Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов


«Егемен Қазақстан» газеті. 2003. 26 қыркүйек. 4-б



Pdf көрінісі
бет14/32
Дата22.12.2016
өлшемі3,95 Mb.
#48
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32

«Егемен Қазақстан» газеті. 2003. 26 қыркүйек. 4-б.

250

МӘДеНи МұРА – РУХАНи жАҢҒЫРУДЫҢ НегіЗі

Президентіміз  нұрсұлтан  Әбішұлы  назарбаевтың  орасан 

еңбегі мен аса биік беделінің арқасында қазір Қазақстанды бүкіл 

әлем  таныды.  Әсіресе,  саясат  пен  экономика  жағынан  жеткен 

табысымыз  көптеген  мемлекеттерді  таң  қалдыруда.  Ал  рухани-

мәдени тұрғыдан біздің елді дәл осы дәрежеде әлем тани қойды 

ма? Шынын айту керек, тани қойды деп айту қиын. Президент, 

міне, бұл салада да бастамашы болып, өзінің биылғы Жолдауын-

да мәдени-тарихи мұраны сақтауға, оны зерттеуге айрықша мән 

берді. Жолдауының үлкен бір бөлімін осы мәселеге арнап, мәдени 

мұраны  қоғамымыздың  тұрақты  дамуы  жолында  пайдаланудың 

стратегиялық бағдарламасын жасады.

Мемлекет  басшысының  өзі  мәдени  мұраға  мұншалықты 

көңіл  бөліп,  оған  қамқорлық  көрсетуі  –  арғы-бергі  тарихта  бо-

лып көрмеген оқиға. осының өзі мәдени мұраның мемлекетіміз 

бен халқымыз үшін қаншалықты маңызды екенін айғақтайды.

Президенттің  Жолдауына  сәйкес  М.  Әуезов  атындағы 

Әдебиет және өнер институты бірнеше жоба ұсынды. Солардың 

ішіндегі ең бастылары: 100 томнан тұратын «Бабалар сөзі» атты 

жүздеген  фольклорлық  шығармаларды  қамтитын  серия.  Бұған 

Қытай  мен  Моңғолияда  тұратын  қазақтардың  фольклоры  да 

енеді.  Сондай-ақ  «Қазақ  музыкасының  антологиясы»  атты  5 

томдық жинақ шығару да көзделіп отыр. Екі үлкен серияға да ма-

териал жеткілікті. Біз ұсынған тағы да бірнеше жоба мемлекеттік 

бағдарламаға еніп отыр. Мен оларды санамалап жатпаймын. Ай-

тайын дегенім – мәдени мұраны сақтау мен игеру, зерттеу мен 

қоғам игілігіне жарату проблемалары.

Мәдени  мұраның  түрлері  көп.  Солардың  ішінде  рухани 

мұра айрықша көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені бұл мұра бізге, 

негізінен, ауызша формада, қолжазба күйінде және кітап түрінде 

жеткен. олардың сақталуы – өте қиын әрі күрделі іс. Ел аузын-

да  айтылып,  бірден-бірге  ауысып  жүретін  шежіре,  аңыз,  жыр, 

өлең,  терме,  мақал-мәтел,  т.б.  дүниелер  көне  көз  қариялармен 

бірге  өмірден  көшіп,  жоққа  кетіп  барады.  Ал  қолжазбалар 

ескіріп,  тозып  жатыр.  Сондықтан  ең  зәру,  кезек  күттірмейтін 

мәселе  –  жоғарыда  аталған  мұра  түрлерін  тездетіп  жинау  мен 

тиісті  жағдайда  сақтау.  Бізге  бабаларымыздан  жеткен  мұраны 

аман-есен  келер  ұрпаққа  аманат  етіп  беру  –  тарих  пен  халық 

алдындағы басты парыз.


251

Екінші  мәселе,  рухани  мұраны  қайта  тану,  жаңаша  игеру. 

тану  дегеніміз  –  екі  процестен  тұрады.  Бірі  –  мұраны  сақтап 

қана  қоймай,  халықтың  арасына  тарату,  яғни  халық  мүлкін 

халықтың өзіне қайтару. оны жүзеге асырудың жолдары – жи-

налып,  сақталып  жатқан  мәтіндерді  кітап  етіп  жарыққа  шығару 

және ежелгі ән мен күйді, биді, қолөнерді жас буынға үйрету. Ру-

хани мұраны танудағы екінші процесс – оны ғылыми түрде зерт-

теу. Сөйтіп, халыққа мұра болып жеткен рухани мәдениетіміздің 

мағынасын, мәнін, маңызын ашып беру, рухани мұраның ел өмірі 

мен  тарихында  атқарған  рөлін,  бүгінгі  болмыстағы  қызметін 

көрсету. Сондай-ақ, біздің мұрамыз – күллі адамзат мәдениетінің 

ажырамас  бір  бөлігі  екенін  дәлелдеу.  ол  үшін  фольклор  мен 

әдебиеттің классикалық шығармаларын әлемдік тілдерге аудару 

қажет, сөйтіп, біздің рухани мұрамызды басқа елдерге танытуға 

болады.


Үшінші мәселе, мәдени мұрамызды бүгінгі рухани өміріміздің 

игілігіне  жарату,  яғни  мұраны  қазіргі  мәдениеттің  қайнар  көзі 

екенін ескере отырып, оны шығармашылық жолмен пайдалану. 

Бұл – бүгінгі жаһандану жағдайында ерекше маңызға ие болып 

тұрған проблема.

осы тұста мына мәселеге көңіл аудартқым келеді.

Жаһандану  –  бүгін  ғана  пайда  болған  құбылыс  емес. 

Жаһандану  –  Америка  мемлекеті  ойлап  шығарған  нәрсе  де 

емес.  Жаһандану  –  ерте  замандарда  басталған  үрдіс.  Сонау 

антика  дәуіріндегі  Греция  мен  Персияның,  Египет  пен  Рим 

империясының уақытындағы мемлекеттер мен халықтардың кей-

де соғысып, кейде бейбіт өмір сүріп, бір-бірімен қарым-қатынаста 

болғаны,  соның  нәтижесінде  біріне-бірі  әсер  етіп,  бірінен-бірі 

үйренгені белгілі. Сондай-ақ христиан мен буддизмнің, исламның 

дүние жүзіне тарауы – көп халықтардың жаһандану процесінде 

болғанын  дәлелдейді.  демек,  қай  заманда  да  жаһандану  жүріп 

жатқан.

Қазақ  халқы  да  жаһандану  процесіне  ерте  түскен.  Ежелгі 



және  орта  ғасырларды  айтпай-ақ,  кеше  ғана  өткен  ХХ  ғасырды 

еске алайықшы. Қазақтар өзінің үйреншікті көшпелі өмір салты-

мен қоштасып, отырықшылыққа үйренді, өндірістік технология-

ны меңгерді. тіпті үй-тұрмысымыз да жаһандануға түсті: киіз үйді 

тастап, ағаш үйге, кірпіш тамға қоныстандық, киіміміз еуропалық 

үлгіге ауысты, тамағымызға да басқа дәмдер араласты. Сол сияқты 



252

рухани  салада  да  өзгерістер  болды:  театр,  опера,  балет,  симфо-

ния, кино, теледидар, радио – осының бәрі жаһанданудың нағыз 

өзі.  демек,  жаһанданудан  қашып  құтылу  мүмкін  емес.  Қазіргі 

біртұтас ақпараттық әлем кеңістігінде – бұл өте қиын іс.

Басты  мәселе  –  жаһанданудың  ұлттық  рухқа  зардабын 

тигізбеуінде. ол үшін не істеу керек? Біздің ойымызша, мәдени 

мұрамыздың қазіргі өмірге, бүгінгі қоғамға жұмыс істеуі қажет. 

Рухани  саладағы  жаһандану  екі  жақты  жүріп  жатқаны  мәлім. 

Бір жағынан – әлем мәдениетінің классикалық туындылары та-

рап жатса, екінші жағынан, «көше мәдениетінің» азғын үлгілері 

насихатталуда.  Соңғысының  әсерін  азайту  мақсатында  рухани 

мұраны  пайдаланып,  мәдениет  нарқына,  яғни  мәдени  бәсекеге, 

таласқа түсу керек. Рухани мұрамызды музей экспонаты құсатып 

сақтап  қана  қою  жеткіліксіз.  оны  бүгінгі  өмірдің  талабына,  ең 

әуелі  жастардың  талғамына  сай  етіп  жаңғырту,  жаңарту  қажет. 

Ежелгі ән мен күйді, биді, зергер бұйымдарын, т.б. мұрамызды сол 

дәстүрлі қалпында орындаумен ғана шектелуге әсте болмайды.

Әр  дәуір,  әр  ұрпақ  өз  талап-талғамына  сәйкес  мәдениетті 

қажет етеді және сондай мәдениетті жасайды. Ендеше біз бүгінгі 

жастарға тек бұрынғы дүниені ғана орында және тек сол дәстүрде, 

сол  қалпында  орында  деп  талап  қоймауымыз  керек.  Жастарға 

–  мәдени  мұраны  жақсы  біл,  меңгер  және  оны  өз  дәуіріне  сай 

етіп  пайдалана  біл,  жетілдір,  алға  дамыт  деп  талап  қойған  жөн 

сияқты. Егер жас буын мәдени мұрамызды жетік білсе, оны игер-

се және мұраны сақтаумен бірге оны шығармашылықпен пайда-

ланып, жаңа ұлттық мәдениет жасаса, қазақ халқының рухы да, 

мәдениеті де зиянды жаһанданудың шылауында кетпесі анық.

 

«Егемен Қазақстан» газеті. 2003. 2 желтоқсан. 3-б. 


253

жАһАНДАНУ жӘНе БіЗДеР, ҚАЗАҚТАР

Президент  нұрсұлтан  назарбаевтың  Ақтау  мен  Атырау 

қалаларында айтқан екі сөзі көңіліме ұялап, біраз ойға жетеледі. 

Ақтаудағы зиялылармен кездескенде Елбасы: я люблю «Мастера 

и Маргариту» и «томирис» я люблю. но сколько можем жить в 

музее, в истории? Смотрите, какие перемены происходят вокруг. 

вы сами сказали, люди изменились, страна изменилась, история 

изменилась. И наши драматурги, писатели не могут написать про-

изведения на современную тему. Какие на наших глазах проис-

ходят величайшие события» – деп, сонда отырғандарға ой тастай 

қарады. Ал, Атырауда жастармен кездескен жиында: – «Мен со-

нау  18  жасымда  украинаға  барып,  сонда  оқып,  Қарағандыдағы 

металлургия  комбинатында  жұмыс  істедім.  Қиын  болды.  Кейбі-

реулер  «қазақтардың  қолынан  қой  баққаннан  басқа  ештеңе 

келмейді» – деп жүрді. Мен өзіме «өлсем де осы жұмысты істеп, 

металлург болам» – деп ант еттім» деп жастық шағын еске алды. 

Президенттің  осы  екі  сөзінде  өте  терең  сыр,  аса  маңызды 

проблема жатыр. Екі сөз де қазақтың болмысы мен болашағына 

қатысты деп ойлаймын. 

осы ойымды тарата айтайын.

Қазіргі  заманда  бүкіл  әлем  жаһандану  процесіне  еніп,  мем-

лекеттер  бір-бірімен  тығыз  байланыс  орнатып  жатыр.  Әсіресе, 

экономика мен саясат салалары айрықша жаһанданып жатқаны 

белгілі.  техника  мен  ғылым  да  бұл  үрдістен  қалып  жатқан  жоқ. 

Соңғы  екеуінің  жалпы  табиғаты-жаһандық.  олар  бір  ұлтттың, 

немесе  бір  қоғамның,  яки  бір  мемлекеттің  шеңберінде  қала  ал-

майды.  Бұл  салалардағы  жетістіктер  бүкіл  адамзат  кәдесіне  жа-

райды.  олай  болмаған  күнде  өркениет  дамымайды.  Міне,  осы 

ғылым  мен  техникадағы  табыстарды  қазақ  елі  де  пайдалануда. 

Бүгінгі  өмірімізде  қолданып  жүрген  техникалық  бұйымдар  мен 

өнімдер, мініп жүрген көлігіміз, үстіміздегі киімдеріміз бен жеп 

жүрген  тағамдарымыз,  тұрып  жатқан  үйіміз  бен  ондағы  алу-

ан  түрлі  заттар  (телефон,  телевизор,  тоңазытқыш,  жиһаз,  лю-

стра, т.б.) – бұлардың бәрі қазақтың ежелгі дүниесі емес, сырт-

тан  келгендер,  яғни  жаһанданудың  нәтижесі.  Бірақ  осыдан  біз 

жамандық  көріп  отырмыз  ба?  Жоқ.  Қайта  қуана-қуана  сатып 

аламыз,  пайдаланамыз.  Қалайық,  қаламайық,  бұл  үрдіс  толық 

енді  біздің  тіршілігімізге  еніп  қана  қоймай,  әрі  қарай  тереңдей 



254

бермек,  жайыла  түспек.Ал,  сол  нәрселердің  бәрін  қазақ  өзі  жа-

сай  ма?  Жоқ.  неге?  Себеп  көп.  Ең  басты  себеп,  әрине,  ұзақ 

уақыт отарда болғандығымыз. Империя бұрын да, Кеңес кезінде 

де қазақты ұлттық езгіге салды. Өзінің мемлекеті, басшысы, зи-

ялысы  болмаған  соң  қазақта  білім  мен  ғылым  қалай  дамысын? 

Батыс  елдері  ХV–ХVІ  ғасырлардан  бастап  индустрия  мен  тех-

V–ХVІ  ғасырлардан  бастап  индустрия  мен  тех-

–ХVІ  ғасырлардан  бастап  индустрия  мен  тех-

VІ  ғасырлардан  бастап  индустрия  мен  тех-

І  ғасырлардан  бастап  индустрия  мен  тех-

никаны  дамытып,  ерте  заманда-ақ  өркениетке  жеткен  Шығыс 

мемлекеттерін басып озды. олардың соңынан Ресей ілесті, бірақ 

жете алмады. Өзі Еуропадан қалып отырған мемлекет өзінің бо-

данына  түскен  елді  қайбір  жарылқасын?!  Қазақстанның  жер 

байлығын  алуды  ғана  көздеген  Кеңес  өкіметі  де  техника  мен 

технология саласында ұлттық кадр даярлауға құлқы болған жоқ, 

ал  әскери-ракеталық  ғылымға  басқа  ұлт  өкілдерін  жолатқан  да 

жоқ. Сол себепті қазақ халқы озық техникалық, технологиялық,  

әскери-ракеталық ғылымдардан шет қалды. Қазақтар, негізінен, 

шикізат  өндіру  мен  гуманитарлық  салалар  бойынша  ғана  ма-

манданды.  (Мұны  1992  жылы  вАК-ты  құрған  кезде  байқаған 

едім).  Міне,  біздің  техникаға,  үлкен  индустрияға  ене  алмай 

жүргеніміздің,  тіпті  қырымыздың  жоқтығының  бір  себебі  – 

осы. 

Екінші  себеп  –  қазақ  менталитетінің  бір  парасы.  Ғасырлар 



бойы сайын далада ғұмыр кешкен бабаларымыз табиғатпен үндес 

болған,  үйлесімді  өмір  сүрген.  Задында,  қазақ  –  табиғаттың 

перзенті. табиғат аясында тіршілік етіп, оған еш зардап тигізбей, 

экология  туғызбай,  керісінше,  табиғатты  аялаған,  мәпелеген, 

табиғатты  –  ана  деп  ұққан.  осындай  таза  табиғатта  өсіп-өнген 

халықтың  жаны  да,  рухы  да  таза  болып  қалыптасты.  тіпті 

отарланған  кездің  өзінде  қазақ  жан  тазалығын,  ар  тазалығын 

өзін қоршаған табиғатымен бірге сақтай алды. Алайда, бұл оңай 

болған жоқ.

Шетсіз де, шексіз сахарада күн кешу – жекелеген бір адам 

үшін  мүмкін  емес,  сондықтан  қазақтар  ұжымдасып,  руласып 

өмір  сүрген.  осы  жағдай  халық  тағдыры  мен  тарихына  әсерін 

тигізген, оның өзіндік менталитетін қалыптастырған: дүниеқоңыз 

болмау,  байлықтан  гөрі  арлылықты  жоғары  қою  (малым  – 

жаным  садағасы,  жаным  –  арым  садағасы),  қанағатшылдық 

(қанағатсыздық жалғыз атын сойғызар), төзімділік, күй таңдамау, 

тәубешілдік,  ру  мүддесін  жеке  бастың  пайдасынан  жоғары  қою 

(у  ішсең  руыңмен),  қонақжайлық.  Бұл  қасиеттер  қысы-жазы 



255

табиғат аясында мал бағып, көшіп-қонып, жыраққа, жақынға са-

пар шегіп, үнемі қозғалыста болған өмір салты мен географиялық-

климаттық жағдай қалыптастырған ерекшелік еді. яғни, бұрынғы 

көшпелі-бақташылық өмір қазақтың мінез-құлқын, әдет-ғұрпын, 

мәдениетін дүниеге әкеліп, ғасырлар бойы тіршілігіміздің бар са-

ласын реттеп, мәнін асырып, сәнін келтірген болатын. 

ХІХ ғасырдан бастап, әсіресе, ХХ ғасырда осы қасиеттердің 

біразынан айырылдық. Өйткені қазақ елі отарлықтың қамытына 

толық енген-ді. Соның салдарынан ежелден келе жатқан салты-

мыз,  дәстүріміз  бұзылды.  Ал,  ХХ  ғасырда  түгелдей  отырықшы-

лыққа  көштік,  сонымен  бірге  көшпелі  өмір  қалыптастырған  ру-

хани  құндылықтардан  ада  бола  бастадық,  бірақ  бәрінен  бірдей 

айырылғанымыз  жоқ,  біразын  өзгерте  пайдаланып,  дамыта 

алдық.

Енді міне, ХХІ ғасыр қазақ жұртын тағы да сынаққа түсірді. 



Бабаларымыз армандап өткен тәуелсіздікке қолымыз жетті. дер-

бес мемлекет ретінде өз еркімізбен өмір сүріп жатырмыз. тәуба! 

Алайда, бұған тоқмейілсімеуіміз керек. Алдымызда үлкен пробле-

ма тұр: тәуелсіздігімізді сақтап, баянды ету, яғни қазақ елі әлем 

картасында, тарих сахнасында мәңгі болуын қамтамасыз ету. ол 

үшін  не  істеу  керек?  Міне,  Президенттің  әлгі  екі  сөзінің  арғы 

түкпірінде жатқан мағына енді ашылмақ. 

«Музей  мен  тарихта  қашанғы  өмір  сүреміз?»-  деген  сөзі 

біздерді,  әсіресе,  зиялы  қауымды  қатты  ойландыруға  тиіс 

деп  есептеймін.  Егемен  ел  болғалы  біз  тарихымызға,  өткен 

жолымызға,  дінімізге,  әдет-ғұрпымызға  дәстүрімізге  қатты  мән 

беріп келеміз. Бұл дұрыс та, өйткені бірнеше ғасыр езгіде болып, 

ұлттық  құндылықтарымызды  толықтай  біле  алмадық,  бағалай 

алмадық,  жинап-теруге,  жариялауға,  зерттеуге  мүмкіншілігіміз 

болмады.  Соның  есесін  қайыру  керек  болды.  Өз  мемлекетін 

қайта құрып жатқан елге тарихи жадын қалпына келтіріп, өзінің 

ерте заманғы, орта ғасырдағы, бергі дәуірдегі өмірін, мәдениетін 

білдіру қажеттігі туды. Бұл тұрғыда айтарлықтай істер атқарылды 

әрі  атқарылуда  және  атқарыла  бермек.  1996–2000  жылдар  ара-

сында  өткен  «мәдениет  жылы»,  «тарих  жылы»  аясында  біраз 

дүние  жинақталып,  жарыққа  шықты,  насихатталды.  табылған 

жаңа деректер мен тың мағлұматтар ғылыми тұрғыдан зерделеніп, 

оқулықтарға еніп те жатыр. Ал, 2004 жылдан бері «Мәдени мұра» 

атты Мемлекеттік бағдарлама бойынша қаншама жұмыс істеліп 



256

жатыр?  осы  бағдарламаның  орындалу  барысын  Президенттің 

өзі тікелей бақылап, есеп алып отыруы – бұл игі істің толығымен 

жүзеге  асатынының  кепілі  деп  білеміз.  Аталмыш  бағдарлама 

ойдағыдай орындалғанның өзінде де халқымыздың тарихы, фоль-

клоры, әдебиеті, әдет-ғұрпы, мәдени мұрасы көзден таса болмай, 

зерттеле  бермек,  өйткені  олар  жас  ұрпақты  отаншылдық  рухта 

өсіруге баға жетпес құнды құрал болып қалатыны сөзсіз. 

Сонымен қатар қазақ мемлекетінің мәңгі сақталуы үшін та-

рихты,  рухани  мұраны  білу  мен  зерттеу  жеткіліксіз.  ол  үшін 

біздің мемлекет өркениетті болуға тиіс. ондай болмаған жағдайда 

біз адамзат өркениетіне ілесе алмаймыз. Ылғи артта қала берген 

ел басқа мықты жұрттармен тең сөйлесе алмайды, бірте-бірте та-

рих сахнасынан ысырылады. Кейбір халықтар осылай жоғалған. 

олар  өмір  өзгерістеріне  бейімделе  алмай,  бәсекеге  жарамай, 

күштілерге жем болған, сөйтіп үні де өшкен, өзі де ғайып болған. 

(Құдай оның бетін ары қылсын!). осындай күйге түспеу үшін та-

рихты білумен бірге, одан тағылым алып, пайдалана білу қажет. 

Ендеше біз тек өткенді сөз ете бермей, бүгінімізді таразылайық, 

келешекті ойлайық. Жұрттың санасын енді тек бұрынғыға емес, 

алға бұру қажет. Біздер, зиялылар, осы бағытта не істеп жүрміз? 

Өкінішке  қарай,  шынын  айтқанда,  тындырғанымыз  шамалы-ау. 

Көбіміз  сол  ескі  ауылды  айтып,  бұрынғы  жақсылықтарды  ғана 

әңгімелеп,  жастарға  баяғы,  өзіміздің  жас  кезіміздегі  әндерді, 

салт-дәстүрлерді  үлгі  етіп  жүрміз.  Экономика,  саясат,  ғылым 

жаһанданса жаһандансын, бірақ рухани мәдениет жаһанданбауға 

тиіс,  әйтпесе  ұлттық  сипаттан  айрыламыз.  Қазақты  сақтайтын 

ауыл,  ауыл-алтын  бесігіміз,  сондықтан  ауылды  көркейту  ке-

рек  деп  мақала  жазамыз,  баяндама  жасаймыз.  Бұрынғы  заман 

тұрғысынан  қарағанда  бәрі  дұрыс,  солай  болуға  міндетті.  Алай-

да,  осымыз  қаншалықты  бүгінгі  жедел  дамып  отырған  қоғамға 

сай,  осыны  ойланайықшы.  Қайтсек  қазақ  мемлекетін  дамыған 

елдермен  теңдестіреміз,  ол  үшін  не  істеуіміз  керек?  Бұл  сауал 

бүкіл қазақ жұртын мазалауға тиіс. Қалың қазақ болып, бәріміз 

бірігіп,  мемлекетіміздің  мәңгі  жасауын  қамтамасыз  ету  үшін  ең 

алдыңғы  қатардағы  ғылым  мен  техниканы,  технологияны,  білім 

мен мәдениетті меңгеруіміз керек.

тәуелсіздік баянды болуы үшін – мемлекет күшті болуы тиіс. 

ол үшін мемлекетті нығайту керек, оны барлық жағынан дамы-

ту  қажет.  Бұған  ең  алдымен  ғылым  мен  білімді  жетілдіріп,  озық 



257

техника  мен  технологияны  меңгеру  арқылы  ғана  қол  жеткізуге 

болады. Президент пен Үкіметтің бүгінгі таңда дәл осы салаларға 

қатты көңіл бөліп, реформа жүргізіп, нақты іс-шаралар атқарып 

жатқаны – сол келешектің қамы.

Зиялы  қауым  мен  БАҚ-тың  өкілдері  осы  бағытта  жұмыс 

істеп, қоғамдық пікір қалыптастыруы орынды болар еді. Жұртты 

тек  өткенді  ойлауға  емес,  болашақты  болжауға  шақырып, 

перспективалық  істерге  жұмылдыру  міндеті  тұр.  Өткенімізді, 

бүкіл  тарихымызды,  бұрынғы  өмірімізді  мансұқтамай,  соларды 

айта,  біле  отырып,  алға  қарау,  озық  өркениетке  жету  мәселесін 

көтеру, бұқараның ниетін, көңіл-күйін соған бұру және сендіру 

– өте маңызды әрі қиын шаруа. Мұны атқару дегеніміз – бүкіл 

халықты  жаңа  бағытқа,  дәлірек  айтқанда,  бір  жағынан,  қазіргі 

өмірімізді  жан-жақты  таразылап,  оның  күнгей  де,  көлеңкелі 

де  жағын  көре  біліп,  оны  жетілдіру  болса,  екінші  жағынан, 

қазақ  ұлтын  техника  мен  технологияны  меңгеруге  шақырып, 

халқымызды индустриялық ұлт дәрежесіне көтеру деген сөз. 

тәуелсіздік  алғанымызға  биыл,  мінеки,  он  төрт  жыл  бол-

ды.  Құдайға  шүкір,  макро  экономикада,  ішкі  және  сыртқы  сая-

сатта  жеткен  табыстарымыз  орасан.  Рухани  тіршілігімізде  де 

жетістік жоқ емес. Бірақ осының бәрі оңайлықпен келіп жатқан 

жоқ.  нарық  басталғанда  қаншама  байлығымызды  өзіміз  игере 

алмай,  шетелдіктерге  беруге  мәжбүр  болдық.  осы  тұста  біздің 

қаракөздердің  жағдайы  онша  болған  жоқ.  Біріншіден,  техника 

мен  технологияны  қажетті  дәрежеде  меңгерген  қазақ  кадрла-

ры,  инженер-техникалық  мамандар  жетіспеді.  осыны  сылтау 

еткен шетелдіктер қазақ жұмысшыларының заңды хұқықтарын 

аяқасты етті. Екіншіден, Кеңес өкіметі кезінде мемлекетке сеніп, 

масылдыққа  бой  алдырған  жұрт  нарыққа  тез  бейімделе  алма-

ды. Біразы әлі күнге дейін қиналуда. Ауылда жұмыс таба алмай, 

қалаға келгендер де олжаға батып жүрген жоқ. 

Қоғамымызда  болып  жатқан  осындай  күрделі  проце-

стер,  адамдар  санасындағы  өзгерістер  –  әдебиет  пен  өнер 

қайраткерлеріне  өте  қызық  шығармашылық  материал  екені 

күмәнсіз. Экономикамыздың алға басуы кезіндегі нарық талабы-

на бейімделіп жатқан жұрттың жай күнделікті тіршілігі ғана емес, 

өмірдегі  қайшылықтар,  адамдардың  психологиялық,  әлеуметтік, 

рухани жай-күйі, ішкі толғаныстары, олардың ойындағы күдік пен 

сенімнің арпалысы, арманы мен үміті, мақсаты мен тілегі, – бәрі 



258

ақын-жазушылардың,  драматургтер  мен  режиссерлердің,  театр 

қайраткерлері мен кино шеберлерінің, теледидардың небір әдемі 

көркемдік  ізденістерін,  талантты  туындыларын  өмірге  әкелері 

сөзсіз. он бес жылғы тәжірибе үлкен көркемдік жинақтауға мо-

лынан  жететіні  де  күмәнсіз.  Мемлекет  басшысының  Ақтаудағы 

сөзі көркем шығармашылық адамдарын осыған міндеттеп отыр.

Шынын  айту  керек,  біздің  ақын-жазушыларымыз  бен 

драматургтеріміз бүгінгі құбылыстардан гөрі бұрынғы жәйттерді, 

әсіресе,  ауылды,  әрі  кетсе  аудан  өмірін  суреттеуге  бейім.  тіпті 

кейде  ауылды  идеализациялап  та  жібереді.  Әлбетте,  ауыл-

ды  жек  көрмейміз.  Бәріміз  ауылдан  шықтық.  Балғын  балалық 

шағымызды сағынып, ауылды аңсаймыз. Ауыл – алтын бесігіміз 

екені  де  рас.  Бірақ  қашанғы  бесікте  жата  береміз?!  Бәріміз  де 

өстік,  біразымыз  ауылдан  кетіп,  қалада  тұрып  жатырмыз.  Ал, 

біздің аңсап жүргеніміз қай ауыл? Кеңес өкіметіне дейінгі ауыл 

ма,  әлде  Кеңес  кезіндегі  ауыл  ма?  Кеңеске  дейінгі  ауыл  бүкіл 

өзінің  болмысымен  енді  қайтып  келе  қоймас,  себебі  өзінің 

классикалық түріндегі көшпелі-бақташылық өмір тарих сахнасы-

нан кетті. Кеңес тұсындағы ауыл да енді қайтып келмейді. нарық 

ол жүйені бұзды, ауылға бұрынғыдай үнемі дотация берілмейді. 

демек, ол ауыл жоқ. Сонда біз нені аңсап, жастарға нені насихат-

тап жүрміз? 

  Ауылды  қалай  көркейтеміз?  Меніңше,  жаңа  ауыл  жасауы-

мыз  керек!  Ауылды  индустрияландыру  шарт.  «Ауыл  жылында» 

бұл бағытта жасалып жатқан істер туралы хабардармыз. Шағын 

ауылдарды  бір  жерге  шоғырландырып,  ірілендіріп  жатырмыз. 

Бұл  дұрыс.  Рас,  кіндік  қаны  тамған  жерін  адам  қимайды,  бірақ 

ары қарай даму үшін бұл қажет. Іріленген ауылдар мен аудандар-

ды  индустрияландыру  тиімдірек.  Индустрияландырудың  жолда-

ры көп. Соның бірі, меніңше, – мынау. 

Ауылдарды  белгілі  бір  сала  бойынша  мамандандырып  да-

мытқан  жөн  сияқты.  Айталық,  қой  шаруашылығымен  шұғылда-

натын ауылдарда, әрине, ірі ауылда, немесе аудан орталығында, 

осы қой малының етін, терісін, жүнін түгел жетік технологиямен 

өңдеп, жөндеп, дайын өнім беретін шағын ет комбинатын, жүнін 

өңдейтін цех, терісін илеп, былғары, елтірі дайындайтын, дайын 

теріден тон, ішік тігетін фабрика, сондай-ақ қойдың жүнін иіріп, 

одан мата шығаратын кішігірім завод салсақ. Әрине, алғаш кезде 

жасалған өнімдердің сапасы айтарлықтай болмас, бірақ бай емес, 



259

қатардағы көпшілік ол бұйымдарды арзан бағаға алар еді. Бірте-

бірте ол өндірістер жетіліп, сапалы дүние шығаратын болады. Рас, 

бұл  айтылғандарды  іске  асыру  оңай  емес,  алайда  соған  тәуекел 

ету керек шығар. 

Алдымен  сол  аудан  орталықтарында  қажетті  мамандар-

ды  дайындау  керек.  ол  үшін  профессионалдарды-техникалық 

колледждер  ашып,  жастарды  оқытып  алсақ,  содан  соң  оларды 

тиісті өндірісі дамыған елдерге жіберіп, стажировкадан өткізсек. 

Егер  осы  ойымыздағылар  жүзеге  асса,  біз,  біріншіден,  ауылды 

жаңаша  дамытар  едік,  екіншіден,  халқымыз  индустрияға  енер 

еді, үшіншіден, ұлтымыз жаңа дәрежеге көтерілер еді. оның сыр-

тында  елді  жұмыспен  қамтамасыз  етіп,  ауыл  адамдарына  жаңа 

серпін берер едік және олардың болашаққа деген сенімін артты-

рар едік. Ең бастысы – ауыл осылай түлесе, біз ауылшаруашылық 

өнімдерін шығарып қана қоймай, оны өңдеуге қол жеткізер едік, 

сөйтіп өзіміз дайын бұйым шығарып, өзімізді-өзіміз қамтамасыз 

етер  едік.  Менің  бұл  ойларым  сырт  қарағанда  бос  қиял  боп 

көрінуі  мүмкін.  Бірақ  батыл  реформа  жасап  үйренген  елге  бұл 

да  –  алынбас  қамал  емес.  осы  жәйттерді,  осындай  жаңарған 

ауылды  армандасақ,  соған  қол  жеткізуге  тырыссақ,  жаман  ба? 

Шығармашылық  адамдары,  БАҚ-тың  қызметкерлері  жастарға 

өндірістік  ауылды,  индустриялық  дамуды  насихаттаса,  ол  ауыл 

келешекте қандай болатынын суреттесе, артық болмас еді. 

Индустриялық даму ауылға ғана емес, қалаға да керек, бүкіл 

қоғамға, әсіресе, қала қазақтарына қажет. Қазіргі кезеңде урбани-

зация қатты жүріп жатыр. нарық осыған әкелді, қазақтар қалада 

көбейе  бастады.  Бұл  жақсы,  алайда  осы  процесс  өз  бетінше, 

стихиялы  түрде  жүріп  жатыр.  оны  бір  жүйеге  түсіру  жағын 

ойластырсақ, жаман болмас еді. 

Қалаға  келген  қазақтарды  жұмысқа  орналастыру  өте  қиын, 

өйткені олардың қажетті мамандықтары жоқ. демек, ең алдымен 

оларды мамандандыру қажет. ол үшін, меніңше, орта техникалық 

білім беретін оқу орындарын ашып, бір жылда электрик, сварщик, 

сантехник, краншы, тасшы, шойыншы сияқты қалаға, өндіріске-

заводтарға, қала тұрғындарына өте қажетті мамандар дайындауға 

болатын сияқты.

Жалпы,  ХХІ  ғасырда  қазақ  халқы  қалалық  ұлт  болатыны 

көрініп  тұр.  олай  болса,  жастарымызды  қала  өміріне,  оның 

барлық  саласын  қамтитын  мамандарды  меңгеруге  қазірден 



260

бағыттауымыз керек. Қалалық ұлт болған соң үлкен индустрияны 

да меңгеру қажет. Қарағанды, Балқаш, Өскемен, Павлодар сияқты 

қалалардағы  индустрия  алыптарында  қатардағы  жұмысшыдан 

бастап,  цех  жетекшісі,  инженер  басшыға,  генерал  директоры-

на дейін қазақтар болатын жағдайға қол жеткізуге тиіспіз. Сон-

да  біз  «қой  бағуды  ғана  білетін  қазақ»  дегенді  жоққа  шығарып, 

қолымыздан бәрі келетінін дәлелдеп шығар едік.

Қалалық  ұлт  болу  үлкен  индустриямен  қатар  масштабты 

сауда-саттықты,  қомақты  капитал  жинау  тәсілдерін  де  жетік 

меңгеруді  талап  етеді.  Қазақтың  арасынан  әлемдік  деңгейдегі 

олигархтар  шығып,  миллиардер  атанып  жатса,  олар  ұлттың 

мүддесіне  қызмет  етсе,  білімді  де,  білікті  инженер-техникалық 

кадрларымыз  көбейсе,  олар  өндіріс  пен  ғылымды  ұштастыра 

отырып,  озық  технологияға  қол  жеткізсе,  –  қазақ  мемлекеті 

дамыған  елдер  қатырына  қосылары  сөзсіз.  Бірақ  мұның  бірі  де 

оңайлықпен  жүзеге  аспайды.  оған  ұзақ  уақыт  бойы  мақсатты 

түрде қажырлықпен жұмыс істеп, бүкіл қазақ болып атсалысуы-

мыз керек.

Қалалық ұлт болу біздің менталитетімізге де өзгеріс енгізеді. 

табиғаттың аясында емін-еркін өмір сүріп, уақыт пен кеңістіктен 

шектеуді  білмей  өскен  халық  енді  жайбарақаттықты  қойып, 

ширауға тиіс, қаланың сан-салалы тіршілігін игеруі керек, өзінің 

іскерлік  мүмкіндігін  арттыруы  қажет.  Өзгелер  айтып  жүрген 

«аңқау, болбыр, бос, жалқау қазақ» деген сөздерден құтылып, енді 

«іскер, еңбекқор, білгір, ақшалы, ауқатты қазақ» деп мақтайтын 

жағдайға жету – ең алдымен осы қалалық өмірде өзімізді қалай 

көрсете аламыз, қалай қалаға бейімделеміз – соған байланысты.

Қалалық  өмір  адамдардың  ара-қатынасына,  мінез-құлқына, 

болмысына да өзгеріс әкелетіні белгілі. Қалалық ұлт болсақ, біздің 

бұрынғы ұғым-түсінігіміз де, мәдениетіміз де басқа сипат алады. 

Бұл  бізді  шошытпауға  тиіс.  тарихтан  белгілі,  бүгін  өркениеттің 

шыңына  жеткен  халықтар  өздерінің  ежелгі  мәдениетін  сол 

қалпында  сақтап  қалған  жоқ,  өйткені  олар  қоғам  ретінде  өсу, 

даму барысында мәдениетін де өзгертіп, дамытып отырды. оның 

үстіне басқа халықтармен аралас-құралас болған соң, ауыс-түйіс 

болып жататыны табиғи. тіпті тілдің өзі де осындай құбылысты 

бастан кешіреді. Мәселен, өлі тілдер, немесе көне заманғы тілдер 

бүгінгі  тілдерден  бөлек.  Ежелгі  грек,  парсы,  араб,  қытай  тілдері 

бүгінгі  тілден  мүлде  басқаша.  тіл  де,  мәдениеттің  бір  саласы 

болғандықтан, үнемі даму үстінде болады.


261

Қазақ тілі де солай. Біздің ең ескі тіліміз – көне түрік тілі, со-

дан соң орта ғасырдағы – түркі, кейін шағатай тілдері мен қазіргі 

тіліміз бірдей емес. тіпті ХІХ ғасырдағы «түркістан уалаяты» мен 

«дала  уалаяты»  газеттеріндегі  тілдің  өзгешелігі  аз  емес.  Қазақ 

тілі бүгін де даму үстінде. тілімізге нарық пен жаһандану енгізіп 

жатқан сөздер баршылық. Өмірдің ағымы оған тосқауыл бола алар 

емес, керісінше оны күшейтуде. Қазақ тілі үшін қауіпті бұл емес. 

Қазақ тілі үшін ең басты мәселе – бүкіл Қазақстан сөйлейтін, жа-

затын  тіл  болу.  Біз  неғұрлым  тезірек  қалалық  ұлт  болсақ,  қазақ 

тілі соғұрлым жылдамырақ барлық салаға енеді, өзінің қолданыс 

аясын  барынша  кеңейтеді.  Басқаша  айтқанда,  қазақ  халқының 

65-70  %  қала  тұрғыны  болып,  қалалық  тұрмыс-тіршіліктің, 

өндіріс пен сауда-саттықтың, техника мен технологияның амал-

дарын,  әдіс-тәсілдерін  меңгеріп,  маманданса,  олар  күнделікті 

жұмысында қазақ тілін пайдаланар еді, сөйтіп өз салаларына да 

тілімізді  енгізер  еді.  Ал,  мұның  өзі  осы  күні  жете  алмай  жүрген 

мақсатымызды  жүзеге  асырар  еді.  Сол  сияқты  қалада  қазақ  ба-

сым болса, көшеде де, дүкенде де, театрда да, мекемеде де қазақ 

тілі үстем болмас па еді? Міне, – қалалық ұлт болудың тағы бір 

ұтымды жағы – осы ма деймін.

Әрине,  қалалық  өмір  салты  мәдениетті  де  өзгертпей 

тұрмайды.  тұрмыс  мәдениеті  өз  алдына,  ал  рухани  мәдениет, 

әсіресе,  ұлтымыздың  дәстүрлі  өнері,  фольклоры,  ән-күйі,  әдет-

ғұрпы қандай күйде болмақ? – деген сұрақ бәрімізді мазалайды. 

Жаһандану  тұсында  бұл  сауал  тіпті  өткір  тұр.  осыған  орай,  бір 

нәрсені  анықтап  алу  керек  тәрізді.  дәстүрлі  рухани  мәдениетті 

еш  өзгеріссіз,  дәл  бізге  жеткен  күйінде  пайдалану  ма,  әлде  оны 

өзгерте,  жаңарта  кәдеге  жарату  ма,  –  осы  екеуінің  қайсысы 

тиімді?


Меніңше,  екеуін  бір-біріне  қарсы  қоймай,  оларды  бірлікте 

қолдана білген жөн. Қазіргі әлемдік біртұтас ақпарат кеңістігінде 

мәдениетімізді еш ықпалсыз дамыту мүмкін емес және дәстүрлі 

мәдениетті  сол  күйінде  сақтап  қалу  да  қиын,  ол  да  өзгеріске 

ұшырайтыны  күмәнсіз.  Әңгіме  сол  өзгеріс  қандай  және 

қаншалықты  болатынында.  Сонымен  қатар  сыртқы  ықпал  қай 

жақтан,  қандай  дәрежеде  болып  жатқанын  жақсы  біліп,  соны 

ескеру қажеттігі.

Бүгінгі  таңда  бізде  қайшылықты  екі  процесс  жүріп  жа-

тыр.  Бірі  –  тәуелсіздікке  жеткеннен  кейін  өзіміздің  көне  тари-



262

хи,  мәдени  мұрамызды  білуге  ден  қойдық.  Жетістігіміз  аз  емес. 

Кемшілігіміз де бар. Әр ауылдан бір-бір қолбасшы батыр мен ұлы 

ақын шығардық, сансыз той өткіздік. Кейде ойлайсың – оу, сон-

шама батырымыз көп болса, біз неғып орыстан жеңілгенбіз? – 

деп. Маман еместер тарих жазып, жұртты шатастыруда. Қойшы, 

санай берсек, – біраз. Бірақ, бір жақсысы – халқымыздың тари-

хи жады оянды, қазақ өзінің ежелгі мәдениетін білді, соны пай-

даланып  жүр.  демек,  дәстүрлі  мәдениетіміз  әлі  сақталуда,  өмір 

сүруде.


Екіншісі – жаһандану мен ақпарат кеңістігінің ашық болуы-

на байланысты шетелдік төмен сапалы «тобырлық мәдениеттің» 

дендеп енуі. Әлбетте, шетелдің классикалық мәдениетінен қашуға 

болмайды.  Алайда,  бізге  келіп  жатқаны  –  өте  сүреңсіз,  қай 

жағынан  болса  да  сын  көтермейтін  нәрселер,  оларды  мәдениет 

туындысы деудің өзі қиын.

Міне, осы екінші процестің ықпалын азайтып, оны Қазақстан 

мәдени  кеңістігінен  ысыруды  ойластырған  абзал.  ол  үшін  не 

істеу керек? Кеңес өкіметі уақытындағыдай «темір шымылдық» 

құру мүмкін емес, қатал цензура да қоюға болмайды, тиым салып, 

қатаң бақылауға алудың да реті жоқ. Ендеше, бір-ақ қана жол бар. 

ол – мәдени-творчестволық бәсекеге түсу.

Қазақ халқы талантқа кенде емес. Біздің өнер қайраткерлеріміз 

сол  сырттан  келіп  жатқан  кез-келген  видеоклиптен,  телесе-

риалдан,  т.б.  дүниелерден  артық  болмаса,  кем  туынды  жаса-

майтыны  күмәнсіз.  оның  бір  дәлелі  –  осы  күні  жастардың 

сүйіп  қабылдайтын  «Ұлытау»,  «МузАРт»,  «А-студио»  сияқты 

музыкалық  топтардың,  А.  Еңсепов,  Ж.  Серкебаева,  лана,  Бер-

кут тәрізді орындаушылардың шеберлігі. олардың кейбіреуі Еу-

ропада,  Америкада  үлкен  табысқа  жеткені  де  белгілі.  осындай 

талантты  өнерпаздар  тобын  көбейтіп,  оларға  қолдау  жасасақ, 

материалдық  жағынан  көмек  берсек,  олар  бірте-бірте  бөтен 

жұрттың  «тобырлық  мәдениетін»  ысырар  еді,  жастар  соларды 

ғана тамашалар еді.

Қалалық  ұлт  болған  соң  қоғамда  дәстүрлі  өнермен  бірге 

қалалық  мәдениет  те  пайда  болары  хақ.  ондай  мәдениет  тақыр 

жерде  тумайтыны  белгілі.  ол  өзіміздің  ежелден  келе  жатқан 

мәдениетке  сүйеніп,  соған  негізделеді,  әрі  әлемдік  мәдениеттен 

де алады, сөйтіп жаңа мәдениет дүниеге келеді. дәл осы жолмен 

жүрер  болсақ,  өзіндік  сипаты  бар,  ешкімге  ұқсамайтын  қазақы 



263

қалалық  мәдениет  жасар  едік.  ол  бұрынғы  көшпелі  дәуірдегі 

мәдениеттің үнін, мәнін сақтай отырып, осы күнгі үрдіске сай оны 

жаңғырта пайдалануға тиіс, жаңа заманның талап-талғамына сай 

өңдеп, әрлеп, дамытуға міндетті. Әлбетте, бұл басқа жұрттың да 

мәдениетінен нәр алу арқылы жүзеге аспақ. демек, біз қанша бой 

бермейміз  десек  те,  мәдениетіміз  жаһандануға  түседі.  Мәселе 

соны дұрыс бағытта жүргізе білуде.

Қоғамның  келешегі  –  жастар.  олар  өз  дәуіріне  сай  өмір 

сүргісі  келеді,  өз  ұғымдары  мен  түсінік-пайымдары  бойынша 

тірлік етуге тырысады. Аға ұрпақтың міндеті – жастарға жалаң 

үгіт  айтып,  оларға  өзінің  жастық  шағындағы  құндылықтарды 

тықпалай  бермеу.  олай  болмаған  жағдайда  жастарды  өзімізден 

алшақтатып  аламыз  да  шетелдік  ұстанымдардың  құшағына 

енгізіп  жібереміз.  Көркем  шығармашылық  адамдары,  БАҚ-тың 

өкілдері,  әсіресе,  теледидар  мен  радио  қызметкерлері  сол  жа-

стар үшін жұмыс істеуі керек деп ойлаймын. Жастарға ұнайтын, 

бүгінгі  ағымға  сәйкес  бағдарлама  мен  шығармаларды  көбейту 

ләзім.  оларды,  бір  жағынан,  индустриялық  маман  болуға 

бағыттасақ,  екінші  жағынан,  тамырымыздан  қол  үзбеген,  бірақ 

жаңаша өрнектелген мәдениетке ұмтылдыруға міндеттіміз. Сон-

да  ғана  олар  қазақтың  заман  талабы  мен  сынағына  төтеп  бере 

алатын  күшті  мемлекетін,  оның  мәдениетін  әлемдік  деңгейде 

дамыта  алады.  Қазақты  қалалық,  индустриялық  ұлт  ететін  де, 

қазақтың  қалалық  мәдениетін  жасайтын  да,  қазақ  мемлекетін 

әлемнің  өркениетті  елдерімен  бар  жағынан  теңестіретін  де  – 

қазіргі  жастар  мен  келер  ұрпақ.  Сондықтан  оларды  осы  бастан 

жан-жақты  тұлға  болуға  дайындауымыз  шарт.  Елбасы  жүзеге 

асырып  отырған  «Болашақ»  бағдарламасы  –  осы  бағыттағы 

үлкен бастама. Ендігі мақсат – сол бастаманы тереңдете, кеңейте 

жалғастыру,  дамыту.  Қазіргі  таңда  «Болашақ»  ең  алдымен 

техникалық мамандықтар бойынша дайындауға басымдық беріп 

отыр,  бұл  –  өте  дұрыс  бетбұрыс.  Менің  ойымша,  ұлтымызды, 

мемлекетімізді  жедел  индустрияландырудың  тағы  бір  жолы  бар 

сияқты.  ол  –  «Болашақтан»  өзгеше.  Индустриялы  дамыған  ел-

дерге техникалық, технологиялық университеттерді бітіріп, үлкен 

өндірісте  еңбек  етіп  жүрген  қазақ  (басқа  да  ұлттың)  жігіттерін 

1-1,5  жылға  оқуға,  стажировкаға  жіберсе,  қалай  болар  еді?  ол 

жігіттер  –  даяр  маман,  өндірісте  істеген  тәжірибесі  бар.  Сол 

себепті олар барған елдің өндіріс орындарындағы озық техноло-



264

гияны тезірек меңгеріп алар еді. Сол үйренгенін өзімізге әкеліп, 

қажетінше  іске  қосса,  индустриялану  тезірек  әрі  сапалырақ  бо-

лар ма еді? Әрі қазақтың инженері көбейіп, өзіміздің техникалық 

біліміміз бен ғылымымыз жетіле түсер еді және жаңа техникалық, 

индустриялық  интеллигенциямыз  да  қалыптасып,  қоғамға  игі 

ықпал жасар еді. Бұрыннан қалыптасқан техникалық интеллиген-

циямыз, өкінішке қарай, үлкен өндірістен қол үзіп қалды. Жаңа 

буын оларға да жаңа серпін берер еді.

Әрине,  бұлардың  бәрін  жүзеге  асыру  –  оңай  шаруа  емес. 

Менің айтып отырғандарым – тілек қой. (тілек деген – жаман 

нәрсе емес екені бесенеден белгілі). тілекпен бірге ойымдағыны 

айттым. Сөздерім, бәлкім, зиялы қауымға, азаматтарға, мемлекет 

қызметкерлеріне ой тастар деп жаздым. Бір нәрсені есте ұстасақ, 

деймін. «Бүгінімен мақтана алмаған халық өткенін ғана сөз етеді», 

– деген сөз бар. Өткенімізді саралайық, бүгінімізбен мақтанайық, 

келешекті ойлап, барлайық, соған жұмыс істейік. Армандайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет