Ф и з и к а әож 53. 049. 1 Физика сабақтарында



жүктеу 4.01 Mb.
Pdf просмотр
бет23/23
Дата18.03.2017
өлшемі4.01 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
. Үкіметтік 
емес  ұйымдар  бұл  азаматтар  заңнамаға  қайшы  келмейтiн  ӛздерiнiң  ортақ  мақсаттарына 
жету  үшiн  ерiктi  негiзде  құрған,  қоғамдық  қатынастарды  реттеу  тетiктерiнiң  бiрi  болып 
табылатын,  әлеуметтiк  проблемаларды  шешуде,  азаматтық  қоғам  қалыптастыру 
мәселелерiнде  мемлекет  пен  азаматтардың  арасында  дәнекерлiк  рӛл  атқаратын,  саяси 
партиялар,  кәсіподақтар,  діни  бірлестіктерден  басқа,  коммерциялық  емес  ұйымдар. 
Үкіметтік  емес  ұйымның  қызметi  азаматтық  бастаманы  дамытуға,  әлеуметтiк 
проблемаларды  шешудегi  қоғамдық  ұйымдардың  рӛлiн  арттыруға,  қоғамды  тұрақты 
дамытуға  жол  жеткiзуге  бағытталған  [2].  Қысқасы,  үкіметтік  емес  ұйымдардың  ӛз 
жарғылары  бар.  Біріншіден,  олар  соған  сүйенеді.  Соның  аясында  қызмет  жасайды. 
Үкіметтік емес дегенде бұл ұйымды коммерциялық құрылымдармен бір қатарға қоюға да 
болмайды.  Бұл  жүйеде  істейтін  азаматтарды  сол  Үкіметтің  кӛмекшілері,  жанашырлары 
десек те болады.  
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарды дамыту және қолдау заңы қабылданбақ. Бұл 
заң  жобасының  азаматтық  қоғам  қатысушылары  үшін  артықшылықтары  зор.  Үкіметтік 
емес  ұйымдар  әлеуметтік  саладағы  маңызды  мәселелерді  шешуге  белсенді  түрде  қатыса 
алады  және  халық  пен  билік  арасында  толыққанды  байланыстырушы  буын  болады. 
Қазақстанның  азаматтық  альянсы  президентінің  айтуынша,  бүгінде  үкіметтік  емес 
ұйымдар аталмыш заң жобасының тұжырымдамасын талқылап жатыр [3]. 
Солардың бірі - Қазақстанда 1999 жылдың желтоқсанында құрылған үкіметтік емес 
экологиялық  қауымдастығы,  тӛрағасы  –  Ғазиз  Хаймолдин.  Қауымдастық  қызметінің 
басты  ӛзегі  –  тұрғындар  арасында  экологиялық  түсінік  және  қоғамдық  сараптау 
жұмыстарын  жүргізу  болып  табылады.  Қауымдастық  мүшелері  экологиялық  айлықтар 
мен  табиғатты  қорғауға  бағытталған  шараларға  белсене  қатысады.  Қарашығанақ  кен 
орнында  жұмыс  істейтін  шетелдіктер  де  Ғ.Хаймолдиннің  орынды  сын-ескертпелерімен 
талай  есептесулеріне  тура  келді.  Сонымен  қатар  Ғ.Хаймолдин  республикадағы  теңдесі 
жоқ інжу-маржан кӛлдің бірі Шалқардың экологиялық жағдайын тексеруге де бастамашы 
болды.  Ол  оралдық  ғалымдар  мен  ихтиологтардың  зерттеу  материалдары  негізінде 
Шалқар кӛлі атты ғылыми-танымдық арнаулы буклет жасап шығарды [4].  
Арал қасіреті республика аумағынан асып, бүкіл планетаның бас ауруына айналғаны 
баршамызға  мәлім.  Оны  сауықтыру  бағатында  Орталық  Азиядағы  бес  мемлекет  - 
Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Ӛзбекстан  және  Түркменстанның  президенттері 
бірнеше  рет  кездесті.  Мемлекет  басшыларының  шешімімен,  Арал  бассейнін  қалпына 
келтіру  жобаларына  қолдау  білдіру  туралы  шаралар  айқындалды.  Яғни,  Арал  теңізін 
сақтау  жӛніндегі  халықаралық  шаралар  –  Арал  апатынан  зардап  шеккен  елдер 
басшыларының іс - қимылдарына кӛмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім. 
1990  жылдың  24  –  26 қаңтарында  БҰҰ  -  ның  қоршаған  орта  бағдарламасының  (ЮНЕП) 
ұсынысымен жасалды. Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін  сақтауға  арналған нақтылы 
іске  дайындыққа  қатысу»  деп  аталды.  Келесі  сатыда  Дүниежүзілік  банк  пен  ЮНЕП, 
ПРООН,  ЮНЕСКО  т.б.  мекемелер  қосыла  отырып,  орталық  Азия  елдерінің 
мемлекетаралық кеңесінің және Халықаралық Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 189
 
мәселелеріне  нақтылы  кӛмек  Бағдарламасын»  іске  қосты.    Бұл  тарапта  7  бағдарлама,  18 
жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды [5]. 
Бес  бірдей  мемлекеттің  тірлігіне  береке  кіргізіп  отырған  Каспий  теңізі  жақын 
болашақта  жер  бетінен  жоғалып  кетуі  мүмкін.  Ӛйткені,  қанша  жерден  айтылып,  мәселе 
кӛтеріліп жүрсе де, теңіз табанынан табылған кӛмірсутекті шикізаттың мол қорын игеру 
үшін жүргізіліп жатқан барлау-бақылау, ӛндіру жұмыстары кезінде экологиялық талаптар 
қажетті  деңгейде  сақталмай  отыр.  Осыған  орай  «Каспий  табиғаты»  атты  үкіметтік  емес 
ұйымның  бастамасымен  12  тамыз  2011ж.-  Каспий  күні  атыраулық  үкіметтік  емес  ұйым 
ӛкілдері  «Каспий  аймағын  қорғау  және  тұрақты  дамыту»  деген  тақырыпта  конференция 
ӛткізді.  Конференцияның  негізгі  мақсаты  -  мемлекеттік  органдардың,  ӛндіруші 
компаниялардың  және  үкіметтік  емес  ұйымдардың  арасындағы  үш  жақты  келісім 
негізінде  «Каспий  аймағын  қорғау  және  тұрақты  дамыту»  Қоғамдық  комитетін  құруға 
бағытталған  болатын.  Айта  кету  керек,  комитет  конференцияның  үстінде  емес  кейінірек 
құрылды. Ұйым теңіздегі мұнай ӛндірісі жұмыстарына мониторинг жүргізіп, экологиялық 
апаттардың алдын алуға септігін тигізеді. Ӛйткені, соңғы жылдары теңізде мұнай ӛндірісі 
кезінде қауіп-қатерлердің артып кетті. Бұның соңы ғаламдық апатқа апарып соғуы әбден 
мүмкін.  Ал  оған  апаратын  бастапқы  қадамдардың  бірі  талаптарды  күшейту  және 
тұрғындар үшін кепілді сақтандыру жүйесін енгізу. 
Жалпыға мәлiм, Атырау - табиғи ресурстармен, бәрiнен бұрын мұнаймен бай аймақ. 
Мұнда  кен  орындарын  дайындап  және  пайдаланатын  халықаралық  корпорациялар 
шоғырланған,  бұл  қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелерімен  байланысты.  Сондықтан 
аймақта  экологиялық    ұйымдардың  қызметi  аса  ӛзектi  болып  табылады.  Облыстағы 
«Каспий  табиғаты»,  «Каспий-XXI  век»,  «ЭКОС»  үкіметтік  емес  ұйымдары  экологиялық 
қызметінде  кӛптеген  алуан  түрлi  iс-шаралар  ӛткiзген:  акциялар,  конференциялар, 
қоршаған  ортаны  қорғау  мәселелерi  бойынша  қоғамдық  тыңдаулар,  Атырау  қаласының 
ықшам    аудандарын  кӛгалдандыру  жӛнiнде  жобалар  мен  акциялар,  «Уралу  -  чистые 
берега»  акциясы  тағы  басқалары.  Атырау  университеті  студенттерінің  «ЭКОС» 
бастамалық  тобы  Каспий  аймағының  проблемаларын  кӛрсететін  экологиялық 
бюллетендер  шығарады,  қоршаған  ортаны  қорғау  және  халықтың  денсаулығы  бойынша 
жобалар үшін шағын гранттар бағдарламасына қатысады.  
«ИСАР-Атырау» халықаралық ұйымының ӛкілдігі және экологиялық үкіметтік емес 
ұйымдар мектеп оқытушылары үшін экологиялық білім беру бойынша семинарлар, «День 
земли»  акцияларын  ӛткізуде.  Атыраудың  шетелдік  ұйымдармен  байланысы  орнатылған. 
2000  жылы  мамырда  Колумбия  университетiнде  (Нью-Йорк,  АҚШ)  Атырау  аймағының 
экологиялық үкіметтік емес ұйымдарының ӛкiлдерiнiң қатысуымен «Поиск гражданского 
общества:  экологические  неправительственные  организации  Каспия»  тақырыбында 
халықаралық  конференция  ӛттi.  2001  жылы  12-13  қарашада  облыстық  экологиялық 
үкіметтік  емес  ұйымдары  Атыраудағы  Каспий  экологиясы  жайлы  халықаралық 
конференцияға қатысты. 2001 жылы 22-23 желтоқсанда Атырау облысының экологиялық 
үкіметтік  емес  ұйымдары  ӛкiлдерi  Тегерандағы  Каспийдің  экологиялық  проблемалары 
бойынша  халықаралық  конференциясына  қатысты.  2002  жылдың  жазында  «Глобус» 
үкіметтік  емес  ұйым  ИСАР-Вашингтон,  SEEN  (США),  BankWatch  (Чехия)  халықаралық 
ұйымдарымен  бiрлесiп  Каспий  құбыр  консорциумы  желiсiмен  «Каспийский  караван» 
халықаралық  жобасына  қатысты.  «Глобус»  үкіметтік  емес  ұйымы  2003  жылы  ақпан 
айында  Порту-Аллегридегi  (Бразилия)  Бүкiл  әлемдiк  әлеуметтік  форумның  жұмысына 
қатысты.  
Сонымен,  кәрі  Каспий  әлемнен  араша  сұрап  отыр.  Сайып  келгенде,  оның 
қордаланған  проблемасымен  әзірге  Қазақстан  ғана  белсене  шұғылдануда.  Жағалаудағы 
бес  мемлекеттің  теңіз  шекарасын  анықтауда  бір  мәмілеге  келмеуі  де  –  ортақ  мақсатты 
жүзеге асыруға кедергі. Біздің жағалау теңіздің оңтүстік бӛлігімен салыстырғанда едәуір 
тӛмен. Мұнда әлемде ӛте сирек кездесетін жануарлар мен ӛсімдіктер кездеседі. Келешекте 
соларға  да  қатер  тӛніп  тұрғандай.  Елбасы  Солтүстік  Каспий  жобасы  басталған  бойда-ақ 

190  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
теңіз тазалығын, мұндағы биожүйені  бұзбауды қатаң тапсырды. Сол міндет инвесторлар 
мойнынан  әлі  түспеген.  Ол  елге  келер  келешек  шетелдік  компанияларға  да  жүктелмек. 
Ӛйткені, теңіз тағдыры – халық тағдыры. Оның жағалауындағы мыңдаған тұрғын осы су 
айдынына шынайы алаңдаушылықпен қарайды [6,7].  
Жалпы алғанда бүгінгі күнде мемлекет үкіметтік емес ұйымдарға қолдау кӛрсетуде. 
Оның куәсі үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың Тұжырымдамасының және 
Қазақстан  Республикасының  үкіметтік  емес  ұйымдарын  мемлекеттік  қолдаудың  2003-
2005 
жылдарға 
арналған 
Бағдарламасының 
қабылдануы 
болып 
табылады. 
Жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз ету, үкіметтік 
емес  ұйымдарды  экологиялық  проблемаларды  шешуге  тарту,  қоршаған  ортаны  қорғауға 
қатысты мәселелер бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру қажет [8].  
Жұмысты  қорыта  келе  мынадай  тұжырым  жасауға  болады.  Атап  айтқанда,  адамзат 
ӛзіне  тӛнген  қауіпті  түсініп,  қоршаған  ортаның  ластануының  алдын-алу  шараларын 
белсенді  атқара  бастады.  Осы  шараларды  іске  асыру  мақсатында  түрлі  халықаралық, 
жергілікті үкіметтік емес ұйымдар құрылуда. Сонымен қатар, қоршаған ортаның ластануы 
ғаламдық  сипат  алды  және  бұл  мәселені  шешуде  жеке  мемлекеттердің  күштері  жетпеді. 
Қазір  әлемде  қоршаған  ортаны  қорғаумен  айналысатын  ұйымдардың  бірнеше  топтары 
бар.  Біріншісі,  БҰҰ  жүйесінің  ұйымдары,  екінші,  әртүрлі  үкіметаралық  және  үкіметтік 
емес  ұйымдар,  үшінші,  қоршаған  орта  жағдайын  бақылау  және  мониторинг  жүйесі, 
сонымен қатар осы мәселені зерттеумен айналысатын түрлі ғылыми және оқу мекемелері. 
Сонымен  қатар,  қоршаған  ортаны  қорғау  жұмыстары  біршама  пәрменді  (нәтижелі) 
болу үшін әртүрлі экологиялық ұйымдар арасындағы қарым-қатынастарды нығайту керек. 
Ал жалпы айтқанда, адамзаттың ӛзін ӛзі сақтап қалуға, тірі қалуға мүмкіндігі туды және 
ең бастысы осы мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек.  
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
К.Я.Кондратьев. Глобальные изменения на рубеже тысячелетий / К.Я.Кондратьев 
// Вестник РАН. – 2000. – Т.70. - № 9. 
2.
 
«Қазақтың  философиялық  мұрагері»  17том.  Неправительственные  организации  и 
гражданские  инициативы  в  становлении  гражданского  общества  в  Казахстане.  Алматы: 
КИСИ, 2002.-С.47-54. 
3.
 
Айгүл Соловьевамен сұхбат.  АСТАНА. 17 қаңтар 2013, 16:16. BNews.kz   
4.
 
«Егемен  Қазақстан»  жалпыұлттық  республикалық  газет,  №234(23533)  – 
10.09.2003ж. 
5.
 
Н.Жүнісбаев. Аралым – арым, Балқашым - бағым. Алматы, «Қайнар», 1988ж.  
6.
 
Меңдібай СҮМЕСІНОВ. www.atr.kz 
7.
 
Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі. Астана, Ақорда, 9 қаңтар 2007 
жылғы №212-ІІІ ҚРЗ. 
8.
 
Атырау облысының үкiметтiк емес ұйымдарын мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 
жылдарға  арналған  Бағдарламасы  туралы  Атырау  облыстық  мәслихатының  2003  жылғы 
12 желтоқсандағы №28-ІІІ шешімі. 
 
РЕЗЮМЕ 
Международные 
природоохранные 
организации 
и 
экологические 
неправительственные  организации  играют  огромную  роль  на  данном  этапе  развития 
общества.  Их  создание  было  вызвано  катастрофическими  изменениями  в  окружающей 
среде,  они  были  призваны  защитить  природу  и,  по  существу,  должны  спасти,  прежде 
всего,  самого  человека.  Цель  моей  работы  состояла  в  том,  чтобы  представить  общую 
информацию 
о 
наиболее 
известных 
международных 
правительственных 
и 
неправительственных организациях и показать их роль в современном мире. 
 
SUMMARY 
The  article  deals  with  the  role  of  international  nature  protection  organizations  and 
ecological non-governmental organizations in the modern world. 

Каталог: images -> arhiv -> 2013
2013 -> Қазақстан тарихы
arhiv -> К вопросу о взаимосвязи учебного и внеучебного процессов в начальной школе
arhiv -> Казахский государственный женский педагогический
arhiv -> Қожахметова К. Ж. п.ғ. д профессор Алматы қ
arhiv -> Психологические аспекты стрессоров
arhiv -> Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
arhiv -> Химия және биология пән мұҒалімдерінің республикалық І съезіне арналған қҰттықтау хат
arhiv -> Музыка – music әож 78
arhiv -> ОҚыту әдістемесі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет