Евразийский экономический союз перспективы развития


  жылдың  26  мамырында  М.Өтемісов  атындағы



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата21.03.2017
өлшемі6,22 Mb.
#10108
1   2   3   4   5   6

2014  жылдың  26  мамырында  М.Өтемісов  атындағы 

Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университеті  Ғылыми 

кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. 

Ғылыми  кеңесте  бірінші  проректор  Ә.С.Тасмағамбетов 

Краснодар мемлекеттік өнер институтының ректоры атынан 

университет  ректоры  п.ғ.д.,  профессор  А.С.Иманғалиевке 

Краснодар  мемлекеттік  өнер  институтының  «Құрметті 

профессорының» дипломын табыс етті. 

Кеңесте  оқу-әдістемелік  жұмыс  жөніндегі  проректор 

Ғ.Қ.Жүсіпқалиева «БҚМУ-да оқу үрдісінің жоспарлануы мен 

ұйымдастырылуы»  жөнінде  есеп  беріп,  ғылыми  кітапхана 

директоры  Т.Е.Алимбекерова  «Электронды  кітапхананың 

сервистік мүмкіндігін кеңейту» туралы ақпаратын баяндап, 

бірнеше ағымдағы мәселелер қаралды. 



Айгүл НИЕТОВА,

ғылыми хатшы

№ 5 (900) маусым 2014 жыл

5

М.Өтемісов атындағы  Батыс Қазақстан 



мемлекеттік  университетінде  наурыз 

айының  20-нан  бастап  үш  ай  көлемінде 

оздырылған  әлемдік  «NUVO»  жобасының 

желісі  бойынша  тұңғыш  рет  «Би  әлемі» 

мега  жобасы  ұйымдастырылды.  Оқу 

ордасының төрінде би өнерінің саңлақтары 

бас қосып, жарыса шапқан бұл жоба  мамыр 

айының  25  ші  жұлдызында  өз  мәресіне 

жеткен болатын. Ендеше өнер додасының 

басталуы мен шешуші кезеңіне дейін  қалай 

өткізілгендігін еске түсіріп көрелік....

Жалпы ережесіне тоқталатын болсақ: 

О с ы  е р е ж е  М.Ө т е м і с о в  а т ы н д а ғ ы 

Батыс  Қазақстан    мемлекеттік  университеті  

студенттерінің    биге  деген  құштарлығы  мен 

талантын  арттыруға  арналған  «Би  әлемі» 

жобасының  өткізілу  тәртібі  мен  шарттарын 

анықтайды.  Байқау  университеттің    барлық 

ф а к ул ьтет те р і  ар ас ын д а  о з д ыр ы л д ы.  

Байқ ауға  7  фак ультет тен  7  анс амбль 

қатысты.  Әрбір  би  ұжымына  жеке-жеке 

хореография  мамандығынан  жетекшілер 

бекітілді. Ұйымдастырушылар  мәдениет және 

өнер  факультеті    студенттік  деканаты  мен 

хореография  мамандығының студенттері.



Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеті: 

Қазақстан  Республикасы  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір 

мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан 

халқына Жолдауының бесінші бағыты бойынша 

жүзеге асуына ат салысу; 

Университетіміздегі би өнеріне  қабілеті бар 

студент  жастарды  анықтап,  қызығушылығын 

арттыру; 

Студенттер  шығармашылығына,  жастар 

арасындағы    бос  уақытты  тиімді  пайдалану 

мәселелеріне    университетіміздің    қоғамдық  

ұйымдарын тарту. 

Жоба демеушілері: 

Академия  красоты  «Альбина»  салоны, 

«МS»(Майкл  Джексон)  кароке  клубы,  Батыс 

Қазақстан  облысы  жастар  қауымдастығы, 

«Аснұр»  фото-видео  студиясы,  «Жас  Отан» 

Жастар  қанаты  Батыс  Қазақстан  Облысы 

филиалы, «БҚМУ Студенттік Кәсіподағы» ЖҚБ.

Байқау тақырыбы:

І  бөлім  «Патриоттық  би»  -  Наурыз  

айының  28  жұлдызында  өткізілді.  Қазақстан 

Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, 

бір  болашақ»  ат ты  Қазақстан  халқына 

Жолдауында  айтылғандай  патриоттылықты 

насихаттау  көзделді.  Әр  бір  топтың  арнайы 

жетекшілері болды. 7 топ өз өнерлерін ортаға 

салып,  би  әдісінде  заманауи  даму  үлгісін 

қалыптастыра  отырып,  қазақы  болмыс  пен 

отаншылдықтың қайнар көзін көрсетуге тыры-

сты.  Сарапшылар  ансамбльдерге  бағаларын 

қойып,  үз дік  қатысушылар  мен  жобаға 

атсалысушылар  туралы  пікірлерін  ортаға 

салған болатын. 

ІІ  бөлім  «Хип-хоп»  –  сәуір  айының  15 

жұлдызында  өткізілді.  АҚШ-та  дүниеге  келіп 

әлемнің  түкпір-түкпіріне  тез  жеткен  хип-хоп 

қазіргі  таңда  дүниежүзі  жастарының  сүйікті 

әрі  пайдалы  ісіне  немесе  ермегіне  айналды. 

Хип-хоп  бүгінде  тегістей  үлкен  индустрия, 

дүниеге  өзіндік  көзқарасы  бар  өмірлік 

стиль.  Жобаға  қатысушы  топтар    ғаламдық 

дамыған, әлем бойынша ерекше көзге түскен, 

шыдамдылық пен жылдамдықты талап ететін,  

ұтымды  идеяға  бай  би  ұйымдастыра  білді.  

Әр  топ  өз  өнерлерінен  кейін  әділ  бағаланып 

қазылар алқасы хип – хоп (Брэкданс) тақырыбы 

бойынша ең жақсы өнер көрсеткен би ұжымын 

хабарлады.

ІІІ  бөлім  «Сover  danse»  –  мамыр 

айының    6  жұлдызында  өткізілді.  Әлемге 

әйгілі  орындаушылардың  бейнек липін 

айнытпай  көрсету.  Сонымен  қатар  тағы 

бір  ерекшелік  сover  dance-те  кез-келген 

бидің  түрі  қолданылды.  Хореографиялық 

топтар  арасында  ширек  финалдық  бәсеке 

болғандық тан  бұл  жолы    сайыс  өзінің 

қызықты  да  қиын  ерекшеліктерімен  көзге 

түсті.  Әділқазылар  алқасының  бағалаулары 

бойынша  сындар  мен  ұ тымды  пікірлер 

айтылып,  жоба  шарықтау  шегіне  бір  табан 

жақындаған болатын. 

«Би әлемі» жобасының шарықтау шегі:

Шешуші кезең мамырдың айының 20 күні 

өткізілді.  Жоба  қатысушылары  толқу  мен 

күткен күнде өзінің мәресіне жетті. 

«Талпынғанда  қанат біткен

Жастық дарын,  талап біткен. 

Өнер көгін қалықтатып, 

Таң  шуғын,  тағат  күткен!»    жалынды 

жастарымыз,  лүпілдеп  соққан  жүрегімен 

қазақ елінің мерейін асқақтатуда аянбай, өнер 

көгінде де үздік екендіктерін көрсетуге әбден 

тырысты.


Топ  қатысушыларымен,  хореография 

м а м а н д ы ғ ы н ы ң  с т уд е н т т е р і м е н  г а л а 

концерт  ұйымдастырылып,      ең  үздік  топтар 

марапатталып,  «Би  әлемі»  жобасының    бас 

жүлде иегерлері анықталды.  

«Би әлемі» жобасының  бас жүлдесін жеңіп алған ансамбль:

Жаратылыстану және география факультетінің «GEO DANCE» ансамблі.



Жетекшілері:

Хореография мамандығының 3 курс студенті 



Елеу Сания, 2 курс студенті Әліпкерей 

Жадыра және 1 курс студенті Курмашев Азамат 

 

«GEO DANCE» ансамблі өзіндік стилімен ерекше көзге түскен ансамбль ретінде 

үздік  атанды.  Бұл  топ  берілген  үш  кезеңде  де  жоғарғы  ұпайларға  ие  болды.    Әр 

кезеңдерде  берілген  тақырыптарға  сай  ұйымдастыруда  топ  болып  ат  салысып,  би 

шығармашылығын шыңдауда толағай табыстарға жетуді көздеген бұл ұжым ерекше 

марапатқа ие! Талантты  жастардың жігерлері шыңдалсын! «Би әлемі» жобасын жеңіп 

алуларыңызбен  құттықтаймыз!

Бас  ұйымдастырушылар:

Өнертану  және  мәдени-тынығу  кафедрасының 

оқытушысы,  магистр 

Қадырбекова  Қарлығаш  және 

мәдениет және өнер факультетінің студенттік деканы 



Ақжан Ғұмар 

                  

Туған жері:  Казталовка аудаы, Казталовка ауылы 

Туған жылы: 1985 жылы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 

мемлекеттік университетінің түлегі 

                                                 

Туған жері:  Бөкей орда, Мұратсай ауылы

Туған жылы: 1994 жыл

Мамандығы: «Музыкалық білім» 

мамандығының  II курс студенті

Жетістіктері: «БҚМУ дауысы» мега 

жобасының ұйымдастырушысы, М.Төлебаев 

атындағы шәкіртақы иегері

                   

Бұл байқауды ұйымдастырудағы басты мақсатым – университетіміздегі би өнеріне  қабілеті 

бар студент жастарды анықтап, қызығушылығын арттырып, студенттердің бойында азаматтық 

көзқарастың негізін қалыптастыруда рухани мәдениетін дамыту, кәсіби шеберлерден  дәріс алу 

арқылы жастардың би өнерін жан – жақты үйреніп, тәжірибе алмасуына жәрдем беру, студенттік 

өмірдің жарқын беттерін дәріптей отырып, студент жастардың шығармашылықтарын шыңдау. 

Міне,  «Би  әлемі»  мега  жобасының  соңғы  кезеңіне  жеттік.  Үш  айға  созылған  бұл  жоба 

қаламыздағы жыл жаңалығы болды деп ойлаймын.

«Би әлемі» жобасының жүзеге асуына атсалысып,  қолдау көрсеткен мәдениет және өнер 

факультетінің  белсенді студентеріне шынайы алғысымды білдіремін!!!



 

Мәдениет  және өнер факультетінің студенттік деканаты

№ 5 (900) маусым 2014 жыл

6

Украшением  любого  концерта  является  выступление 



танцевального коллектива. И порой не важно, в каком жанре 

выступают артисты. Когда сплетаются во воедино музыка, 

пластика, движение, рождая на сцене образы и целые ком-

позиции, зрителю ничего не остается, как, не жалея ладоней, 

восторженно рукоплескать. Вот и зрители, собравшиеся на 

отчетный концерт танцевальных коллективов специальности 

«Хореография» факультета культуры и искусств ЗКГУ им. 

М.Утемисова, который прошел в театре им. Островского 29 

мая, вновь не обманулись в своих ожиданиях

-Отчетный концерт – это всегда очень ответственно и вол-

нительно. Причем как для танцоров, так и для руководителей. 

На  отчетный  концерт  были  приглашены  родители  детской 

хореографической студии, хореографы городских коллективов, 

которые каждый по своей шкале оценивали выступления артистов 

на  сцене,  -  поделилась  своими  впечатлениями  о  концерте 

Карылгаш Даиргалиевна Айткалиева, кандидат искусствоведения, 

доцент кафедры искусствоведения и КДР.

- Мы очень благодарны директору русского областного те-

атра  им.  А.Островского  Юрию  Александровичу  Зеленцову  за 

возможность провести концерт на сцене театра, а также прорек-

тору по воспитательной работе и социальным вопросам Туймеш 

Малбагаровне Даришевой, которая всегда находит время быть в 

зрительном зале и поддержать наших молодых артистов добрыми 

пожеланиями. 

Сцена многое значит для выступления, как, к примеру, рама 

для картины. Впрочем, если говорить о личных впечатлениях, я 

готова смотреть выступления танцевальных коллективов нашего 

университета  в  любой  «раме»,  будь  то  сцена  актового  зала 

университета, у юрты во время празднования Наурыза, на площади 

во время первомайского шествия или на профессиональной сцене 

театров Уральска. И всегда это настоящий праздник.

А на сцене между тем выступали маленькие дети, совсем крохи, 

которые лишь несколько месяцев, как занимаются в детской студии 

под руководством старшего преподавателя Айнур Узакбаевны 

Шукировой и магистра Карлыгаш Кадырбековны Кадырбековой. 

Старательно топая и хлопая в такт музыки, иногда путаясь и за-

бывая движения, они, не переставая, улыбались зрителю, вызывая 

слезы умиления. Свои неожиданные ошибки малыши с лихвой 

покрыли волной позитива! Старшие же группы танцевальной 

студии  были  почти  профессионалы  и  выступали  на  уровне 

студентов хореографического отделения факультета. В этом году 

три девочки стали выпускницами детской танцевальной студии 

«Алау». Айнур Ахметкалиева, Асем Гумарова и Молдир Аубакирова 

получили сертификаты об окончании 5-летнего курса обучения в 

студии. «После окончания школы мы ждем вас для продолжения 

учебы в ЗКГУ!» - сказала в напутствие К.Д.Айткалиева. Детская 

хореографическая  студия,  которая  на  протяжении  многих 

лет успешно работает с детьми, имеет профориентационную 

направленность. Это возможность с ранних лет начать подготовку 

профессионалов. Ведь танец, как и любой другой вид искусства, 

кроме таланта, требует специальной подготовки, которую лучше 

всего начать в детстве, вырабатывая гибкость и пластику, прививая 

культуру движения. При этом артист не имеет права показывать, 

чего стоит улыбка и задор, затейливый рисунок танца. Физические 

нагрузки,  ежедневные  занятия,  отработка 

каждого  элемента,  пот  и  слезы,  мозоли  и 

растяжения – все это остается за кулисами, ведь 

зритель ждет от них праздника.

Все это известно студенткам специальности 

«хореография».  Ведь  они  все  практически 

профессионалы,  большинство  из  которых 

д ав н о  с отрудн ич ают  в  ф и л ар м о н ии, 

танцевальных коллективах города. По словам 

К.Д.Айткалиевой,  такому  успеху  студентов 

способствуют  прекрасные  преподаватели

Айнур  Шукирова,  которая  работает  как  со 

студенческим коллективом, так и с малышами 

в детской студии, преподает хореографические 

О вдохновении Карлыгаш Даиргалиевна начала говорить, 

начав  с  далеких  от  танца  вещах.  Сейчас  это  редкость,  но  в 

недавнем прошлом в каждом казахской, да и не только казахской, 

наверное,  семье  был  особенный,  бабушкин,  сундук.  Старый, 

окованный железом, местами поврежденный временем, он при-

влекал внимание детей, он манил к себе, будто хранил сокровища. 

Но посмотреть, что там внутри, удавалось не каждому, ведь он 

всегда был под надежным замком, ключ от которого хранился 

только у хозяйки сундука – бабушки. Даже мама, такая взрослая 

и всесильная, взволнованно подходила, когда бабушка вдруг изъ-

являла желание открыть сундук.

Щелкал старинный замок, и замерших от восторга детишек 

обдавало  особым  сундучным  духом  –  смеси  из  ароматов 

индийского  мыла,  высушенного  жусана,  гвоздики,  густо  при-

правленного запахом нафталина. Чихая и утирая носы, дети, 

и  не  только,  вслед  за  бабушкой  склонялись  над  раскрытой 

дверцей сундука. Наверное, у каждой бабушки был свой набор 

вещей, хранимых вдали от глаз близких. Но непременными были 

старинные украшения из далекой молодости, почерневшие от 

времени шолпы, браслеты, перстни, имевшие не бог весть какую 

ценность для ювелиров, но хранившие память о былой красоте, 

давно утерявшие значимость документы, связки пожелтевших 

писем.  А  еще  бархатные  кимешеки  и  камзолы,  украшенные 

вручную  вышивкой,  белые  платки  с  кистями, которые  бабуш-

ка  надевала  в  особо  торжественных  случаях  –  на  свадьбы, 

кудалыки… Ну как не станцевать такую историю! Так родились 

идеи  танцевальных  композиций  «Әженің  сандығы»,  «Мереке 

сюитасы», «Сылқылдақ».

Танец должен быть прежде всего пережит балетмейстером, 

прочувствован.  Но  такая  простота  предполагает  не  только 

музыкальное  и  хореографическое  образование.  Без  знания 

истории, этнографии, без широкого кругозора и общей культуры 

невозможно создать интересный танец, который будет многократно 

радовать зрителя.

-На следующий год планируется большой концерт, в котором 

будут реализованы новые задумки, использованы новые костюмы. 

Мы всегда находимся в творческом поиске, - пообещала Карлыгаш 

Даиргалиевна. Почитателям танцевального искусства, надеемся, 

откроются новые грани талантов наших артистов.

Марта ДЖУМАГАЛИЕВА

Секреты из бабушкиного сундучка

дисциплины, ведет кураторскую работу. Алмагуль Батыргаликызы 

Жумагалиева, выпускница нашего университета, ставит в основ-

ном современные танцы, это ее стиль. Она автор танцевальной 

композиции  «Пробуждние»  в  стиле  джаз-модерн.  Карлыгаш 

Кадырбековна Кадырбекова – магистр, закончила магистратуру 

по КДР, человек с большим творческим потенциалом. Именно она 

сыграла свою роль в организации проекта «Би әлемі», победители 

которого выступили на концерте.

-Для каждого танцора выступление - это тоже праздник. Ведь 

работает он для зрителя. Отчетный концерт – это своеобразный 

экзамен. Это этап творчества, в котором должна присутствовать 

новизна, ведь зрителя невозможно обмануть, - делится секретами 

успеха хореографа Карлыгаш Даиргалиевна. 

Меня  же,  как  зрителя,  интересовало,  где  же  черпает 

вдохновение хореограф и танцор и что влияет на успех танца?

-Красивый, интересный танец – это удачно подобранные му-

зыка, костюм, сюжет и рисунок танца, особенности национальных 

традиций. На успех влияет многое. О музыке. Она определяет 

настроение, задает ритм, пластику. Музыка должна быть узна-

ваемой и новой для восприятия одновременно, при этом быть 

танцевальной. Музыка рождает танцевальные образы и является 

определяющей в танце, она подает идею балетмейстеру и танцов-

щице. Музыка должна быть такой, чтобы артист мог ее станцевать. 

Для казахского танца люблю выбирать музыку из кюев. 

О костюме. Танец – это представление, где костюм играет 

немаловажную  роль.  Костюм  задает  настроение,  он  должен 

соответствовать  задумке.  Костюм  должен  быть  красивым, 

ярким, запоминающимся, новым. Поношенный наряд оскорбляет 

чувство зрителя, который приходит посмотреть на представление, 

встретиться с прекрасным. А прекрасное не может быть в старых 

нарядах. Это как играть прекрасную музыку на расстроенном 

инструменте.  Богатый  костюм  создает  ощущение  праздника, 

определяет рисунок танца. Национальный костюм имеет свои 

особенности, поэтому важно знать историю, традиции. У нас, в 

Западном Казахстане, свои народные традиции и свои особенности 

наряда. В танце должен быть свой сюжет. Взять казахский танец. 

Для Западного Казахстана присущи более четкие движения танца, 

и  музыка  соответственно,  более  ритмичная.  Наша  девушка  с 

давних времен наравне с мужчинами защищала с оружием в руках 

свою свободу, это «батыр-кыздар». И танец соответственно полон 

более четких движений, имеет свой характер. 

Любите ли вы театр?..

20 июня с успехом прошли дипломные спектакли выпускниц 

специальности  «режиссура»  факультета  культуры  и  искусств 

Раушан  Буркитовой  и  Ардак  Елекеновой.  Спектакли,  в  кото-

рых  были  задействованы  студенты  музыкального  колледжа 

им.Курмангазы, были поставлены на сцене Казахского област-

ного драматического театра. Работы оценивала государствен-

ная комиссия из числа преподавателей факультета культуры 

и  искусств  под  председательством  заслуженного  артиста 

Казахстана, обладателя государственной премии, режиссера и 

актера Казахского областного драматического театра Сердеша 

Кажмуратова.

Бес  жыл  бұрын  Маңғыстау  деген  алыс 

мекеннен  Ора л дай  бауырма л  өлкеге 

арман  қуып  келген  едім,  бүгінде  өзім  білім 

алып,бауырына басқан алтын ұямнан ұшқалы 

тұрмын...

Алғаш  келгенде  күлімдеп  қарсы  алып, 

қолтығымнан демеп, бес жыл бойы «анамдай» 

болған Меңдігүл Есламғалиқызы Сұлтанова 

мен  Индира  Идиятқызы  Искаковалардың 

еңбегін ерекше атап өтер едім. Қызығы мен 

шыжығы араласқан студенттік өмірде менің 

есімде  көптеген  естеліктер  қалды.1  курстан 

бастап  Облыстық  Қазақ  драма  театрының 

үлкен сахнасына шығарып, университетішілік 

мерекелік концерттер мен театрландырылған 

қойылымдардың да бел ортасынан «Режиссура» мамандығының студенттері табылатын. Сахна 

мен сабақты қатар алып, театр өнерінің қыры мен сырын тереңнен үйреніп,сахнаның тылсым 

сырларын бойымызға осы кісілер арқылы  дарыта білдік деп ойлаймын. 

Бүгінде дипломдық жұмысыма  арнайы таңдап алған шығармам Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» 

трагедиясы. Бұл шығарманың негізгі тақырыбы-озбырлық ,адамгершілік тақырыбында. Жалғыз 

ұлы өз мансабы мен атақ абыройы үшін өз әкесін жындыханаға акеліп тастап кетуі. Баласын 

күтіп әр күнін үмітпен өткізген қарт әкенің қайғылы жағдайы суреттеледі. Шығарманы таңдауда 

көптеген кеңестерін айтып, бағыт-бағдар беріп отырған да жетекшім М.Е.Сұлтанова апайым.



Раушан БҮРКІТОВА, 

«Режиссура» мамандығының 5 курс студенті

Мінеки,  көзді  ашып-жұмғанша  бес  жыл 

да  зулап  өтіп  шығыпты...  Қайран  студенттік 

кездеріміз... Керек аудитория мен асхананы таба 

алмай  жүрген  шақтарымыз...  Талай  қызық  пен 

қиындықты  артқа  тастап,  бір  саланың  маманы 

атанғалы отырмыз. Бақыт деген осы шығар?!.

Университет  табалдырығынан  аттаған 

сәттерімізден бастап, күні бүгінге дейін қанатының 

астына  алып,  әрдайым  қамқор  бола  білген 

оқу  орнымызға  айтар  алғысымыз  шексіз. 

Махамбет  атындағы  үлкен  білім,  ғылым    мен 

өнер шаңырағының, ғажап жанұяның аз уақытқа 

болсын мүшесі болғанымызға қуаныштымыз! Білім 

мен тәрбие беріп, бар жақсыға баулығаныңыз үшін 

мыңда бір алғыс!

Осы  орайда,  осы  күнге  жеткізген  аяулы 

ұстаздарымыздың ерен еңбегін ерекше атап өткім келеді. «Мәдениет және өнер» факультетінің 

құрметті оқытушылары, соның ішінде, кураторымыз - Сұлтанова Меңдігүл Есламғалиқызы, Искакова 

Индира  Идиятқызы,  Сүндеткалиева  Алия  Ахметқызы,  5  жыл  жыл  бар  білгеніңізді  үйретуден 

талмағаныңыз үшін, туған балаларыңыздан кем көрмей, қамқоршы, қажет жерде сырласымыз да 

бола білгендеріңіз үшін мың алғыс!!! Әрдайым студенттеріңіздің, шәкірттеріңіздің ыстық ықыласы 

мен махаббатына бөленіп жүре бергейсіздер! Отбасылық бақыт пен зор денсаулық тілейміз!

Ардақ ЕЛЕКЕНОВА,

«Режиссура» мамандығының 5 курс студенті

Девушки в течение пяти лет постигали тонкости театрального 

искусства, изучали теорию режиссуры, применяли на практике. 

Но  наступило  прощание  с  учебой.  Большой  наукой  было 

прохождение  преддипломной  практики,  во  время  которой 

под  пристальным  взглядом  мастеров  сцены  выпускницы 

показывали все, чему учились в течение пяти лет. И для Раушан 

и Ардак не стало новостью приглашение на работу в казахский 

драматический Уральска. Раушан было нелегко решиться все 

уехать в родную Мангыстаускую область. Знания, полученные в 

университете, уверена она, будут востребованы дома, в Бейнеу. 

А для Ардак уже наступили трудовые будни. 



№ 5 (900) маусым 2014 жыл

7

Уақыт тың  көз ді  ашып  ж ұм ғ анша  өтер 



жылдамдығына шек бар ма? Кеше ғана қолымызға 

құжаттарымызды,  жүрегімізге  арман,  үмітімізді 

жинап ата-анамыздың құшағынан ұшқандай едік, 

бүгін, міне, 4 жыл білім алған, қатайып қанаттанған 

күйімізде  университетті  аяқтайтын  да  сәт  келіп 

отыр. 


Көзінде қорқыныш, басқа ортаға түскендіктен 

сенімсіздік басым тұратын, батыс өңірінің түпкір-

түпкірінен, тіпті одан да шалғай облыстардан білім 

алам,  өмір  көрем  деп  келген  өрімтал  жастарды 

өзіне қабылдаған 1-қыркүйек күні әлі есімде.

Кашанда  шумен,  күлкіге  толы,  жанды  жара-

ламайтын  жеңіл  әзілдердің  мекені,  кейде  тіпті 

айтыс-тартыс  орны  бола  білетін  төртінші  қабат 

маған ерекше ыстық. Алғаш келген күннен бастап, 

өздеріндегі  мейірімділік  пен  ізгіліктерін,  кеңдігі 

мен талапшылдығын сақтап қалған, әр студентке 

өз баласындай, іні-қарындасындай жанашырлық 

танытатын  ұстаздарға  бірден  бауыр  бастық. 

Ал  әрбір  студент  үшін  өзімен  төрт  қысын,  төрт 

көктемін, төрт, күзін бірге өткізетін группаластың 

орны тіпті ерекше. Біз топта сегізбіз: жеті қыз, «арпа 

ішінде бір бидай» жалғыз Ақжолымыз бар. Бұл да 

бір қызықты сәт болар: үш жыл қатарынан сен ер 

баласын ғой деп еш нәрсеге араластырмаған біз, 

соңғы курсқа келгенде «еркек тоқты құрбандық» 

деп  мемлекеттік    емтихандар  мен  бағымыз 

шешілер шақта барлық нәрсені бастау бақытына 

ие  қылып  қойдық.  Шынайы  достықтың  мекеніне 

айналып, қаншама жанға өмір бойы жан дауасы, 

қиыншылық  пен  қуанышты  қатар  сезер,  өзіңнің 

жақыныңдай болып кететін дос сыйлай білетін осы 

ғимарат киелі, қастерлі демей көріңіз. 

Кейде Мұқағали ақын айтқандай «Жалындат 

деп от берген, жауыңды ат деп оқ берген» жастық 

шағым текке өтпеді ме деген ой келеді басыма? 

Әрине  тау  қопарып,  атымды  әйгілі  етпесем  де, 

университеттің бір керегіне жарағанымды қуаныш 

санадым. Бұл орайда менің студенттік өмірімнің 

жарқын  беттері  өзін-өзі  басқару  орталығында 

болған кезім. Жас болсақ та, бас болып өзіңмен 

қатар  сан  студентті  соңына  ерітуге  мүмкіндік 

берген, өз бойымдағы қабілеттерді анықтауға көп 

септігін тигізген, күрделі жұмыстар атқарта оты-

рып, көп нәрсені үйретін, адамды жан-жақты болуға 

тәрбиелейтін, өмірге деген көзқарасы бір, уақытым 

текке өтпесе екен деп жүгіретін, мамандығы басқа 

студенттерден достар табу мүмкіндік беретін бұл 

орталық  өзгеше  мектеп.  «Тәрбие  тал  бесіктен 

басталады»  деп  жатамыз,  бірақ  кейде  сені 

қоршаған адамдардың саған әсері көбірек болып 

кетіп,  тәрбиені  сенің  айналаң,  қоғам  беретіндей 

болып көрінеді. Әрбір ұйымдастырылған концерт, 

кездесу,  шаралардың  басы-қасында  жүріп, 

бір  нәрсе  қолыңнан  келетініне  сенімді  болу 

адамға  ерекше  әсер  қалдырады.  Жастар  даму 

орталығында өткізген қызықты да қиын күндерімді 

ешқашан ұмытпаспын.

О с ы л а й ш а ,  қ а с  қ а ғ ы м  с ә т т е  с ү й і к т і 

университетімізді аяқтайтын да кез жетті. Қимастық 

сезім басым. Еліміздің білім беру жүйесінде ойып 

тұрып өз орнын алған, бір ғасырлық таяу уақытта 

өз  дәстүрі  мен  келбетін  қалыптастырған  дәл 

осы  қара  шаңырақта  білім  алғанымды  мақтан 

тұтамын. Талай дарындылар мен жалындыларды, 

білекілер мен жүректілерді тәрбиелеген бұл білім 

ордасының мерейрі асқақ, аты да ыстық. Қоштасар 

сәтте, төрт жыл бұрын білім алсам, өмір көрсем 

деп  келген  аңғал  да  аңқау  қыздан  «өмірдің  өзі 

күрес»  деп,  қашанда  алға  қарауға  үйреткен,  өз 

ісінің шебері, маман жасаған, маман болсаң да, 

бастысы  қашанда  қолдау  көрсетіп,  адалдыққа, 

қамқорлыққа,  «адам  деген  асыл  атқа»  лайықты 

болуға үйреткен сыры мен сиқыры мол бұл ордаға, 

барлық ұстаздарға  шексіз алғысымды білдіремін. 

Айбының  мен  атағыңа  сызат  түспесін,  еліміздің 

болашағы  -  жас  ұрпаққа  білім  беруде  жұмысың 

оңға басып, асқақтай бер!



Айсара БӨЛЕКБАЕВА,

филология факультеті «Филология: 

қазақ тілі» мамандығынының түлегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет