Ғалым қадірәЛІҦлы жылғара байтоқИН



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата03.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#6077
  1   2   3   4   5

 

 
 
 
 
 
 
ҒАЛЫМ ҚАДІРӘЛІҦЛЫ 
 
 
 
 
 
 
 
ЖЫЛҒАРА БАЙТОҚИН 
 
(Тарихи-танымдық шығарма) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Петропавл –2004 

 

 
Солтҥстік Қазақстан облыстық ӛлкетану 
мҧражайы, «Асыл мҧра» орталығы 
 
 
 
 
 
Ғалым Қадірәліҧлы 
 
 
 
 
 
 
 
ЖЫЛҒАРА БАЙТОҚИН 
(Тарихи-танымдық шығарма) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Петропавл – 2004 

 

 
Ақылдастар алқасы:  Қайролла Мҧқанов – ӛлкетанушы,  
Социал Жҧмабаев – ӛлкетанушы, 
Қаратай Биғожин – ауыз әдебиетін 
зерттеуші. 
 
Пікір жазған: Герольд Бельгер жазушы, Қазақстан 
Президенті сыйлығының иегері. 
 
Ғалым Қадірәліҧлы. Жылғара Байтоқин. Зерттеулер 
(архив деректері және ел аузында қалған сӛз). 
 
 
Орта  жҥзде  дәлірек  айтқанда  Солтҥстік  Қазақстан 
жерінде аты шыққан, би болыс, аға сҧлтан болған әйгілі 
Жылғара  Байтоқин  19  ғасырдың  жаңғырығы  іспеттес. 
Бҧл  кітапта  патшалық  Россияның  отарлау  кезінде  ел 
қорғаны,  ел  басшысы  болған  осы  тарихи  тҧлға  туралы 
жазылған. 
Осындай атақты атамыздың бҧған дейін зерттелмей, 
ӛз  бағасын  ала  алмай  келгендігі  ӛлке  тарихының 
олқылығы  деп  білеміз.  Алғаш  шығып  отырған  бҧл 
басылым  сол  олқылықты  толтырудың  бастамасы  деп 
тҥсініңіздер,  қҧрметті  оқырмандар!  Кітап  мазмҧны, 
архив  деректеріне  сҥйеніп  жазылған,  тарихи-танымдық 
мәні  зор.  Шығарма  кӛпшілік  қауымға  ҧсынылады,  ал 
оған баға беру солардың қҧқығында. 
 
 
 
 
 

 

ӚТКЕН КҤН 
 
Тәтті, дәмді, тармақты, 
Ҧзын Ертіс, Жетісу. 
- - - - - - - - - - - - - - - - - 
Есіл менен Нҧрадай, 
Екі енеге телі еді. 
- - - - - - - - - - - - - - - - - 
Осылардың арасы 
Сарыарқа деген жер еді. 
- - - - - - - - - - - - - - - - - - 
Ақан, Шӛже, Орынбай 
Жанақ, Біржан, Наурызбай 
Бір ӛзі мың ділдәлық 
Алты алашқа атақты – 
Бәрі ақын, сері еді. 
- - - - - - - - - - - - - - - - - - 
Ӛткен кҥнді ойласам, 
Ойға терең бойласам
Кешегі қайран қазақтың, 
Сәулеті мен дәулеті 
Кӛз алдыма келеді… 
 
Мағжан Жҧмабаев 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

АЛҒЫ СӚЗ 
 
Ӛткенді  білу,  ел  мен  жерді  басқарған,  сақтаған, 
қорғаған қасиетті бабаларымыздың рухына бас ию, еске 
алу,  керек  десе  оларды  қайта  тҥлету  бҥгінгі  ҧрпақтың 
парызы. 
Жыландай жылжып жатқан жылдар, ғарыштап ӛтіп 
жатқан  ғасырлар  бар.  Әр  ғасырдың  ӛз  айғағы,  ӛз 
шежіресі қалады, оның бәрі есте сақтала бермейді, егер 
олар  қағаз  бетінде  айғақталмаса.  Мәселен  18  және  20 
ғасырларда  есте  қаларлық  қанды  уақиғалар  болды,  бірі 
жоңғарлар  шапқыншылығы,  екіншісі  қуғын-сҥргін 
қҧрбандары. Арасындағы 19 ғасыр ондай болмағанымен 
елеулі, ірі саяси және әлеуметтік оқиғаларға толы еді. 
Қазақ елінің тағдыры, келешегі сол 18 ғасырда ӛмір 
сҥрген  атақты  Абылайханмен  байланысты.  Ҥйткені 
ӛзінің 
батырлығымен, 
ақылдылығымен 
елімізді, 
жерімізді аман-есен сақтап қалған осы хан Абылай және 
оның  ҥзенгілес,  қанды  балақ  жолдастары  –  батырлары 
болатын. 
Әңгімеге  арқау  болып  отырған  Жылғара  Байтоқин 
Ҧлы қырғыннан бір ғасыр кейін ӛмір сҥрсе де тӛре (хан) 
тҧқымдарымен, 
яғни 
Абылайханның 
немересі 
Ғҧбайдолла Уәлихановпен тҧстас (замандас), қызметтес 
болған  екен.  Бірақ  бҧл  кезде  хандық  билік  жойылып, 
Патша  ҥкіметінің  ҥстемдігі  ӛз  кҥшіне  мықтап  еніп, 
бодан  болған  елді  басқарудың  жаңа  жҥйесі  –  ҥлкен 
реформаның  басталғаны  сезіледі.  Дәл  осы  кезде 
Жылғара  Байтоқинның  асығы  алшысынан  тҥсіп,  желі 
оңынан 
есіп, 
ӛңірімізде 
аты 
шыға 
бастаған. 
Жылғараның  алғашқы  мақтанышы  –  байлығы,  одан 

 

соңғысы  азды-кӛпті  сауаттылығы,  ақылдылығы,  қҧдай 
берген бармақтай бақыты. 
Ал,  Жылғараның  әкесі  Байтоқа  би  Абылаймен 
сыбайлас, Уәлиді хан кӛтерген беделді адамдардың бірі 
болған.  Байтоқа  Жолдыбаев  (кейбір  деректерде 
Елдібаев) 1770  жылдары  Қҧлсары  сияқты  батырлармен 
ел  ағасы  іретінде  аты  қатар  аталып  жҥрген.  Алдағы 
айтылатын  тарихи  архив  деректерінде  Жылғараның 
дәрежесі  қай  қырынан  қарасақ  та  ерекше  екеніне 
кӛздеріңіз жетуге тиіс деп есептеймін. 
Байтоқамен  бірге  туысқан  Қаратоқа  би  де  кезінде 
Уәли  ханның  елшісі  болып  қызмет  атқарған.  Байтоқа 
мен  Қаратоқаның  аттары  Арқа  жерінде  кең  тараса, 
солардың  ҧрпақтары  Жылғара  мен  Шопанның  да 
дәрежелері  олардан  еш  кем  болмапты,  қайта  асып 
тҥскен  екен. Шопан  думаға  заседательдікке  сайланады. 
Жылғараның балалары Мҧса аға сҧлтан, штапс-капитан 
болды, Әлібек батыр атанып, әйгілі Ақан серінің сенімді 
серігі  және  қамқоршысы  болғаны  белгілі.  Уәлидің 
баласы  Шыңғыс  (Шоқанның  әкесі)  Мҧсамен  замандас, 
аға  сҧлтандыққа  екеуі  қатар  «таласып»,  «тартысып» 
жҥрген.  Бҧл,  кейбіреулер  айтқандай,  кәдімгі  жанжал 
емес,  саяси  талас,  саяси  тартыс,  әділетті  кҥрес,  яғни 
халықтық сайлауда дауысқа тҥсу жарысы болған. 
Жылғара  жӛнінде  ел  аузында  қалған  аңыз-
әңгімелер  баршылық.  Бірақ  ауыздан-ауызға,  елден-елге 
тараған дҥниенің кемшілігі де болмай қоймайды. Асыра 
айту, 
бҧрмалап 
айту 
да 
кездеседі. 
Осындай 
кҥмандануды  сейілту  ҥшін  біз  тікелей  архив 
қҧжаттарын пайдалануға кірістік. Дес бергенде, архивте 

 

Жылғара  және  оның  ҧрпақтары  жӛнінде  ауқымды 
деректер сақталған екен. 
Қҧрметті оқырмандар! Осы жинақтан Байтоқиндер 
әулетімен  таныса  отырып,  19  ғасырдағы  еліміздің, 
аталарымыздың  тҧрмыс-жағдайы  жӛнінде  аз  да  болса 
мағылҧмат алар деп ҥміттенеміз. 
 
ТУҒАН ЖЕР 
 
Бҧл жарыққа аяқ басып туған жер
Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер. 
Жастық алтын, қайтып келмес кҥнімде 
Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер. 
Жаратылдым топырағыңнан, сен – тҥбім, 
Жалғаны жоқ, бәрі сенен жан-тәнім. 
Сенен басқа жерде маған қараңғы
Жарық болар Шолпан, Айым, сен – Кҥнім. 
 
Мағжан Жҧмабаев 
 
ЖЫЛҒАРА ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ 
 
 
Қазақ  халқының  ӛткен-кеткені,  бҥкіл  болмыс 
тіршілігі,  ӛнері  мен  мәдениеті  тек  орыс  кӛзімен, 
коммунистік  қалыптың  тҧрғысынан  ғана  бағаланып, 
сызылған  жолдан  аз-маз  ауытқыған  адам  ҧлтшыл  деп 
жарияланды.  Әсіресе,  Қазан  тӛңкерісіне  дейін  ел 
басқарып,  халыққа  қорған  болған,  байлық  жинаған 
адамдарға  Ресей  патшалығына  қызмет  етті  деп,  теріс 
баға  беріліп  келді.  Осы  уақытқа  дейін  біздің  солтҥстік 

 

ӛңірде  тарихтан  ӛзінің  орнын  ала  алмай,  халық  ҥшін 
істеген еңбегі ескерусіз келе жатқан осындай ірі тарихи 
тҧлғаның бірі – Жылғара Байтоқин. 
Жылғара 
Байтоқин 
патшалық 
Ресейдің 
Қазақстанның  солтҥстік  ӛңірін  отарлау  кезінде,  яғни 
қазақтардың  ата  қоныстарынан  айырылып,  тілі  басқа, 
діні  басқа  адамдардың  талауына  тҥскен  «етігімен  су 
кешкен,  ауыздығымен  су  ішкен»  заманда  «ӛгізді  де 
ӛлтірмей, арбаны да сындырмай» ел басқарған адам. 
Ҧлы  тарихшы  Қарамзин  «Әрбір  тарихи  тҧлғаға  ӛзі 
ӛмір  сҥрген  заманына,  сол  уақыттағы  тарихи  жағдайға 
сай баға беру керек»  – деген екен. Сондықтан Жылғара 
Байтоқин туралы жазылған кітабымыздың кіріспесін сол 
уақыттағы тарихи кезеңнен бастайық. 
1819  жылы  Уали  хан  дҥние  салады.  Осы  кезді 
пайдаланып  патша  ҥкіметі  хандық  қҧрылымды  жоюды 
жедел  ойластыра  бастайды.  Хандықты  жою,  билікті 
жою, одан әрі дербестікті, мемлекеттікті жою деген сӛз. 
Мҧндай  пиғыл  Екатерина  патша  айымы  тҧсында 
басталып, Александр І-нің қол қоюымен аяқталды. 
1822  жылы  Михаил  Михаилович  Сперанский  және 
Гавриил  Степанович  Батеньков  Сібірді  басқару 
жӛніндегі  реформаның  жобасын  жасайды,  оған 
Александр  І  қолдап,  қол  қояды.  Алдағы  екі  адам 
орыстың  сауатты,  білімді  интеллегенциясының  ӛкілдері 
болатын, соңғысы декабристер кӛтерілісіне қатысқан. 
Жаңа  реформа  –  Сібірді  басқарудың  жаңа  жҥйесі. 
Осыған орай Сібір екі губернаторлыққа бӛлінеді: Шығыс 
және Батыс болып. Батыс Сібір губернаторлығы Тобыл, 
Томск,  Омбы  облыстарын  қамтиды.  Оның  орталығы 
алғашында  Тобыл  қаласы  (1822-1839  ж.),  ал  кейін 

 

орталық  Омбы  қаласына  ауысады.  Орта  жҥз  қазақтары 
негізінен  Омбы  облысына  қараған.  Сібір  қазақтарының 
Уставы  бойынша  Омбы  облысы  тӛрт  «ішкі  дуанға» 
бӛлінген.  Ол  Омбы,  Петропавл,  Семей  және  Ӛскемен. 
Бҧл  орыс-казактарының  бекіністері  мен  қорғандары 
салынған қалалар, ішкі дуандар деп аталған. Ол қалалар, 
сызығымен  қосыла  тҧра  Ресейге  бағынады.  Ал, 
сызықтың  бойынан  тыс  жатқан  дуандар  –  сыртқы 
дуандар  деп  аталады.  1824  жылдан  бастап  сыртқы 
дуандар  қҧрыла  бастайды.  Солтҥстік  ӛңірде  Петропавл 
ішкі дуанға жатады. Бҧл да орыстардың билігіндегі қала. 
Бҧл  ежелден  Қызылжар  атанды.  Ол  жӛнінде  Сәбит 
Мҧқанов мынадай бір әңгіме, аңыз айтады. Қызылжар – 
қызғылт  биік  жарқабақта  салынған  қала.  Сондықтан 
қаланы  солай  атаған.  Бҧл  ертеден  қазақ  жері.  Осы 
жарқабақта Дәулеткелді дейтін (атығай руынан) байдың 
қыстауы болған. 
Ел  аузында  мынадай  аңыз  бар.  Абылай  хандық 
қҧрып  тҧрғанда  оған  Петр  және  Павел  деген  ағайынды 
екі  орыс  жігіті  келіп,  осы  жарқабақтан  бір  ӛгіздің 
терісіндей  жер  сҧраған.  Абылай  бҧл  сӛзге  аса  мән 
бермей қызық кӛріп, ал деген. Әлгі екі жігіт ӛгіз терісін 
жіп-жіңішке  жіптей  етіп  тіліп,  таспалап  әкелген  екен, 
соны  жазып  жібергенде,  осы  қаланың  орынын  тҥгел 
қоршап  алған.  Абылай  уәдесін  бҧза  алмай,  сҧраған  осы 
жерді  берген.  Сол  жерге  екі  жігіт  қала  салған,  ол 
қаланың аты Петропавл болған екен дейді. 
Сәбеңнің  айтуынша  қызғылт  жарқабаққа  тӛніп 
тҧрған  бір  ҧзынша  ақ  ҥй  –  «Абылайдың  ақ  ҥйі»  дейді. 
Бҧл  ҥйді  орыс  патшасы  Абылай  ханға  сыйға  тартқан 
екен. 

 
10 
Батыс Сібір генерал-губернаторы Петр Михайлович 
Капцевич  (1772-1840)  Орталық  Қазақстанда  округ 
дуандар  ашу  жҧмысы  басталды  деп,  1824  жылы 
қыстауда  отырған  жергілікті  адамдарға  ҥндеу-хат 
жолдапты. Дәл сол жылы Петербургте Сібір комитетінің 
отырысында  Батыс  Сібірге  қарасты  Қарқаралы  мен 
Кӛкшетау жерінде екі сыртқы дуан ашу жӛнінде шешім 
қабылданады.  Бҧған  сол  жергілікті  жердегі  қазақ 
сҧлтандарының  келісімдері  басшылыққа  алынған. 
Дуандарды  қҧру,  ашу  жҧмыстары  Омбы  облысының 
басшыларына тапсырылған. 
Әрине,  хандық  ӛмірден  басқарудың  жаңа  жҥйесіне 
–  орыс  әдісіне  кӛшу  қазақ  еліне  ҥлкен  сілкініс,  ӛзекті 
ӛзгеріс  әкелді.  Келесі  жылы  бірінші  Николай  таққа 
отырады.  Патша  ҥкіметінің  қҧрығы  ҧзын.  Ол  сезікті 
адамдардың қырын кетіруге әбден машықтанған ҥкімет. 
Қырдағыны Кырымнан кӛретін Абылай сияқты адамдар 
бҧдан былай хан тҧқымынан да табыла қоймаған. 
Ресей  ӛзінің  саясатын  –  реформасын  Орталық 
Қазақстаннан  бастады,  яғни  округтерге,  қазақша 
дуандарға  бӛлді.  Дуандардың  ішкі  қҧрылымында 
болыстар,  одан  ауылдар,  әр  ауылда  шаңырақтар  есепке 
кірмек.  Әр дуанда 15-20  болыс,  әр болыста 10-15  ауыл, 
әр ауылда 50-70 шаңырақ (сол кезде кигіз ҥй деп атаған) 
есептеліп,  біріктіріліп  ҧйымдастырылады.  Сол  кезде  әр 
дуанның жеке болыстардың шекарасы белгіленді. Устав 
бойынша  адамдар  бір  дуаннан  екінші  дуанға  жергілікті 
жердің  басшыларының  ҧлықсатымен,  келісімімен  ғана 
ауыса алатын болады. 
Дуанның  басқару  органын  «бҧйрық»  (орысша 
«приказ»)  немесе  «дуан  басшысы»  деп  атаған.  Дуан 

 
11 
басшысы  «Аға  сҧлтан»  деп  аталады,  ол  ҥш  жылға 
сайланады.  Аға  сҧлтанның  тӛрт  заседательдері  (немесе 
орынбасарлары)  болады.  Олардың  екеуі  орыстан 
тағайындалады, екеуі жергілікті халықтан, яғни қазақтан 
сайланады. 
Алғашқы жоспар бойынша орта жҥз қазақтарын 10 
дуанға  (округке)  болу  кӛзделген.  Жасалған  реформа, 
оған  сәйкес  шыққан  заң  актілері,  Сібір  қазақтарының 
Уставы  бәрі  де  патшалық  Ресейдің  билеп-тӛстеу 
саясатына бағытталған. Дегенмен реформаның жобасын 
жасаған  (алда  айтылды) прогресшіл  алдыңғы  қатардағы 
адамдар  болғандықтан,  жергілікті  халықтың  мҥң-
мҥқтажын  (оқу,  емделу,  ӛз-ара  қарым  қатынас,  қҧқық 
т.б.)  ескерілмей  қалған  жоқ.  Әрине,  қабылданған  заң, 
Устав бәрі де былай, сырт қарағанда дҧрыс сияқты. Ал, 
солардың  орындалу  дәрежесі  кӛңілдегідей  емес,  заң 
жергілікті  жерде  бҧрмаланып,  халықтың  наразылығын 
тудырады. 
Реформадан  кейін  орталық  Қазақстан  тек  7  дуанға 
бӛлінген.  Олар:  Аманқарағай,  Қарқаралы,  Баян-Ауыл, 
Ақмола,  Аягӛз,  Ҥшбҧлақ,  Кӛкшетау  дуандары.  Ал,  сол 
ХІХ  ғ.  орта  кезінде  8  дуан  болады.  Яғни  алғашқыға 
Кӛкпекті  дуаны  қосылып,  Аманқарағай  дуанының  аты 
ӛзгеріп,  Қҧсмҧрын  аталады.  Тарихи  деректерге 
қарағанда  осы  аймақтар  79  болысқа  бӛлінген.  Оның 
ішінде  Кӛкшетауда  –  11  болыс,  Аманқарағайда  –  10, 
Баянауылда  –  18,  Ақмолада  –  12,  Аягӛзде  –  10, 
Қарқаралыда – 18 болыс болған. 
Кӛкшетау  дуаны  қҧрылар  кезде  осы  ӛңірде  17 
болыс  болып,  40  мыңдай  адам  тҧрған.  Онда  Атығай, 
Қарауыл,  Керей,  Уақ,  Қанжығалы,  Бағаналы,  Кҥрлеуіт 

 
12 
сияқты  елдердің,  рулардың  басы  қосылыпты.  Кӛкшетау 
дуаны қҧрылғаннан кейін халық, ауыл, болыс-билер сол 
қалпында қалады. Бірақ хан заманында ру басы (родовой 
старшина) деп аталса,енді болыс (волостной управитель) 
деп  айтылатын  болды,  ал  ауыл  старшыны  –  енді 
ауылнайға  ӛзгерді.  Бҧдан  былай  аудармашылар 
(тілмәштар), 
іс-қағазын 
жҥргізушілер 
сияқты 
қызметкерлер  тағайындала  бастайды,  бәрі  де  дуан 
басшыларына қызмет етеді. 
Орталық  Қазақстанда  ең  кӛп  тараған  халық-
арғындар. 
Кӛкшетау 
дуанында 
негізінен 
сол 
арғындардың  бір  тармағы  Атығай,  Қарауыл  рулары 
қоныстанған.  Алайда  Кӛкшетау  дуаны  басқаларынан 
бҧрынырақ ашылғандықтан оған Керей, Уақ руларының 
кейбір болыстары кірген еді. Ал кейін, Қҧсмҧрын дуаны 
ашылғаннан  кейін  бҧл  болыстар  солай  қарай  ауысады. 
Уақыт  ӛткен  сайын  болыстардың  саны  да,  аттары  да 
дҥркін-дҥркін  ӛзгеріп  тҧрған.  Кейбір  жағдайларда 
бірнеше болыстар бірігіп, аттары қосарланып айтылатын 
болған.  Жылғара  Байтоқин  Кӛкшетау  округі  ашылғанға 
дейін  би,  болыс  (волостной),  ауылнай  (старшин) 
қызметтерін  атқарған.  Ол  сол  кездегі  Андағҧл-Ораз-
Бәйімбет  болысын  басқарған.  Архивтегі  деректерге 
сҥйенсек  дуанның  алғашқы  аға  сҧлтаны  болып 
Ғҧбайдолла  Уәлиев  сайланады,  ал  оның  заседательдері 
(аға сҧлтанның орынбасарлары) болып сайланғандардың 
ішінде Марданов, Боранбаев, Байтоқиндер аталған. 
Ресей  патшалығы  реформаны,  Сібір  қазақтарының 
Уставын,  соған  байланысты  шығарылған  заң  актілерін 
белгілі  бір  дәлелдермен,  қоғамдық  ӛзгерістерге 
сәйкестендіріп  кӛрсетуге  тырысқан.  Санақ  жҥргізу, 

 
13 
атаулы тізім жасау, қазақтардың (орыстардың) сызығын, 
бекінісін, қорғанын жасау біріңғай басқару жҥйесін қҧру 
(ауыл  старшынынан  бастап  патшаға  дейінгі  басқару) 
бәрі  де  империялық  пиғылдың  туындысы  деп  тҥсінген 
жӛн.  Қазақ  жерінде  бҧған  қарсылық,  қарама-қайшылық 
тумай қойған жоқ. 
Реформа 
жарияланып, 
патшаның 
жарлығы 
шыққанымен  хандық  қҧрылым  тез  арада  жойыла 
қоймайды.  Уалихан  ӛлгеннен  кейін  де,  хан  сайлауы 
қазақ  жерінде  жҥре  береді.  Уәлидің  соңғы  жҧбайы 
Айғаным  да,  тҧңғыш  баласы  Ғҧбайдолла  да  хан  деп 
есептелініп  жҥрген.  Дегенмен  хандық  дәуір  осыдан 
кейін  ыдырай  бастайды.  Тӛре  тҧқымдары  бар  болғаны 
аға сҧлтан қызметін ғана атқаратындай жағдайға жетеді. 
Айғанымның тарихта алатын орны бар. Хан ордасы 
–  Бурабай  Ғҧбайдолланың  ҧрпақтарына,  Сырымбет 
Айғанымнан  туған  балаларға  мҧра  болып  қалады. 
Айғаным  бірнеше  шығыс  тілдерін  білетін  алдыңғы 
қатарлы  адам  болды.  Ресей  патшалығына  ӛз  ықпалын 
жҥргізе  білді.  Шыңғысты  (баласы),  немересі  Шоқанды 
Омбыда  оқытып,  әскери,  ғылыми  адам  етті.  Орыс 
патшасының  ҧлықсатымен  Сырымбетте  қарағай  ҥйлер 
салдыртты. 
Бертін  келе  Кӛкшетау  мен  Қҧсмҧрын  дуандары 
бірігеді,  оның  аға  сҧлтаны  Шыңғыс,  заседательдері 
Тәштит  Тәбеев  (Керей),  Маңдай  баласы  Әбдіғапар 
(Атығай) сайланады. 
Бҧл кезде аға сҧлтандықтың да қҧны қҧлдырап, тӛре 
тҧқымдарынан  Шыңғыстан  басқа  басшы  қалмаған  еді. 
Барымта  мен  ҧрлық  кӛбейіп,  тәртіптің  бҧзыла  бастаған 
шағы болатын. 

 
14 
Бодандықта  отырған  қазақ  елін  билеу,  жерін 
ҧтымды  пайдалану  ҥшін  Ресей  мҧнда  ҥлкен  ӛзгеріс 
енгізу  пиғылында  болғаны  анық.  Ондағы  ойы  хандық 
басқару  жҥйесін  жойып,  патша  губерниясына  тура 
бағынатын  дуандар  (округтер)  ашу  еді.  Оған  патшалық 
Ресей асығыстық жасамады.Мәселенің мән-жайын, жай-
жапсарын  бақылау  ҥшін  қазақ  ауылдарына  жҧмыс 
топтарын  жіберді.  Оның  қҧрамында  орыс  офицері, 
аудармашы, мҥсілман молласы т.б. болады. Батыс Сібір 
басқармасының  саясатын,  уставын  би-болыстарға, 
беделді  ақсақалдарға,  ауыл  старшындарына  тҥсіндіріп, 
ҥгіт-насихат  жҧмыстарын  жҥргізе  бастайды.  «Қоянның 
қашуы,  мылтықтың  басуы  бірдей»  дегендей  осы  кезде 
Уәли  хан  (хан  Уәлі)  қайтыс  болады,  шын  мағанасында 
ол  қазақтың  соңғы  ханы  болатын.  Дуандар  қҧру, 
хандықты  жою  бағыты,  әсіресе,  хан  тҧқымдары 
арасында 
ҥлкен 
наразылық 
тудырады. 
Соның 
нәтижесінде  дуандарды  ашу  сәті  Уәлихан  ӛлгеннен  соң 
бес жылдан кейін ғана тҥседі. 
Кӛкшетау  сыртқы  дуанын  ашу  және  оны  басқару 
мәселесі жӛнінде Батыс Сібір генерал губернаторы Уәли 
ханның  ҥлкен  баласы  Ғҧбайдолламен  ақылдасуға 
мәжбҥр  болады.  Билік  мҧрагері  тӛре  тҧқымдарында 
қалғандықтан  Ғҧбайдолламен  және  Уәли  ханның  жесірі 
Айғаным  ханыммен  ақылдаспау  ағаттық,  ҥлкен  қателік 
болар  еді.  Бҧл  жӛнінде  патша  ӛкілдері  «әдептілік 
сақтап» бірқатар жҧмыстар жҥргізген сияқты. Кӛкшетау 
дуанын «тәртіппен ашу» ҥшін Петропавл ішкі дуанынан, 
дәлірек айтқанда бекінісінен қҧрамында 300 солдаты бар 
әскери бӛлімше жіберіледі. 

 
15 
Дуан  ашу  ҥшін  сайлау  ӛткізілді.  Онда  аға  сҧлтан 
және  оның  орынбасарлары-заседательдері  сайланбақ. 
Осыған  орай  белгіленген  кҥнде  жер-жерден  ӛлкенің  игі 
жақсылары  (бай-билері)  жиналады  (29.ІІ.1824).  Бҧл 
сайлауда  Кӛкшетау  дуаны  немесе  Кӛкшетау  приказы 
қҧрылады  (Кокшетауский  округ  или  Кокшетауский 
приказ).  Дуанның  аға  сҧлтаны  Ғҧбайдолла  Уәлиханов, 
ал  заседательдері  (орынбасарлары)  болып  Жылғара 
Байтоқин 
(Атығайдан) 
және 
Мҥсет 
Жәнібеков 
(Керейден)  сайланады.  Бҧл  екеуі  де  бҧған  дейін  болыс 
старшындары  қызметін  атқарғандар  болатын.  Сайлау 
рәсіміне жиналғандар негізінен Атығай, Қарауыл, Керей, 
Уақ,  Қыпшақ,  Қанжығалы  руларының  ӛкілдері. 
Сайлаудың  екінші  кезеңінде  әр  болыстың  басшыларын 
(волостной  правительдер)  сайлау  жҧмысы  жалғасады. 
Бҧл  кәдімгі  «болыстар»  (кейін  солай  аталып  кетеді), 
соңында  ауыл  старшындары  тағайындалады.  Сайлау 
науқаны  біткеннен  кейін  орыс  оркестірі  «Туш»  ойнап, 
орыс  әскерлері  аспанға  бірнеше  дҥркін  оқ  атып, 
«Салют»  жасайды.  Жер-жерден  келген  басшылар 
Ресейге  берілгендігі  жӛнінде  «Ант»  беріп,  қағазға  қол 
қояды. 
Патша  ҥкіметі  осы  жерде  дуан  басшыларына, 
қызметкерлеріне,  офицерлерге  ҥй,  солдаттарға  казарма, 
ҧста, диірмен, ат қорасын салу, Шағалалы ӛзені ҥстінен 
кӛпір  орнату  жоспарланған,  ол  ҥшін  ақша  да  бӛлінеді. 
Дуан  басшыларының,  қызметкерлерінің  жалақысы 
белгіленеді. 
Бірақ 
орыс 
чиновниктері 
қазақ 
қызметкерлеріне  қарағанда  жалақыны  артық  алатын 
болған. 

 
16 
Қазақ  даласына  келген  орыстар  еркін  сезініп, 
бойлары ҥйренген соң ӛздерінің қоқан-лоқысын кӛрсете 
бастайды.  Әсіресе,  жер  бӛлу,  егін  салу,  ясақ  (салық) 
жинау  кезінде  ҥстемдік  жҥргізе  бастайды.  Батыс  Сібір 
генерал-губернаторы мән-жайды аса біле бермейді. Оған 
жергілікті  жерден  тҥскен  хат-хабарлар  шындықты 
ақтара  бермейді.  Бірақ  ҧзынқҧлақтан  естілген  пара  алу, 
халықты  алдау,  ӛкім-зорлық  жасау  сияқты  жағымсыз 
қылықтарды  генерал-губернатор  естіп  отырады.  Халық 
арасында  болып  жатқан  қозғалыс,  кӛтеріліс  осынын,, 
салдары  екенін  басшылар  сезіп,  орыс  чиновниктеріне 
тексеріс  жіберіп,  кейбіреулерін  орындарынан  тҥсіре 
бастайды. 
Он  жыл  (1826-1836  жж.)  бойы  Саржан  Қасымов 
Патша  ҥкіметінің  колониялық  саясатына  тікелей  қарсы 
шығып, ҧлт-азаттық  кӛтеріліске  қолбасшылық  жасаған. 
Бірақ 1836 ж. ол жауларының қолынан қаза табады. 
Одан  кейін  ҧлт-азаттық  кӛтерілісі  етек  алып,  бҥкіл 
Қазақстан  жерін  шарпиды.  Оның  қолбасшысы  батыр 
Кенесары  Қасымов  еді.  Кенесары  сҧлтан  хан  болып 
сайланғанымен, 
кіші 
хандықты 
Патша 
ҥкіметі 
мойындамаған.  Кенесары  жердің  тҧтастығы,  қазақ 
халқының  бірлігі,  ішкі  басқарудың  хандық  жҥйесін 
қайта орнату, «дуандық» деген орыстық басқаруды жою 
ҥшін  кҥрескен  халық  батыры.  Бҧл  осыған  дейінгі  қазақ 
тарихындағы  ҧлт-азаттық  кӛтерілістердің  ішіндегі  ең 
кӛлемдісі  болатын.  Кӛтеріліс  Солтҥстіктен,  Кӛкшетау 
жерінен  басталып,  дҥркін-дҥркін  бҥкіл  қазақ  жерін 
қамтиды.  Кенесары  басқарған  кӛтеріліс  те  он-ақ  жыл 
ӛмір сҥрді (1837-1847 ж.), ҥйткені Кенесары 1847 жылы 
қазаға 
ҧшырайды, 
сӛйтіп 
кӛтеріліс 
жеңіліспен 

 
17 
аяқталады.  Дегенмен,  келешекте  кӛтеріліс  даңқы  тегін 
кеткен жоқ, оның ҥлкен тарихи маңызы болды. 
Енді  дуан  басшыларының  орналасқан  кеңсесі 
жайында  сӛз  етелік.  Дуан  орналасқан  кеңсенің 
маңдайшасына  «Кокшетауский  окружной  диван»  деп 
жазылады.  Бҧл  ҥй  уақытша  орын,  яғни  Дом  дивана 
(Дуан  ҥйі)  аталды.  «Диван»  деген  сӛз  басқару  органы 
отыратын 
ҥйді 
айтады. 
Дуан 
ҥйін, 
кейбір 
ыңғайсыздықтан,  келешекте  басқа  жаққа  кӛшіру 
мақсаты  қойылады.  «Егер  дуанның  бас  қосатын  ҥйі 
Бурабайда  болса,  онда  алдымен  табиғатқа  зиян 
келтіреміз,  одан  соң  Абылайдың  елді  шет  жаулардан 
қорғаған  қасиетті  ордасында  отыруымыз  аруақты 
сыйламағандығымыз  болады»  деп  ақыл-кеңес  айтады 
дуан  мҥшелері.  Сондағы  таңдалған  жер-  Қопа  кӛлінің 
жиегі,  Бҧқпа  тауының  етегі,  бҧрынғы  «Теріс  қыстау» 
деген  алаңы  болды.  Бҧл  бҥгінгі  Кӛкшетау  қаласы 
орнаған жер. Кезінде бҧл жер Атығай Бағыс болысының 
қыстауы  болған  екен.  Кӛп  шу  шығармас  ҥшін  орыстар 
алғашында  бҧл  жерге  қоныс  салмаған  екен.  Бірақ  ел 
жайлауға  кӛшкенде  орыстар  осы  қыстаудағы  ҥйлерді 
ӛртеп  жібереді.  Осыдан  барып  орыстар  мен  қазақтар 
арасында  қырғи-қабақ  туындап,  аяғы  ірі  кӛтеріліске 
ҧласады. 
Ия,  Кӛкшетау  қаласының  қҧрыла  бастауы  осы 
дуанның  ашылуымен  сәйкестендірсек  (1824  ж.),  ал 
Петропавл  одан  елу  жыл  бҧрын  іргесі  қаланған  қала 
болатын.  Оның  алғашқы  аты  Қызылжар.  Есіл  ӛзенінің 
жарқабағында  орналасқандықтан  солай  атаған  екен.  Біз 
бала  кезімізде  есте  қалғаны  қалада  тақтайдан  салынған 
жаяулар жолы, ал Ленин атындағы кӛшеде тас тӛселген 

 
18 
жол  болатын.  Қаладағы  ең  биік  ҥй  –  қызыл  кірпіштен 
салынған  биік  мҧнара,  ішіне  ешкімді  кіргізбейді,  темір 
тормен  қоршалған.  Бҧл  кәдімгі  –  водокачка,  қалаға  су 
беретін мҧнара екен, әлі тҧр. Бір кезде мҧндағы бақша – 
сад ең кӛрнекті орын атанды, әлі солай. 
Хан  ордасымен  кӛрші,  аралас-қҧралас  болған 
Атығай,  Қарауыл  руларының  шоғырланған  жері 
Сырымбет,  Айыртау,  Жалғызтау  етегі,  «Кіші»  және 
«Ҥлкен»  Торанғҧл  кӛлдерінің  жиегі  мен  аралары,  Теріс 
аққан,  Борлық,  Есіл  ӛзенінің  екі  қанатын  бірдей  алып 
жатқан  алқап  болатын.  Бҧл  алқап  Шал  ақынның, 
Ақанның, 
Біржанның, 
Ыбырайдың, 
Тоғжанның, 
Қожамбеттің,  Молдахметтің,  оларды  жалғастырып  келе 
жатқан  Кәкімбектің  ӛлеңдеріне  арқау  болған  сҧлу  ӛлке. 
Мысалға кигіз ҥйге ҧқсаған, жалғыз оқшау тҧрған тау – 
Жалғыз  жамантауды  алайық.  Жаман  жалғызтау  маңы 
ертеде  адамға  жайлы,  мӛлдір  бҧлақты  етегі  мен 
жағалауында  ит  тҧмсығы  ӛтпейтін  ну  орман  болыпты. 
Алыстан  кӛрінгенде  кӛгілдірленіп  кӛз  тартады, 
мҧнарланып  қҧлпырады.  Оның  «Жаман»  атануы 
етегіндегі кӛлдің суы ащы-тҧзды болғандықтан, мал ғана 
сусындай алады. «Жаман» аты таудың бҥгінгі халіне дәл 
сәйкес  келіп  тҧр.  Бҧрынғы  қасиетті  хан  ордасы  бҥгін 
сотталғандар ордасына  айналды.  Онда  сотталғандардың 
колониясы-лагері орналасқан. Жаман тауда ауыр жазаға 
кесілгендер  отыр.  Бҧл  кҥнде  жалғыз  таудың  қыртысы 
қырылып,  жоны  қырқылып,  топырағы  тозған.  Баяғы 
қалың  орман  қҧрыды,  қара  топырақ  сарғайды,  мӛлдір 
бҧлақтардың кӛзіне қҧм қҧйылып, жер тҥбінде жоғалды. 
Атығай  руының  ҧрпағы  батыр  Қалқаштан  екі  ата 
тарайды:  Қҧдайберді  мен  Бәйімбет.  Бҧл  екі  атамыздың 

 
19 
ата  қонысы  Есілдің  ӛнбойындағы  қос  қанаты,  яғни 
бҥгінгі  мӛлшермен  есептегенде  Шал  ақын,  Есіл, 
Аққайың  аудандарының  тҥгел  аумағы,  ал  шет  жағынан 
Мҥсірепов,  Мағжан,  Айыртау,  Жамбыл,  Тимирязев 
аудандарының шеткі шекарасы кірген. 
Қҧдайберді  руынан  шыққан  атақты  Жылғара-
Шопан  тҧқымы,  қҧнарлы  алқалары  бар,  шҧрайлы 
шабындықтары  бар,  малға  да,  жанға  да  жайлы,  салқын 
самалды, қалың тоғайлы ықтасын болған Есілдің жиегін 
жайлаған ел еді. Балалары кӛп болса да бәрі бірдей ығай 
мен  сығай  емес.  Дегенмен  Жылғараның  ҧлдары  жеке-
жеке шаңырақ кӛтеріп, бір-бір ауыл атанып, осы жҧмақ-
жайлауда  ӛмір  сҥреді.  «Қой  ҥстіне  бозторғай 
жҧмыртқалаған  заман  болған-ғой»  деген  ойдан 
аулақпыз.  Ағайын  арасында да  араздық  болады,  таптық 
тартыс та, рушылдық та, Абай айтқандай алаауыздық та 
аз болмаған. У ішсең руыңмен дегендей қырғиқабақтық 
қазақта  болып  тҧрса  да  таптық  мақсатын,  екі  талайда, 
қорғауын  еш  ҧмытпайды.  Қырық  пышақ  ағайын  қиын-
қыстау кезеңде еті елжіреп кӛмекке келеді. 
Патша  жендеттерімен  ҥзеңгілес,  терезесі  тең, 
айтқанын  ӛткізе  алатын,  кӛзі  ашық  асқар  бел  азаматтар 
сол кезде де болған. Солардың бірі – Жылғара, одан соң 
оның  балалары  болды.  Қара  қазақтан  шыққан  жуан-
шонжарлардың  ішінде  дуан  басшысы  –  аға  сҧлтан 
болған,  шин-шекпен  киіген,  «дворян»  атағын  алып,  екі 
рет  алтын  медальмен  марапатталған,  подполковник 
дәрежесіне дейін кӛтерілген адам Жылғара Байтоқин еді. 
Он  тоғызыншы  ғасырдың  бірінші  жартысында  біздің 
ӛңірде бҧған теңесер адам болды деп айту қиын. Әрине, 
хан  тҧқымдарының  (оны  тӛре  тҧқымдары  дейді)  тӛбесі 

 
20 
биік,  дәрежесі  жоғары  болғандығын  жасыра  алмаймыз. 
Олар жӛнінде әңгіме бӛлек. 
Бірақ  Жылғара  Уәли  (Уәлі)  ханмен,  одан  кейін 
Шыңғыспен  аралары  суысып  ӛтеді.  Бір-бірімен 
кездесулері  де  шамалы,  тек  Уәлихан  ауырып  жатқанда 
кӛңілін  сҧрап  кіріп  шықты  деген  сӛз  бар.  Жылғара  мен 
Уәлихан  тҧстас  адамдар.  Айғаным  (Уәлидің  әйелі) 
Жылғарамен  қоныстас  отырған,  малы  да,  жаны  да 
араласып,  жері  іргелес  болған  еді.  Жер  дауының  жиі 
шығып тҧруы да сондықтан болар. 
Елде  «Жылғара  –  Шопан»  деп  ағайынды  екеуін 
қосарландыра  атаған,  солай  аттары  жайылған.  Ҥйткені 
олар  ағайынды  (ағалы-інілі)  адамдар.  Шопан  ӛте 
ауқатты, мыңғырған бай адам. Маңдайға біткен байлығы 
–  малы.  Бірақ  малдарын  да,  терісін  де,  қой  жҥнін  де 
Ресейге  ӛткізбеген  (сатпаған).  Тері-терсекті,  жҥн-
жҧрқаны кедей адамдарға тегін берген дейді. 
Жылғараның балаларының ішіндегі ең ӛжеті Әлібек 
болған.  Ел  аузында  оны  «Әлібек  батыр»  деп  атайды. 
Талай  жаугершілікке  қатысқан,  барымтаға  да  барған, 
Ҧлытау, 
Есіл, 
Ертіс 
бойын 
шарлаған 
ҧры-
қарақшылардан  елді  қорғаған.  Шыңғыс  Әлібекті  
Петерборға  Петропавл  қамалына  аудартады.  Тҧрлыбек 
(Әлібектің  ағасы)  ізденіп,  Омбыға  барып  патшаның 
атына  хат  жазады.  Ол  хат  сенатта  қаралады. 
Нәтижесінде  Әлібек  айдаудан  босап,  елге  оралады.  Ол 
да тӛре тҧқымдарына іштей наразы болады. 
Шыңғыс Уәлиханов жӛнінде мағлҧмат бере кетейік. 
Шыңғыс  Уәлиханның  баласы  Сырымбетте  туған. 
Шоқанның әкесі, 1811-1902 жылдары ӛмір сҥрген, оның 
анасы  әйгілі  Айғаным  еді.  Шыңғыс  Уәлиханов  Омбы, 

 
21 
Сібір  бекінісіндегі  орыс-қазақ  әскери  училищесін 
бітіріп,  майор  дәрежесін  алады  (1827-1834  ж.). 
Аманқарағай  дуанының  (1834-1852  ж.)  аға  сҧлтаны, 
Кӛкшетау  дуанының  (1860-1865  ж.)  аға  сҧлтаны,  Батыс 
Сібір  шекара  басқармасында  (1854-1859  ж.)  кеңесші 
болып қызмет атқарған. Әскери дәрежесі подполковник, 
кейін полковник болады, Александр лентасына тағылған 
алтын  медальмен  марапатталады.  Шыңғыс  Уәлиханов 
Жылғараның  Мҧсасымен  де  орынға  сайлауларда  талай 
таласқан адам. 
Атақты  жазушы  жерлесіміз  Сәбит  Мҧқанов  ӛзінің 
«Ӛмір  мектебі»,  «Аққан  жҧлдыз»  т.б.  шығармаларында 
Атығай руындағы атышулы Жылғара Байтоқаҧлын және 
оның  тҧқымдарын,  ҧрпақтарын  бірнеше  жерде  ерекше 
атап  ӛтеді,  оның  себептері  де  жоқ  емес.  Бірақ 
Жылғараны  «Зілқара»  деп  жазған  екен.  «Аққан 
жҧлдызында» Сәбең: 
«…Кӛкшетау  дуанындағы  ең  ірі  феодалдың  біреуі, 
Атығайдың  Андағҧл  руынан  шыққан  Қаратоқаның 
Зілғарасы  еді.  Оның  інісі  –  Байтоқаның  Шопаны,  сол 
маңайдың:  он  мың  қой,  бес  мың  жылқы,  бес  жҥз  тҥйе 
айдаған  ең  ірі  бай  екен.  Шопан  момын,  Зілғара  тентек 
болған.  Есіл  ӛзенінің  қазіргі  Солтҥстік  Қазақстанға 
қарайтын бойында, шамасы – жҥз километрдей жер, сол 
бір  шақта,  Зілғара  мен  Шопанның  меншігі  екен. 
Олардың әрқайсысы ҥш-тӛрттен әйел алған, қыздары да, 
ҧлдары да кӛп болған…» – дейді. 
Бҧл  жерде  Сәбеңнің  сӛзін  ӛзгертпей  сол  қалпында 
беріп  отырмыз.  Ол  кісімен  келіспеуге  де  болмайды. 
Дегенмен  Жылғараның  әкесін  ауыстырып  жазған,  онда 
тҧрған  ештеңе  жоқ,  Шопан,  Жылғара  екеуі  де 

 
22 
ағайындылар  емес  пе.  Әдеби  шығармаларда  мҧндай 
мәселеге мән берілмейтіндігі белгілі. Сәбит Мҧқановтың 
бҧл тҧқымға туыстық жағы да бар екен. Ол жӛнінде ӛзі 
айтып  кеткен.  Мҧқан  (Сәбиттің  әкесі)  Шопан  ауылына 
жиен  болады.  Бала  кезінде  ол  нағашыларында  болып, 
есейген  кезінде  еліне  кӛшіп  кеткен.  Ӛз  еңбектерінде 
Жылғара,  Шопан  жайында  жиі  қайталайтындығы  осы 
себептен болар. 
Сәбеңнің 
айтуынша 
Жылғара 
тҧқымы 
аға 
сҧлтандықты  Абылай  тҧқымынан  тартып  алған. 
Қҧсмҧрын  дуаны  жабылғаннан  ол  Кӛкшетау  дуанына 
қосылады деген сӛз ел арасына тарап кетеді. Бірақ дуан 
басы  кім  болары  белгісіз.  Жҧрт  Жылғараның  Әлібегін 
айтып  жҥргенде  оны  патша  ҥкіметі  Петерборға 
Петропавл  қамалына  айдап  жіберген.  Тура  айтқан 
туғанына  жақпайды  дегендей,  батыл,  тура  мінезінен 
тапқан болар.  Әлібек  деген  елге  тынышсыз,  қиянатшыл 
адам  деп  елге  лақап  тараған.  Аға  сҧлтандыққа  Мҧса 
лайық деген ҧзын қҧлақ сӛздер гу-гу гуілдейді. Сәбеңнің 
айтып  отырғаны  шындыққа  жанасады.  Ақыры  аға 
сҧлтандықты  қолына  алған  Мҧса  болып  шығады,  ол 
сайланады. 
Жылғара  әуел  бастан  болыстықты,  аға  сҧлтандықты 
ешкімге  бермей  келген  (қартайғанша)  шынжыр  балақ, 
шҧбар  тӛс  еді.  Ажары  тозып,  кәріліктің  мықтап  кірген 
кезі  болса  да  қайраты  әлі  қайтпаған  қасқыр  адам 
болыпты.  Кезінде  Сәбең  сияқты  жазушылар  ақты 
кӛмескілеп,  қараны  бҧлдырлатып  кӛрсеткені  белгілі. 
Заманның  қатаң  заңы  солай  талап  етті.  Бірақ  Сәбең 
атышулы  Жылғараны  айналып  ӛте  алмады.  Хан 
ордасының  аға  сҧлтаны  Жылғара  «Қартайдым,  жҥріс-

 
23 
тҧрысты  кӛтере  алмаймын»  деп  аға  сҧлтандығын 
баласы – Мҧсаға бергендігін де сӛз етеді. Сәбеңнің бҧл 
арасы  шындықпен  ҥйлеспейді.  Мҧса  аға  сҧлтан  болған 
1865  жылы  Жылғара  ӛмірде  жоқ  болса,  екіншіден  аға 
сҧлтандық сайланбалы қызмет,сондықтан мҧралық қыла 
алмайды. 
Жылғараның 
Есенеймен,  т.б.  атақты 
адамдармен,  әсіресе  тӛре  тҧқымдарымен  байланысын, 
ара қатынасын ерекше атап кеткен. 
Жылғара  Байтоқин  ел  арасында  кеңінен  тарап,  аты 
аңызға  айналған  адам.  Ел  аузындағы  аңыз-әңгімелерге 
сҥйенсек  Жылғара  батыр  да,  әнші  де,  ақын  да  тіпті 
айтыскер  ақын  да,  шешен  де  болған.  Сӛз  жоқ 
Жылғараның ӛз заманында беделді, білгір, бай, іскер, ірі 
қайраткер  болғаны  рас.  Бірақ  оның  ақындығы, 
айтыскерлігі  жӛнінде  дерек  жоқ.  Әйтеуір,  жақсы  екен 
деп  барлық  жақсылықты  жапсыра  беру  қажет  емес 
шығар. 
Архив  деректеріне  сҥйене  отырып,  жанҧясындағы 
әйелінің,  балаларының,  Ресей  ҥкіметінің  ресми 
қағаздарында  қалған  деректеріне  сҥйене  отырып, 
Жылғараның  шын  ӛмірбаянын  анықтадық.  Байтоқин 
Жылғара Есіл бойында, Атығай елінде 1767 жылы туып, 
1849  жылы  қайтыс  болған,  83  жасқа  қараған  шағында. 
Оның  алғашқы  әйелі  Қаракӛз,  соңғысы  Мәтиман. 
Екеуінің  арасында  –  Бишай  деген  әйелі  болған,  бірақ 
тарихи деректерде алғашқысы мен соңғысы ғана бар. 
Шопан  және  оның  ағалары  байлық  қуып,  малмен, 
саудамен айналысқан. Ал, Жылғара билік қҧрып, болыс 
болған. 
Жылғараның  алдыменен  ата  тегін  атап  ӛткен  жӛн 
болар.  Орта  жҥз  Арғынның  ҥлкен  бір  тармағы  Атығай. 

 
24 
Атығайдан  12  ата  Дәуіт  тарайды,  кейде  оны  «12  ата 
Атығай»  деп  те  айтады.  Дәуіттің  бір  баласы  Қалқаш 
батыр.  Қалқаштан  Қҧдайберді,  Бәйімбет  деген  екі бала 
туады.  Соның  Қҧдайбердісінен  алты  бала  тарайды: 
Қҧлымбет, Жемет, Есенгелді, Ақмәліш, Андай, Ырсай. 
Қҧлымбеттен  Кӛшқҧлы,  Ораз;  Ақмәліштен  Тҥрке, 
Бозыке;  Андайдан  Маймақ,  Тілеп;  Жеметтен  Андағҧл, 
Жҧмық  туады.  Осының  ішіндегі  Андағҧлдан  тӛрт  бала 
тарайды:  Шіңгір,  Сасық,  Ӛтеміс,  Қҧлтай.  Ӛтемістен 
Табынбай,  одан  Қҧрымсы  би  туады.  Сасықтан  Байкісі, 
Жанкісі,  Есіркеп,  Жолдыбай  туады.  Жолдыбайдан 
Қаратоқа, Байтоқа, Ҥсен, Мырзагелді, Есет, Баубек деген 
алты бала туады. 
Қаратоқадан  Иса,  Жақия,  Зікірия  деген  ҥш  бала 
туады,  алғашында  Шопанды  (Байтоқаның  баласын) 
бауырына  салып  асырап  алған.  Байтоқадан  Жылғара, 
Шопан,  Дәуғара  туады.  Ал,  Жылғараның  ӛз  кіндігінен 
туған  он  баласы  болады.  Мҧса,  Әлібек,  Тҧрлыбек, 
Есенбек, Тӛре, Жетпіс, Аю, Қисық, Мҧжан, Шҥкей. 
Жылғараның  балаларының  саны  жӛнінде  әр  тҥрлі 
пікірлер бар: бірі – 13 бала, екіншісі – 16 бала деп санын 
кӛбейтіп  айтады.  Ал  деректі  қҧжаттарға  сҥйенсек 
(патшаның 
марапаттау 
қағаздарында, 
мінездеме-
формалы  тізімдерінде  т.б.)  10  баласы  бар  деп 
кӛрсетілген.  Бҧл  тҧжырымды  Дҥйсенбі  Әуелбеков  те 
растайды. Аталған балаларының аттары да кей жерлерде 
ӛзгеріп кеткен. 
Қҧрымсы  би  мен  Жылғара  жоғарыда  жазылғандай 
ҥшінші атадан қосылады. 
Жылғараның  есімі  жӛнінде  бір  ауыз  сӛз  айта 
кетейін. Ел аузында «Зілқара» есімі қалыптасып кеткен. 

 
25 
Бірақ азан шақырып қойған тиесі аты «Жылғара» болуы 
керек.  Оған  дәлел  де  жоқ  емес.  Бҧл  жӛнінде 
облысымыздың  белгілі  журналисі,  кӛрнекті  азаматы, 
аталып  отырған  тҧқымның  тумасы  марқҧм  Дҥйсенбі 
Әуелбеков  Жылғара  екендігін  жазып  кеткен  еді.  Одан 
соң ардагер ҧстаздар, әдеби тарихи зерттеушілер Социал 
Жҧмабаев пен Қайролла Мҧқановтар да архив негізінде 
есімі  Жылғара  болғанын  баспа  бетінде  жариялаған  еді. 
Шынында кӛптеген архив деректерінде «Джылғара» деп 
жазылған. Орыс орфографиясының заңдылығы бойынша 
«Д»  әрпі  тек  «Ж»  әрпінің  алдына  қойылатындығы 
белгілі.  Орыс  патшалығы 
кезінде 
толтырылған 
қҧжаттарда  (грамоталар,  мӛр,  атаулы  тізімдер  т.б.) 
Байтоқинның есімі Джылгара деп кӛрсетілген. 
Жылғараның  атағы  мен  беделі  кезінде  елден  асты. 
Ең  бастысы  байлығы.  Отарлаған  қойы,  ҥйір-ҥйір 
жылқысы, аша тҧяқ қара малы нақтылы байлық емес пе? 
Ол  Меккеге  де  апарады,  әкімдікке-билікке  де  жеткізеді. 
«Болыс  болдым,  мінекей…»  деп  Абай  айтқандай 
кӛпшілік  жағдайда  қол  ҧзындық  қаражатқа  байланысты 
болғаны шындық. Абайдың бҧл сӛзі бҥгін де ӛз маңызын 
жоя қойған жоқ сияқты. Бҥкіл Атығай мен Қарауыл елі 
кезінде 
Жылғараның 
ашса 
алақанында, 
жҧмса 
жҧдырығында болғаны анық. 
Дуанның заседателі болып жҥрген кезінде Жылғара 
кӛзге  тҥсіп,  кӛп  жҧмыс  атқарады.  Сол  кездері  аға 
сҧлтандыққа Ғҧбайдолла сайланса да, оның ӛз қызметін 
атқаруы  мардымсыз  болады.  Жылғараның  мҥмкін 
кӛктен  іздегені  жерден  табылып,  осы  аға  сҧлтандық 
кҥтіп  тҧрған  шығар.  Нәтижесінде  солай  болды, 
сайлаусыз Кӛкшетау дуанының бірнеше рет аға сҧлтаны 

 
26 
болды,  сол  қызметті  ҧзақ  жылдар  атқарады  да. 
Жылғараның  атқарған  қызметі  Кӛкшетау  дуанына  және 
оның  басшыларына  байланысты  болғандықтан,  әсіресе 
хан  тҧқымы  Ғҧбайдолла  Уәлихановпен  алма-кезек 
ӛткендіктен бҧл жәйтқа арнайы тоқтала кетейік. 
Ғҧбайдолла  Уәлиханның  ҥлкен  ҧлы,  Бҧрабайдың 
атақты  Қызылағаш  ӛңірінде  туған.  Бҧл  жерді  атақты 
дейтініміз  атасы  хан  Абылайдың  ордасы  болған 
орын.Әкесі  Уәли  ӛлгенде  ер  жеткен  жігіт  шағы  екені 
белгілі.  Шоқан  Уалиханов  пен  Г.Н.Потаниннің  жазған 
еңбектерінде 
Ғҧбайдолла 
Уәлиханның 
алғашқы 
әйелінен,  ал  Шыңғыс  соңғы  әйелі  Айғанымнан    туған 
деп кӛрсетілген. 
Ресей  хандық  қҧрылымының  қазақ  жерінде 
жойылатының  хабарласа  да  Ғҧбайдолла  хандықты 
сақтау  жолын  ойластырады.  Абылай  атасының 
саясатына  сҥйеніп,  Ғҧбайдолла  Қытай  империясымен 
байланысын  ҥзбейді,  Қазақстандағы  басқару  жҥйесін 
бҧрынғысынша  сақтауға  тырысады.  Уәли  әкесінің 
хандық  тағын  сақтай  береді.  Бірақ  Александр-І  орыс 
патшасының  (22.ҤІІ.  1824  ж.)  жарлығы  –  «Сібір 
қырғыздарын  басқару  уставы»  ҥлкен  тӛңкеріске, 
ӛзгеріске 
әкеледі. 
Батыс 
Сібір 
губернаторы 
Ғҧбайдолламен  кеңес  жҥргізіп,  аға  сҧлтандықты 
ҧсынады.  Ғҧбайдолла  бҧған  келісім  бергенімен,  іштей 
наразы  болған,  Қытаймен  байланысын  ішінара  жҥргізе 
берген.  Патша  ҥкіметі  оның  ниетін  сезіп,  артынан 
аңдытып,  дуан  қызметінен  алшақтатады.  Осыған  ыза 
болған  Ғҧбайдолла  Есіл  жиегіндегі  жайлауға  барып 
жатып 
алады. 
Дегенмен 
Қытай 
империясымен 
байланысын  ҥзбей,  қайта  оны  жандандыра  тҥседі. 

 
27 
Ақыры  Баянауыл  жерінде  қытайлықтармен  кездесу 
кезінде  Ғҧбайдолланы  орыс  солдаттары  қоршап  алып, 
Омбы қаласына айдап әкеледі. Осы кезден бастап Қасым 
Абылайханов пен Саржан-батыр бастаған кӛтеріліс етек 
ала 
бастайды. 
Қасым 
генерал-губернатордан 
Ғҧбайдолланы  тез  арада  босатуын  талап  етеді. 
Ғҧбайдолла  босап  шығады,  бірақ  айтқанынан  қайтпай, 
аға сҧлтандыққа мойынсҧнбайды. 
1826 жылы жазда Кӛкшетау дуанының аға сҧлтаны 
болып  Абылай  Ғаббасов  (Ғҧбайдолланың  жиені) 
сайланады, 1832 ж. ӛледі. 
1832-1838 жылдар аралығында Кӛкшетау дуанының 
аға  сҧлтаны  болып  Ғҧбайдолла  қайта  сайланады. 
Полковник  дәрежесіне  дейін  кӛтеріледі.  Ғҧбайдалла 
Уәлиханов шамамен 1777 ж. туып 1851 жылдары қайтыс 
болған.  Ол  алтын  медальмен  және  «Аға  сҧлтан 
Ғ.Уәлиханов» 
деп 
жазылған 
алтын 
қылышпен 
марапатталған. 
Ӛмірінің 
соңғы 
жылдарында 
отырықшылыққа  кӛшіп,  Қопа  кӛлінің  маңына  және 
Бурабайдағы Қызылағашта ӛзіне арнап ҥйлер салғызады. 
Бірақ, 
Ғҧбайдолла 
Кенесары 
Қасымовтың 
кӛтерілісін 
қоштады 
деп 
айыпталып, 
Сібірге 
«Итжеккенге»  жер  аударылады,  содан  тек  1847  жылы 
ғана оралған (8 жыл жҥріп), 1851 ж. ол қайтыс болады. 
Енді  Жылғараның  елге  жасаған  жақсылығын, 
жанашырлығын айта кетейік. 1811 жылы Андағҧл – Ораз 
–  Бәйімбет  болысы  атынан  Жылғара  Байтоқин  генерал 
Глазенапқа  хат  жазып,  сауатты  молла  сҧратқан  екен. 
Глазенап  Орынбордың  әскери  генерал-губернаторы 
князь  Волконскийге  хабар  беріп,  болыс  елдің  ӛтінішін 
жеткізеді.  Нәтижесінде  Орынбор  губерниясы  Челябі 

 
28 
округіндегі  Мещеряков  діни  басқармасына  қарасты 
Азаматов  басқарып  отырған  мҧсылмандар  орталығынан 
білімді, оқыған Яман Явгозин деген молланы белгілейді. 
(Алматы  мемл.архив,  374  қор,  1  тіркеу,  1085  іс.  Бҧдан 
былай: А.М.А. қор, тіркеу, іс деп қысқаша жазылады). 
Явгозин  ӛзінің  жанҧясымен  осы  Атығай  жеріне 
кӛшіп келген. Ол алда аталған болыс тӛңірегінде ислам 
дінін  уағыздап,  тҥрлі  оқу  орындарында  діни  сабақ 
береді,  балалардың  да,  ҥлкендердің  де  сауатын  ашады. 
Қҧдайға  қҧлшылық  ету,  бес  мезгіл  намаз  оқу,  қҧран 
шарттарын ҥйрену т.б. уағыздау ісімен айналысады. Кӛп 
жыл  халыққа  еңбек  етіп,  қҧдай  жолын  ҥйретіп,  жасы 
келіп  қартайған  соң  қайта  еліне  –  Челябіге  1835  жылы 
кӛшеді.  Бірақ  ӛзінің  орынына  баласы  Желладин  Яман-
Қҧлын тастап, орналастырып кетеді. 
Осы  жағдайды  айтып  Жылғара  Байтоқин  шекара 
басқармасына (22.ІҤ. 1842 ж.) хабарлама жасайды, одан 
кейін  мәселенің  ізін  суытпай  (12.Ҥ.1842  ж.)  Орынбор 
азаматтық  губернаторына  ӛтініш-хат  жолдайды.  Ол 
хатта  Кӛкшетау  дуанына  қарасты  Андағҧл-Ораз-
Бәйімбет  болысында  Яман  Явгозин  молла  болды,  кӛп 
еңбек  сіңірді,  елдің  сауатын  ашты,  діни  уағыздар 
таратты,  бірақ  жасы  келіп,  қартайып  еліне  кӛшіп  кетті 
делінген.  Оның  орнында  қалған  баласы  Желладин, 
қызметін  ойдағыдай  атқарып  жатыр.  Осы  Желладинді 
бізде  қалдырып,  бекітулеріңізді  сҧраймын  деп  ӛтініш 
білдіреді. 
Орынбор губерния басқармасына қарасты ішкі істер 
министрлігі  осы  аталған  сҧрауға  жауап  қайтарады 
(31.ҤІІ.  1842  ж.).  Жауапты  Батыс  Сібір  шекара 
басқармасының  бастығы  полковник  Вишневскийге 

 
29 
жібереді.  Хаттың  мазмҧны:  Орынбор  мҧсылмандары 
діни  жиналысының  шешімі  бойынша  Желладин  Яман-
Қҧлы  аталған  болыста  дін  уағызын  жҥргізе  алады  деп 
айта  алмаймыз.  Себебі  Желладиннің  моллалық  оқу-
мамандығы,  арнаулы  білімі  бар  деген  мағлҧмат  бізде 
жоқ және ол мамандар тізімінде де жоқ. 
Сонымен Патшалық Ресей кезінде де дінге аса мән 
берілген  екен.  Ал,  елдің  қамын  ойлап  жҥрген 
Жылғараны  да  бҧл  жерде  ерекше  атап  ӛткеніміз  жӛн 
болар. 
Енді  Жылғараның  аға  сҧлтандыққа  қалай  ӛткендігі 
жайында  толығырақ  тоқталайық.  Батыс  Сібір  генерал 
губернаторына бірнеше хаттар тҥседі. Әңгіме Кӛкшетау 
дуанының  аға  сҧлтаны  жӛнінде  болып  отыр,  яғни  осы 
дуанның  заседателі  Жылғара  Байтоқинды,  облыстық 
Кеңестің  дуан  басшылары  жӛніндегі  ережесіне  сәйкес, 
аға  сҧлтан  қызметіне  жоғарлату  және  штат  тізіміне 
енгізу еді. Генерал губернатор жауапты кешіктіргенімен 
қойылған  мәселені  оңынан  шешкен.  Бҧл  сҧрақты 
заңдастырған  жӛн,  Ғҧбайдолла  ӛз  қызметіне  қайта 
оралғанға  дейін,  егер  ол  оралса,  Жылғара  Байтокинді 
ереже-заң  бойынша  тағайындауға  болады.  Дегенмен 
облыстық  Кеңестің  шешімі  қажет  болар  деп  генерал 
ӛзінің  ақыл-кеңесін  айтады.  Осы  әңгімелерден  кейін 
Кӛкшетау  дуаны  Жылғараға  толық  мінездеме  жазып, 
Омбы  облысының  бастығы  полковник  Броневский 
мырзаға  жеткізеді.  Мінездеме,  әрине,  Жылғараның 
жақсы жағынан жазылып, сіңірген еңбегі, қабілеті толық 
баяндалады.  Ол  заседатель  бола  жҥре  аға  сҧлтанның 
қызметін қоса атқарған, осы жағдай оның қабілеттілігін 
толықтыра сыпаттайды. 

 
30 
Батыс Сібір генерал губернаторы берген ҧсыныстар 
мен  Кӛкшетау  дуанының  жазған  мінездемесін  ескере 
келе  Омбы  облыстық  Кенесі  1825  жылдың  29  мамыры 
кҥні  осы  мәселе  жӛнінде  ӛзінің  отырысын  ӛткізген. 
Отырысқа  11  адам  қатынасады.  Кеңесте  Кӛкшетау 
дуанының  заседателі  Г.Мутинцев  мырза  хабарлама 
жасайды.  Ол  белгілі,  «тәжірибелі  кеңесші»  деп 
есептелген  (архивте-орысша  «Титулярный  советник» 
деп  жазылған).  Мутинцев  Кӛкшетау  дуанының  жайына 
қысқаша  тоқтала  келе,  оның  басшысы  Ғҧбайдолла 
Уәлиев  ӛз  қызметін  дҧрыс  атқармағанын,  бҧл  қызметті 
Ж.Байтоқин  орындап  отырғанын  бастан-аяқ  баяндап 
береді.  Байтоқинның  жҧмысы  ауыр,  бірақ  еңбек  ақысы 
аз,  жанҧясы  дуаннан  200  шақырым  жерде  тҧрады.  Ӛз 
аттарымен  бҥкіл  болыстарды  аралайды  деп  шын 
жанашырлық  білдірген.  Сонымен,  Омбы  облыстық 
Кеңесі  отырысының  шешімі  бойынша  Ғҧбайдолла 
Уәлиевтің орынына аға сҧлтан болып Жылғара Байтоқин 
тағайындалады.  Бҧл  заңды  тҥрдегі  шешім.  Сайлауға 
дейін  немесе  бастығы  қайта  оралғанға  дейін  оның 
қызметін  орынбасарларының  бірі  атқаруға  міндетті. 
(А.М.А. 338 қор, 1 тіркеу, 603 іс). 
Генерал 
губернатордың 
ҧсынысы, 
облыстық 
Кеңестің шешімі, Кӛкшетау дуанының сҧрауы бойынша 
облыс  басшысы  қарамағындағы  қазыналық  экспедиция 
бӛліміне  (қаржы  бӛліміне)  осы  мәселені  егжей-
тегжейімен 
анықтап, 
Ж.Байтоқиннің 
жалақысын 
іреттеуді тапсырады. 
Ж.Байтоқин аға сҧлтандық қызметті 1824 жылдың 8 
тамызынан  бастаған.  Ендеше  заседательдік  жалақысы 

 
31 
осы кҥннен бастап қысқартылып, аға сҧлтандық жалақы 
тӛленсін делінген нҧсқауда. 
Омбы  облыстық  қазына  экспедициясы  облыс 
басшысына,  Кӛкшетау  дуанына  және  басқа  да  мҥдделі 
орындарға  осы  мән-жайды  жазбаша  хабарлайды.  Штат 
кестесі бойынша аға сҧлтанға жылына 1200 сом (рубль) 
ал  заседательге  200  сом  еңбек  ақы  белгіленген. 
Кӛкшетау дуанының аға сҧлтаны Ғҧбайдолла Уәлиев ҥш 
айға  326  сом  70  тиынның  орынына  613  сом  30  тиын 
еңбек  ақы  алған.  Артық  тӛленген  ақша  қазынаға 
қайтарылады. Аға сҧлтан Ж.Байтоқинге 1824 жылдың 4 
айы  мен  22  кҥніне  қосымша  (бҧрынғы  табысына)  413 
сом  33  тиын  тӛленетін  болды.  Ал,  1825  жылдан  бастап 
ол  таза  аға  сҧлтанның  еңбек  ақысын  алатын  болады 
делінген хабарламада. 
Жылғара  Орта  жҥз  депутаттары  қҧрамында 
Петерборда  әміршінің  қабылдауында  болып,  онда 
поручик  шені  беріледі.  1828  ж.  аға  сҧлтандар  Абылай 
Ғаббасов,  К.Таукин  және  Алшынбай  бимен  қосылып 
Петерборға екінші рет барған. 
Сӛйтіп,  Жылғара  сайлаусыз  аға  сҧлтандыққа 
тағайындалады. Жылғараның елге де, дуанға да екіннші 
рет  аға  сҧлтандыққа  тағайындалып  еңбегі  сіңгендігі 
белгілі. Батыс Сібір басқармасы Омбы облысы, одан әрі 
патша  ҥкіметіне  аты  шығып,  оны  екі  рет  алтын 
медальмен 
марапаттайды, 
әскери 
дәрежесі 
подполковникке  жетеді.  Кезектегі  дәреже  –  «дворян» 
атағын алу. Бҧл басқа ҧлттың ӛкілдері тҥгілі, кез-келген 
орыс зиялыларының қолы жете бермейтін дәреже. 
1842  жылы  Батыс  Сібір  қазақтарының  шекара 
басқармасына хат тҥседі. Онда Кӛкшетау дуанының аға 

 
32 
сҧлтаны  Жылғара  Байтоқин  жӛнінде  формалы  тізім 
жасау,  жіберу  жӛнінде  сӛз  болады.  Формалы  тізім  – 
бізше  анкета  болғанымен  ол  тізімде  адамға  мінездеме 
толығырақ  жазылады.  Әңгіме  бҧл  жерде  Ж.Байтоқинге 
«Ресей  империясының  дворяны»  атағын  беру  жӛнінде 
болып отыр. Сол жылы, 4-5 айдың ішінде формалы тізім 
жасалып,  Сенат  басшысы  және  Батыс  Сібір  генерал 
губернаторына  одан  соң,  Герольдмейстерге  жеткізіледі. 
Ол  тізім  Ресейдің  негізгі  заңына  сҥйене  отырып 
жасалынған. 
Кӛкшетау 
дуанының 
аға 
сҧлтаны 
подполковник  Жылғара  Байтоқинге  «Дворян»  атағын 
беру  ҥшін  жазылған  мінездеме-анкетада  нақты, 
тиянақты  толық  мәліметтер  беріледі.  Ресейде  бҧл  атақ 
«потомственный  дворянин»  деп  жазылады.  Осы 
мәліметтер  бойынша  Жылғараның  ӛмірбаянын  анықтай 
алдық. 
«Дворян  әулеті»  атағын  беру  ҥшін  жазылған 
қҧжаттарда  Жылғараға  «умен,  краток,  в  поведении 
строгий»  деген  мінездеме  берілген.  Дворян  атағын  алу 
ҥшін,  заң  бойынша,  аға  сҧлтан  болып  ҥш  жылдан 
бірнеше рет сайлануы керек. Мәселен Абылай Ғаббасов 
сҧлтан  және  оның  балалары  Кӛкшетау  дуанында  аға 
сҧлтан  болды  бірнеше  дҥркін,  Тҧрсын  Шыңғысов 
Қарқаралы  округінің  соты  болып  бірнеше  рет 
сайланады,  сондықтан  олар  кӛп  жеңілдікке  ие  болған. 
Подполковник  Жылғара  Байтоқин  аға  сҧлтандыққа 
ҥшінші рет тағайындалды,бірақ ҥшінші тағайындалудың 
мерзімі әлі аяқталмағанын ескерте кеткен анкетада. 
Батыс  Сібір  бас  басқармасы  (19.ІХ.1842  ж.  Омбы 
қаласы)  Кӛкшетау  округінің  аға  сҧлтаны  Жылғара 
Байтоқинннің  дворян  атағын  алу  ҥшін  жазылған  іс 

 
33 
қағаздарында тҥсініксіз, кҥмәнді жерлерді анықтау керек 
деп шекара басқармасына тағы да хат жолдаған. Хаттың 
соңында Жылғара Байтоқин жӛнінде нақты, адал, ақиқат 
материалдармен толықтыруды сҧрайды. 
Дворян  атағын  алу  ҥшін  қаншама  қҧжат  қажет 
болған,  ал  олардың  шындығы  бастан-аяқ  тексерілген. 
Ж.Байтоқинның 
қызыметі, 
алған 
наградалары 
сарапталып  анықталған.  Дегенмен  кӛмескі  жерлері  де, 
кҥмәнді кҥдіктері де болмай қойған жоқ, ерсілі-қарсылы 
жазыстың  ӛзі  осыған  куә.  Жылғараға  «Дворян»  атағын 
беру  жӛніндегі  ҧсыныстар,  жазыстар  1841  жылдың 
басында  басталады.  Содан  әңгіме  1844  жылға  дейін 
созылыпты.  Жылғараның  «дворян»  атағын  алу  ҥшін 
жиналған  іс-қағаздардың  ішіндегі  әскери  атағы,  алған 
медальдары 
мен 
ордендерінің 
куәліктері 
қатаң 
тексерілген,  қызметтегі  қабілеті  мен  іскерлігі,  тіпті 
Ресейге  деген  кӛзқарасы  мен  адал  берілгендігі 
анықталған.  Содан  кейін  ғана  дворян  атағының 
грамотасын  жасауға  Жылғара  45  сом  (орысша  рубль) 
мӛлшерінде ақша тӛлейді. 
Дворян  атағын  алатын адамға жеке  герб  жасалады. 
Оның  тарихын  айта  кетейік.  Герб  белгілі  бір 
композицияға 
қҧрылған, 
элементтері 
тәртіппен 
орналасқан,  бекітілген  ережеге  сәйкес  жасалған 
графикалық  кескін-фигура  болып  табылады.  Оны 
«Геральд»  фигурасы  деп  атайды  (шет  ел  сӛзі).  Герб 
белгілері  ежелден  тарихи  жеке  тҧлғаларға,  қалаларға, 
мемлекетке  арнап  жасалады.  Мемлекет  гербі  «елтаңба» 
деп  аталады.  Патшалық  Ресейде  17  ғасырдан  бастап 
гербті  бір  ҧрпақтың  немесе  жеке  тҧлғаның  тарихи 
дәстҥрін,  қызметін,  сіңірген  еңбегін  анықтайтын  белгі 

 
34 
іретінде 
пайдаланған. 
Оны 
мемлекеттік 
орган 
заңдастырып  бекітеді.  Гербтың  графикалық  кескіні, 
қандай  заттардан  қалай  жасалатындығы,  мӛлшері 
кӛрсетіледі. Гербтің куәлігі-дипломы қоса беріледі. Герб 
пен  мӛрді,  куәлік  пен  грамотаны  жасайтын  ҧжымды  – 
«Геральдия» 
ал 
оны 
басқаратын 
адамды 
«Герольдмейстер» деп атаған. 
Герб,  мӛр  ат-тҧрманға  тағылатын  сияқты  оюлы 
тҥсті  жарқырауық  металдардан  (кҥміс,  жез  т.б.) 
жасалған.  Формалы  тізімде  Жылғара  75  жаста  деп 
кӛрсетілген  (бҧл  1841  жыл),  ал  1849  ж.  қайтыс  болса 
(әйелінің,  балаларының  айтуынша)  онда  ол  82  жыл 
ғҧмыр  жасаған  деп  айта  аламыз.  1824  жылдың  29 
сәуірінен  бастап,  Кӛкшетау  дуанының  ашылуына 
байланысты,  заседатель  қызметіне  сайланады,  білім 
дәрежесі  9  сынып  болып  белгіленген.  Александр 
лентасына  тағылған  алтын  медальмен  марапатталады. 
Сол  жылдың  қыркҥйек  айынан  бастап  аға  сҧлтандық 
қызметке  ауысады,  яғни  Кӛкшетау  округін  басқарады. 
Ол  қызметті  1826  жылдың  маусым  айына  дейін 
жалғастырған. 
Жылғара  подполковник  атағын  алғаннан  кейін 
Владимир  лентасына  тағылған  екінші  алтын  медальмен 
марапатталады.  Ол  1838  жылдан  бастап  аға  сҧлтандық 
қызметке  қайта  оралған.  Анкетада  (формалы  тізімде) 
Жылғараның шекара басқармасын басқарған, бірақ оның 
қай  жылдан  қай  жылға  дейін  екендігі  (айы,  кҥні) 
кӛрсетілмеген.  Осы  жәйтті  және  басқа  жетіспей  тҧрған 
жерлерін  архивтен  қарауды  ҧсынған  кӛрінеді.  Әсіресе, 
Патшалық Ресейге Жылғара Байтоқинның ант бергендігі 

 
35 
жӛнінде еш дерек жоқтығы ескертіледі. (А.М.А. 345 қор, 
1 тіркеу, 23 іс қағаз). 
Жылғара  Байтоқиннен  қалған  ескерткіш  –  мҧра 
Николай І орыс патшасының берген «дворяндық» атағы 
жӛніндегі  грамотасы  еді.  Бҧл  грамота  біздің  облыстық 
ӛлке-тану  мҧражайында  сақталған.  Грамотаның  сыртқы 
әшекейі  де,  ішкі  мазмҧны  да  таңқаларлықтай.  Әр  беті 
әдемі,  тҥрлі-тҥсті  оюлармен  кӛмкерілген.  Оюлардың  әр 
жерінде 
квадрат-торға 
салынған 
аңдардың, 
жануарлардың,  қҧстардың,  әскери  жауынгерлердің 
суреттері бар. Грамотаның бірінші бетінің ҧшар басында 
екі  басты  қыран  қҧстың  суреті,  Ресейдің  символы-гербі 
тҧр. Осы әшекейдің ішінде грамотаның тексті жазылған. 
Яғни,  ескі  славян  графикасына  ҧқсас  алтын  әріптермен 
әдемілеп жазылған мәтін-сӛйлемдері кӛз тартады. 
Жылғара Байтоқинның «Дворян әулеті» атағын алу 
жӛніндегі  грамотасының  тексін  (мазмҧнын)  орысша 
беріп отырмыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет