Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Ұлттық Ғылыми-техникалық сараптама мемлекеттік орталығЫ»


Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау



жүктеу 12.04 Mb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата28.12.2016
өлшемі12.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ғылым және технология саласындағы жүйелік сараптама және болжамдау

09


кезегінде бұларды жекелей әзірлеу жұмыстары 

біруақытта жүзеге асырылады. Алғашқыда жоғары-

да атап көрсетілген үш бағыттың біреуінің негізінде 

жасанды орган жасаудың кем дегенде 1-2 техноло-

гиясы әзірленеді деп күтіліп отыр (айталық, бауыр, 

бүйрек, тері). Бұдан сырт жануарлардың ұлпалар 

мен мүшелердің биоинженерлік технологияларын 

трансплантациялау «Ұлт денсаулығы» бағытының 

шеңберінде республикалық ауқымда клинкалық 

медицинаға тарату болады деген болжам бар. 

Бұл ретте, сапалы әрі тиімді көрсеткішке қол 

жеткізу үшін «Ақпараттық-коммуникациялар 

технологиялары» саласында төмендегідей ғы- 

лыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру қажет:

Медициналық наноматериалдар мен нанотехно-

логияларды компьютерлік үлгілеудің әдіс-тәсіл-

дерін әзірлеу;

3D-биопринтингті, адамның негізгі органдары 

мен ұлпаларын, сонымен қатар әртүрлі протез-

дер мен имплантантарды әзірлеу және де жетіл-

діру.

Бұған қоса, алғашқы өнімді алу үшін жаңа матери-



алдар бағытындағы зерттеулердің, оның ішінде мү-

шелер мен ұлпаларды құруға қажетті биологиялық 

инертті және биологиялық тұрғыдан сәйкес келетін 

материалдардың көрсеткіші қажет болады. 

Ал, екінші өнімді алу үшін төмендегідей тақырып-

тағы бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер өткізу 

және бағдарламалар жасау қажет: 

Клиникалық маңыздылығын және де ақпарат-

тық құндылығын ескере отырып геномдық және 

метагеномдық паспорттың үлгілерін әзірлеу;

Геномды және полиомиксті зерттеулердің не-

гізінде профилактикалық және клиникалық 

медицинаның әдістерін, сонымен қатар меди-

цина және экомедицинаға арналған интегральді 

биомаркерлер мен сынақ-жүйелерін жасаудың 

технологияларын әзірлеу. 

Бұл ретте, сапалы әрі тиімді көрсеткішке қол жеткі-

зу үшін «Биотехнология» саласында төмендегідей 

ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру қажет:

Тұқым қуалайтын және мультифакториалді па-

тологияның қалыптасуында генетикалық және 

қоршаған ортаның факторлық рөлін бағамдау; 

Генетикалық инженерия және жасушалық био-

инженерия өнімдерінің негізінде таргетті ісікке 

қарсы дәрі-дәрмектерді жасаудың технология-

сын әзірлеу;

Аталған бағыттың басты мақсаты нақты емделуші-

ге негізделгенін айта кету керек, ол сонымен қатар 

денсаулықты жоспарлауға, қалауыңа қарай профи-

лактикалық тәсілдерді таңдауға, ауру – сырқауды 

анықтау және емдеуға, жекелей алғандағы қор-

шаған ортаның тәуекелді факторларына шалдығып 

қалатынын болжамдайды. Жеке медицинаның 

концепциясы молекулярлы биология, геномика, 

протеомика және транскриптомика салаларынан 

алынған жаңа жетістіктердің септесуімен адам ден-

саулығы туралы егжей – тегжейлі ақпаратты және 

оның геномы (геномдардың жиынтығы) және про-

теомы (ген ақуыздарының кодтталған жиынтығы) 

туралы мәліметтерді бір жерге біріктіруге негіздел-

ген. Осы мақсатта тәуекелді бағалаудың және де 

мультифакториалды ауруларды пайда болуын ал-

дын–ала болжайтын алгоритмдер, геномның және 

транскриптомның жоғарыөнім беретін әдістері 

негізінде моногенді тұқым қуалайтын ауруларды 

диагностикалау және болжау әдістері жасалатын 

болады. 

Бұл ретте екінші өнімді алу үшін де «Ақпарат-

тық-коммуникациялар технологиялары» саласын-

да төмендегідей ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзе-

ге асыру қажет:

Биоақпараттық жүйелерді және интеллекту-

алдық медицина жүйелерінің сызбасын жасау 

барысында аса ауқымды мәліметтерді өңдей-

тін заманауи жүйені қолдана отырып зерттеу 

жүргізу;


Мамандарға арналған медициналық жүйелерді 

әзірлеу барысында және ауру – сырқауды баста-

пқы кезеңінде диагностикалау мақсатында жа-

санды интеллектінің негізінде зерттеу жүргізу.

Ал, үшінші өнімді алу үшін төмендегідей тақырып-

тағы бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер өткізу 

және бағдарламалар жасау қажет: 

Ауруларды емдеудің және зақымданған орган-

дардың қызметін қалпына келтірудің жасуша-

лық терапевтикалық технологиялары.

Аталған ғылыми бағытты жүзеге асыру өз кезегін-

де аурудың белгілерін байқалатын генотипі бар 

дақылдардың өзегіндегі жасушаларды кездесетін 

генетикалық ауруларды жоғары деңгейде зерттеуге 

және анықтауға жол ашады деп күтіліп отыр. Жа-

сушалардан алынған сызықтар дәрі – дәрмектерді 

және өзге де биологиялық дәрілерді сынақтан өт-

кізу ісінде де үлкен сұранысқа ие болады және де 

әртүрлі типтердің клеткаларына әртүрлі заттардың 

әсер етуін тиімді зерттеуге мүмкіндік береді, сол 

арқылы болашақ дәрілік заттың түрлі-түрлі ұлпа-

лар менмүшелер шеңберіндегі қолданыс аясын, 

белсенділігін алдын- ала анықтап, көрсетіп береді. 

Клиникалық тәжірибеге жасушалық- орын ауысты-

ратын терапияның жаңа әдістерін кіріктірудің нәти-

жесінде халықтық өмір сүру ұзақтығы артады және 

өмір сүру сапасы жақсарады. 

Бұл ретте, үшінші өнімді алу үшін де «Биотехноло-

гия» саласындағы жоғарыда атап көрсетілген тақы-

рыптық бағыттарды жүзеге асыру қажет, атап айтар 

болсақ, олар: 

10


Жасушалық терапия және дәрілік заттарды 

сынақтан өткузудың белгіленген специфичносы 

бойынша дифференцияланған жасушаларды 

алудың әдісін жасап шығару;

Генетикалық инженерияның өнімдері және жа-

сушалық биоинженерияның негізінде таргетті 

ісікке қарсы дәрілік заттарды жасаудың техно-

логиясын әзірлеу. 

Жасушалық терапия – медицина саласында аса 

қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі-

нен саналады. Болашақта зақымданған және жұ-

мыс жасамайтын жасушаларды ауыстыру әзіргі 

күні емделмейтін сырқат түрлерінің қатарынан са-

налатын ауруларды емдеудің бірден- бір әдісіне ай-

налуы мүмкін. Ауруларды емдеу ісінде жасушалық 

терапияны кеңінен қолдану үшін бірінші кезекте 

емделушінің өзіне тиесілі өзекті жасушаларынан 

жеткілікті дәрежедегі немесе көлемдегі дифферен-

цияланған жасушаларды алудың мәселесін шешу 

қажет. 


Сонымен қатар, бұдан бұрын айтып өткеніміздей, 

белгілі бір жасушаларды алу үшін дифференцияла-

удың бесфидерлік жүйесі және егуі әзірленетін бо-

лады, бұл өз кезегінде оларды клиникалық тәжіри-

беге кіріктірудің процесін жеделдетеді. 

Ал төртінші кезектегі өнімді алу үшін төмендегідей 

тақырыптық бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер 

және бағдарламалар жасалуы қажет: 

Инфекциялық ауруларды қоздырғыштардың 

дәрілік заттарға қарсы тұрақтылығының профи-

лактикалық технологиялары.

Аталған бағыттарды зерттеудің аясында Қазақстан 

Республикасының территориясындағы дәрілік 

резистентностьті, дәрілік заттардың клиникалық 

тұрғыдан алғандағы тиімділігін зерделеу бойынша 

жұмыстар жүргізіледі және де дәрілік заттардың 

клиникалық тиімділігін арттыруға арналған әдістер 

жасалынады, фармакотерапияның резистентция-

сы төмендейді деп болжанып отыр. Осының нәти-

жесінде сәйкесінше келесідей көрсеткіштерге қол 

жеткізілмек. 

«Биотехнологиялар» саласында аса қажетті сана-

лады: 

Прокариотикалық және эукариотикалық жасу-



шаларында өзіндік емдік қасиеті бар рекомби-

нантты ақуыздарды және пептидтарды алудың 

технологиясын әзірлеу. 

Жасушалық терапия және де дәрі- дәрмекті 

сынақтан өткізуге арналған белгіленген ерек-

шелігі бойынша дифференцияланған клетка-

ларды алудың әдісін жасап шығару. 

Аталған зерттеулер биофармацевтика саласына 

қатысты екендігін айта кетелік. Осынау сала өз ке-

зегінде ДНК рекомбинанты технологиясында бұдан 

бұрын табиғи таза көздерден алынған фармаколо-

гиялық тұрғыдан белсенді ақуыздардың биоаналог-

тарын (“biosimilars”) алуға арналған. Зерттеулер Қа-

зақстанда қатарына эукариотикалық жасушаларға 

гендерді тасымалдаудың тиімді векторлары, ақуы-

здарды тазалаудың технологиясы және олардың та-

залығын бағалау, жасушалық дақылдар және де in 

vivo жағдайындағы биоаналогтардың биологиялық 

әрекетін бағалаудың технологияларын біріктіретін 

гендік инженерияның прокариот және эукариот 

технологиясын қолданудың нәтижесінде рекомби-

нантты ақуыздар мен пептидтер негізіндегі зама-

науи дәрі-дәрмек өндірісінің қабырғасын қалауға 

бағытталған. Мұндай технологияларды әзірлеу және 

өзіңе қарасты ауқымды өнеркәсіп ашу импорттық 

алмасудың негізін қалауға мүмкіндік туғызады, 

GMP жағдайындағы фармацевтикалық биоаналог-

тар өндірісіндегі технологиялық олқылықтардың 

орнын толтырады және де республика тұрғындарын 

қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етеді. 

 

Осынау көрсеткіштерге қол жеткізу үшін «Ақпарат-



тық-коммуникациялар технологиялары» саласын-

да жоғары атап өтілген ғылыми зерттеулер мен жұ-

мыстарды жүзеге асыру қажет: 

Жасанды интеллект негізінде ауру-сырқауды 

ерте диагностикалау бойынша мамандарға ар-

налған медициналық жүйені әзірлеу;

Құрылымсыз медициналық мәліметтерді өңдеу-

ге арналған BigData-ны қолданудың технологи-

ясын жасап шығару;

Жасанды интеллектіні қолданудың технология-

сын жасау және де медицинаның түрлі салала-

рында роботтандырылған жүйелерді әзірлеу;

Клиникалық және де ақпараттық құндылығын 

ескере отырып геномдық және де метагеном-

дық паспорттың үлгісін әзірлеу;

Геномдық және полиомикстік зерттеулердің не-

гізінде профилактикалық және клиникалық ме-

дицинаның әдістерін жасау. 



Интеграцияланған денсаулық сақтау саласы: 

денсаулықты қорғаудың халықаралық пәндік 

сынақтары:

Халықаралық пәндік зерттеулер мен әзірлеме-

лердің аталған бағыт бойынша негізгі өнімдері мен 

қызмет көрсету түрлері болып келесідей дүниелер 

танылады: 

1)

  Диагностикадағы және ауру-сырқауды емдеу-



дегі IT-технологиялар;

2)

 Экологиялық және техногендік апаттардың 



кесірінен туындаған ауруларды емдеу, профилак-

тикалау және диагностикалау технологиялары;

3)

  Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тех-



нологиялар;

4)

  Аса қауіпті аурудың пайда болуын күні бұрын 



біліп, сақтандыратын және диагностика құра- 

лы болып табылатын технологиялар.

11


Бұл ретте бірінші өнімді алу үшін «Дистанционды 

диагностика және аурулар терапиясына арналған 

IT-технологиялар» деп аталатын тақырыптық 

бағытта ғылыми зерттеулер жүргізу қажет, мұның 

мақсаты динамикалық бақылаудың телемедици-

налық жүйесін жасау болып табылады:

Созылмалы аурулармен ауыратын ем-

делушілерді екі шоқып, бір қарап бақылау; 

Өздерінің мамандығына қарай аса ауыр (ерек-

шеліктер) міндеттер жүктелген сол үшін де 

денсаулығын тұрақты түрде тексертіп отыруды 

қажет ететін өнеркәсіп объектілеріндегі жұмыс-

шылардың денсаулық жағдайын бақылау (айта-

лық, атомдық электростансының жұмысшыла-

ры); 

Үй жағдайында ем-дом қабылдап жатқан ем-



делушіге дистанциондық тұрғыдағы медици-

налық көмек көрсету, бұл, мысалға үнемі әрі 

тұрақты түрде тексеріліп отыруға тиісті жүрек 

талмасы ауруларына шалдыққан адамдар үшін 

аса маңызды. 

Сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін «Ақпарат-

тық-коммуникациялар технологиялары» саласын-

да келесідей зерттеулер жүргізу қажет: 

Клиникалық және де ақпараттық құндылығын 

ескере отырып геномдық және де метагеном-

дық паспорттың үлгісін әзірлеу;

Геномдық және полиомикстік зерттеулердің не-

гізінде профилактикалық және клиникалық ме-

дицинаның әдістерін жасау;

Жасанды интеллект негізінде ауру-сырқау 

анықталған жағдайда оларды ерте бастан диа-

гностикалау бойынша мамандарға арналған ме-

дициналық жүйені әзірлеу;

Құрылымсыз медициналық мәліметтерді өңдеу-

ге арналған BigData-ны қолданудың технологи-

ясын жасап шығару;

Жасанды интеллектіні қолданудың технология-

сын жасау және де медицинаның түрлі салала-

рында роботтандырылған жүйелерді әзірлеу;

Клиникалық және де ақпараттық құндылығын 

ескере отырып геномды және метагеномдық 

паспорттың үлгісін әзірлеу;

Геномдық және полиомикстік зерттеулердің не-

гізінде профилактикалық және клиникалық ме-

дицинаның әдістерін жасау;

Мобилді денсаулық сақтау және сенсорлық тех-

нологиялар;

Тасымалдаушы сенсорлық биометрикалық 

тетіктер және құрылғылар;

Сымсыз технологиялар және денсаулық сақтау-

ды виртуализациялау;

Мобилді медициналық роботтарды пайдалану;

Электрондық медицина карталарын жүзеге 

асыру және персоналді профилдерді құруға ар-

налған жұмыстарды қолданудың технологиясын 

әзірлеу;

Емделушілердің жойылған мониторингіне ар-

налған жаңа шешімдерді әзірлеу бойынша зерт-

теулер жүргізу;

Емделушілердің мониторингіне арналған био-

сигналды өңдеудің технологиясын жасап шыға-

ру; 

3D кескіндерді өңдеудің технологиясын әзірлеу;



Адамның физиологиялық статусын анықтауға 

арналған роботтандырылған жүйені әзірлеу бой-

ынша зерттеулер жүргізу; 

Жасанды интеллекті технологиясының негізінде 

емдік-диагностикалық процесті басқару және 

автоматтандыруды әзірлеп шығару.

Ал екінші өнімді алу үшін «Адам экологиясы және 

қоршаған ортаның тазалығы негізінде туындаған 

мәселелерді зерттеу» деп аталатын тақырыптық 

бағыты бойынша ғылыми зерттеулер мен бағдар-

ламаларды жүзеге асыру керек. Бұл зерттеулердің 

қатарына мыналар кіреді:

Табиғи және техногенді апаттардың дені-қарны сау 

тұрғындарға тигізер кері әсері, заманауи диагно-

стиканың технологияры, медициналық зауалдар-

ды тиімді емдеу және профилактикалау, жеке және 

популяциялық деңгейде кешенді түрде бейімдеу 

іс-шараларын жоспарлау жүйесін әзірлеу қажет.

Аталған саладағы атқарылмақ жұмыстар өзекті, әрі 

ғылыми тұрғыдан алып қарастырғанда жаңа дең-

гейде, себебі жыл өткен сайын қоршаған ортаға де-

ген антропогендік әсерлердің деңгейі артып келеді, 

мұндай әсер етудің сипаты да өзгеріп келе жатыр. 

Көптеген аурулардың асқынуы, пайда болуы тіке-

лей немесе жанама түрде қоршаған ортаның қолай-

сыз факторларына байланысты туындауда. 

Табиғи және техногендік апаттардың зауалы өз ке-

зегінде қоршаған ортаның зиянды әрі қолайсыз 

факторларының әсерінен диагностикалау және ау-

руларды емдеудің медициналық қызметіне деген 

сұранысты арттырып отыр (тыныс алу жолдарының 

аурулары, онкологиялық аурулар, аллергиялық ау-

рулар және т.б ).

Бұл ретте зерттеу нәтижелері табиғи және техно-

генді апаттардың адам денсаулығына тигізер кері 

әсерін болжауға, сонымен қатар сауықтыру іс-ша-

раларына арналған әдіс-тәсілдік құралдарды жасап 

шығаруға мүмкіндік береді. 

Аталған тарапта сапалы көрсеткіштерге қол жеткізу 

үшін «Биотехнология» және «Ақпараттық-комму-

никациялар технологиялары» саларындағы тақы-

рыптық бағыттарды жүзеге асыру қажет екендігін 

айта кетуіміз керек, бұлар: 

Иммунодиагностикалық сынақ-жүйелеріне ар-

налған жиынтықтарды алудың технологиясын 

жасап шығару;

Прокариотикалық және де эукариотикалық жа-

12


сушаларында өзіндік емдік қасиеті бар реком-

бинантты ақуыздарды және пептидтарды алу-

дың технологиясын әзірлеу.

«Ақпараттық-коммуникация технологиялары» са-

ласында:

Экологиялық және техногендік апаттардың 

кесірінен туындаған ауруларды емдеу, профи-

лактикалау және диагностикалау технологияла-

ры;

Қүрылымсыз медициналық мәліметтерді өңдеу-



ге арналған BigData-ны қолданудың технологи-

ясын жасап шығару;

Электрондық медицина карталарын жүзеге 

асыру және жеке профилдерді құруға арналған 

жұмыстарды қолданудың технологиясын әзір-

леу.


Аталған зерттеулердің мәні мен мазмұны жоғарыда 

жан-жақты баяндалған болатын.

Осы орайда көңіл толарлық көрсеткіштерге қол 

жетізу үшін «Аграрлық сектордың тұрақты дамуы, 

азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және оларды 

қайта өңдеу» саласының «Халықаралық эпизоот-

икалық бюросының талаптарына сәйкес эпизоот-

икалық процесстерді және аса қауіпті ошақтарды, 

карантинге, сонымен қатар эмерджентті ауруларға 

шалдыққан жануарларды бақылау бойынша ғылы-

ми тұрғыдан дәлелденген жүйені әзірлеу және 

жетілдіру» тақырыбының негізіндегі ғылыми жұмы-

стар қажет болады. 

Ал Қазақстан Республикасының эпизоотологиялық 

сипаты біздің елімізде 123 жұқпалы аурулардың бар 

екенін көрсетіп отыр, бұлардың 90% адам және жа-

нуарға ортақ ауру түрлері болып саналады. 

Жануарлар арасындағы ауру-сырқаудың жоғары 

пайызы өз кезегінде адам денсаулығына аса қауіпті 

эхинококкоз, токсокароз, альвеококкоз, описторхоз 

сияқты дерттерді асқындыруы мүмкін.

Бұған қоса алыс -жақын шетелден тасымалдана-

тын ірі қарамен бірге эмерджентных аурулардың 

жаңа түрлері қоса келуі де ғажап емес (Шмаллен-

бер дерті, Рифт алқапбының безгегі, Акобане ауруы, 

Найроби ауруы, шошқалардың африкалық обасы, 

блютанг және тағы да басқалары). 

Жануарлардың жұқпалы аурулары жөніндегі біздің 

елдегі, сонымен қатар алыс-жақын шетелдегі но-

зологиялық профилді және де эпизоотикалық 

жағдайды жақсы білу ветеринарлық қызметтің 

тәжірибелік стратегиясы мен тактикасын айқында-

уға, жануарлардың инфекциясы мен инвазиясына 

қарсы күрестің әдістеріне қажетті ғылыми әлеу-

етті дұрыс жолға бағыттауға, соның нәтижесінде 

мал шаруашылығындағы ветеринарлық саулықты 

қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Бұған қоса бір уақытта «Қоршаған орта және табиғи 

ресурстар» саласында «Ағынды суды тазалау, газта-

залау сонымен қатар шаң- тозаң тұту» тақырыбы бой-

ынша зерттеулер жүргізу де аса қажетті саналады. 

Әртүрлі әдістерді экологиялық және экономикалық 

тұрғыдан жетілдіре түсу жұмыстары өз кезегінде 

суды тазалаудың технологиялары мен құралдары-

ның жетілуіне, заман талабына сай өзгеруіне алып 

келеді. 


Бұл ретте үшінші өнімді алу үшін төмендегідей 

тақырыптық бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер 

және әзірлемелер жасау аса қажетті деп саналады. 

Қауіпсіздікті сақтаудың технологиялары және 

тағам өнімдері мен өндірістік шикізаттың сапа-

сы;


Генно-модификацияланған өнімдердің сапасы 

және олардың жағымсыз, қолайсыз әсерлерін 

бағалайтын технологиялар.

Аталған тақырып бойынша жүргізілген зерттеулер 

нано- және биотехнологияның негізінде жасала-

тын өнімдерге баса назар аудара отырып тағам-

ның зиянсыздығы, қауіпсіздігі сияқты мәселелерін 

шешуге бағытталды, сонымен қатар мемлекет-

тік жүйедегі тағам өнімдерінің және азық-түліктік 

шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көрініс 

табатын тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және де са-

пасын анықтайтын жоғарыдеңгейдегі бағалау әді-

стерінің талаптары мен жобасын негіздейді. 

Ал зерттеулердің нәтижелері өз кезегінде денсау-

лық сақтау жүйесіндегі санитарлық-эпидемиологи-

ялық қызметті ұйымдастыруға, сонымен бірге тағам 

өнімдерін өндіретін және қайта өңдейтін сертифи-

кациялық және өндірістік ветеринарлық әрі мемле-

кеттік зертханаларға көмегін, септігін тигізеді. 

Бұл ретте нақты сапалы көрсеткіштерге қол жеткі-

зу үшін «Биотехнология» саласындағы жоғарыда 

айтып өткен тақырыптық бағыттарды жүзеге асыру 

қажет болады: 

Фармацевтикалық, тағамдық және қайта өңдеу 

жұмыстарымен айналысатын кәсіпорын мен 

ауыл шаруашылығына арналған биокатализдің 

технологиясын әзірлеу;

Этномәдени және аймақтық ерекшеліктерді 

есепке ала отырып тағам және де қайта өңдеу 

өнеркәсібіне арналған ашытқыларды құру мақ-

сатында микроорганизмдердің жаңа консорциу-

мын әзірлеу. 

Биотехнология әдістерін пайдалану негізін-

де өсімдіктердің нативті және жерсіндірілген 

түрлерінен биологиялық белсенді заттардың 

бөлінуі.


Иммунодиагностикалық сынақ-жүйелеріне ар-

налған компонентерді алудың технологиясын 

жасап шығару.

13


Аталған зерттеулердің мәні мен мазмұны жоғарыда 

жан-жақты баяндалған болатын.

Сонымен қатар «Аграрлық сектордың тұрақты да-

муы, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және олар-

ды қайта өңдеу» саласында мынаны ескеру керек: 

Халықарылық эпизоотикалық бюросының та-

лаптарына сәйкес эпизоотикалық процесстерді 

басқару және аса қауіпті, карантинді, сондай-ақ 

эмерджентті ауруларға шалдыққан жануарлар-

ды купелілік бойынша ғылыми тұрғыдан жан-

жақты дәлелденген іс-шаралар жүйесін әзірлеп 

шығару;


Азық-түлік өнімдерін заманауи әдістермен жоба-

лау жұмысы негізінде қоғамның жасы жағынан 

түрлі-түрлі топтарына арналған (балалар тамағы, 

мектепке дейінгі, мектеп кезіндегі геродиетика-

лық және т.б.) бұқаралық тұтыну өнімдерін құру-

дың техникасын және де технологиясын әзірлеп 

шығару;

Тағамдық тұтыну өнімдерін өсіп-жетілдіру барысын-



да оларды (идентификациясы, бағасы және басқа-

рылуы) биологиялық, токсикологиялық, радиоло-

гиялық, химиялық және физикалық сараптамадан 

өткізу (тағам өнімдерінің өндірісі кезінде олардың 

адам ағзасын қаншалықты қауіпті екендігін әдісте-

ме арқылы анықтау).

Қазіргі күнгі негізгі азық-түлік өнімдерін өндірудің 

технологиясын әзірлеу барысында түп негізіне – 

негізгі және көмекші шикізаттың сұрыптары енген 

өнімдердің рецептурасын нобайлау және жобалау 

әдістерін міндетті түрде қолдану керек. Бұлар өз 

кезегінде медициналық нормалардың ұсыныста-

рын есепке ала отырып өнімнің биологиялық құн-

дылығын қамтамасыз етеді.

Қазақстанда «сонау фермадан бастап үстелге» 

жеткенге дейінгі кезеңде қауіпсіздік шараларын 

жүргізу, азық-түлік өнімдерінің құрамында қауіпті 

заттарды анықтаудың әдістерін зерттеу, зерделеу-

дің маңыздылығы дәлелдеуді қажет етпейді. Әзіргі 

күні жергілікті микроорганизмдердің штаммасының 

негізінде құрылған, ауылшаруашылығы жануарла-

рын сауықтыру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз 

ететін, сөйтіп сәйкесінше мал шаруашылық өнімінің 

сапасына әсер ететін қаржылық жағынан тиімді 

сынақтар, диагностикумдар және вакциналар, про-

биотикалық дәрі-дәрмектер әзірленіп жатыр.

Бұған қоса, аталға өнімге қол жетізу үшін жаңа ма-

териалдар саласында, анықтап айтар болсақ азық-

түлік өнімдерінің сапалық тұрғыдағы құндылығын 

жоғалтпай ұзақ мерзімге сақтауды қамтамасыз 

ететін қаптама материалдары саласында зерттеу-

лер жүргізу ауадай қажет. 

Бұл ретте төртінші өнімді алу үшін келесідей тақы-

рыптық бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер мен 

бағдарламалар жасау қажет:

Аса қауіпті инфекциялық ауруларды қоздыра-

тындарды тиімді эпидемиологиялық қадалау 

технологиялары;

Аса қауіпті инфекциялар туралы алдын-ала ха-

бар беретін диагностика және сақтандыру тех-

нологиялары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері-

не қарағанда жыл өткен сайын аса қауіпті инфекци-

ялардың эпидемиясы мен пандемиясы анықталып 

жатқан мемлекеттердің тізімі көбейген үстіне көбейіп 

келеді. Патогенді микроорганизмдердің резистентті 

формаларының көптеп таралуының кесірінен сырқат-

танған және арты өліммен аяқталған жағдайлардың 

саны да артып келе жатыр. Аса қауіпті инфекциялық 

аурулардың пайда болуына және сонымен қатар 

олардың эндемикалық территориялардың шекара-

сынан шығып таралуына интеграциялық байланы-

стардың дамуы, сауда-экономикалық әріптестіктің 

кеңейуі, азық-түлік өнімдерін әлемнің ана шетінен 

мына шетіне көзді ашып жұмғанша жеткізетін замана-

уи транспорттық құралдар әсер етіп отыр. Мұның бар-

лығын бірге қарастырар болсақ, әзіргі күні аса қауіпті 

инфекциялардан алдын – ала сақтандыратын және 

ерте диагностикалайтын тиімді жүйенің мониторингі 

мен технологиясын әзірлеу қажет. 

Мемлекеттің биоқауіпсіздік мәселелерін бір- 

жолата шешу үшін елімізде аса қауіпті инфекциялық 

аурулардың дамуын бақылауда ұстайтын және бол-

жап отыратын мониторинг жүйесінің тұрақты дең-

гейде әрі тиімді түрде жұмыс істеп тұрғаны маңы-

зды, бұл өз кезегінде қан сарысулары құрамының 

қаншалықты паспортталғаны туралы деңгеймен 

айқындалатындықтан, қоғамды шынайы ақпарат-

пен қамтамасыз етуді қажет етеді. 

Молекулярлық биология, биотехнология және де 

биоинформатика салаларындағы ауыз толтырып 

айтуға тұрарлық жетістіктер, сонымен қатар ген-

дерді секвенциялау және сараптамадан өткізу мүм-

кіндігі ерте диагностика, профилактика және аса 

қауіпті инфекцияларды емдеудегі технологияларды 

әзірлеудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. 

Зерттеу нәтижелерінің көрсеткіштері денсаулық 

сақтау жүйесінің санитарлық-эпидемиологиялық 

қызметінің, мемлекеттік және ветеринарлы өн-

дірістік, сонымен қатар сертификациялық қызмет 

көрсететін мекемелердің, былайша айтқанда ден-

саулық сақтау саласының барлық деңгейіндегі ұй-

ымдарында кеңінен қолданылатын болады. 

Алайда жоғары атап өткен көрсеткіштерге қол жет-

кізу әсте оңай емес, ол үшін «Биотехнология» сала-

сында келесідей тақырыптық бағыттарды жүзеге 

асыру қажет: 

14


1.

  Вакциналық дәрі-дәрмектерді қалыптастыруға 

арналған генетикалық тұрғыдан модицикация-

ланған микроорганизмдерді құру жұмысы. 

2.

  Иммунодиагностикалық сынақ-жүйелеріне ар-



налған компоненттерді алудың технологиясын 

әзірлеп шығару.

3.

  Тұқым қуалайтын және мультифакториальді па-



тологияның қалыптасуындағы генетика және 

қоршаған ортаның факторларының рөліне баға 

беру. 

4.

  Иммунодиагностикалық сынақ-жүйелеріне ар-



налған компоненттерді алудың технологиясын 

әзірлеп шығару.

Аталған зерттеулердің мәні мен мазмұны жоғарыда 

жан-жақты баяндалған, қарастырылған болатын.

Бұдан бұрын айтылғандай, жақсы нәтижелерге қол 

жеткізу үшін «Аграрлық сектордың тұрақты дамуы, 

азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі және оларды 

қайта өңдеу» саласының «Халықаралық эпизоот-

икалық бюросының талаптарына сәйкес эпизоот-

икалық процесстерді және аса қауіпті ошақтарды, 

карантинге, сонымен қатар эмерджентті ауруларға 

шалдыққан жануарларды бақылау бойынша ғылы-

ми тұрғыдан дәлелденген жүйені әзірлеу және 

жетілдіру» тақырыбының негізіндегі ғылыми жұ-

мыстар қажет болады. Сонымен қатар, «Қоршаған 

орта және табиғи ресурстар»: ағын суларды тазарту, 

газтазарту және шаң–тозаңнан арылту жүйесі са-

ласында ғылыми зерттеулер және бағдарламалар 

әзірлеу қажет.

Аталған зерттеулердің мәні мен мазмұны жоғарыда 

жан-жақты баяндалған, қарастырылған болатын.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Мұратбеков Сайын
files -> ҚазҰТУда «Ерлігі жүрегінде елінің» атты Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
files -> БАҒдарламасын дамыту жолдары ақашева Ә. С г.ғ. к., доц., Дүйсебаева К. Ж. г.ғ. к., доц
files -> А. Т. Селкебаева
files -> Бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін) Түсінік хат
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет