы  бейнеленген,  айтарлықтай 
орын алған өмірін сүре білуі тиіс» [6, 87] - деп тұжырымдайды. Бұл тұрғыдан келгенде, Ж. 
Әскербекқызы аудармаларының сәтті шығатыны даусыз. Тәржімашы лашықты мекен етіп, 
табиғаттың  әр  мезгілін  үш-төрт  жолға  сыйғызып  жырлаған  тақуа  ақындардың  өлеңдерін 
ақындық сезімталдықпен шумағы мен ырғағын да өзара шеберлікпен үйлестіре білген.  

 
209 
Әдебиеттанушы  Т.Есембековтың:  «Поэтикалық  аударма  автор  қолданған  көркемдік 
тәсілдерді  барынша  сақтауды  талап  етеді»  [7,  35]  -  деген  қағидасына  сүйенсек,  аталған 
Ж.Әскербекқызы аудармаларын үздік поэтикалық аудармаға жатқызуға лайықты.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Сакура гүлдегенде (Жапон поэзиясы). – Астана: Аударма, 2010. – 190 б. 
2
 
Ерболат  Б.  Қазақ  пен  Жапон  жырларының  ұқсастықтары.  //  Ана  тілі.  –  2014.  -  4-10 
желтоқсан 
3
 
Японская любовная лирика. – Москва: Эксмо, 2005. – 317 с. 
4
 
Тарақов Ә. Аударма әлемі. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 244 б. 
5
 
Әскербекқызы Ж. Поэзияға кеуденің керегi жоқ. // Aстана ақшамы. – 2012. - №2. 
6
 
Эткинд Е. Поэзия и перевод. - Москва: Сов. писатель, 1963. – 420 с. 
7
 
Есембеков Т.У. Көркем мәтін поэтикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. – 226 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье анализируется японская поэзии в переводе Ж.Айтмухамбетова. Показаны способы 
передачи  переводов  японской  поэзии  на  казахский  язык.  Рассматриваются  основные  принципы 
воссоздания  формально-смысловых  и  идейно-содержательных  компонентов  оригинала  в 
переводном  тексте,  а  также  проблемы  передачи  индивидуального  стиля  в  художественном 
переводе.  Анализ  переводов  стихотворений  японской  поэзии  осуществлен  в  сравнительном 
аспекте.
 
 
 
RESUME 
 
The authors analyze the poetry of Japanese poets in translation by Zh.Aytmuhambetov. Moreover, 
they show the issues of recreating artistic and aesthetic effects of Japanese poetry works on  the Kazakh 
language and examine the problem of the transformations of expressively emotional content plan of the 
original work into translated versions of the text. The analysis of the translation of the Japanese poetry is 
carried out in a comparatively-typological manner.
 
 
 

 
210 
ӘОЖ 821.512.122-25 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Күйреу» 
романындағы  
мазмұндық-
концептуалдық  
ақпараттардың 
аудармадағы көрінісі 
 
Аннотация 
Мақалада  Р.Тагордың  «Күйреу»  романының 
қазақ  тіліне  аударылу  ерекшеліктері  қарастырыла 
отырып,  ондағы  ақпараттардың  берілу  тәсілдері 
анықталады.  Романдағы  ақпараттардың  аударма-
дағы  көрінісін  саралау  арқылы  аудармашы 
С.Шаймерденов 
еңбегіне 
баға 
беріледі. 
Аудармашының  осы  шығарманы  тәржімалаудағы 
қолданған  әдіс-тәсілдері  көрсетіледі.  Қазақ  халқына 
тән психологиялық ерекшеліктердің аудармада қалай 
қамтылғаны көрсетіліп, С.Шаймерденовтің романды 
аудару  кезінде  шебер  аудармашыға  тән  нақыш, 
өрнектер жасайтындығы талданады.  
Түйін  сөздер:  көркем  мәтін,  мазмұндық-
концептуалдық  ақпарат,  көркем  аударма,  адресат, 
концепт,  таным,  мәдениет,  мінез,  лингвомәдени 
бірліктер. 
 
 
Рабиндранат  Тагор  –  өзінің  дарқан  талантын, 
бай дарынын халқының азаттығы мен бақыты үшін 
сарп  еткен  ұлы  күрескер.  Тагор  шығармаларының 
басты  тақырыбы  –  Үндістанның,  оның  қаналған 
халқының  өмірі,  отаршылардың  озбырлығынан 
туған жоқшылық пен ашаршылық еді.  
Р.  Тагор  «Күйреу»  романын  1902  жылы 
жазды.  Романда  суреттелген  оқиға  XIX  ғасырдың 
екінші жартысы, яғни Үндістандағы капитализмнің 
орнығуы  бенгалдықтардың  ұлт  ретінде  бірігуіне 
әкеліп,  ескі  феодалдық  қоғамдық  қатынастардың 
жойылу кезіне қатысты.  
Әлем 
әдебиетіндегі 
осындай 
шұрайлы 
шығарманы 
көрнекті 
жазушы 
Сафуан 
Шаймерденов  ана  тілінде  сөйлетті.  Бұл  аударма 
үшін  жазушы  әдебиетіміздегі  «Бейімбет  Майлин» 
атындағы  сыйлықты  иеленді.  C.Шаймерденов 
Рабиндранат 
Тагордың 
«Күйреуден» 
басқа 
«Гәуірмаһан» 
(1964) 
романын, 
«Алтын 
сағым»(1960) 
әңгімелер 
жинағын 
аударған. 
Жазушы 
жары 
Бағдат 
Шәймерденкелінінің 
естелігіне сүйенсек, ол осы шығармаларды аудару 
үшін  неше  жыл  материал  жинайды  [1].  Үнді 
халқының  тұрмыс,  салт-санасымен  танысады. 
Мәскеуден  шығатын  «Индия»  атты  журналды 
алдырып,  түгел  танысып  шығады.  Аудармаға  да 
өте  бір  үлкен  дайындықпен,  жауапкершілікпен 
отырады.  Аударғанның  жөні  осы  екен  деп,  жеңіл-
желпі  дүние  жасауды  қаламайды.  Көп  аударма-
шылар  секілді  тіл  білумен ғана  шектелмеді.  Өзі 
Е.С. Адаева 
Назарбаев университеті,  
ф.ғ.к., доцент 
 

 
211 
аударып  отырған  шығармадағы  халық  жайлы  мағлұматқа  қаныққан  соң,  ары  қарай 
тәржімаға  көшеді.  Демек,  аударманың  сәтті  шығуына,  аударма  адресаттарының 
«Күйреуді» болсын, басқасын болсын жылы қабылдауына септігін тигізген осындай үлкен 
еңбек,  ізденістер  деп  айтуымызға  болады.  Сондай-ақ  аудармашының  көркем  мәтіндегі 
түрлі  ақпараттарды  адресаттарының  қабылдауына  лайықтап  жеткізе  білгендігін  атап  өту 
керек.  
Белгілі ғалым Т.Есембеков: «Көркем мәтінде объективтік, субъективтік ақпарат бары 
мойындалған. Әдебиетші ғалымдар статикалық, динамикалық ақпарат туралы сөз қозғауға 
құмар.  Мәтін  теориясының  мамандары  эмоционалдық,  эстетикалық,  экспрессивтік, 
бағалаушылық  ақпарат  түрлерін  анықтаған...  Мәтіндегі  ақпарат  шамасы  мен  әлеуетінің 
оны  қабылдаушының  ақпараттық  кеңістігіне  сәйкестігіне  баса  назар  аударуды  діттеп 
жүрген ғалымдар аз емес» екенін жазады [2, 108]. 
Сондай-ақ  ғалым  қазіргі  кезде  көркем  мәтінге  деген  іңкәрліктің  азаюы  оқырман 
талабын жете білмегеннен екенін мойындаушы жоқ, авторлар да, баспагерлер де оқушыға 
кінә тағуда екенін айтады. Ал аудармашы С.Шаймерденов болса, оқырман талабын ескере 
отырып, қабылдаушыларының мақсат-мүддесіне лайықтап аударма жасайды. Бұл туралы 
жазушының өзі былай деп толғанады:  
«Кез  келген  қазақ  оқырманы  кез  келген  классикті  орыс  тілінде  де  оқып,  ләззат  ала 
алады. Сонда қазақ тіліне кімді аударуға тиіспіз? Біріншіден, қазақ тақырыбына жазылған 
шығармалар,  екіншіден,  қалың  қазақ  оқырманына  рухы,  тақырыбы  мен  табиғаты  жақын 
шығармалар аударылғаны дұрыс. Классиктердің ішінен менің Тагорды таңдаған себебім - 
осы жазушы шығармаларының қазақ халқына рухы мен табиғаты да, тақырыбы да үйлесіп 
жатады. Ол суреттеп отырған оқиғалар мен өмір көріністерін құтты бұрынғы бір заманда 
қазақ  даласында,  қазақтар  арасында  өткендей  сезінесің.  Адамдардың  мінез-құлық, 
психологиясы  да  тұп-тура  қазақтардың  мінез-құлық,  психологиясындай.  Бір  сөзбен 
айтқанда, Тагор шығармаларын оқығанда қазақ туралы сен айтпағанды ол айтып, сен жаза 
алмағанды ол жазып тастағандай әсер аласың» [3]. 
Шындығында  да,  аударма  нұсқаны  оқып  отырып,  жазушының  өзі  айтқандай  екі 
халықтың психологиясындағы, тұрмысындағы ұқсастықтардың көп екендігін байқаймыз. 
Белгілі  бір  ұлттың  дүниеге  көзқарасын,  өмір  сүру  ерекшелігін,  талғам-танымын,  ұлағат-
өнегесін  оның  рухани  мәдениет  үлгілерінен  -  салт-дәстүрлері  мен  әдет-ғұрпынан  көруге 
болады.  Тагордың  бұл  романында  үнді  халқының  дүниеге  келіп,  қайтыс  болғанға  дейін 
рухани  мәдениет  негіздерінің  бәрі,  яғни  жоғарыдағы  жіктемелерде  айтып  кеткеніміздей, 
тереңде  жатқан  мәдени  ақпарат  көрсетіледі.  Аталған  дәстүрлердің  этномәдени  мәні 
көркем шығармадағы мәтіндер мазмұны арқылы ашылған. 
Қос жұп  – Ромеш пен Сушиланың, Нолинакха мен Комоланың некелесуі көне үнді 
салтына  сәйкес  орындалды:  жас  жеткіншектер  үйлену  тойына  дейін  бірін-бірі 
танымайтын,  бірін-бірі  ұнатпайтын  да,  тек  некеге  отырған  күннен  бастап  үлкендердің 
еркіне көнетін. Екі отбасы да өз өмірлерін ата-аналары салған ізбен құруы міндетті болды. 
«Во  время  свадебного  обряда  Ромеш  не  стал  произносить  пологающихся  обетов:  в 
момент «благоприятного взгляда» закрыл глаза...» [4, 15]. 
Аудармасы: 
«Үйлену  тойы  үстінде  Ромеш  осындайда  айтылар  сертін  де  беріп  жатпады:  «сәтті 
көзқарас» шағында көзін де салмады..» [5, 16]. 
Мәдениет  –  адамның  тілде  көрініс  табатын  бүкіл  рухани  өмірі,  тәжірибесі.  Ал  бұл 
шығармада микромәтін, концепт т.б тілдік бірліктер – халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, 
қадір  тұтатын  заттары  мен  құндылықтар  дүниесінің,  қоршаған  ортаның  т.б.  өмір  сүру 
үлгілерінен  хабардар  ететін  ақпараттық  құрал  қызметін  атқарады.  С.Шаймерденов 
романның  аудармасында  ақпаратты  сақтау  мен  тасымалдаудың  барлық  амалдарын 
баламасын тауып, сәтті аударады. Дәлел ретінде тағы бір мысал келтіре кетейік. 

 
212 
«Но ей в голову не могло прийти, что всего через несколько минут они обменяются 
гирляндами верности, что прольются слезы, что между ними не будет никаких обьяснений 
...» [4, 52]. 
«Бірақ  бірнеше  минуттан  кейін  бір-бірімізге  адалдықтың  әшекейлі  гүл  алқасын 
кигіземіз  деп  тұрғанда,  көз  жасы  төгілер  деп,  араларында  түсініспес  жайлар  болады  деп 
ойлап па ол?» [5, 68]. 
Үнді  салты  бойынша  неке  қиярда  күйеу  мен  қалыңдық  бірінің  мойнына  бірі  гүл 
алқасын кигізеді. Бұл адал айнымас сүйіпеншілік белгісі.  
Ұзату  тойы  аяқталып,  күйеу  жігіт  қалыңдығын  үйіне  алып  қайтады.  Бірақ  үйлену 
салтына қатысушылар өзенде болған сұрапыл дауыл кезінде ажал құшып, автор бір-бірін 
қателесіп  ерлі-зайыптымыз  деп  есептеген  жас  бозбала  мен  бойжеткенді  тірі  қалдырады. 
Бұл екеудің алдында мүлдем ерекше жағдай тұрды: олардың өткен естеліктері жоқ – оның 
барлығы дауыл кезінде қайтыс болғандармен бірге су түбіне кетті; олардың не туысы, не 
қайын атасының үйі де болмады (әдетте жас жұптар орналасқан күйеу жақ туыстарының 
үйін  осылай  атау  қалыптасқан).  Келінді  құрметтеп  күткен  қайын  жұрт  та  көрінбеді.  Бұл 
жағдай шығармада былай бейнеленеді: 
«Ромеш  решил  было  сразу  после  окончания  погребальных  обрядов  уехать  с  женой 
куда-нибудь  в  другое  место,  но  не  мог  этого  сделать,  не  уладив  вопроса  об  отцовском 
наследстве.  К  тому  же  убитые  горем  родственницы  просили  отпустить  их  в 
паломничество,- надо было позаботиться и о них» [4, 19]. 
Аудармасы: 
«Ромеш бата оқыр тарқасымен жұбайын ертіп басқа бір жаққа кетіп қалармын деген 
тоқтамға  келіп  еді,  бірақ  әкеден  қалған  мұраны  бірыңғайлауға  тура  келді.  Оның  үстіне 
қайғы-қасірет  меңдеген  шерлі  апа-жеңгелері  тауап  етіп  баруға  рұқсат  сұрады  –  олар 
жайын да ойластыру керек болды» [5, 21]. 
Аудармадан  С.Шаймерденовтің  әдет-ғұрыпқа  қатысты  ақпараттардың  аудармасын 
дәл тауып бейнелегенін көреміз.  
«Не играла музыка, не слышно было обычных радостных возгласов женщин, никто 
не приветствовал молодую девушку, никто даже не взглянул на нее» [4, 119]. 
Аудармасы: 
«Білезіктер сыңғырламады, әйелдердің дағдылы шаттық  күлкілері де естілмеді, жас 
қызға  ешкім  де  қошемет  көрсетпеді,  тіпті,  оған  көз  қиығын  салған  да  жан  болған  жоқ» 
[5,21]. Үзіндіде аудармашының «не играла музыка» деген тіркесті салт-дәстүрге лайықтап, 
«білезіктер сыңғырламады» деп сәтті аударғанын байқауға болады. 
Осындай  шиеленісті  қалыптастыра  отырып,  Тагор  өмірдің  жаңа  бұрылысында  үнді 
отбасында  қарым-қатынас  қалай  орнығуы  қажет  деген  сұрақты  алға  тартады.  Автор 
Ромеш  пен  Комолоға  бір-бірін  жақын  тануға  және  өмірлерін  өз  қалауларынша 
қалыптастыруға үлкен мүмкіндік ұсынады. 
Кез келген қоғамның маңызды институттарының бірі - отбасы. Ал отбасындағы әйел 
жағдайы - отбасы мен неке тарихындағы келелі мәселелердің бірі. Көптеген тарихи және 
тілдік деректер әйелдердің отбасылық мәселелерді шешуге белсенді қатысқанын, ерлеріне 
шаруашылыққа қатысты істерде көп көмектескенін дәлелдейді. Ал күйеуі жоқ кезде оның 
орнын жоқтатпай, барлық тіршілікке қатысты  мәселелерді өзі шешіп, тіпті салт-дәстүрге 
сай  қонақ  күтіп,  оны  жөн-жоралғысымен  шығарып  салуға,  күйеуін  жаманатқа 
қалдырмауға  міндетті  болған.  «Күйреу»  романы  бенгал  интеллигенттері  жайлы 
баяндайды, бірақ оның негізгі кейіпкері Комола атты қарапайым ауыл қызы. 
Үнді әйелдерінің қиын жағдайы Тагордың шығармашылығында айрықша орынға ие. 
Өз  күйеуінің  үйінде  қатал  тұрмыс  тезіне  түсетін  үнді  әйелінің  жағдайына  наразылық 
білдіру  мақсатында  автор  Комоланың  бай  ішкі  дүниесін  көрсетеді.  Автор  оның  бейнесі 
арқылы әйелдің ең басты қасиеттерін айқындаған. Өзімшіл Ромештен, әрдайым қолдауды 
қажет  ететін  Хемнолиниден  Комола  батылдығымен,  жан  қиярлық  қасиеттерімен 

 
213 
ерекшеленеді, Комола  жалғыздығына қарамастан адамгершілік сезімін сақтап қала білді. 
Ромеш күйеуі емес екенін біліп, шын күйеуін іздеуге аттанады.  
Р.Тагор бұл романында әйел-аналар бейнесі арқылы үнді әйеліне тән дүниетанымды 
танытады.  Шығармада  үнді  әйелінің  сыртқы  сыр-сымбаты  мен  ішкі  рухани  әлемінің  сан 
қатпарлы,  мол  иірімді  ерекшеліктерін,  ұлттық-мәдени  белгілерін  танытатын  айрықша 
лингвомәдени бірліктер жиі кездеседі.  
Үнді  әйелдері  туралы  сөз  болғанда,  әсіресе  олардың  сырты  мен  іші  үйлескен 
сұлулығы,  мінез  байлығы,  ақыл-парасаты  көз  алдыңызға  келері  сөзсіз.  Шығармадағы 
Комола  образы  үнді  әйеліне  тән  парасат  пен  көрегенділіктің,  сұлулық  пен  сымбаттың, 
сұлулықпен бірге махаббатқа адалдықтың, сезімге тұрақтылықтың символы іспетті. Оның 
сұлулығын дәріптейтін тұсты мына үзіндіден байқауға болады: 
«Кто сказал, что Сушила некрасива? Под огромным небесным сводом, весь залитый 
спокойным  лунным  сиянием,  мир  казался  ему  лишь  рамкой  для  этого  нежного, 
светившегося величавым покоем, красивого лица спящей девушки» [4, 17]. 
Аудармасы:  
«Сушиланы қияпатсыз деп кім айтты осы? Кең аспан астында айдың жансыз нұрына 
бөгіп  жатқан  байтақ  дүние  осы  бір  маңғаз  тыныштыққа  бөленген,  үлбіреген  де  сұлу 
жүздің кенересі сияқты болып көрінді» [5, 18]. 
Түпнұсқа  мен  аударманы  салыстыра  отырып,  олардың  арасындағы  мағыналық 
жақындықты,  аудармашының  түпнұсқаны  қазақ  сөзінің  образдылығын  сақтап  аударуға 
тырысқандығын көреміз. Аудармашының баяндау мәнерінде ешқандай жасандылық жоқ.  
Біздіңше,  үнді  әйелі  концептісін  шартты  түрде  бірнеше  когнитивтік  модельдер 
арқылы көрсетуге болады: үнді әйелі адал жар, үнді әйелі сұлу, үнді әйелі бауырмал т.б. 
Повестің  аудармасына  көз  жүгіртсек,  үнді  әйелі  концептісіне  қатысты  когнитивтік 
модельдердің барлығының өз деңгейінде тәржімаланғанын байқауға болады. 
Комола қарапайым  ауыл адамдар арасында өсті, табиғатпен тату болды, оған қатал 
қайын  енесінің  бұйрықтарын  орындап,  қайын  әкесінің  үйінде  тұруға  тура  келмеді.  Ол: 
«Жап  аузыңды!  Үніңді  шығарушы  болма!  Әйел  аузын  ашпау  керек!»  деген  секілді 
сөздерді  естімепті,  сондықтан  да  Комола  басын  үнемі  көкке  көтеріп  жүреді.  Автор  бұл 
еркіндікті  шығармадағы  екінші  бір  келіншек  Шойлоджамен  салыстыру  арқылы  көрсете 
кетеді.  
«Шойлоджа  казалось  сдержанной.  Комола  же  являла  собою  полную 
противоположность  ей.  По  знаниям  и  развитию  она  далеко  опередила  свой  возраст. 
Потому ли, что после свадьбы над ней не тяготела, суровая власть свекрови, или по каким 
–то иным причинам, но развилась Комола очень быстро... Ей до сих пор не приходилось 
слышать  таких  окриков,  как:  «Замолчи!  Делай,  что  тебе  приказано!  Жена  не  должна 
отвечать «нет!»- поэтому Комола высоко держала голову» [4, 126]. 
«Шойлоджа  Комолаға  қарағанда  мүлде  салмақты  көрінеді,  бірақ  Комола,  тұрмысқа 
шыққаннан  кейін  қайын  ененің  қатаң  қыспағын  көрмегендіктен  бе,  әлде  басқа  бір 
себептермен бе, әйтеуір тез өсіп, тез есейіп қалды, оның тіпті кескін-кейпінде де еркіндік 
байқалады... Күні бүгінге дейін: «Өшір үніңді! Істе дегенді істе! Қатын «жоқ» деп айтуға 
тиісті емес деген әкірең сөздерді естіп көрген жоқ-ты. Сол себепті Комола өзін еркін ұстап 
жүретін» [5, 111]. 
Жалпы үнді қыздарына төменшектік, именшектік, ұялшақтық қасиеттер тән. Ал бұл 
микромәтінде  автор  әйел  затының  бойынан  өжеттік,  еркіндік,  ақыл,  парасат  сияқты 
қасиеттерді  жоғары  бағалайтынын  білдіре  кетеді.  Жоғарыда  келтірілген  дерек,  яғни 
мазмұндық-концептуалдық ақпарат соның тілдік дәйегі болып табылады. Жалпы қыздарға 
тән  қайсарлық,  өжеттік,  тәкаппарлық,  көрегенділік  пен  даналық  сияқты  қасиеттер 
ғасырлар  бойы  қай  халықтың  болмасын  аңыз  әңгімелеріне,  батырлар  жырына,  ән-
жырларына арқау болған. Романда автор үй құлдығын көрмеген батыл Комоланы сенімсіз 
де, бос бенгалдық интеллигенттерге қарсы қояды.  

 
214 
Көріп  отырғанымыздай,  аудармашы  үзіндідегі  төл  сөздерді  ұтымды  бере  білген. 
Мәтінде  ешқандай  мағыналық  ауытқушылық  орын  алып  тұрған  жоқ.  Аударма  нұсқада 
Комоланың  характерін  ашатын  барлық  эпизодтарды  аудармашының  өз  дәрежесінде 
жеткізе алмағандығын да айта кетуіміз керек. 
Бұл  психологиялық  роман.  Әсіресе  әйел  образдары  тым  бедерлі  шыққан.  Өзіміз 
оқыған классикалық әдебиетте әйел жанын дәл осы Тагорша терең түсініп, нәзік те шебер 
суреттей  білген  жазушы  некен-саяқ  екенін  айта  кету  керек.  Сөзіміз  дәлелді  болу  үшін 
мысал келтіре кетейік.  
«Комолу  охватила  какая-то  щемящая  безотчетная  тоска.  Почему  осенняя  заря  не 
явила сегодня своего сияющего лика, а была будто затуманена слезами? И почему к горлу 
подступают  беспричинные  рыдания,  а  на  глаза  все  время  навертываются  слезы?  Еще 
вчера она даже не вспоминала о том, что у нее нет ни свекра, ни свекрови, ни знакомых, 
ни подруг. Что же случилось нынче, отчего она вдруг подумала о своем одиночестве, не 
видя опоры даже в Ромеше?» [4, 100]. 
Аудармасына назар аударайық. 
«Комоланы әлде бір парықсыз сағыныш оты билеп алды, жүрегі сыздады. Бүгінгі күз 
таңы неге жарқырап, күліп атпайды? Неліктен көз жасындай буалдыр тартады? Неліктен 
көмекейге бір ыстық жас кептеледі? Көз шарасының жасқа тола беретіні несі? Кеше ғана 
ол қайын атасы мен енесінің де, жақын, жанашыр, сырлас, мұңдас адамдарының да жоқ 
екенін ойламаған еді. Ал енді бүгін не болды оған? Тіпті Ромештен де бір таяныш-медеу 
таппай, жалғыздығын есіне алып, осыншама торыққаны несі?» [5, 135].  
Комоланың көңіл-күйі, сезім әлемі,  ішкі дүниесі  нәзік болуымен бірге шытырманға 
толы,  аса  күрделі.  Үзіндіде  қыздың  сезімін,  психологиясын  тануға  мүмкіндік  беретін 
тілдік  бірліктер,  интонация  аудармада  өз  көрінісін  тапқан.  Осындай  үзінділерде  автор 
Комоланың эмоционалды, әсершілдігін т.б. қасиеттерін ашып көрсетеді.  
Шығармада  барлық  кейіпкерлер  ақиқат  белгілі  болғанға  дейін  Комоланы  Ромештің 
жары деп есептейді. Мысалы: 
«–Простите  меня,  ну,  конечно,  вы  едете  с  женой,  это  я  уже  знаю  из  весьма 
достоверных источников» [4, 111] – деп сұрайды Чокроборти ағай. 
Аудармасы: 
«–Кешіре  көріңіз,  әрине,  сіз  жамағатыңызбен  бірге  келе  жатырсыз,  мен  мұны  анық 
білемін» [5, 150]. 
Үзіндіде  әйел  концептісін  білдіретін  бірліктің  ұлттық  дүниетанымға  сай  «жамағат» 
деп  берілгені  аңғарылады.  Ана  тілімізде  "әйел"  сөзінің  сөздікте  көрсетілген  екінші 
мағынасына  сәйкес  келетін  жар,  нақсүйер,  сүйіктісі,  алғаны,  қосағы  деген  сөздердің 
қолданылатыны  белгілі.  Сонымен  қатар  өткен  ғасыр  басындағы  алғашқы  қазақ 
романдарында  "жамағат"  сөзінің  "әйел,  зайып"  мағынасында  жұмсалғанын 
М.Дулатовтың  "Бақытсыз  Жамал"  романынан  кездестіруге  болады:  «Бірақ  мал  жағынан 
көңілі қош болса да, Сәрсенбайдың жамағаты Қалампыр ғұмырында бала көтермей, бұл 
екеуі  балаға  мұқтаж  еді».  Ал  С.Шаймерденов  болса,  барлық  ақын-жазушылар  жиі 
қолданған "жар" деген сөздің орнына «жамағат» сөзін пайдаланады.  
Сондай-ақ  шығармадан  үнді  халқының  дәстүрінде  ер  адамдардың  қыздарға 
сөйлегенде «мать» сөзін қолданатынын білдік. Мәселен: 
«- Нет, нет, мать! Это никуда не годится, так нельзя!» [4, 113]. 
«- Жоқ, жоқ, шешем-ау! Бұл жарамайды, бұлай істеуге болмайды!» [5, 111]. 
Ал біздің тілдік қолданысымызда «шеше» сөзі «ананың» синонимі болып табылады. 
Аудармашы  сөзбе-сөз  тәржіма  жасаған.  Бірақ  аудармашының  бұндай  сөздік  қолданысы 
халқымыздың мәдениетіне, ұлттық болмысына сәйкес келмейді. Сондықтан да аударманы 
оқып отырып, осындай қолданыстағы диалогтарға келгенде сәл күмілжіңкіреп қалғандай 
боласың.  Аудармашының  бұл  қаратпаны  біздің  ұлттық  танымымызға  лайықтап 
«қарағым», «айналайын» деп бергені дұрыс болар еді деген ойдамыз.  

 
215 
Романның  басында  жаңа  өмір  жағдайларында  үнді  отбасындағы  қарым-қатынас 
қандай  болу  керек  деген  сұрақтың  шешімін  табу  кезінде  автордың  тұтастай  дәстүрдің 
билігінде  болғандығы  байқалады.  Күрделі  коллизиялардың  қатарынан  кейін  Тагор 
Нолинакханы  заңды  әйелі  болған  Комоламен  қосады.  Бірақ  романның  соңы  басқа  бір 
тылсым мағынаны, яғни имплициттік ақпаратты жасырғандай. 
Үнді патриархаттық дәстүріне сәйкес әйелдің бөтен еркектің шатырына келуі үлкен 
масқара  саналатын:  осыдан  кейін  күйеуіне  кірер  үйдің  есігі  оған  мәңгілікке  тарс 
жабылатын.  Тагор  осылайша  өмірдің  өзінің  ескі  заңдар  мен  ғасырлық  әдеттерді  шыр 
айналдыратындығын көрсетеді. 
Романның  шешімі  әдет-ғұрыптардың  шынжырларының  әлсіреп,  үзілетіндігіне  еш 
шүбә  қалдырмайды:  қаһармандардың  ерік-жігерлерінің  арқасында  «масқара  болған» 
Комола  бақытын  өз  жұбайының  үйінен  табады.  Комоланың  тағдырын  шеше  отырып, 
Тагор  ортодоксалды  индуизмды  ұстанатын  Карманың  ұстанымына  объективті  түрде 
қарсы шығады. 
Карманың  ұстанымы  бойынша  адам  өз  өміріндегі  дүниені  өзгертуге,  немесе 
айналасында  болып  жатқанды  өзгертуге  қауқарсыз,  тек  «өткен  өмірінде»  жасаған 
қайырымды және жаман істеріне жауап қана бар. 
«Күйреуде»  әртүрлі  мінездердің  тұтас  галереясы  бейнеленген:  ақкөңіл,  қайырымды 
ағай  Чокроборти,  қу  Окхой,  сенімді  құрбы,  нәзік  әйел  –  Шойлоджа  және  тәкаппар 
Нобинкали,  әрекетсіз  Оннода-бабу,  жеңілтек  Умеш,  оның  Комолоға  деген  ықыласы. 
Әртүрлі  тілдік  құралдарды  тиімді  пайдалана  отырып,  кейіпкерлерінің  характерлерін 
тамаша  көрсете  білуінен  Тагордың  үнді  қоғамының  барлық  қабаттарының  тыныс-
тіршілігін жақсы білетіндігін және үлкен суретшілік талантын байқауға болады. 
Жалпы  халықтық  тілдің,  ауызекі  тілінің,  ертеректегі  қазақ  әдеби  мұрасының  сөз 
байлығын, бейнелеуіш құралдарын жақсы білетін С.Шаймерденов оларды орайын тауып, 
көркем  мәтіндегі  ақпараттарды  қазақ  ұғым-түсінігіне  лайықтап  аударған  және  мұны 
саналы  түрде  істеген.  Әрине,  аударманың  бір  шарты  –  ондағы  ақпараттардың  қалың 
оқушы  қауымға  түсініктілігі  болса,  аудармашы  осы  шарттың  үдесінен  шыға  білген. 
Мәселен,  үзіндідегі  «бедная  женщинаны»  «байғұс  әйел»  деген  тіркеспен  аударса  да, 
мағыналық  тұрғыдан  ауытқымас  еді.  Ал  бұл  әйел  Ромештің  қалыңдығының  шешесі 
болғандықтан  да  оны «құдағи»  деп,  ал  «одна  только  дочь»  деген  тіркесті  образды  түрде 
экспрессиясын арттырып «жан дегенде жалғыз қыз» деп тамаша балама жасайды.  
Ал  мына  үзіндіде  де  аудармашының  мәтіндегі  концептуалдық  ақпараттарды 
қабылдап,  танып,  танытып,  оны  интерпретациялап,  өздігінше  өңдеп  адресатқа  лайықтап 
тәржімалағанын көреміз. Аталған үлгідегі аудармалардың нәтижесінде қабылданған жаңа 
ақпараттың адам санасында бұрын сақталған ақпараттардың көмегімен жаңа мазмұнға ие 
болатыны белгілі. Демек, бұл таным мен мәдениет сабақтастығын көрсетеді. 
Қорыта  келгенде,  осы  айтылғандармен  Р.Тагордың  «Күйреу»  романындағы 
мазмұндық-концептуалдық ақпараттардың, жазушы қолданған сөз өрнегінің, тілдік тұлға-
тәсілдерді  пайдалану  мәнерінің  және  сол  өрнектің  аудармада  қалай  көрініс  тапқанына 
талдау  жасауға  тырыстық.  Әрине,  бұл  талдау  қаламгер  қолтаңбасының,  оның 
шығармасындағы ақпарат түрлерінің аудармадағы көрінісін білідіретін жан-жақты толық 
зерттеу  емес.  Зерттеудің  сыр-сипатын  біртіндеп  ашып  алу  үстіндегі  азын-аулақ  үлгілер 
ғана.  
 
 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет