Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет46/92
Дата26.10.2022
өлшемі0.52 Mb.
#45528
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92
ГЛОССАРИЙ
Кәсіптік оқыту – бұл оқушы мен кәсіптік оқыту педагогтың кәсіп бойынша ғылыми–техникалық ілімді игеру мен кәсіби білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс-әрекеті.
Кәсіби тәрбие – оқушы мен педагогтың белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларының жиынтығы, әлеуметтік қалыптасуы.
Кәсіп – қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпы адамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы.
Мамандық – белгілі бір кәсіп саласы бойынша шағын ауқымды еңбек түрін қамтиды. Кейбір кәсіп саласының қызметіне орай мамандандыру процесі жүргізіледі.
Біліктілік – бұл белгілі бір кәсіптік қызмет саласын атқаруға тиісті дайындық деңгейі бар адам. Яғни, біліктілік дегеніміз – кәсіпті тиісті дәрежеде игеру дағдысы.
Білім беру ақпараты – белгілібір кәсіп саласы не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми–техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіби шеберлікке баулу. Кәсіби әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету.
Педагогикалық коммуникация тәсілдері – оқушыларға кәсіптік оқыту мен тәрбиелеуде құрал жабдықтар қолданылатын оқытудың әдістері мен түрлері.
Кәсіптік мектептердегі оқыту құралдарына – жалпы білім беретін орта мектептегіден басқа оқу құрал жабдықтары (машиналар, механизмдер, құралдар мен жабдықтар, аспаптар т.б.) нақты заттық бөлшектері, кескіндер, макеттер сондай–ақ практикалық дағды қалыптастыратын түрлі оқу тренажерлері де жатады.
Кәсіптік мектеп педагогы – бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін меңгерген өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық меңгерген педагог.
Бастауыш кәсіптік білім – кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды.
Орта кәсіптік білім – колледждер мен кәсіптік мектептер орта білім базасында кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі.
Басқару – басқарушы жүйелердің басқарылатындарға, олардың қызметіне әсер ету арқылы түпкі нәтижеге жету үшін тиімді басшылық жасау екенін аңғарамыз.
Басшылық – басқару ісінде жеке субъектінің өзін-өзі басқару жүйесіне әсерін көрсетеді, яғни мақсатқа жету жолындағы жеке тұлғаның біліктік іс-әрекеті.
Басқару қызыметі деп еңбек бөлінісін анықтау мен басшылық аясын мамандандыруда ерекше мәртебеге ие қызмет.
Жоспарлау – белгілібір мақсатқа жету жолында қойылатын міндеттер.
Ұйымдастыру - қайсыбір басшылық шешімдерді іске асыруда жүйелер элементтерінің өзара байланысын ұйымдастырып, басқару процесін ретке келтіруге бағытталады.
Реттеу – жүйе бөліктері арасындағы сәйкессіздік пен үйлесімділік қамтамасыз етуге арналған. Ол тиісті сәйкессіздіктер туралы бақылау нәтижесінде алынған мәліметтер ақпарынан соң жүзеге асырылады.
Бақылау – процестердің жоспар, нұсқау және шешімдерді нақты жүзеге қалай асып жатқандығы жөніндегі сәйкестікті тексереді.
Есеп – басқару процесі негізінде нәтижеге қол жеткізу үшін алынатын сандық жеке сапалық баға көрсеткіші.
Талдау - басқару жүйесін жетілдіруде кейбір бөлім қызметеріне объективті баға береді, ұсынысын білдіреді.
Оптация – адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай кәсіп таңдауын қалыптастыру.
Кәсіптік білім - жеке тұлғаның кәсіби білім, білік және дағдыларын типтік үлгідегі әлеуметтік және кәсіби мәні бар қасиеттеріне қарай бағыттау.
Кәсіби бейімделу - өз бетінше кәсіби бағдар айқындауда игеруі тиіс әлеуметтік жаңа бағыт, яғни кәсіби қызмет дағдыларын үйренуге өз бетінше тәжірибе жинақтау.
Кәсібилену - кәсіби ұстанымды қалыптастыру, маңызды кәсіби қасиеттер мен дағдыларды ұштастыра білу, кәсіби қызметті жоғары біліктілікпен атқара алу.
Кәсіби шеберлік – жеке тұлғаның кәсіби қызметін жоғары шеберлік деңгейіне жеткізіп, шығармашылықпен жұмыс істей алу қабілетімен ұштастыруы, автролық қызмет жүйесіне енуі.
Профессиограмма - белгілі бір кәсіпке жан–жақты сипаттама бере келе, оның адамға қоятын талаптарын, ол қызметті атқару үшін қажетті жеке тұлғалық, моралдық қасиеттер сапасын, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін сол арқылы білім, білік және дағдылық әрекеттерді іске қосатын жүйе болып табылады.
Акмеология - кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдары оның заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бұл адам тану саласында жаңадан дамып келе жатқан жас ғылым саласы. Ол «акме» деген латын сөзінен алынған «шың» деген мағынаны білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет