Фазалық тепе-теңдіктер термодинамикасы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата18.04.2022
өлшемі0,72 Mb.
#31351
  1   2   3   4   5


Фазалық тепе-теңдіктер термодинамикасы

Термодинамикалық жүйеге енетін заттар



əртүрлі агрегаттық күйде болады: газ,

сұйық жəне қатты – яғни бір немесе

бірнеше фаза түзеді. Бірнеше фазадан

тұратын жүйені гетерогенді, ал мұндай

жүйеде орнайтын тепе-теңдікті

гетерогенді немесе фазалық тепе-



теңдік деп атайды. Мұндай фазалық

тепе-теңдікте (ауысуда) компоненттер

 арасындағы химиялық əрекеттесу

жүрмеуі қажет.

 

 



Фазалық тепе-теңдіктер шарттары

Гетерогенді жүйедегі фазалық тепе-теңдіктер



белгілі шарттармен сипатталады; əр

компоненттің барлық фазалардағы 

химиялық

потенциалдары

, олардың жүйенің барлық

фазаларындағы 

температурасы мен қысымы

бірдей болуы қажет, бұлар фазалық тепе-

теңдіктің сəйкес химиялық, температуралық

жəне механикалық шарттары деп аталады.

 

 



Компоненттер саны

Химиялық жүйедегі тəуелсіз компоненттер саны



(Кт) деп жүйені құрайтын химиялық дара

заттардан онда өтетін химиялық өзара тəуелсіз

реакциялар санын алғанға тең шаманы айтады.

Кт = К- х



Мысалы, сулы ерітіндідегі КСl-NaNO3-NaCl-

KNO3-H2O   тепе-теңдік жүйеде бес дара зат бар,

оның төртеуі бір реакциямен байланысқан.

HCl + NaNO3 ↔ NaCl + KNO3



Тəуелсіз компонент саны 5-1=4. Компоненттер

санына байланысты жүйелер бір компонентті, екі

компонентті, үш компонентті т.с.с. бөлінеді.

 

 



Еркіндік дəреже саны

Еркіндік дəреже саны (с) деп жүйедегі



фазалар санын сақтай отырып,

мəндерін (өзара тəуелсіз) белгілі шекте

еркін өзгертуге болатын, жүйе күйін

анықтайтын термодинамикалық

параметрлердің санын айтады.

Мұндай параметрлерге сыртқы



факторлар (температура, қысым) жəне

ішкі факторлар (компонент

концентрациясы) жатады.

 

 




Жүйе варианттылығы

• Еркіндік дəреже саны болмайтын

жүйелерді нонвариантты (вариантсыз,

инвариантты), еркіндік дəрежесі 1-ге

теңдерді-моновариантты

 (бірвариантты, унивариантты), екі

еркіндік дəрежелерін бивариантты (екі-,

не дивариантты) деп атайды.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет