Ф и з и к а әож 53. 049. 1 Физика сабақтарында



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата18.03.2017
өлшемі4,01 Mb.
#10040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 23
 
 
ӘОЖ 37.026.9:371.212:371.385.3 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫ 
ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
 
И.С.Кӛгенбаев – мұғалім, Н.А.Сәндібаева – п.ғ.к., доцент м.а.  
(ОҚО, Мақтаарал ауданы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы білім беру мекемесі 
 Алматы қ., Қазмемқызпу)  
 
Аннотация:  Қазақстан  Республикасы  ӛркениетті  елдердің  қатарына  қосылу  үшін, 
жастарымызға  жан-жақты  сапалы  білім,  саналы  тәрбие  беру  керек.  Мектептің  алдында 
тұрған  негізгі  міндеттердің  бірі  –  оқушылардың  қызығушылығы  мен  белсенділігін  және 
танымдық  қабілетін  барынша  ашып,  қоғамды  дамытуға  бар  мүмкіндігін  жұмсайтын 
қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру.  Берілген  мақалада  жалпы  білім  беретін 
мектептердегі ең негізгі пәндердің бірі болып табылатын физика пәнін оқыту барысында 
оқушылардың оқу практикумы арқылы білім деңгейін арттыру мәселесі тілге тиек етілді.  
Түйін  сӛздер:  физика,  үшінші  индустриялық  революция,  оқытуды  жетілдіру, 
қоршаған  орта,  эксперимент,  оқу  практикумы,  физика  мұғалімінің  кәсіптік  деңгейі, 
бақылау. 
Қазақстан Республикасы ӛркениетті елдердің қатарына қосылу үшін, жастарымызға 
жан - жақты сапалы білім, саналы тәрбие беру керек. Ол үшін біріншіден, бір тұтас білім 
кеңістігін  қалыптастыру  міндеті  тұрса,  екіншіден  ұлттың  этнопедагогика  мен 
этнопсихологиялық  дәстүрлеріне  сүйене  отырып,  жеткіншектер  санасына  туған  халқына 
деген  құрмет  пен  патриоттық  мақтаныш  сезімін  ұялатып,  қазіргі  озық  технологияларды 
меңгерген,  саналы  ой  иесін  қалыптастырып,  еліміздің  ӛркениетіне  үлес  қосу  –  тарихи 
қажеттілік болып отыр. 
Ұлттық  даму  сан  ғасырлық  тарих  елегінен  ӛтіп,  бүгінгі  таңда  қоғамымызда  ӛтіп 
жатқан  саяси  экономикалық  ӛзгерістерге  байланысты,  жаңа  талаптарға  сай  оқушыларды 
техникаға және инновацияларға тәрбиелеу, олардың политехникалық ой ӛрісін жетілдіріп,  
қалыптастыруға келешектің біздің алдымызға қойып отырған басты міндеті.  
«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты 
Қазақстан  Республикасының  Президенті-Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауында  «Жетінші  сын-қатер  -  Үшінші  индустриялық  революция.  Адамзат  Үшінші 
индустриялық  революция  табалдырығында  тұр,  ол  ӛндіріс  ұғымының  ӛзін  ӛзгертеді. 
Технологиялық  жаңалықтар  әлемдік  нарықтың  құрылымы  мен  қажеттіліктерін  түбегейлі 
ӛзгертеді.  Біз  бұрынғыға  қарағанда  мүлде  ӛзгеше  технологиялық  болмыста  ӛмір  сүріп 
жатырмыз.  Цифрлық  және  нанотехнология,  регенеративтік  медицина  және  басқа  да 
кӛптеген  ғылыми  жетістіктер  қоршаған  ортаны  ғана  емес,  адамның  ӛзін 
трансформациялап,   күнделікті  ақиқатқа  айналады.  Біз  осынау  үдерістердің  белсенді 
қатысушылары болуға тиіспіз» - деп кӛрсетілген 

1


Сондықтан,  елімізді  дамытуда  кәсіптік-техникалық  білім  берудің  әлеуметтік-
экономикалық  және  жоғары  дамыған  елдердің  тәжірибесі  мен  білім  берудің  мазмұнын, 
әдістерін  қолдана  отырып,  еліміздің  білім  беру  саласының  техникалық  жағын  жаңарту 
және жетілдіру қажеттілігін тудыруда. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2011ж.) білім беру жүйесінің 
жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  рӛлі  атап 
кӛрсетілсе,  осы  заңның  41-бабында:  «Педагог  қызметкерлер  оқушылардың  мемлекеттік 
білім  беру  стандартында  кӛзделген  деңгейден  тӛмен  емес  білім,  білік,  дағды  алуын 
қамтамасыз  етуге,  жеке  шығармашылық  қабілеттерінің  кӛрініп  дамуы  үшін  жағдай 
жасауға міндетті» делінген 

2


Сондықтан,  мектептің  алдында  тұрған  негізгі  міндеттердің  бірі  –  оқушылардың 
қызығушылығы  мен  белсенділігін  және  танымдық  қабілетін  барынша  ашып,  қоғамды 

24  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
құрып дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Әрбір 
оқушының  тұлға  ретінде  қалыптасып  дамуына  физика  пәнінен  алатын  білімінің  үлкен 
үлес салмағын арттыру. 
Айтылғандарды тұжырымдай келе: 
1.
 
физика басқа ғылымдардың дамуының тірегі, қызметшісі бола алады; 
2.
 
физика қоршаған ортаны білудің басты кӛзіне айналды; 
3.
 
физика  нақты  ғылым 
болғандықтан, 
оқушының 
заңға 
сүйеніп, 
ой 
қорытындылауын, заңды сыйлау психологиясын қалыптастырады; 
4.
 
физика  адамның  рухани  дамуына,  ғылыми  кӛзқарастарының  қалыптасуына, 
логикалық ойлау қабілетінің дамуына кӛмектеседі.   
Мектеп физикасын ӛмірмен байланыстыру, бұл пәнді адамдардың практикалық және 
техникалық  іс-әрекетіне  қолдану  үшін  мектеп  физикасы  білімді  модернизациялау 
қажеттігін кӛріп отыр. Оның негізі физика пәнін оқыту барысында білім сапасын арттыру 
үшін физикалық оқу практикумын жолға қою. Дегенмен, бұл мәселе қазіргі таңда толық 
шешімін  тапқан  жоқ.  Сондықтан  да  осы  мәселелер  жан-жақты  зерттеулерді  қажет  етеді. 
Сонымен қатар мектептерде физика пәнін оқытуда шешілмеген маңызды мәселелер бар.  
Оған:  жалпы  білім  беретін  мектепте  физиканы  оқытуды  жетілдіруді  теориялық-
әдістемелік тұрғыдан негіздеу, физиканы қолданбалы бағытта терең ашу, оқу практикумы 
арқылы  оқушылардың  қызығушылығы  мен  белсенділігін  арттыру,  пәнішілік  және 
пәнаралық  байланыстарды  жүзеге  асыру,  қазіргі  заманға  сай  инновациялық  оқыту 
әдістерімен физика мұғалімдерінің кәсіби деңгейін кӛтеру мәселелері жатады. Сондықтан 
да  физика  пәнінен  оқу  практикумы  негізінде  оқушылардың  қызығушылығы  мен 
белсенділігін  арттыру  мәселесі  бүгінгі  таңда  ең  бір  ӛзекті  мәселелердің  бірі  болып 
табылады.  Мектепте  физика  пәнін  оқытуда  жетілдіру  негізінде  оқушылардың 
қызығушылығы  мен  белсенділігін  арттыру  арқылы  теориялық  материалды  терең  де 
саналы игеру – оқушылардың физика пәнін оқуда алған білімдерін практикада қолдануға 
дайындау,  ӛмір  қажеттіліктерінде  жүзеге  асыруға  үйрету  және  олардың  біліктілігі  мен 
дағдысын  қалыптастыру  болып  табылады.  Сонымен  қатар  кӛрнекіллік  технологиясы 
негізінде  және  кӛрнекілік  тәжірибелер,  жұмыс  жасайтын  техникалық  модельдерді 
кӛрсету,  қызықты  зертханалық  жұмыстарды  жолға  қою,  әр  түрлі  кӛрнекі  құралдарды 
қолдану,  жалпы  сыныптан  тыс  жүргізілетін  үйірме,  физикалық  кеш,  топсеруендер 
(экскурсия) және т.б. арқылы жүзеге асырылады 

3

.  
Еліміздің  ғылыми  және  техникалық  дамуы,  ӛркениетке  жол  бастауы  –мектептің 
техникалық пәні болып табылатын физиканың еншісінде. Сондықтан мектепте физиканы 
сапалы  оқыту  және  оқыту  барысында  оқу  практикумы  арқылы  –  эксперименттік 
қойылымдар  мен  тәжірибелерді  меңгеру,  теория  мен  практиканы  ұштастыра  оқыту  ең 
маңызды  заман  талабы  болып  табылады.  Мектеп  физика  курсының  міндеттер  мен 
талаптары – еліміздің болашақ құнды мамандары болып саналатын қазіргі оқушылардың 
сапалы  білім  алып,  ғылым  құндылығын  және  оқу  біліктілігін,  дағдысын  арттыру 
қажеттілігін  қанағаттандырып,  болашақтағы  кез-келген  маманның  кәсіби  жетілуі  мен 
мамандануы үшін қажет талаптарды орындайды. 
Физика  пәнінің  маңыздылығын  ескере  отырып,  жалпы  білім  беретін  мектепте 
оқушылармен жұмыс жүргізу барысында ұстанатын негізгі қағидалар: 
-
 
Кӛп тілдік бағытпен бірге, жаратылыстану (физика) бағытын ұстану; 
-
 
Жеке тұлғаны бағыттауға арнаулы курстар тиімділігін жүйелеу; 
-
 
Физика  пәнінде  интерактивті  құралдарды  оқушылардың  толық  игеруіне  және 
тиімді пайдалануына қол жеткізу және мектепішілік жекелей іс-шаралар түрлеріне байқау; 
-
 
сынақ жүргізе отырып, білім мазмұнындағы үдерістерді жаңарту; 
-
 
физика пәнінен оқу үдерісін ақпараттандыруды орталықтандыру; 
-
 
мектеп  физика  мұғалімдерінің  шығармашылық  белсенділігі  мен  әдістемелік 
шеберліктерін жетілдіру; 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 25
 
-
 
Физика  мұғалімінің  кәсіптік  деңгейін  кӛтеруге  ынталандырылуы  (аттестация 
арқылы); 
-
 
Физика пәнін оқытуда психологиялық қызметтің рӛлін кеңейту, күшейту; 
-
 
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын 
жүзеге асыру үшін мектеп білім жүйесінде материалдық-техникалық базаны нығайту.  
Бүгінгі  таңдағы  оқушылардың  физика  пәні  бойынша  білімін  кӛтерудің  ең  бастысы 
оның пәнге деген қызығушылығын арттыру мәселесі ӛзектілігін жойған жоқ. Физикалық  
заңдарды  терең  меңгерту,  ұғымдарды  білу,  физикалық  шамаларды  ажыратуды 
оқушыларға  меңгертіп,  жалпы  физикалық  практикум  арқылы  оқушылардың  физикалық 
білім,  білік,  дағдысының  қалыптастырып,  логикалық  ойлауды  дамытуға  ықпал  ететіні 
мәлім. Ал қызығушылықты тудырудың тәсілдері кӛп, олар: түрлі дидактикалық ойындар, 
оқушылар  арасында  ӛзара  тартысты  жарыс,  дәстүрлі  емес  сабақтар,  білім  бәйгесін, 
кештер, үйірмелер, олимпиадалар ӛткізіп отыру керек 

4

.  
Оқушылардың  физика  пәні  бойынша  толыққанды  білім  алуын  жолға  қою 
мақсатында, оның пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін және физикалық  заңдарды 
терең меңгеріп, физикалық ұғымдар мен шамаларды нақты меңгеру қажеттігі – физикалық 
практикумды  бағдарламаға  енгізе  отырып,  физика  пәнін  оқытуда  физикалық  практикум 
негізінде оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыруды ұсынып отырмыз.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына 
Жолдауы; 
2.
 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (2007ж.); 
3.
 
Н.А.Сәндібаева  «Мектепте  оқу  экспериментін  жүргізу  әдістемесі»  Алматы, 
2010ж.; 
 
РЕЗЮМЕ 
В 
данной 
статье 
рассматриваются 
теоретически-методические 
основы 
усовершенствования  физики  в  общеобразовательных  школах.  А  также  рассмотрены 
методы формирования активности и интереса учащихся к данному предмету. 
 
SUMMARY 
This article addresses the issue of making physics laboratory in the educational process in 
physics. As well as the methods of forming activity and student interest in the subject. 
 
 
 
ӘОЖ 536.24.08. 
ГАЗ ҚОСПАЛАРЫНДАҒЫ ДИФФУЗИЯ ҚҦБЫЛЫСЫНЫҢ ҚЫСЫМҒА 
ТӘУЕЛДІ ӚЗГЕРІСІН BORLAND DELPHІ ТІЛІНДЕ ҚҦРЫЛҒАН STEFAN 
ПРОГРАММАСЫМЕН АЛЫНҒАН ГРАФИК АРҚЫЛЫ КӚРСЕТУ 
 
Ӛ.Парманбеков – ф.- м.ғ.к., доцент, А.Шақарбекқызы – физика магистрі, 
Н.С.Бекарыстанова (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Аннотация: мақалада Borland Delphi тілінде құрастырылған Stefan  программасының 
кӛмегімен диффузия процесінің қысымға тәуелді ӛзгерісін график түрінде түсіндіру және 
нақты әрі жылдам есептеуге қол жеткізуімізге мүмкіндік беретін жолдар қарастырылған. 
Түйін  сӛздер:  диффузия,  процесс,  график,  программа,  Borland  Delphi,  Stefan,  зат 
алмасу,  кӛпкомпонентті,  бар  эффект,  кері  диффузия,  диффузиялық,  ДЭК  (диффузияның 
эффективті коэффициенті), ӚӘК (ӛзара әсер коэффициенті), екі колбалық аппарат. 

26  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
Мақалада  кӛп  компонентті  газ  қоспаларындағы  зат  алмасу  процесіндегі  диффузия 
құбылысының  қысымға  тәуелділігі  программа  арқылы  алынған  нақты  графиктермен 
келтірілген.  Сондай-ақ,  диффузияның  эффективті  коэффицентін  программа  арқылы  
есептеу  қарастырылған.  Осы  уақытқа  дейін  Стефан-Максвелл  формуласын  пайдаланып 
зат  алмасу  процесінде  диффузияны  есептеп  келді.  Бұл  есептеу  процесі  ұзақ  уақытты, 
қайталап есептеуді талап етеді. Осындай қиындықтарды жеңілдету мақсатында нақты әрі 
жылдам  есептеуге  қол  жеткізуімізге  мүмкіндік  беретін  Borland  Delphi  тілінде 
құрастырылған  Stefan    программасының  кӛмегімен  аталған  мәселені  жеңілдету  жолдары 
қарастырылады [1]. 
Жұмыста  екі  колбалық  диффузиялық  қондырғы  әдісі  қолданылды,  негізгі  газдар 
сутегі, азот, аммиак, метан, неон, екі колбада да бірдей мӛлшердегі осы газ қоспаларының 
зат алмасу процесінің эксперименттік зерттелуі кӛрсетіліп, графиктері келтірілген [3,6].  
Қондырғымен  жұмыс  істеу  әдісі  мынадай:  аппараттың  колбалары  ӛзара  бӛлінеді 
және форвакуумдық насоспен сорып алып дайындалады, мысалы бірнеше рет зерттелетін 
газ  қоспасымен  «шайылған»  және  онымен  тәжірибелік  қысымға  дейін  жоғарғы  колба 
толтырылады.  Осыған  ұқсас  процедура  тӛменгі  колбада  да  жүргізіледі.  Берілген 
температуралық  режимде  колбалардағы  қысымдар  теңестіріледі  және  газдың  артық 
мӛлшері 
атмосфераға 
жіберіледі. 
Манометрлердің 
кӛрсетулерінде 
аппарат 
колбаларындағы газ қысымы белгіленеді. Тәжірибенің абсолюттік қысымы атмосфералық 
қысымдардың қосындысымен, яғни манометр-барометрдегі (МБП) қысым және манометр 
кӛрсетуіндегі қысыммен анықталды. Қысымдарды теңестіргеннен кейін бастапқы араласу 
процесіне  сәйкес  келетін  уақыт  белгіленеді  және  диффузиялық  канал  ашылады. 
Тасымалдау  жүргізілген  уақыты  аяқталғаннан  кейін  эксперимент  соңында  аппарат 
колбалары ажыратылады. Араласудан кейін газдарды талдау хроматографта жүргізілді.  
Аталған программаны пайдаланып 0.6332H2+ 0.1929N2 + 0.0339NH3 + 0.1174CH4 + 
0.0226Ne  –  0.5445H2  +  0.1486N2  +  0.1587NH3  +  0.1233CH4    +  0.0249Ne  газ  жүйесіндегі 
диффузия  процесінің  қысымға  байланысты  ӛзгерісін  зерттей  отырып,  алынған 
нәтижелерді тӛмендегі графиктер арқылы кӛрсетеміз [5,7]. 
 
     
 
                (а) –сурет.                                                       (ә)-сурет.  
 
1-сурет. Жоғарғы колбадағы  газ қоспаларының қысымы Р=0,101 МПа (а)-сурет және 
P  =  30  кгс/см
2
  (29,43  МПа)  (ә)-сурет  болғандағы  газ  концентрацияларының  уақытқа 
тәуелділігі.   

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 27
 
   
 
                               
(б)-сурет.                                              (в)-сурет. 
 
2-сурет.  Тӛменгі  колбадағы  газ  қоспаларының  қысымы  Р=0,101  МПа,    (б)-сурет  
және P = 30 кгс/см
2
 ( 29,43 МПа ) (в)-сурет болғандағы газ концентрацияларының уақытқа 
тәуелділігі.   
 
                         (г)-сурет                                                                  (д)-сурет 
3-сурет.  Газ  қоспаларындағы  диффузияның  эффективті  коэффициентінің  қысымы 
Р=0,101 МПа  (г)-сурет және қысымы P = 30 кгс/см
2
 (29,43 МПа) (д)-сурет кездеріндегі газ 
концентрацияларының уақытқа тәуелділігі.  
 
    
 
 
4-сурет. Жоғарғы және тӛменгі  колбадағы газ қоспаларының қысымы  Р=0,101 МПа 
және  P  =  30  кгс/см
2
  (29,43  МПа)  болғандағы  газ  концентрацияларының  уақытқа 
тәуелділігі.   
 
Р=0,101  МПа  және  P  =  30  кгс/см
2
  (29,43  МПа)  қысымдағы  Т=298,0  К  болғандағы 
кӛпкомпонентті  газ  қоспасының  матрицалар    коэффициентінің  нәтижесі  тӛменде 
кӛрсетілген (КҚМК, см
2

 
): 
 

28  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
D(1,1) = 0,41586 ;     D(1,2) = -1,11190 ;    D(1,3) = -1,07850 ;     D(1,4) = -1,07360 ;  
D(2,1) = -0,00979 ;    D(2,2) = 1,24890 ;     D(2,3) = 0,38356 ;       D(2,4) = 0,39674 ;  
D(3,1) = -0,01191 ;    D(3,2) = 0,05542 ;     D(3,3) = 0,87698 ;       D(3,4) = 0,05841 ;  
D(4,1) = -0,01380 ;    D(4,2) = 0,22651 ;     D(4,3) = 0,22882 ;       D(4,4) = 1,03440.  
 
P = 30 кгс/см
2
 ( 29,43 МПа ): 
D(1,1) = 0,01384 ;     D(1,2) = -0,03700 ;    D(1,3) = -0,03589 ;       D(1,4) = -0,03572 ;  
D(2,1) = -0,00033 ;    D(2,2) = 0,04156 ;     D(2,3) = 0,01276 ;         D(2,4) = 0,01320 ;  
D(3,1) = -0,00040 ;    D(3,2) = 0,00184 ;     D(3,3) = 0,02918 ;         D(3,4) = 0,00194 ;  
D(4,1) = -0,00046 ;    D(4,2) = 0,00754 ;      D(4,3) = 0,00761 ;        D(4,4) = 0,03442 . 
 
Жоғарыда  аталған  программа  бойынша  0.6332H2+  0.1929N2  +  0.0339NH3  + 
0.1174CH4  +  0.0226Ne  –  0.5445H2  +  0.1486N2  +  0.1587NH3  +  0.1233CH4  +  0.0249Ne  газ 
жүйесі  үшін  белгілі  уақыт  аралығындағы  жоғарғы  және  тӛменгі  колбадағы  бірдей 
мӛлшердегі  газ қоспаларының қысымның ӛзгерісіне байланысты, тұрақсыз  заңдылықпен 
ӛзгеретіндігі  график  арқылы  кӛрсетілді.  Диффузияның  эффективті  коэффиценті 
анықталды.  Осы  алынған  нәтижелерді  эксперименттік  есептеулерде  сондай-ақ 
анықтамалық құрал ретінде қолдануға мүмкіндік береді [4,3]. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  
1.Ю.И.Жаврин,  Н.Д.Косов  и  др.  Расчет  диффузионного  процесса  в  двухколбовом 
аппарате  для  случая  многокомпонентной  газовой  смеси  //  Каз.у-т,  НИИЭТФ.-Алматы, 
1995.- 26 с. 
2.  Ю.И.Жаврин,  Н.Д.Косов,  С.М.Белов,  С.Б.Тарасов  Влияние  давления  на 
устойчивость диффузии в некоторых трехкомпонентных газовых смесях // Письма в ЖТФ. 
– 1984. – Т.54, № 5. – С. 943-947. 
3. 
В.Н.Косов, 
В.Д.Селезнев 
Аномальная 
диффузионная 
неустойчивость 
многокомпонентных  изотермических  газовых  смесей.  Алматы-Екатеринбург:  Принт, 
1998. – 180 с. 
4.  А.Шакарбеккызы  Применение  эффективных  коэффициентов  диффузии  к 
описанию  массопереноса  в  многокомпонентных  газовых  смесях,  содержащих  аммиак  // 
Сборник  тезисов  ІІІ  Международного  конгресса  студентов  и  молодых  ученых  Мир 
науки», Алматы, 23-30 апреля 2009г. – Алматы, 2009. – C.58  
5. А.Шакарбеккызы Расчет диффузионного процесса в многокомпонентных газовых 
смесях,  используемых  при  синтеза  аммиака//  Сборник  тезисов  ІІІ  Международного 
конгресса  студентов  и  молодых  ученых  Мир  науки»,  Алматы,  19-22  апреля  2010г.  – 
Алматы, 2010. – C.14 
6. А.Шакарбеккызы, Г.А.Каптагай Эффективные коэффициенты диффузии в газовых 
системах//  Алматы,  КазгосженПУ,    Вестник  научный  журнал,  серия  естествознание 
№1(6), 2011. –С. 9-12.  
7.  Ю.И.Жаврин,  Н.Д.Косов,  С.М.Белов,  С.Б.Тарасов  Влияние  давления  на 
устойчивость диффузии в некоторых трехкомпонентных газовых смесях // Письма в ЖТФ. 
– 1984. – Т.54, № 5. – С. 943-947. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассмотрена  проблема  описания  через  вычислительный  эксперимент 
соответственно  разработанной  программе  массопереноса  в  многокомпонентных  газовых 
смесях. Получина информация о диффузионных процессах в многокомпонентных газовых 
смесях, содержащих аммиак, в зависимости от концентрации, давления и температуры. 
SUMMARY 
In the work to looking of the problems are writing calculation experiments of the working 
out  program  mass  giving  in  the  more  components  gas.  To  given  information  with  diffusions 
process in more components of gas in the concentration, temperature and voice. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 29
 
ӘОЖ 37.026.9:371.212:371.385.3 
ФИЗИКА ПӘНІНЕН ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТЕРДІ 
ҦЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ 
 
Н.А.Сәндібаева – п.ғ.к., доцент м.а., Г.Ж.Биғараева – 4 курс студенті  
(Алматы қ., Қазмемқызпу)  
 
Аннотация:  Бұл  зерттеу  жұмысы  жалпы  білім  беретін  мектептерде  физика  пәнін 
оқытуды  оңтайландыру  мақсатында  жүргізілді.  Зерттеу  барысында  алынған  нәтижелер 
нақты эксперименттер арқылы айқындалады. Зерттеу жұмысы толық анықталмаған кейбір 
зерттеу міндеттеріне сәйкес қосымша ақпараттар жинақталуда. 
Түйін сӛздер: Физикалық эксперимент, демонстрация, практикум, бақылау. 
Зерттеу  жұмысының  мақсаты:  Жалпы  білім  беретін  мектептерде  физика  пәнін 
оқытуда 
демонстрациялық 
эксперименттерді 
ұйымдастыру 
негіздері 
арқылы 
оқушылардың танымдық қабілетін  арттыра отырып, оқушыларды жаңашылдыққа баулу. 
Қазақстан 
Республикасының 
президенті 
Н.Назарбаев 
«Терең 
білім 
– 
тәуелсіздігіміздің  тірегі,  ақыл-ой  –  азаттығымыздың  алдаспаны»  -  деп  атап  ӛткендей, 
білімді, ақыл-ойды жетілдіру қазіргі кезде заман талабына айналды. Осы қағиданы бетке 
ұстай  отырып,  әрбір  болашақ  маман  ертеңгі  күннің  нақты  заманға  сай,  құзыретті 
тұлғасына  айналу  үшін  аянбай  тер  тӛгіп,  еліміздің  «алтын  ғасырындағы»  білім 
алушыларға әлемдік деңгейде білім беруге ұмтылуы тиіс. 
Мектептегі 
физика 
курсы 
бойынша 
демонстрациялық 
эксперименттерді 
ұйымдастыру  –  бұл  физика  ғылымының  негізі  болып  табылып,  ғылыми  зерттеу  әдісінің 
кӛрінісі  ретінде  айқындалады.  Физикалық  демонстрациялық  эксперименттерді 
ұйымдастыруды  негізге  алып,  құбылыстарды  оқып  үйрену  –  оқушылардың  ғылыми 
кӛзқарасының қалыптасуын, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруін,  мектеп 
оқушыларының  пәнді  оқып-үйренуде  қызығушылығын  арттыруға,  құбылыстарды 
кӛрнекілеуге және ӛлшеу икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге себін тигізеді. 
Мектептегі  физика  пәнінің  демонстрациялық  эксперименттерін  ұйымдастыруды 
қолға  алу  арқылы  оқушылар  ғылыми  зерттеу  әдісі  туралы  түсінік  алады.  Сабақта 
тәжірибелерді демонстрациялау, олардың кейбіреулерін кино және теледидар, компьютер 
арқылы кӛрсету, оқушылардың зертханалық жұмыстар жасауы, мектептегі эксперименттік 
оқыту әдісінің негізі болып табылады. 
Мектепте  физика  демонстрациялық  эксперименттерін  ұйымдастырудың  тәрбиелік 
мәні  де  зор,  ол  оқушыларды  алдына  қойған  мақсатқа  жетуге,  жұмыста  ұқыптылыққа, 
қарастырып отырған құбылысты бақылауға және одан қорытынды шығаруға, оның негізгі 
белгілерін бӛліп ала білуге және т.б. үйретеді. Сондай-ақ оқушыларға терең де нақты білім 
беру  үшін,  оларда  практикалық  ебдейліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру  кезінде 
әртүрлі оқу практикумын қолданып, ауыстырып отыру қажет. 
Физиканы  оқыту  үрдісіне  демонстрациялық  эксперименттерді  енгізу  теория  мен 
практиканы  байланыстырушы  элемент  ретінде  қарастырылады.  Оларды  орындау 
оқушылардың  эксперименттік  және  практикалық  ебдейліктері  мен  дағдыларын 
қалыптастыруға  кӛмектеседі.  Сонымен  қатар,  оқушылардың  танымдық  қабілеттерін,  әрі 
белсенділігі мен ӛз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Алайда кез келген сабақты 
жүргізуде  бұл  мақсаттар  орындала  бермейді.  Егер  оқушылар  мұғалімнің  толық,  нақты 
түсіндіруінен кейін, тек кӛрсетілген іс-қимылдарды қайталайтын болса, оларда қарапайым 
ебдейліктер  мен  дағдылар  қалыптасады.  Мысалы,  зертханалық  жұмысты  ӛткізу 
барысында  оқушылар  электр  шамынан  ӛтетін  ток  күшін  есептейтін  электр  сызбасын 
мұғалім демонстрациялық үстелде кӛрсетіп бергендей жинайды, олар біршама икемдіктер 
мен дағдылар алады, бірақ жалпылама сипаттағы ебдейліктер қалыптаспайды және ӛздері 
әрекет  етуге  үйренбейді.  Мұғалім  зертханалық  жұмысты  ӛткізу  әдістемесін  мұқият 

30  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
талқылап, оқушыларға оны ӛз бетінше және ықыласпен орындауға мүмкіндік беруі керек, 
тек сонда ғана ол оқушылардың таным қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғыза алады. 
Сондықтан  жоғарыда  аталған  кемшіліктер  орын  алмауы  үшін,  оқушылардың 
берілген  нұсқаумен  ӛз  бетінше,  дұрыс  жұмыс  істей  алуы,  құралдардың  тӛлқұжаты 
бойынша  оның  қалыпты  жұмыс  тәртібін  анықтай  алуы,  ӛзінің  жұмыс  орнын  дұрыс 
пайдалануы,  оқу  тапсырмасы  бойынша  жұмысты  ыңғайлы  жоспарлауы,  қойылған 
мәселені  тиімді  жолмен  шешуі,  орындалған  тәжірибелердің  нәтижелерін  дұрыс  жазуы 
және  оны  түсіндіруі,  қорытындылауы  –  жұмыс  дұрыс  ұйымдастырылғанда  мүмкін 
болады. 
Физиканы  оқыту  үрдісінде  демонстрациялық  эксперименттерді  –  зертханалық 
жұмыстардың  күрделі  түрі,  сондықтан  да  ол  жоғарғы  сыныптарда  ӛтіледі.  Мұнда 
оқушылардың  әр  тобы  түрлі  жұмыстар  орындайды.  Физикалық  эксперимент  жұмысы 
білімді  жүйеге  түсіруге,  оқушылардың  ебдейліктері  мен  дағдыларын  жетілдіруге 
арналады. 
Практикум  жұмыстарын  ӛткізуді  ұйымдастыруда  алдын  ала,  жұмыстың  нұсқауы 
жазылған карточкалар, қажетті құрал-жабдықтар алдын-ала дайындалады. 
Физиканы  оқыту  үдерісі  барысында  демонстрациялық  эксперименттер  түрлерін 
үйлесімді  қолданған  дұрыс.  Мұғалім  оқушылардың  ӛткізілген  демонстрациялық 
эксперименттерге кӛп кӛңіл бӛліп, оқу үдерісіндегі зерттеу сипатындағы кӛрнекілеулерді 
енгізіп,  оларды  кӛбінесе  оқушылардың  дұрыс  қабылдауын  қадағалайды.  Оқушылар 
орындалған  әрбір  жұмыста  олардың  алған  білімдерін  тереңдетуге,  нақтылауға  және 
практикада  қолдана  білуге  ұмтылады.  Оған  қоса  әрбір  жұмысты  орындағанда  оқушылар 
жаңа  бір  нәрсені  білуге  ұмтылуы  тиіс:  шамаларды  ӛлшеудің  тиімді  әдісін  қолдану; 
олардың  басқа  шамалармен  жаңа  тәуелділігін  орнату;  бір  шаманы  ӛлшеуді  келесі  бір 
ӛлшеуге ауыстыру ебдейлігін жүзеге асыру және тағы басқалар.  
Оқушыларға жалпылама жоспар бойынша жұмыс істеуді үйрету ӛте тиімді. Мысалы, 
барометр-анероид деген құралға мынадай жоспар жасалады: 
-
 
құралдың пайдаланылуы; 
-
 
құралдың құрылысы; 
-
 
құралдың жұмыс істеу принципі; 
-
 
қолданылу саласы; 
-
 
құралды қолдану ережелері. 
Физикалық  құбылысты  оқып  үйренуде  оқушылардың  ӛтілген  материалға  деген 
қызығушылығын  арттыра  отырып,  танымдық  белсенділігін  де  арттыруға  болады.  Мұнда 
сұрақ қоя отырып оқушының кӛңілін маңызды түсініктерді қалыптастыруға аударамыз. 
Басқаша сӛзбен айтқанда, оқушылар жұмысты орындағанда бұрынғы ӛздері білетін 
тәсілдерді қолдану арқылы, ертеректе меңгерген әдістерін жетілдіреді. Оқушылардың іс-
әрекетіндегі  жүйелі  түрде  жүргізілетін  мұндай  жұмыстар,  олардың  ойлауы  мен 
шығармашылық  қабілеттілігін  дамытуға  кӛмектеседі.  Жұмыс  барысында  оқушылардың 
тапсырманы  ӛз  бетімен  орындауы  және  белсенді  түрде  атқаруы  –  оның  мақсаты  мен 
міндеттерін толық түсінуінің алғы шарты болып табылады. Егер оқушы не істеу керектігін 
анық  білетін  болса,  онда  тапсырманы  орындау  жолдарын  табандылықпен  іздейді. 
Мысалы,  диффузия  құбылысын  зерттеуде  оқушылардың  кӛңіл  күйін  иістің  таралуына 
аударып,  сол  берілген  екі  түрлі  сұйықтың  араласуын  байқату  арқылы  әртүрлі 
кӛрсетілімдер жасауға болады. Сондықтан, диффузия бӛлшектердің хаосты қозғалысымен 
түсіндіріледі.  Физикалық  құбылыстың  механизмін  шығарып  алған  соң,  оған  сандық 
сипаттама  беру  керек.  Мысалы,  бірқалыпты  түзу  сызықты  қозғалыс,  жүрілген  жол, 
қозғалыс  уақыты,  олардың  ӛзара  байланысы  болып  табылады.  Сондай-ақ  әрбір 
құбылыстың табиғатта, техникада, күнделікті тұрмыста қолданылуын түсіндіреді. 
Мектептегі  физикалық  демонстрациялық  эксперимент  арқылы  оқушылардың 
шығармашылық  іс-әрекетін  қалыптастыру  мүмкіндіктері  қарастырылған.  Оқушылардың 
ғылыми  негізделген  эксперименттер  жасауы  барысында  жобалау,  бақылау,  ӛздігінен 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 31
 
шешім қабылдау, талдау, тексеру, салыстыра білуі  және олардың ӛздігінен алған білімін 
кеңейтіп,  тереңдететін,  ӛзін-ӛзі  дамытатын,  саналы  ойлайтын,  ӛздігінен  тұжырым 
жасайтын,  жаңалық  ашу  біліктілігі  мен  дағдылары  бар,  ӛмірлік  тәжірибелерінде 
кездесетін  проблемаларды  ӛздері  шеше  алатындай  деңгейге  шығаруға  мүмкіндік 
туғызады. 
Аталмыш  зерттеу  жұмысы  негізінен  тәжірибеден  ӛткізілген  Алматы  қаласы  Медеу 
ауданы  73-гвардиялық  қызыл  тулы  Сталинград  -  Дунай  атқыштар  дивизиясы  атындағы 
№64 жалпы білім беретін мектепте, Ш.Смағұлұлы атындағы дарынды балаларға арналған 
мектеп-интернатында  физика  пәнінен  10
Ә
 
және  11
А
 
сынып  оқушыларының 
шығармашылық және танымдық іс-әрекетінің қаншалықты қалыптасқанын сауалнамалар, 
тест  тапсырмаларын  жүргізу,  демонстрациялық  эксперимент  арқылы  анықталып,  білім 
сапасының  дәрежесі  айқындалды.  Зерттеу  тақырыбына  берілген  тапсырмалар  негізінде 
оқушылардың  ынтасының  артып,  танымдық  белсенділігінің  артқанын  анықтадық. 
Алынған нәтижелер бойынша оқушыларға кӛптеген тапсырмалар жиынтығы дайындалды. 
Оқушылардың  демонстрациялық  экспериментті  қабылдау  деңгейіне  сәйкес 
танымдық  қабілетін  жетілдіру  мақсатында  тапсырмалар  дайындалып,  мектептің  оқу 
үдерісіне енгізілді 

1, 2, 3

.  
Демонстрациялық  эксперимент  арқылы  оқушылардың  танымдық  іс-әрекетін 
қалыптастыруға 
негізделген 
тәжірибелік-эксперимент 
жұмыстарының 
мақсаты: 
демонстрациялық  эксперимент  арқылы  оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекетін 
қалыптастырудың  әдістемесін  жасап,  оны  мектептің  педагогикалық  үдерісіне  ендіру 
арқылы  шығармашыл  тұлғаны  даярлау.  Бақылаулар  мен  тәжірибелер  кӛрсеткендей, 
оқушылардың танымы мен белсенділігін іске асыруға мүмкіндік беретін демонстрациялық 
эксперимент,  олардың  физикаға  қызығушылығын  арттырады  және  терең  білім  алуына 
кӛмектеседі 

3,4


 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  
1. А.Қ.Ершина, Н.А.Сәндібаева «Оқу экспериментін ұйымдастыру және зертханалық 
жұмыстар» Алматы, 2010ж. 
2. Н.А.Сәндібаева «Мектепте оқу экспериментін жүргізу әдістемесі» Алматы, 2010ж.  
3.  Н.А.Сәндібаева  Развитие  творческих  способностей  у  школьников  с  помощью 
учебного эксперимента по физике. Москва, 2009 С. 408-411. 
4.  Л.С.Выготский  Развитие  высших  психических  функций.  М.  Изд.АПН.  РСФСР, 
1960.-500с. 
5. http:// www.google.kz  
6. http:// www.kk.wikipedia.org  
 
РЕЗЮМЕ 
  В  данной  работе  рассматривается  демонстрационные  эксперименты,  которые 
применяются в средних школах для  улучшения заинтересованности  учащихся на  уроках 
физики. А также для привлечения будущих технических кадров.  
 
SUMMARY 
In with work a looking of the demonstration experiment, in the school for interesting of the 
physics lectures. In time work a education of the experiments works, perfect Jung humans with 
the of education, science and industrializations. 

32  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
ӘОЖ 37.026.9:371.212:371.385.3 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет