Ғасырлар бойы арман еткен егемендік-қазақтың басына қонған бағы



Дата21.09.2022
өлшемі7,9 Kb.
#39700

Ғасырлар бойы арман еткен егемендік-қазақтың басына қонған бағы.

“Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі.Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ”.


Қ.Тоқаев.
Қазақ елі. Қазақ даласы. Қазақ батырлары. Осы сөздерді естігенде жүрегім бірнәрсені сезетіндей. Иең далада қазаны қайнаған,баласы шулап ойнаған,батырлары түзде ойран салған дала жұртының қарапайым ғана ғұмырының бір мағынасы бар. Ол бір сөз. Алайда,сол сөз барша халықтың өмірінің мәні мен сәніне,қуанышына айналған. Естігенде көзіне ыстық жас келетін. Кейбірінің жанарынан оттай лаулаған көзқарасты байқайсың. Тәуелсіздік. Еліміздің тарихына көз жүгіртсек,бұл сөздің зор мағынасы мен халықтың жасаған үлкен ерліктері жатыр. Қазіргі бейбіт заманның болғаны-ғасырлар бойы бабаларымыз,аталарымыз арман еткен егемендікке қол жеткізгеніміздің белгісі.
Иә,тәуелсіздік. Тәуелсіздігімізді алғанымызға биыл 30 жыл болды. Осы 30 жылда еліміз,жеріміз қалай өзгерді? Өзгеруіне не әсер етті деп ойлайсыз? Меніңше,сонау байырғы замандарда арман болған болашақтың келуі. Ол дегеніміз- тәуелсіздік үшін,егемендікті алуымыз үшін 1465 жылы басталған алғашқы қадамдар мен алға қойылған мақсаттар,міндеттер. Қазақ хандығы. Алғашқы атау. Қазақ жұртшылығына берілген,қазақ батырларының қанымен келген егемендік-біздің ғасырлар бойы арман еткен жетістігіміз. Мейлі,ғасырлар өтсін,жылдар өтсін,қалай болса да біз қол жеткіздік. Сол ғасырда басталған істі аяғына жеткіздік. Өзіміздің бар екенімізді,мықты екенімізді дәлелдей алдық. Оңайға түспеді,талай батырларымыз мен елі үшін отқа да,суға да түсуге дайын ерлеріміз бен қыздарымыздан айырылдық. Әттең-ай,бір көргенде ғой деген өкініш болады. Бірақ,18 млн халық бейбіт заманда өмір сүріп отырғаны- көңілге жалғыз-ақ жұбаныш. Қ.Тоқаев айтқандай: “Оны ең қымбат қазынаға,ең асыл аманатқа балаймыз”. Еш нәрсеге ауыстыра алмайтын теңдессіз қазынамыздың бар болғанына шүкір етеміз. Осы тәуелсіздігімізді барынша берік ету үшін біз мейлі өзімізді дамытып,дасыған елдердің қатарына қосуымыз керек. Талай ғасырғы арманымызға айналған егемендігімізді болашақ ұрпаққа аманат ету үшін де өлшеулі ғұмырымызда аянбай еңбек етуіміз қажет. Қолда бар алтынның қадірі болғанын қаласақ,биікте самғайтын қыран құстарымызды сақадай сай етіп дайындау-біздің міндетіміз.
Сақтардың сарқыты, ғұндардың жұрнағы,үйсіндерді ізін жалғаған біз,қазақ халқы үшін тәуелсіздік,егемендік сөздерінің мағынасы теңіздей тұңғиық. Өзімізге не керек екенін білеміз. Қорғау керек,қадірін білу керек,еңбектену керек,жарқын болашақ жастарына аманат ету керек. Ғасырлар бойы арман болған егемендік бәріне бұйыра бермеген өлшеусіз бақыттың бірі болғасын,міндетті түрде оның қандай жолмен келгенін білу,оны сақтап қалу үшін тырысу,бірегей елге ұмтылу-әрбір қазақстандықтың мақсаты мен мұраты. Тәуелсіздігіміздің мәңгі болуы үшін бірге биіктерге қанат қағайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет