Ғылым жаршысы / Вестник науки



Pdf көрінісі
Дата29.01.2017
өлшемі85,02 Kb.
#2973

С.Сейфуллин  атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы  /

Вестник  науки Казахского агротехнического университета  им. С. Сейфуллина. – 2013.

- №1 (76). – Б.27-32



ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТЕРМИНЖАСАМНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Нұржанова А.С.

Аннотация

Мақала қазіргі қазақ терминологиясы  және  ондағы    терминдердің

қазақ тіліне  ену  мәселесі, аудармалануы  жайлы жазылған. Терминдердің

қолданылуы және терминжасамдағы қазақ тілінің сөздік қорын  пайдалану

қажеттігі  айтылған.

Кілттік  сөздер: терминжасам, тілдік қор, ұғым, құбылыс.

Дүние 


жүзі 

 

халықтары



әлемдік өркениет  жағдайына  жету

үшін бір – бірімен мәдениет үлгілері

жетістіктерін аударма жасау арқылы

байланысып,

қарым

-қатынаста



болады. Қазір бұл үрдісті жаһандану

саясатымен түсіндіріп жүр. Ал түрлі

әдебиеттерді

ғылыми, 


көркем

шығарма  аударудың бізге  белгілі

бірнеше амалдары бар. Олар: калька

– сөзбе-сөз,  еркін  аударма  вольный

дәлме-дәл,  яғни  адекватты  түрлері.

Осылардың ішінде  калька – сөзбе-

сөз  аудару  тәсілі  сөздің немесе  сөз

тіркесінің

ішкі 

мағынасының



дәлме-дәл сол күйінде аудару.

Терминологияны

толықтыратын, әрі  дамытатын –

салалық


терминдер.

Қазақ


тілі

білімінде 90 жылдардан былай қарай

ұлттық  ғылым  тілінің даму үрдісі

жаңа белеске көтерілді. Оның басты

себебі



қазақ



тілінің  ғылым

тіліндегі  мәртебесін  көтеру, қазақ

тілінің  ғылым  тіліне қызмет  ету

мүмкіндігін  жан- жақты қарастыру.

Бұл  ретте қоғамдық  ғалымдармен

қатар,  техникалық  ғалымдардың

қазақ

тілінде  сөйлей  бастауына



жағдай  туғызған  түрлі

ғылыми


зерттеулер мен екі тілді сөздіктердің

көптеп 


жарыққа 

шығуы 


деуге

болады. Әсіресе, салалық ғылымдар

бойынша  жарық көрген  оқулықтар

мен 


сөздіктер 

және 


мақалалар

көптеп саналады.

Қоғамда

үздіксіз 



болып

жататын өзгерістер мен жаңалықтар

құралы  болатын  тіл-

қашанда


қоғамнан 

тысқары


қалмауы,

қоғаммен 

бірге 

дамуы 


табиғи

құбылыс.  Тілдің кейбір қабаттары

ұғымдық

атаулармен 



толығып,

өзгеріп отырады.

Бұл құбылыс, әсіресе  тілдің

терминология  саласына  тән  деуге

болады. Себебі, термин дегеніміздің

өзі  «белгілі  бір  арнаулы қолданыс

саласындағы

ғылыми 


лексика»

деген  анықтамаға  жүгінер  болсақ,

қоғамдық  өзгерістердің сан  алуан

тармақтары

өзіндік

қызметімен,



арнаулы  лексикалық  қолданыстағы

ерекшелігімен айқындалады.

Тіл 

мамандары 



терминдер

жүйесін 


теориялық

және


тәжірибелік  тұрғыда қарастырады.

Жалпы  терминдер

қызметі  мен

оларға тән ерекшеліктерін айқындау

жалпы 

терминологияның



даму

бағытын  бағдарлау – терминдерді

теориялық жағынан  зерттеу  деген

сөз. 


Ал 

енді, 


терминдерді

тәжірибелік /практикалық/ тұрғыдан

зерттеу 

дегеніміз

салалық


терминдер  жүйесін қалыптастыру,

терминжасам әдісін  саралау,  жаңа

ұғым 

атауларының



жасалу

жолдарын айқындап, талдап беру.

Ұлт тілінде терминдер жасау –

мемлекетіміздің

тілге 

берген


мәртебесі 

арқылы


ұлт 

тілінде


терминдер 

жасауды 


барынша

жан-жақты  тереңдету  керек  деген

талап қоюының да  белгісі. Ұлт

тіліне 


деген 

осындай


қөзқарас

1920-30 


жылдары 

байқалған

болатын.  1920  жылы Қазақстан өз

алдына автономиялы ел болып, 1923

жылы қарашада  тұнғыш  рет  Тіл

туралы  декрет

қабылданды.  Ал

1930-40 


жылдары 

арасында


интернационалдық терминдер  мен

орыс  тіліндегі  атаулар өзгеріссіз

енгізіле  бастады.

1940-70 


жылдарға 

дейін


орыстану  бағыты  жүріп  жатты.

1970-90 


жылдарда

қоғамдық


өзгерістер  тілдің даму  бағытына

мейлінше әсер  етіп  отырды.  1990

жылдарда  елімізде  Тәуелсіздік  туы

желбіреп,  дербес  мемлекет  болуы

қазақ

тілінің 


қанат 

жаюына,


мемлекеттік  тіл  мәртебесін  алуына

игі


әсер  етті.  Дегенмен,  соңғы

жылдары


қазақ

терминологиясындағы 

салалық

терминдердің



дамуы,  терминдер

жүйесінің 

қалыптасуы 

заман


талабына  сай  деп  айта  алмаймыз.

Салалық


терминдерді 

жасауда,


қалыптастыруда 

бір 


ізділік

байқалмайды,

әркім

өз  бетінше



термин  жасау  бағыты  етек  алып

отыр.


Қайсыбір ғылым  мен  техника

саласындағы ұғымдарды  білдіретін

атаулар терминдік жүйеге түсу (ену)

үшін  белгілі  бір  жағдай  керек,  яғни

ең алдымен ғылым  саласы,  сол

ғылым 


саласын 

айқындайтын

ұғымдар қалыптасу  керек.    Содан

кейін әрбір ұғымды  беретін  сөздер

пайда  болады  да,  олар  сол ғылым

саласымен, 

айналысатын 

ортада


қолдау  тауып,  терминдік  жүйе

ретінде сараланады.

Терминдер

дегеніміз



өнеркәсіпке қатысты белгілі ұғымды

білдіріп,  оны  тілде  бейнелейтін

арнаулы  сөздер  мен  сөз  тіркестері.

Жалпы


қолданыстағы 

сөздерден

жасалған терминдер.

Арнайы 


кәсіп 

сферасында

қолданылуымен;

Ұғымдарды білдіруімен;

Өзіндік

грамматикалық



жасалу 

жүйесімен

ерекшеленеді.

Терминдердің

жалпы

әдеби


сөздердегі ұқсастығы  олардың да

сематикалық

категориялардың,

көпмағыналылық,

мағыналастық

/синоним/, 

омономия 

сияқты


ортақтығымен сипатталады.

Терминдердің

лексикалық

ерекшеліктеріне 

талдау 

жасау


аркылы 

мынадай


қорытынды

жасауға болады.

Олардың ең негізгілері:  осы

топқа  кіретін  атаулардың

затқа,

құбылысқа  және  солар  туралы



терминдік

ұғымға


қатысты

ашылады.


Терминдер тіліміздегі басқа да

сөздер  сияқты  шындық  өмірдегі

заттар  мен құбылыстар  жайындағы

ұғымдардың атауы  болғандықтан,

олардың

мағыналары 



да 

сол


ұғымдардан тұрады.

Қазақ


тіліндегі 

кірме


терминдер

қазақ


терминологиясының, лексикасының

едәуір 


бөлігін

құрайды.


Қазақ

терминологиясының  қорына  негізгі

екі бағытта кірме терминдер енеді:

Орыс тілі терминдері.

Халықаралық терминдер.

Еуропалық кірме  терминдері

қазақ

лексикасында



өте 

көп


кездеседі. Онда екі бағыт байқалады.

Бірінші:  шетел  терминдерін

неғұрлым

қазақшалап

қабылдау.

Мәселен, метод – әдіс, баланс – тепе

– теңдік, анализ– талдау, интеграция

– бірігу т.б.

Екінші: өзге  тілден  баламасы

табылмаған 

жағдайда 

тіліміздің

дыбыстық жүйесін  ескере  отырып

қабылдау: 

солярка-сәләркі,

(орфэпиясы) 

керосин-кірәсін

(орфроэпия) резинка-резеңке т.б.

Кірме  күрделі  терминдерді

құрылымына қарай екі топқа жіктеп

қарастырылды:

1. Екі  компоненті  де өзге  тілден

енген 

терминдер. 



Бірінші

топқа:  биосфера,  кронблок,

метаморфоза, 

термометр,

гидростатистика,

вискозиметр, борометр.

2. Бір  компонентті  кірме  сөзден

екіншісі  төл  сөзден  тұратын

терминдер. 

Екінші 


топқа:

автокөтергіш,  гидросоққыш,

автотұрақ т.б.

Бір  компонентті  төл  сөзден,

екіншісі 

кірме 


сөзден 

тұратын


іркесті  терминдер:  бензин  буы,  газ

қондырғылары,  цемент  ертіндісі,

герметикалық  құрылғы,  бұрғылау

мастері,  нақтылы  диаметр,  бұрғы

станогі, құбыр  муфтасы,  бұрғылау

технологиясы 

т.б. 

Енді 


осы

терминдердің тағы  бір  ерекшелігі

көп  жағдайда  екінші  компонентіне

тәуелдік 

жалғауының 

үшінші


жағында  келетін  терминдер:  таль

жүйесі,  газ қысымы,  жуу  секторы,

шарошка  тістері,  мотор  майлары,

бұрғылау рейсі, ротор ішпектері, газ

торабы т.б.

Төл  терминдер  мен  кірме

терминдер 

деп


қараудың

нәтижесінде  ол  терминдердің ара

салмағы 

айқындалып, 

кірме

терминдер  шығу  төркіні  жағынан



қай  тілдің сөздері  екені  белгілі

болады.


Әр түрлі  сөз  таптарына  жалғанып,  терминжасамда  жиі  кездесетін

жұрнақтар:

- лық ; - лік ; - дық ; - дік ; - тық ; - тік; бірлік,


- шы ; - ші; нұсқаушы

- ым ; - ім ; қысым

- ғыш ; - гіш ; - қыш ; - кіш ; жарғыш

- ыс ; - іс ; - с ; ағыс

- ма ; - ме ; - ба ; - бе ; -па ; - пе ; тұнба

- уық ; - уіш ; елеуіш, тіре – уіш.

Кірме 

терминдерді



қазақ

тіліне


өзгеріссіз 

еңгізуге 

негіз

болған 1935 жылғы Алматыда өткен



Бүкілодақтық

мәдениет


қызметкерлерінің

бірінші


мақұлданған

қазақ 


әдеби 

тілі


терминологиясының

принциптері

болатын. Ғылым мен техниканың әр

түрлі  салаларындағы  терминдердің

70-80  пайызы  тұлғалануы  жағынан

тіліміздің

дыбыстық

жүйесіне


бағынбайтын 

шет 


ел 

тілінің


сөздерімен  айтылып,

қазақ


тілі

толыққанды

ғылым  тілін

қамти


алмай келеді.

Термин - әр  елдің  өз  тіліне

аударылып    алынса  да,  мысалы,

«еңбек», 

«ақша» 

немесе


халықаралық

сөзбен  алынса  да,

мысалы, 

«биржа», 

«банк»

«терминал»,  «валюта»,  «банкомат»



сияқты  сөздер  бәрібір халықаралық

болады,  себебі    олар  халықаралық

деңгейде

қолданылатын    ортақ

ұғымдарды білдіреді.

Өндіріс


бүкіл  жер  жүзілік

болып 


стандарт 

түрге 


көшуде,

осының нәтижесінде қазіргі қазақ

тілінің    қолданысына    халықаралық

стандарт  терминдер    енуіне    ешкім

бөгеуіл    жасай  алмайды.    Бұл

атаулармен  бірге    келген  жаңа

ұғымдар-

жаһандану  жемісі.

Жәнеде 

оларды 


 

көбінесе


халықаралық стандарт  сөзбен айту

үрдісі қалыптасуда.  Демек,

қазақ

лексикасында 



халықаралық

стандарт терминдердің көп болуына

өндірістің

халықаралық

деңгейде

дамуы негіз болады. Олай дейтініміз

халық шаруашылығы – қазақ елінің

ауыл  шаруашылығындағы  аграрлық

кәсібі  емес, қазіргі  заманғы ғылым

мен  техниканың озық тәжірибесі

мен  терең  ғылыми  болжамдарының

негізінде өркендеп  отырған  күрделі

өндірістік сала.

Осы 


орайда

А.Байтұрсынұлының:  «Біз  сияқты

мәдениет  жемісіне  жаңа  аузы  тиген

жұрт, өз  тілінде  жоқ деп,  мәдени

жұрттардың

тіліндегі

сөздерді

алғыштап,  ана  тілі  мен  жат  тілдің

сөздерін 

алмастыра-алмастыра,

ақырында ана тілінің қайда кеткенін

білмей  айырылып қалуы  ықтимал.

Сондықтан, 

мәдени 


жұрттардың

тіліндегі

әдебиеттерін,

ғылыми


кітаптарын қазақ тіліне  аударғанда,

пән 


сөздерінің

даярлығына

қызықпай ана тілімізден қарастырып

сөз  табуымыз  керек.  Сонда  біздің

тіліміз  таза  болады»  /1.56/  деген

пікірін 


естен 

шығарып


алғандаймыз. 

 

Расында 



дайын

сөздерді   лек-легімен лексикамызға

ала  беру  тіл  тазалығына    нұқсан

келтірері 

сөзсіз. 

 

Сондықтан



өркениет  тілін  тұлғасын өзгертпей

қолдана 


беру 

біздің


тіліміздің

мүмкіншілігін  пайдаланбау  болып

табылады.    Олай  болса, ғылым  мен

техника  саласындағы  терминдерді

ұлт тілінде қалыптастыру- тіл білімі

үшін, қазақ тілінің болашағы үшін,

қысқасы


ғылым  тілін

қазақша


сөйлету үшін қажетті шаралардың

бірі.


Расында  тілімізде  жаңадан

қалыптасқан

терминдер 

бірден


құлаққа    сіңіп  кетеді,  олардың бәрі

бірдей қолданысқа  түсуге  бейімді

деуге болмайды.

Мәселен,  «сынып»,  «пайыз»,

«үрдіс», «үдеріс», «құжат» сөздеріне

үйрену


үшін  белгілі    уақыт өтті.

Келе-келе құлаққа    сіңіп,    кеңінен

қолданысқа 

еніп 


 

те 


кетті.

Сондықтан 

сәтті 

шыққан


терминдерді 

 

сұрыптап



терминологиямызды қалыптастыру

қажет.


Қазіргі

терминдердің

лексикаға  енгізілуі

қалыптасқан

ғылым  тілін,  терминологияны  бұзу

емес, 


керісінше 

дұрыс


қалыптаспаған

қазақ


терминологиясын қалпына келтіруге

ізгі


қадам  жасау.

Қазіргі  кезде

ұлттық

тіл 


байлығымызды

жаңғыртып, 

мүмкіндігінше 

төл


тілімізді  пайдаланып  терминжау

бағытына  басымдық беру  керек.

Ғылымды  барынша

қазақшалауға

бағытталған пікірлер жеткілікті.

Ұлы


ғалым

А.Байтұрсынұлынан  бастау  алған

осы  көзқарас  тіл  жанашырларынан

қолдау  тапса, ғылым  тілі қазақша

сөйлейді.  Алайда,  оған қол  жеткізу

белгілі бір тарихи  кезеңді қамтиды.

Ал 

енді 


 

профессор

Р.Сыздықованың 

«Ана 


тілі»

газетінің 

1991

жылғы 


19

желтоқсанында 

жарияланған

«Тілдегі  жаңалықтарсыры  неде?»

деген мақаласынан үзінді келтірейік:

«Біз


қатарымыз

ғылыми


терминдерді  түгелге  жуық  қазақша

жасасақ,


тілімізді

ғылым  тіліне

айналдырамыз деген  жаңсақ пікірде

жүрген сияқтымыз. Ғылым тілі болу

үшін 

ең

алдымен



ғылымның

сан-саласына  сол  тілде  баяндауды

іске асыру керек, ал баяндау үстінде

кірме терминдерді қолданамыз ба, өз

қорымыздан 

жасалған


«қазақыларын»  пайдаланамыз  ба –

бірақ  қайткенде  де  айтпақ ойымыз,

талдауларымыз 

бен


тұжырымдарымыз қазақша  болуы

шарт. Ғылым  сөзін  айтуда, әсіресе,

оның

физика, 


геология, 

химия


сияқты  сан  алуан  салаларында

көптеген 

халықтар 

ықылым


заманнан бері қолданып келе жатқан

көне  грек,  латын  сөздері  болып

келетін  дүние  жүзілік  ортақ  қордан

бас  тарту  тіліміздің терминология

қорын 

тұйықтап


қана

қоймай,


ғалымдарды 

ортақ 


ұғымдарды

танудан 


алшақтата 

түсері 


хақ.

Қазақша ғылым  тілі ғылыми  стилі

қарабайырлықтан 

аман 


болуы

керек» деген пікірін  ескерсек,  ортақ

жаһандық    ұғымдардың атауларын

қабылдауға      жауапкершілікпен

қарау    жөн.    Осы    текті  пікірлерді

жан-жақты 

ой 

елегінен


өткізе

отырып, 


мынадай

қорытынды

жасаймыз.

Жалпы, 


термин 

сөздерді


аударғанда

қазақ


тілінің

сөздік


қорын сарқа пайдалану қажет. Жаңа

термин ұғымының мазмұны  мен

қызметіне  сәйкес  келіп,  ана    тіліне


нұқсан  келмейтіндей  болуы  тиіс.

Түп  төркіні  көне  грек,  латын,

француз  басқа  да  шет  тілінен  енген

әбден  сіңісіп  халықаралық көлемде

қолданылатын 

терминдер

өз

қалпында


енгізілуі 

тиіс. 


Оны

баламалап, 

түсініксіз 

сөздер


жасаудың  қажеті  жоқ. Осы  мәселе

төңірегінде  тілші

ғалымдар  мен

көпшілік қауымды  ойландыратын

жағдай



ғылыми  терминдерді



аударуда 

ала-құлалық

күшейтіп

кетуі.


Жаңа

ұғымдардың

атауын

жасаудың,



жаңа  термин  сөздер

қалыптастырудың

бір

әдісі


-

калькалау болып табылады.

Калька  тәсілі  сөзжасамның

және 


тілдің

сөздік


құрамын

байытудың бір көзі деп есептелінеді.

Себебі, қазақ әдеби тілдің кез келген

даму  және қалыптасу  сатысында

кальканың

жағымды 


ыкпалы

жоғары 


болғанына 

ешкім 


дау

айтпайды. Бұл, әсіресе, қазақ тілінде

терминдік 

жүйенің


жасалу

жолдарына, 

семантикалық

және


синтаксистік құрылым құрылысына

тигізген әсерінен  байқалады.  Бұл

ретте 

салалық


терминдерді

қалыптастыру  жағдайында, ғылыми

оқулықтар  жазуда  кальканың орны

айырықша. 

Кейде

ғылым 


тілі

калькалауды  талап  етеді.  Демек

калька  тәсілі – ғылыми әдебиетті

аударуға


қажетті 

амал. 


Оның

қажеттілігі ғылым  тілінің стильдік

сипаттарына  байланысты.  “Ғылыми

стильдің ерекшелігі – пайымдауды,

пікірді,  нақты  бір

құбылыстың

дәйектемесін  логикалық шындыққа

сәйкес  жеткізу.  Бұл  міндет  ойды

тиянақтайтын  стильдік  байлаулы

(маркированный 

лексикаға)

тұрақты орамдарға, және терминдер

мен 

терминдік 



тіркестерге

жүктеледі.”  Демек,  сөзбе

сөз


аудару 

терминдік 

лексиканы

қалыптастыруға  бірден- бір қызмет

ететін фактор болып қала береді.

Калька


тілдің


сөзжасам

жүйесін,


үлгісін 

байытудағы

терминдер 

мен 


терминдік

тіркестерді 

жасаудың

бірден-бір

өнімді  тәсілі    екені

ғылыми


лексикада дәлелденген.

Калька 


жолымен 

аудару


барысында, төл тіліміздегі бұрыннан

бар  сөздердің жаңа  сөздерге  балама

ретінде  жұмсалып,  терминдік  мәнге

көнеді. Олардың ерекшелігі – табиғи

терминдермен 

салыстырғанда

аудармаға қатыстылығы.

Мұндай 


жолмен 

жасалған


терминдерде

өзге 


тілдің

грамматикалық  құрылымы байқала

бермейді. 

Соңғы 


жылдары

терминдерді 

зерттеу 

біраз


жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Бұл 


жөнінде

Ә. 


Қайдар

«Калькирование  является  одним  из

ведущих  и  продуктивных  способов

образования  новых  терминов  в

казахском 

языке.


Терминологические 

кальки 


по

своему  характеру  делятся  на  два

типа: 

смысловые 



и

структурно-смысловые» 

деп

калькалау 



тәсіліне 

сипаттама

береді./2.36/

Түрколог ғалымдар  калькалау

тәсілі 

арқылы 


сөзжасам 

түркі


тілдерінде  кеңес  дәуірінде  кең  өріс

ала дамыды, оған себеп орыс тілінің

тікелей

әсері 


болды. 

Калька


тәсілімен

өнімді  термин  жасау:



қазақ, қырғыз, азербайжан, түркімен

тілдерінде  ерекше  байқалды  деп

атап көрсетті.

Бұл  тәсіл  ана  тілінің ішкі

мүмкіншіліктерінен 

жасалғанын

ескерсек,  ол  сөздер  тізбегінде  кірме

сөздер деу қиындау.

Қазақ тілінде  калька  жолмен

жасалған  терминдер қатарын    екіге

бөлуге болады.

Дара  терминдер:



жарылыс

(взрыв),  шөгінді  (осадки),  ілмек

(крюк),  талдау  (анализ),  түйісу

(контакт), түп (забой), араластыру

(смещение), қабат  (слой), қатпар

(складка),  дабыл  (сигнал) т.б.  тілде

бар  сөздер  негізінде  туындаған

дербес сөздер. Дара терминдер орыс

тіліндегі 

мұндай 

терминдердің



морфологиялық 

құрылымын

меңгере отырып, тілде бұрыннан бар

сөздерінің негізінде  пайда  болған

дербес терминдер.

Күрделі  терминдер  (тіркесті

терминдер): сығу дәрежесі (степень

сжатия),  бұралқы  су  (сточная

вода),

құбыр 

басы 

(трубная

головка),  түпті  бекіту  (крепление

забоя), 

айдау

қақпағы

(нагнетательный  клапан), қысым

өлшегіш  (манометр),  тоқ сызығы

(линия 

тока), 

аумалы

қысым

(критическое давление).

Ана  тілі мүмкіншілігін  пайдаланудың жолы  калька  тәсілі  десек,

ғылыми лексикадағы, яғни орыс не шет тілдерден енген сөздерді тұлғалық

(құрылымдық),

мағыналық

жағынан  сөзбе-сөз  аударуды  былайшы

көрсетуге болады:

Мағыналық калька

Көтергіш – лифт

Табиғи – натурально

Қойнау – недро

Сілем – залежы

Оқпан – ствол

Кернеу – напряжение

Теңергіш – балансир

Түп – забой

Өңдеу – переработка

Қозғалтқыш – двигатель

Төсем – прокладка

Сынама – проба

Тұлғалық/құрылымдық калька

Осушка – кептіру

Автотұрақ – автостоянка

Автожуғыш – автомойка

Автожол – автодорога

Құрғақ газ – сухой газ

Қыздырғыш – подогреватель


Дайындау – подготовка

Тұтынушы – потребитель

Үрлеу – продувка

Ерігіштік – растворимость

Қасиет – свойство

Кернжұлғыш – кернорватель

Мұздақ – ледник

Құрылым – структура

Жылу алмасу – теплообмен

Жылу тасығыш – теплоноситель

Ірілендіру – укрупнение

Қисаю-искривление

Ш.Біләловтің  «Батыс  Еуропа

халықтар  тілдерінде  болып  келетін

жаңа ғылыми техникалық атауларды

түп  нұсқада

қабылданған  орыс

тіліне  нұқсан  келе қоймайды, қайта

сөздің бас-аяғын  дұрыстап  жөнге

келтіргеннен  соң, ол  көптен  көз

көріп,

құлақ


естіген  орыс  сөзі

сияқты  болып  шыға  келеді.  Бұл

негізінен, 

орыс 


тілінің

жасандылыққа 

аса 

бейімділігі...



Ғылым мен техника жетістігін орыс

тілі  арқылы  меңгерген қазіргі қазақ

тілі үшін  орыс  тілінің осы  бір

«жасанды» қылығы  кереғар әсер

етуде. Қазақ тілі сөз келбетін сақтау

үшін, өзіндік заңдылықтарын бұзбау

үшін, ғылыми-техникалық атаулар

қазақ


тілінде  меңгерілуге  тиіс,

қазақша сөйлеуге тиіс» /3. 27/  деген

пікірін  түбегейлі қостасақ, ғылым

мен  техника  тілін, әсіресе, өндіріс

саласын  түгел қазақшалау  бірден

мүмкін  емес.  Мәселен,

қаратаж

деген  терминнің орнына – ұңғы



қабырғасын

құрастыратын 

тау

жыныстарының



физикалық

қасиеттерін  білуге  арналған  зерттеу

әдісі деп қазақшалап атауға да болар

еді, 


алайда 

мұндай


шұбалаңқылықтан  терминдік ұғым

атаулық мән  бере  алмайды.  Термин

дегеніміз

ғылым 


мен 

техника


саласында

қолданылатын  арнайы

лексика;  оның

басты  белгілері:

дәлдік,

қысқалық


жүйелілік  деп

ескерсек,  терминге  тән  жинақылық,

қысқалық сақталмайды.


Әдебиеттер тізімі

1.

А. Байтұрсынұлы «Ақ жол» Алматы, 1991 ж.



2.

Ә. Қайдар  «Қазақ терминологиясына    жаңаша  көзқарас»

Алматы «Рауан» 1993 ж.

3.

Ш.Біләлов  «Ұлттық  ғылым  тілі  негіздерін қалыптастыру»



Алматы, 1997 ж.

Резюме

В статье рассмотрен вопрос внедрения в лексику современного казахского языка

новых  терминов.  Сохранение  частоты  любого  языка  на  сегодняшний  день  является

актуальным  вопросом.  Автором  представлены  мнения  ученых-терминологов  о

формировании  и  развитии  научного  языка.  Дан  положительный  отзыв  по

восстановлению казахской терминологии, с целью обновления богатства национального

языка и дальнейшего всестороннего их использования. Представлены различные точки

зрения  о  переводе  научных  терминов  на  казахский  язык,  что  в  свою  очередь  дает

возможность увеличению словообразовательного строя казахского языка.

Автор, вслед за другими лингвистами, предлагает слова и термины, латинского и

греческого происхождения, широко используемые в европейских языках, принимать без

структурных  изменений,  общая  в  первую  очередь  внимание  на  их  соответствие

языковым нормам казахского языка.

В 

статье 



отражены 

влияния 


на 

развитие 

казахской 

терминологии

научно-технических  терминов.  Автором  затронуты  проблемы  перевода  данной

категории  терминов.  Выделяя  один  из  важных  и  значимых  методов  перевода  как

калькирование,  автор  приводит  ряд  примеров  их  использования.  Так  же  подчеркнута

важность и особое место калькирования в формировании профессиональных терминов,

написании научных учебников и пособий на государственном языке.

Summary

Introduction of new terms for modern Kazakh language is considered in this article. The

opinions of scientists about formation and development of scientific language are given by the

author. Positive review to restore Kazakh terminology is given in order to update the wealth of

the national language and further comprehensive use. Different opinions on the translation of

scientific terms into Kazakh are given.

Influence  on  the  development  of  Kazakh  terminology  of  Science  and  Technology  is

represented in this article. Such translation problems of terms are considered by the author. One

of the important methods of translation is tracing, the author shows examples of their use. The

importance of tracing on the formation of professional terms for writing books and text books in



the state language is given.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет