Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері аудандық байқауының ережесі



Дата01.03.2022
өлшемі26,05 Kb.
#26721
түріКонкурс


Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері аудандық байқауының

ЕРЕЖЕСІ
Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 2022 жылғы 30 наурыз күні мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатында Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауын өткізеді.

Байқау мемлекеттік тілде өтеді.



Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:

1) Қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің повестерінен үзінді оқу;

2) Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай прозасынан үзінді оқу;

3) Жазушының ана, әйел тақырыбындағы жазған шығармаларынан үзінді оқу.



Байқау шарттары:

1) мәтінді оқу уақыты бес минуттан аспауы керек;

2) фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;

3) үміткерлер мәтіндерді жатқа оқулары шарт.

Байқауға 17-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Қазылар алқасы шешім шығару барысында мынадай талаптарды басшылыққа алады:

1) көркем мәтінді оқу шеберлігі;

2) дұрыс дыбыстауы;

3) көркем мәтінді таңдау талғамы;

4) сахналық образ және оқу шеберлігі.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін төмендегі қосымшаға сәйкес ү.ж. наурыздың 21-не дейін Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне жолдау қажет. Байланыс ақпараты: 871538 21038; эл.пошта: kyzylzhara@yandex.kz

Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай

оқу шеберлерінің аудандық байқауын өткізу ережесіне қосымша



Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің

аудандық байқауына қатысу үшін

өтінім



  1. Т.А.Ә._____________________________________________________________




  1. Жасы_____________________________________________________________




  1. Жынысы___________________________________________________________




  1. Жұмысы___________________________________________________________




  1. Білімі_____________________________________________________________




  1. Мекенжайы________________________________________________________




  1. Байланыс телефондары______________________________________________




  1. Шығармалар атауы _________________________________________________




  1. Қосымша ақпарат___________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет