Ф и з и к а әож 53. 049. 1 Физика сабақтарында



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата18.03.2017
өлшемі4,01 Mb.
#10040
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Б И О Л О Г И Я 
 
 
ӘОЖ 618.664+612.118.221.3 
ЖҤКТІ ӘЙЕЛ АҒЗАСЫНДАҒЫ ЭРИТРОЦИТ МЕМБРАНАСЫНА 
ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ 
 
Қ.А.Асқарбаева – оқытушы, З.Ж.Сейдахметова – б.ғ.д., 
(Алматы қ., Қазмемқызпу)  
 
Аннотация: аз салмақты жүкті әйелдердің эритроцит мембранасының асқын тотығу 
резистенттілігінің 
тӛмендеуі, 
мембраналарының 
ӛткізгіштігі 
және 
сахарозаменгиперосмостық  қысым  кезіндегі  эритроцит  гемолизінің  жоғарылауы 
анықталды.  Эритроцит  мембраналарының  құрылымдық-функционалдық  қасиетінің 
ӛзгеруінен  мембрана  тӛзімділігінің  жоғарылауын  тудырып  ұрықтың  дамуы  мен  ӛсуіне 
әсер етуі кӛрсетілген. 
Түйін  сӛздер.  Эритроцит  мембранасы,  тотығу  резистенттілігі,  ұрық,  организм, 
биологиялық мембрана.  
Сыртқы  ортаның  зиянды  факторлары  ана  организмiне  жанама  түрде  әсер  еткенде, 
дамып келе жатқан ұрықта күрделi ӛзгерiстер байқалып, оның дамуына тигізген қолайсыз 
әсерден  организмiнде  тiкелей  ӛзгерiстер  болуы  мүмкiн.  Зиянды  әсерге  ұрық  анағұрлым 
сезiмтал келуiн критикалық кезең деп атайды. 
Құрсақ  iшiндегi  аз  салмақтылықтың    пайда  болу  себептерi  әр  түрлi,  әсiресе  ана 
органзмiнiң жүктiлiк болмай тұрып және жүктiлiк кезiндегi сырқаттары және жүктiлiктiң 
асқынуы  үлкен  рӛл  атқарады.  Сонымен  қатар    ананың  шылым  шегуi,  алкоголь  және 
ӛндiрiс зияндылығы әсер етедi. Кортикостероиттер және цитостатикалық заттардың әсерi 
дамып келе жатқан ұрықта айқын тежелу байқалғаны анықталды [1].  
Құрсақ  iшiндегi  нәрестенiң  дамуының  тежелуi  ана  организмiнiң  патологиясына, 
плацентаның  жеткiлiксiздiгiне  және  ұрықтың  дамуына  да  байланысты  екенi  белгiлi. 
Қазiргi  кӛзқарас  бойынша  плацентарлық  жеткiлiксiздiк  түсiнiгiне  плацентаның  қоректiк, 
транспортық,  эндокриндік  және  зат  алмасу  қызметтерiнiң  кешендiк  бұзылыстарын 
жатқызамыз [2]. 
Соңғы жылдары ана-ұрық жүйенің патологиясындағы биологиялық мембрана рӛліне 
кӛп  кӛңіл  бӛлуде.  Мембранаға  қызығушылық  олардың  организмінің  ткандық  және 
органдық  функционалдық  қызметінен  туындайды.  Мембраналық  жүйенің  қатысусыз 
жүретін  іш  жүзінде  биохимиялық  реакциялар  жоқ  [3].  Организм  жүйелері  мен 
органдардың,  ұлпалардың  және  клеткалардың  негізінде  физиологиялық,  биохимиялық 
процестер жатыр. Сондықтан да мембраналық жүйенің қатысуынсыз жүретін іш жүзінде 
биохимиялық реакциялар жоқ. 
Қазіргі  таңда  биологиялық  мембрананы  патология  және  физиологияда  негізгі 
базистік  фактор  ретінде  қарастырып  отыр.  Емдеу  саласымен  және  физиологиялық 
зерттеулердегі биомембрананы қарастыруға арналған негізгі модель қан клеткалары, оның 
ішінде эритроциттер болып табылады. 
Кӛптеген  зертеулерге  қарамастан  құрсақтағы  нәрестенің  дамуындағы  әртүрлі 
аспектілерінің  кӛп  жағы  әлі  толық  зертелмеген.  Сондықтан  жұмысымыздың  негізгі 
мақсаты  қалыпты  және  аз  салмақты  жүкті  әйелдердің  эритроцит  мембранасының 
тӛзімділігін зерттеу болып табылады.  
Зерттеу материалдары мен әдістері. Материал ҚР ДМ Акушер, гинекология және 
перинатология ғылыми орталығында жиналды. Зерттеуге қатысқан жүкті әйелдер 2 топқа 
бӛлінді: 1-топ (бақылау)- 36-37 апталық жүктілік ағымы қалыпты әйелдер; 2-топ (негізгі)- 
36-37 апталық құрсақ ішілік нәрестесінің дамуы кідірген жүкті әйелдер. 

160  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Эритроциттерді бӛліп алу үшін қанды 10 минут 1000 g айналымда центрифугаладық. 
Плазма мен лейкоциттерді бӛліп, ал эритроциттерді құрамы 150 мМ NaCI, 5 мМ Na
2
HPO

(pH – 7, 4) инкубация ортасымен екі рет шайдық. Эритроциттердің мембрана ӛткізгіштігін 
В.  Колмаковтың,  .т.б.  әдісімен  анықтадық  [4].  Эритроциттерді  сахарозалық  қысымға 
сахарозаның  әртүрлі  концентрациялы  ерітінділеріндегі  гемолиз  деңгейіне  негізделген 
әдіспен  ұшыраттық  [5].  Эритроциттердің  асқын  тотықтық  гемолизін  Мырзахметова, 
Мирошина  және  т.б.  әдісімен  [6]  анықтадық.  Алынған  нәтижелер  «Microsoft  Excel» 
бағдарламасы  мен  Стьюденттің  критериі  қолданыла  отырып  ӛңделді,  тіркелген 
кӛрсеткіштердің сенімділігі р≤ 0,05.  
Зерттеу  нәтижелерi  мен  талқылау.  1-суретте  бақылау  және  аз  салмақты  жүкті 
әйелдердің эритроциттерін сахарозаның 0,2-0,5 М ертінділерінде гиперосмостық қысымға 
ұшырату кезіндегі гемолизді анықтау тәжірибе кӛрсетілген. 
0
10
20
30
40
50
0
0,2
0,3
0,4
0,5
1
2
 
 
1- сурет. Сахарозамен гиперосмостық қысым кезіндегі аз салмақты жүкті әйелдердің 
бақылау  және  тәжірибе  топтарының  эритроцит  гемолизі.  Ордината  осі:  гемолиз  деңгейі, 
%;  абцисса  осі:  сахароза  концентрациясы,  М.  1  –  бақылау  тобы,  2  –  аз  салмақты  жүкті 
әйелдер тобы. 
Бақылау  топтағы  жүкті  әйелдердің  эритроциттерін  құрамында  сахарозаның  0,3  М 
ерітіндісі  бар  ортада  инкубациялаған  кезде  мембрананың  гемолиттік  тӛзімділігі  аса 
тӛмендемейді  (8,6%  гемолизі),  ал  аз  салмақты  жүкті  әйелдердің  эритроциттерін 
құрамында 0,2 М сахароза бар ортада инкубациялаған кезде-ақ гемоглобиндердің шығуы 
12,1% байқалады. Сахарозаның концентрациясы 0,5 М жоғарылағанда бақылау тобында - 
11,8%,  ал  жүкті  әйелдердің  тобында  -  43,5%  эритроцит  гемолиздің  жоғарылағаны 
байқалды. 
0
20
40
60
80
100
40/60
45/55
50/50
55/45
60/40
65/35
1
2
 
2-сурет.  Бақылау  және  аз  салмақты  жүкті  әйелдердің  эритроцит  мембраналарының 
ӛткізгіштігі. Ординат осі: гемолиз деңгейі, %; абцисс осі: мочевина/NaCl концентрациясы. 
1 – бақылау, 2 – аз салмақты жүкті әйелдер. 
Бастапқыда  кӛрсетілгендей,  0,4  сахароза  ертіндісінде  гемоглобин  ортаға  шыққанда 
эритроциттер  созылғыш  қасиетін  жоғалтады  және  құрылымдық  ӛзгеруіне  ұшырайды  /5/. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 161
 
Сахарозаның  концентрациясы  жоғарылағанда,  аз  салмақты  жүкті  әйелдердің  бүтін 
мембрана эритроциттерінің бұзылу себебі, эритроцит гемолизі тек клетканың сахарозалық 
қысым әсерінен ғана емес, сонымен бірге қызметінің бұзылуы нәтижесінде.     
Келесі  тәжірибеде  эритроцит  мембранасының  ӛткізгіштігі  анықталды  (2  сурет).  Аз 
салмақты  жүкті  әйелдердің  эритроциттерінің  мочевина/NaCl  қатынасы  45/55 
ертінділерінің инкубацияланған кезде гемолиз деңгейінің концентрацияға тәуелді 2,9%-ға 
біршама жоғарылауына әкеледі. Мочевина/NaCl қатынасы 50/50 дейін ӛскенде, мембрана 
ӛткізгіштігінің  9,8%  тӛмендегені  байқалады  және  мембрана  тӛзімділігі  жоғарылайды. 
Мочевина/NaCl  60/40  қатынасында  максимальды  мәнісі  белгіленеді,  бақылау  тобындағы 
эритроцит  гемолизі  70,0%,  ал  жүкті  әйелдер  тобы  77,8%.  Эритроцит  гемолизі  7,8% 
жоғарылықты кӛрсетті. 
Келесі  тәжірибеде  жүкті  әйелдердің  эритроцит  мембранасының  асқын  тотықтық 
гемолизін  анықтадық  (3  сурет).  Бақылау  топтағы  жүкті  әйелдермен  салыстырғанда 
(34,4%), аз салмақты жүкті әйелдердің  эритроцит гемолиз деңгейі 58,4% кӛрсетті, сонда 
24% жоғары.  
0
10
20
30
40
50
60
           
   1                               2
 
3-сурет.  Жүкті  әйелдердің  бақылау  және  тәжірибе  топтарының  эритроцит 
мембранасының асқын тотығу резистенттiлiгi. Ордината осі: гемолиз деңгейі, %; абцисса 
осі: 1 – бақылау, 2 – аз салмақты жүкті әйелдер. 
Жүргізілген  зерттеудің  нәтижесіне  келсек  аз  салмақты  жүкті  әйелдердің 
эритроциттерінің асқын тотықтығы біршама жоғарылағанын кӛрсетеді. 
Осылайша,  зерттеудің  нәтижесі  аз  салмақты  жүкті  әйелдердің  эритроцит 
мембраналарының құрылымдық-функционалдық қасиетінің ӛзгеруінің және тӛзімділігінің 
тӛмендегенін кӛрсетті.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. А.П.Ющенков. Влияние вредных факторов на плод, М. - 1978. – 123 с. 
2. К.К.Джаксылыкова. Современные представления о внутриутробной гипотрофии у 
новорожденных //Педиатрия и детская хирургия Казахстана. – 2000. - №3. - С. 59-6  
3. В.В.Рапян, З.А.Авакян, С.О.Мартиросян Состояние эритроцитарных мембран при 
внутриутробной гипоксии плода //Акушерство и гинекология. – 1993. - №3. – С.17-19. 
4. 
В.Н.Колмаков,  В.Г.  Радченко  Значение  определения  проницаемости 
эритроцитарных  мембран  (ПЭМ)  в  диагностике  хронических  заболеваний  печени 
//Терапевтический архив. - 1982. - Т. 54, № 2. - С. 59-62. 
5.  Б.С.Абдрасилов  Молекулярные  механизмы  действия  тритерпеновых  гликозидов 
даммаранового  ряда  на  структурно-функциональное  состояние  мембран  и  клеток: 
автореф. докт. биол. наук: – М., 1997. –  44 с. 
6.  Т.Н.Мирошина,  М.К.Мурзахметова,  Р.С.Утегалиева  и  др.  Корригирующее 
влияние  индоламинов  на  состояние  мембран  эритроцитов  при  действии  ионов  кадмия 
//Вестник КазНУ. Серия биологическая. - 2002. - № 3. - С.80-86. 

162  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
РЕЗЮМЕ 
У беременных женщин с малым весом плода было выявлено снижение перекисной 
резистентности  мембран  эритроцитов,  повышение  гемолиза  мембран  при  сахарозном 
сжатии,  повышение  проницаемости  мембран.  Выявленные  изменения  структурно-
функциональных  свойств  эритроцитов  вызывают  понижение  резистентности  мембран  и 
могут повлиять на рост и развитие плода.  
 
 
SUMMARY 
The  article  deals  with  the  influence  of  factors  to  erythrocyte  membrane  in  the  pregnant 
woman organism.  
 
 
 
ӘОЖ ББК 28.08 И 18 
ӚСІМДІКТЕР ШЫРЫНЫ – СЕРГЕКТІК КӚЗІ 
 
Ж.Ж.Қожантаева - б.ғ.д., профессор, К.Д.Маселбаева - ізденуші  
(Алматы қ., КазмемқызПУ) 
 
Аннотация:  Мақалада  жемістердің  құрамындағы  минералдық  заттар,  дәрумендер, 
ферменттерге  сипаттама  берілген.  Олардың  адам  организміне  жағымды  әсері,  зиянды 
жақтары  да  баяндалған.  Әр  түрлі  елдердегі  және  Қазақстанда  шығарылатын  сусындар, 
олардың  құрамы  туралы  нақтылы  мәліметтер  кӛрсетілген.  Шырындарды  жемістер  мен 
кӛкӛністерден қосып дайындалған жағдайдағы маңызы нақтыланған.  
Түйін  сӛздер:  Мақалада  жемістердің  және  кӛкӛністердің  шырынының  құрамы, 
маңызы, шырынды бӛліп алу әдістері кӛрсетілген. 
Аңыздарға сүйенсек шикі шырындарды алып батырлар ішкен. Орыс әлқисаларында 
үлкен очиток (қоянсүйек орамжапырақ) шырыны Илья Муромец батырға күш беріп, оны 
кӛпжылдық  сал  ауруынан  емдеген.  Шырындар  ӛндірісі  туралы  заманауи  мамандардың 
пікірі мынадай: «Шырындарды жай ғана деликатестік ӛнім ретінде, ӛз кезегінде қолдануға 
немесе  қолданбаса  да  болатын,  десерттік  тағам  ретінде  қолданылатын  уақыттар  ӛтті. 
Әлемнің ғылыми мекемелерінде кӛп жылдар бойы жүргізілген, кең және терең зерттеулер 
ғалымдарға  жемістер  және  кӛкӛністермен  тамақтанудың  мағызды  және  жоғары  бағалы 
саналатынын,  ал  олардан  алынатын  шырындар  құрамында  балғын  жемістер  мен 
кӛкӛністердің  дерлік  барлық  компоненттері  сақталатынын  сенімді  түрде  жариялауға 
мүмкіндік  берді».  Әсіресе  бұл  жұмсақ  жемісті  шырындарға  қатысты,  кейде  оларды 
«сұйық жемістер» деп те атайды [1]. 
Кӛптеген зерттеушілер  ӛсімдік  шырынының жұмысқа  қабілеттілікке  жағымды  әсер 
ететінін  атап  кӛрсетеді.  Осы  уақытқа  дейін  бұл  әсердің  механизмі  аяғына  дейін 
анықталмаған. Жалпыланған әртүрлі мәліметтер сызба түрінде кӛрсетілген. Шырындарға 
арнайы емес және арнайы әсерлер тән деп жорамалдауға болады. Біріншілері «тірі судың» 
барлық түріне қатысты және шырын кӛзі болатын ӛсімдіктің ерекшеліктеріне тәуелділігі 
аз. Арнайы әсері шырынға ететін ӛсімдіктердегі белгілі бір физиологиялық активті затқа 
(ФАЗ) тәуелді. Әсерлер энергетикалық және биостимулдеуші болуы мүмкін [1, 3] . 
Арнайы  емес  энергетикалық  әсерлер  әмбебап  стимуляциялық  энергия  алмасумен 
байланысты. Арнайы емес биостимулдеуші әсер түрі бойынша ол да әмбебап. Сондықтан 
олар  шырынның  сергектік  эффектілігі  бойынша  түсіндіріледі.  Органикалық  қышқылдар 
мен  басқа  да  заттардың  болуы,  ауыз  қуысында  оның  құрғақтығын  кетіруші,  сӛлбӛлуші 
рефлексті  тудырады.  Шырындардың  бұл  қасиетін тұрғындар  жылдың  ыстық  мерзімінде, 
сонымен  қатар  ыстық  цехтардағы  жұмысшылар  қолданады.  Сонымен  қатар  барлық 
ӛсімдік  шырындары  ауыр  физиологиялық  жұмыстардан  бұзылатын  қанның  қышқылды-

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 163
 
сілтілік тепе-теңдігін, сілтілік тұнбаларды тудыра отырып реттейді. «Тірі су» ферменттер 
мен  зат  алмасу  белсенділігін,  шаршау  токсиндерін  залалсыздандырып,  олардың  ағзадан 
шығуын арттырады. («қантазартқыш» әсер).  
Ӛзіне тән және жалпы күшейткіш әсерлері бар  шырындар, асты қорыту мен сіңіруге 
деген  әрекетімен  байланысты.  Осылайша  Әзербайжанда  «Наршараб»  деген  атпен 
шығатын  анар  шырыны  әсер  етеді.  Сонымен  қатар  Академик  В.П.Филатовтын  әдісі 
бойынша  ӛсімдіктерден  алынған  биогенді  стимуляторлар  арнайы  емес  әсер  етеді. 
Мысалы,  алоэ  шырыны,  үлкен  очиток  шырыны  және  т.б.  шырындар  құрамындағы  бұл 
заттар  толығымен  анықталмаған  және  оның  әртүрлі  ӛсімдіктердегі  құрамы  әр  түрлі. 
Сондықтан  ғалымдар  олардың  әсерін  арнайы  емес  және  арнайы  әсерлер  шекарасының 
арасына орналастырды. 
 
Шикі ӛсімдік шырындарының әсері 
 
    Арнайы емес                                                                                       Арнайы  
 
 
Энергетикалық       биостимулдеуші                         энергетикалық  биостимулдеуші  
 
 
 
Балғындық             биогенді стимуляторлардың әсері      психостимулдеуші және     
адаптациялық                                                                       антиоксиданттық 
сілтілену                                                                                метаболикалық 
метаболикалық                                                                     гормонатипті 
дезинтоксикалық                                                                  дезинтоксикалық 
қантазалағыштық                                                                 антимикробты 
                                                                                               жалған биостимулдеуші 
 
Жұмысқа  қабілеттіліктің  жоғарылауы.  Арнайы  энергетикалық  әсер  шырындарда 
энергетикалық  заттардың,  әсіресе  кӛмірсулардың  болуымен  байланысты.  Кӛбінесе  олар 
жемістер мен жидектердің шырындары. Глюкоза мен фруктозаның минералды тұздармен 
қолайлы сай келуі қанттардың сіңу мүмкіндігін жоғарылатады. Арнайы биостимулдеуші 
әсер  белгілі  бір  ФАЗ-дың  болуына  негізделген.  Адаптогенді  ӛсімдіктердің 
шырындарының  әсері  осындай,  мысалы,  қытай  лимонының  жемісі,  шырыны.  Табиғи 
антиоксиданттарға байлары: облепиха мен сәбіздің шырындары, янтар типті органикалық 
қышқылдар, зат алмасуды стимулдеушілер: жүзім мен қарлығаның шырындары. Жалаңаш 
мияда  фитогармондар  бар,  ал  сәбіз,  алма  және  қызылша  шырындарында  пектиндер  бар. 
Соңғылары  ішекте  шіру  мен  ашу,  іру  ӛнімдерін  байланыстырып,  жұмысқа  қабілеттілікті 
арттырады.  Кӛптеген  зерттеушілердің  ойы  бойынша  шырындар  ағзадан  улы  зиянды 
заттарды шығаруға арналған «қорғаныс» сусындары бола алады.  
Кеңес  одағы  кезінде  шырын  негізіндегі  «Новинка»,  «Яблочно-пектиновый», 
«Айвово-вишневый»  сусындарын  шығарған.  «Яблочно-пектиновый»  сусынының  350  мл 
кӛлемі  пектиннің  (9,1г)  күндік  профилактикалық  нормасын  құрайды.  Кӛптеген 
шырындардағы  фитонцидтер  де  осыған  ұқсас  әсер  етеді.  Олар  ішектердегі  микробты 
флораны  азайтады,  әсіресе  дисбактериоз  кезінде.  Жалған  биостимуляторларға 
дәрумендер, макро және микроэлементтер жатады. Олар ағзада дефицит болған жағдайда 
ғана шырындар жұмысқа қабілеттілікті арттырады. Кез келген бұлшық ет қызметі кезінде 
тек  калория  ғана  жұмсалмайды,  сонымен  қатар  дәрумендер,  минералдар  мен 
макроэлементтер  де  жұмсалады.  Сондықтан  дәрумендер  тыныш  уақытқа  қарағанда 
бірнеше есе тез бұзылады [1].  

164  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Азықтық  заттарды  сіңіру  үшін  ағзада  ӛткізуші,  ерекше  тасымалдаушы  ферменттер 
бар, мысалы, минералдар мен дәрумендерді асқазаннан қанға тасымалдайтын. Бұл үдеріс 
қосымша  энергия  жұмсауды  қажет  етпейді.  Ӛсімдіктердің  табиғи  фармацевтикалық 
фабрикасында бұл заттар ферменттер мен ақуыздардың кешенді қосылыстарында болады. 
Қазақстанның  тамақтану  институтының  соңғы  мәліметтері  бойынша  ақуыздардың 
айтарлықтай  мӛлшері  асқазан  қабырғасында  жарықшақтанбай  сіңіріледі.  Оның  мысалы 
шикі  шырындар  арқылы  ағзаға  табиғи  дәрумендер,  макро  және  микроэлементтер  келіп 
түседі.  Шикі  шырындар  ол  ӛсімдіктердің  «тірі  суы».  Ол  энергетикалық  шығынды  қажет 
етпейді,  катализаторлық  және  биохимиялық,  физиологиялық  процестерді  жылдамдата 
отырып, зат айналымға бірден түседі. Құрушы және ағзаны қалпына келтірушілер болып 
табылады.  Қажетті  заттардың  кӛзі  ретінде  шырындарды  жарыстағы  шаршаудан    кейінгі 
спорттық  қабілеттілікті  қайта  қалпына  келтіруге  қолданған.  Бұл  кезеңде  ағзаның 
дәрумендер,  макро  және  микро  элементтерге  қанығуы  үлкен  рӛл  ойнайтыны  анық. 
Кӛптеген  әлемнің  дамыған  елдерінде  қалыпқа  келтірушы  сусындар  шырынды  негізде 
жасалған. Дами бастаған елдерде «Атлант», «Летний», «Солнечный» (алма шырынымен), 
«Букет  Грузии»  және  «Салют»  (шие  шырынымен),  «Дружба»  (клюква  шырынымен), 
«Андреиш»  (жүзім  шырынымен),  «Лейла»  (қой  бүлдірген  шырынымен),  «Регата»  (айва 
шырынымен), «Свайя» немесе «Мечта» (сәбіз шырынымен), Қазақстанда алма, сәбіз, қара 
ӛрік және т.б. шырындары ӛндіріледі [2] . 
Шырындардың  эрогенді  әсер  ету  механизмінің  классификасының  сипаты  бірнеше 
түрлі.  Ол  кез  келген  шаршаған  адамның  жұмысқа  қабілеттілігін  қалпына  тиімді  келтіру 
үшін  организмге  қажеттісін  тез  таңдауға  кӛмектеседі.  Мысалы,  жазғы  ыстыққа  жасанды 
боялған  және  ароматталған  газдалған  суға  қарағанда  балғын  жеміс  жидектер  немесе 
кӛкӛніс шырындарын ішкен пайдалы. 
Алма  шырыны.  Бауыр,  бүйрек,  зәр  шығару  жолдарындағы  сырқаттар  және 
атеросклерозда  кӛмегі  зор.  Сондай-ақ,  асқазан  жұмысын  жақсартады,  зат  айналымы 
қалдықтарының сыртқа шығуына кӛмектеседі.  
Сәбіз  шырыны.  Шырынның  бұл  түрінде  А,  В,  С,  D,  Е,  К  дәрумендері  болады.  Бұл 
шырын  ас  қорытуды  жақсартады,  асқазан  жараларын  емдейді.  Сондай-ақ,  иммунитетті 
арттырып,  тәбетті  ашады.  Тістердің  қатаюына  кӛмектесіп,  кӛздің  кӛруін  жақсартады. 
Бірақ,  мұны тым кӛп қолдануға да болмайды. Ӛйткені,  оның құрамында А дәрумені  кӛп 
болғандықтан, гипервитаминозға шалдықтыруы мүмкін. 
Кӛк  шәй.  Бір  шыны  кӛк  шәй  ішсеңіз,  80  калория  жоғалтады  екенсіз.  Майлы 
тағамдарды жегеннен кейін кӛк шәй ішсеңіз, ағзадағы артық майды жоғалтасыз [2, 3] . 
Кӛкӛністе және жеміс шырындары сусындарын келесі негізгі топтарға бӛледі: табиғи 
(бір  түрлі  ӛсімдіктен  және  қоспасыз),  аралас  кӛкӛніс  жемісті  (кӛкӛніс  басымдырақ), 
жемісті-кӛкӛністі  (жеміс  басымырақ).  Тәттілік  пен  органикалық  қышқылдарды  қоса 
отырып  консервіленген  кӛкӛністі  шырындарды  ӛндіру  ӛндірісі  тоқтаған.  Шет  елдерде 
кӛкӛніс  шырындарын  5-15  компонентті  биологиялық  құндылығы  жоғарыларын  (пияз, 
сарымсақ,  және  т.б.)  ерекше  кӛкӛністі  коктейлдерге  араластырады.  Соңғы  жылдары 
дәрілік  шӛптерден  жасалған  консервіленген  шырындарды  шығаруға  рұқсат  етілді  (жол 
желкен, тас шӛп, жебір, итмұрын және т.б.). 
Ең  кӛп  тарағаны  кӛкӛністі  және  жеміс  шырындары.  Олардың  айырмашылығы 
кӛкӛністі шырындарда органикалық қышқылдар аз, сондықтан оларда тұщы дәм бар, бірақ 
олар  минералды    заттарға  бай  (калий,  натрий,  кальций,  темір  және  т.б.).  Ережеге  сай 
жемісті  шырындардың  калориялылығы  жоғары  ӛйткені  оларда  қанттың  мӛлшері 
айтарлықтай  кӛп.  Бұл  шырындарды  кӛкӛніс  шырындарымен  араластырады.  Олардың 
арасындағы  жеңімпазы  қара  қарақаттың  шырыны  мен  жүзім  шырыны  болып  табылады. 
Олар  шабдалы,  мандарин  немесе  алма  шырынына  қарағанда  екі  есе,  малина  мен  қой 
бүлдірген шырынына қарағанда үш есе артық калория береді. Халықтың арасында кӛбірек 
таралып  қолданылатыны  балғын  шикі  ӛсімдік  шырындары.  Бәріне  белгілі  сәбіз  бен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 165
 
қызылша,  салат  пен  шпинат  шырын  түрінде  шаршайтын  жұмыстардан  соң  күш  кӛзі 
болып, тез табылатындар [ 2]. 
Шырындардың бағалылығы оның тез сіңірілуінде: оны қабылдағаннан кейінгі жарты 
сағатта  ол  үдеріс  аяқталады.  Кӛкӛністі  тағамдардың  толық  қорытылу  мен  сіңірілуі  үшін 
бірнеше сағат қажет. Шырындарды қолдана отырып  біз ағзаның асқорытуын тездетеміз. 
Шырындарды жекелеген тағам ретінде ішуге болады немесе кез келген тағамға дейін 30-
40 мин бұрын ішуге болады. 
Шырындардың құрамындағы гербицидтер ағзаға келіп түспейтіні туралы мәліметтер 
бар.  Олар  негізінен  клеткада  қабығымен  байланыста  болып  қалады.  Бұл  шырындардың 
тағы  бір  басты  артықшылығы.  Шырындарды  қалай  ішу  керек?  Бұл  жағдайда  әр  түрлі 
авторлардың  ұсыныстары  ӛзгеше.  Шырындарды  басқа  тағамдармен,  сонымен  қатар 
минералды  сумен  бірге  диеталық  тамақ  ретінде  ішуге  берілген  кеңестерді  тиімді  деп 
санауға  болмайды.  Егер  сізде  асқорыту  ағзаларында  созылмалы  ауру  болса,  онда 
тамақтану  кезінде  және  одан  кейін  шырындарды  ішу  (әсіресе  кӛмірсуларға  бай)  қауіпті. 
Бұл  асқазандағы  ашыту  процесін  күшейтеді  және  патологиялық  процестің  асқынуын 
тудырады. Асқазандағы қышқылдылық тӛмен немесе орташа болса ӛсімдіктер шырынын 
тамаққа дейін 30-40 мин бұрын ішу керек. Асқазанда тұз қышылының түзілуі артық болса 
шырындарды тамақтан кейін жарты сағаттан соң қабылдайды.  
Кейбір зерттеушілердің пікірі бойынша, қысқа уақыт аралығында шырындардың ӛте 
кӛп  мӛлшерін  қолданудың  жалпы  жағымсыз  әсері  жоқ.  Практикалық  тәжірибе  негізінде 
бұл  жерде  белгілі  бір  норманың  қажет  екенін  айта  кеткен  жӛн.  Әдетте  шырындарды 
қолданудың екі режимі пайдаланылады: шырынмен қанығу (күніне 1,5- 2 л шырын) және 
күнделікті  профилактикалық  қолдану.  Шырындар  салмақты  тез  түсіреді  және  ағзаны 
тазартады.  Үш  күннен  кӛп  тек  шырындарды  қабылдау  дәрігердің  қадағалауында  болуы 
қажет.  Шырынды  профилактика  ретінде  жүйелі  түрде,  ретпен  аптасына  1-2  рет  ішуге 
болады. Әдетте, шырындардың әсерінің нәтижесі кӛрінуі үшін 2-5 тәулік қажет [1,2].  
Шырындарды  үй  жағдайында  қалай  дайындау  керек?  Оларды  тек  балғын, 
бұзылмаған  кӛкӛністер,  жемістер  мен  жидектерден  жасау  керек  және  бірден  ішу  қажет. 
Соңғы жылдары Н.В.Уокердің шырындарды престеу арқылы шырынсыққышта дайындау 
әдісі  классикалық  ұсыныс  болып  табылады.  Кеңес  одағы  ғалымдары  центрифуга  мен 
шырынсыққышта  дайындалған  шырындардың  қасиетін  анықтады  (мысалы,  СВА-1типі). 
Центрифугалық  шырын  сығылғанға  қарағанда  3-4  есе  тез  дайындалады,  сондықтан 
физиологиялық  активті  заттар  аз  қышқылданады.  Центрифугалық  алма  шырынында 
сығылғанға  қарағанда  флавоноидтердің  мӛлшері  3  есе,  лейкоантоционидтер  (бояғыш 
заттар) 10 есе кӛп. Сонымен қатар центрифугалық шырын 10% жұмсағы бар нектар болып 
табылады.  Оған  ФАЗ-дың  кӛп  мӛлшері  түседі,  сондықтан  да  ол  ағзаға  биологиялық 
тұрғыдан бағалы. Шырынды дайындағаннан соң бірден қабылдау қажет.  
Оны  тоңазытқышта  аз  уақыт  сақтаудың  ӛзінде  дәмі  ӛзгермесе  де,  ашуы  мен 
бұзылуын  тудырады.  Консервіленген  шырындар  балғынға  қарағанда  аз  белсенді  әсер 
етеді. [3]  
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  
1.  Ж.Ж.Қожантаева  «Экология  және  сыртқы  ортаның  тұрақты  дамуы».  –  Алматы, 
2011. 
2. «Флора Казахстана» Алматы 1956-1966. І – ІХ т. 
3.  М.К.Кӛкенов,  С.Н.Әдекенов,  Қ.Д.Рақымов,  Ә.И.Исанбаев,  Б.Н.Сауранбаев 
«Қазақстанның дәрілік ӛсімдіктері және оның қолданылуы» Алматы «Ғылым» 1998ж. 
РЕЗЮМЕ 
В статье приведены данные о составе сока выделенных из плодов и из вегетативных 
органов овощных культур и его значение для здоровья человека. 
SUMMARY 
       The  article  deals  with  composition  of  garden-stuffs  juice  and  the  vegetative  organs  of 
vegetable cultures and its value for the man’s health. 

166  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
ӘОЖ 581.585.34 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет