Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



Pdf көрінісі
бет26/31
Дата15.03.2017
өлшемі2,87 Mb.
#9903
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

 
 
 
 
 

 
234 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Арутюнова  Н.Д.  Прагматика  //  Лингвистический  энциклопедический  словарь.  –  М.: 
Советская энциклопедия, 1990. – 586 с. 
2
 
Бахтин М.М. Собрание сочинений: В 7 т. – М.: Русские словари, 1996. – 358 с. 
3
 
Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – М.: Искусство, 1979. – 326 с. 
4
 
Выготский  Л.С.  Избранные  психологические  исследования.  –  М.:  Учпедгиз,  1956.  – 
442 с.  
5
 
Грушевицкая Т.Г., Попков В.Д., Садохин А.П. Основы межкультурной коммуникации: 
Учебник для вузов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002. – 352 с. 
6
 
Дубров А.Г., Пушкин В.Н. Парапсихология и современное естествознание. – М.: Сов.-
амер. предприятие Соваминко, 1990. – 269 с. 
7
 
Почепцов Г.Г. Теорія комунікаціï – К.: Ваклер, 2001. – 216 с. 
8
 
Селиванова Е.А. Основы лингвистической теории текста и коммуникации. – К.: Брама, 
2004. – 336 с. 
9
 
Серль  Дж.  Природа  интенциональных  состояний  //  Философия,  логика,  язык.  –  М.: 
Прогресс, 1987. – 329 с. 
10
 
Человеческий фактор в языке: Язык и порождение речи. – М.: Наука, 1991. – 286 с. 
11
 
Шаховский  В.И.  Эмотивная  семантика  слова  как  коммуникативная  сущность.  Сб.: 
Коммуникативные аспекты значения. – Волгоград: Волгогр. пед. ин-т, 1990. – 465 с.  
12
 
Юнг К.Г. Психологические типы. – М.: Университетская книга, 1996. – 384 с. 
13
 
Danes Fr. Cognition and Emotion in the Discourse Interaction: A Preliminary Survey of the 
Field // Preprints  of the  Plenary Seasion  Papers.  –  XIV  International  Congress  of  Linguists 
Organized under Auspices of CIPL, Berlin 10 –15. August, 1987. – 448 р. 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Мақала  коммуникатив  лимит  мәселелеріне  арнаулы.  Автор  негізгі  жасаушы 
коммуникацияларды  саралайды,  коммуникатив  актінің  прагматикалық  аспектісінің  елеулілігін 
анықтайды және эмотивтілік сияқты сөздің құрамдас факторын зерттейді. 
 
RESUME 
 
The article deals with the communicative linguistics. The author analyzes the basic components of 
communication,  determines  the  significance  of  the  pragmatic  aspects  of  the  communicative  act  and 
explores emotionality as an integral factor of speech. 
 

 
235 
ӘОЖ 81;36 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Т. Аширова 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті, ф.ғ.к., доцент 
 
Ж.Д. Есімова 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті, ф.ғ.к., доцент 
 
Б.Р. Құлжанова 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университеті, ф.ғ.к., доцент 
 
Функционалды 
грамматиканың 
ғылыми-
теориялық мәні 
 
Аннотация 
Қазіргі функционалды грамматиканың мақсаты 
тілдің  табиғатын  ашу,  жеке-дара  тұйықталған 
шеңбер  аясында  ғана  қарастырылмайтындығын 
анықтап,  әр  түрлі  тілдік  құралдыр  өзара  әрекеттесе 
отырып  белгілі  ұғымның  мәнін,  мазмұнын  ашу,  сөз 
сөйлеу 
кезіндегі 
ситуация 
мен 
контекстік 
жағдаяттарымен  байланыста  анықталатын,  сондай-
ақ  олардың  басқа  да  ұғымдық  категориялардың 
аясында  көрінетін  мағыналық-мазмұндық  сипатын 
ашу  болып  табылады.  Олай  болса,  функционалды 
грамматика тілдік құбылыстың табиғатын толық әрі 
терең түсінуге жол ашады. Жалпы тілдік жүйедегі әр 
алуан  тілдік  бірліктердің  өзара  әрекеттесуі, 
парадигмалық  және  синтагмалық  қатынасы  белгілі 
ұғымдарға 
және 
категорияларға 
жинақталып, 
олардың  табиғатын  толық  тануға  мүмкіндік  ашады. 
Функционалды  грамматиканың  негізгі  объектісі 
грамматиканың  ішінде  «мазмұннан  –  формаға, 
ұғымнан  –  үлгіге»  сияқты  тілдік  бірліктерді 
зерттейтін  бағыт  болып  табылады.  Жалпы  тіл 
білімінде  функционалды  грамматиканың  негізгі 
нысаны функционалды-семантикалық өріс теориясы 
болып табылады. 
Түйін  сөздер:  функционалды  грамматика
ситуация, парадигма, этнолингвистика. 
 
 
Тілдік  қарым-қатынасты  жүзеге  асырудың  түп 
негізі  грамматикаға  келіп  тіреледі.  Өйткені  тіл 
арқылы  түсінісудің,  басты  қазығы  –  грамматикалық 
материалдарды  сөйлеу  кезінде  дұрыс  меңгеріп, 
қолдана  білу.  Сондықтан  тілдің  грамматикалық 
ерекшеліктерін  сөйлеу  процесінде  жете  үйренудің 
маңызы  зор.  Грамматика  –  тілдегі  барлық 
материалдардың  өзегі.  Бұл  туралы  ғалым-тілші 
С.Исаев 
қазақ 
тіл 
білімінде 
өзіндік 
жаңашылдығымен  көзге  түскен  «Қазіргі  қазақ 
тіліндегі  негізгі  грамматикалық  құрылысы  тіл 
деңгейлерінің көлемі жағынан да, мазмұны жағынан 
да әрі күрделісі, әрі  ауқымды екені даусыз. Өйткені 
тілдің 
қоғамдық 
құбылыс 
ретіндегі 
өзіндік 
ерекшеліктері,  атқаратын  қызметіндегі  сан  алуан 
жүктері, 
даму 
барысындағы 
диалектикалық 
заңдылықтары  –  бәрі-бәрі  тілдің  грамматикалық 
құрылысынан анық көрінеді» [1, 3]. 
Функционалды  грамматика  (лат.  Functio  − 
орындау  орыс.  функциональная  грамматика)  – 
грамматикалық  құрылыстағы  тіл  бірліктерінің 
функцияларын 
(қызметін) 
және 
олардың 
заңдылықтарын  объект  етіп  зерттейтін  грамматика 

 
236 
түрі.  Функционалды  грамматика  әр  тілдің  әртүрлі  деңгейлеріне  қатысты,  лексикамен, 
контекспен  өзара  байланысты,  бірақ  бәрі  де  семантикалық  қызметінің  ортақтығы 
нәтижесінде біріктіріліп, тіл құралдарының біртұтас жүйесінде қарастырылады [4, 321 б.]. 
Функционалды  грамматиканың  негізгі  мақсаты  −  болмысты  пайымдау  барысында  адам 
санасында  қалыптасқан  ойдың  мәнін  берудегі  грамматикалық  бірліктердің  тілдің  басқа 
деңгейлер  бірліктерімен  тығыз  қарым-қатынастағы  қызметінің  заңдылықтарын  зерделеп 
сипаттау.  Тілдің  барлық  деңгейлері  бірліктерінің  бір-бірімен  өзара  қарым-қатынасы 
жалпы  тілдік  ұғымдық  категориялар  негізінде  болады.  Функционалды  грамматиканың 
бастауларын  әріден  іздеген  дұрыс.  Мәселен,  орыс  тіл  білімінде  тілді  функционалдық 
жағынан 
қарастырған 
зерттеулерді 
Ф.И.Буслаев, 
К.С.Аксаков, 
Н.П.Некрасов, 
А.А.Потебня,  И.А.Бодуэн  де  Куртенэ,  А.А.Шахматов  және  А.М.Пешковскийлердің 
еңбектерінен  кездестіруге  болады.  Орыс  сөздерінің  грамматикалық  тұлғасын 
функционалдық  тұрғыда  қарастыруда  В.В.Виноградовтың  еңбегі  ерекше.  Ал  жалпы 
алғанда  функционалды  грамматиканың  теориялық  тірегі  Л.В.Щерба,  И.И.Мещанинов, 
С.Д.Кацнельсон еңбектерінің негізінде қаланды деуге болады [2]. 
Қазіргі  функционалды  грамматиканың  мақсаты  тілдің  табиғатын  ашу,  жеке-дара 
тұйықталған  шеңбер  аясында  ғана  қарастырылмайтындығын  анықтап,  әр  түрлі  тілдік 
құралдыр  өзара  әрекеттесе  отырып  белгілі  ұғымның  мәнін,  мазмұнын  ашу,  сөз  сөйлеу 
кезіндегі  ситуация  мен  контекстік  жағдаяттарымен  байланыста  анықталатын,  сондай-ақ 
олардың  басқа  да  ұғымдық  категориялардың  аясында  көрінетін  мағыналық-мазмұндық 
сипатын ашу болып табылады. Олай болса, функционалды грамматика тілдік құбылыстың 
табиғатын  толық  әрі  терең  түсінуге  жол  ашады.  Жалпы  тілдік  жүйедегі  әр  алуан  тілдік 
бірліктердің  өзара  әрекеттесуі,  парадигмалық  және  синтагмалық  қатынасы  белгілі 
ұғымдарға және категорияларға жинақталып, олардың табиғатын толық тануға мүмкіндік 
ашады.  Функционалды  грамматиканың  негізгі  объектісі  грамматиканың  ішінде 
«мазмұннан  –  формаға,  ұғымнан  –  үлгіге»  сияқты  тілдік  бірліктерді  зерттейтін  бағыт 
болып  табылады.  Жалпы  тіл  білімінде  функционалды  грамматиканың  негізгі  нысаны 
функционалды-семантикалық өріс теориясы болып табылады.  
А.В.Бондарко  функционалды  грамматиканы  функционалды-семантикалық  өрістер 
теориясына негіздеп қарастырды. А.В.Бондарко «функционалды-семантикалық категория 
теориясы,  функционалды-семантикалық  өріс,  категориялық  жағдаят»  деп  аталатын 
«триада» принципін қолдану арқылы функционалды грамматиканың негізгі ұғымдары мен 
категорияларын анықтап берді.  
Функционалдық-семантикалық  өріс  дегеніміз  –  тілдік  жүйедегі  әр  алуан  тілдік 
бірліктердің  уақытқа  немесе  кеңістік,  сын-сапалық,  сан-мөлщер  ұғымдарына,  сондай-ақ 
олардың  мағыналық-мазмұндық  жиынтығы  –  таным  мен  ұғымның  жекеліктен 
жалпылыққа, қарапайымнан күрделіге бағытталған кешенді сипаты.  
Функционалды  грамматиканың  бұл  түрі  түрлі  тілдік  деңгейлерге  жататын  бірақ 
семантикалық функциялары бойынша біріктірілген құралдарды бір жүйеде қарастырады. 
Функционалды  грамматиканың  негізгі  ерекшелігі  грамматикалық  бірліктер,  лексика  мен 
контекстің,  тілдік  құралдардың  қызмет  жүйесінің  өзара  байланысын  түсіндіруге 
бағытталуында болып табылады [6, 30-31]. 
Тіл  –  қоғамдағы  адамдардың  практикалық  қатынасының  құралы.  Тілді  бір  адам  өзі 
үшін ғана қолданбайды, басқа адамға өзінің ойын білдіру, жеткізу үшін қолданады. Тіл – 
конкретті  сана  болғандықтан,  қоғамдық  өмір  өзгерісіне  сәйкес  қазақтың  әдеби  тілі  күн 
санап  дамып  келеді.  Қазақ  тілінің  әлсіз  жерін  күшейтіп,  кедей  жерін  байыта  түсті. 
Осындай  сатылап,  бірте-бірте  дамудың  нәтижесінде  әдеби  тіліміздегі  грамматикалық 
категориялардың  қайсысы  болса  да  дамып,  бір  жүйеге  түсті. Сол  грамматикалық 
категорияларды  функционалды-семантикалық  аспектідегі  тілдік  бірліктердің  түрлі  тіл 
деңгейі тұрғысынан зерттеу қазіргі таңда тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі 
ең басты әрі маңызды мәселе болып табылады [4, 327]. 

 
237 
Қазақ тіл білімі қай бағыттағы зерттеуде болсын ғылыми жетістіктерге қол жеткізіп 
отыр.  Бұл  орайда  этнолингвистика,  лингвомәдениеттану  салалары  бойынша  Ә.Т.Қайдар, 
М.Копыленко,  Е.Жанпейісов,  Ж.Манкеева,  стилистикадан  Р.Сыздық,  Б.Шалабай 
еңбектерін  атауға  болады.  Тілдің  жүйелі-құрылымдық  жағы  А.Ысқақов,  Қ.Есенов, 
М.Балақаев,  Т.Қордабаев,  Р.Әмір,  Н.Оралбаева,  Ө.Айтбаев,  М.Серғалиев,  Ш.Сарыбаев, 
М.Оразов,  К.Хұсайын,  Т.Сайрамбаев,  Ә.Жүнісбек,  Б.Қалиев,  Н.Уәли,  Б.Сағындықов, 
Б.Қасым  еңбектерінде  көрініс  тапса,  З.К.  Ахметжанова,  А.Жұбанов,  Т.Абдығалиева, 
Ж.Жакупов,  Қ.Рысалды,  З.Ерназарова,  Қ.Есенова,  Д.Әлкебаева  зерттеулерінде 
функционалды, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік аспектіден қарастырылған. 
Қазіргі  кезеңде  қазақ  тіл  білімінде  ең  актуалды  проблемалардың  бірі  −  тілдік  жүйенің 
функционалдылық механизмін зерттеу. Мұның өзі функционалды грамматиканың негізін 
қалауға үлкен әсер етті [2]. 
Қазақ  тілін  басқа  ұлт  өкілдеріне  оқыту  көп  уақытқа  дейін  сапасыз  болып  келеді. 
Студенттер 2-3 жыл бойы практикалық қазақ тілі сабағын өткенімен, үш жылдың ішінде 
бір ауыз қазақша сөйлеуді білмейді. Бірақ олардан грамматикалық ережелерді сұраса, оған 
жауап  бере  алады.  Мұның  өзі  тілдің  негізгі  өзегі  болып  табылатын  грамматиканың 
сөйлеуді меңгеру үшін емес, тек қазақ тіл білімінің басты саласы ретінде оқытылғандығын 
көрсетеді. Мұндай сабақ лингвистикалық білім бергенімен, сөйлеуді іс жүзіне асырмайды. 
Өйткені  сөйлеуге  қажетті  өлшемдер  меңгерілмей,  шет  қалып  қояды,  тиісті  материалдар 
керек бағытта үйретілмейді.  
Белгілі бір тілде сөйлей білу үшін, грамматика жеке-дара бөлінбей, сөйлеудің барлық 
алғышарттарымен  бірге  тұтас  жүйе  түрінде  оқытылуы  керек.  Оған  қажетті  басты 
алғышарт сөйлеудің материалдық негізін ажырата білу.  
Сөйлеуге қатысты материалдық базаны құрайтындар: 
-
 
Дыбыстық құрам; 
-
 
Сөз; 
-
 
Грамматика [3, 201]. 
Бұл бірлестікте сөйлеу әрекеті үшін негізгі орын алатын сөз; оны құрайтын – дыбыс; 
ал сөз бен дыбыстың барлық тілдік міндетін жүзеге асыратын – грамматика. Грамматика 
бүкіл тілдік қарым-қатынастың өзегі. Өйткені грамматикалық жағынан бір-бірімен дұрыс 
байланыспаған сөздер не тіркестер адамның ойын жеткізе алмайды. Сондықтан да, сөздер 
белгілі  бір  мағынаны  білдіре  келіп,  өзара  байланысқан  бір  бүтінді  құрайды.  Яғни, 
тиянақталған ойды білдіретін сөйлемге айналады.  
Мәселен, «Болаттың ағасы кешкі поездбен келді» деген ойды айту үшін, бұл сөздерді 
жеке-жеке  қолданғанда:  «Болат,  аға,  кешке,  поезд,  келу»  болып  шығады.  Бір-бірімен 
мағыналық  байланысқа  түспегендіктен,  айтылуға  тиісті  ой  түсініксіз  болып  тұр.  Ол 
ұғыеықты  болу  үшін,  сөздер  грамматикалық  заңдылық  бойынша  тіркесіп,  сөйлем 
құрамында жұмсалуы қажет.  
Жеке  тұрғанда  сөздер  белгілі  бір  атаулық  мағынаны  көрсетеді.  Мысалы,  заттың, 
құбылыстың, мезгілдің, мөлшердің, қимылдың т.б. атын ғана білдіреді. Олар бір-бірімен 
грамматикалық  байланысқа  түскенде,  атаулық  мағынамен  қатар,  ойдың  мазмұнын  да 
жеткізеді.  
Адам  тіл  арқылы  өз  ойын  біреуге  түсінікті  етіп  жеткізу  үшін,  тілдік  тұлғалардың 
тіркесу  амалдарын  білуі  керек.  Сонда  ғана  дыбыс  та,  сөз  де  белгілі  бір  ойды  білдірудің 
маңызды  құралы  бола  алады.  Демек,  тілдік  тұлғалардың  қатысымдық  ерекшеліктері 
грамматикалық  заңдылықтар  арқылы  жүзеге  асады.  Грамматика  –  дыбыстар  құрамынан 
тұратын сөздерді тілдік қарым-қатынас құралына айналдыратын ережелер жиынтығы. Тіл 
үйретуде грамматика тек осы тұрғыдан оқытылғанда ғана оқытушы өз мақсатына жетеді. 
Сондықтан  грамматиканы  сөйлеу  әрекетіменбіртұтас  құбылыс  деп  қарау  қажет.  Оны 
сөзден  және  басқа  тілдік  бөлшектерден  бөліп  оқыту  нәтиже  бермейді,  грамматикалық 
материалдарды  сөйлеу  құралдарымен  бірге  меңгермеген  оқушы  сол  тілде  сөйлеуді  де 

 
238 
ешуақытта  үйренбейді.  Басқа  ұлт  тілінде  пікірлесу  үшін  лексикалық  минимум  мен 
грамматикалық минимумды (сөз бен грамматиканы) қатар меңгеру керек. Сөйлеу кезінде 
бұлардың бірінсіз бірінің мәні жоқ.  
Оқыту  жүйесінде  басты  орын  алатын  сөйлеудің  негізгі  құрамы  грамматикалық 
ережелер, сөздердің тіркесуі, дыбыстардың айтылуы мен жазылуы тілдік ерекшеліктеріне 
қарай мыналарға сәйкес келеді: 
-
 
Заңдылық; 
-
 
Мағына; 
-
 
Тұлға; 
Мұндағы  заңдылық  –  грамматикамен,  мағына  –  сөзбен,  тұдға  дыбыстық  құраммен 
тікелей  байланысты.  Дыбыс,  сөз,  грамматиканың  бірлігі  тиянақталған  ойды  білдіретін 
сөйлемнен көрінсе, тұлға, мағына, тілдік заңдылықтардың бірлестігі жүйелі ойға құрылған 
мәтіннен байқалады. Мұндай мәтіндер екі түрлі болуы мүмкін: 
а) тыңдалым арқылы берілетін мәтін; 
ә) жазбаша түрде берілетін мәтін.  
Тыңдалым  арқылы  аудиомәтінді  оқытудың  алғашқы  кезеңінде  көп  пайдаланылады. 
Бұл  уақытта  тіл  үйренуші  алфавитпен  танысып,  өзі  оқып,  өзі  жаза  білетіндей  жағдайға 
жетеді.  Берілген  шағын  мәтінмен  жұмыс  істей  бастайды.  Мәтінмен  жан-жақты  дұрыс 
жұмыс жасап үйренген студент сол меңгерген тіркестерін өмірде қолдануға тырысады. Ол 
мәтінге оқыту амалы ғана деп қарамайды, керісінше, мәтінді  сөйлеуге, ойын айта білуге 
алып барар көпір деп есептейді. Сөздерді сол үшін жаттайды, тіркестерді де сөйлеу үшін 
есте сақтайды.  
Қазақ  тілін  мәтінмен  жұмыс  істеу  арқылы  үйрету,  оқыту  мәселесіне  арналған 
көптеген  еңбектер,  мақалалар  бар.  Бұл  мәселені  сөйлеу  әрекетінің  түрлеріне  қарай  сала-
сала етіп зерттейтін уақыт жетті. Сондықтан мәтінге қатысты ізденістер, жаңа ой-пікірлер, 
әдістемелік еңбектердің болашақта да модап жазылары даусыз.  
Сөйлеу  әрекетіне  қатысты  грамматиканың  рөлін  анықтап  алғаннан  кейінгі  мақсат, 
біріншіден, грамматикалық материалдардың басты ерекшеліктерін белгілеуге байланысты 
болса,  екіншіден,  сол  ерекшеліктердің  арасынан  қандай  мәселеге  басты  назар  аудару 
қажеттігін  айқындауға  қатысты.  Яғни,  тіл  үйрену  үшін  нені,  қалай  оқыту  керек  деген 
сауалды да дұрыс шешу міндет. Үшіншіден, оқытылатын материалдарды сұрыптап алған 
соң, ендігі ой соларды қалай игеру керек деген сұраққа жауап іздеуге тіреледі [3, 202-203]. 
Сөйлеу қызметінде я сөйлеуші, я тыңдаушы санада сәуленіп тұрған болмыс бейнесін 
хабарлауында  жіберетін  мәтінінің  функционалды-семантикалық  өрістегі  қызметін 
көпжүйелілік  талдау  арқылы  түсіндіру  функционалды  грамматиканың  негізгі  нысаны 
болып табылады. 
Қазақша сөйлей білу үшін қандай грамматикалық материалдарға басты назар аудару 
қажеттігін  белгілегеннен  кейін,  грамматикалық  материалдардың  арасынан  оқыту 
әрекетіне  тиімді,  сөйлеуге  тікелей  қатысы  бар  негізгілерін  таңдап  алу  мәселесі  келіп 
шығады [3, 204-205]. 
Тілде  орын  алған  барлық  грамматикалық  ережелерді  шектеп,  соның  ішінен  тілдік 
қарым-қатынасқа керектісін сұрыптай білу  – сапалы оқыту үшін қажетті  шарт.  Сөйлеуді 
үйретуге  қажет  мұндай  материалдарды  дұрыс  іріктеп  оқыту  кезінде  грамматикалық 
минимумды анықтауды талап етеді. 
Тілді  үйретуге  қатысты  грамматикалық  минимумды  дұрыс  таңдау  үшін, 
сұрыптаудың басты өлшемдерін белгілеп алу керек. Мұндай өлшемдер, біздің пікірімізше, 
төмендегідей болғаны жөн: 
1.  Сұрыпталған  материалдар  қазақ  тілінің  типологиялық  табиғатын  аңғаратын 
грамматикалық көрсеткіштерден болуы керек. Сөйлеу үшін тілдің ішкі құрылысын, оның 
заңдылығын меңгеру – қажетті шарт.  

 
239 
2.  Қазақ  тілінің  өзіне  ғана  тән  айрықша  белгілерін  танытатын  грамматикалық 
категориялар мен формалар іріктеліп, жеке топталғаны ұтымды.  
3.  Сұрыпталған  грамматикалық  материалдар  тілдік  қарым-қатынаста  жиі 
қолданылатын грамматикалық формалар мен категориялар болуы тиіс. 
4.  Алынған  грамматикалық  көрсеткіштер  кең  өрісті  болып,  тілде  жиі  жұмсалып, 
тілдік  категориялардың  көбіне  тән  болуы  қажет.  Яғни  оның  белсенділік  қызметі 
ескерілгені жөн.  
5. Іріктелген грамматикалық материалдар тілдің нормасына сәйкес көрсеткіштерден 
тұрғаны абзал. 
Грамматикалық материалдарды оқыту барысында өткізілетін жұмыс түрлері: 
а) грамматикалық материалдарды дайындау және дұрыс ұйымдастыру; 
ә) материалдарды түсіндіру; 
б) өтілген материал арқылы сөйлеуді жаттықтыру; 
в) әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу; 
г) грамматиканы мәтін көлемінен шығарып, өмірге қосу, іс жүзіне асыру; 
д) грамматикалық дағдыны бақылау және дамыту; 
е) үйретілген материалдарды бекіту. 
Бұл  жұмыстардың  өзі  іштей  сала-салаға  жіктеліп,  әртүрлі  әдіс-тәсілдерге,  амал-
құралдарға  бөлінеді.  Мәселен,  материалдарды  ұйымдастыру,  үлгі  ретінде  тіркестер  мен 
сөздерді,  сөйлемдерді  беру  немесе  мәтіндегі  дайын  сөйлемдерді  үйрету  түрінде  өтілсе; 
материалдарды түсіндіру индуктивтік немесе дедуктивтік тәсіл арқылы жүргізілуі мүмкін. 
Сол  сияқты,  жаттығудың  түрлері  жеке  тұлғаларға  қатысты  жаттығулар,  комплекстік 
жаттығулар,  сөзбен  жаттығу,  тіркеспен  жаттығу,  сөйлеммен  жаттығу,  мәтінмен  жаттығу 
т.б. болып түрлене береді [3, 207]. 
Қазақ  тілін  функционалды  тұрғыдан  зерттеудің  басты  ерекшелігі  –  сөйлеу 
барысында қолданылатын тілдік құралдардың қызметі ситуация мен контексте бір ортақ 
ұғым  мен  категорияларға  топтастырылуын  негізге  ала  отырып,  ортақ  заңдылықтарын 
айқындау.  Құрылымдық  грамматикада  тілдік  бірліктердің  жасалу  жолдары  жеке-жеке 
алынып,  әр  сөз  табына  қатысы  қарастырылып,  әрқайсысының  белгілі  категориялық 
корпусқа тән формалары айқындалады [6, 34]. 
Тіл-тілдің өзара бір-бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі – тілдің сөздік, 
екіншісі – тілдің грамматикалық жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінен біртұтас тіл 
құралады да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас құралы ретінде қызмет ете 
алады [5, 5 ]. 
Сонымен, функционалды грамматиканың негізгі қарастыратын нысаны – сөз сөйлеу 
кезіндегі  ситуацияның  негізінде  қолданылатын  әр  түрлі  деңгейдегі  тілдік  бірліктердің 
қызметі  көпжүйелік  талдау  арқылы  анықталады.  Сондықтан  осы  саланың  негізгі 
ұғымдары  бір-бірімен  өзара  әрекеттесіп,  байланыста  болады.  Функционалды 
грамматикада  тіл  сөйлеу  деңгейінде,  динамикалық  аспектіде  қарастырылады.  Мұнда 
тілдік  бірліктер  мен  тіл  жүйесінің  сөйлеудегі  қызметі,  тілдік  бірліктердің  қолданылуы 
сөйлеу жағдаятымен, контекстпен бірлікте алып зерттелінеді [6, 38]. 
Қорыта  айтқанда,  тілдік  категорияларды  мағыналық  жағынан  қарастыру  соңғы 
кезде  тіл  теориясында  да,  практикасында  да  жаңа  қарқын  алып  келеді.  Бұл  орайда 
әсіресе  функционалды-семантикалық  категорияларды  егжей-тегжейлі  сипаттауға 
бағытталған  функционалды  грамматикаға  ерекше  мән  беріліп  отыр.  Жалпы  тіл 
білімінде функционалды грамматика (лингвистикалық функционология) мәселелерінің 
қолға алынғанына көп уақыт өткенмен, қазақ тіл білімінде бұл сала енді-енді сөз бола 
бастады.  
 
 
 

 
240 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Исаев  С.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  негізгі  грамматикалық  ұғымдар.  –  Алматы:  Ана  тілі, 
1992. 
2
 
http://tapemark.narod.ru/les/565a.html 
3
 
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. – Алматы: «Сөздік-словарь», 2005. 
4
 
Арғынов Х., Қазақ тілі методикасы. – Алматы: Мектеп, 1974. 
5
 
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. 
6
 
Оқу құралы, Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. - Алматы, 2013. 
 
 
 
ТҮЙІН  
 
Целью  современной  функциональной  грамматики  является  изучение  языка  в  единстве 
грамматических,  семантических  связей  внутри  текста,  проявляющихся  в  определенных  речевых 
ситуациях.  Объединяя  в  парадигмы  и  синтагмы  наиболее  крупные  единицы  языка, 
функциональная грамматика способствует в контексте речи полному раскрытию его природы.  
Объектом функциональной грамматики остается исследование языка на пути от содержания 
к форме, от понятий к образцам.  
В  целом,  в  языкознании  основной  целью  функциональной  грамматики  принято  считать 
развитие функционально-смысловой теории.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет