Евразийский экономический союз перспективы развития


 жылдың 13-14 маусымында Атырау қаласында Қазақстанның және Қырғызстанның  еңбек сіңірген қайраткері



жүктеу 6.22 Mb.
Pdf просмотр
бет5/6
Дата21.03.2017
өлшемі6.22 Mb.
1   2   3   4   5   6

2014 жылдың 13-14 маусымында Атырау қаласында Қазақстанның және Қырғызстанның  еңбек сіңірген қайраткері, 

көрнекті композитор, жазушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ құрметті профессоры, музыка зерттеуші Ілия Жақановтың 

атындағы «Еділ мен Жайық» халықаралық фетивалі өтті. 

Осы  әншілер  додасына  Батыс  Қазақстан  облысының 

атынан музыкалық білім мамандығының оқытушысы Дастан 

Есентеміров  және  облыстық  филармония  әншісі  Ернар 

Өмірәлі  дуэті  қатысып  ГРАН-ПРИ  иеленсе,  М.Өтемісов 

атындағы  БҚМУ  атынан  музыкалық  білім  мамандығының 

3  курс  Ислямов  Асылан,  Рамазанов  Данияр,  Насибуллин 

Нұртай,  Жұмаев  Азамат  есімді  студенттерінен    құралған 

«БатысStar»  тобы  қатысып,  жүлделі  2  орынға  ие  болды. 

Аталған  «БатысStar» тобының  жетекшісі Республикалық және 

Халықаралық    байқаулардың  лауреаты,  әнші  –  композитор,  

музыкалық білім кафедрасының оқытушысы Қуаныш Кисметов. 

Байқауға республикамыздың Қарағанды, Павлодар, Алматы, 

Ақтөбе,  Орал,  Тараз,  Шымкент,  Атырау  және  Қытай  Халық 

Республикасынан  26  қатысушы  өз  өнерлерін  ортаға  салды. 

Өнер сайысын бағалаған қазылар алқасы: төрағасы ҚР еңбегі 

сіңген әртісі, әнші, профессор  - Л.Кесоглу (Алматы), ҚР еңбегі 

сіңген мәдениет қайраткері, әнші-композитор  – Д. Қажымов 

(Алматы), ҚР еңбегі сіңген әртісі, әнші  – С. Жанпейсова (Тараз), 

ҚР  мәдениет қайраткері, композитор – Е. Нұрымбетов (Орал), 

ҚР мәдениет қайраткері, әнші – И. Расылхан (Алматы).

Өнер қырандарының өрелі жеңісі



№ 5 (900) маусым 2014 жыл

10

МАХАМБЕТ 



дауысы 

Аз сөйлер де көп тыңдар,

Қас асылдың баласы. 

№ 3(9), маусым, 2014 жыл

(Голос Махамбета - Makhambet’s voice) 

“Махамбет” ғылыми-зерттеу орталығының жаршысы

 Студент туындысы



“Махамбет дауысы”- (“Голос Махамбета”- “Makhambet’s voice”) жаршысының жауапты редакторы - А.С.Қыдыршаев, 

тілшілері - Гүлнұр Исмағұлова (орталық әдіскері), Мөлдір Латифова (“Филология: қазақ тілі” мамандығы, 02105-топ)

Патриот маман болуға 

арналған шеберлік сағаты

Батыр баба рухы



(новелла)

Алла үйінде шырқалған имамның сазына иіген халықтай, 

аудиторияда дәріс оқыған оқытушының қоңыр дауысы елітіп, 

ұйып тыңдап отырған студенттер үстіне тас түсіргендей есікті 

жұлқи ашып, біреу кірді. Салдыр-гүлдір еткен оның киіміне көз 

тастамау осы сәт мүмкін емес еді. Басында кәдімгі батырлар 

жырында  айтылатын  дулыға,  сауыт  киген,  иығында  асулы 

қылыш бар. Бір қызығы бұл кісінің үстіне киген киім барлығына 

таныс, ол мұражайда ешкімнің аса назарына іліге қоймаған, 

батырдың киімі. Ал ең қызығы оны дәл қазір киіп тұрған адам 

өмірде  батыр  болмақ  түгілі,  шыбыннан  қорқатын  өзіміздің 

Мерген. Аудиториядағы студенттер әуелі аңтарылып қалса 

да, кейін бар мән-жайға қанық болған соң, ішектері үзілердей 

күлді. Біреулері: - Мерген, немене жынданғанбысың?

-  Өй,  ол  бұрыннан  есі  кіресілі-шығасылы  еді,  сорлы 

әбден сорлаған екен!-десті. Бірақ Мерген бұрынғыша көзін 

сықитып, маржандай тістерін ақсита күлген жоқ. Қайта қабағы 

қатуланып, көзі от шашып тұрды. Дәл қазір маңына жолаған 

кез-келген адамды күл қылып жіберуге дайын еді. Ал мұның 

астарына өткен күні болған оқиға себеп. 

Аппақ қардай денесін жел тимеген, нәзік те сүйріктей ұзын 

саусақтары  жастығын  қапсыра  құшақтап,  Мерген  қамсыз 

ұйқыда жатты. Безілдеуік безбүйрек шырылдап оятпады бүгін.  

Көктем таңы атып, терезе әйнегінен күн сәулесі сызыла түскен 

кезде бөлме ішін жылулық пен мейірімділікке ұқсас тылсым 

күш билеп жатты. Мерген ол кезде де маужырап ұйқысынан 

ояна  қоймады.  Дүние  астан-кестен  болып,  төңкеріліп  жа-

тырса  да, өзінің оянатын түрі байқалмады. Мазасыздықты 

тудыратын  мазасыз  адам  бөлме  есігін  ашып,  шәңкілдеп 

кеп, бұны бүйірінен түйгіштеп оятуға қам жасағанда барып, 

ол  оң  жақ  қапталына  аудырылып  түсті.  Жіпсиген  көздерін 

уқалап, мысықша керілгенде арық денесі одан сайын ұзарып 

кеткендей. 

Мерген-он тоғыз жасар студент. Оқу оқып, білім,ғылым 

қуып бас қатырып жүргені шамалы, тек әйтеуір көшедегі аяқ-

киім  тоздырушылардың  қатарынан.  Қос  құлағын  тығындап 

алып, шашын қыздарша өсіріп, кең маңдайының бір бөлігін 

жасырып,  бұтына  тыртиған  шалбар  киіп,  үстіне  онсызда 

арық денесін одан әрі шидей етіп көрсететін бүгінгінің тілімен 

айтқанда «футболка» киіп жүреді. Жарықтықтың жүрісінде  

ер адамға сай бір тамшы қасиет жоқ, қайта сызылып, аяғын 

санап басып, қыздарша қылық танытады.  Сол жүрісіне са-

лып,  жайбырақат  келе  жатырған  Мерген  орталық  көшенің 

қиылысымен өте бергені сол оң жақ қапталынан қарайып бір 

нәрсе өзіне қарай жақындап келетінін байқады. Қара көлеңке 

бір уақытта қарсы алдына тұра қалды. Мергеннің зәресі зәр 

түбіне кетті.  

- Сен!-деді әлгі көлеңке зілді үнмен тіл қатып, қазақтың 

маңдайының соры! Азған ұрпақ! 

- Ссі-і-з...кімсіз?

- Өй, өңшең азғын! Сенің ата-бабаңмын!-деді. Мерген сол 

кезде барып, өзінің Махамбет батырдың ескерткіші жанынан 

өтіп бара жатқанын ұғынды. Ұғынғанымен өзін әлі де өң мен 

түсін ажырата алмай дал болып тұрды.  

Кеш түсе Мерген үйіне қайтты. Аяғы талып, зілдей тас 

байлап алғандай ауыр тартады. Енді бірер қадам да аттарға 

қауқары жоқ. Керуетіне төрт тағандап барып құлады. Денесі 

дел-сал күйде... Ұйқыда жатқан Мергеннің бөлмесіне есікті 

жарып өтіп қара көлеңке кірді. Суреті жоқ сұлбасы ғана бар 

мұрын пыс-пыс етіп дем алады. Қара көлеңке Мерген денесіне 

қарай еңкейді, ұйқыда жатқан дене кенет бұлқынып, керуетке 

сыймай кетті... 

Кіре  берісте  сұстиып  тұрып  қалған  Мергенге  оқытушы 

сабырлы үнімен: 

  - Киіміңді ауыстырып кел, қалжыңыңды түсіндік. Содан 

кейін сабақ тапсыр деді. Тіл қатайын деді де Мерген тәніндегі 

Махамбет жаны үнсіз қалды. Мына өмір, өткен күннен бір тамшы 

да із қалмапты, барлығы өзгеріпті, әлгілердің киім киісі де бөлек. 

Өзін басқа әлемге түскенін анық сезді. Еңсесі түскен батыр 

дәлізбен жүріп сыртқа шықты. Көше кезіп келеді. Дөңгеленген 

дүние жалғасын тауып, сырғыған уақытқа бағынған адамдар 

тіршілік қамымен сандалып жүр. Төрт доңғалақты, төбесі жабық 

арбалар қаптаған. Махамбет ұзақ ойланды. Өзінің ақыры мына 

әлемде өмір сүре алмасын ұқты, қайтпақшы болған ол кенет 

өзінің жаны тұрақтаған Мергеннің өмірін ойлады. Өмірде дәл 

бүгінгідей меңіреу қалпы жүре беретін болса не болмақ?!

Бәлкім  сиқыр  дер  біреулер,  ал  кейбірі  жай  өзі  өзгерді 

дер, кей адам мән де бермес, бірақ сол күннен бері Мерген 

мүлдем  басқа  жан  болып  өмір  сүреді.  Бұрынғы  қыздай 

сызылған жүрісінен ешқандай із жоқ, сабырлы адымдайды, 

ілмиген  иықтары  іріленгендей,  еңселі  ер  азамат  болыпты. 

Қазір қаладағы бар кітапхананың табалдырығын тоздырып, 

бас алмай кітап оқиды, шұқшиып бір нәрсе жазып отырады. 

Көп  ойланып,  бұрынғыша  орынсыз  күлмейді.  Өмір  жайлы 

толғанады. Тіпті өз пікірін шаршы топтың алдында жайып са-

лады. Бұрын Мергенді мазаққа айналдырып жүретіндер, қазір 

одан үлгі алады. Оның аузынан шыққан әрбір сөзде кішкентай 

болса да ақыл, даналық лебі байқалады. Иә...Өмір ғажап қой! 

Бірде сүріндіреді, бірде сүйсіндіреді. Күлдіріп тұрып жылатады, 

жылата тұрып күлдіреді...

Қас қарайып қалған шақ. Мерген орталық көшемен жүріп 

келеді. Оң жақ қапталында өрлік пен ерліктің айнасы, қазақтың 

маңдайына  біткен  жарқын  жұлдызы,  өр  рухты  Махамбет 

батыр ескерткіші тұр. Бүгін көзіне ерекше түсті, бұрын-соңды 

осы көшеден қанша өтсе де, дәл бүгінгідей оның қасиеттілігін 

ешқашан сезінбепті. Ал Мергеннің дәл осылай өзгеруіне не 

себеп болды?..

Әйгерім САРСАНОВА, 

02305-топ студенті

(«Филология: қазақ тілі» мамандығы)

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың    «Қазақстан  жолы  -  2050:  бір 

мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Қазақстан 

халқына  Жолдауында  егеменді  дамудың  22  жылында 

барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының 

іргетасын  қалаған  басты  қ ұндылықтар  ретінде  ел 

тәуелсіздігі мен Астанасы; ұлттық бірлік, бейбітшілік пен 

келісім; зайырлы қоғам мен руханият; индустрияландыру 

мен инновацияға негізделген экономикалық өсім; еңбек; 

тарих,  мәдениет,  тіл;  ұлттық  қауіпсіздік,  бүкіләлемдік, 

өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуды 

баса  атайды.  Осы  құндылықтар  арқасында  жеңіске 

қол  жеткізіп,  елімізді  нығайтып,  ұлы  жетістіктерімізде 

еселегенімізді, жаңа ұлттық патриотизмнің идеялық негізі 

осы мемлекет құраушы  жалпыұлттық  құндылықтардан 

бастау  аларын  көрегенділікпен  межелей  білуі  кеудеге 

қ у а н ы ш   т о л т ы р а д ы .   Е л б а с ы н ы ң   «М ә ң г і л і к   е л» 

патриоттық идеясын іс жүзінде жүзеге асыру бағытында 

университетімізде  кешенді  шаралар  ғылыми  негізде 

ұйымдастырылуда.  Білім  ордасының  студенттеріне 

ордалы  ой  қосқан  сондай  шараның  бірі  –«Махамбет 



баба  мектебі    -  ұлттық  патриоттық  тәлім»  (Ақын 

шығармашылығына  негізделген  тіл  сабақтарындағы 

кешенді  тіл ұстарту  тренингілерінің фрагменттері) 

т а қ ы р ы б ы н д а ғ ы  п р о ф е с с о р  Аб а т  Са т ы б ай ұ л ы 

Қыдыршаевтың  шеберлік  класы.  Аталмыш  шараны 

мамыр  айының    5-сі  күні  «VI  Махамбет  оқуларына» 

о рай л ас тыра  «Ма хам б ет»  ХҒЗО  ұ йым д ас тырды. 

Шеберлік  класының  кіріспе  сөзін  конференция  қонағы, 

Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  Махамбет 

атындағы  республикалық  сыйлықтың  иегері,  ақын 

Қойшығұл Өмірұлы Жылқышиев алып, махамбеттанудың 

қыр-сырына  бойлай  келе,  студенттер  тарапынан  қолға 

алынған  ізденістердің  құндылығына  ризашылығын  

білдіріп, елін сүйген тұлға ғана ерлік істейтініне тоқталды.

Аталмыш  шеберлік  класының  алғашқы  бөлімінде 

студенттер  Махамбет  ақын  өлеңдерін  қазақ,  орыс, 

ағылшын,  түрік,  қытай  тілдерінде  нақышына  келтіре, 

образ ға  ене  оқып,  аудитория ға  ерек ше  эс тетика 

сыйлап,  тыңдаушылардың  құлақ  құрышын  қандырды. 

Одан  әрі  шеберлік  класының  модераторы,  профессор 

А.С.Қыдыршаевтың  нұсқауымен  тренинг  тренерлері 

Нұржауған  Берекенова  (02302-топ),  Ольга  Рапацкая 

(02207),  Райхан  Кенжебай  (02303),  Айнұр  Игібаева 

(02305),  Гүлсая  Шынтемірова  (02304),  Нұргүл  Қаблан 

(023 05),  Діл дә  Абато в а  (023 02)  бас та ғ ан  З  к у рс  

студенттері,  келешек  тіл  мамандары  дүлдүл  ақын 

Махамбет  шығармашылығына  негізделген  кешенді  тіл 

ұстарту тренингілерінің фрагменттеріне (Тұлға моделін 



құрастыру,  сөзжұмбақ,  ребус,  эссе,  ақын  сөздігі,  тіл 

сабағындағы сурет, танымдық тапсырма, анаграмма, 

ұйқас  өлеңдер  құрастыру,  ойтолғақ,  рецензия,  әзіл 

өлең,  реферат,  синонимдер  сөздігі,  фантастикалық 

новелла,  патриоттық  тіркестер  (ұрпаққа  арнау), 

мақал-мәтелдер  шоғыры,  проблемалық  жағдаят, 

аударма  нұсқалары,  фразеологизмдер  топтамасы, 

афоризмдер  қолданысы,  өлеңдер  циклі,  кроссворд, 

криптограмма  құрастыру,  тіл  дамыту  тренингілері, 

т.б ) кезек берді. 

Мақсат  –  әр    студентке  сапалы  ой  тудырып,  алған 

теориялық білімін практикамен байланыстыру, болашақ 

мамандарды мамандықтарына сәйкес кәсіби іскерлікке 

баулу. Осы бағыттағы білік-дағдыларды игеруге талпынған 

студенттер  шеберлік  класында  ерекше  белсенділік 

танытты. Бір ғажабы студенттердің алдын-ала берілген 

тапсырмаға  сәйкесті  әзірлеген  тренинг  фрагменттері 

жеке жинақ ретінде баспадан жарық көрмек. Махамбет 

баба  мектебінің  тағылымында  туындаған  шеберлік 

класының  соңында  іске  шығармашылық  тұрғыда  келе 

білген  патриот  студенттерге  орталық  сертификаттары 

табыс етілді.

Махамбеттің  «Туған  ұлдан  не  пайда,  қолына  найза 

алмаса,  атаның  жолын  қумаса»  деген  жебелі  жыр 

жолдары бар. «Найза» сөзінің мынау бейбіт заманда тура 

мағынада қолданылуын басқа бермесін. Ал, біздің қазіргі 

«найзадай» қаруымыз – ажарлы ақыл, қайрақты намыс, 

мызғымас жігер, бәсекеге қабілетті білім. Көпшілік наза-

рына ұсынылған шеберлік класының  да тілге тиек еткені 

осы  жайт.  Әрбір  патриот  студентіміз  жұртшылықтың 

алдында  жасқанбай,  ақиқатты  астарлай  сөйлей  білсе, 

алар  асуларымыздың  аласармасы  даусыз.  Біздіңше, 

университет студенттерінің көкейіне асыл сөз үзіктерін 

себе білетін тағылымға толы іс-шаралар ауқымы кеңейе 

түссе нұр үстіне нұр.

 Мөлдір ЛАТИФОВА,

«Махамбет дауысы» жаршысының тілшісі


№ 5 (900) маусым 2014 жыл

11

 Көшбасшы тұлға сөйлеу мәдениеті



 Жауқазын

Сырым  Датұлы атындағы шешендік өнерге баулу бірлестігінің жаршысы

                     № 3(7), маусым, 2014 жыл

«Шешендік мектебі» («Школа ораторского искусства» 

- «School of oratory») жаршысының жауапты редакторы – 

А.С.Қыдыршаев, тілшісі – Мөлдір Серікқалиева (02105-топ,

         «Филология: қазақ тілі»  мамандығы)

Қ а д і р л і   о қ ы р м а н !   Ж а р ш ы м ы з д ы ң   ә р   с а н ы н 

назарларыңыздан  тыс  қалдырмай  оқыған  болсаңыз, 

университетіміздің  талай  жас  таланттарын  байқаған 

боларсыз. Жас дарындарымыз поэзияға ғана емес, проза 

жанрына да қалам тербеп, қиялында өрбіген туындыларын 

қағаз  бетіне  түсіріп  жүр.  Ізденімпаз  жастарымыздың 

шығармаларын  айдарымыздың  алдағы  сандарынан  оқи 

аласыздар. Ал «Жауқазын» айдарының бүгінгі парағында өз 

университетімізде өткен Халықаралық «Алаш» сыйлығының 

иегері, ақын А.Бақтыгерееваның 70 жасқа толу мерейтойына 

арналған «Далама, туған еліме жыр арнау-қарыз, борышым» 

атты  республикалық  жас  ақындар  мүшәйрасының  бас 

жүлде  иегері  Жадыра  Ерманованың  («Филология:қазақ 

тілі»  мамандығы,  02403-топ  студенті)  жыр  жауһарларын 

назарларыңызға ұсынамыз. 

Сіз және мен



(Ақын Ақұштап апаммен сырласу)

Парызымыз қайтсек, апа, өтелмек?

Қанағатпен бар тапқаным жетер деп.

Сіз бенен мен туған шағын ауылда

Он бес үйдей әлі отырмыз мекендеп.

Оза шабар  сөз бәйгесі дегенде,

Құмар едім бала кезден өлеңге.

Мықты ауылда туылыппын Сіз туған,

Мықты ақын шығар ма екен менен де?!

Өр Жайықтай кей кездері тасимын,

(Табиғатқа құдіретті бас идім).

Ауыл жайлы өлең жазып отырам,

Орынында Сіз туылған тас үйдің.

Бабамыздың рухы тұрған биікте,

Бұл өлкені Сіздей біреу сүйіп пе?!

Дұғам менен жырымды оқып қайтамын,

Жан әкеңіз жатқан анау бейітке.

Артта қалды өміріңнің жолы ауыр,

Қашан көрсек құшағыңыз тола гүл.

Бар қазаққа тұлғасыз Сіз, ал мені

Әлі дұрыс танымайды сол ауыл.

Сөзіңізден ұлағатты ұққам көп,

Өзіңізден өжет тілді ыққан көп.

Том-том еңбек жазып жатсыз, ал менің

Ең алғашқы кітабым да шыққан жоқ.

Бұл күндері көңілімде мың күдік,

Мың күдіктің ішінде бір тұрды үміт.

Сіздегі бақ қонар ма екен маған да,

Атыраулық алып кетсе бір жігіт?!

Қай кезде де жақсылыққа жанастың,

Туған елге қамқорлықпен қарастың.

Сізді бәрі көрсем дейді, ал ешкім

Елемейді қара қызын Тарастың.

Жерлестерім – жанашырым. Далам – құт.

Бақылайтын қадамыңды дәл аңдып.

Аман болсын біздер туған сол ауыл,

Екі қызға тілейтін тек амандық.

Қоқыс жәшігіндегі шарана мұңы

Іңгә, іңгә, мама, мені тастама!

Қайда асықтың жанарыңнан жас тама?

Сіз бермеген жан жылуын төгер ме,

Мейірімсіз, тас жүректі тас қала?

Маматай-ау, қате бастың жол үстін,

«Өлтірем» деп неге дәрі көп іштің?

Кең дүниенің ашсам-дағы есігін,

Жәшігіне тастап кеттің қоқыстың.

Бақыт таңы келмес енді бізге атып,

Сіз барасыз омырауды сыздатып.

Телмірумен темір жәшік ішінде,

Мен жатырмын тұла-бойға  мұз қатып.

Мен жатырмын, нәр татпадым, қарным аш,

Қанатымен су сеппейді қарлығаш.

Мама, өзің сипамаған маңдайды,

Ит иіскеп бара жатыр қаңғыбас.

Қалай ғана жан сырымды жасырам?

Мына жәшік күл-қоқыстан тасыған.

Аппақ сүтті армандаймын, ал мұнда

Арақ исі мүңкіп жатыр сасыған.

Бәйшешектей жас ғұмырым жұлынды,

Сенен басқа кім тыңдайды мұңымды?

Тар қапасқа лақтырғанша, анашым,

Тал бесікке бөлесеңші ұлыңды.

Іңгә, іңгә, мені өмірге әкелдің,

Алып кетші үнін естіп бөпеңнің.

Уайымдама, жүрегіңе жара сап,

Кім екенін сұрамаймын әкемнің.

Өкініштен жас толады көзіме,

Неге құлақ аспай кеттің сөзіме?

Мама, сені енді ешқашан жылатпай,

Өсер едім қорған болып өзіңе.

Мама, балаң тағдырына налиды,

Сары аяз күн денемді әбден қариды.

Бұл жәшіктен жаны жомарт жандар кеп,

Байқар ма екен тастап кеткен сәбиді?!

Әй, қайдам!?.

Аудиториямызды тани білеміз бе?

Шешендік теориясының білгірі А.Ф.Кониға сүйене ой - өрсек,



 

тыңдаушылардың назарын аудару үшін, қысқалық, ширақ сөйлеу, 

көңілді сергітетін қысқа қайырым-шегіністер болса нұр үстіне нұр



. 

Тілдік қарым-қатынастың қай-қайсысы да сөйлеуші мен тыңдаушы 

арасындағы  байланысты  аңғартады.  Осыдан  туындатсақ,  сөз 

сөйлеушінің міндеті-аудиторияны тыңдата білу. Осы себептен де 

сөйлеуге даярлануды бастамас бұрын, аудиторияны зерттеп алудың 

өте маңыздылығын баса айтқан болар едік.

Біздіңше,  көшбасшы  іскер  студенттің  сөз  сөйлер  алдында 

өзіне қояр сериалды сауалдары болғаны жөн. Мәселен, сөйлеуші 

тарапынан айтылар мәселелер аудиторияға не себептен қызықты 

болуы мүмкін?  Бұл неден көрінбек? Бұған дәлеліміз қайсы? Олар 

сөз сөйлеушіні тыңдағысы келе ме? Әлде белгілі бір қажеттіліктен 

не тіпті амалсыздан келіп отыр ма? Олардың сөз сөйлеуші туралы 

ойлары қандай? Сөйлеу барысында аудиторияның пікірін өзгертуге 

тура келе ме? Сөйленер сөздің тақырыбы туралы олар қандай 

ойда? Олардың бәрі бір деңгейлес ойлай ма? Тыңдаушылардың 

көңіл-күйі қалай болуы мүмкін? Бұл сауалды сөз сөйленер күні 

қайтара қою дұрыс, сәйкесінше сол күнгі аса қажетті жаңалықтарды 

тыңдаңыз. Бір ескерері, сөз сөйлеуші қателесуді жоққа шығара 

алмасы анық. Сондай-ақ, сауалдар сапына шешім қабылдау үшін 

шешен сөзі қаншалықты маңызды? Олар шешеннен не күтеді?  Сөз 

сөйлеуші аудиториядан не күтеді? Қандай жауаптар қайтарылуы не 

іс-әрекеттер болуы мүмкін?

Ащы да болса шындық, қашан да тыңдаушылар арасында бізге 

беймәлім жасырын тұрғыдағы жоспарлы негізгі идеямызға кереағар 

қарсыластардың болуы әбден мүмкін. Сөз сөйлеу сәтті өткен сайын, 

жасырын қарсы тұрудың бас көтеруі әбден ықтимал. Бұл ретте негізгі 

идеяға кім қарсы келуі мүмкін? Олар: тікелей қатысты болмаса да, 

қозғалған кейбір мәселеге қатысы бар адамдар;  ұсынылып отырған 

іс-әрекеттерден өздері үшін немесе өздерінің саласы үшін қауіп 

күтетін адамдар; тікелей бәсекелес адамдар.

Аудитория тарапынан жағымсыз қабылдау боларын алдын-ала 

ескерген жағдайда не істеген жөн? Бұндай жағдайда сөйлеу кезінде 

туындауы мүмкін жағымсыз сауалдарды мейлінше көбірек анықтай 

келе, оларға жауап берілген жөн. Тыңдаушылар тарапынан қойылуы 

мүмкін сауалдарды  алдын-ала болжай білген орынды. Егер де сөз 

сөйлеу сәтіңіз олардың идеясына қарсы келер болса, онда жоғарғы 

айтылған қос ұстанымды да қатар ескеруге ұмтылғайсыз. Сөйлеу 

сәтінде тыңдаушылардың білгісі келген тұстарын қанағаттандыра 

алмасаңыз, онда сұрақтарға жауап беруге даяр болғайсыз. Сөзіңізді 

(әсіресе, саяси тақырыпта сөйлесеңіз) сыни ескертпелермен бөлуі 

әбден мүмкін екендігіне даяр болыңыз.

Сондай-ақ жасырын жоспарлы әрекеттің болуы әбден мүмкін. 

Іскерлік шағын мәжілістерге қатысатын адамдардың көбіне-көп 

нақты іс-әрекеттен тұратын жоспары болуы тиіс. Шағын топпен 

презентация  жасауда,  не  олардың  алдында  сөз  сөйлеуде,  не 

іскерлік мәжілістерге қатысу үстінде онда кімдердің болатындығы; 

тыңдаушылардың  қандай  ерекшеліктері  барлығы,  қандай 

мәселелер  туралы  қам  жейтіндігі;  жекелей  алғанда  әрбір  топ 

мүшесі неге қол жеткізгісі келетіндігі  (Атақ-даңққа ма? Билікке 

ме?  Белгілі  бір  жауапкершілікке  ме?  Еңбекақының  өсуіне  ме? 

т.б ); кейбіреулерге қауіп-қатер туғызарлық осы орайлас сезімге 

келтірер жағдайға ыңғай берілді ме? Жасырын жоспарлы әрекетке 

қарсы не істеу керек? Сөз сөйлеу үстінде мүмкіндігінше олардың 

жасырын жоспарларына қатысты үн қату (яғни, «мұның, әсіресе, 

сізге қатысты екендігін бәріміз де түсінеміз. Осы жоба бойынша 

сіздің  көрсеткен  көмегіңізді  шын  мәнінде  жоғары  бағалаймыз» 

тұрғысында). Мүмкіндігінше қамқорсуды азайтып, тыңдаушылардың 

эгоистік пиғылдарын қанағаттандыруға да орын бөлу артық емес 

екендігін ескеру жөн.

Айтылғандарға  қосымша  бұл  орайда  олқылау  тұсымызды 

байқап қалатын не бізге мән бермей қарайтын (місе тұтпайтын) 

адамның  алдыңыздан  шығарына  күнілгері  даяр  болу  керек. 

Пікірталастың инициативасын жалқы біреудің өз ыңғайына қарай 

бұрып әкетуіне мүмкіндік бермеген жөн. Негізгі  мәселеге қайтара 

оралып отырған дұрыс болар еді. Өз бағыт-бағдарын жақсарту 

мақсатында  сөз  сөйлеушіні  ыңғайсыз  жағдайға  қалдыруға 

тырысып бағар адамдармен бетпе-бет келуге әзір болу жөн. Егер 

де  тыңдаушылардың  лауазымдары  жоғары,  өзіндік  салмақты 

орындары бар екендігі туралы алдын-ала айтсаңыз, олар сөзді 

бұза  қоймасы  анық.  Десек  те,  қорғануды  естен  шығармау  жөн. 

Қашан да салқынқанды қалыпта қалу тиімді. Өзіңіз мүлдем күтпеген 

қарсыласыңыздың  іс-әрекетіне  даяр  болу,  қашан  да  байсалды 

қалыпта бола білу, мәдениетті түрде күн тәртібіне оралуды өтіну 

орынды болмақ.

Жасырын  іс-әрекетке  қарсы  жоспар  жөнінде  айтар  болсақ, 

бұл  ретте  мәжілісті  қашан  және  қайда  өткізсек  те,  онда  кімдер 

болатындығын  ойлану;  Оларда  қандай  жасырын  жоспарлы  іс-

әрекет болуы мүмкіндігін ескеру, олардың күн тәртібінен тыс нендей 

мәселелер туралы сұрауы мүмкіндігін де аңғару керек-ақ.

Сөйлеу  сәтіндегі  аудиторияны  бағалау  аса  маңызды. 

Аудиторияны  бағалау  үшін  өзіңізге  бірқатар  сұрақтар  қоюдың 

еш  артықтығы  жоқ.  Мәселен,  Топ  соншама  ұланғайыр  ма? 

Аудиторияның жас мөлшерлік шамасы қандай болмақ? Олардың 

қызығушылығында  ортақтық  бар  ма?  Тыңдаушылардың  білім 

деңгейі қандай? Олардың экономикалық тұрғыда даярлығы қандай? 

Тыңдаушылар әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған ба? Бұл тұсқа 

саяси фактордың қатысы бар ма? Тыңдаушылардың ішіндегі ер 

адамдар мен әйел адамдардың ара қатынасы қандай? Сөйленер 

сөзімізден оларға келер пайда қандай болмақ? Осы аудиторияға 

сөйлер сөзіміздің ерекше мәні неде?

Аудиторияға баға берілгеннен кейін сөйлеу тілімізді мұқият 

ойланып алған жөн. Бұл ретте назар аударылар бір шоғыр мәселелер 

бар. Мәселен, Тыңдаушылар арнайы терминдерді түсіне ме? Белгілі 

бір тұсты түсіндіру не сол тұсқа қатысты нақты дәйексөз келтіру 

қажет пе? Аудиториямен ешқашан да жоғары тонда сөйлеспеу 

(Мәселен, «Бұның не екенін сіздер білмейсіздер, сол себептен 

де сіздерге түсіндіруге мәжбүрмін» деген тұрғыдағы сөйлемдерді 

мүлдем қолданбау. Мұның орнына «Бәріміз білетіндей...» деген 

тіркестерді қолданған абзал); Өзіндік біліміңізбен жоғарғыларға 

әсер қалдыруға ұмтылмау. Себебі шешім қабылдау үшін, ең керегі 

жай ақпарат қана. Өзіңіздің әрбір сөйлеген тұсыңызда «диссертация 

қорғаудың» қажеті жоқ; Тыңдаушылардың бірін ренжітіп аларлықтай 

терминдерді, иллюстрацияларды не мысалдарды қолданбау.

Аудиторияны тани түсуде әзілдер мен анекдоттардың да өзіндік 

орны бар. Бұл орайда аудиторияны жандандырамын, қозғалысқа 

келтіремін деп тақырыпқа қатысы жоқ қызықты оқиғаларды айтпау 

дұрыс. Айтар әңгімеңіздің негізгі тақырыпқа тікелей қатысы болу 

керек. Әсіресе, күлкілі оқиғаларды айтпау жөн. Тыңдаушылардың 

көңіл  көтеруге  емес,  бір  нәрсе  білуге  келгені  аян.  Бірақ  та  бұл 

презентацияның  ұйымдастырылу  жағынан  тиімді,  тыңдауға 

жағымды болмасын деген сөз емес, керісінше, тап солай болуға тиіс; 

Егер ретін келтіре алмасаңыз, мүлдем әзілдемеу дұрыс. Әзілдесу 

ретін екінің бірі біле бермейтінін ескергейсіз; Тыңдаушылардың бірін 

ренжітіп аламын деп ойласаңыз, күлкілі   оқиға не анекдот айтпау, 

иллюстрациялар қолдануды кейінге қалдыру орынды.

Қысқасы, жоғарыда айтылған кеңестерді ескергенде ғана белгілі 

бір аудитория алдына шығып сөз сөйлеуде табысқа қол жеткізеріміз 

даусыз.


А.С.ҚЫДЫРШАЕВ, 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Каталог: images -> stories -> downloads -> gazetaorken -> 2013
2013 -> М. Утемисова. Международная научно-практическая конференция открылась приветствиями акима зко н. А. Ногаева и Генерального
gazetaorken -> Ұмытылмас есім
gazetaorken -> Мы студенты зкгу!
gazetaorken -> Нұрсұлтан Назарбаев
gazetaorken -> №2 (917) 29 ақпан 2016 жыл 1 марта 1995 года в Казахстане была
gazetaorken -> 8 января на факультете истории, экономики и права состоялся круглый стол, посвященный обсуждению статьи Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева «План нации путь к казахстанской мечте»
2013 -> №3 (887) ақпан 2013 жыл ПодПисан меморандум
2013 -> Программа «Серпін» в действии 2 стр
2013 -> 5 апреля состоялась пресс конференция с участием ректора зкгу им. М. Утемисова


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет