Ф и з и к а ақпаратты тарату жылдамдығы және информациялық энтропия



жүктеу 2.92 Mb.
Pdf просмотр
бет7/8
Дата12.03.2017
өлшемі2.92 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

 

 

ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДІ 

ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Айтжанова Б.Б. – аға оқытушы, магистр (Алматы қ ., ҚазмемқызПУ) 



 

«Біздің мақсатымыз – идеяларды неғұрлым 

кӛбірек  туындату,  оның  мыңнан  бірі 

жүзеге асуы мүмкін».  

Арг Фрай 

Соңғы жылдары білім беру сапасы, бүкіл әлемде білім беру жүйесінің тиімділігі 

мен бәсекеқабілеттілігін арттыру мәселесіне кӛп кӛңіл бӛлінуде. ISO 9000 халықаралық 

стандартының  талаптары  ұйым  қызметінің  сапасын  басқару  жүйесін  құруға 

бағытталған.  Тек  бақылауды  қолданып,  ӛндіріс  сапасына  қол  жеткізу  мүмкін  еместігі 

белгілі болғаннан кейін сапа мәселесін ӛндірісті жүйелік басқару арқылы шешу аталып 

кӛрсетілген  халықаралық  стандарттарды  жасау  басталды.  Мұны  сапа  менеджмент 

жүйесінің негізгі қағидаларынан кӛруге болады: 

1.

 

тұтынушыға бағытталу; 



2.

 

компания басшыларының кӛшбасшылығы; 



3.

 

персоналды тарту; 



4.

 

процесті бағыт; 



5.

 

жүйелік бағыт; 



6.

 

үздіксіз жетілдіру; 



7.

 

фактіге негізделген шешім қабылдау бағыты



8.

 

жеткізушімен ӛзара тиімді байланыс. 



Осылайша,  Сапа  Менеджмент  Жүйесі  (СМЖ)  –  бұл  оның  барлық  мүшелерінің 

белсенді  қатысуына  негізделген  мақсатты  анықталған,  экономикалық  жағынан  тиімді 

кәсіпорын 

қызметінің 

прагматикалық 

ұйымдасуы. 

Кәсіпорын 

қызметі 


тұтынушылардың  талаптарын  қанағаттандыру  жолымен  ұзақ  мерзімді  табысқа  және 

ұйым  мен  қоғамның  барлық  мүшелері  үшін  табысқа  қол  жеткізуге  бағытталған. 

Мұндай әрекеттің нәтижесі сапалы ӛнім болуы қажет.  

Қазіргі  таңда  СМЖ  қызмет  кӛрсету  салаларында  қолданыс  тапқан  – 

телекоммуникацияда,  денсаулық  сақтауда,  сервисте,  білім  беруде.  Бүкіл  әлемде  білім 

беру  мекемелерінің  тиімді  жұмыстарын  арттыру  және  білім  беру  қызметі  нарығында 

бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету міндетін қою қажеттілігі туындап отыр. Білім беру 

саласындағы  әлемдік  кӛшбасшылардың  тәжірибесі  бәсекеге  қабілетті  стратегияның 

негізі  ISO  9001  халықаралық  стандартының  талаптарына  сәйкес  келетін  сапа 


48  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(6) 2011 

 

менеджмент  жүйесі    арқылы  сапаға  бағытталу  екенін  кӛрсетіп  отыр.  Осыған 



байланысты,  жоғары  оқу  орындары  қызметтерінің  сапасын  арттыру  мемлекеттік 

міндеттердің  аясында  стратегиялық  мақсат  ретінде  және  жоғары  оқу  орнының 

міндеттерінің  аясында  жоғары  оқу  орнының  қызмет  етуін,  дамуын  және  гүлденуін 

қамтамасыз  ету  құралы  ретінде  қарастырылады.  Бүгінде  ЖОО  ӛз  орнын  «нарық 

субъектісі»  ретінде  тану  қажет,  соған  сәйкес  барлық  нарықтық  экономика 

заңдылықтары, ӛмір күрестерінің заңдылықтары және «шынайы іріктеудің» білім беру 

қызметі  нарығында  да  болатынын  білу  қажет.  Білім  беру  индустриясы  тұрғысынан 

тұтынушы  ретінде  мемлекет  пен  қоғамды,  компаниялар  мен  фирмаларды,  мекемелер 

мен  кәсіпорындарды,  білім  алушыларды  қарастыруға  болады.  Мемлекет  пен  қоғам 

тұтынушы  ретінде  ел  экономикасының  дамуын,  азаматтардың  ӛмір  сүруінің 

жақсаруын, мәдениет, білімділік, құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын талап етеді 

және күтеді.  Компаниялар мен фирмалар, кәсіпорындар мен мекемелер ӛз кәсібіне оң 

кӛзқараспен  қарайтын  кәсіби  құзіретті,  коммуникативтік  мамандарды  күтеді.  Білім 

алушылар  ӛздерінің  білімділік  деңгейін,  зияткерлік  деңгейлерін  арттыруға,  кәсіби 

мамандық  алуға,  еңбек  нарығында  қажетті  болуға,  ӛздерінің  ӛмір  сүру  деңгейлерін 

жақсарта  отырып,  әлеуметтік  дәрежелерін  арттыруға  ұмтылады.  Осыған  орай,  егер 

білім беру жүйесінде тұтынушы студент болып табылатынына, ал білім беру қызметін 

ұсынатын мекеме – ЖОО екеніне назар аударсақ, онда оның жұмысы тұтынушылар  – 

студент пен бүкіл қоғамды қанағаттандыра алатындай болып ұйымдастырылуы қажет. 

Қоғам  университет жұмысына қанағаттануы  қажет, себебі  жоғары кәсіби мамандарды 

қажет  етеді.  Кәсіпорын  жұмысындағы  оның  нәтижесі  сапалы  ӛнім  болуы  қажет,  онда 

СМЖ-ны  қолданатын  ЖОО  қызметінің  нәтижесі  жоғары  кәсіби  мамандарды  даярлау 

болады.  

Білім  беру  сапасын  арттыру  міндеті  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасының  негізгі  міндеттерінің  бірі  ретінде  оқу  мекемелерінде  сапа 

менеджмент  жасауды  және  енгізуді  талап  етеді.  Бұл  жүйе  оқу  мекемелеріндегі 

мүмкіндіктерді тиімді жүзеге асыруға және жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік 

беретін нақты бағыттарды пайдалануды ұсынады. СМЖ тек жоғары кәсіби мамандарды 

даярлауды  ғана  ұсынбайды,  сондай-ақ  ЖОО-да  мұндай  жүйені  пайдалану 

оқытушылардың  да  ӛздерінің  білім  деңгейлерін  үнемі  арттыруда  талап  етеді, 

осылайша, Сапа менеджмент жүйесі профессор-оқытушылардың да біліктілік деңгейін 

үнемі арттыруды ұсынады.  

Сапа  менеджмент  жүйесін  енгізу  қажеттілігі  қазіргі  кезде  білім  берудің  басты 

міндеті  –  ел  экономикасын  дамытудың  қазіргі  заманғы  кезеңінің  талаптарына  жауап 

беретін  мамандар  даярлау  және  қоғам  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында 

білім  беру  бағдарламаларын  жетілдіру  және  білім  беру  қызметін  ұсыну  сапасын 

жақсартумен  байланысты.  Қазіргі  заманғы  жағдайда  ЖОО  жоғары  бәсекелік  күрес 

ортасында  қызмет  етеді.  Сондықтан  да,  бүкіл  жүйе  қызметті  тұтынушыларға  және 

тұтынушымен бағаланған негізгі факторлар: 

1.

 



қоғам қажеттіліктерін түсінуге; 

2.

 



профессор-оқытушылар құрамының жоғары біліктілігіне; 

3.

 



ғылыми дәрежеге; 

4.

 



ЖОО-ның дәрежесіне; 

5.

 



бәсекеқабілеттілікке; 

6.

 



ЖОО-ның техникалық жабдықталуына (ғимарат, жабдықтар, т.б.) 

бағытталатын болғандықтан, СМЖ қағидаларын пайдаланатын ЖОО-ның бәсекелестер 

арасында басым артықшылығы болады. 

Сапа менеджмент жүйесі сапа саласында  университеттің саясатымен анықталған 

мақсаттарға қол жеткізу және міндетттерді орындау үшін жасалады. Ол ғылыми, білім 

беру  және  шаруашылық  істерін  басқарудың  жалпы  жүйесінің  ажырамас  бӛлігі  болып 



49  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(6) 2011 

 

табылады.  Университтің  СМЖ-сын  жүзеге  асыру  және  дамыту  процесі  келесі 



процестерді қамтиды: 

 



СМЖ моделін таңдау; 

 



оны енгізу үшін алғышарттар құру; 

 



жүйенің құжатталған процедураларын жасау және енгізу; 

 



СМЖ сертификациясын жүргізу; 

 



жүйені үнемі жетілдіру және істі үздіксіз жақсарту. 

Барлық сапа жүйелері қандай да бір модель негізінде құрылады. Сапа менеджмент 

жүйесінің  моделі  –  бұл  келесі  әрекеттерді  жүйелі  түрде  орындау  құралымен  сапаны 

басқаруға жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрал: 

 

жүйеге мониторинг жүргізу (сапаның қол жеткізген деңгейін анықтау); 



 

мониторингпен  алынған  нәтижелерді  талдау  (кӛрсеткіштерді  алғашқы  берілген 



мәндермен салыстыру); 

 



жақсарту жағынан нақты әрекеттерді жасау және енгізу. 

Әр  ұйым  ӛзіндік  (тәуелсіз)  сапа  моделін  жасай  алады.  Алайда,  кӛбінесе 

тәжірибеде  бұған  дейін  сынақ  жүргізілген  және  келесілердің  негізінде  құрылған 

қоғамдастықтармен танылған модельдер пайдаланылады: 

 

ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттар; 



 

ҚР СТ ИСО 9000:2001 стандарты; 



 

Еуропа университеттерінің ассоциациясының (ENQA) талаптары; 



 

Еуропа  сапа  менеджменті  фондының  (EFQM)  Халықаралық  сыйлықтары 



талаптары; 

 



ҚР үкіметінің сапа бойынша сыйлықтары; 

 



Голландтық-Фламандтық модель (Болон процесіне бейімделген), т.с.с. 

ISO  стандарттарына  негізделген  модель  сапаны  жақсарту  процесінде 

университеттің  әрбір  қызметкерінің  үздіксіз  қатысуын  қамтамасыз  етуге  жағдай 

жасайтын  жалпылама  сапа  менеджмент  жүйесін  (ТQM)  енгізудегі  алғашқы  қадам 

болып  саналады.  Сонымен  қатар,  ISO  сериялы  стандарттарының  талаптары  негізінде 

құрылған  СМЖ  моделін  енгізу  оны  ENQA  стандарттарының  талаптарына  да  жеңіл 

бейімдеуге мүмкіндік береді. 

Сапа менеджмент жүйесі келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған: 

 

тұтынушының  қойған  немесе  ұсынған  талаптарын  үнемі  қанағаттандыруды 



қамтамасыз  ету  деңгейінде  білім  беру  қызметінің  сапасына  қол  жеткізу  және 

қолдау; 


 

тұтынушылардың  және  басқа  да  қызығушылық  танытқан  тұлғалардың 



университет  ұсынған  сапаға  деген  талапқа  қол  жеткізілетініне  сенімділігін 

қамтамасыз ету; 

 

ұйым  басшылары  мен  қызметкерлерінің  ӛнім  сапасына  деген  талап 



орындалатынына және сапаны жақсарту жүретініне сенімділігін қамтамасыз ету. 

Процесс  әрекетінің  сапасын  арттыру  механизмдері  тек  СМЖ-ны  құрудың  келесі 

қағидаларын ұстанғанда ғана жүзеге асуы мүмкін: 

 



тұтынушы талаптарының артықшылығы

 



қызмет  процестерінің  негізгі  және  кӛмекші  сапасына  әсер  ететін  мәселелерді 

ескерту; 

 

университтің  жоғары  басшылығының  сапа  менеджмент  жүйесін  жасау,  енгізу 



және  оны  функционалдау  процестеріне,  сондай-ақ  сапа  саласында  саясатты 

анықтау және жүзеге асыруға деген жеке жауапкершіліктері; 

 

университеттің  барлық  қызметкерлері  арасында  құқықтар  және  ӛкілеттіктерді 



нақты бӛлу; 

 



сапаға  тікелей  және  жанама  ықпал  ететін  барлық  факторлар  мен  жағдайларды 

және  ұйым  басшыларынан  бастап,  ғылыми-білім  беру  ісінің  барлық 

кезеңдеріндегі  қызметтерді  жеке  атқарушыларға  дейінгі  барлық  деңгейлер 


50  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(6) 2011 

 

бойынша  басқару  процесін  ұйымдастыруға  деген  жүйелік  бағытты  кешенді 



түрде есепке алу; 

 



сапа  саласындағы  саясат  пен  жүйе  талаптарын  университеттің  әрбір 

қызметкерінің түсінуі; 

 

сапаға  жұмсалатын  шығын  мен  алынатын  нәтиже  арасында  қарым-қатынасты 



оңтайландыру үшін басқарудың экономикалық әдістерін қолдану. 

Түрлі  тұтынушылар  үшін  сапа  менеджмент  жүйесін  енгізудің  мынадай 

артықшылықтары бар: 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1-сурет. Абитуриенттер мен студенттер үшін сапа менеджмент жүйесін енгізу 

артықшылықтары 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



2-сурет. Жұмыс берушілер үшін сапа менеджмент жүйесін енгізу 

артықшылықтары

 

 

Абитуриенттер мен студенттер үшін 



Барлық қажетті ақпараттарды (оқу жоспарлары, студенттердің 

үлгерімдері мен қанағаттылықтары, т.б.) жүйелендіру, жинау, 

тарату және сақтау жолымен оқу

 

процесінің сапасын



 

арттыру 


 

Нақты басқару жүйесі есебінен қалыс қалған сабақтар саны 

тӛмендейді немесе нӛлге сәйкес келеді 

ЖОО маман-түлектерінің даярлық деңгейі артады, еңбек 

нарығында оларға деген сұраныс жоғарылайды 

Студенттермен ӛзара байланыстың реттелген механизмінің 

арқасында барлық сұрақтар, ұсыныстар және шағымдар 

назардан тыс қалмайды 

Жұмыс берушілер үшін 

Мамандардың оларға деген 

үнемі ӛзгермелі талаптар 

есебінен даярланғанына 

кепілдік 

ЖОО мамандарын даярлау 

сапасы үнемі жоғары 

деңгейде қолдау 

кӛрсетілетініне сенімділік 


51  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(6) 2011 

 

 



3-сурет. Басшылар мен қызметкерлер үшін сапа менеджмент жүйесін енгізу 

артықшылықтары

 

 

 



4-сурет. Мемлекет үшін сапа менеджмент жүйесін енгізу артықшылықтары 

 

 



Мемлекет үшін

 

Көрсетілген білім 



беру қызметтерінің 

барлық қойылған 

талаптарға жауап 

беретініне кепілдік 

анықталады

 

ЖОО



-

на сапа 


менеджмент жүйесін 

енгізу жоғары 

білімнің білім берудің 

әлемдік жүйесінде 

ықпалдасуына 

жағдай жасайды 

 

Мемлекет ЖОО



-

на 


бөлінген бюджеттік 

құралдарды 

тұтастай және 

тиімді қолдануына 

сенімді болуы 

мүмкін


 

Лицензия, 

аттестация және 

аккредитация 

процедуралары 

жеңілдейді

 

ЖОО-ның әрбір 



қызметкері 

ұйым 


қызметіндегі ӛз 

рӛлі мен үлесін 

жақсы таниды 

ЖОО-ның 


ин-

вестициялық 

тартымдылы-

ғы 


жоғарылайды 

 

Ақпараттың 



ішкі ағыны 

жетілдіріледі 

 

Шешімнің 



анықтылығы 

артады 


 

Қағаздық 

жұмыстарды

ң кӛлемі 

азаяды 

 

Негізгі және 



кӛмекші 

процестерді 

оңтайландыру 

есебінен 

шығындар 

тӛмендейді 

Істің анықтылығы 

есебінен ұйым 

қызметінің 

барлық 


салаларында 

бақылау 


жақсарады 

 

Басшылар 



мен 

қызметкерлер 

үшін 


52  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(6) 2011 

 

Жоғарыда аталғандарға байланысты университеттің СМЖ-сын дамытудың негізгі 



бағыттары  және  университет  қызметінің  сапасын  арттыру  механизмдері  келесілермен 

байланысты: 

1.

 

ISO  9000:2001  сериялы  халықаралық  стандарты  және  ENQA  стандарттары 



негізінде  СМЖ-ны  жасау  және  енгізумен,  сапаны  жақсарту  процесінде 

университеттің  әрбір  қызметкерінің  қатысуын  қамтамасыз  етуге  жағдай 

жасайтын  жалпылама  сапа  менеджменті  моделіне  (TQM)  ӛту  және  оның 

қызмет саласының кезеңдік кеңеюімен; 

2.

 

Басқару  жүйесінің  жаңғыруымен,  сапа  саласында  қойылған  мақсаттарға  қол 



жеткізуге бағытталған бағдарламаларды жасау және енгізумен

3.

 



Сапаның  қабылданған  кӛрсеткіштеріне  (индикаторларына)  негізделген 

процестер  мен  процедуралардың  сапасын  жоспарлау  және  бақылау  жүйесін 

жасау және енгізумен; 

4.

 



Білім берудің жеке тұлғаға бағытталған технологияларын енгізумен; 

5.

 



Еңбек  және  білім  беру  қызметі  нарығында  тұтынушылармен  білім  беру 

бағдарламаларының  міндетті  институционалдық  аккредитациясынан  еркін 

аккредитациясына ӛтумен; 

6.

 



Университеттің әрбір қызметкерінің қызметті жетілдіру процесіне тартумен. 

2009 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің басшылары 

мамандарды  даярлау  сапасын  басқару  жүйесін  енгізу  туралы  шешім  қабылдады. 

Университет  басшыларымен  СМЖ-ны  жасау  және  енгізу  үшін  ISO  9000  сериялы 

стандарт  бойынша  қызметкерлер  мен  оқытушылар  үшін  сапа  менеджмент  жүйесі 

бойынша  бірқатар  семинарлар  ӛткізілді.  Ұжымда  даму  стратегиясын  бірыңғай 

жүргізуді  қалыптастыру  үшін    ЖОО  миссиясы  анықталды.  СМЖ-ның  ең  негізгі 

құжаттары  ҚазМемҚызПУ-дың  сапа  саласындағы  және  ҚазМемҚызПУ-дың  сапа 

бойынша басшылығының саясаты мен мақсаты болып табылады. 

ҚазМемҚызПУ-да  сапа  менеджмент  жүйесін  дамыту  жоғары  мектептің  сапа 

менеджмент  жүйесінде  инновациялық  процестердің  сапаны  қамтамасыз  ету  және 

бақылаудан сапаны жалпылама басқаруға дейінгі жалпы бағыттылығын ескереді. 

Университет  басшылығының  жұмысы  нәтижесіне  ЖОО  қызметінің  негізгі 

процестеріне  мониторинг  және  аудит  жүргізу  нәтижелерінің  негізінде  басқару 

шешімдерін  қабылдау  қағидасы  енгізілген.  Мониторинг  сапаны  сыртқы  (лицензиялау 

процедуралары,  мемлекеттік  аккредитация,  рейтингтік  процедураларға,  тестілеу 

процедураларына  қатысу)  және  ішкі  (ішкі  тексеру,  оқу  процесінің  сапасын  бақылау, 

оқу  жетістіктерінің  нәтижелерінің  мониторингі,  тестік  бақылауды  ұйымдастыру  және 

жүргізу,

 

оқу процесінің (кадрлық, әдістемелік, оқу, ғылыми процестерді материалдық-



техникалық  қамтамасыз  ету,  оқу  ісін  ұйымдастыру  мәселелері)  ұйымдастырылуына 

мониториг жүргізу) бағалау әдістерімен жүргізіледі. 

Университетте  оқу  процесін,  білім  алушылардың  білім  сапасын  бақылауды 

ұйымдастыру сапасын бағалау жүйесі енгізілген.  

Сапа  менеджмент  жүйесін  функционалдау  аясында  тұтынушы  талаптарына  сай 

процестерді  үнемі  жақсарту  үшін  сапа  жүйесінің  процестеріне  ішкі  аудит  жүргізу 

бойынша жұмыстар ретке келтірілген, сәйкессіздіктерді анықтау және түзетілетін және 

ескертілетін әрекеттерді жасау процедуралары жасалған. 

Университетте  әлеуметтік  зерттеулер  орталығы  жұмыс  істейді.  СМЖ 

процестерінің  аясында  тұтынушы  қанағаттарын,  қызығушылық  танытқан  жақтардың 

күтуін  меңгерумен  байланысты  әлеуметтік  зерттеулер  жүргізу  жұмыстары  реттелген: 

«ҚазМемҚызПУ-дағы  білім  беру  сапасы    студенттің  кӛзімен»,  «ҚазМемҚызПУ-дағы 

білім беру сапасы оқытушының кӛзімен», «Оқытушы студент кӛзімен» т.б. Әлеуметтік 

зерттеулер  университет  сапасын  басқарудағы  маңызды  әрі  тиімді  құрал  болып 

табылады. 


53  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(6) 2011 

 

Университеттің 



стратегиялық 

мақсаттарын 

жүзеге 

асырудың 



басым 

бағыттарының  бірі  персоналмен  жұмысты  жоспарлау,  басқару  және  жүзеге  асыру 

болып  табылады.  Адамзат  ресурстарының  менеджменті  саласында  ұйымдық-жарлық 

құжаттамалар  жасалған,  ғылым  және  білім  беру  процесінің  сапасына  әсер  ететін 

құзіреттілікті  арттыру,  сондай-ақ  СМЖ  қағидаларын  жүзеге  асыру  мәселесі  бойынша 

персоналды оқыту ұйымдастырылған. 

СМЖ-мен  жасалған  модель  университеттің  білім  беру,  ғылым  және  басқа  да 

қызмет  түрлері  нәтижесінің  сапасы  кепілін  қамтамасыз  етуге  бағытталған,  ол 

университет қызметін басқару құралы болып саналады. Университет СМЖ ендіру және 

дамыту келесілерге мүмкіндік береді: 

 

тұтынушылар мен барлық қызығушылық танытқан жақтарға ғылыми-білім беру 



қызметтерінің сапасына кепілді қамтамасыз етуге; 

 



басқару  жүйесін  оңтайландыруға,  университет  қызметкерлерінің  ӛкілеттігі  мен 

міндеттерін регламенттеуге; 

 

құжат айналымы процесін біріздендіруге, жеке процестер мен процедуралардың 



кемшіліктерін  шығару  процедураларын  жүйелендіруге,  оларды  жою  тәсілдерін 

табуға; 


 

университеттің жекелеген бӛлімшелері, оның тұтынушылары мен стратегиялық 



әріптестері арасында ӛзара байланысты реттеуге және қысқартуға; 

 



университет 

қызметкерлерінің 

ӛз 

қызметтерінің 



нәтижелеріне 

деген 


материалдық  қызығушылықтарын  арттыруға,  оларды  ӛзін-ӛзі  жетілдіруге 

мотивациялауға; 

 

университет  ӛнімін  ӛндіруге  жұмсалатын  материалдық  шығындарын  азайтуға, 



т.б.  

Жалпы  алғанда,  ЖОО  қызметі  аясында  басқа  жүйелермен  (педагогикалық, 

әдіснамалық,  ұйымдық,  экономикалық,  т.б.)  ӛзара  тығыз  байланыста  болатын  сапа 

менеджмент  жүйесін  енгізу  ЖОО-ның  ғылыми-білім  беру-ӛндірістік  әлеуетін  тиімді 

дамыту және бәсекеқабілеттілігін арттыру үшін алғышарттарды құрады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



1.

 

Аллахвердиева  Э.А.  Внедрение  системы  менеджмента  качества  в 



Казахстанско-Американском  свободном  университете.  Вестник  КАСУ,  №1-

2005. 


2.

 

Концепция развития системы менеджмента качества ФГОУ ВПО «Сибирский 



федеральный университет». 

3.

 



www.quality.eup.ru

.  Задачи  внедрения  принципов  системы  менеджмента 

качества в высшие учебные заведения Узбекистана. 

 

ТҮЙІНДЕМЕ 



Бұл  мақалада  ЖОО-да  менеджмент  жүйесін  енгізу  қажеттілігінің  себептері 

анықталған,  сондай-ақ  мұндай  жүйелерді  жасау  және  енгізуде  пайда  болатын  негізгі 

мәселелер қарастырылады. 

 

РЕЗЮМЕ 



В  данной  статье  определяются  причины  необходимости  внедрения  системы 

менеджмента  в  ВУЗе,  а  также  рассматриваются  проблемы,  возникающиеся  во  время 

разработки подобного рода системы. 

 

 


54  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(6) 2011 

 

 



ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ДИНАМИКАЛЫҚ HTML МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНУ 

 

Байман Г.Б. – аға оқытушы, магистр, Дүйсенова Н.Б. – оқытушы, магистр  

(Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 

 

  Соңғы  жылдары  компьютерлік  телекоммуникациялық  техниканың  және 

технологияның  рӛлі  мен  орны  түбегейлі  ӛзгерді.  Қазіргі  технологияның  дамуы  мен 

оның қолданылуының деңгейі материалдық базасының дамуымен ғана емес, оның жаңа 

білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетінен де анықталады 

Кейінгі  кездерде  оқыту  үдерісіне  компьютер,  электрондық  оқулық, 

мультимедиалық, 

Интернет 

сияқты 

жаңа 


ақпараттық 

коммуникациялық 

технологияларды  қолданудың  дидактикасы  мен  технологиясы  кеңінен  қолданылып 

келе жатқаны мәлім. Бүгінгі таңда ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқу 

үдерісінде  қолдану  әлемдік  ақпараттық-коммуникациялық  білім  беру  кеңістігіне 

қосылуды  қамтамасыз  етеді.  Сондықтан,  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  кезінде 

ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды  тиімді  пайдалануға  негізделген 

бағдарламалық  құралдар  болып  табылатын  теориялық  материалды  ұсынатын,  оны 

меңгеруде  ӛз  бетінше  шығармашылық  жұмыстарды  ұйымдастырып,  білім  деңгейін 

бағалауға  қажетті  электрондық    кітапхананы,  оқу-әдістемелік  және  виртуалдық 

зертханалық кешендерді жетілдіру,  сонымен  қатар оны  жасаудың  мәселелеріне кӛңіл 

аударған жӛн.  

Ақпараттық  қоғам  заманында  Internet


Каталог: images -> arhiv -> 2011
arhiv -> Қазақстан тарихы
arhiv -> К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе
arhiv -> Казахский государственный женский педагогический
arhiv -> Қожахметова К. Ж. п.ғ. д профессор Алматы қ
arhiv -> Психологические аспекты стрессоров
arhiv -> Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
arhiv -> Химия және биология пән мұҒалімдерінің республикалық І съезіне арналған қҰттықтау хат
arhiv -> Музыка – music әож 78
arhiv -> ОҚыту әдістемесі
2011 -> Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет