Ф 1 3-2016-06-02-05-02 Пәннің пререквизиттері: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»



бет47/92
Дата26.10.2022
өлшемі0.52 Mb.
#45528
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   92
ҚОРЫТЫНДЫ

Кәсіптік педагогика оқу құралында бастауыш кәсіптік білім, орта кәсіптік білім жүйесінде оқушылардың білім мен біліктілігін қалыптастырудың негізгі мәселелері қарастырылған, білім беру мәселесінің әдіснамалық, ғылыми-зерттеу, теориялық және әдістемелік аспектілері баяндалған. Сонымен қатар, кәсіптік оқыту мазмұны, кәсіптік біліммазмұнын талдау және іріктеу негіздері, оқу үрдісін ұйымдастыруды жобалау мәселелері; оқыту мазмұны мен оқытудың дидактикалық құралдарын жасау; білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру формаларын құрастыру негіздері;оқытудың белсенді әдісін таңдауанықталды және негізделді, қазіргі педагогикалық технологияларды, оқыту үрдісіндегі техникалық оқыту құралдарын қолдану кеңірек ашылған.


Практикалық қызметтің табыстылығы олардың шығармашылық қабілеттіліктері, зерттеу біліктілігі, тұтас педагогикалық мәдениеттің жоғарғы деңгейінсіз мүмкін емес. Кәсіби-педагогикалық қызметтің педагогикалық тәжірибе мен сенімге белсенді әсер ететін кәсіби-сананың жоғарғы деңгейінен қаланатындығы анықталған. Мәнділігі бойынша ұсынылған жеке сапалар кәсіптік колледж педагогына ғылыми-негізделген білім беру үрдісін басқаруға мүмкіндік береді.
Бұл жүйедегі студенттердің өзіндік жұмысы ерекше орын алады, ол психолого-педагогикалық әдебиеттерді оқуды, іскерлік ойындарға, педагогикалық және психологиялық тренингтерге, проблемді топтардың жұмысына қатысуға, алғашқы деректер жұмысы арқылы оқып жатқан пән бойынша мәліметті көп көлемде меңгеру, педагогикалық міндеттерді шешеу, жобаларды жасау, рефераттар жазу, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді болжайды. Педагогикалық дербестік жоғарғы оқу орнында оқыту мерзімінде, дағдыланады, және оның қалыптасуында педагогтың даярлдығына ерекше назар аудару қажет.
Қазіргі жағдайда болашақ педагогты даярлау дидактикалық, коммуникативтілік, ұйымдастырушылық, шығармашылық қабілеттілігін дамытудың байыпты жұмысында байқалады. Өз ісінің шебері болу - ұзақ үрдіс, бұл жоғарғы оқу орнына түсуден бұрын басталады. Жоғарғы оқу орнының қабырғасында ұтымды білімді меңгеру, біліктілікті дамыту және педагогикалық қызметтің бастапқы дағдыларын алу жалғасады.
Өйткені, қазіргі әлемдегі болашақ – жоғарғы жұмысшы білім беру, кәсіптік оқыту педагогын даярлау, жоғары кәсіби-педагогикалық білімді өндірістік оқыту шеберлері кәсіптік білім берудің жаңа деңгейіне көтерілуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   92




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет