Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата11.01.2017
өлшемі3,83 Mb.
#1676
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

РЕЗЮМЕ 
 
Ирония как актуальный и обостренный вид комического переходит из материального уровня 
на  содержательный  и  становится  метафорой  языка.  В  современной  казахской  литературе 
стремительно  развиваются  сатирические  традиции,  в  том  числе  иронические  высказывания  в 
модернистском русле. В статье рассматривается развитие иронических традиций в произведениях 
О.Аубакирова и Т.Шапая на конкретных примерах.  
 
RESUME 
 
The  irony  in  the  form  of  actual  and  acute  laughter  moves  from  the  level  of  the  substance  to  the 
semantic level and becomes a metaphor of language. This is important on the context of the reality of the 
social, cultural and aesthetic characteristics. In the Kazakh literature, satirical tradition including existing 
national  irony  of  the  author  of  the  original  trend  continues  with  creative  development.  In  the  article  O. 
Aubakirov`s and T. Shapay`s works ensure the continuity of ironic traditions on concrete examples. 

 
191 
ӘОЖ 821.512 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ш.А. Валиханов 
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық 
мемлекеттік педагогикалық 
институты, филол. ғыл. канд., 
доцент 
 
Рамазан Тоқтаров 
Ғабиден Мұстафиннің 
«Дауылдан кейін» 
романы туралы 
 
Аннотация 
Мақалада Ғабиден Мұстафиннің  «Дауыл-
дан  кейін»  («После  бури»)  романы  туралы 
белгілі қаламгер Рамазан Тоқтаровтың талдауы 
сөз  болады.  Ғ.Мұстафиннің  жазу  мәдениеті, 
концепциясы, 
авторлық 
позициясы 
т.б. 
қарастырылады.  
Түйін  сөздер:  роман,  Ғ.Мұстафин,  автор-
лық  позиция,  азаматтық  ұстаным,  көркем 
бейне.  
 
 
«Жұлдыз»  журналында  осыдан  қырық 
жылға  таяу  уақыт  бұрын  жазушы  Рамазан 
Тоқтаров  «Дауылдан кейінді» қайта оқығанда» 
деген  танымдық  эссе  жариялады.  Жазушы 
ақтарылып  отырып,  «Дауылдан  кейіннің» 
жазылғанына  қаншама  жыл  өткенімен,  ол  өз 
биігінде,  өміршең,  тозбайтын  шығарма  деген 
ой 
айтыпты. 
Сол 
«Дауылдан 
кейін» 
жазылғанына  қаншама  уақыт  өткенімен  әлгі 
айтылған пікір өз күшінде. 
«Қасиет  –  ненің  болсын  бұзылмай,  ұзақ 
сақталуында.  Бұл  романның  бойында  үш 
бірдей  қасиет  әлі  күнге  өзгермей,  сол  күйінде 
қарап  тұр  екен.  Ол  –  тілі.  Бұған  жазылу 
мәдениеті  де  кіреді.  Екінші  –  мейлінше 
түсінікті,  шегіне  жете  тарқатылған  концеп-
циясы.  Кейінгі  ұрпаққа  кемел  ашылған  дәуір 
шындығы.  Үшінші  –  осы  екі  қасиетті  бірдей 
ауыздықтап ұстап тұрған автордың позициясы. 
Автор  –  қатал.  Қатал  да  болса,  әділ.  Автор  – 
даукес.  Даукес  те  болса,  қазы.  Тереңдігі  әділ 
шешімінен  танылады.  Қазылығы  да  сонда. 
Қолымда  тұр  екен  деп,  жақсылық  пен 
жамандықты  кейіпкерінің  басына  үйіп-төге 
бермейді.  Бойына  шақтап  ой,  келешегіне 
шақтап әрекет береді» [1, 175 б.]. 
Р.  Тоқтаров  бейғам  жүрген  Аманды 
Ақмоладан  іздеп  келіп,  ой  салып  кеткен 
Жұмабектің сөзін шығарманың лейтмотиві десе 
де  болатынын  айтады.  Жұмабек  Қазан 
төңкерісінен  кейінгі  қазақ  даласының  күйін, 
келешек  күндер  бағытын  ұғындырған  Аманға. 
Жаңа  үнем  саясатының  мәнін  жазушы 
Жұмабектің аузымен ұғындырады. Р. Тоқтаров 
қаламгер  Ғ.  Мұстафиннің  авторлық  мұратын 
айқын саралайды. 

 
192 
«Автордың  ұқтырғысы  келіп  отырғаны  –  әңгіме  байда,  оның  қолындағы  малды 
тартып  алуда  тұрған  жоқ.  Халықты  мешеуліктен  бұрынғы  жадау  тірліктен  құтқарып, 
өзінің табан ақы, маңдай терімен бақытты бола алатын психологияға тәрбиелеу керек» [1, 
176-б.]. 
Шығарманың  осы  мәні,  осы  қыры  көп  талдауда  толып  жатқан  дәуірлік 
құбылыстардың тасасында қалып отыратын. Р. Тоқтаров баршаға белгілідей болғанымен, 
шығармадағы беймәлімдеу қалған авторлық ұстанымға осылайша батыл көз тастап, «қол 
салады».  Орынды-ақ!  Ғабиден  Мұстафин  -  тұтас  қаламгерлік  ғұмырбаянында  шеберлік, 
көркем  әлем  мәселесін  тек  қана  ұлттық  мұрат,  жалпыадамзаттық  озық  мұраттарға 
бағыштап  еңбектенген  жазушы.  Ол,  өзі  айтқанындай,  барлығын  адам,  адамның  игілігі 
үшін  жасаған,  жазған  қаламгер  болатын.  Қазақ  дейтін  қасиеті  артық  халқының  адамзат 
тарихы  көшіндегі  өз  орнын,  өз  жүрек  қалауын  тауып,  танып  ғұмыр  кешуін  көксегені  – 
тағы рас. 
Ілгеріде сан мәрте қозғалып, бағаланған Қазанғаптың көркем бейнесіне қатысты да 
Рамазан Тоқтаров әлде де талай дүниені қозғауға болатынына меңзейтіндей.  
«Біздіңше,  автордың  үлкен  табысы  –  Қазанғап  бейнесі.  Әрі  жаңа,  әрі  мейлінше 
нанымды.  Сырт  қарасаң,  жалшы.  Шәкеннің  құлақ  кесті  құлы.  Осы  адам  қожасына 
берілгендігімен,  қаншалық  зұлымдық  істерге  барады.  Өз  ойында  ол  қиянат  істедім  деп 
жүрген  жоқ.  «Малай  байға  қайтсе  жағады?»  деген  жалшының  сұрағына  ол:  «Ала  жібін 
аттама. Суын сүт қыл. Жаныңды аямай қызмет қыл!» деп жауап береді. Бұл оның имандай 
шыны.  Қазақ:  «Байдың  малын  байғұс  қызғанады»  дегенде  осындайларға  қарап  айтқан 
болу керек. Керемет үнемшіл, «байдың дүниесін қорығыш» [1, 176-б.]. 
Қазанғап  бейнесін  әр  қырынан  алып,  әрі  де,  бері  де  көркемдік  талқыға  тартқан 
Р.Тоқтаровтың  мына  тоқтамында  жазушы  Ғабиден  Мұстафиннің  ұлттық  болмыстан 
тартылып  тараған  шығармашылық  негізін  жаңа  бір  мәнде  ұғына,  ұғындыра  түсу  міндеті 
жатқанын байқамау мүмкін емес.  
«Оның бойына сіңген қасиеті – ескілігі. Тіпті әріден келе жатқан ескі, көне мораль. 
Ғабеңнің қаламынан туған осы тұмса образдың төркінінен ертедегі, бұдан азы жүз, одан 
да  көп  жылдар  бұрынғы  көшпелі  аталарымыздың  бет-әлпетін  елестетеміз.  Қазанғапты 
біржола қап-қара, жағымсыз кейіпкер тобына жатқызу қиын. Ол  – бір сөзді, айтқанынан 
қайтпайтын,  қажырлы,  қызметі  адал  адам.  Нан-тұз  жегені  үшін  Аман  мен  Шолпанның 
жақындығын тісінің арасынан шығармай қояды. Ал, дүние мал үшін жүрген адам болса, 
жер  ауғалы  жатқан  Шәкенді  ең  соңғы  минуттарда  сатып  жүре  берер  еді.  Жоқ,  ол 
сатпайды. Белін бекем буып, мырзасымен бірге кетуге әзір. Ол заманда Қазанғап сықылды 
таптық  сезімі  оянбаған  кедейлер  аз  болды  ма?  Әр  байдың  қолында  осындай  бір-бір 
Қазанғаптар жүрді» [1, 176 б.]. 
Р.  Тоқтаров  жазушы  Ғ.  Мұстафиннің  дәуір,  уақыт  шындығын  сомдауға  осындай 
ірілі-ұсақты  бейнелер  жасау  тәсілдері  арқылы  қадам  басқанын,  ол  жолда  барынша 
шыншыл  болғанын  баса  атап  көрсетеді.  Өмір  ағымын  бұрып,  өз  қалауынша  әрекетке 
апарып тықпаламайтын жазушының адамдық жаратылысы туралы кең сөз қозғайды. 
Шолпан  бейнесіне  де  сырттан  әрекет  таңылмауының  бір  ұшы  Қазанғаптай 
бейнелерді жасау тәсілдеріндегі шыншылдық негізбен сабақтасып жатқанын көрсетеді. 
Романның  өн  бойындағы  атой  салып  тұрған  жарқын  қасиет  туралы  айтуында 
Р.Тоқтаров  тағы  бір  елеулі,  емеурінді  күйді  байқайды,  ірі  ауқымда  көтере  қозғайды. 
Шығармада  жаңа  өмірдің  жақсылығын  сезініп,  қуанып,  соған  сеніп  жүрген  жарқын 
бейнелер басым дейді Р. Тоқтаров.  
Бұл – рас. Жазушы Р. Тоқтаров «Дауылдан кейін» туралы жаңа бір мәндегі әңгіменің 
басталғанын, таным бағытымызда жаңа бір көкжиектер байқалғанын пісіріп айта білген. 
«Дауылдан  кейін»  аз  талқыға  түскен  жоқ.  Талқы  –  көптің  ойы.  Көп  ойы  үнемі  бір 
жерден шыға бермейді. Әрбір он, елу, жүз жыл сайын жаңа бір қыр асып отырады. Оған 
мысал көп. Кезінде «Дауылдан кейін» романының басты кейіпкері Заман, Уақыт деген бір 

 
193 
пікір жиі қайталанған. Ол дұрыс та шығар. Романда келелі дәуірдің кесек мәселелері сөз 
болады.  Алайда  осы  ғана  ма  еді  авторды  романның  ұзына  бойына  біркелкі 
ширықтырып отырған мәселе?» [1, 177 б.]. 
Р.  Тоқтаров  шығармада  кішкентай  адамның  үлкен  мәселесі  көтеріледі  дейді.  Әлем 
әдебиетінің  ауқымындағы  ірі  шығармашылық  табиғатымен  туысып  жатқан  «Дауылдан 
кейіннің» көтеріп отырған көркемдік жүгін терең саралайды. 
Адамды сүйген, адамның жарқын сәттеріне қуанған жазушы Ғабиден Мұстафин өз 
кейіпкерлерінің  кісілік  қасиет,  адамшылық  келбетін  өмірдің  өзінен  ойып  алып  сомдады. 
Жазушының  «Дауылдан  кейінде»  суреттейтін  құбылыстарының  көпшілігі  өз  басынан 
кешкен,  өз  көзі  көрген  жайлар  болып  келіп  отыруының  өзі  осы  мәселеде  қаламгер 
мүмкіндігін молайта түсті. 
«Ғабең  творчествосына  тән  екінші  қасиет  –  автор  мен  кейіпкер  арасындағы 
ажырамас  тығыз  байланыс.  Автор  кейіпкерлерінің  жан-дүниесіне  қиналмай,  еркін  де 
толық араласып кете алады.  
Жиырмасыншы  жылдардың  жуан  ортасында  ол  Аманның  жасында  болатын. 
Аманның дүние түсінігінің өзінде көп мән жатыр. Неге ол бірден құлай жығылады жаңа 
заман  ығына?  Аман  –  әрі  образ,  әрі  автордың  позициясы.  Аман  іздеген  шындықтың 
соңына автор да шырақ алып түскен. Шәкен сықылды байлармен ол дағы әшкере істерге 
барған. Аман образының шындығы – автордың өз шындығы. Олжабектен де, Жомарттан 
да, Шығанақтан да, Мейрам бейнесінен де авторды көреміз» [1, 178 б.]. 
Р.  Тоқтаров  қаламгер  Ғабиден  Мұстафин  шығармашылығының  ешкімді 
қайталамайтын  өзгеше,  өзіндік  сырларын  айқындай  түсуде  биік  әдеби  талғамды  арқау 
еткен  тұшымды  тұжырымдарға  барады.  Дүние  жаратылыс  адамды  ырқына  көндіріп 
жетектейді.  Заман  желі  адамның  жүрек  түбінен  өтеді.  Қай  қоғам,  қандай  күйде  де  адам 
адам қалпында. Ол мықты, мығым. Саясаттың да, тұрмыстың тығырығы да адамды ғұмыр 
сүру  бақытынан  айыра  алмайды.  Біздіңше,  жазушы  Ғабиден  Мұстафин  өз 
шығармаларында  жиырмасыншы  ғасырдың  дүмпулері,  астан-кестен  саяси  ағымдары 
қаншалықты  шарпып  өткенімен,  ұлттық  негізінен  ажырамай,  тірліктің  нұрын,  қуаныш 
сәттерін  сезініп,  ағайын-туыс  айналасымен,  ауыл-ауданымен  өмір  қуатымен  алға 
ұмтылып,  ғұмыр  кешіп  жатқан  ел  адамдарының,  қазақ  баласының  тұтас  тұлғасын 
сомдады. 
Сәкен  Сейфуллиннің  «Тар  жол,  тайғақ  кешуіндегі»,  Жүсіпбек  Аймауытовтың 
«Қартқожасындағы»,  Мұхтар  Әуезовтің  жиырмасыншы  жылдардағы  прозалық 
шығармаларындағы  ондаған  адамның  тағдыр-талайымен  ұштасып  жатқан  әдеби 
кейіпкерлер шоғырын туғызды қаламгер Ғабиден Мұстафин. Жазушы Сәкен, Жүсіпбектер 
көре  алмай  кеткен  келешек  күндердің  кейіпкерлерін  жасау  арқылы  ХХ  ғасырдағы  қазақ 
баласының  жан-жаратылыс,  бастан  кешкен  күй,  адамдық  арман-мұрат,  азаматтық 
ұстанымын  айқындап  берген  іргелі,  күрделі  көркем  туындылар  туғызды.  «Ер  Шойынға» 
енген  ел  әңгімелері,  «Көз  көрген»,  «Дауылдан  кейін»,  «Шығанақ»,  «Миллионер», 
«Қарағанды»,  «Ой  әуендері»  (сын-кітабы)  –  осының  бәрі  қазақ  ұлтының  ғасырлық 
ғұмыры. Бір дәуірдегі болмыс күйінің ақиқат шындығы. 
«Дауылдан  кейінді»  жазуда  Ғабиден  Мұстафин  көз  көрген  тарихи  тұлғаларды 
жарқырата  түсіп  көрсетеді  дегендей  сын  пікірлер  болған.  Олай  емес.  Аз  ғана  сәттің,  ой 
емеурінінің  өзімен  ол  кімнің  кім  болғанын  мейлінше  шебер  ұғындырып  өтеді.  Жазушы 
шығармаларында  өзі  бірталай  жанында  жүрген  Сәкен  Сейфуллиннің  аяулы  бейнесі, 
ақиқат  болмысы аз ғана сәттің өзінде соншалықты бір құрмет  сезім, үлкен махаббатпен, 
иліге отырып ашылған. 
Дүниеге  келген  дүбірлі  өзгерістер  оп-оңай  жақсылықты  орната  салмағаны,  елдің 
рухани күйзелуді де, күн көріс қамымен тарыдай тентіреп жүруді де бастан аз кешпегенін 
жазушы, әсіресе, «Дауылдан кейін» мен «Көз көргенде» әріден тартып, мейлінше көркем 
шынайылықпен өрбітіп суреттеді. Осыншама дәуірлік ауқымдағы дүниелерді жазу азабы 

 
194 
мен қаламгерлік ғұмыр зейнеті деген өзгеше бір құбылыс бар. Ғабиден Мұстафин өзінің 
жазу  тәсілі,  қаламгерлік  машығы  жайлы  сыр  ақтарса,  ол  «Дауылдан  кейінге»  де  әбден 
қатысты.  
Қазақ  әдебиетінің  тарихында  көтерген  мәселе,  құбылыстарымен  де,  көркемдік 
жүгімен де айрықша орнын ойып алған «Дауылдан кейін» туралы әр зерттеуші, Ғабиден 
Мұстафин шығармашылығының әрбір тәуелді жоқшысы қаламгердің өзінен, қаншалықты 
сұңғыла саралауларға барғанымен, асырып айта алмағаны даусыз. 
«Менде өнімділік аз. Нені болсын әбден иін қандырып, баста пісіріп алмай қолыма 
қалам  ұстамаймын.  Отыра  қалғанда  түсіретінім  небәрі  төрт-бес  сөйлем.  Бір  абзацты 
шығару  үшін  кейде  күнұзақ  отырамын.  Әр  сөйлем  қашан  көңілімнен  шыққанша  сан 
қырынан  аунатып,  неше  саққа  мінгіземін.  Әсіресе,  қадағалайтыным  –  сөйлемнің  шымыр 
болуы,  артық  майдан  айыру.  «Шықты»  дегенде  ғана  жаңағы  абзацты  аққа  көшірем. 
Ешқашан  артқа  жұмыс  қалдырмаймын.  Не  де  болса  біржола  тындырып  тастауым  керек. 
Қашан  біткенше  ойым  да,  тілегім  де  сол  кітаптың  үстінде.  Алған  объектіңді  көріп 
отырмасаң,  шығарма  жаза  алмайсың.  Бірақ,  сол  нақтылы  өмірде  көргенің  бе,  әлде  қиял 
елесі ме? Осы арасын бір минут естен шығармау керек. Субъективизм мен негізсіз жалаң 
қиялдан сақтанып отырған жөн. Мен көбінесе  «момын» кейіпкерімнің ашу шақырғанын, 
ызадан  қайнап  қайратты  бір  іске  барғанын  ұнатам.  Ол  үшін  сол  момынды  түрлі  қиынға 
салам.  Не  түңілтем.  Бір  күні  ол  ойламаған  жерден  мінез  шығарады.  Соны  бақылаймын. 
Алдағы болар бір оқиғаның себебін іздеймін. Себепсіз образ жоқ. Оқушы көңілінде ылғи 
бір нәрсе қалып қойып отыруы керек. Не нәрсе берік ойда қалса, сол мықты образ» [1, 179 
б.]. 
Рамазан  Тоқтаров  жазушының  осы  сөздерінен  тарқатып  автор  және  кейіпкер 
тұжырымдамасы  туралы  көркемдік  әлем  мәселесін  көтеруінде  Ғабиден  Мұстафиннің 
қаламгерлік мұрат, мақсаты, шығарма жазу сыры, шығармашылығының құны туралы тың 
танымға  бастап  жатқан,  шынайы  көркемдік  танымнан  туған  кесек-кесек  ой  тастайды 
ортаға. Жазу өнері  де  жазушы жан дүниесінде соғып  өткен алапат  бір дауылмен теңдес. 
Шынайы  кейіпкерлер  -  сол  дауылдың  тумасы.  Осы  мәнде  қайсыбір  жұтынып  тұрғандай 
шығармалардың іші бос болып келу себептерін Р. Тоқтаров жазушы мен кейіпкердің екеуі 
екі әлемде ғұмыр кешіп жатқандай алшақтығынан іздейді. Оқушы да бір жақта, автормен 
араласа  алмай  жайына  қалатын  кітаптар  не  үшін  жазылды,  автор  не  айтқысы  келді? 
Жазушы  осыған  жауап  бермесе,  шығарма  жоқ  дей  келіп,  сыншы  Ғабиден  Мұстафин 
шығармашылығының құндылығын осы тұстан табады. 
«Ғабеңнің  кейіпкерлері  көз  алдыңда  ашылады.  Олардың  өмірінде  бәлендей 
шытырмандық жоқ, біртіндеп кірер ес, сана бар. «Дауылдан кейін» алып-жұлмай, ақырын 
сабырмен  оқылады.  Әрбір  ертеңгі  күн  «нендей  сыбаға  әкелер  екен»  дегізгендей  лүпіл 
қақтырған  жүрекпен  дәмелендіреді.  Ғабең  кейіпкерлері  ертеңгі  күнмен,  тілекпен  өмір 
сүреді. Сол ертеңгі, онан арғы күндеріне орай іс етеді» [1, 179-б.]. 
Ғабиден  Мұстафин  шығармашылығы  –  тың  тәсілге,  өзгеше  өрімге  бай,  зерттеле 
беретін  көркемдік  әлем.  Осы  әлемде  «Дауылдан  кейіннің»  кең  тынысты,  ауқымды, 
алымды өріс-өнегесі айқын.  
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1
 
Токтаров Р. «Дауылдан кейінді» қайта оқығанда // Жұлдыз. – 1977. - №12. – 175-179 б. 
 
 
 
 
 
 

 
195 
 
РЕЗЮМЕ 
 
В  статье  идет  речь  об  анализе  романа  Г.Мустафина  «После  бури»,  произведенном 
известным  писателем  Рамазаном  Токтаровым.  В  нем  рассматриваются  писательская  культура, 
концепция, авторская позиция Г.Мустафина.  
 
RESUME 
 
This article deals with the novel of G. Mustafin “After the storm”, which was written by a famous 
writer  Ramazan  Toktarov.  The  writing  culture, conception  and  the  author’s  position  of  G.  Mustafin are 
considered in this work.  
 

 
196 
ӘОЖ 81’37: 003:81’22 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Е.Б. Тяжина  
С.  Сейфуллин  атындағы  Қазақ 
агротехникалық университеті, 
филол. ғыл. канд.  
 
Тіл біліміндегі 
эмоционалдылық 
пен оған сабақтас 
ұғымдардың 
байланысы 
 
Аннотация 
Қазіргі  тіл  білімі  өзекті  мәселелердің  бірі  - 
тіл  туралы  ғылымды,  «адамзат  тілін»  жан-жақты 
зерттеуді алға тартып отыр. Адамзат тілі көптеген 
қатысымдық  үрдістерде  өзінің  эмоционалдылық, 
экспрессивтік  әрі  бағалауыштық  сипаттарымен 
ерекшеленеді. 
Бұл 
аталмыш 
бірліктер: 
бағалауыштық  пен  экспрессивтік  бір  жағынан, 
экспрессивтік  пен  эмоционалдылық  екінші 
жағынан өзара тығыз байланысып жатады. 
Түйін сөздер: эмоционалдылық, экспрессив-
тілік,  бағалауыштық,  қатысым  актісі,  сөйлеу 
жағдаяты, адресат. 
 
 
Эмоционалдылық,  экспрессивтілік,  баға-
лауыштық  жөніндегі  ғылыми  ой-пікірлер  тіл 
білімінде 
ғана 
емес, 
барлық 
салалық 
мамандардың  ізденістерінде  тілге  тиек  болғанын 
байқауға  болады.  Эмоционалдылық  -  пәнаралық 
мәселе.  Ол  психолингвистика  (психикалық 
мәнбірлердің 
тілдік 
құбылыстарға 
әсері), 
социолингвистика 
(әлеуметтік 
мәнбірлердің 
тілдік  бірліктерге  әсері)  прагмалингвистика 
(сөйлеушінің адресатқа сөз арқылы  әсер етуі) т.б 
ғылымдармен  тығыз  байланысты.  Эмоцио-
налдылық  дегеніміздің  өзі 

психикалық 
категория  эмоцияның  тілдік  денгейдегі  көрінісі. 
Психология ғылымында эмоцияға: «Адамның бір-
бірін  жақсы  түсініп,  қарым-қатынас  жасауына 
ықпал  етуі,  адамның  қоршаған  орта  мен 
объективті  шындыққа  субъективті  қатынасын 
білдіретін ерекше форма деп анықтама беріледі».  
Тіл  білімі  дәстүрінде  эмоционалдылық 
ұғымы  әр  түрлі  дәйектеледі.  Көптеген  ғалымдар 
эмоционалдылықты 
субъектінің 
сезімін, 
эмоциясын  әрі  оның  сөйлесім  мен  объектіге 
қатынасын  білдіретін  лингвистикалық  категория 
деп  түсіндірсе,  көп  жағдайда  бұл  категория 
экспрессивтілік,  бағалауыштық  құбылыстарымен 
тығыз  байланыста  айқындалады.  Эмоционал-
дылық пен экспрессивтілік категорияларының ара 
қатынасын  айқындайтын  ғылыми  пікірлерде 
бірізділік  жоқ.  Мәселен,  М.И.  Дмитриева 
«Эмоционалдылық  пен  экспрессивтілікті  бір 
бірімен  жымдасқан,  өзара  тығыз  байланысты 
категориялар»  [1,  10  б.],  -  деп  пайымдаса, 
көптеген  ғалымдар,  керісінше,  экспрессивтілік 
пен  эмоционалдылық  ұғымдарын  бір-бірінен 
ажыратады. 

 
197 
Мәселен, Е. Галкина-Федорук: «Экспрессивтілікті эмоционалдылықтан кең ұғым деп 
санап,  тілдегі  эмоционалды  элементтер  адам  сезімін  білдіру  үшін  қызмет  етеді,  ал, 
экспрессивтілік  амалдар  эмоцияларды,  ерікті,  ойды  білдіруде  де  мәнерлілік  пен 
қарқындылықты  күшейту  үшін  қызмет  етеді»  [2,  108  б.],  десе,  Ю.С.  Осиповтың: 
«эмоционалдылық  пен  экпрессивтілік  ұғымдары  өлшемнің  әртүрлі  жүйесіне  жатады, 
оларды біртұтас бірлік не көлемі жағынан әртүрлі құбылыстар деп те салыстыру мүмкін 
емес.  Бұл  категориялар  өзіндік  ерекшелігі  бар  дербес  құбылыстар»  [3]  деген 
қорытындысы аталған мәселеге қатысты бірқатар сауалдарға жауап береді.  
Эмоционалдылық  пен  экпрессивтілік  ұғымдарын  ажырату  қазақстандық  линвист 
ғалымдардың ізденістерінде де орын алады. Мәселен, Ш.И. Нұрғожина:  «Экпрессивтілік 
эмоционалдылықпен  салыстырғанда  тек  сөздерде  ғана  емес,  сөз  тіркестері,  тұтас  бір 
сөйлем мен одан да ірі тілдік кесектерде берілуі мүмкін. Сондай-ақ, экспрессивтілік дауыс 
ырғағы  арқылы  да  айқындалады.  Мұның  бәрі  экспрессивтілік  категориясының 
эмоционалдылыққа қарағанда ауқымды ұғым екенін байқатады» [4], - деп ой түйеді.  
Қатысым  актісінде  бұл  категориялар  бірге  де,  жеке  де  қолданылады.  Белгілі  бір 
сөйлеу  жағдаятына  байланысты  экспрессивтер  эмоционалды  да,  эмоционалды  емес  те 
болуы  мүмкін.  Сондай-ақ  эмотивтер  де  экспрессивті  әрі  экспрессивті  емес  болуы 
ықтимал.  Эмоционалдылық  пен  экспрессивтілік  ақиқат  шындық  денгейінде  өзара 
ауыстырылатын категориялар емес, бір-бірін толықтыратын құбылыстар болып табылады. 
Бұл компоненттер заттық-логикалық мазмұны, функционалдық қызметі мен өздеріне тән 
семантикалық  қасиеттеріне  қарай  ажыратылады.  Эмоционалдылық  -  адамның  сезімін 
білдірсе, экспрессивтілік - тілдік элементтер мен құбылыстардың сапалы-сандық сипатын 
көрсетеді.  
Эмоционалдылық тілдік белгінің семантикасында бекіген, бейнеленген сөйлеушінің 
эмоционалды  субъективті  бағасы  формасында  көрініс  тапқан  сөйлеушінің  сезімдері  мен 
қатынасын  білдіреді.  Эмоционалдылық  екі:  физиологиялық  және  қатысымдық  түрде 
беріледі.  Өз  кезегінде  қатысымдық  эмоция  екі  түрлі  тәсіл  арқылы:  тілдік  емес,  яғни, 
паралингвистикалық  құралдар  және  тілдік  -  лингвистикалық  құралдар  арқылы  жүзеге 
асады.  Эмоция  субъектінің  қоршаған  орта  мен  шындық  дүниеден  әсерлену  үрдісін 
білдіреді.  
Ал,  экспрессивтілік  мағынаның  коннотативті  шыңы  ретінде  тілдік  белгінің 
әсерлілігінің  түрлі  реңктерін  білдіреді.  Экспрессивті  құралдар  эмоциялармен  қатар,  ой, 
тұжырымды да әсерлі әрі бейнелі түрде жеткізу үшін қызмет етеді.  
Эмоционалдылық  бағалауыштықпен  өлшенсе,  өйткені  эмоцияға  «жақсы»  / 
«жаман»  қарама-қайшылығы  тән.  Экспрессивтілік  қарқындылықпен  (интенситвтілік) 
өлшенеді,  себебі  оның  релевантты  қарама-қайшылығы  «күштірек»  /  «әлсіздеу»  болып 
табылады.  
Сондықтан  экспрессивтілік  пен  эмоционалдылық  ұғымдарын  қарастырғанда  бұл 
категориялардың  ортақ  белгілермен  бірлескенін  ескеру  керек:  біріншіден,  сөйлеушінің 
айтылымға  деген  субъективті  қатынасының  болуы;  екіншіден,  адресатқа  әсер  етуде 
прагматикалық  қызмет  атқаруы.  Дегенмен  семантикалық  және  прагматикалық 
әлеуеттеріне, атқаратын қызметтеріне қарай, бұл категориялар бірдей емес, яғни, оларды 
ажырату бұл категориялардың мәнін, мазмұнын толық түсіну қажеттілігінен туындайды.  
Тілдегі  экспрессивті  және  эмоционалды  элементтерді  айыра  білу  қажеттілігі 
олардың  арасындағы  өзара  тығыз  байланыстылыққа  қарамастан  функциялық 
міндеттерінің  әр  түрлі  мақсаттарды  таңбалау  үшін  қолданылатындығына  байланысты 
туған.  Тілдегі  эмоционалдылық  мен  экспрессивтілік  категорияларының  арасына  тепе 
теңдік  ұғымын  қою  көптеген  қайшылықтарға  әкеліп  соғатынын  аталған  салада  еңбек 
ететін  мамандар  айтып  өткен.  Яғни  эмоционалдылық  пен  экспрессивтілік  әртүрлі 
құбылыстар.  

 
198 
«Тілдегі  эмоцияның  көрінісі  әрқашан  экспрессивті  болады,  ал  экспрессия  үнемі 
эмоционалды  бола  бермейді,  экспрессивті  лексиканың  затқа,  құбылысқа  деген  қарым 
қатынасын  танытатын,  сондай  ақ,  сөздің  заттық  логикалық  мәнінің  әр  түрлі  эмоциялық 
қосымша реңдерін көрсететін бөлігі ғана эмоционалды болып табылады» деген көптеген 
ғалымдардың пікірі айтылған ойды нақтылайды [1, 3, 4]. 
Тіл білімі дәстүрінде эмоционалдылық экспрессивтілік, образдық, интенсивтілік т.б. 
құбылыстарымен  салыстырғанда,  бағалауыштық  категориясымен  тығыз  байланыста 
қарастырылады. Адам айналадағы заттар мен құбылыстарды танып-қабылдағанда, санада 
сол заттың өзі тудырған эмоция пайда болуы немесе сол заттар мен құбылыстарға деген 
баға  қалыптасуы  мүмкін.  Өйткені  қайсыбір  эмоция  болмасын  бағалау  категориясымен 
өлшенеді.  Лингвистикада  эмоционалдылық  пен  бағалауыштық  категорияларының 
арақатынысы  туралы  пікірлер  де  бірізділік  таппай  жатады.  Бағалауыштық  пен 
эмоционалдылық  ұғымдары  арасындағы  байланыс  сөз  мағынасының  негізгі  аспектісі 
ретінде лингвистикалық ізденістерде пікірталастыққа ие болуда 
Эмоциялар  психикалық  құбылыс  болғандықтан,  бұл  сұраққа  жауап  іздегенде 
лингвистер психологиялық ізденістердің нәтижелерін ескермеуі мүмкін емес. Психология 
ғылымында бағалауыштық пен эмоционалдылық арасындағы байланыс туралы тұжырым 
көпшілікпен  мақұлданған,  кез  келген  эмоция  бағалауға  ие  деген  пікірді  тіл  ғалымдары 
қабылдайды.  
Эмоционалдылық  пен  бағалауыштық  өзара  байланысты,  бір-бірінен  ажырамайтын 
тұтастық ретінде қарастырылады (Н.А. Лукьянова, А.А. Мерцелли, З.Е. Фомина.): сөздің 
бағамен  қатынасын  білдіретін  бағалауыштық  пен  адамның  сезімдері  мен  эмоциясымен 
байланысты эмоционалдылық мағынаның әртүрлі компоненттері болып табылмайды, олар 
біртұтас  ұғым.  Жағымды  баға  тек  жағымды  эмоциялар  мақұлдау,  мақтау,  мейірім,  зор 
сүйініш, масаттану және т.б. беріледі. Жағымсыз баға мақұлдамау, қабылдамау, айыптау, 
өкініш, ыза, түршігу сияқты жағымсыз эмоциялар арқылы беріледі. Баға сәйкес эмоцияны 
өзіне  сіңдіретіндей,  баға  мен  эмоцияның  параметрлері  сәйккес  келеді:  «жағымды  – 
жақсы»,  «жағымсыз  –  жаман». Бұл ой бірқатар ғалымдардың ұстанымдарымен үйлеседі: 
баға  мен  эмоция  мағынаның  әртүрлі  компоненттері  емес,  олар  экстралингвистикалық 
деңгейде  бірыңғай  құбылыстар.  Лингвистикалық  деңгейде  мағынаның  эмоционалды 
бағалауыштық  компоненті  сөйлеуші  субъектінің  қандай  да  бір  объектінің  құндылығы 
туралы лингвистикалық бірліктің семантикасында көрініс табатын ой пікірін білдіреді. 
Керсінше,  кейбір  ғалымдар  эмоционалдылық  пен  бағалауыштық  ұғымдарын 
ажыратып, сөйлемнің мазмұнында эмоция мен бағаның қатар келуі міндетті емес, өйткені 
олар әр түрлі мәндегі құбылыстар деп бағалайды. 
Мәселен,  Т.И.  Кулигина  бұл  ұғымдарды  әртүрлі  құбылыстар  ретінде  қарастырады: 
«Бағаның мағынасында сөйлеушінің құндылықты бағалауыштық қатынасы байқалады, ал 
эмоционалдық  мағынада  сөйлеушінің  қоршаған  орта  мен  өзіне  деген  қатынасына 
әсерленуінің  психологиялық  үрдісі  бейнеленеді»  [5,  35  б.].  Бұл  ой  «Мағынаның 
коннотативті компонентін құрайтын эмоция мен баға тілдік бірліктің мағынасында бірге 
орын  алуы  міндетті  емес,  олардың  арасында  интердепенденциялық  қатынас  жоқ»  деп 
тұжырымдайтын И.А. Стерниннің көзқарасында жалғасын табады.  
Сондай-ақ  бағалауыштық  эмоционалдылыққа  қарағанда  кең  ұғым  деп  сараланады. 
Эмоционалдылық  бағалаусыз  бағамдануы  мүмкін  емес,  ал  бағаның  эмоционалды  болуы 
шарт емес, бағаның эмоционалды реңкке енуі міндетті емес. Мәселен, «қызықты кітап», 
«сақ  құлақ»  деген  сөз  тіркестерінде  ешқандай  эмоционалды  реңк  жоқ...  ал,  эмоция 
әрқашан ішкі көріністі баға түрінде болжайды.  
Біз  бағаның  әрі  эмоционалды,  әрі  рационалды  болатынын  ескере  отырып,             
Г.Ф. Аглетдинованың «Эмоционалдылық пен бағалауыштықтың арасындағы өзара тығыз 
байланысқа  қарамастан,  тілдік  бірліктердің  эмоционалды  және  бағалауыштық  мағына 
аумағы толық емес ішінара сәйкес келіп жатады. Сөзсіз, баға кей жағдайда сезімдер мен 

 
199 
түйсікке  ие  болуы  мүмкін,  бірақ,  баға  ақыл  тұрғысынан  да  беріледі,  оның  негіздемесі 
қандайда  бір  үлгі,  мұрат  не  қалып  (стандарт)  болуы  ықтимал»  [6,  79  б.]  деген  пікіріне 
қосыламыз.  
Эмоционалдылық  та,  бағалауыштық  та  бізді  сөйлеушінің  объективті  шындыққа, 
сөйлесімнің  мазмұны  мен  адресатқа  деген  субъективті  қатынасы  туралы  хабардар  етеді. 
Сондай-ақ,  баға  мен  эмоция  да  жағымды  не  жағымсыз  болуы  мүмкін.  Дегенмен, 
сөйлесімді бағаның «-», «+» белгілері мен эмоцияның «жағымды», «жағымсыз» сипаттары 
әр  уақытта  сәйкес  келе  бермейді.  Осы  орайда,  эмоционалдылық  пен  бағалауыштықтың 
айырмашылығы  байқалады.  Сөйлесімнің  эмоционалдылық  компоненті  сөйлеушінің 
психикалық жай күйін білдірсе, баға оның шындықтағы жағдайларға қатысты субъективті 
қатынасын анықтайды.  
Эмоционалдылық  пен  бағалауыштық  олардың  арасындағы  өзара  байланысқа 
қарамастан, қатысым актісінде сөйлеу жағдаятына байланысты мағыналық компоненттері 
жағынан  ажыратылады.  Дегенмен,  бұл  категориялар  бір-бірін  толықтырып  отыратын 
құбылыстар ретінде эмоционалды-бағалауыштық, эмоционалдылық баға деген ұғымдарда 
бірге қолданылады.  
Сонымен,  эмоционалдылық  пен  оған  сабақтас  ұғымдарды  зерттеу  оларды 
ажыратудың қажеттілігін көрсетті, себебі, бұл категориялар толық дербес бірліктер және 
табиғаты  жағына  әртүрлі  болып  келеді:  эмоционалдылық  сөйлеушінің  сезім  мен 
түйсіктерін  білдірумен,  экпрессивтілік  адресатты  сендіруге  ниеттенген  сөйлеудің 
айқындылығымен  байланысты  болса,  бағалауыштық  құндылықты  мәнге  негізделген 
ақиқат-шындықтың  заты  немесе  адамның  сипатымен  байланысты.  Бұл  категориялар 
атқаратын  қызметтеріне  де  қарай  ажыратылады:  эмоционалдылық  әртүрлі  сезімдер  мен 
эмоцияларды  білдіруге  бағытталса,  экспрессивтілік  сөйлеу  тілін  үдетуге,  бағалауыштық 
объектінің  эталонға  (үлгі)  сәйкестік  өлшемін  айқындайды.  Бағалауыштық  пен 
эмоционалдылық сөйлесімге жаңа қосымша мазмұн үстесе, экпрессия сөйлесімнің мәнін 
күшейту, әсірелеу үшін ғана қызмет етеді. Сонымен, эмоционалдылық пен бағалауыштық 
бір  жағынан,  ал  экспрессивтілік  екінші  жағынан  өлшемнің  әртүрлі  жүйесіне,  сөз 
саптаудың  әртүрлі  бағамына  жатады.  Эмоционалдылық  пен  бағалауыштық  лексика-
грамматикалық  категорияға  жатса,  экспрессивтілік  стилистика  саласына  жатады.  Демек, 
аталған  категориялар  сапалы  белгілілік  пен  сапалы  өзгешелікке  ие.  Олар  әртүрлі 
құрымдастыруларда бірге де, жеке де жүзеге асуы мүмкін.  
Тілдегі  эмоционалдылық,  экспрессивтілік,  бағалауыштық  өздерінің  табиғаты  мен 
семантикалық  қасиеті,  атқаратын  қызметтеріне  қарай  жеке  дара  категориялар  ретінде 
қарастырылады.  Тілдің  әсер  ету,  ықпал  ету  қызметімен  байланысты  бұл  ұғымдар 
прагматикалық мағына білдіретін негізгі компоненттер ретінде өзара байланысты болады. 
Қазіргі  тіл  ғылымында  эмоционалды-экспрессивті  тілдік  бірліктерді  зерттеуге  аса 
үлкен  қызығушылық  артып  отырған  кезде  эмоционалдылық  пен  оған  сабақтас  ұғымдар 
арасындағы  байланысты  зерттеу  көптеген  ғылыми  ізденістерге  негіз  бола  алады. 
Лингвистика  саласында  талай  пікір  талас  тудырған  бұл  мәселе  әлі  де  болса  өз  шешімін 
толық  тапқан  жоқ.  Ғалымдардың  бұл  сұрақ  төңірегінде  қай  кезеңде  болсын  сөз 
қозғайтыны сөзсіз. Себебі тілдік бірліктердің басым көпшілігі, әсіресе ауызекі сөйлеу тілі 
эмоционалдық пен оған сабақтас құбылыстармен өте тығыз байланысты.  
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет