Әзірейіл емес едік…



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата22.12.2016
өлшемі3,8 Mb.
#250
1   2   3   4   5   6

ЖЫРТЫҚ ҚҰБЫРДЫҢ ЖЫРЫ

Оңтүстік облыстағы өткір мәселелердің 

бірі  –  ауыз  су.  Бұл  туралы  да  сенатор 

Қуаныш айтаханов айтып өтті. Депутаттың 

айтуынша,  Оңтүстік  Қазақстан  облысын-

дағы  бірқатар  елді  мекендерде  жер  асты 

су  көздерінен  су  шықпай  қалу  фактілері 

кездесуде.  Өйткені  осы  өңірдегі  жерасты 

су  қорын  анықтау  мақсатында  геология-

лық-барлау  жұмыстары  осыдан  30-40 

жыл бұрын жүргізілген. негізі, жер асты су 

қорлары әр 25 жыл сайын қайта барланып, 

 

? А л А ш т ы   А л А ң д А т Қ А н   с А у А л

А л А ш т ы   А л А ң д А т Қ А н   с А у А л

Сейдахмет 

ҚҰТТЫҚАДАМ, 

саясаттанушы:

Досым 

СӘТПАЕВ, 

Тәуекелді бағалау 

тобының 

директоры:

Айдос 

САРЫМ, 

саясаттанушы:

еліміздің кешенді әрі кәсіби ақыл-ой «фабрикаларын» құруға қажеттілікті сезінбей отырған жоқпыз ба?

– америкалықтар мұндай орталықтарды «ақыл-ой фабрикасы» деп те 

атайды.  Солардың  ішінде  ең  атақтысы  –  «РЭнД  Корпорэйшн».  Олардың 

атқарып жатқан жұмыстары орасан зор. Жұмыс істеу механизмі былай: ел 

ішіндегі  ең  ақылды,  тың  ойлайтын  ғалым  азаматтарды  жинайды. 

Мамандардың  жекебастарын  материалдық  жағынан  толық  қамтамасыз 

етеді,  тұрмысына  қажеттің  бәрін  тауып  береді.  есесіне  әлгі  мамандар  еш 

алаңдамай,  мемлекеттің  мүддесіне  жұмыс  істейді.  Оларға  «сен  мынаны 

істеуің керек, былай істеуің керек» деп саусақпен нұқып отырып тапсырма 

бермейді, биліктен қысым көрсетілмейді. Соның арқасында ғалымдардың 

көкейінде жасырынып жатқан – тың ойлар сыртқа шығады. Осындай орта-

лықтар Қазақстанға да өте-мөте қажет. Бір жылдары ақпарат министрлігінде 

қызметте  болғанымда  «эксперттік-сараптамалық  басқарма»  деген  атпен 

осындай  орталық  құрған  болатынбыз.  Өкінішке  қарай,  жарты  жылдай 

жұмыс істегеннен кейін тарап кетті. Қысқасы, еркін ой дамымай, елдің іргесі 

бекімейді дегім келеді. Меніңше, осындай бір орталық жасақтау керек.

– Батыс елдерінде, әсіресе аҚШ-та «ақыл-ой орталықта-

ры»  жақсы  дамыған.  Мысал  ретінде  аты  шулы  «РЭнД 

Корпорэйшн»  орталығын  алайық,  бұл  мекеме  алғашында 

әскери мақсатта құрылған. Кейіннен барып мемлекет ішіндегі 

өзге де арналарға бағытталды. Қазір олардың саны өте көп. 

Бір қызығы, олар мемлекеттік мекеме болғанымен, басқа да 

қаржы көздерімен бірігіп жұмыс істей береді. енді осы жүйені 

Қазақстанға  әкеліп  салатын  болсақ,  дәл  сол  күйде  жұмыс 

істеп  тұра  алады  деп  ойламаймын.  Олар  тәуелсіз  қалпын 

сақтап  тұра  алмас  еді.  Міндетті  түрде  билеуші  элитаның 

қолшоқпарына айналып кетеді. Сәйкесінше істеген жұмыстары 

да  шикі,  біржақты  болып  шыға  келеді.  Меніңше,  коммер-

циялық  көздер,  қорлар,  жекеменшік  мекемелер  немесе 

жекелеген  тұлғалар  қаржыландыратын  болса  ғана  Қазақ-

станда осындай орталықтар сәтті жұмыс істей алуы мүмкін.

– Жалпы алғанда, біздің ел үшін кешенді, кәсіби ақыл-ой 

орталықтары  ауадай  қажет.  Бүгінде  еліміздің  болашағы  не 

болмақ,  қандай  бағытты  ұстанған  тиімді,  ұлттық  мүддеміз 

қандай, отыз-қырық жылдан кейін, тіпті жүз жылдан кейін біз 

қандай геосаяси ортада өмір сүреміз, еліміздегі жағдай қалай 

өзгереді  деген  зерттеулер  мүлдем  жоқ.  Біздегі  талдау 

орталықтарының көбі, негізінен, бүгінгі күннің мәселелерімен 

ғана  айналысып,  бүгінгі  саясаттан  арта  алмай  келеді.  Оның 

өзінде  шынайы  талдаудан  гөрі  үгіт-насихат  басым.  терең, 

ұзақмерзімді  болжам  жасайтын  зерттеулерге  деген  сұраныс 

та  жоқ.  Саяси  партиялардың  барлығы  осындай  өнімге  зәру 

болса  да,  оған  қаражат  бөлуге,  тиісті  орталықтарды  құруға 

құлқы да, қаржысы да жоқ. 

Дайындаған Сәкен КӨКЕНОВ

бекітілуі  тиіс.  «Осыған  орай,  облыс  бо-

йынша  жер  асты  су  қорлары  запасын 

анықтау мақсатында республикалық бюд-

жеттен геологиялық-барлау жұмыстарына 

жыл  сайын  тиісті  қаржы  бөлінуі  тиіс»,  – 

деді  сенатор.  айтылған  жайды  айтаха-

новтың  әріптесі  сенатор  Орынбай  Рах-

манбердиев те қоштады. Мысалға, төлеби 

ауданының  орталығы  Ленгір  қаласының 

ауыз су құбырлары 1939-1954 жылдары 

аралығында  жүргізіліпті.  Жалпы  ұзынды-

ғы 146 шақырым. Онымен Ленгір қаласы-

ның  30  мыңға  жуық  халқы  ауыз  су  ішіп 

отыр.  алайда  әлі  күнге  дейін  бірде  бір 

күрделі жөндеуден өтпеген құбырлардың 

әбден  тозығы  жеткен.  55  жыл  бұрын  кө-

мілген  болат  құбырлардың  кепілдік  қыз-

мет көр сету мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. 

Соның салдарынан әр жерінен жарылып, 

тесілген  кұбырлар  халықты  сусыз  қал ды-

руда.  ал  санитарлық  талаптарға  сай  кел-

мейтін  су  құбырларының  жұқпалы  дерт 

ошағына  айналуы  кәдік  емес.  «Жоғары-

дағы кезек күттірмейтін себептерді ескере 

отырып, мүмкіндігінше 2010 жылғы рес-

публикалық  бюджетке  350  млн  теңгенің 

көлемінде  қаражат  қарастыру  қажет»,  – 

де ді О.Рах манбердиев. Әсілі, Ленгір қа ла-

сындағы  ауыз  су  кұбырының  құрылысы 

2010-2012  жылғы  республикалық  бюд-

жет есебінен қаржыландырылуы тиіс бо-

ла    тын.  тізімге  де  еніп,  2010  жылға  350 

млн теңге қа растырылу ұсынылған. алай-

да жобаның басталуы белгісіз себептермен 

2012 жыл ға қарай сырылып тасталған. 



Астана

Мансұр 


Х

а

М



ит

 (фо


то)

ШаРтаРаП


БҰҰ Қауіпсіздік 

кеңесі қауіпті ме?

Осындай өткір мәлімдемені БҰҰ Бас 

ассамблеясының  64-сессиясында  Ли-

вия көсемі Муаммар Каддафи айт ты.

Полковник  Муаммар  Каддафи:  «БҰҰ 

Қауіпсіздік  кеңесінің  қазіргі  құ рылымы 

ескірген  әрі  әділ  емес.  БҰҰ  Қауіпсіздік 

кеңесін  «Лаңкестік  кеңесі»  деген  атау 

дұрыстау  болатын  еді.  Қауіпсіздік  кеңесі 

құрылған күннен бастап бізді қауіпсіздікпен 

қамтамасыз  еткен  емес,  керісінше  үрей 

туғызып,  санкциялар  таратуда.  Оны  бізге 

қарсы пайдаланып отырғандар бар, сон-

дық тан  біздің  де  БҰҰ  қарарларын  сақ-

тауымыз міндет емес» деп мәлімдеді. айта 

кетейік, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі нің тұрақты 

мүшелері  –  Ресей,  аҚШ,  Ұлыбритания, 

Қытай және Франция болып саналады. 

ЯДРОЛЫҚ НАРЫҚТЫҢ БАСТЫ 

ОЙЫНШЫСЫ БОЛУ ҚОЛДАН 

КЕЛЕР...

Сауат Мыңбаев Қазақстанның әлеуеттік 

тұрғыда  әлемдегі  ядролық  нарықтың 

басты ойыншысы бола алатынын сеніммен 

хабарлады.  «Ядролық  энергетика  бола-

шақ та  әлемдік  баланста  өз  үлесін  артты-

рады.  Болжам  бойынша,  2050  жылға 

қарай энергетикалық ядролық реакторлар 

паркі шамамен үш есеге өспек. Қазақстан 

табиғи  уранның  айтарлықтай  қорына 

және  ядролық  отын  өндірісіне  ие  бола 

отырып, жаһандық тенденциялардан тыс 

қалмайды.  Қазақстан  әлеуеттік  тұрғыда 

әлемдегі ядролық нарықтың басты ойын-

шысы бола алады», – деді ол. 

ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАР 

ҒЫЛЫМСЫЗ МҰНАЙ ӨНДІРГІСІ 

КЕЛЕ МЕ СОНДА?

Ғылымсыз  еш  сала  алға  баспайды. 

Қазақстанда мұнай ғылымын дамыту ауа-

дай  қажет.  Форумда  сөз  алған  Прези-

денттің кеңесшісі нұрлан Балғымбаев осы 

мәселеге  азырақ  тоқталып  өтті.  Оның 

пайымдауынша,  әлемдегі  ірі  мұнай-газ 

компаниялары ғылыми зерттеулерсіз мұ-

най қорларын игермейді. «Сондықтан мұ-

най өнімінің негізгі өндірушісі – Қазақстан 

үшін  мұнай  ғылымын  дамыту  аса  қажет. 

Себебі біріншіден, бүгінгі таңда бізде жер 

қойнауының  4-5  мың  шақырым  терең-

дігінде  мұнай  қорлары  бар  екені  анық-

талған.  Осыған  орай  біз  болашақта  одан 

да  қиын  жағдайда  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізуге 

дайын 


болуымыз 

керек. 


екіншіден, әлі күнге дейін республикадағы 

барлық  мұнай  қоры  толығымен  зерт тел-

меген. Үшіншіден, болашақта теңіз аума-

ғында  экологиялық  таза  өнім  алу  тәжі-

рибесі  кеңінен  қолданылмақ.  Сондықтан 

бүгіннен  қалдырмай,  қазақстандық  ком-

паниялар  шетелдік  мұнай  ұйымдарының 

ғылыми-зерттеу  жобаларына  қатысып, 

тәжірибе  жинақтаулары  тиіс.  Өкінішке 

қарай,  қазіргі  кезде  ондай  жұмыстарға 

бірде-бір  отандық  компания  қатыспай 

келеді», – дейді н.Балғымбаев.



Астана

тМД


Днестр бойынан 

Ресей әскері әкетілмек

Молдованың  жаңа  билігі  Днестр-

де гі Ресейдің қарулы күштерін әкетуді 

талап  етуде.  Бұл  туралы  пар ламент 

спикерінің  міндетін  атқарушы  Михай 

Гимпу РФ президент әкімші лігінің бас-

шысы  Сергей  Нарышкинмен  болған 

кездесуде мәлім етті. 

«Ресей  приднестрлік  қақтығысты  рет-

теу мен өз әскерін шығаруды түсінеді деп 

ойлаймыз»  деген  Михай  Гимпудің  со-

нымен  қатар  екі  елдің  қарым-қатынасын 

шиеленістіргісі  келмейді.  Ресейдің  әскері 

бұл  аймақта  1992  жылы  шоғырланған 

болатын. Ресейге коммунистер билік еткен 

кезеңде  Молдова  үкіметі  де,  оппозиция 

әскер  шығару  туралы  талап  қойған  еді. 

Владимир  Ворониннің  өзі  бастамашы 

болған  әрекет  күні  бүгінге  дейін  жабулы 

қазан  жабулы  күйінде  қалып  келді.  Был-

тырғы жылы парламентте осы мәселе тал-

қыланып,  сол  кездегі  оппозиция,  қазіргі 

билік  өкілдері  Ресей  әскеріне  қатысты 

тМД саммитінде көтеруді ұсынды. алайда 

заң  шығарушы  органда  басым  көпшілік 

мандатқа  ие  болған  коммунистер  қарсы 

шыққан  болатын.  «Қазаншының  еркінде 

қайдан  құлақ  шығарса»  демекші,  Михай 

Гимпу  қазан  айының  8-9-ы  күндері  Ки-

шиневте  өтетін  тМД-ның  кезекті  самми-

тінде  осы  мәселені  күн  тәртібіне  шыға-

рамын деп алақанын ысқылап отыр.

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Мансұр 


Х

а

М



ит

 (фо


то)

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№167 (167) 



25.09.2009 жыл, жұма

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Жұмысқа қайта алмаса,

қайда, кімге шағымдансам болады? 

ІІ топ мүгедегі жеке кәсіпкерлікпен 

айналысса бола ма?

  Мектепте  1989  жылдан  бері  үзбей  жұмыс  істеп  келемін.  Өткен  қыста  мектеп  өте  суық  болып, 

бірнеше ай аллергиялық бронх демікпесімен ауырып, ІІ топ мүгедегі болдым. Осы ауру кәсіби ауруға 

жата ма? Жаңа директор жұмысқа алғысы келмейді. Осы заңды ма? Пенсияға 1,5 жыл қалғанда мен 

керек емес болып қалдым. Қайда, кімге шағымдансам болады? 

 Айғаным ТЕМІРӘЛИЕВА, Қызылорда облысы 

 Мен – ІІ топ мүгедегімін. Жеке кәсіпкерлікпен айналыссам деген ойым бар. 

Егер жеке фирма ашсам, менің қазіргі уақытта мүгедектігіме байланысты алып 

отырған  әлеуметтік  жәрдемақымды  қиып  тастамай  ма?  Оған  қоса  мен  үй 

кезегінде тұрмын. Фирма ашсам, үй кезегінен шығып қалмаймын ба? 

 Мұрат МАХАНОВ, Алматы қаласы 

Ата-ана  махаббатын  сезінбеген,  жан-

ұяда  тәрбие  алмаған  бала  өсе  келе  қыл-

мыскер  болуы  мүмкін.  Өйткені  жетімдер 

үйінде  өскен  жеткіншек  жақсылықты  он-

ша  көрмейді.  Ал  жақсылықты,  қамқор-

лықты  көрмеген  адамның  әділ  жолмен 

өмір сүруі қиын болады. Егер жазаны қа-

тайтатын болсақ, мұндай оқиғалар жиіле-

мес  еді.  Кейбіреулер  мұның  бәріне  әлеу-

меттік  жағдайды  сылтау  қылады.  Бұл  дұ-

рыс емес. Небір зұлмат, қиын кезеңдерде 

де ата-бабаларымыз басқа түскен ауырт-

палықтарға  мойымай,  табандылықпен 

ұр пақ тәрбиелеген. Неге? Себебі олардың 

бойында  ұлтжандылық  қасиет  болған. 

Сол  жүректегі  отаншылдық  отының  маз-

дап жануының арқасында бүгін біз аман-

есен  тәуелсіз  елдердің  қатарына  қосыл-

дық.  Статистикалық  мәліметке  сүйенсек, 



Басы 1-бетте

Ой-КөКпар



Белгібай ШАХМЕТОВ, 

медицина ғылымының докторы

Ғабиден ЖАЙЛИН, 

Д.А.Қонаев атындағы 

университеттің профессоры

Өз баласынан бас тартқан 

ата-аналарды қатаң жазалау қажет пе?

Себебі  заң  өз  шеңберінде  ғана 

заң  болып  есептеледі.  Мұндай  жағ-

дайда  ата-аналар  баласынан  құты-

лудың  басқа  жолдарын  ойлап  та-

бады. Одан да әке-шешенің баладан 

жасырын  құтылуына  жол  бермей, 

оларға ашық болуымыз керек. Мұны 

мен  неге  айтып  отырмын?  Себебі 

қазір  бізде  жетімдерді  асырап  алу-

шылардың  саны  артып  келеді.  Елі-

мізде жетімдерді асырап алу шарасы 

өткізіледі.  Міне,  егер  жетімектердің 

санын азайтамыз десек, бала асырап 

алу ісін мықтап жолға қоюымыз қа-

жет. Мысалы, АҚШ, Батыс елдерінің 

халқы қымсынбай өзгенің балаларын 

бауырына  басып  жатады.  Бұл  ең 

алдымен  адамдардың  пейілінің  дұ-

рыс болуына байланысты. Екіншіден, 

қазір азаматтарымыздың дінге деген 

көзқарасы  жақсы.  Дінде  жетім-

жесірлерге көмек көрсеткен адамның 

әрқашан  жолы  ашық  болатыны  ту-

ралы жазылған. Яғни діннің ықпалы 

күшейген сайын, елдің имандылығы 

артады.  Үшіншіден,  бізде  біркелкі 

тәртіп  болуы  тиіс.  Ата-бабаларымыз 

бұл  мәселеге  қалай  қараған,  оған 

қандай жаза қолданған – соны алып, 

үлгі  ретінде  қолдануымыз  керек. 

Қазақта  анадан  айырылған  баланы 

–  құл  жетім,  әке-шешесінен  бірдей  көз 

жазған  баланы  тұл  жетім  дейді.  Ондай 

сәбиді туған-туысқандары асырап алатын. 

Сондықтан да Алаш даласында жетімдер 

үйі, естіп жан түршігетін қарттар үйі, түрме 

дегендер  болмаған.  Өз  баласынан  бас 

тартатындар  кімдер?  Олар  –  ішімдікке 

салынған  отбасылар,  психологиялық 

ауруға шалдыққан немесе теріс ағымдарға 

ілескен  ата-аналар,  ерте,  жолдан  жүкті 

болған  қыздар.  Бұл  мәселені  шешу  үшін 

мемлекеттің көмегі керек. Менің айтатын 

төртінші  ұсынысым,  халықтың  әлеметтік 

жағдайын  көтеруге  үлкен  көңіл  бөлінсе 

екен деймін. Сонда ғана біз көңілді алаң-

датқан  сауалға  іс  жүзінде  нақты  жауап 

бере аламыз. 

Дайындаған 

Нұрмұхаммед МАМыРБЕкОВ

ТүЙІН

Қызығы, бұл ауылда толықтай мемлекеттік тіл салтанат құрған. Өйткені мұнда 

қазақтан өзге ұлт өкілдері тұрмайды. Таңы да біздікі секілді атады. Күні де біздікі 

секілді батады. Емшектегі сәбилері де ана махаббатынан кенде емес. Жүгіріп жүрген 

балалардың мектепке бармайтыны болмаса, өзгелерден ешқандай кемшілігі жоқ.  

Ал олардың тағдырына кім жауап береді?

Бейбіт НҰРСАПА

Ж

АНА



й

ҚА

й



Қоғам

Темірхан МЕДЕТБЕк, 

ақын: 

Біз тиісті заңмен қатар, оның жүзеге асырылуын 

бақылайтын арнайы орган құруымыз керек. Әрине, 

баладан бас тартып жатқандарды естігенде денең 

түршігеді, кейде болашағыңнан түңіліп кетесің. Дегенмен 

бұл – өткінші қиыншылық. Оны да заңмен, басқа шарамен 

болсын еңсереміз деп ойлаймын. 

САРАПШ

ы

«Қоқысқалада» күнелтіп жатқан

балалардың тағдырына кім жауапты?

Басы 1-бетте

АҚАңНың күШІ

Біз осы бір жұмыскерлердің қысы-жа-

зы тұратын мекеніне бет алдық. Ойпаттау 

жырада  орналасқан  жарбиған  күркелер 

көзге бірден шалынбайды екен. Баспана-

лары қоқыс ішінен шыққан қалдықтар мен 

қаланған. Қыстың қалың қарына, жаздың 

жауынына төтеп беретін лашықтағы жай-

дың  қандай  екенін  ойлаудың  өзі  қор қы-

нышты.  Тұла  бойыңызды  үрей  билейді. 

Қырық жамау жапсарлас тұрғызылған ла-

шықтың  ішінде  екі-екіден  отбасы  орна-

ласқан. Алыстан төбеміз көрінісімен ауыл 

тұрғындарының мазасы кетті. Дәл бір жау 

шапқандай  күрке-күркеден  баспанасын 

тастап,  беті  ауған  жаққа  қаша  бастады. 

Сыртынан санап тұрмыз. Көбіне әйелдер. 

Біреулері  балаларын  жетелеп  алған,  енді 

біреулері  көтеріп  барады.  Кемінде  он 

бестей бала бар болса керек.

Біз жеткенде екі жігіт, бір апа, бір бала 

ғана  қалыпты.  Апаны  әңгімеге  тартқаны-

мызбен, ештеңе айтпады. Ал екі жігіт аға-

сы аздап ақаңнан сілтеп алыпты. Бұларды 

қашырмай тұрған күш осы екен. 

–  Журналистерге  сенім  жоқ.  Өткен 

жылы анау Жасур деген бала жайлы жаз-

ды  ғой  «МАИ  қызметкері»  деп.  Жігіттер, 

бізді  мазаламаңдаршы.  Қарақалпақ стан-

нан  келдік.  Қазақпыз.  Қазір  дағдарыс. 

Жұмыс жоқ. 

– Аналар бізден неге қашады?

– Менттер екен деп қалды. 

Мент емес екенімізді айтып хабар жі-

берсек те, қашқандар оралмады. 

– Қанша отбасы күнелтіп жатырсыз дар?

– Елуге жуық.

– Немен шұғылданасыздар?

– Бөтелке, темір-терсек т.б тереміз.

–  Оны  кімдер  алады,  кімдер  ақша 

береді?

– Айта алмаймын. 



НӘЖӘМИ

– Мынау бала жайлы айтыңызшы.

– Несін айтамын?

– Осында тұрады ғой?

– Бір бұл емес, он шақты бала бар.

жата  кеткен  екен.  Тұра  салып  қаша  бас  та-

ды.  Екі  оттың  ортасында  қалдық.  Қу сақ, 

шө кімдей  сәбилерімен  аналар  қина лып 

қалады.  Қумасақ…  Бір  келіншекке  жет   тік. 

Ол бізбен сөйлеспек түгілі, каме ра мыздан 

қашқақтап, ештеңе айтпай қой ды. 

АуДАННың АТҚАМІНЕРЛЕРІ 

ОРНыНДА ЖОҚ

Көзбен көрген дүниемізді камера мен 

фотоаппаратқа түсірдік. Ендігі бағытымыз 

–  Қаскелең  қаласының  әкімі.  Себебі  бұл 

мекен қала аймағына қарайды. Ол кісіден 

осы  уақытқа  дейін  қазақ  баспасөзінде 

жазылған  қоқыс  қаладағы  балалардың 

жайын сұрамақ едік. Орнында жоқ болып 

шықты. Қанша қайталап телефон шалсақ 

та, аудандық білім бөлімінің бастығын ала 

алмадық. Мақала жарық көрген соң, бей-

жай қарамас деген үмітпен кері қайттық. 

Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 

министрлігінің  сарапшы  маманы  Ш.Молдабекова 

жауап береді:

– Мүгедектікті анықтау (соның ішінде мүге дек тіктің 

себебін кәсіби ауру етіп белгілеу) ҚР Үкіметінің 2005 

жылғы 20 маусымдағы №750 қаулысымен бекітілген 

Медициналық-әлеуметтік  сараптама  жүргізу  ере же-

сіне сәйкес жүзеге асырылады. Емхана  медициналық 

көрсетілімдер  болған  жағдайда  тиісті  клиникалық-

функционалдық және оңалту іс-шара ла рын өткіз ген-

нен  кейін  азаматтарды  олардың  мүгедектік  тобын 

белгілеу  және  мүгедектіктің  себептерін  анықтау  үшін 

жолдайды.  Сонымен  қатар  сіздің  консультация  алу 

үшін  қолыңызда  бар  барлық  медициналық  құжатта-

рыңызбен тұратын жеріңіздегі Бақылау және әлеумет-

тік қорғау департаментіне жолыққаныңыз жөн. 

Бұл сауалға Алматы қаласы Жұмыспен 

қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар 

басқармасының  бас  маманы  Мұса  Әб-

діреимов жауап береді: 

– «ІІ топ мүгедектерінің кәсіпкерлік пен 

айналысуына болмайды» деген бап ешбір 

заңда  қарастырылмаған.  Сон дықтан 

олар      дың жеке кәсіпкерлікпен айналы суы-

на  толық  құқығы  бар.  Жеке  кәсіпкерлік-

пен айналысқаны үшін мемлекеттік жәр-

демақы  төлеу  тоқ татылмайды  және  үй 

кезегінен  алып  тасталынбайды.  Өйткені 

оның жеке кәсіпкерлікпен айналысуының 

әлеу меттік жеңілдіктерге қатысы жоқ. 

– Олар мектепке бара ма?

– Барады. Сол себепті қашып кетті. Сіз-

дер газетке шығарсаңыздар, олардың қай-

да тұратынын достары біліп, мазақ тайды. 

– Мына баланың аты кім?

– Нәжәми.

Нәжәми  бізге  қарап  қояды.  Қолында 

–  компьютердің  тышқаны.  Мәшине  етіп 

ойнап отыр. Өзін әкесімін деп таныстырған 

Мұхтар  баласын  келесі  жылы  мектепке 

беретінін  айтады.  Сәбимен  сөйлесіп  көр-

мек едік. Бірақ бізбен сөйлескісі келмеді.

 

АТТыЛАР

Не де болса, қашқындардың артынан 

қуып  көрмек  болдық.  Қайдан  сап  ете 

қалғанын білмейміз, екі атқа мінген бала 

жанымыздан шауып өтті.

– Қашыңдар, қашыңдар!

Бағана біраз адам ойпаттау жерді та уып 

біз әлем елдерінің қатарында өз-өзіне қол жұм-

сау, яғни суицид ауруы бойынша – то ғы зыншы 

орынды, ТМД елдері бойынша Ре сей ден кейін 

екінші орынды аламыз. Мәлімет көр сеткендей, 

мұндай  ауруға  тап  болатын дар дың  көбі  ата-

анасының тәрбиесінен шыққан, қиын шылыққа 

төзе  алмайтын  жастар  екен.  Олардың  дені  – 

жетім  өскен  қыршын  жастар.  Бұл  мәсе лені 

шешудің  жолдарын  айтып  кетейін.  Бірін ші ден, 

азаматтардың  имандылық  қасиетін  кү шейтуге 

күш  салуымыз  керек.  Әрине,  біз  адам дарға 

мешітке  не  болмаса  шіркеуге  бар  деп  айт-

паймыз.  Жүрегінде  иманы  бар  адам  ба ланың 

да, өзінің де өмірдегі орнын біледі. Ол еш қашан 

өз  сәбиінен  бас  тартпайды.  Екін ші ден,  жаза 

түрін қатайтуымыз керек. Бұл жер де мен бала-

ларынан өз еркімен қол үзгендерді жап пай түр-

меге отырғызу керек деп отырған жоқпын. Бұл 

жазамен жағдайды түзей алуымыз да екіталай. 

Біз ондай ата-аналарды жұрттың көзінше жария 

етіп  әшкерелеуіміз  керек.  Ха лық тан  ұялғаннан 

кейін-ақ азаматтар мұндай әре  кетке бармайды. 

Жалпы,  қандай  жағдай  бол  сын  біз  ұлда ры-

мызды  жетімдер  үйінде  жы латпауымыз  қажет. 

Өзге  елдерде  бала  асы рап  алғандарға  үкімет 

материалдық  жағы нан  кө мек  көрсетеді  екен. 

Менің  айтар  үшінші  ұсы нысым,  біздің  де  Үкі-

метіміз  далада  қалған  ба лаларды  бауырына 

тарт қан  жандарға  жағ дай  жа сауы  тиіс.  Сонда 

аза маттарымыз  «жетім»  де  ген  сөзді  түсініп, 

баласын көшеге тастамайтын еді. 

ҚАйыРыМДылыҚ

 АуА РАйы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет