Фанфар ойналады,жүргізушілер ортаға шығады



Дата01.12.2022
өлшемі20,67 Kb.
#54175
түріБағдарламасы

«ҚазНұр» гуманитарлық колледжінде өтілетін «Екі жұлдыз» бағдарламасының сценариі
(фанфар ойналады,жүргізушілер ортаға шығады)
1-ші жүргізуші -Бүгінгі «Екі жұлдыз» байқауының жүргізушілері , Мадина Қанатбекқызы және...
2-ші жүргізуші - Нұрбақыт Сағындықұлы
1-ші жүргізуші.-Қайырлы кеш,құрметті ән сүйер қауым!
2-ші жүргізуші -Кеш жарық «Екі жұлдыз» байқауын тамашалауға келген көрермен!
1-ші жүргізуші -Бүгінгі сайыста әр топтан өнерлі жұптар таңдалып алынған болатын,сол топтарды қошеметпен ортаға шақырсақ.
2-ші жүргізуші -Ия,дұрыс айтасыз колледжімізде не бір талантты студенттеріміз бар екен,ендеше бүгінгі кеште сол талантты білімгерлеріміздің жұлдызын жағайық! Сайысымыздың шымылдығын «Екі жұлдыз» ән мен өнер байқауына қатысушы жұптарды таныстырудан бастамақпыз.Олай болса оларды қошеметпен ортаға шақырайық,ағайын(музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар кезегімен ортаға шақырылады )
1-ші жүргізуші -Алғашқы жұбымыз 101-топ жұптары; Кеңесбай Бексұлтан мен Илияс Аяжан,қарсы алыңыздар!
2-ші жүргізуші - Келесі жұп 103-топ Тоқталы Айдын мен Нұрлан Жанерке
1-ші жүргізуші -104-топтың жұптары Қуандықов Абдирахман мен Турсунжанова Адиля
2-ші жүргізуші -105-топ жұптары Турсын Эльдар мен Жамаш Жазира
1-ші жүргізуші -107 топ жұптары
2-ші жүргізуші -108 топ жұптары Жанысбек Аружан мен Ақтаева Толғанай
2-ші жүргізуші -110 топ жұптары Серікбай Шынар мен Тайтелиева Ақнұр
1-ші жүргізуші -111 А тобынан Абдикеримова Жанель мен Рахмонбердиева Айсулу
-ші жүргізуші -201 топ
2-ші жүргізуші -202 топ жұптары Айтбақы Жексенбі мен Копабаева Марта
1-ші жүргізуші -203 топ жұптары Касеке Шугыла мен Сапарова Гульдана
-ші жүргізуші -204 топ
2-ші жүргізуші -205 топ жұптары Ормантай Эльнура мен Арманқызы Әсемай
1-ші жүргізуші -206-топ жұптары Авутжанова Халинур мен Демеутай Гүлім
2-ші жүргізуші -Орындаушы жұптармен таныс болсақ, енді осы жұптарға әділ қазылық ететін қазылар алқасымен таныстырып өтсек: колледжіміздің басшысы З.Қ.Сабырова ,
колледж оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Ибраева Галиябану Ниязовна
оқытушы А.Б.Абдіманап
1-ші жүргізуші -Сонымен бүгінгі «Екі жұлдыз» ән мен өнер байқауының төрелік ететін әділ қазыларымызбен таныстырып болсақ,байқауымызды бастайық!
2-ші жүргізуші - Байқау үш түрлі кезеңнен бойынша сынға түспек.
1-ші кезең ӘН
2-ші кезең ӨНЕР
3-ші кезең БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ
1-ші жүргізуші -Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
«Ән көңілдің ажары»деген барғой
Бұрынғының жолымен ән бастайын – демекші алғашқы жұпты әнімен ортаға шақырайық,101 топ жұптары.
2-ші жүргізуші -Өнерпаздар жарысып сан-саналы,
Жиын десе,той десе жан салады.
Бүгінгі ән байқауы сайысында,
Әуелеген әсем ән жолданады, сахнаға 103-топ жұптарын шақырамыз
1-ші жүргізуші -Ажары атқан таңдай ару жастың,
Қасы бар қанатындай қарлығаштың.
Жанары жан біткенді елтіп өскен,
Шапалақ өнеріне әнші жастың- дей келе ортаға келесі 104-топ жұптарын шақырсақ
2-ші жүргізуші -Ал енді күміс көмей,жез таңдай жұлдызды жұпты ортаға шақырайық.105-топ жұптары,сіздерге сәттілік!
1-ші жүргізуші -Өнерпаз боп ән айтқан,
Ән айтқанда,таңға айтқан,
Таңға айтқанда жанды айтқан-демекші келесі жұп 107-топ жұлдыздары

2-ші жүргізуші - Құрметті көрермендер,қадірменді қонақтар,қошемет көрсетіп, қол соғып отырсаңыздар. Талай күнгі кештерін сарп еткен, еңбектерін көрсеткелі тұрған тағы бір өнерпаз жұбымыз 108-топ жұптары


1-ші жүргізуші -«Ұялмаған әнші болады» дегендей, халық алдына шыққанда ұялмайтын,арқасын кеңге сала білетін, өнерден хабары бар,талантты,әрі өнерпаз адамдар ғана шығады. Олай болса келесі жұп 110-топ жұлдызды жұптары
2-ші жүргізуші - Әнмен маржан өретін,
Өнерін халқым көретін
Жұптасып бізге ән айтып беретін - келесі жұп 111 а -топ жұлдыздары
1-ші жүргізуші -Ал келесі жұбымыз «Екі жұлдыз» деп көптен егіліп жүрген,өнердің қиыны мен қисынын көріп жүрген келесі жұбымыз 203-топ жұптары
2-ші жүргізуші -Қыз сұлу көрінеді өрнегімен,
Тізіліп сөз маржанын тергенімен
Жезтаңдай,бұлбұл даусын әнге қосса,
Әнші сұлу көрінер әніменен-дегендей келесі жұп 205-топ жұлдыздары
1-ші жүргізуші -Салтанатты сәні бар,
Адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар.
Ұстаздарды құрметтей білетін,
Қоғамдық істерде белсене жүретін жұптарымыз 303-топ жұлдыздары
2-ші жүргізуші -Осымен «Екі жұлдыз» байқауының бірінші кезеңі аяқталды,енді жұптарымыздың екінші кезеңнің шарттарымен таныстыра өтсек: Бұл кезеңде жұптар өнер көрсетеді оған ( би,немесе музыкалық көрініс) көрсетулері шарт.
1-ші жүргізуші -Ия, жұптардың өз қалауларына берілген өнерден тұратын екінші кезеңімізді бастауға рұқсат етсеңіздер бастайық!
Ортаға бірінші жұп,101-топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға екінші жұп-103-топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға үшінші жұп 104-топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға төртінші жұп 105-топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға бесінші жұп 107-топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға алтыншы жұп 108-топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға жетінші жұп 110 топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға сегізінші жұп 111 а -топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға тоғызыншы жұп 201-топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға оныншы жұп 202-топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға он бірінші жұп 203-топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға он екінші жұп 204-топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға он үшінші жұп 205-топ жұлдыздарын шақырамыз
Ортаға он төртінші жұп,яғни соңғы жұп 206-топ жұлдыздарын шақырамыз!
2-ші жүргізуші -Міне осымен екінші кезеңде мәресіне жетті.Ендігі кезең тапсырмалар орындау кезеңі болады:Тапсырмалармен таныстырып кетейік
1-ші жүргізуші - Қазір экранға әр түрлі мультфильм кадрлерінен үзінді көрсетіледі әр жұпқа,жұптар сол кадр бейнелеріне дауыстарын орындау керек( яғни озвучиватету керек)
2-ші жүргізуші Ал ендеше үшінші кезең шарты түсінікті болса кеттік,жұптарға сәттілік тілей отыра 3-ші кезеңімізді бастайық!
1-ші жүргізуші -Маған дәл қазір осы жұп ұнады деп бөліп жаруға болмайды ғой.Себебі,осы жобаға қатысу үшін барлық жұп біршама уақыт ішінде өздерін жақсы қырынан көрсету үшін бар күштерін салып,дайындалды емеспе?Сондықтан,әр жұп өз өнерін ортаға салып, барлығыда жақсы өнер көрсетті деп ойлаймын.
2-ші жүргізуші - Рас айтасың,бірін жақсы,бірін жаман деуге болмайды.Әр жұптың өзіндік кем кеткен немесе артықшылықтары бар деуге болады.
1-ші жүргізуші -Ендеше жұптарды ортаға шақырмастан бұрын бүгін осы жұптарды номинация бойынша марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін әділқазылар алқасының төрайымы,колледжіміздің басшысы, Зауреш Қуандықовнаны және әділ төрелік жүргізетін төрелеріміз Ғалиябану Ниязовна мен Айгерім Бақытқызын ортаға шақырсақ,қошеметтеріңіз!
2-ші жүргізуші - Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмағанғой.Ал,ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек.
1-ші жүргізуші -Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып,бабының келіскені деп ұғамыз. «ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАНСЫН!» - деген қазақы ақ тілекпен бастап ,жұптарымызды «Екі жұлдыз» байқауының ән ұранына айналған « ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» әнін бірге шырқауға жұптардың барлығын сахнамызға шақырамыз!( Екі жұлдыз әні орындалады)

СОҢЫ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет