Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет19/92
Дата26.10.2022
өлшемі0.52 Mb.
#45528
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92
Теориялық оқыту әдістері
Бастауыш кәсіптік білім беру мекемелеріндегі теориялық оқыту – үш циклды пәндерді құрайды: жалпыбілім беретін, жалпытехникалық және арнаулы.
Жалпы білім беру пәндерін оқыту әдістері – педагогикалық әдебиеттерде терең және жан-жақты қарастырылған. Осыған байланысты теориялық оқыту әдісі ең алдымен біртұтас дидактикалық жоспарда көрсетілетін жалпытехникалық және арнаулы пәндерді оқытуға сәйкес қарастырылады.
Сөздік әдістер. Ауызша баяндау. Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту үрдісінде оқу материалын ауызша баяндау әңгіме –түсіндіру кешенді әдісінің қолдануымен, оқу материалының баяндалуына сәйкес хабарлы формада басқада түсініктемелер, салыстыру мен ұқсастырулар, дәлелдеулер, заңдылықтарды қорытулар, міндеттерді шешулер т.б. жүзеге асырылады.
Білім алушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру мен басшылық жасауда – әңгімелесу – сұрақ-жауап әдісі. Мұндай әңгімелесуді эвристикалық деп атайды. Оқыту әдісінің жүйесінде білім алушылардың танымдық әрекетінің сипаты бойынша бөлікті-зерттеу әдісінің әр түрлілігі анықталады. Мұндай әңгімесудің дидактикалық мәнділігі оқытушы оқушыларға сұрақ қою және олармен бірге логикалық талқылау жасау жолында жаңа оқу материалының мән-мағынасын құрайтын белгілі бір қорытындылардан тұрады. Әңгімені қорытынды жасаумен аяқтау қажет: оқытушы әңгімелесудегі талқыланған сұрақтар бойынша нақты анықтама береді.
Оқушылардың кітаппен жұмыс істеуі. Оқушылардың кітаппен жұмысы педагогикалық ғылым мен практикада оқытудағы әдістемелік амалдар қатарын ұсынады: тез оқу, конспектілеу, негізгіні белгілеу және оқығаны бойынша жоспар құру, тапсырмаларды іріктеу, бақылау сұрақтарына жауап беру және т.б. Бірақ, техника мен технологияның жабдықталуында бұл амалдар кітаппен жұмыста толық қолданылмайды.Мұндай кітаптардағы материалдардың басты ойды белгілеу мен оқығаннан жоспар құрайтын логикалық құрылымы болмайды. Білім алушылардың техникалық мамандықтар бойынша оқулықтар мен оқу құралдарымен жұмыстың негізгі тәсілдері – техникалық және технологиялық материалдарды оқыту бойынша тапсырмаларды орындау болып табылады. Мұндай тапсырмалар кестелерді толтыру арқылы бір жағынан тапсырмаларды көрсету формасы болса, екінші жағынан кітап материалын оқытудың алгоритмі болып табылады. Техника туралы материалды оқытуда кесте мынадай сызбалардан тұрады: машинаның атауы, механизмдер, приборлар; құрамдас бөліктері. Техника туралы материалды оқытуда жұмыстың орындалуы, кесте тапсырмалардың тізбектері болады, үрдісті орындау түрлері мен амалдары; үрдісті орындау бірізділігі, жағдайлар мен нормативті анықтамалар қолданылады.
Көрнекілік әдістері. Адам сезім мүшелерінің бірі көз арқылы айналадағы қоршаған ортаны қабылдайды. Ғалымдардың пайымдауынша, миға қоршаған әлемдегі ақпараттардың 80 - 90% көру мүшелері арқылы түседі. 80% дейін барлық жұмыс операциялары көру бақылауы арқылы жүзеге асады. Осының барлығы көру мүшелерімен байланысты оқыту құралдарын қабылдау үрдісін іскер қосу қажеттілігін, ең алдымен көрнекі құралдарын анықтайды.
Жалпытехникалық және арнаулы пәндерді оқыту үрдісінде қолданылатын көрнекіліктің барлық құралдарын табиғи (аспаптар, приборлар, құрал-жабдықтардың тетіктері мен ойықтары, материал үлгілері және өнімдер т.б.) және бейнелі(плакаттар, модельдер, макеттер, сұлбалар, кино-видеофильмдер, слайдтар, кодтық жобалар, компьютер дисплейіндегі суреттер(мультимедияжәне т.б.) деп бөлуге болады. Оқыту үрдісіндегі көрнекі құралдарды қолдануда дидактикалық ережелердегі көрнекі құралдарды пайдалану мақсат емес, ал құралдар мақсатқа жету болып табылады. Сондықтан білім алушыларды бақылауда қарастыра және талдай алуға, қажетті ақпараттарды алуға үйрету қажет.
Оқытудың репродуктивтілікәдісі оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда маңызды мүмкіншіліктері мен болашақ мамандардың білім мен біліктілігін терең және берік бекітіліп, кәсіби-техникалық даярлығын қалыптастыру өте маңызды. Әдіс аясында оқушылардың іс-әрекеті біркелкі емес, әр түрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмаларды орындауды болжайды. Бастапқы біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру кезеңінде жеке-ізденістер мен проблемді әдістермен сәйкес келеді.
Репродуктивті іс-әрекеттің басты түрі – бұл жаттығу, яғни бір типті тапсырмаларды қайталау шешімі, әр түрлі деңгейдегі біліктілік пен дағдыға айналдыру мақсатында ауызша және практикалық іс-әрекеттің бірнеше рет қайталануы. Жаттығу дұрыс ұйымдастырылмайынша оқу және практикалық біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру мүмкін емес. Арнайы пәндер сабағында білім алушылардың алгоритмизациясын талап ететін ауызша, жазбаша, графикалық, практикалық жаттығулар және олардың тәсілдері орындалады. Репродуктивті іс-әрекет – сүйемелі сигналдардың негізінде оқу материалын терең бекітуге мүмкіндік туғызады. (конспекттер, плакаттар, табиғи үлгілер, модельдер және т.б.). Ол үлгерім мен белсенділіктің жоғарғы көрсеткішке жетуіне жол беріледі.
Проблемалық оқыту – дамыта оқытудың алуан түрлілілігі болып табылады. Оның негізгі идеясы толтырылмаған орындарды табу мәні, яғни іздену, зерттеу іс-әрекеті жүргізілетін оқу тапсырмаларын шешу арқылы орындау, оқу іс-әрекетін құрумен қорытындаланады. Оқытушы сабақта проблемалық жағдаятты шешуде барлық белгілі оқыту әдістерімен жүзеге асырады. Қойылым әдісі көп таралған, содан кейін оқытушы мен білім алушылар арасындағы әңгімелесу барысындағы мәселелерді шешу. Сабақтағы оқыту, оқытушы жасаған танымдық тапсырмаларды студент материалды оқып, өз бетінше жіктеп, сосын жаттығуларды, зертханалық жұмыстарда, тапсырмаларды орындау мен кітаппен жұмыста шешіп, білімдеңгейі қалыптасқанда дайын болуы мүмкін. Мұндай оқыту тәсілі оқытудың іздену әдісін қолдану арқылы сабақты ұйымдастырудың күрделі деңгейіне сай болады.
Баяндаманың эвристикалық әдісі –ақпараттарды баяндау, нақты жағдайлардағы оқыту ережелерін қолданғанда іс-әрекет бірізділігі көрсетілмейді және студент көптеген сындар мен қателерден өту қажет. (мұндай баяндамаларды кейде проблемалық деп атайды).Көптеген оқулықтар осы принцип бойынша құрылған: оларда ұғым, заңдар, анықтамалар, ережелер, формулалардан тұрады, ал оларды қолдану тәсілі көрсетілмейтіндіктен, білім алушыларға үлкен қиындықтар себепші болып табылады.
Бұл оқыту әдісі білім алушылардың мәселелерді өз бетінше шешуге жақындатады, яғни олардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің қарапайым меңгеруін болжайды. Проблеманы көре алу іскерлігіне бағытталған, оларды шешу тәсілдері туралы өз ойын айту, көрсетілген фактілер бойынша өз бетінше дәлелдеулер, қорытынды жасау, оларды тексеруде жоспар құру әрекетіне үлкен назар аудару қажет. Оқытушы эвристикалық әңгімелесу барысында өзіндік әрекет мүмкіншіліктерін ұсынатын оқушылардың бірлескен әрекетін дамытады. Оқушылардың нақты міндеттерін шешуге көмектесетін жағдаяттың дербес талдау қабілетін дамытатын сұрақтар жүйесін алдын-ала дайындап алу қажет. Бұл сұрақтар жүйесі оқу материалдарының мазмұны мен қойылған мақсаттарға сай қайта өңделеді және түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік жұмысының элементтері бар эвристикалық әңгімелесуді ұйыымдастыру тәсілдеріндегі жеке-ізденіс әдісі шығармашылық әрекет тәжірибесін меңгеруде дайындық кезеңін атқарады, мәселелі міндеттерді өз бетінше шешуге оқушыларды дайындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   92




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет