Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2015



жүктеу 2.87 Mb.
Pdf просмотр
бет29/31
Дата15.03.2017
өлшемі2.87 Mb.
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. - М., 1996. - 207 с. 
2
 
Мечковская  Н.Б.  Общее  языкознание:  структурная  и  социальная  типология  языков.  - 
Минск, 2000. - 368 с. 
3
 
Рождественский Ю.В. Типология слова. - М., 1969. - С. 3-13. 
4
 
Щерба Л.В. Очередные проблемы языковедения. - Л., 1974. - 216 с. 
5
 
Иванов  В.В.  Типология  и  сравнительно-историческое  языкознание  //  Вопросы 
языкознания. – 1988. - № 5. - С. 42. 
6
 
Серебренников  Б.А.  К  критике  некоторых  методов  типологических  исследований  // 

 
260 
Вопросы языкознания. – 1968. - С. 28. 
7
 
Карлинский  А.Е.  Принципы,  методы  и  приемы  лингвистических  исследований.  -  А., 
2003. - 184 с. 
8
 
Якобсон  Р.  Типологические  исследования  и  их  вклад  в  сравнительно-историческое 
языкознание. Новое в лингвистике. - М., 1963. - С. 95-96. 
9
 
Успенский  Б.А.  Отношение  подсистем  в  языке  и  связанные  с  ним 
универсалии//Вопросы языкознания. - М., 1968. - С. 24. 
10
 
Исабеков  С.Е.  О  роли  внутри  -  и  межъязыкового  сопоставления  в  лингвистике. 
Сравнительно-сопоставительное  изучение  языков  и  интерференция  //  Сб.  начн.  тр. 
КАЗГУ им, С. М. Кирова. - Алма-Ата, 1989. - С. 43-47. 
11
 
Огольцев  В.М.  Компаративные  фразеологизмы  русского  языка  в  сопоставлении  с 
французскими  //  Сб.  вопросы  семантики  фразеологических  единиц  славянских, 
германских и романских языков. - Новгород, 1972. - С. 112-122. 
12
 
Солодуб  Ю.П.  Русская  фразеология  как  объект  сопоставительного  изучения.  Дис... 
докт. филол. наук. - М., 1985. - 406 с. 
13
 
Кибрик А.К. Как и почему? (об основном вопросе типологии). - М., 1990. - С. 21-29. 
14
 
Сулейменова Э.Д.. Казахский и русский языки: основы контрастивной лингвистики.  - 
А., 1996. - 208 с. 
15
 
Ярцева В.Н. Контрастивная лингвистика. - М., 1981. - 183 с. 
 
 
 
ТҮЙІН 
 
Лингвистикалық  типологияның  негізгі  түсініктемесі  –  тілдің  құрылымы  болып  табылатын 
тілдік тип. Басқаша айтқанда, типологиялық жалпы ерекшеліктері бар, осы тілдердің типіне жауап 
беретін  маңызды  белгілердің  жиынтығы  болып  көрінетін  логикалық  құрылымы  бар  нақты 
тілдердің тобы. 
 
RESUME 
 
The type of language, which refers to the system stands as the basic concept of linguistic typology. 
In  other  words,  it  is  a  group  of  specific  languages  that  have  a  number  of  typologically  significant 
similarities;  logical  construction,  which  displays  a  set  of  significant  features  that  meet  this  type  of 
language. 
 
 
 

 
261 
ӘОЖ 81’2/’44 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Г.Е. Абылова 
Еуразия гуманитарлық 
институты, ф.ғ.к., доцент 
«
Өзімдікі» және 
«өзгенікі» 
оппозициясы 
аясындағы түркі 
идеограммаларының 
семиотикалық негізі
 
 
Аннотация  
Бұл  мақала  түркі  жазу  тарихындағы 
«өзімдікі-өзгенікі» оппозициясы аясындағы рулық 
таңбалардың  (идеограммалардың)  семиотикалық 
негізін  зерттеуге  арналған.  Автордың  пікірінше, 
түркі 
ру-тайпалық 
таңбалары 
түркі 
дүниетанымында 
меншік 
белгісі 
ретінде 
«өзімдікі»  және  «өзгенікі»  деген  бинарлық 
параллельдерді  құрап,  семиотикалық  жүйеде 
өзіндік маңызды қызмет атқарған. 
Түйін 
сөздер: 
семиотикалық 
жүйе, 
идеограмма,  рулық  таңбалар,  «өзімдікі-өзгенікі» 
оппозициясы,  идеографиялық  жазу,  түркі  жазу 
тарихы.  
 
 
Қазіргі таңда түркі семиотикалық жүйесінде 
маңызды орын алған тамғаларды қарастыру өзекті 
мәселелердің қатарынан орын алатыны сөзсіз.  
«Тамғалар  өзінің  негізгі  қолданысы  (рулық 
немесе  тайпалық  меншік  белгісі  ретінде) 
нәтижесінде 
маңызды 
тарихи 
дереккөздері 
қатарына  енетіні  сөзсіз.  Тамғалар  мен  тамға 
тектес  белгілерді  ғылыми  зерттеу  екі  ғасырдан 
астам  уақыт  жүргізіледі  және  қол  жеткен 
жетістіктер  көп  болғанымен,  бұл  тақырып  және 
онымен  байланысты  мәселелер  әлі  де  зерттелуді 
талап етеді» [1].  
Жазу 
тарихында 
идеограммалардың 
қызметін  атқарған  түркі  тамғалары  түрлі  ғылым 
салалары  тұрғысынан  зерттелді.  Қырғыз  ғалымы 
К.Аскеров 
«тамғаны 
идеограмма 
және 
логограммалар  ретінде  қарастыруға  болатынын» 
айтады  [2].  Түркі  тамғаларын  идеографиялық 
жазудың 
бір 
түрі 
идеограмма 
ретінде 
қарастырудың  өзіндік  мәні  бар,  бұл  тамғаның 
атқаратын  қызметі  мен  семиотикалық  мәніне 
байланысты  туындайтыны  белгілі.  Г.Нечволодов-
тың  мына  пікірі  мұны  растайды:  «Идеограмма 
приобретает  одно  из  свойств  знака-сигнала,  а 
именно  –  моносемичность.  Такое  сообщение  не 
предусматривает  диалога,  оно  герметично  и  не 
предполагает 
интерпретационных 
аберраций. 
Таким 
образом, 
коммуникативная 
схема 
причтении  идеограммы  может  быть  рассмотрена 
как 
процесс 
активирования 
зрительской 
автокоммуникации 
с 
целью 
достижения 
адекватной 
интерпретациипри 
максимальной 
симметричности процессов» [3, 49]. 
 

 
262 
Ал  жазу  тарихын  зерттеуші  белгілі  ғалым  В.А.Истрин  «идеограмма»  терминінің 
орнына  «логограмма»  терминін  қолдануды  ұсынады  –  бұл  жазу  түрінің  ерекшелігін 
кеңірек  түсіну  үшін  (идеограммалар  логограммалардың  бір  түрі  болып  табылады, 
нақтырақ айтқанда, логограммалар семантикалық тұрғыдан идеограммалар болып аталды, 
фонетикалық  тұрғыдан  –  фонограммалар)  [4].  Ғалым  өзге  терминмен  атауды 
ұсынғанымен,  идеограмманың  атқаратын  семантикалық  жүгіне  ерекше  көңіл  бөліп  атап 
айтып отыр. Мұның өзі бұл мәселеміздегі идеограмманың қолданысының негізгі себебін 
түсіндіріп береді. 
Енді  түркі  жазуындағы  ру-тайпалық  таңбалардың  атқарған  рөлі,  қызметі  бойынша 
негізгі  мәселемізге  келетін  болсақ,  «Көне  түркі  жазуының  субстраты  –  тамғабыл  – 
экономикалық  негіздің  ерекшелігінен  туындаған:  субъект  ретінде  (көшпенді-мал 
өсірушілер),  өндіріс  объектісі  –  мал  ретінде  де,  бұл  –  меншік  белгісінің  болуын  қатаң 
талап  етті...  Тамға  –  жергілікті  әліпбидің  негізі,  ру  мен  тайпаның  эмблемасы  ретінде, 
олардың  символикасы  өзінің  пішіні  мен  мағынасын  сақтай  отырып...кейде  көркемдік, 
даланың  көпғасырлық  тарихы  арқылы  өтеді»  [5,  22-23].  Идеограммалардың  басым 
көпшілігі  күні  бүгінге  дейін  меншік  белгілері  ретінде  жетті.  Алғашқы  қауымдық 
құрылыс кезеңінде бұл белгілер меншік таңбасы болудан гөрі магиялық-діни мәнге 
ие болған [6, 78].  
Неміс  этнографы  Ю.  Липстің  пайымдауынша,  «искусство  письма  было,  по  всей 
вероятности, изобретено жрецами как тайное средство, служившее их собственным целям. 
Однако  это  вовсе  не  означает,  что  все  способы  передачи  сообщений  носили 
первоначально религиозный характер. Уже с самых древнейших времен можно отчетливо 
различить  две  параллельно  развивающиеся  тенденции  в  передаче  известий:  одна  – 
преследующая  рациональные  цели,  и  другая  –  основанная  на  религиозных 
представлениях» [7]. 
Ф.  Иоганнес  пікірінше,  «Идеографиялық  жазудың  ерекше  түрі  ретінде  және  күні 
бүгінге дейін сақталған жазу түрінде тамғаны қарастыруымыз тиіс. Олар көшпелі  халық 
арасында  кең  тараған,  олар  бойынша  малдарды,  үй  тұрмысындағы  заттардың  және  т.б. 
меншік  иесін  анықтайды.  Олар  малдардың  құлағына  ен  түрінде,  терісіне  күйдіріліп,  не 
бояумен салынады, заттарда кесінделеді. Тамғалар өркениетсіз халықтардың барлығында 
кездеседі» [8, 40] Ф. Иоганнес тамғаларды барлық өркениетсіз халықтарды кездеседі деп 
қате  айтты.  Сондай-ақ  ғалымның  пайымдауынша,  тамғалар  Ежелгі  Шығыста, 
вавилондықтарда және хеттерде болғаны жайындағы жазба дәлелдер табылған. Тамғалар 
Еуропада  да,  әсіресе  солтүстік  және  шығыс  Германияда  қазіргі  уақытқа  дейін  үй 
таңбалары  түрінде  сақталған  (Hausmarken,  сканд.  Bomerker).  Фёр  аралындағы  белгілер 
жақсы  белгілі.  Онда  әрбір  үйде  көп  жағдайда  түзу  сызықтармен  берілген  белгілер 
салынған.  Кейбір  белгілер  суреттік  сипатқа  ие  болған  және  үй  иесінің  мамандығына 
байланысты  болған;  айталық  диірмен  бейнесі  диірменшіні  білдірді,  ал  кілт  –  шіркеу 
старостасын және т.б. Осы мағынада үй таңбалары нағыз идеограммалар болып табылады 
[8, 40]. Ғалым үйдің кімнің меншігінде екенін білдіретін таңбаларды идеограммалар деп 
қарастырады.  «Бұл  үй  маркалары  қандай  да  бір  дәрежеде  қожайындарының 
монограммалары  рөлін  атқарды:  бұрындары  сауатсыздар  оларды  кәдімгі  әріптер  ретінде 
құжаттарға  қол  қоюда  қолданды,  ал  ауқаттылары  мұндай  таңбалы  мөрлерге  тапсырыс 
берген» [8, 41] – деп адамдардың әлеуметтік беделін, білімділік-білімсіздік факторларын 
тамғалардың қолданысы мен қызметімен тікелей байланыстырған.  
Әбу  Алпамыс  Жалғасұлы  таңбаның  мәні  және  қызметі  жайында  нақты,  толық 
тұжырым  айтқан:  «Таңба  ең  алдымен  жылжитын  және  қозғалмайтын  дүние-мүліктің 
иесінің бар екендігінің айқындаушы индикаторы әрі, күнтізбелік жүйенің мифтік-салттық 
кешендерінде  де  кеңінен  қолданылған.  Тіпті,  табиғат  құбылыстарын,  қоршаған  ортаның 
рәміздік  нышанын  бейнеледі.  Бұл  кезеңдердегі  қоғам  өмірінің  рухани  саласында  символ 
мен  белгінің  сакральдық-магиялық  қызметі  басымдық  ала  бастады.  Қола  дәуірінде 

 
263 
Еуразия  даласының  иесі  болып  танылушылардың  «таңба  қолданысы»  нақты  іске  асып, 
айналымға ене бастады. 
Таңба қолданысының бастапқы сатысы жануарлардың тұяқ-табаны, солярлық аспан 
денелері сияқты пішін түрлері басым болды. Уақыт өте одан әрі күрделеніп, кей таңбалар 
абстракциялық символдарға айналған. 
Ерте  ортағасырлық  ру-тайпалар  мен  этносаяси  бірлестіктерден  құрылған  қағандық 
түрік мемлекеттерінде де таңба қолданысының қызметі, оның қолдану аясы мен мағынасы 
ерекше мәртебеге дейін көтерілді. Таңбалар әсіресе, әкімшілік басқару жүйесінде, сыртқы 
саяси  және  басқа  да  мемлекет  істерінде  қолданыста  болғандықтан,  бірегей  қызмет 
атқарды» [9]. 
Әзірбайжанның  тарихшы-ғалымы  Эртегин  Саламзаденің  «Тамга  и  туг.  Визуальная 
идентификация  в  тюркской  культуре»  деген  мақаласы  түркі  идеограммалары  бойынша 
зерттеулерде  ерекше  орын  алады  десек  те  болады.  Себебі  ғалымның  өзі  айтқандай, 
түркология  ғылымында  ең  өзекті  мәселелердің  бірі  жайында  қалам  тартқан:  «Соңғы  екі 
онжылдықта  сәйкестілік  және  идентификация  мәселесі  ең  негізгілердің  бірі  болды.  ХХ-
ХХІ  ғасырлар  шегіндегі  жаһандық  әлем  мәдениетінде  идентифициялану  «өзімдікі»  болу 
дегенді  білдіреді,  яғни  әмбебап,  жалпы  жүйемен  танылған  болу  дегенді  білдіреді. 
Идентификацияның жаппай жүйесі адамның өмірінің барлық саласына ене отырып, салық 
төлеуші  нөмірінен  (ЖСН)  бастап,  биометриялық  паспортпен  аяқталып,  дамуда  және 
жетілу үстінде.  
Бұл мәселенің бір жағы жаһандану үдерісіне қарай бағытталған. Басқасы этномәдени 
сәйкестілік, дәстүрлі сананың архетиптерін іздеу жағына бағытталған.  
Түркі  әлемнің  халқында  сәйкестілік  және  идентификация  мәселесі  ерекше 
өзектілікке ие, себебі соңғы жылдары тәңірліліктің дүниетанымдық кешенін тарихи қайта 
қалпына келтіру үдерісі басталды.  
Қазіргі  ақпараттық  технологияға  дейін  түркі  әлемі  мүлдем  басқаша  визуальды 
идентификация  жүйесіне  ие  болған  –  тамға.  Тамға  200  жылға  жуық  зерттеу  объектісі 
болып табылады [10, 62-63].  
Семасиологияда  қабылданған  таңбалық  жүйелер  мен  таңбалар  жіктелісі  оларды 
жүйелеудің  екі  басты  негізін  анықтайды:  тұрпат  межесінің  физикалық  табиғаты  және 
генезис [11, 96].  
Қазіргі кездегі таңбалар өзінің физикалық табиғатына және қабылдаудың сенсорлық 
каналдарына  байланысты  көзге  көрінетін  визуальды,  құлаққа  естілетін,  кинетикалық 
болып бөліне алады. Семиотика тұрғысынан көптеген таңбалардың түрлері семиотикалық 
табиғаты,  түрлі  физикалық  материалы,  сенсорлық  каналдар  бойынша  түрліше 
қабылдануына  орай  әралуан  болғанымен,  мақсаты  және  орындайтын  қызметі  жағынан 
бір-бірімен тығыз байланысты. Сол секілді тамғалар мен ендер меншік белгілері ретінде 
адамның  «өзімдікі»  және  «өзгенікі»  дегенді  қарапайым  сезінуден  тұрады.  Адам  өзіне 
тиесілі заттарды қандай да бір қарапайым көзге көрінетін таңбалармен белгі соғады: бұл 
қоғамның  өзге  мүшелеріне  түсінікті  болуы  тиіс  ойық  немесе  суреттер.  Қазіргі  тауарлық 
белгілердің бұрынғы негізін салушы тамға болып табылады. 
Тамға әрқашанда меншік белгісі болған. Бұны ғалым Т.А. Соболеваның мына сөзі де 
дәлелдей,  нақтылай  түседі:  «знак  принадлежности,  знак  личной  или  групповой 
собственности,  которой  владеют  ради  ее  накопления  и  по  мере  увеличения  которой 
обогащаются» [12, 19].  
Тамғаларды  ыдыс-аяқтарға  салған,  жануарлар  мен  құлдардың  терілеріне  күйдіріп 
салған, шекарада тұрған жер телімдеріндегі тастарға қашап салған [13, 24 б.]. Меншіктің 
қарапайым  таңбалары  идентификация  қызметімен  қатар  сакральдық-магиялық  қызметін 
қатар  орындады:  олар  өздері  салынған  заттарды,  жерлерді,  малдарды  «жаттың»  қол 
сұғуынан  сақтайды.  Түркі  ру-тайпаларында  қожайынның  тиесілі  меншігіндегі 

 
264 
маңыздылау  заттарды  таңбалау,  ен  салу,  тамға  қою  мезгіл-мезгілдік  таңбалау  емес, 
жүйелілік таңбалау болып табылады.  
Таңбалау  дәстүрі,  яғни  өзінің  мүліктерін  мақсатты  түрде  таңбалау  меншік 
жайындағы  түсініктің  дамуына  қарай  дәстүрге  айналып,  өзінің  құқық  қорғаушылық 
қызметін растай түседі.  
Батыс  сауда-саттық  тарихында  белгі  (клеймо)  және  тамғаны  ажырату  кездеседі. 
Белгі  (клеймо)  тамғадан  айырмашылығы  тек  жеке  меншік  заттарын  ғана  емес,  сатуға 
арналған  тауарларға  салынады.  Мұндай  белгі  (клеймо)  салынған  тауарлар  оның  жақсы 
сапасын  дәлелдейді,  оған  деген  сенімді  тудырады.  Осы  арқылы  белгі  (клеймо) 
жарнамалық қызмет атқарады делінеді.  
Біз  зерттеуімізде  түркілердегі  ру-тайпаларға  тиесілі  жер  бөліктеріне,  малдарға 
түсірілген  таңбалардың  «өзімдікі-өзгенікі»  әмбебап  семиотикалық  оппозииясына 
сәйкестігін қарастыру болып табылады.  
Философиялық антропологияда «өзімдікі» және «өзгенікі» деп ажырату  – қоршаған 
ортада  адамның  алатын  орны  мәселесімен  байланысты.  Кез  келген  ұлттың  қалыптасу, 
даму  тарихында  материалдық  дүниеге  жататын  заттар,  құбылыстарды  қабылдауда, 
олардың  құндылықты  мәнін  айқындауда  «өзімдікі»  және  «өзгенікі»  арасындағы  шекара 
тұрақсыз, әрбір дәуірде өзгеріп отыратыны белгілі. Түркі халқының ру-тайпалық қоғамда 
өздеріне  тиесілі  малды,  жерді  «өзімдікі»  және  «өзгенікі»  деп  жіктеуде  тамғаларды 
қолдануы  заңды  құбылыс  болып  табылады.  Бұдан  тамғалардың  меншік  белгісі  ретінде 
философиялық немесе тарихи ғана емес, саяси мәселе болатынын байқауымызға болады.  
«Өзімдікі»  және  «өзгенікі»  деп  қабылдау  моделі  уақыт  өте  келе  өзгереді,  бірақ 
«жаттан»  қорғану,  өзінің  меншігіндегі  зат,  малдарды  сақтау  тілегі  өзгерген  жоқ. 
«Өзімдікі»  және  «өзгенікі»  оппозициясы  барлық  халықтарға  ортақ  болып  табылатын 
әмбебаптық  сипатқа  ие  және  түркі  иедограммаларының  (таңбалары)  бұл  диалектіні 
білдіруде атқаратын қызметі әлеуметтік, экономикалық, этникалық, саяси, семиотикалық 
тұрғыдан өзекті, маңызды болып табылады.
 
 
Түркі  дүниетанымында  жерге,  кеңістік  түрлеріне  байланысты  «өзімдікі»  және 
«өзгенікі»  деген  оппозицияның  орын  алатыны  белгілі  және  бинарлық  паралельдер  қазақ 
ұғымында да орнықты ұғым болып қалыптасқан.
 
 
Өзінің  туған  жері  –  толғаудың  орталық  концептілерінің  бірі,  ол  дүниенің  қазақ 
ұлттық бейнесінің приоритеттерін бейнелейді. Отан – мәтіндегі адамдарды бір ортақ руға 
жинақтайтын  біріктіретін  ұғым.  «Туған»  –  «жат»  оппозициясы  мәтінде  «дұшпан»  және 
«дос» сөздерінің көмегімен жүзеге асады. «Дұшпан» ұғымы ұлт атаумен объективтенген: 
қалмақ,  орыс  т.б.  «Туған»  –  «жат»  оппозициясы  өз  туған  жерінің  қорғаушысы  ретінде 
басып алушыларға қарама-қарсы қойылған жұп түрінде берілген, ұлтты білдіреді: «орыс – 
қазақ», т.б. «Туған» – «жат» оппозициясы «жақсы – жаман», «қайырымды – қайырымсыз» 
оппозициясымен ара қатынаста болады. Бұл шептегі адам концептілері дәстүрлі қазақтың 
рухани  құндылықтарына  қатысы  бойынша  қарама-қарсы  қойылған.  Г. Сағидолда 
айтқандай,  «...қазақтың  ақын-жырауларының  толғауларында  да  (Қара  керей  Қабанбай, 
Қанжығалы Бөгембай, арғын  Беген, найман Ерден т.б.) үнемі  кездесіп отырады. Мұндай 
рулы елдің даңқы мен жақсы атағын шығарушы батырының, көсемінің, шешенінің атына 
руының  атауы  қосарлана  айтылуының  бір  жағында,  оның  қай  рудың  адамы  екендігін 
таныту, білдіру (жеке басының куәлігі іспетті) жатса, келесі жағында рулы елдің ірілігін, 
күштілігін,  танымалдығын  таныту  мақсаты  көзделеді»  [14,  164].  Мұнда  «туған»  және 
«жат»  концептуалды  шебінде  белгілі  бір  дәрежеде  ру  аттары  бірлік,  ынтымақ  идеясын 
танытса, «соғыс» және «батырлық» концептісін қарастыру барысында ру аттаулары басқа 
семантикалық  реңкке  ие  болады,  яғни  ақын  үшін  рудың  күштілігін,  абыройын  таныту 
көзделіп жатады.  
Қазіргі ғылыми парадигмада «өзімдікі-өзгенікі» оппозициясын ұғыну гуманитарлық 
ғылымның  түрлі  саласының  отандық  және  шетел  өкілдері  белсенді  айналысады. 

 
265 
«Өзімдікі-өзгенікі»  түрлі  теориялық-методологиялық  тұрғыдан  ғылыми  рефлексияға 
ұшырайды.  «Өзімдікі»  және  «өзгенікі»  деп  жіктеу  таным  субъектісінің  өзіне  қатысты 
әлемді  категоризациялау  жүзеге  асады.  Бұл  феноменнің  прагматикалық  және  әлеуметтік 
мәні «өзімдікі» және «өзгенікі» коммуникативтік икемділік қасиеттеріне негізделген.  
Семиотика  ғылымында  түркі  ру-тайпалық  тамғалары  «өзімдікі»  және  «өзгенікі» 
оппозициясында  мәнді  категориялар  болып  табылады,  әсіресе,  кеңістік  объектілеріне  не 
ірі  қара  мал  түріне  түсірілген  тамғалар  сол  рудың  меншігіндегі  жер  немесе  мал  екенін 
растайды.  
Көшпенді өмір салтын ұстанған түркілердің рулық, тайпалық жүйесі жерді, ірі қара 
малды 
«өзімдікі-өзгенікі» 
принципі 
бойынша 
категоризациялауы 
индивидуализацияланған «Мен» позициясынан да, әлеуметтік топтың «Біз» позициясынан 
тұрғысынан да таңбалауды негіздейді.  
Тамғалардың 
әлеуметтік, 
саяси, 
этникалық 
белгілері 
«өзімдік-өзгенікі» 
семиотикалық  оппозициясын  базалық  қалыптастырушы  векторлар  ретінде  түркі 
дүниетанымында  лингвомәдени  таңба  «рулық  бірлік»,  «тайпалық  ынтымақ»,  «рулық 
меншік»,  «тайпалық  меншік»  деген  негізгі  (доминантты)  сема  түркі  халықтарының 
қоғамында семиотикалық базалық ұғымға өзгереді, ауысады. Мұның өзі қазақ халқының 
іштей жүзге, жүздердің руларға әлеуметтік жіктелуінен байқауға болады.  
Өзімдікі/өзгенікі оппозициясына қатысты рулық таңбалар өте мәнді категория болып 
табылады.  Мұнда  «өзімдікі»  категориясына  жататындарды  өзектейтін  атау  басым  болып 
табылады. Ал «өзгенікі» категориясын өзекті ету «жат», «дұшпан» тараптарын білдіретін 
заттармен байланысты. Қазақ халқында «Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды» деген мақал-
мәтел бар екені белгілі. Белгілі ғалым І.Кеңесбаевтың байымдауынша, «Бір ғана таңбасыз 
тай, енсіз қой деген фразада қанша сыр жатыр... «Таңбасыз жатқан тайыңды Таңбалар деп 
қорқамын, Енсіз жатқан қойыңа Ен салар деп қорқамын»  («Қобыланды батыр»  жыры)  – 
деген  жолдар  «мал-мүлкіңе  біреу  ие  болар,  бүліншілік  заман  туар-ау»  деген  күдікті, 
хауіпті  ойды  аңғартады  [15,  622  б.].  Демек,  қазақ  халқында  таңба  меншіктің  белгісі 
ретінде  көптеген  жағымды  «туған,  дос,  ағайын»  деген  мәндерді  де  өз  ішіне  сыйдырады. 
Қорыта  айтқанда,  түркі  идеограммалары  түркі  жазу  тарихында,  түркі  дүниетанымында 
меншік белгісі ретінде «өзімдікі» және  «өзгенікі» деген бинарлық параллельдерді  құрап, 
семиотикалық жүйеде өзіндік маңызды қызмет атқарған.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Ольховский  В.С.  Тамга  (к  функции  знака)  //  Историко-археологический  альманах.  – 
Москва: «Армавир», 2001. 
2
 
"Слово 
Кыргызстана", 
30 
января 
2004http://www.portal-
credo.ru/site/print.php?act=monitor&id=3134
 
3
 
Нечволодов  Г.  Идеограмма:  к  вопросу  о  репрезентации  абстрактных  категорий  // 
Тартуский университет. Критика и семиотика. - 2013/1(18). – С. 46-52. 
4
 
Истрин В.А. Возникновение и развитие письма. – М., 1965. 
5
 
Акатаев  С.  О  специфике  культуры  кочевья  //  Кочевники.  Эстетика.  Познание  мира 
традиционным казахским искусством. Сост.: М.М. Ауэзов. – Алматы: Ғылым, 1993. – 
С. 5-31. 
6
 
Рогачев  В.И.,  Ваганова  Е.Н.,  Деникаева  Е.А.  К  проблеме  бытования  «знамен  и 
тамга-знаков» у финно-угорских и тюркских народов // «Тарихи-мәдени мұра және 
заманауи  мәдениет»  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  семинарының  материалдар 
жинағы. – Алматы: «Serviсe Press», 2012. - 320 бет. + қосымша - 32 бет. – 76-83 беттер. 
7
 
Липс Ю. История древних цивилизаций. – СПб.: Полигон, 1998. – 480 с. 
8
 
Иоганнес Фридрих. История письма. – Москва: Издательство: «Наука», 1979. – 463 с. 

 
266 
9
 
http://gylymordasy.kzhttp://gylymordasy.kz/kaz/ma-alalar/aza-elini-bajy-r-y-zhazu-ta-balary/
 
10
 
Эртегин  Саламзаде.  Тамга  и  туг.  Визуальная  идентификация  в  тюркской  культуре  // 
«Тарихи-мәдени  мұра  және  заманауи  мәдениет»  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік 
семинарының  материалдар  жинағы.  –  Алматы:  «Serviсe  Press»,  2012.  -  320  бет.  + 
қосымша - 32 бет. – 62-67 беттер. 
11
 
Мечковская Н.Б.Семиотика: Язык. Природа. Культура (Курс лекций. Учебное пособие 
для вузов, 2-е изд., испр.). – Москва: Академия, 2007. – 432 с. 
12
 
Соболева Т.А. Товарные знаки / Т.А. Соболева, А.В. Суперанская. - М.: Наука, 1986. - 
176 с.  
13
 
Федько  В.П.  Товарный  знак.  –  М.:  «Экспертное  бюро  –  М.,  «Издательство  ПРИОР», 
1998. – 10.0 п.л. 
14
 
Сағидолда  Г.  Поэтикалық  фразеологизмдердің  этномәдени  мазмұны.  –  Алматы: 
«Ғылым», 2003. – 248 б. 
15
 
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 622-629б. 
 
 
 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет