Эвтаназия и суицид



Дата05.04.2023
өлшемі14,47 Kb.
#79665

Эвтаназия и суицид


Орындаған: Медитпек Айсара 21-014 ТФП

Эвтаназия - (грек тілінен εὖ - жақсы, θάνᾰτος - өлім ) Әлдебір әрекетпен немесе құралдармен, соның ішінде оның өмірін жасанды ұстап тұрған аспаптарды сөндіру деген мағынада да қолданылады. Эвтаназия термині алғаш рет XVII ғасырда Ф.Беконмен “ жеңіл өлімді” анықтау үшін қолданып, XIX ғасырдан бастап “біреуді аяныштан өлтіру” деген мағынаны береді. Мұнда қиналуларды жеңілдету мақсатымен әдейі өлтіру туралы айтылады. “Эвтаназия” сөзімен “ауырсыну мен қиналуларды жоюды мақсат ететін” өлім мәніне әкелетін кез-келген әрекетті немесе керісінше әрекетсіздікті көрсетеді.


«Эвтаназия» термині қазір әртүрлі мағыналарда қолданылады: ауыр азапты бастан кешіріп жатқан адамдардың өлімін тездету; артық, қажеті жоқ адамдардың өмірлерін тоқтату (Мысалы, Т-4 бағдарламасы); өмір мен өлім арасындағы адамдарға көсетілетін қамқорлық, көмек (мысалы, хоспис); адамға өлу мүмкіндігін беру.
Эвтаназия -тікелей мағынада алғанда “адамдық емес”, “адамға сай емес”деп саналатын өмірдің қиыншылықтарынан қашу, шыдау мүмкін емес қиналуларды тоқтату үшін “аяныштан” ең аз ауырсыну мен қиналудан саналы мақсатты түрде өз еркімен жасалатын өлтіру. Басқа бір анықтама бойынша Эвтаназия деп — қандайда бір тұлғаның өз тілегі бойынша өмірін тоқтатуына бағытталған және бұдан еш пайда көрмейтін адамның қолымен орындалған әрекетті айтамыз. Қазіргі медицинада эвтаназияны қолданудың екі әдісі бар. Біріншісі, дәрігердің қатысуымен, яғни емделушінің өз рұқсатымен оған әртүрлі улы дәрілерді егу. Бір ескеретін жайт, мұндай жағдайда емделуші түбі өлімге апаратын айықпас дертке шалдыққан болу керек. Екіншісінде, дәрігер қатыспайды. Бұл тәсілді қолданған кезде де емделушінің пікірі ескеріледі. Біріншісінен айырмашылығы, мұнда науқастың өмірін ұзарту мақсатында ешқандай емдік шаралар жасалмайды. Қазіргі таңда мұндай жақсы өлім деп аталынып кеткен құбылысқа көптеген мемлекеттер заңды түрде рұқсат беріп те үлгерді. Және соған сай бұл сорақы әрекеттер орындалыпта жатыр. Мысалы, Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Швейцария, Германия, Албания, Жапонияда. Бельгияда 2014 жылы заң қабылданғаннан бері алғаш мәрте кәмелетке толмағанға эвтаназия жасалды, деп хабарлайды Euronews. Королдік - дауасы жоқ сырқатқа шалдыққан әрі «өз әрекетіне жауап беруге қабілетті» балаларға өмірімен қош айтысуға шешім қабылдауына рұқсат беретін әлемдегі жалғыз мемлекет. Эвтаназияны бақылау жөніндегі комиссия басшысы, профессор Вима Дистелманстің айтуынша, бұл ерекше жағдай болған: «Ең алдымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер жазылмайтын аурудың соңғы сатысына көп шалдыға бермейтінін айту керек. Екіншіден көптеген дәрігерлер ескі тәсілді қолданады: сырқатты жасанды комға енгізеді, содан соң паллиативтік седацияға өткізеді». Кәмелетке толмағандарды улы екпемен эвтаназиялау туралы заң Бельгияда осы рәсімді кәмелетке толғандарға заңдастырғаннан кейін барып 12 жылдан соң қабылданған. Ол бойынша баланың өзі өтініш беруі керек, ал ата-аналардан тек келісім беру ғана талап етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет