Ф. Пк-упо. Уп. 01. 14 Ревизия №2 от



Дата07.01.2022
өлшемі22,47 Kb.
#20626
түріБілім беру бағдарламасы

Ф.ПК-УПО.УП.01.14

Ревизия № 2 от 19.08.2019г.

Страница из 1



7М01601601-Тарих білім беру бағдарламасы 1-ші оқу жылы магистранты Н.Н. Кыдыралина «Қазақстан Республикасының мәдени саясатын жүзеге асырудағы Нұр-Сұлтан қаласы мұражайларының қызметі» атты диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдау бойынша



ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

1.Диссертациялық зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы.


Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, халқымыздың басты құндылығы. Қазақстан - жас мемлекет болғанына қарамастан, егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап экономикалық дамудың жолын айқындап, көп ұлтты елдің бірлігін сақтау, сыртқы саясатта дүниежүзі елдерімен байланысымызды одан әрі дамытып, өркениетті елдердің қатарына қосылуға бағыт алды.

Егемендікпен бірге тарихқа, тарихи-мәдени мұраларға жаңаша көзқарастар мүддесінен туындаған үрдістердің ғылым, білім, ақпарат жүйелерімен бірге мұражайлардың қызметіне жаңа мақсаттар мен міндеттер қойды.



Қазақстан Республикасы мәдени саясатының стратегиялық мақсаты бай мәдени мұрасымен шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан халқын әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Мақсатқа қол жеткізуге жұмылдыруға үндейтін “Рухани жаңғыру” бағдарламасы ұлттық идеяның негізі болып табылады.

Әлемде мәдениет мекемелерінің ішінде мұражай - бұл ғылым, білім, коммуникация, мәдени ақпарат пен шығармашылық инновациялар орталығы болып табылады. Мұражай – елдің тарихын, мәдениетін және өркениет жетістіктерін баяндап, өскелең ұрпақ бойында ұлтжандылыққа, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелейтін маңызы зор мәдени нысан.

Материалдық және рухани мәдениеттің ескерткіштерін жинауда және сақтауда мұражайлар ғылыми-ағартушылық және біліми-тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде. Елімізде жүргізілген 2004 жылы «Мәдени мұра», 2013 жылы «Халық-тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламалар аясында төл тарихымызды айғайтайтын құжаттар зерттеліп, мұражай қорлары кеңейді.

2017 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» деп жазды. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін, тағылымы мол деректерді баяндайтын мұражай, бұл мақсатты жүзеге асыруға бағытталған. Қазақстан жаңа заманға қадам басқан кезеңінде Нұр-сұлтан қаласы мұражайларының қызметін зерттеу, өзектілігі жоғары мәселе болып табылады.

Мұражайлар әр кезеңде қоғамның және көптеген елдің мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып саналды. Мұражайлар қызметінің бағыты – жан-жақты. Кеңестік кезеңдегі мұражайлардың идеологиялық бағыты, ұлттық мәдени кодымызды жоққа шығаруға бағытталды. Тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына егеменді ел болып, мұражай ісі жаңа мазмұнға ие болды.



Қазақстан жаңғырудың үшінші қадамына аяқ басып, жаңа тұрпаттағы жаңғырудың басты шарты ұлттық кодты сақтай білу. Нұр-Сұлтан қаласы мұражайларында әлемдік құндылыққа ие артефактілер дүниежүзілік мұраның өзегі ретінде қарастырылып, халықаралық ауқымдағы кеңінен танымал ету жолында жұмыстар жүргізілуде.

Астана статусын алған Нұр-сұлтан қаласының мұражайлары, оның тарихы мен қызметі, халықаралық байланыстары, мұражайдың көрмелері мен жетістіктері, оның жұмысына еңбегі сіңген тұлғалар туралы зерттеу жүргізілмеді. Тәуелсіздік алғанға дейін және егеміндік алған кезеңнен Нұр-Сұлтан қаласының мұражайларының қызметіне баға берілмеді. Қазақстан Республикасының мәдени саясатын жүзеге асыруда Нұр-Сұлтан қаласы мұражайларының қызметі толыққанды қарастырылмады. Бұл жұмыс Қазақстандық мұражайлардың мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда маңызды құралдарының бірі болатынына сенімдімін.
2. Диссертациялық зерттеудің мақсаты- қазіргі жаһандану кезеңінде білімі бәсекеге қабілетті, бойында ұлттық коды бар саналы ұрпақ тәрбиелеу заман талабы. Ұлт тарихымыздың жетістіктерін жинақтап, насихаттауда мұражайлардың жұмысы көлемді. Нұр-сұлтан қаласы мұражайларының қызметі мен бағыты әр түрлі болып келеді.

Мұражайлардың қорларында тарихи-мәдени, ғылыми мұралар Отан тарихында алатын орны жоғары. Жас ұрпақ оны зерделеп, туған жерге деген сүйіспеншілік артады. Мұражайдың тарихы мен жетістіктерін ғылыми-білімдік және мәдени-ағарту қызметі арқылы Қазақстанның мәдени саясатын көпшілікке таныту болып табылады.

3. Диссертациялық зерттеудің әдістері. Тарихи дерек көздерді күрделі, жан-жақты, қарама-қайшылықты, яғни жан-жақты зерттеуді болжайтын диалектикалық әдіспен, объективтілікпен, сипаттамалық, статистикалық әдістермен жүргізіледі. Мұнымен қоса қолданылатын зерттеу әдістерінің арасында тарихи және логикалық әдістер ерекше орын алады
4. Диссертациялық зерттеуді орындауға қажетті жағдайлар (зертханалық база, ақпараттық қамтамасыз етілуі, диссертациялық зерттеудің орындалатын орны). Диссертациялық зерттеу жұмысы ҚарУ-дың археология, этнология және Отан тарихы кафедрасында орындалады. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы, Атамекен мұражайы, ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайы, С.Сейфуллин атындағы мұражайы, Өнер мұражайында жұмыс жасау жоспарланады.
5. Зерттеу тақырыбы бойынша қолда бар ғылыми негіз. Зерттеу жұмысына байланысты бұрын қарастырылған мерзімді басылымдарда ғылыми мақалалар бар.
Археология, этнология және Отан тарихы

кафедрасының 7М01601601-Тарих мамандығының

1 курс магистранты Кыдыралина Н.Н.
Ғылыми жетекші:

Археология, этнология және Отан тарихы



кафедрасының т.ғ.к., доцент Амрина М.С.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет