Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет24/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,87 Mb.
#9903
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Негимов С. Сөз зергері // Жас Алаш. – 2011. - 22 мамыр. 
2
 
Есембеков Т. Көркем мәтін поэтикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2012. - 226 б. 
3
 
Қасым О. Сафуанның «Өмір нұры» // Егемен Қазақстан. – 2011. - 27 маусым. 

 
216 
4
 
Тагор Р. Крушение. – М.: Государственное изд-во худ.лит., 1956. - С. 272. 
5
 
Тагор Р. Күйреу. – Астана: Аударма, 2002. - 376 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Автор статьи исследует особенности перевода на казахский язык романа величайшего поэта 
Индии  Рабиндраната  Тагора
 
«Крушение».  Объектом  исследования  является  определение 
различных способов передачи художественной информации, заложенных в текстовом содержании 
романа.  Сопоставление  оригинала  и  перевода  дает  возможность  исследователю  оценить 
великолепный  результат  и  кропотливый  труд  переводчика  С.Шаймерденова  при  воссоздании 
информации  оригинала  и  своеобразную  интерпретацию  текста.  Рассматриваются  все  способы  и 
приемы,  виртуозно  использованные  автором  перевода  при  передаче  столь  сложного  вида 
информации.  
 
RESUME 
 
The  author  explores  the  features  of  the  Kazakh  language  translation  of  the  novel's  greatest  poet 
Rabindranath  Tagore,  India's  "Crash."  The  object  of  the  study  is  to  determine  the  different  modes  of 
transmission of artistic information embodied in the text of the novel. A comparison of the original and 
the  translation  allows  the  researcher  to  assess  the  excellent  result  and  the  hard  work  of  an  interpreter 
S.Shaymerdenova  when  recreating  the  original  information  and  original  interpretation  of  the  text.  We 
consider all the methods and techniques used by the author a masterly translation of the transfer of such a 
complex  type  of  information.  The  article  is  particularly  emphasize  the  national  distribution  of  style 
inherent  psychology  of  the  Kazakh  people  and  through  this  aspect  there  were  analyzed  the  ways  and 
peculiar skills of the interpreter. 

 
217 
ӘОЖ 811.512,122’373 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Г.Т. Кәріпжанова 
С. Торайғыров атындағы Павлодар 
мемлекеттік университеті,  
ф.ғ.к., доцент 
Көркем мәтінде 
символдық 
мағынаның берілуі 
 
Аннотация 
Мақалада көркем мәтін тіліндегі символдың 
берілу  сипаты  қарастырылып,  оның  өнімді 
қамтылатын орны фразеологизмдер аясы екендігі 
зерделенеді.  
Түйін  сөздер:  символ,  жазушы  шеберлігі, 
фразеологизмдер, 
образдылық, 
мәтін 
тілі, 
символдық мағына. 
 
 
Жазушының  шеберлік  қырын  танытатын, 
сөз  қолдану  мәнерін  айқындайтын  –  символдар. 
Шығармада  айтылмақ  ойдың  сырын  тұспалдап 
ашатын, 
ишарамен 
білдіретін, 
сондай-ақ 
образдылығын  арттыратын  айшықтау  құралы  да 
символдар болып табылады. 
Ал  осы  символдардың  мағынасын  түсіну 
үшін,  көркем  мәтін  мазмұнын  толық  түсіну 
қажет. Символдың символдық мағынасын бірден 
түсіну  кейде  қиындау  болып  жатады.  Мәтіннің 
әр алуан болып келуі символға көпмағыналылық 
сипат  береді.  Символдың  мағынасын  кейде  бір 
сөйлем немесе абзац, тіпті бүкіл мәтін көлемінде 
алып  қарағанда  ғана  тануға  болады.  Символдық 
мағына  қазақ  тілінде  көбіне  тұрақты  тіркестер 
арқылы  беріледі.  Тiл  бейнелiгiнiң  бiрден  бiр 
көрсеткiшi  –  фразеологизмдер.  Фразеологизм 
табиғатьrндағы  образдылық  ұлттық  таным-
түсiнiкпен, көзқараспен, рухани әpi материалдық 
мәдениетпен, тарихпен, ұлттық мiнез - құлықпен, 
салт-санамен  астасып  жатқан  көрсеткiш,  бiр 
сөзбен айтқанда, ұлт өмірінің бейнесiн танытады. 
Сондықтан  да  фразеологизмдердiң  мазмұнды 
жағын  талдау  негiзiнде  ұлттық  дүниетаным, 
қазақи  пайым  –  түсінік,  көркемдiк  ойлау 
жүйесiнен хабардар боламыз. Басқаша айтқанда: 
«олардың  образдылығында  және  метафоралы 
ауыспалы 
қолданыстарында, 
компоненттер 
құрамында,  жалпы  ұғымдық  тұтастығында 
мәдени ақпараттық iшкi құрылым бар» [1, 132].  
Фразеологизмдер 
образды-номинативтiк, 
образды-метафоралы  мағыналарға  ие  болумен 
ерекшеленедi. 
Фразеологизм 
мағынасының 
астарында белгiлi бiр сурет, образды бейне орын 
алған.  Бұл  сынды  көркем  сөз  құралының 
экспрессивтi  -  эмоциялық  бояуы  қалың, 
көркемдiк  дәрежесi  жоғары  болып  келедi.  Олар 
тiл элементтерi iшiнде ұлттық бояуымен, ұлттық 
нақышымен  көзге  түседi,  тiлiмiзге  ұлттық  ажар 
беретiн ерекше құрал болып табылады.  
 

 
218 
Фразеологизмдер  бойында  бұл  ұлттық  бояу,  әр  халықтың  санасындағы  әлем 
бейнесiмен  тығыз  байланысты.  Фразеологизм,  бiр  жағынан,  тiл  көркемдiгiнiң  құралы 
болса,  екiншiден,  ой  көркемдiгiнiң  сипаты.  Фразеологизмдердiң.  бұл  қызметiмен  қатар, 
тағы бiр қызметi бар.  
Ол  В.Н.  Телияның  көpceтyi  бойынша:  «Выполнять  роль  этолонов,  стереотипов 
культурно  - национального мировидения, или  указывать на их символьный характер и в 
этом  качестве  выступают  как  языковые  экспоненты  (носители)  культурных  знаков»  [2, 
72]. Демек, фразеологизм өз тарапынан мәдени ақпаратты символдау қызметiн атқарады. 
Мұның өзi фразеологизмге символдау қызметi тән екендiгiн, фразеологизм мағынасының 
астарында  образдылықпен  қатар,  символдық  мән  жатқандығын  көрсетедi.  Бұл  жағдайда 
тұрақты тіркес құрамында келген сөз - символдар белгiлi бiр аспектiнi немесе құбылысты 
белгiлейдi.  Оның  бұл  символдық  мағынасы  фразеологизм  образдылығымен 
салыстырғaнда екiншi орында түсiнiледi. Тiл қолданушы үшiн фразеологизмнің ауыспалы 
мағынасы бiрiншi кезекте болса, келесi де символдық мағына аңғарылады.  
Фразеологизм  мен  символға  қатысты  көзқарас  І.  Кеңесбаев  еңбегiнде  бар.  Fалым 
«Қазақ  тiлiнiң  фразеологиялық  сөздiгi»  aтrы  еңбегiнде  сан  атаулары  ұйтқы  болған 
фразеологизм  құрамындағы  сандардың  белгiлi  бiр  нәрсенің,  құбылыстардың  ұғымдық 
символы ретiнде қолданылатындығы туралы пiкiр бiлдiредi [3].  
Осы 
мәселеге 
қатысты 
тұжырымды 
Г.Смағұлованың 
«Мағыналас 
фразеологизмдердiң  ұлттық  –  мәдени  аспектiлерi»  монографиясынан  да  кездестiремiз: 
«Фразеологизмдердiң  мәдени  ұлттық  түсініктер  дерегiнiң  тағы  бiр  қайнар  көзі  -  тiлдегi 
сөз-символдар, символдық мән алатын сөздермен сөз тіркестері.  
Әдетте,  мәтін  iшiндегi  тiлдiк  символды  аңғаруға,  түсінуге,  бағалауға  көкірек  көзі 
керек.  Ал  фразеологизмдердiң  астарындағы  өз  табиғатынан  туындайтын  экспресивтi 
мағына мен ойғa қосымша, сол ойдан тағы бiр тұспал  ойдың шығуы, оны түсіну,  әрине, 
iшкi зерденiң тереңдігіне байланысты.  
Тiзесi  бату,  бауыры  елжіреу,  жүрегiн  жаралау,  жүрек  тоқтату  тiркестерiндегi 
тiзе  -  өктемдiк,  бауыр  -  жақын  тарту,  жүрек  –  нәзiк,  жан  дүние;  жүрек  тоқтату  тәрiздi 
ұғымдардың  арғы  түсінігі  символ  сөздерден  шығады  ...  Сонда  заттардың  символдық, 
көмегімен  тiлдiк  белгiлердiң  атымен  символға  айналуы  фразеологизм  жасауда  астарлы 
ойдың, тұспалдың тағы бiр көмескі қыры ашылады» [4, 153].  
Фразеологизм  құрамындары  астарлы  ойға,  тұспалға  құрылған  символдық  мағынаға 
ие болатын сөздерге, бүтiндей тұрақты тіркестерге мысалдарды көптеп келтiруге болады.  
Мысалы,  Ж.Аймауытұлы  қазақ  жерiне  орыстардың  қоныстануы,  олардың  тұрмысы 
мен  қазақ  тұрмысын  салыстыра  суреттеуі  әлеуметтік  теңсiздiктi  фразеологизм  арқылы 
астарлап жеткiзген. Автор сөздердiң астарлы мағыналарын көп пайдаланады.  
Казак-орыс пен қазақ әшейiн де «бәленшеке ", «түгеншеке" десiп жүрсе де, жерiне, 
суына, балығына, ағашына қазақтың тұмсық сұққанын көрсе, «еке-меке" далада қалады. 
Қазақтың шаңырағына қобыз тартылады (Қартқожа, 106-бет).  
Қобыз  тартылады  -  күн  көрсетпеу.  Тұмсық  сұғу,  шаңырағына  қобыз  тартылу 
фразеологизмдерi  қазақ  тұрмысын  астарлап,  әсерлеп  көрсетедi.  Шаңырақ  -  отбасы  деген 
мәндегі символ. 
Ақ  сөзiне  байланысты  ақ  жарқын,  ақ  жүрек,  ақ  көңіл,  ак  иық,  ақ  тiлеу  т.б. 
құрамындағы ақ, қара сөзiне байланысты қара жамылды, қара қағаз, қаралы ат, қаралы 
ер-  тұрман,  қаралы  болды  т.б.  құрамындағы  қара  сөзi,  айдай  сұлу,  жаңа  туған  айдай, 
толған айдай, ай қабақ, алтын кiрпiк, с:, төртiнде туған айдай т. б құрамындағы ай сөзі 
- белгiлi бiр символдық мәнге ие.  
Көркем  шығармалардағы  түр-түстің  символдық  мәніне  үңілсек,  Ж.Аймауытов 
символды шебер қолданады. 
Енді  Ақбілек  табылып, үйіне келген  соң оның сорлы болған түрін көрген соң, оның 
масқаралығын  ойлаған  соң,  ақсақалдың  намысы  қайта  қозғалды.  Бұрынғы  нәрестедей 

 
219 
бола, ақ қағаздай таза көріп жүретін Ақбілегі, енді күйе жаққан қағаз, бала емес, қатын 
болып қалды (Ақбілек).  
Ақ  түс  әділдіктің,  пәктіктің,  тазалықтың  символы  екендiгi  бәрiмiзге  белгiлi.  Бұл 
жерде сондай ұғымда жұмсалған.  
«Сөз  қолданыс  -  жазушы  шеберлiгiнің  айнасы.  Бұл  орайда  әңгiмe  желiсi  болатын 
шеберлiк тұстары әр алуан болып келедi. Солардың бiрi - шығармада айтылмақ оқиғаның 
сырын тұспалдап ашатын сөз қолдану» [5,45], - дей келе ғалым Р. Сыздықова ұлы жазушы 
М.Әуезовтің қызыл сын eciмiн қатыгездiктi беру үшiн қолданғандығын көрсетедi.  
Ж.Аймауытұлы қызыл сөз-символын қаталдық, қатыгездiк символы ретiнде ұсынған. 
Ал С.Сейфуллин шығармаларында қызыл сөз-символын жаңалықтың, бостандықтың, шат-
шадыман  қуанышты  символы  ретiнде  қолданғандығын  бiлемiз.  Қызыл  сөзiн  ақын  кейде 
қиыншылық, қаталдықты беру үшiн де жұмсайды.  
Мысалы,  «Сондай  кез  болған  ел  туралы  көрмеген  жебiрiн  көрді.  Атылған  адам, 
ұрылған адам. Қып-қызыл дүре. Жәбiр, зорлық, көрген қыз, қатын, жылаған бала. Асты-
үстiне келген ел ... Қысқасы қырға қара пәле тuгендей болды" (Тар жол, тайғақ кешу, 31-
32).  
Әдетте,  қызыл  сын  есімі  не  шат-шадыман,  салтанатты  күйдің  символы,  не  қан 
құшқан трагедияның жаршысы болып қолданылады.  
Ж.Аймауытұлы  ақ,  қара,  суық  сын  есiмдерiн  де  символ  peтiндe  қолданып,  оларға 
стильдiк  жүк  артқан.  Мысалы,  ақ  түс  адалдықтың  символы,  қара  түс  -  зұлымдықтың 
символы екені белгiлi. «Суық жүрiс» тұрақты тiркестің құрамындағы «суық» сөзiнің мәні 
жауыздық, қаталдық деген ұғымдарды тyғызады.  
Демек,  тiлiмiздегi  сөз  -  символдардың  орын  тепкен  тағы  бiр  тұсы  тiлдiң 
фразеологиялық жүйесi.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Сыбанбаева  А.  Метафораның  тілдік  болмысы  және  концептуалды  метафоралар.  - 
Алматы, 2002. - 161 б. 
2
 
Телия В.Н. Типы языковых значений. - Москва, 1981. - 270 с. 
3
 
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы, 1977. - 712 б. 
4
 
Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдердiң ұлттық – мәдени аспектiлерi. - Алматы, 
1998. - 196 б. 
5
 
Сыздық Р. Сөз құдіреті. - Алматы, 2005. - 272 б. 
 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматриваются символы, их локализация в языке художественного текста.  
 
RESUME 
 
In the article the author considers the symbols, their locality in the language of the artistic text.  
 

 
220 
ӘОЖ 81’271.16 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Н.Б. Мансұров 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті,  
ф.ғ.к., доцент 
 
Бүгінгі баспасөз 
тілінің 
қолданысындағы 
негізгі ерекшеліктер  
 
Аннотация 
Мақала  баспасөз  тілінде  бүгінгі  таңда 
қолданыс тапқан тілдік ерекшеліктерге арналған. 
Қарастырлған  материалдар  баспасөз  тіліндегі 
жаңа  сөздер  мен  сөз  тіркестері  бойынша 
жүргізілген.  Талдау  барысында  автор  мұндай 
тілдік  ерекшеліктердің  қолданысында  олардың 
мағыналық сипатын және сөз тіркесін жасаудағы 
басымдықтарын  саралайды.  Себебі  мұндай 
қолданыстардың тілімізде қалыптасуының артуы 
қазақ 
әдеби 
тілінің 
қорын 
толықтыруға 
мүмкіндік беретіндігін көрсетеді деп біледі.  
Түйін  сөздер:  баспасөз  тілі,  публицистика, 
әдеби  тіл,  сөз  тіркестері,  ақпарат  құралдарының 
тілі. 
 
 
Бүгінде  газет  бетінде  болсын,  мейлі  басқа 
да  ақпарат  құралдарында  болсын  жұртты  елең 
еткізер  дүние  жасайтындар  саны  көбейіп  кеткен 
сыңай  танытады.  Баспа  бетіндегі  материал-
дардың  тақырыптары,  көтерген  мәселелері, 
айтайын  деген  ойды  жеткізуде  бір  дүмпу 
жасағысы келетіндей, жалпы жұртқа таныс емес, 
елең  еткіземіз  деп  еңсемізді  түсіретіндей,  бір 
жаңалықтарды  ұсынатыны  осыны  аңғартады. 
Міне,  осының  бірі  ретінде  баспасөз  бетінде 
ұсынылған  материал  тақырыбының  «Музыка 
Меккесі» атауымен аталуы.  
Бұл 
еліміздің 
бас 
газеті 
«Егемен 
Қазақстанда» «Музыка Меккесі» айдарымен шет 
елдік  өнерпаздардың  Астанадағы  концерттік 
бағдарламасын  сөз  еткен  мақалада  «Венаны 
«Музыка  Меккесі»  деп  дәріптелетінін  келтірген 
материалда 
қолданыс 
тапқан 
(«Егемен 
Қазақстан». 25 мамыр №134, 2013).  
Мекке  –  әлем  мұсылмандарының  басын 
қосатын  қасиетті  мекен.  Онда  мұсылмандар  бес 
парыздың  бірі  болған  қажылық  жасайды.  Ол 
Сауд  Арабиясының  батысында,  Қызыл  теңізден 
100 шақырым қашықтықта орналасқан қала.  Бұл 
– мұсылмандардың Хиджаздағы қасиетті қаласы. 
Онда  пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.а.у.)  туып-
өскен. 
Ал  енді  осы  қасиетті  «Мекке»  сөзі 
музыкамен  тіркесіп  қолданылған.  Бір  қарағанда 
сәтті 
шыққандай 
болып 
көрінген 
теңеу 
болғанымен,  терең  мағынасына  бойласа  сәтсіз 
құрылған сияқты.  Оны  бүгін  музыкамен,  ертең 

 
221 
текстильдің  меккесі,  алманың  меккесі,  мақтаның  меккесі,  т.б.  дүниелермен  теңеп 
жариялап жатсақ, мұсылмандықтың қадір-қасиеті қайда қалады? Сондықтан бір қазақ елі 
емес,  әлем  мұсылмандары  қасиет  тұтқан  мекенді  кез  келген  сөзбен  байланыстырып, 
мағынасыз теңеу жасай беру әбестік болса керек.  
Мүмкін,  қаламгердің  қабылдауында  Вена  қаласы  қасиетті  Меккедей  болар,  алайда 
жалпыхалықтық  ұғымда  бұл  олай  емес.  Сондықтан  кез  келген  тақырыпты  сөз  еткенде 
оқырман  қауымды,  оған  қоса  жалпыхалықтық  қабылдауды  да  ескерген  абзал.  Өйткені 
Вена сөзі мен Мекке сөзінен құрылған теңеу сәйкеспей тұрғандай.  
Сондықтан  баспасөз  тілінде  жаңа  қолданыстарды  алғанда  тілдің  мүмкіндіктерін 
сарқа  пайдаланған  дұрыс.  Мысалы,  «Егемен  Қазақстан»  газеті  Әлемдік  және  дәстүрлі 
діндер  көшбасшыларының  съезіне  10  жыл  толуына  орай  «Дінтұтқа»  жинағын  сөз  етті 
(«Егемен  Қазақстан».  24  қыркүйек  №218,  2013ж.  3-б.).  Газет  «Дінтұтқа»  жинағы 
оқырманға  жол  тартты»  деген  айдармен  2003  жылдан  бері  төрт  рет  өткен  дін 
көшбасшыларының съездері жайлы газет бетінде жарияланған материалдарды жинақтап, 
баспаға  ұсынған  болатын.  Осыған  орай  «Дінтұтқа»  деген  атпен  кітап  қоры  діни  ахуал 
жайлы мазмұнды, мәнді, оқырманға берері мол жаңа кітаппен толықты [1].  
Жинақтың  аты  жөнінде  Сенатор  Нұрлан  Оразалин  «Дінтұтқаны»  бұрын-соңды 
кездеспеген  сөз  деді.  Дәл  осы  күйінде  бұрын  қолданылмағаны  рас.  Бірақ  «Ай  астында 
Айға таңсық ештеңе жоқ» дегендей, бұл сөздің де өзінің бастауы бар. Осыдан біраз жыл 
бұрын  Мырзатай  Жолдасбеков,  Ақселеу  Сейдімбек,  Қойшығара  Салғараұлы  үшеуі 
бірлесіп «Елтұтқа» деген кітап шығарған. Кітап Қазақ еліне тұтқа болған тұлғалар туралы. 
Бүгінде  Қазақстан  Республикасы  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің  көшбасшылары  бас 
қосатын, маңызды мәселелерді талқылайтын, ортақ ұстанымға тоқтайтын дінге тұтқа елге 
айналды. Кітап аты солай қойылған [2, 3 б.].  
«Дінтұтқа» сөзі жаңа заманға сай қалыптасқан жаңа сөз деуге әбден болады. Сөз дін 
мен тұтқа сөзінің қосындысы нәтижесінде пайда болған.  
Араб  тіліндегі  сөздік  мағынасы  сыйлық,  үкім,  есеп,  жаза,  мойынсыну,  бағалау, 
құлшылық,  шариғат,  заң  мағыналарын  қамтиды.  Ал  терминдік  мағынасы  Алла  Тағала 
тарапынан  жіберілген  адамзаттың  өмір  сүруін  ретке  келтіретін,  адамның  жандүниесіне 
рухани  тірек  бола  алатын  заңдылықтар.  Адамзатқа  пайғамбарлар  арқылы  жеткен 
жаратушыға деген құлшылықтың заңдылықтары мен тәртіптері [3, 24 б.].  
Ал  «тұтқа»  сөзінің  сөздікте  екі  түрлі  мағынасы  берілген:  Тұтқа  зат.  1.  Есіктің  т.б. 
заттардың  қолмен  ұстауға  ыңғайлы  етіп  жасаған  жері.  2.  ауыс.  Тірек,  таяныш,  сүйеу  [4, 
447 б.]. Осы ұғымның екінші ауыспалы мағынасындағы тұтқа сөзі дін сөзімен қосылып 
«дінтұтқа»  –  дінге  негіз  болатын,  дінге  байланысты  мәселелерді  қарастыратын  алаңға 
айналған қазақ елі жалпы әлемдік діндер үшін тұтқа болғаны негізге алынған. Сол себепті 
«дінтұтқа» сөзі қалыптасып, айналымға енді.  
Кезінде  елбасына  арнайы  толғау  жазған  белгілі  қоғам  қайраткері,  ақын  Н.Айтұлы 
мынадай өлең жолдарын ұсынған еді:  
Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,  
Ұласқан ұрпағына олар – мақтан.  
Елбасы – қасиетті аталы сөз,  
Мазмұны, мағынасы терең жатқан.  
Осы  өлең  жолдарында  ақын  «елтұтқа»  деген  сөзді  пайдаланады.  Ондағы  мағына 
елдің  қамқоры  болып  қана  қоймай,  сол  елдің  мұқтажы  мен  мұңын  ескеріп,  оларға  қол 
ұшын  беріп  пана  болған  елбасыларды  суреттейді.  Солардың  жетекшілігімен  сол 
дәуірлерде  ел  болғанын,  мемлекет  құрып,  үлкен,  зәулім  қалалардың  да  тұрғызылғанын 
алға  тартады.  Бұл  өлең  жолдары  жоғарыда  сөз  еткен  аталы  газет  «Егемен  Қазақстанда» 
жарияланған болатын («Егемен Қазақстан». 22 мамыр 2010). 

 
222 
Сол «елтұтқа» сөзі кезінде белгілі жазушы әрі ғалым Ақселеу Сейдімбектің  ғалым-
әріптестері Мырзатай Жолдасбеков пен Қойшығара Салғара қосылып жазылған кітаптың 
атына «Елтұтқа» деп қойылды [5].  
«Елтұтқа» сөзі де ел мен тұтқа сөзінің қосындысы. Олай болса мұнда да елге тұтқа 
болар асыл азаматтар мен ел басқарып, елдің елдігін сақтап қалған, яғни елге тұтқа бола 
білген батырларды негізге алып сөз етілген.  
Міне  «дінтұтқа»,  «елтұтқа»  сөздері  жаңа  ғасырдың  жемісі,  сөз  тудырудың  жаңа 
жетістігі.  Тілдің  ішкі  мүмкіндіктері  арқылы  қалыптасқан  мағыналы  сөз.  Сөзге  тірек 
болған  тұтқаның мағынасы  –  елге, жерге, тілге, дінге, т.б. құндылықтарға тірек, таяныш 
болу. Соның негізінде елді, жерді, тілді, дінді, т.б. сақтап қалу. Бұл да өз кезегінде тарих 
екенінің  бір  көрінісі.  Ал  сөздік  қолданыстағы  «дінтұтқа»  мен  «елтұтқа»  тіліміздегі 
тәуелсіздік  нәтижесінде  қол  жеткізген  жаңа  ұғымдағы,  еліміздің  елдігін,  бірлігі  мен 
ынтымағын танытатын мағыналы сөздер.  
Баспасөз  тілі  қоғам  өмірінде,  оның  ішінде  тілдік  тұрғыда  әдеби  тілді 
қалыптастыруда  маңызды  орын  алады.  Ондағы  әрбір  сөз,  әрбір  тіркес  жалпыхалықтық 
ұғымға  ғана  орайластырылып  қана  қоймайды,  ол  тілдің  қолданысына  да  зор  септігін 
тигізеді.  Айталық,  тілімізде  қарапайым  үлгіде  қолданыста  жүрген  «кез  келген»  тіркесі 
бірде дефис арқылы (кез-келген), бірде онсыз жазылады. Ал ешкім оның орфографиялық 
заңдылығына  мән  беріп,  оны  сақтауды  қажет  етпейді.  Көп  ретте  баспасөз  тілінде  қалай 
жазылса, солай жазуды негізге алады. Сондықтан қандай да бір сөз не сөз тіркесі болсын 
қолдану  барысында  тілдік  заңдылықты  сақтауды,  қала  берді  олардың  мағыналық 
сәйкестігіне қарай пайдаланылуын талап ету де маңызды мәселе екенін ұмытпаған жөн.  
Келесі  мәселе,  бүгінде  баспасөзде  ауызекі  сөйлеу  тіліне  тән  қолданыстардың  орын 
алуы.  Алайда  олардың  баспасөзде  қолданысын  бейнелі  қалыпта  пайдаланғанын  көреміз. 
Таңатар  Төлеуғалиевтің  «Жол  менікі»  демегін  немесе  жүргізушілер  мәдениеті  неге 
төмен?»  деген  айдармен  Астана  қаласындағы  жол  ережелері  мен  жүргізушілердің 
мәдениетіне  орай  жазылған  мақаласында  мынадай  сөйлемдер  бар:  Аялдамадан  шығып 
бара  жатқан  автобусқа  жол  беру  керектігін  ұмытқан  «Тойота»  жүргізушісі  автобус 
жүргізушісін былапыт сөздермен көміп тастады («Астана ақшамы». 3 қазан №112, 2013. 
14-бет).  
«Көміп  тастады»  тіркесі  көп  ретте  ауызекі  сөйлеу  тілінде  қолданылады.  Ал  мұның 
«көміп жіберу» нұсқасында келетіні де бар. Алайда бұл тіркес басқасын былай қойғанда 
баспасөз тілінде орын алуы біраз жайды аңғартады. Себебі мұндай қолданыс әдеби тілдің 
талаптарына сай келмейтін сияқты көрінеді. Өйткені кез келген сөйлеу тіліндегі тіркестің 
не  сөздің  баспа  бетіндегі  қолданысын  жат  көрмесек,  онда  тілдің  былапыттануы  да  осы 
болмақ.  Олай  етпегенде,  баспасөз  тілі  ауыз  екі  тілінен  айнымай,  жаргон  сөздерге  толып 
кетуі  ғажап  емес.  Егер  жазу  тілінде  (баспасөз  тілінде)  әдеби  нұсқаны  сақтап  қолдансақ, 
онда  тіліміздің  әдебилігін  арттыратынымыз  анық.  Сондықтан  мұнда  «көміп  тастады» 
мейлі «көміп жіберді» үлгісінде қолданылсын мағынаға да, айтайын деген ойға да нұқсан 
келмейді.  Айталық  көміп  жіберді  –  үсті-үстіне  салып  жіберді  ұғымында  айтайын  деген 
ойға сәйкес келіп тұр.  
Бір  қарағанда  оқырманға  ешқандай  ерекшелік  жоқ  сияқты  көрінеді.  Тастау,  жіберу 
етістіктері қызметі жағынан бірдей емес пе? -дейтіндер де табылар. Бірақ екі етістіктің өз 
мағыналары  және  тіркес  жасауға  мүмкіндіктері  барлығын  атап  өткен  артық  болмас. 
Тастау – бір затты лақтыру, тастау, бір нүктеден екінші нүктеге жеткізу ұғымында келеді. 
Ал  жіберу  –  босату,  жұмсату,  бір  нәрсені  ретімен  жіберу  ұғымында.  Олай  болса 
мұндағы  айтылған  сөзді  негізге  алсақ,  онда  сөздер  бірінен  соң  бірі  айтылғаны  негізге 
алынуы  керек.  Бұл  ретте  тастау  етістігінен  жіберу  етістігі  мағыналық  жағынан  жақын 
екендігін аңғартады. Яғни сөздерді бірінен соң бірін айтып, көп сөзбен көміп жіберді. Ал 
осы  тіркестегі  «көм»  етістігінің  жерлеу;  бастырып,  жауып  тастау;  көрсетпей  жіберу
бір  затты  батыру,  шомдыру  мағыналарына  қарағанда  үсті-үстіне  айта  беру  ұғымына 

 
223 
сәйкес. Қалай десек те, мұндай тіркестер ауызекі сөйлеу тіліне тән. Ал дұрысында, мұнда 
әдеби нұсқа ретінде «балағаттап тастады» деген тіркестің қолданысы орынды болар еді.   
«Бүгін мені құдай сақтады. Бөгенбай батыр көшесімен зымырап келе жатыр едім, 
жан-жағына қарау деген жоқ, бір әйел алдымнан жүгіре шығып, жолдың екінші бетіне 
өтті. Мыжып кете жаздадым («Астана ақшамы». 3 қазан №112, 2013. 14-бет). 
«Мыжып кету» тіркесі бір затты немесе көп рет қайталау мағынасында келеді. Оның 
солай болуына мыжы – жаныштау, езу мағыналары сәйкес келеді. «Мыжы» етістігі «кет» 
етістігімен  тіркесіп  орынды  қолданылып  тұрғанымен,  бір  ұғымында  сөйлемнің 
құрылысына  автордың  ұстанымындағы  ойды  келтіргенімен,  оқырманның  оқуындағы 
қабылдау ұғымына үйлесімсіз, жай ауызекі сөйлеу тілі қалпындағы ойды салып тұрғандай 
түйіледі.  Өйткені  мұндай  тіркестер  әдеби  көркем  шығармада  немесе  ауызекі  сөйлеу 
стилінде  кеңірек  қолданылады.  Ал  баспасөз  тілінде  қолдану  аясы  тар  болғандықтан  өте 
сирек,  яғни  айтайын  деген  ойды  дәлме-дәл  жеткізуде  пайдаланылады.  Мұндай 
тіркестердің  публицистикада  көп  жағдайда  өзгелерден  оғаштау  көрінетіні  сондықтан 
болса  керек.  Бұл  көп  ретте  материалды  жазушы  қаламгердің  шеберлігіне  тікелей 
байланысты  болса  керек.  Әдеби  нұсқаға  сәйкестендірер  болсақ,  онда  «басып  кете 
жаздадым»  деп  қолданылса  оқырманға  да,  жазудағы  стилге  де  нұқсан  келмейтіні  анық. 
Мұндай  қолданыстар  тілге  жатық,  жалпы  халықтық  ұғымға  да  сай,  жазу  тілінің 
қағидаларына да лайық болған болар еді.  
Жалпы  алғанда,  келтірілген  мысалдар  қолданыста  бар.  Бірақ  олардың  баспасөз 
тілінде  алар  орнын  нақты  анықтау  керек.  Себебі  тіліміздің  әдеби  нұсқасын 
қалыптастыруда  баспасөздің  орны  ерекше.  Ақпарат  құралдарының  тілінде  жонылмаған, 
сұйқыл сөйлемдер, кедір-бұдыр, теріс, әдеби тіл нормасына қайшы келетін қолданыстар, 
стильге  қатысты  кемшіліктер  анда-санда,  аракідік  кезедесетінін  айта  отырып, 
Ш.Сарыбаев:  «Бұл  салада  зиялы  қауым  болып,  бас  қосып,  пікірлесіп,  ақылдаса  отырып 
шешіп  алатын  біраз  мәселелер  бар.  Әдеби  тілді  байытатын  және  оны  шұбарлайтын 
қолданыстарды  анықтап  алу,  диалектілік  ерекшеліктерді  ұтымды  пайдалану,  әдеби 
норманы  ұстану  сөзжасам  амалы  арқылы  жаңа  сөз  тудыру  принциптері,  т.б.  мәселелер 
жөнінде сұхбат-әңгіме өткізіп бір тоқтамға келуіміз керек», - дейді [6, 185 б.]. 
 
Бүгінгі  жаһандану  заманында  кез  келген  тілдік  қолданысты,  жаңа  сөздерді,  қала 
берді  тіркестерді  мағыналық  тұрғыда  орынды  пайдалана  білген  дұрыс.  Бұл  өз  кезегінде 
қазақ әдеби тілінің дамуына жағдай туғызуға мүмкіндік береді. Себебі мерзімді баспасөз 
құралдары  тіл  тарихын  жасаудың  бірден-бір  құралы.  Бұл  жөнінде  Ш.Мажитаева  былай 
деген болатын: «Әдеби тіліміздің тарихын жасауда мерзімді баспасөз тілі айрықша орын 
алады,  ол  әдеби  тіліміздің  даму  жүйесіндегі  лексикалық,  грамматикалық  ерекшеліктерді 
байқауға мүмкіндік береді [7, 7 б.]. 
Міне,  осы  айтылғандарды  негізге  алып,  кез  келген  қолданыстағы  тіліміздің  әдеби 
нормасынан  ауытқымай,  әр  сөзді,  сөз  тіркестерін  мейлі  ол  жоғарыда  келтіргендей  жаңа 
сөз  болсын,  мейлі  ол  ауыз  екі  сөйлеу  тілінің  үлгісі  болсын  әрқайсысын  ұтымды  әрі 
орынды  пайдалана  білген  абзал.  Өйткені  аталған  мәселеге  көп  ретте  көркем  әдебиеттің, 
баспа тілінің, ресми тілдің, т.б. тигізер әсері орасан.  
Түйіндей  келгенде,  әдеби  тіл  ұғымы  мен  жазба  тіл  ұғымдарын  қаншалықты  жеке-
жеке қарастырсақ та олар бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Олар көп ретте бірін-
бірі толықтырып, кейде бірін-бірі түзетіп келеді. Өйткені әдеби тіл ауыз екі сөйлеу тілінің 
өңделген, сұрыпталған нұсқасы болса, жазба тіл әдеби тілдің негізгі критерийі, яғни әдеби 
тілді іс жүзінде жүзеге асырудың формасы деп қарау керек. Олай болса, бүгінде баспасөз 
тілінде орын алған келеңсіздіктер де әдеби тілдің қалыптасуына кері әсерін тигізбесе екен 
деп білеміз.  
 
 
 

 
224 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет