Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет24/92
Дата26.10.2022
өлшемі0,52 Mb.
#45528
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1.Кәсіптік оқытудың негізгі формаларын атаңыз?
2. Оқытуды ұйымдастыру формасы мен жіктелуін атаңыз?
3. Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен құрылымын анықтаңыз.
4. Бастауыш кәсіптік оқыту мекемелеріндегі теориялық оқыту сабақтарының типтерін атаңыз.
5. Өндірістік оқытуды ұйымдастырудың негізгі формалары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер
1. Профессиональная педагогика. - М.: Ассоциация «Профессиональное образование», 1999.
2. Батышев С.Я. Профессиональная педагогика. М., 2003.
3. Қозыбай А. Топ жетекшісі (өндірістік оқыту шебері): Оқу құралы А. Қозыбай, Н. Жексенбиева, К. Өстеміров. -Астана: Фолиант, 2010. -ж.
4. Профессиональная педагогика. - М.: Ассоциация «Профессиональное образование», 1999.
5. Батышев С.Я. Профессиональная педагогика. М., 2003.
6. Сейтешев А.П. Профессиональная направленность личности. Алматы. 1990.
7. Устемиров К., Шаметов Н.Р., Васильев И. Прфессиональная педагогика. Алматы. 2005.
8. Леднев В.С. Содержание образования: Сущность, структура, перспектива. М., 1991.
9. Васильев И.Б. Профессиональная педагогика. – Харьков, 2003.


7-Дәріс. Кәсіптік білім берудегі инновациялық технологиялар

Дәрістің мақсаты: кәсіптік білім берудегі оқыту технологиясын ұйымдастыруда инновациялық тәсілдерімен,педагогикалық технологиялардың жіктелуіментаныстыру,кәсіптік білім берудегі қазіргі ақпараттық, тұлғалық-бағыттылық, модульдік оқыту технологияларын талдау.
Негізгі ұғымдар : инновация, оқыту технологиясы, оқыту құралдары, ақпараттық, тұлғалық-бағыттылық, оқытудың модульдік технологиясы
Мазмұны:
1. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі. Педагогикалық технологияларды жобалау.
2. Оқытудағы ақпараттық және коммуникативтік технологиялар. Оқыту процесін компьютерлендіру.
3. Кәсіптік білім берудегі модульдік технологиялар.
4. Кәсіптік білім берудегі тұлғалық бағыттылық технологиясы.

1. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі. Педагогикалық технологияларды жобалау
Алғашқы кадрларды кәсіби даярлауда жоғарғы деңгейінің инновациялық орны - кәсіптік колледждер болып табылады. Кәсіптік колледж – бастауыш және орта кәсіптік білімнің мемлекеттік білім беру мекемелері, мамандарды жоғары білікті деңгейде жоспарлы даярлаудың негізгі формасы. Колледж нақты анықталған мамандандырылу деп аталады. Олар бір мамандықты және көп салалы бағыттылықта болуы мүмкін. Колледж кәсіби даярлау саласына байланысты соған сәйкес атаулары болады: политехникалық, экономикалық, құрылыс, темір жол, агротехникалық және т.б.
Оқыту технологиясы - негізгі жүктеме адамның басқаруымен оқыту құралын орындау қызметін жүзеге асыруы бойынша белгілі бір оқыту тәсілін айтады. Оқыту технологиясында басты рөл оқыту құралдарына бөлінеді: оқытушы студенттерді оқытпайды, тек ынталандыру және оның әрекетін үйлесімділік қызметін, сондай-ақ оқыту құралдарын басқару қызметін орындайды.
Педагогикалық технология — рәсімделген психолого-педагогикалық шарттар негізінде білім беру үрдісінде жүйелі қолданылатын арнаулы оқытудың формалар, әдістер, тәсілдер, амалдары мен тәрбие құралдарының жиынтығы. Оқытудың сапасын көтеруге мүмкіндік беретін интерактивтік оқытудың негізгі формалары мен әдістері бұл: рөлдік ойындар, іскерлік ойындар, сабақты қайталап-дәйектейтін семинарлар, конференциялар, диспуттар, диалогтар, проблемалық оқыту, өзіндік жұмыс, рефераттарды қорғау, жеке жұмыс, шығармашылық жұмыстар, баяндамалар, хабарламалар; тестілеу, бағдарландырылған бақылау, тренинг, зерттеу жұмысы және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет