Қазақ Ұлттық Қыздар Университеті
СӨЖ
Пәні: Халық ауыз әдебиеті
Мамандығы: Қазақ тілі және әлем тілдері
Факультет: Филология
Орындаған: Шыңғысбекқызы Айзат
Халық ауыз әдебиеті
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі-халықтың ауыз әдебиеті. Жазу-сызу болмаған кезеңде қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігін ,қоғамдық өмірін, шаруашылығын,кәсібін өлең шумақтары арқылы, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар,аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Ауыз әдебиеті фольклор деп те аталады. Ағылшын сөзі халық даналығы деген мағына береді.
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен айырмашылықтары.
1.Шығарманың авторының белгісіз болуы. Яғни авторы халық.
2. Шығармалардың түрлі нұсқаларының болуы. Демек мазмұны ,желісі ,кейіпкерлері бір шығармалардың көптеген түрлері кездеседі. Мысалы «Қобыланды батыр» жырының 28 нұсқасы бар.
3. Шығармадағы сөздер мен сөйлемдердің ,ұйқастардың жиі кездесетінін көруге болады.
4. Бірнеше өнердің бірлесіп келуі яғни ақын,күйші, әнші шығарманы айту кезінде домбыра мен болсын қобызбен болсын бір сарынға салып айтуы.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі ертегілерді оқыту
Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі ертегілер. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын,ерік-жігерін қалыптастырады. Сондықтан ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп,тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн. Бүгінгі күнгі оқытуға қойылып отырған талаптардың бірі –өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету,оның негізінде балалардың ой-өрісін,қиялын ,эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып,халық шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру.
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да ,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады.Оның осы сияқты аса жоғары идеялық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып, үйрену жолдары, әдіс амалдары бар.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүргізуге болады:
1.Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл күйін образ арқылы бейнелеп беру.
2. Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкерлердің қимылдарын көрсету.
3.Суретпен жұмыс. Әртүрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесе бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |