Ф и з и к а әож 53. 049. 1 Физика сабақтарында


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МҦНАЙ ӚНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата18.03.2017
өлшемі4,01 Mb.
#10040
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МҦНАЙ ӚНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ 
ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ 
 
Г.Ж.Сарманова – магистрант, К.Н.Мамирова – п.ғ.к., доцент  
(Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  мақалада  Қазақстан  Республикасы  бойынша  мұнай  ӛнеркәсібінің  ең 
алғашқы  пайда  болған  аудандары,  негізгі  таралу  аймақтары    және  де  қазіргі  кездегі 
жағдайы айтылған. Қазақстан бойынша негізгі Атырау, Шымкент, Павлодар мұнай ӛңдеу 
заводтары  жайында  мағлұмат  берілген.  Қазақстан  мұнайының  экспорттық  бағытын 
дамыту  және  әртараптандыру  мақсатында  жобаларды  іске  асыру  үшін  негізгі  бағыттар 
кӛрсетілген. 
Түйін  сӛздер:  ЭЛОУ-АВТ-3,  АМӚЗ,  Еуро-4  стандарты,  ҚазТрансОйл,  СNODC 
компаниясы,  Петро  Қазақстан  Ойл  Продактс,  Атасу-Алашонькоу  мұнай  құбыры,  Баку-
Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры. 

144  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Қазақстан  Республикасы  қазба  байлықтарының  кӛлемі  мен  мұнай  шикізатының 
қорлары бойынша әлем бойынша барынша кӛзге түседі. Кӛмірсутекті шикізаттың едәуір 
қорына ие болуда. Сараптаушылардың бағалауынша Қазақстанның болжамды мұнай қоры 
13  млрд.т.,  ал  оның  жер  астынан  алынатын  қоры  -2,76  млрд.т.,  бұл  жалпы  дүниежүзілік 
қордың  -  1,92%  құрайды.  Қазақстан  әлемде  мұнайдың  анықталған  қорынан  11,  ал 
болжамды  қорынан  12  орында.  Осы  заманғы  шаруашылық  мұнайсыз  мүлдем  қызмет 
атқара  алмайды.  Дамудың  «Қазақстандық  жолын»  қалыптастырған  егеменді 
мемлекетімізде  тәуелсіздік  алған  жылдар  ішінде  жүргізілген  сындарлы  саясаттың 
арқасында  экономикалық  және  әлеуметтік  ӛмірімізде  оңтайлы  ӛзгерістер  орын  алып, 
кӛптеген  жетістіктерге  қол  жеткізді.  «Алдымен  экономика,  содан  кейін  саясат»  деген 
ұстаным негізінде Қазақстан экономикасы озық қарқынмен дамып, бүгінде экономикалық 
даму  жағынан  ТМД-ның  барша  елдерінің  алдына  шықты.  Оның  ең  негізгі  ерекше 
факторлары болып ең алдымен дұрыс бағытта жүргізген саясаттың арқасы болса, екінші 
жағынан еліміздің орасан - зор жер асты қазба байлықтарына ие болуы екендігін ерекше 
атап  ӛтуіміз  керек.  Қазақстан  ӛзінің  жер  қойнауының  байлығымен  әйгілі  болып 
есептелінеді. Осыдан бір ғасырдан астам  уақыт бұрын 1899 жылы Қарашүңгілден алғаш 
мұнай  ашылуы,  іле  Доссор  және  Ембіде  Мақат  кен  орындарының  ӛмірге  келуі 
Қазақстанның болашақ экономикалық, отын-энергетикалық әлеуетін танытса, 1961 жылғы 
5  шілде  күні  Жетібайдағы  №6  ұңғымада  мол  мұнай  кӛзінің  ашылуы  туған  жеріміздің, 
республикамыздың  атақ  -  даңқын  асқақтата  түскен  аса  маңызды  оқиға  болды.  «Мұнай» 
сӛзі  «наф  ата»  деген,  парсы  тілінен  аударғанда  «ағып  жиналушы,  ағып  шығушы»  деген 
мағына береді [1]. 
Мұнайды  игеру  техникасымен  технологиясына  тоқталатын  болсақ,  мұнайды  алғаш 
ретте  ұңғымадан  атқылау  арқылы  ӛңдеп  ала  бастады.  Бұл  ӛңдеудің  алғашқы  сатысы 
болып табылады. Жер ұңғымасынан атқылап шыққан соң, соңына қарай атқылау процесі 
аяқталып,  оны  механикалық  тасымалдау  әдісіне  айналдырады  (насостың  кӛмегімен). 
Келесі кезеңде ұңғымадағы ӛнімді  қысым арқылы тасымалдау түрі біртіндеп бәсеңдейді. 
Барлығына  дерлік  ұңғымалар  механикалық  әдіспен  тасымалданады.  Осы  деңгейдің 
соңына  қарай  тасымалдауды  қажет  етпейді.Соңғы  кезеңінде  ӛңдеу  процесі  жүргізіледі. 
Судың  қоры  кӛп  болып  келсе,  мұнайды  ӛңдеу  кӛлемі  біршама  азаяды.  Тәжірибеге 
сүйенсек,  мұнайды  ең  кӛп  кӛлемде  ӛңдеу  жылына  8-10%  -  дан  аспау  қажет,  ал  орташа 
есеппен алғанда жылына 3-5%-ӛңделеді. Қазыналы ӛлке байлықтарын қысқа мерзімде, кең 
ауқымда  жедел  игеру  үшін  Қазақстандықтарға  Татарстанның,  Башқұртстанның, 
Әзірбайжанның,  Түркменстанның,  Краснодар  және  Ставрополь  ӛлкелерінің,  Куйбышев 
және басқа облыстардың мұнайшылары шақырылды [2]. 
 Жер 
қорларын 
пайдалану 
тәртібін 
бағыттаумен 
негізінен 
Қазақстан 
Республикасының  заңдарымен  халықаралық  шарттардың  қадағалануымен  жүзеге  асады. 
Ең  негізгісі:  1996  жылғы  «Жер  қорлары  туралы  заң»,  1995жылғы  «Мұнай  туралы  заң». 
Осы заңға да бірнеше рет ӛзгерістер енгізілді. Соның ішінде ең маңыздысы 1999 жылғы 
және  2004  жылы  желтоқсан  айындағы  мұнай  операциялары  кезіндегі  ӛнімді  бӛлу, 
келісімдер  туралы  «Мұнай  туралы  заңды»  атап  ӛтуге  болады.  2010  жылғы  1  наурызда 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  №153  қаулысымен  адам  ӛмірін  және  денсаулығын, 
жеке  заңды  тұлғалардың  мүлкін,  қоршаған  ортаны  қорғау  мақсатында  автомобиль 
бензиніне,  дизель  отынына  және  мазут  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптарды  белгілейтін 
«Бензин,  дизель  отыны  және  мазут  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық 
регламенті  бекітілді.  Оның  аумағында  құрлықтағы  кен  орындарында  игерілетін 
кӛмірсутек  шикізатының  басым  бӛлігі  жылдық  ӛндірудің  ең  жоғары  деңгейлі  сатысына 
жетті.  Құрлықта  ӛндірудің  одан  әрі  ӛсуі  бірінші  кезекте  Теңіз  және  Қарашығанақ  кен 
орындарын игерудің жылдамдауына байланысты. 2012 жылдың аяғында Қарашығанақ кен 
орнын тәжірибелік-ӛнеркәсіптік іске асыруды бастау жоспарлануда. Бұл ретте ӛнімді бӛлу 
туралы  келісімге  Екінші  қосымша  шартқа  сәйкес  Қашаған  коммерциялық  ӛндірісінің 
басталуы  2013  жылдың  қазанына  дейін  ұзартылуы  мүмкін.  2015  жылы  мұнай  және  газ 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 145
 
конденсатын  ӛндіру  2009  жылмен  салыстырғанда  124,2%-ға  дейін  ӛседі  деп  күтілуде 
(ӛндіру  ӛнімі  18,5  млн.тоннаны  құрайды)  [3].  Қазақстан  бойынша  мұнай  ӛңдейтін  ең  ірі 
үш  мұнай  зауыттары  бар.  Оларға  тоқталатын  болсақ:  1.Атырау  мұнай  ӛңдеу  зауыты,  2. 
Шымкент  мұнай  ӛңдеу  зауыты,  3.  Павлодар  мұнай  ӛңдеу  зауыты.  Мұнай  ӛндіру 
басқармасындағы кәсіптік- ресурс әлеуетінің негізгі мақсаты - кәсіптік ресурс әлеуетінің 
жақсы  нұсқасын  қолдануы,  яғни  ӛндіру,  баға,  шығын  қызметтерді  нарық  жағдайындағы 
конюктураға  байланысты  болуы  және  мұнай  ӛндіруіндегі  мемлекеттік  реттеудің  бар 
болуы.  Отандық  мұнай  ӛңдеу  зауыттарын  қайта  құру  және  жаңғырту  мынадай 
инвестициялық  жобаларды  іске  асыруды  кӛздейді:  Атырау  мұнай  ӛңдеу  зауытында: 
ЭЛОУ-АВТ-3  қондырғысының  вакуумдық  блогын  және  АМӚЗ  баяу  кокстеу 
қондырғысын  қайта  құру  вакуумдық  блоктың  қуатын  жылына  1800  мың  тоннаға  дейін 
және баяу кокстеу қондырғысының қуатын жылына 1000 тоннаға дейін жеткізу. Жобаны 
іске асыру мерзімі - 2011жыл.  
Жылына  133  мың  тонна  бензол,  496  мың  тонна  параксилол  ӛндірумен  хош  иісті 
кӛмірсутек ӛндірісі кешенін салу және мұнай ӛнімдерінің сапасын 3 - экологиялық кезеңге 
дейін жақсарту. Жобаны іске асыру мерзімі- 2011-2013 жылдар. Зауыт базасында мұнайды 
терең  ӛңдеу  бойынша  жылына  мұнай  ӛңдеуді  5500  мың  тоннаға  дейін  жеткізумен  және 
мұнай  ӛнімдерінің  сапасын  84%-  ға  дейін  ӛңдеу  тереңдігі  бойынша  Еуро-4  стандартына 
дейін жақсартумен кешен салу. Жобаны іске асыру мерзімі - 2011- 2014 жылдар [4]. 
Атырау  облысындағы  Солтүстік-  Каспий  экологиялық  базасының  негізгі  жобасы: 
Каспий  теңізінің  солтүстік  Қазақстандық  бӛлігінде  құйылмалы  мұнай  түрін  іске  асыру. 
Жобаны іске асыру мерзімі – 2009 - 2012 жылдар. Жобаның негізгі ұсынылуы:  
- теңіз маңындағы мұнай ӛңдеу аймақтарын құру; 
- экологиялық, метеорологиялық мониторинг; 
- органикалық дүние қорын кеңейту [5]. 
Маңғыстау  облысы  маңындағы  Каспий  теңізінің  шығыс  бӛлігінде  Баутино 
аймағындағы мұнай ӛңдейтін базаға тоқталатын болсақ, толығымен автоматтандырылған, 
автоцистерна  және  теңіз  аймағындағы  жанар  -  жағармайларды  экологиялық  қауіпсіз 
тасымалдап, пайдалануға мүмкіндік бар.  
 «ҚазТрансОйл»  АҚ  негізгі  атап  ӛтетін  жетістіктеріне  тоқталсақ:  2009  жылғы  
9  қазанда  «Кеңқияқ-Құмкӛл»  магистральды  мұнай  құбыры  коммерциялық  пайдалануға 
берілді.  Мұнай  құбыры  «Қазақстан-Қытай»  экспорттық  мұнай  құбыры  құрылысының 
екінші  кезеңінің  бірінші  желісі  болып  табылады.  Оның  құрылысын  қазақстандық 
«ҚазТрансОйл»  АҚ  және  қытайлық  СNODC  компаниясының  бірлескен  кәсіпорны 
«Қазақстан-Қытай  құбыры»  ЖШС  жүргізілді.  «ҚазТрансОйл»  АҚ  орналастыратын 
акцияларды  тӛлеу  мақсатында  компания  акционері  -  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ 
5  наурызындағы  шешімімен  «Туймазы-Омбы-Новосибирск  2»  (ТОН-2)  магистральды 
мұнай құбырының Қазақстандық учаскесі тапсырылды. «ҚазТрансОйл» АҚ тармақталған 
магистральді  құбыр  жүйесі  арқылы  мұнай  тасымалдауы  мен  су  жеткізуді  қамтамасыз 
ететін ҚР басты мұнай тасымалдау компаниясы. 
«Петро Қазақстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде (бұдан әрі 
-ПҚОП):  Мұнай  ӛңдеу  бойынша  қуатты  жылына  6000  мың  тоннаға  дейін  жеткізумен, 
ӛңдеу  тереңдігін  90%  дейін  ұлғайтумен,  зауытты  қайта  құру  және  жаңғырту,  мұнай 
ӛнімдерінің сапасын 4-экологиялық кезеңге дейін жақсарту. Жобаны іске асыру  мерзімі- 
2011-2014 жылдар. Павлодар мұнай-химия зауытында (бұдан әрі - ПМХЗ): 
Зауыт  қуатын  жылына  6000  мың  тоннаға  дейін  жеткізуде,  мұнай  ӛңдеу  тереңдігін 
90%-ға  дейін  ұлғайтумен  қайта  құру  және  жаңғырту,  мұнай  ӛнімдерінің  сапасын  
4-экологиялық кезеңге дейін жақсарту. Жобаны іске асыру мерзімі- 2011-2013 жылдар.  
2011жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды- инновациялық даму 
бағдарламасына 
сәйкес, 
сондай-ақ, 
«ҚазТрансОйл» 
АҚ-ның 
инновациялық-
технологиялық даму бағдарламасын іске асыру аясында Павлодарда орталық диспетчерлік 
бекет іске қосылды [6]. 

146  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Мұнай  ӛңдеу  зауыты  қайта  құру  және  жаңғыртуды  аяқтау  2015  жылы 
республиканың  тұтынушыларын  3-4-экологиялық  кезеңнің  талаптарына  сай  келетін 
сапалы мұнай және мұнай-химия ӛнімдерімен қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға зиянды 
әсерді азайтуға, республиканың автомобиль және авиация отынына қажеттігін қамтамасыз 
етуге,  мұнай  ӛңдеу  зауыттарының  жиынтық  қуатын  жылына  17,5  млн.  тоннаға  дейін 
жеткізуге  мүмкіндік  береді  [7].  Қазақстанда  түрлі  маркадағы  мұнай  ӛндіреді.  Қашаған 
теңіз  мұнай  ӛңдеу  аймағында  8  млрд.  баррель  кӛлемінде  мұнай  ӛнімі  бар  екендігі 
анықталуда, екі жасанды аралда 20 эксплуатациялы скважинаның бұрғылауы жасалынды. 
Қазақстанның  Каспий  шельф  аймағында  Қашаған,  Ақтоты,  Қайраң,  Қаламқас 
аймақтарында  41  скважина  ӛңделіп,  эксплуатацияланып,  сараптамалық  бақылау 
жасалынды. Қазақстанның Каспий аймағында мұнайды барлау 2013 жылғы маусым айына 
жоспарлануда.  Алғашқы  кезеңдерінде  тәулігіне  400  мың  баррель  мұнай  ӛңделеді. 
Қашағанда ең жоғарғы кӛлемде мұнай ӛңдеу тәулігіне 1,5 млн. баррель болуы мүмкін.  
Қазақстан  мұнай  транзитіне  тарифтерін  бекітті.  Ол  мұнай  магистралі  2005  жылы 
аталған  тариф  Қазақстанның  мемлекеттік  агент  негізінде  бекітіліп,  1  қыркүйектен  ӛз 
жұмысын  бастады,  ол  «Атасу-Алашонькоу»  деп  аталатын  құбыр  жүйесімен 
тасымалданады  (1тонна  1000  км-ге  1673,89  теңгені  құрайды).  Атасу  станциясынан 
(Қарағанды  облысы)  Алашонькоу  теміржол  станциясына  (ҚХР)  дейін  аралықта 
орналасқан.  Алғашқы  кезеңде  құбыр  арқылы  мұнайды  жіберу  мүмкіндігі  жылына  10 
млн.тонна,  екінші  кезеңде  20  млн.тоннаға  жуық  болды.  2008  жылы  Қытайға  осы  құбыр 
арқылы  біздің  мұнайымыздың  5,1  млн.тоннасы  экспортталды;  2011  жылы  Атасу-
Алашонькоу  мұнай  құбыры  2010  жылдың  алғашқы  4  айына  қарағанда  3млн.751мың 
тонна,  яғни  15%-ға  жоғары  болды.  Қазіргі  кезде  ресей  мұнай  компаниялары  «Атасу-
Алашонькоу»  мұнай  құбыры  арқылы  тасымалды  іске  асырып  жатқан  жоқ.  Одан  басқа 
Қазақстанның  мұнай  және  газ  министрлігі  мұнай  құбырымен  Қытайға  250  мың  тонна 
кӛлемінде  мұнай  тасымалдауға  квотаны  бекітті.  Бұл  айлық  квота  жыл  соңына  дейін 
сақталуы мүмкін [8]. 
Қазақстан  мұнайының  экспорттық  бағытын  дамыту  және  әртараптандыру 
мақсатында мына жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: мұнай құбырын 
кезең-кезеңмен кеңейту, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырына қосу арқылы Қазақстан-
Каспий  тасымалдау  жүйесін  құру  және  Қазақстан-Қытай  бағыттары  бойынша 
ұлғайтылатын болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Т.Омарәлиев. «Мұнай мен газды ӛңдеудің химиясы және технологиясы», I бӛлім,  
 Астана- 2011, «Фолиант» баспасы, 6-8 б. 
2. К.И. Джиембаева, Т.К. Ахмеджанов, М.К.Сакиева, «Техника и технология добычи  
 нефти», Алматы- «Экономика» баспасы, 2011, 5-11, 91-97 б. 
 3.  Е.А.  Ахметов,  Г.Е.  Бердығұлова  «Қазақстан  Республикасының  экономикалық 
және әлеуметтік географиясы», Алматы-2011,76-85 б. 
4. «Petroleum», Алматы- 2012, 57-58- б. 
5. «ҚазМұнайГаз», Алматы- 2011, 4-5- б. 
 6. «ҚазТрансОйл», Астана-2012, 12-13-б. 
 7. «Нефтяное хозяйство», 2’2012, 18-19-б. 
8. «Нефть и газ», Алматы-2011, №5 (65), 151-152-б.  
 
РЕЗЮМЕ 
В  этой  статье  рассматривается  состояние  и  развитие  нефтяной  промышленности  в 
Казахстане.  Так  же  дается  анализ  межгосударственным  и  международным  соглашениям 
по добыче нефти. 
SUMMARY 
This  article  deals  with  the  state  and  development  of  the  oil  industry  in  Kazakhstan  and 
analysis  of international agreements in oil production. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 147
 
ӘОЖ  911.2: 551.4 
МИНЕРАЛ АГРЕГАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ 
 
М.Е.Тоқсабаева магистр, оқытушы (Алматы  қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация:  Мақалада  табиғатта  кездесетін  процестердің  нәтижесінде  түзілген, 
физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы тұрақты кристалдық зат минералдың пайда 
болуы  және  минералдардың  жаралуының  түрлері  (эндогенді,  экзогенді,  ӛтпелі  бӛлік 
минералдары)  қарастырылған.  Минерал  агрегаттары  және  оның  морфологиясы, 
физикалық химиялық қасиеттері сипатталған. 
Түйін  сӛздер:  минерал,  минералогия,  минерал  агрегаттары,  мономинерал, 
полиминерал 
Минерал – геологиялық процестер нәтижесінде түзілген, физикалық қасиеттері  мен 
химиялық құрамы тұрақты кристалдық құрылымдарының табиғи химиялық қосылыстары. 
Минералдар  таужыныстарды,  яғни  жер  қыртысы  деп  аталатын  минералдық  ортаны 
құрайды. Таужыныстар – минералдардың белгілі бір құрамды және құрылымды тұрақты 
парагенезистік ассоциациясы (қосылыстары). 
Минералдар табиғатта пайда болуы түрліше болады. Оларға минерал бӛлшектердің 
(элементтердің)  шамасы  (концентрациясы)  температура,  қысым,  айналадағы  әртүрлі  тау 
жыныстарымен  әрекеттесуі  жатады.  Қатты  зат  болып  табылатын  минералдар  сұйық,  газ 
және қатты фазалар түрінде кездесетін заттардан кристалданады. Мысалы: ӛте ыстық зат 
болып  табылатын  магманың  суынуынан  түзілген  минералдық  агрегаттар  магмалық 
түйірлі  тау жыныстарын құрайды. Минералдар жер астында, жердің беткі  қабатында, су 
қабаты  -  гидросферада  дамиды.Минералдардың  даму  кӛзі  -  жер  қыртысы  болып 
табылады. Ол шамамен (16-25) тереңдіктері зерттелген [1]. 
Минералогия – жаратылыстану ғылымдары әлеміндегі, геологиялық пәндердің кӛне 
негізгісі,  ол  минералдардың  құрамын,  құрылымын,  қасиеттерін,  жаралу  жағдайларын, 
таралу заңдылықтарын және практикалық маңызын зерттейді. 
Минералдардың жаралуы негізгі үш топқа бӛлінеді: 
Эндогенді  минералдар  -  Жер  қыртысының  терең  бӛлігінде  жаралады.  Онда  үнемі 
магма әсері байқалып отырады. Магма-сұйық, ыссы, балқыған күйдегі силикаттық зат деп 
саналады. Оның құрамындағы әртүрлі элементтер, тотықтар, ұшпалы заттар (фтор, хлор, 
су,  кӛмірқышқыл  т.б.).  Жоғары  температура  және  үлкен  қысым  басымырақ.  20-25  км 
тереңдіктегі  тау  жыныстары  қатты  болып  келмейді.  Силикатты  қоймалжың  массалы 
болады.  Бұл  зат  магма  деп  аталады.  Ал  магмалы  жер  қыртысын  магмалық  деп  атайды. 
Магма  бӛлігінде  1500
0
  С  тан  асады  және  ӛте  жоғарғы  қысым  аймағы  болады.  Бұл 
процестерді эндогенді деп аталады. 
Экзогенді  минералдар  -  Жер  қыртысының  жоғарғы  бӛлігімен  байланысты.  Мұнда 
тӛменгі температура мен тӛменгі қысым сипат алады. Жер бетіне жақын орналасқан және 
жер  бетінде  жатқан  минералдар  және  магмалық  тау  жыныстар  ӛзгерістерге  ұшырайды. 
Желдің  әсерінен,  температура  мен  қысымның  әсерінен,  су  және  химиялық  агенттер  (О, 
Н
2
О, СО
2
) әсерінен. Минералдардың кристалдануы сулы ортада яғни гидросферада судың 
тӛменгі  бӛлігінде  диагенез  зонасында  дамиды.  Оған  тірі  организмдер  қатысады,  яғни 
биосфера тірі құрам зонасы. Бұл процесті экзогенді деп атайды. 
Ӛтпелі  бӛлік  минералдары  -  Жер  қыртысының  ӛтпелі  бӛлігін  қамтиды.  Ол  кӛбінде 
жер  қыртысы  мен  магмалық  бӛліктің  арасында  6-10  км  тереңдікте  жер  бетімен 
салыстырғанда орналасқан. Бұл ӛтпелі бӛлігін метаморфтық деп атайды. Мұнда жоғарғы 
қысым мен жоғарғы температура сипат алады. 
Минералдар  индивидтер  түрінде  кездеседі.  Әрбір  минералдық  индивидтер  ӛзінің 
морфологиясы,  ішкі  құрылысы,  құрамы  ерекшеліктерімен  ажыратылады.  Қазіргі  кезде 
жер  қыртысында  2000-нан  аса  минерал  түрлері  анықталған.  Минералдардың  жаралуы 
эндогендік  және  экзогендік  геологиялық  процестер  нәтижесінде,  бір-бірінен  ӛзгеше 

148  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
бірнеше тәсілмен, негізінен минерал жаралу ортасының сипатымен анықталатын мынадай 
жолдармен жаралады: 
-  Табиғи  силикат  балқыманың  (магманың)  температурасы  оның  қатаю  нүктесінен 
тӛмен түскен кезде кристалдану жолымен; 
-  Минералдық  заттардың  шынайы  немесе  коллоид  ерітінділерден  түзілуі  арқылы, 
бұл  ерітінділер  ыстық  (гидротермалық  ерітінділер,  олардан  кӛптеген  руда  минералдары 
жаралады) немесе салқын (мысалы; тұзды кӛлдердің ерітінділері) болуы мүмкін; 
- Диффузиялық  процестер нәтижесінде қатты заттардың әртүрлі түрлену жолымен; 
-  Минералдардың  газ  тәрізді  күйден  тікелей  кристалдану  жолымен,  мысалы; 
жанартау кратерлерінің қабырғасында күкірттің жанартаулық газдардан кристалдануы. 
Кӛптеген  минералдық  түрлердің  70-ке  жуығы  ғана  кең  таралған,  олар  негізінен 
таужыныстар құрамына кіретіндіктен  таужыныс жасаушылар деп аталады. 
Қазіргі кезде минералдар кристаллохимиялық принцип, яғни, кристалдық құрылымы 
мен  химиялық  құрамы  ерекшеліктерінің  негізінде  типтер  мен  кластарға  жіктеледі, 
мысалы: сомтума, сульфид, оксид, карбонат, галоид, силикат және т.б. 
Минерал агрегаттары-жаралуы бірдей бірнеше минералдар жиынтығы. 
Құрамы  бойынша  агрегаттар  мономинералды  (моно-біреу)  және  полиминералды 
(поли-кӛп)  болып  келеді.  Кристалды  дәрежесі  бойынша:  анық  кристалды,  жасырын 
кристалды  және  аморфты  болып  ажыратылады.  Кеңістікті  толтыру  дәрежесі  бойынша: 
қопсық және тығыз болып кездеседі. 
Минерал агрегаттарының басты типтеріне; түйірлі агрегаттар, друзалар, дендриттер, 
тасшемен, тасберіш, сауысты агрегаттар, оолиттер, жер тәрізді масса және т.б. жатады [2]. 
Минерал  агрегаттарының  морфологиясын  анықтау.  Түйірлер  шекарасы  кӛрінетін 
агрегаттар  анық  кристалды болып табылады. Жасырын кристалды агрегаттарда түйірлер 
шекарасы кӛрінбейді. 
Тығыз  агрегаттарда  түйірлер  қысылып  жанасады  және  бір-бірімен  берік  ӛседі. 
Қопсық  агрегаттар  қолға  жұғады,  сырттан  қысым  түскенде  шашырап  кетеді.  Оларға 
мынадай терминдер жиі қосылады: күйе тәрізді (қара), ұн тәрізді (ақ), жосалы (тот басқан 
қоңыр). 
Белгілі бір ғана минерал түйірлерінен тұратын агрегат мономинералды (мәрмәр), ал 
агрегат бірнеше минералдардан құралса полиминералды (гранит) деп  аталады. 
Түйірлі  агрегаттар  түйірлер  ӛсуінің  жиынтығы.  Мысалы,  кез  келген  таужынысы 
немесе кен. Түйірлі агрегаттарда кӛп немесе аз изометрлі түйірлер кездеседі. Агрегаттар 
түйірлер  пішініне  қарай  ажыратылады:  қабыршақ  түйірлі,  жапырақша  түйірлі,  пластина 
түйірлі. Түйірлер бағыты белгілі бір роль атқарады, мысалы, параллель бағаналы, серіктес 
талшықты,  желпуіш  тәрізді,  сәулелі  тарамдалған  агрегаттар.  Ӛлшемі  бірдей  түйірлерден 
құралған  агрегаттар  біркелкі  түйірлі,  ал  әр  түрлі  түйірлі  агрегаттардан  құралса  әркелкі 
түйірлі  деп  аталады.  Біркелкі  түйірлі  агрегаттар  ішінде  түйірлердің  абсолюттік  ӛлшемі 
бойынша бӛлінеді: зор түйірлі (түйір ӛлшемі 20 мм-ден артық), ірі түйірлі (түйір ӛлшемі 5 
мм 20 мм-ге дейін), орта түйірлі (түйір ӛлшемі 1мм-ден 5мм-ге дейін), ұсақ түйірлі (түйір 
ӛлшемі 1 мм-ден аз). 
Друзалар - бір тұғырда қырланып ӛскен кристалдар. Кристалдану кезінде әкелінетін 
ерітінділер  бос  кеңістікте  пайда  болады.  Друзалар  үшін  аралас  таужыныстары  минерал 
ӛсетін  жоғары  беті  белгілі  болуы  тән.  Бір  уақытта  бірге    ӛсуде  «геометриялық  талдау» 
туындайды:  жақтары  жоғары  қарай  ӛсуге  бағытталған  кристалдар,  біртіндеп  ӛлшемі 
бойынша азаяды, содан кейін олардың  ӛсуі тоқтайды. Друзалар кварц, кальцит, турмалин, 
берилл, флюорит, пирит кристалдарына тән. 
Щеткалар  -  друзалар  кристалл  ӛлшемдерінің  кіші  болуымен  (см-ге  дейін) 
ажыратылады. 
Дендриттер  -  ағаш  бұтағы  тәрізді  агрегаттар  (ағаш  тәрізді).  Қаңқалы  пішінінен 
айырмашылығы  бӛлек  кристалл  индивидтерінен  тұратын,  бір-бірімен  параллель  немесе 
қосақталған жағдайда ӛседі. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 149
 
Тасшемен  (секреция)  -  коллоидты  немесе  кристалл  заттармен  толтырылған, 
концентрлік  зонада  орналасқан,  дӛңгелек  немесе  бұрыш  пішінді  жаралым.  Тасшемен 
таужыныстарының қуыстарын және жолақтарын минералдық заттармен қуыстың шетінен 
ортасына қарай толтыру нәтижесінде жаралады. 
Жеодалар  -  кремнезем  тобы  минералдары  (халцедон,  кварцпен,  опалмен)  жолақ 
агрегаттары  немесе  концентрлі  зоналармен,  сонымен  қатар  тӛмен  температуралы 
минералдар: кальцит, цеолиттер, марганец, темір гидроксидтерімен толған. 
Тасберіш (конкреция) - шар тәрізді немесе пішінсіз сфералы жаралымдар, кейде ішкі 
құрылысы  күн  сәулесі  тәрізді  тарамдалып,  тасшеменнен  айырмашылығы  тасберіш 
ортадан шетке қарай ӛседі. Тасберіш ӛлшемі мм-ден ондаған см-ге дейін, кейде кӛлденеңі 
метрге дейін ӛзгереді. Тасберіш түрінде фосфорит, питрит, марказит кездеседі. 
Оолиттер  -  концентратты  зоналы  қабықшалы,  кейде  тарамдалған  құрылысты  шар 
тәрізді  жаралым.  Коллоидты  ерітінділер  және  гельдер  коагуляция  нәтижесінде  пайда 
болады. 
Сауысты агрегаттар  -жаңа минерал зонасы түзілген минерал заттарына біртіндеп 
сауыстану  жолымен  жаралады.  Коллоидты  гель  есебінде  түзіледі.  Мұндай  агрегаттарға: 
бүйрек  тәрізді  агрегаттар,«шынылы  бас»,  тассүңгі,  тасқада,  қабықшалар  жатады.  Бұндай 
жаралымдар ӛлшемдері әр түрлі болуы мүмкін [3]. 
Минералдардың  оптикалық  қасиеттері.  Минералдардың  оптикалық  қасиеттері 
минерал бетінде жарық сәулесінің шағылуынан, минералдарда жұтылуынан байқалады. 
Мӛлдірлігі  заттардың  ӛздері  арқылы  жарық  ӛткізу  қабілеті.  Ірі  кристалдарында 
бақылау арқылы, барлық минералдар мӛлдірлік дәрежесі бойынша тӛмендегідей топтарға 
бӛлінеді: 
1.
 
 Мӛлдір (тау хрусталі, исланд шпаты) 
2.
 
 Жартылай мӛлдір (сфалерит, киноварь) 
3.
 
 Мӛлдір емес (пирит, магнетит) 
Жылтырлығы  -  минерал  бетінен  шағылысатын  жарық  бӛлігі.  Жылтырлығы  кірікпе 
және  жарықшақтардан  жоғары  бетінен  шағылысатын  минерал  сыну  кӛрсеткішіне 
байланысты.  Металша,  жартылай  металша,  бейметалша  (алмазша,  шыныша,  майша, 
күңгірт, балауыз, жібекше, інжуше) жылтырлықтар бӛлінеді. 
Минералдар  түсі  -  ең  айқын  кӛрінетін  қасиеттері,  ол  ең  бірінші  кӛзге  түсетін 
анықтау  белгілері  болып  табылады.  Түстері  әр  түрлі  және  химиялық  құрамы, 
механикалық қоспалары және басқа кӛптеген себептеріне негізделген. 
Құбылу - мӛлдір және шала мӛлдір минералдардың жоғары бетінде немесе жіктілік 
жазықтығында  жарықтың  тӛгілуі.  Ол  кристалдардың    ішкі  жақтарынан,  жіктілік 
жазықтығы, басқа  минералдардың  микроскопиялық  жарықтарына негізделген. Лабрадор, 
опал (Асылтас), ай тас (калий натрийлі дала шпаттары) минералдарына тән. Құбылу - бұл 
түс  лабрадор  минералында  ӛзіне  тән  әр    түсті  түс  алмасуы  калий  натрийлі  дала 
шпаттарында кӛгілдір түсі байқалады. 
Құлпырым - мӛлдір емес минералдардың жоғары бетінде әр түсті кемпірқосақ тәрізді 
болады.  Құлпырым  -  халькопиритте  судың  бетіндегі  тӛгілген  бензин  түсі  тәрізді  жұқа 
қабықшалар тән. 
Түссызығы  -  бұл  минералдардың  ұнтағының  түсі.  Минерал  ұнтағын,  минерал 
сынығын  агатты  келіде  үйкеп  немесе  зерттеп  отырған  минералдың  үшкір  бұрышын 
фарфор сынығы (бисквит) бетінің күңгірт әйнексіз жағына сызып тексереді. 
Минералдардың механикалық қасиеттері минералдағы құрылым бірлігі арасындағы 
химиялық  байланыс  тӛзімділігінің  сыртқы  кӛрінісімен  және  оларға  механикалық  әсер 
еткенде байқалады. 
Жіктілігі  -  минералдардың  белгілі    бір  кристаллографиялық  бағытпен  жарылу 
немесе ажырағыш қабілеті. Бұл қасиет минералдың ішкі құрылысымен байланысты. 
 Жіктіліктің келесі түрлері бар: 
-
 
аса жетілген (мусковит, гипс) 

150  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
-
 
жетілген (галенит, кальцит, флюорит) 
-
 
орташа (мүйіз алдамышы) 
-
 
жетілмеген (апатит, берилл) 
-
 
аса жетілмеген  яғни жіктілігі жоқ (кварц, опал) 
Минералдардың  жарылуы,  бӛлінуі  және  қабыршақтануы  бетінде  жарылып 
омырылуы омырылым деп аталады.  
Минералдардың  қаттылығы  -  минералдарды  сызғанда  не  қысым  түскенде  қарсы 
тұру  қабілеті.  
Морттылық  -  балғамен  соққанда  немесе  ӛткір  пышақпен  морт  бетін  сызғанда 
минералдың шытынап уатылу қасиеті. Кӛптеген минералдар морт болып келеді. 
Майырылғыш  -  минералды  балғамен  соққанда  жұқа  пластиналардың  оңай 
жалпайғыштығы.  Морт  минералдарға  сомтума  металдар:  алтын,  мыс,  күміс,  халькзин 
жатады. 
Иілгіш  -  деформацияланған  күш  әсерінен    минералдардың  ӛз  пішінін  ӛзгертуі 
деформацияланбаған жағдайы күшейткіш алынып ӛзінің алғашқы орнына қайтып келеді. 
Серпімді минералға мусковит жатады. 
Ерекше 
қасиеттері. 
Минералдардың 
меншікті 
салмағы 
(тығыздығы) 
минералдардың химиялық құрамына әсер ететін қасиет. 
Магниттілік  қасиет  -  минералдардың  магнитті  қабылдауына  және  ӛткізуімен 
сипатталады.  Магниттілікті  зерттеу  үшін  еркін  айналатын  магнит  тілімен  минералды 
тексереді.  Егер  минерал  магнит  тілін  қозғалтса,  онда  ол  минерал  магнитті  қасиеті  бар 
(магнетит,  пирротин).  Бұл  зерттеумен  магнитті  қабылдауы,  магнитті  ӛткізгіш,  электрлік 
қасиеті анықталмайды. 
Электрлік  қасиеті  -  минералдардың  кӛпшілігі  электр  ӛткізгіш  және  жоғары 
меншікті  кедергіге  ие  болады.  Олар  кристаллографиялық  бағыттарға,  температура  және 
құрамы кӛбінесе қоспаларына тәуелді болады. 
Дәмі  және  иісі.  Дәмін  және  иісін  сезу  органдары  кӛмегімен  анықтайды.  Кейбір 
минералдардың белгілі бір дәмі болады. Мысалы, галиттің дәмі тұзды, сильвин ӛте тұзды. 
Ал, басқа минералдар сындырғанда белгілі дәмі шығады. Мысалы, арсенопирит сарымсақ 
иісін береді.  
Минералдардың  ерігіштігі  -  минералдың  ерітіндімен  не  таза  сумен  әрекеттесу 
процесі.  Ерігіштігі  минералдарды  анықтағанда  үлкен  мәнге  ие.  Мысалы,  кварц  суда  аз 
ериді, ал галит және сильвин тез ерігіш. Суда ерігіштігі минералдағы майлы жылтырлығы 
кӛрінуімен анықталады. Серпімді, иілгіш сияқты қасиеттер лабораториялық жағдайларда 
анықталмайды. 
Минералдардың  ыдырауы.  Кӛптеген  минералдар  қышқылмен  ыдырайды  және 
олармен ерітіндіге ауысады. Минералдарды анықтау үшін тұз және азот қышқылы сирек 
күкірт  қышқылы  қолданылады.  Минералдың  ыдырауы  пипетка  және  әртүрлі  қышқыл 
кӛмегімен  анықталады,  пипеткамен  қышқыл  тамшысын  зерттеп  отырған  минерал  не 
ұнтағына  тамызып  кӛреміз.  Тамшының  минералға  әсерлесу  реакциясын  байқаймыз. 
Минерал қышқылмен газ бӛлініп қайнайды, мысалы; кальцит минералы  тұз қышқылымен 
реакцияға түскенде қайнайды [4]. 
Минерал  қаттылығын  анықтау.  Салыстырмалы  түрде  қаттылықты  анықтау  үшін 
Моос  шкаласы  қолданылады,  яғни,  әрбір  минерал  ӛзінен  бұрынғы  минералдан  қатты 
болады (1-кесте). 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 151
 
1-кесте 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет