Ғылым комитеті М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Сейіт Қасқабасов


«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақ



Pdf көрінісі
бет22/32
Дата22.12.2016
өлшемі3,95 Mb.
#48
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32

«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақ 

энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. Т.3. 405–406-бб.

«ер Төстік» – қазақ батырлық ертегілерінің ең көне үлгісі. 

«Ер  төстікте»  ерте  дәуірдегі  халықтың  мифтік  танымы,  ырым-

дары  мен  әдет-ғұрыптарының  ізі  сақталған.  Мысалы,  төстіктің 

жер астына түсіп, үстіне шығуы, оның Шойынқұлақпен айқасуы 

шамандық  көзқарасқа  тән  түсінікті  бейнелейді.  «Ер  төстікте 

классикалық Батырлық ертегіге тән белгілердің де бәрі бар: төстік 

қиял-ғажайып жағдайда дүниеге келіп өседі. Жылан Бапы ханның 

жұмсауымен төстіктің темір хан еліне барып, онда қалыңдықты 

алу үшін сайысқа түсуі – көне классикалық батырлық ертегілердің 

тұрақты  белгісі  болып  саналатын  «қаһармандықпен  үйлену»  са-

рыны екені дау туғызбайды. ондағы жаяу жарыс, бәйге, палуан-

дар күресі – «қаһармандықпен үйленудің» негізгі шарттары. Ал 

осы сайыста кейіпкердің өз күшімен емес, керемет достарының 

арқасында  жеңуді  –  батырлықтан  гөрі  қиял-ғажайып  ертегінің 

заңдылығы.  демек,  көне  батырлық  ертегі  қиял-ғажайып  ертегі 

негізінде  қалыптасқан  деген  пікір  шындыққа  саяды.  төстіктің 

көмекшілері  де  ескі  діни  сенімдер  шеңберінде  туып,  кейін 

көркем  бейнеге  айналған.  Мысалы,  шалқұйрық  –  тек  жүйрік 

ат  қана  емес,  алдағыны  болжай  алатын  қабілеті  бар,  неше  түрлі 

сиқырды білетін, адамша сөйлеп, адамша ойлап іс-әрекет қылатын 



363

қасиетті жануар, төстіктің көмекшісі, ақылшысы. Ал, жер астын-

да  төстікке  дос  болатын  Желаяқ,  таусоғар,  Көлтауысар  сияқты 

кейіпкерлер  –  мифтік  танымның  сипаты.  Ертедегі  адамдардың 

мифтік түсінігі бойынша, желдің, таудың, судың «иелері» болған. 

Кейінгі  замандарда  олар  көркемдік  сипат  алып,  «достар  осын-

дай болса екен» деген адам арманын жүзеге асырушы бейнелер 

ретінде қабылданған. 



«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақ 

энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. Т.3. 407–408-бб.

жалмауыз  кемпір  –  қазақ  ертегілеріндегі  жағымсыз  бей-

не. ол кейде жеті басты, қарға тұмсық, қол-аяғының тырнақтары 

сояудай,  адам  қанын  соратын  қорқынышты  кейіпкер  ретінде 

суреттеледі.  Жалмауыз  кемпір  бейнесінің  тарихи  негізі  бар. 

Матриархат  дәуірінде  руды  қария  әйелдер  басқаратын  болған. 

Жас  балаға  ат  қою,  жетім  қалған  балаларға  қамқорлық  жа-

сау,  шеттен  келген  адамды  руға  қабылдау,  жастарды  үйлендіру, 

рулық  заңдарды  қатал  сақтау,  т.с.с.  істер  осы  ананың  әмірінде 

болған,  керек  кезде  ол  бақсы  да,  әскербасы  да  болған.  осының 

нәтижесінде, қарт анаға табынушылық пайда болды. ол керемет 

күш  иесі,  қолынан  келмейтіні  жоқ  сиқыршы,  рудың  жауларын, 

жын-шайтанды  да  жеңе  алатын  күш  деп  танылған.  Патриархат-

тың  тууына  байланысты  бұл  бейне  бұрынғы  маңызын  жойды. 

оның атқаратын қызметі кейіннен аталық рубасыға ауысты. Ру-

басы ананың бейнесі мифтік аңыздарда ғана қалды, бара-бара ол 

жалпы атпен жағымсыз кейіпкер сипатын иеленді. 



«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақ 

энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. Т.3. 496-б.

жамбыл  жабаев*  –  (28.2.1846,  Жамбыл  облысы  Жамбыл 

тауының етегінде – 22.6.1945, Алматы) – ұлы ақын, жыршы, жы-

рау.  Ұлы  жүз  құрамындағы  шапырашты  тайпасының  екей  руы-

нан шыққан Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге 

келген.  Жамбыл  жасынан  өлең-жырға  қанып  өскен,  өз  анасы 

Ұлданның  ақындық  талантын  бойына  сіңірген.  «Менің  пірім  – 

Сүйінбай...»  деп  Жамбылдың  өзі  жырға  қосқандай,  Сүйінбай 

*

 М. Жолдасбековпен бірлесіп жазған.



364

Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған. Жамбыл-

дың  ақын  болып  қалыптасуы  тек  Жетісу  ақындық  мектебінің 

ауқымында  қалған  жоқ.  ол  өзіне  дейін  өмір  сүрген  атақты 

жыраулардың, өзімен қатарлас ақындар мен жыршылардың бай 

мұрасын,  күллі  халық  поэзиясын  толық  меңгеріп,  өз  шығар-

машылығына тұғыр еткен. Асан Қайғы, Бұқар жырау, Шөже, Бал-

та, Шернияз, Шортанбай, дулат, Сүйінбай, досқожа, нысанбай, 

Майкөт, Майлықожа, Құлыншақ, т.б. ақындарды үлгі тұтқан. Со-

нымен бірге Жамбыл туысқан қырғыз елінің де сөз өнерін жетік 

білген.  Қырғыз  манасшылары  мен  жомоқшылары  арасында 

әріптес  достары  көп  болған,  солармен  бірге  қырғыз  айылдарын 

аралап, өлең айтып жыр тоғытқан, күй тартып, айтысқа түскен. 

Атақты тоқтағұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, тыныбек, Қатаған, 

сияқты  дүлдүлдермен  өнер  сайысына  түскен,  солармен  жарыса 

«Манас»,  «Ер  төштік»  эпостарын  жырлаған,  олардың  ілтипат- 

ықыласына  бөленген.  Жамбыл  бүкіл  әлемге  тараған  «Мың  бір 

түннің»  тарауларын,  орта  Азия  мен  Кавказ  халықтарына  ортақ 

«Көрұғылы»  жырын,  Фирдоуси  «Шахнамасының»  үзінділерін 

жасынан  жаттап  алып,  айтып  жүрген.  осындай  қайнарлардан 

нәр  алған  Жамбыл  өсе  келе  тек  қазақ  еліне  ғана  емес,  барша 

әлемге  әйгілі  жырау,  ақын,  жыршы  болып  қалыптасқан.  Сөз 

өнерінің бұл үш түрін бір адамның меңгеруі – сирек кездесетін 

құбылыс.  Ал  Жамбыл  өзін  әрі  жырау,  әрі  жыршы,  әрі  ақын 

ретінде  сезінген  («Шын  жүректен  жыр  төгіп,  сөйлеп  бір  кетті 

жырауың», «нені естісек, соны айту – ежелден ісі жыршының», 

«Жамбыл  ақын  сөйлеген  сөзді  бекер  демеңдер»).  Жүз  жыл 

өмірінің  сексен  бесін  өлең-жырмен  өткізген  Жамбыл  өткен  екі 

ғасырдың куәсі болды, қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі 

аралас,  жақсылығы  мен  жамандығы  қатарлас  екі  түрлі  қоғамда 

ғұмыр  кешті.  Жамбылдың  шығармашылық  өмірі,  негізінен  ХІХ 

ғасырдың 70-жылдарынан басталған. Бұл – қазақ халқы үшін өте 

ауыр кезең еді. осы жылдары бүкіл қазақ елін түгел жаулап алған 

Ресей империясы енді оны басқарудың жаңа амалын тапқан-ды. 

Сөйтіп, 1868 жылғы «Жаңа мизам» негізінде Қазақстан үлкен 6 

облысқа,  облыстар  уездерге,  уездер  болыстарға,  болыстар 

ауылдарға бөлініп, қазақ даласына ішкі Ресейдің басқару жүйесі 

отаршылдық сипатқа көшірілді. Соның салдарынан қазақ халқы 

арасына  Ресей  мемлекетінің  бюрократтық  аппараты  тудырған 

көптеген  келеңсіз  құбылыстар  мен  іс-әрекеттер  жайылды. 

осының  бәрі  халықтың  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  тұрмыс-


365

салтын  бұзды,  елдін  ішіне  іріткі  салды,  адамдардың  санасы  мен 

мінез-құлқын  өзгертті.  Сөйтіп,  бұрын  болмаған  ұлыққа 

жағымпаздық,  болыстыққа  талас,  ағайынға  жала  жабу,  біреудің 

үстінен  шағым  айту,  кісіні  алдау,  өтірік  айту,  барымта  сияқты 

жағымсыз  қылықтар  мен  жаман  құлықтар  пайда  болды, 

барымташылықты  малданған  арамтамақтар  көбейді.  Жерден, 

малдан  айырылған  жұрттың  тұрмысы  жүдеп,  рухы  жадап,  ел 

күйзеліске  ұшырады.  ол  аз  болғандай,  ХХ  ғасырдың  20-жыл-

дарында  ақ  пен  қызылдың  соғысы,  атамандар  мен  комиссар-

лардың ылаңы, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты оқиғалар 

халықтың  бүкіл  бітіміне  теріс  әсерін  тигізді,  қарапайым  адам-

дардың  да,  зиялылардың  да  психологиясын  өзгертті.  осындай 

жағдайдың  куәгері  болған  Жамбыл  шындықты  айтып,  замана 

болмысын суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен 

жырлайды,  мысқылдайды,  сынайды,  күйініп  те,  қиналып  та 

сөйлейді. Шыншылдық пен сыншылдық қасиетін Жамбыл ақын-

дармен айтыстарында да сақтап, турашылдығымен ерекшеленеді. 

Жамбылды нағыз ақын ретіңде байтақ елге танытқан, оның есімін 

бүкіл  Жетісуға,  Қырғызстанға,  Сыр  бойына  таратқан  өнері  – 

оның  айтыстары.  Ақындармен  айтыс  Жамбылдың  суырып 

салмалық  да рынын  шыңдады,  ақындық  шеберлігін  арттырды, 

азаматтық  өресін  өсірді  және  тақырып  аясын  кеңейтті. 

Жамбылдың Сайқал қызбен (1864–65), Жаныс ақынмен (1866), 

Белектің  қызымен  (1870),  Бұрым  қызбен  (1873),  Айкүміспен 

(1874), Сарамен (1875), Сары ақынмен (1875), Шыбылмен (1890), 

Бөлтірікпен  (1890),  Майкөтпен  (1891),  Сарбаспен  (1895), 

Құлмамбетпен (1897), доспамбетпен (1907), Шашубаймен (1909), 

т.б. айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды. оның 

айтыстарыңда қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, 

сүре  айтыс  та  бар.осының  қай-кайсысында  да  Жамбыл  өзінің 

нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр 

шешен екенін көрсетеді. Жамбыл айтыстарының көбісі көтеріңкі, 

лепті интонациямен басталады, ұйқастары әр алуан болып келеді. 

Қарсыласын  ащы  мысқылдау,  өлеңмен  тұқырту,  өзін  көтере 

сөйлеу,  қарсыласы  мақтаған  адамдарын  мінеу  секілді  сол 

заманның айтыстарына тән барлық әдісті Жамбыл да пайдалана-

ды. Қажетті жерде Жамбыл өз руының атынан да сөйлейді. Со-

нымен  қатар  айтыстарда  Жамбылдың  ақындық,  дара  «мені» 

айқын  көрінеді.  Әсіресе,  атақты  ақындармен  сүре  айтысқа 

түскенде  өзінің  жеке  қасиеттерін  ерекше  сезінеді,  өзінін 


366

көпшіліктен  бөлек  тұлға  екенін  айрықша  түсінеді.  Мұны  ол 

айшықты  образдар  мен  метафоралар  арқылы  жеткізеді 

(«Мылтықта  түтеп  тұрған  мен  бір  пистон»,  «Құйындаған  көкке 

ұшқан мен бір пырақ», «Сен – күйкентай, мен – тұйғын», «Мен 

– қорғасын сақамын», «Мен – бір соққан дауылпаз», «Сөз иесі 

– мен деймін», т.б.). Айтыста көрінетін Жамбылдың екі «мені» 

(рулық әрі ақындық) кейін, 1930–40 ж. өте жоғары мәнге ие бо-

лып, азаматтық «мен» дәрежесіне көтеріледі. Бұл кезде Жамбыл 

ақын  ғана  емес,  ұлы  жырау  болған  еді.  1916  ж.  ұлт-азаттық 

қозғалысына  Жамбыл  ақын  белсене  қатынасты.  Патша 

жарлығына  қарсы  көтерілген  халық  бұқарасының  қалың  орта-

сында  жүрді.  Өзінің  жалынды  үндеу  жырларын  сол  қозғалысқа 

арнап шығарды. оның көбісі сақталмаған. тек есте қалып, хатқа 

түскені  –  «Патша  әмірі  тарылды»,  «Зілді  бүйрық»  деген  өлең-

толғаулары.  осы  шығармаларында  Құлансаз,  Қарабастау 

жайлауындағы  Қарғалы,  Самсы,  Ұзынағаш  және  Шейінпенде 

болған  қақтығыстардан  елес  береді.  Жамбыл  көтерілісшілерді 

өлең-жырымен  жігерлендірді  оның  үгітшілік  қимыл-әрекетін 

патша әкімдері жазаламақ болды, бірақ халық Жамбылды қорғап 

қалып  отырған.  Жамбыл  1919  ж.  Жетісу  халық  ақындары  бас 

қосқан  слетке  қатысты.  1934  ж.  республика  өнер  шеберлерінің 

тұңғыш слетінде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. «Замана ағымы», 

«Белсенділерге»,  «Қа зақстан  тойына»,  «Жастар  алдындағы  сөз» 

сияқты арнау, толғаулары осы тұста жырланды. 1936 ж. Мәскеуде 

өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде оның даусы 

бұрынғыдан  да  асқақ  естілді.  Ежелгі  данышпан  жырауларша 

Жамбыл  1930–40  жылдар  аралығыңда  мемлекеттік  мәні  бар 

мәселелерді көтеріп, қоғам өмірі мен ел мүддесін жырлайды, за-

мана  жайында  толғайды.  Мұндай  толғауларында  қарт  жырау, 

көбінесе, ертедегі болмысты суреттеп, көне тарихқа көз жүгіртеді, 

өз дәуірінің асқарынан дана абыз болып замана ағымын шолады, 

мезгіл  мен  өмір  туралы  ойланады,  соларға  мінездеме  береді. ол 

байырғы  ұлы  жыраулардың  дәстүрін  қайта  түлетіп,  біздің 

дәуірімізге жаңа салада, соны мазмұнға байытып жеткізді. Асан 

Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Үмбетей, Бұқар жырау сияқты Жам-

был  да  қалың  жұртшылық  алдында  мемлекет  басшылары  мен 

партия  көсемдеріне  қарата  айтқан  жырларында  жалпы 

мемлекеттік  мәселелерді  көтереді.  Жамбыл  Мәскеудің  төрі  – 

Кремльде,  Жоғарғы  Кеңестің  сессиясында,  Жазушылар  одағы 

пленумында,  тбилисидегі  Шота  Руставелидің  тойына  арналған 


367

үлкен  жиында,  өз  жерлестері  –  колхозшылар  арасында,  яғни 

үлкенді-кішілі мінбелерден шаршы топтың алдында жыр толғап, 

жыраулық  мінез  көрсеткен.  Ұлы  отан  соғысы  тұсында  бүкіл 

Кеңес  одағында  Жамбылдан  дәрежесі,  мәртебесі  биік  ақын 

болған  жоқ.  Жамбыл  есімінің  әлемнің  шартарабына  танылған 

тұсы  да  осы  кезең  еді.  Ақын  жырлары  майдандағы  әр  ұлттан 

құрылған  жауынгерлерің  бәрінің  де  жүрегіне  жетіп,  жігерін 

қайрады.  оның  украинаны,  Мәскеуді,  Кавказды,  ленинградты 

(қазіргі  Санкт-Петербург)  қорғаушыларға  арнап,  солардың  ру-

хын  көтере,  ерлікке  шақыра  жыр  төккені  де  –  жыраулықтың 

үрдісі.  ол  замана  туралы  толғап,  дәуірге  сипаттама  береді,  өтіп 

жатқан оқиға құбылыстарға өз бағасын айтады. Жамбыл поэзия-

сында жырауға тән нақылдық, афоризмдік сипат, ойшылдықтың 

абыздық  нұсқалары,  сөз  өнерінің  ерекше  құдіреті  танылады. 

оның  шығармаларында  нақыл  сөз  бен  ақыл  сөз  өзара  жарыса, 

қатарласа қолданылады. Ақыл сөзді айтушы да, оны тыңдаушы да 

шығармада  анық,  нақты  көрініс  табады.  нақыл  сөз,  негізінен, 

жеке адамға арналмай, барша жұртқа ортақ өмір құбылыстарының 

мәні мен маңызы туралы тұжырымды пікір сипатында айтылады. 

нақылға айналып кеткен толғауларында Жамбыл өмірден түйгені 

мен  тоқығаны  көп  дана  ретінде  көрініп,  мән-мағынаcы  биік  те 

терең  мәселелерді  қозғайды,  олар:  кемел  тұлға  мен  тобыр  («та-

мам  қарға  жиылса,  бір  сұңқарға  жетпейді»),  адамның  азаттығы 

(«дүниенің  кеңдігі  –  жүргеніңде  басың  бос»),  уақыт  пен  адам 

(«Заман,  заман  дегенде,  заманға  қожа  –  адам  ғой»),  т.б. 

философиялық мәндегі ой-тұжырымдар. Жамбыл – жыршылық 

өнердің де асқан шебері. ол ел арасына кең тараған жырлар мен 

дастандарды көпке дейін орындап жүрген. «Менің өмірім» атты 

естелігінде Жамбыл былай дейді: «Ел жүдеген үстіне жүдей берді, 

ел  менен  жыр  сұрағанда,  кепкен  ботаның  тұлыбына  еміренген 

маядай,  батырларды  жырла  дейтін  болды.  Мен  де  жұрттың 

тілегіне сәйкес «Өтеген батыр», «Саурық батыр», «Сұраншы ба-

тыр»,  «Көрұғлы  батыр»,  «Алатай-Жапарқұлдың»  жырларын  ай-

татын болдым. Ел естігенде ыңыранып жылайтын. осындай елді 

жарыққа шығаратын батырлар да туар-ау әлі, – десетін». осылай 

көпшіліктін  тілеуі  мен  қалауы  бойынша  ел  намысын  жыртқан, 

халықты қорғаған батырлар туралы жырлағанда да Жамбыл жай 

жаттап  айтатын  орындаушы  емес,  дарынды,  өзіндік  «мені»  бар 

ақын екенін көрсетеді. ол жырлаған «Өтеген батыр», «Сұраншы 

батыр»,  «Көрұғлы»  дастандарында  эпостық  дәстүрдің  көп 


368

белгілерімен  қатар  біраз  өзгешеліктер  бар.  Әсіресе,  ондай 

айырмашылық  қаһармандардың  күйінген  сәттерін  беруде, 

сондай-ақ, эпоста болмайтын табиғаттың суреттерін бейнелеуде 

және  ескі  батырлар  жырына  тән  кейбір  байырғы  сарындарды 

түрлендіруде  көрініс  табады.  демек,  Жамбыл  белгілі  эпосты 

жырлаған шақта да импровизация жасап отырады. Сөйтіп, Жам-

был сияқты дүлдүл ақын жыршылық өнерге үлкен шығармашылық 

нәр  береді,  эпосты  құр  жаттап  алып  айтпайды,  сюжетті, 

оқиғаларды, қаһармандарды жадында сақтайды да, жырлау бары-

сында  өз  еркінше  импровизация  жасайды.  Ал,  импровизация 

процесі  –  шығармашылық  процесс,  оның  өзіндік  заңдылығы, 

әдіс-тәсілдері  болады.  Жамбыл  осының  бәрін  меңгеріп,  игеріп, 

импровизаторлық  өнердің  шыңына  жеткен.  Мұны  Жамбыл 

айтқан  «Өтеген  батыр»  жырының  екі  нұсқасын  салыстыру 

арқылы байқауға болады. ол нұсқалар бір сюжетке құрылған екі 

шығарма болып шыққан. Жамбыл шығармаларының көркемдік, 

бейнелеу  құралдары  мейлінше  мол  және  олардың  эстетикалық 

қызметі де айрықша мәнді. оның толғау, дастандары, негізінен, 

шұбыртпалы,  төкпе  жыр  ұйқасына  құрылған.  Ақынның  мол 

мұрасында шалыс ұйқастық да, егіз ұйқастың да, сыңар ұйқастың 

да  үлгілері  көп.  логикалық  ой  түйдегіне  құрылған  ұйқастар  – 

Жамбыл  поэзиясының  басты  ерекшеліктерінің  бірі.  Ырғақ  пен 

ұйқас  ақын  шығармасының  әуенін,  немесе  әуезін  түзеп  қана 

қоймайды,  сонымен  бірге  оның  мағыналық  құрылымындағы 

бөліктерді,  сарындарды  байланыстырушы,  сабақтастырушы  да 

қызметін  атқарады.  Жамбыл  туындыларында  ойлы,  образды, 

нақыл,  қанатты  сөздер  мен  фразалық  тіркестердің  атқаратын 

көркемдік-эстетикалық  қызметі  аса  жоғары.  Сондай-ақ,  оның 

шығармаларында метафора, символ, метонимия, меңзеу, аллего-

рия, сарказм мен ирония, ұлғайту мен кішірейту, немесе дамыту 

мен шендестіру, эпитет пен теңеу және басқа бейнелеу құралдары 

молынан  табылады.  оларды  Жамбыл  дара,  жалаң  пайдаланбай, 

тығыз  бірлікте,  поэтикалық  тұтастық  аясында  қолданады.  Ақын 

шығармаларындағы  бейнелеу  құралдарының  мұндай  тұтастығы 

Жамбыл  поэзиясын  ерекше  көркемдік-эстетикалық  жүйе 

деңгейіне дейін көтереді. Жамбыл өшпес мұра қалдырды. оның 

үздік шығармалары 40-тан астам шет елдер тілдеріне аударылды. 

Ұлы  жырау  қазақ  халқын,  оның  поэзиясын  бүкіл  әлемге  жария 

етті. 1938 ж. Жамбылдың шығармашылық өнерінің 75 жылдығын 



369

тойлағанда,  оған  әлемнің  әр  түкпірінен  құттықтаулар  келді.  Ро-

мен  Роллан,  Мартин  Андерсен,  нексе,  Катарина  Сусанна  При-

чард сияқты атақты суреткерлер Жамбыл поэзиясына өте жоғары 

баға берді. Жамбыл туралы жүздеген өлең-жырлар жазылды. 20 

ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері өте зор болды. 

Бұл қатарда Кенен Әзірбаев, Үмбетәлі Кәрібаев, Әбдіғали Сариев, 

нартай Бекежанов, доскей Әлімбаев, Саяділ Керімбеков, орын-

бай  тайманов  сияқты  белгілі  импровизаторлар  бар.  Қазақтың 

ұлттық  мәдениеті  мен  әдебиетіне  сіңірген  еңбегі  үшін  Жамбыл 

ленин орденімен, Еңбек Қызыл ту, Құрмет белгісі ордендерімен 

марапатталды.  1941  ж.  Сталиндік  (кейін  КСРо  Мемлекеттік) 

сыйлығының лауреаты атанды. І-сайланған Қазақ КСР Жоғарғы 

Кеңесінің  депутаты,  КСРо  және  Қазақстан  Жазушылар 

одағының мүшесі болды. Жамбылдың есімі Қазақстанның бір об-

лысына,  бірнеше  ауданға,  бірқатар  елді  мекендерге,  мекемелер 

мен  оқу  орындарына,  өнер  ордаларына  берілді.  Қазақ  халқы 

Жамбылдың  100  жылдық,  125  жылдық,  150  жылдық  тойларын 

халықаралық денгейде салтанатты түрде атап өтті. Бұл тойларға 

бұрынғы КСРо, қазіргі тМд елдерінен, сондай-ақ, басқа шет ел-

дерден, ЮнЕСКо-дан көптеген қонақтар қатысты. 

«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақ 

энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. Т.3. 507–510-бб.

жезтырнақ – қазақ фольклорында кездесетін мифтік бейне. 

Жезтырнақ, әдетте, жағымды кейіпкерге қарсы оның қас дұшпаны 

ретінде  сипатталады.  Бірақ  ол  қаншалықты  жауыз,  айлакер  болса 

да, халықтан шыққан батырлардан жеңіліп қалып отырады. Қазақ 

фольклорында жезтырнақ бейнесі «Құламерген», «Жерден шыққан 

желім  батыр»,  «Аламан  мен  Жоламан»  сияқты  ертектерде  «Алпа-

мыс батыр» эпосында, Ж.Жабаевтың «Өтеген батыр» дастанында, 

т.б. бар. 



«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақ 

энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. Т.3. 628-б.

жануарлар 

туралы 

ертегілер, 

хайуанаттар 

туралы 

ертегілер  –  ертегінің  көне  замандағы  мифтер  мен  әртүрлі 



тұрмыстық,  аңшылық  әңгімелердің  негізінде  пайда  болып, 

кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы 



370

мен  байланысын  аллегориялық  түрде  жан-жануарлар  бейнесі 

арқылы тұспалдап көрсететін түрі. Жануарлар туралы ертегілер, 

негізінен,  үш  топқа  бөлінеді:  этиологиялық  жануарлар  тура-

лы  ертегі,  классикалық  жануарлар  туралы  ертегі  және  мысал 

ертегілер  (аполог).  Этиологиялық  жануарлар  туралы  ертегілер 

–  өзінің  шығу  мерзімі  жағынан  мұндай  ертегілердің  ең  көнесі. 

Мұнда хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, 

мінез-құлқындағы  бір  ерекшелігі,  оның  солай  болу  себебі  жай-

ында  баяндалады.  Бұл  топтағы  ертегілердің  басты  ерекшелігі 

–  оқиғаны  себеп-салдарлы  сипатта  баяндауы  және  байырғы 

синкреттілікті сақтап қалуы мен этиологиялық мифке жақын бо-

луы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер 

ертегілермен сарындас. Мысалы, түлкі – аса айлакер, екіжүзді, 

алаяқ қу, қасқыр мен жолбарыс – адуынды озбыр, қара күш иесі, 

аю– икемсіз, қарабайыр, т.б. Шығыс және Еуропа халықтарының 

жануарлар  туралы  ертегінің  көпшілігін  классикалық  жануар-

лар туралы ертегілер құрайды. олардың сюжеті де ұқсас келеді. 

Өйткені,  бұл  ертегілердің  көпшілігі  әр  халықтың  тарихын-

да  болған  ұқсас  жағдайдан  туған.  Ал  біразы  арғы  тегі  бір  түркі 

халықтарының  ежелгі  дәуірінде  пайда  болған.  Енді  бір  бөлігі 

мәдени, сауда, т.б. қарым-қатынастар арқылы ауысқан. Бұлардың 

моральдік  және  әлеуметтік  мазмұны  аса  терең.  Жыртқыштар 

қанаушыларды,  әлсіз  жануарлар  кедейлерді  еске  түсіреді. 

олардың  іс-әрекетімен  қатар  мінездері  де  шебер  сомдалады. 

Классикалық  жануарлар  туралы  ертегілердің  құрылымы  онша 

күрделі  емес.  олардағы  сюжет  хайуанаттар  арасындағы  кезде-

сулер мен қақтығыстарға құрылады. Бір сарынды эпизодтардың 

өзгермей, үнемі қайталанып келетін түрі көптеген әлем халықтары 

ертегілерінде бар. олардың үлгілері – «Қотыр торғай», «Кім не-

ден күшті», т.б. ертегілер. Мысал ертегілерде – баяндау белгілі бір 

моральдік  қағида  мен  тұжырымды  дәлелдеуге  бағытталады,  сол 

себепті олар көп жағдайда нақылмен аяқталады. Қазақ халқының 

мысал ертегілері шығыс фольклорымен тығыз байланысты. Мы-

салы,  орта  Азияға  кең  тараған  «Кәлила  мен  димна»,  «тотына-

ма»,  т.б.  жануарлар  туралы  ертегі  адам  болмысының  ертедегі 

тотемдік сенімдермен байланысты пайда болған. Жануарлар ту-

ралы ертегілердің прозалық баяндаудан өлеңге көшіп отыратын 

үлгілер де кездеседі.

«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақ 

энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. Т.3. 554-б.


тҰлҒАлАР туРАлЫ

ПоРтРЕтЫ 



372

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

Алматының  шуаққа  толы,  жарқыраған  жарығы  мол,  әдемі 

күзі  басталғанмен  жазғы  ыстықтың  лебі  қайта  қоймаған 

қыркүйектің  алғашқы  күндері  еді.  Академияның  аспирантта-

ры  1967  жылғы  каникулды  бітіріп,  ауылына  кеткендері  қалаға 

оралып  жатты.  Мен  М.о.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 

институтының  ғалым  хатшысы  Бисенғали  наурызбаев  ағайға 

келіп, жаздай кітапханада, қолжазба қорында жұмыс істегенімді 

баяндап, Академиядан шығып келе жатқам-ды. Баспалдақтардан 

өтіп, сол жақтағы Карл Маркс көшесіне қарай бұрылып едім, 20-

30 қадамдай жерде асықпай кетіп бара жатқан академик Қажым 

Жұмалиевті көрдім. Студент кезімнен ол кісіні жақсы білетінмін 

(3-ші  курста  қазақ  әдебиеті  тарихынан  дәріс  оқыған  болатын), 

сондықтан сәлемдесіп қалайын деп, жеделдете жүріп, ұстазымды 

қуып жеттім де: 

– Ағай, сәлеметсіз бе? – дедім. Қажекең сол жақ иығын сәл 

бұрып, маған қарады да:

– Ә, Сейітпісің? Халің қалай? Жұмысың қандай жағдайда? 

–  деп  сұрады.  Мен  ол  кісінің  сұрап  тұрғаны  диссертацияның 

жайы екенін түсіндім де: 

–  Жаман  емес.  Қазір  үшінші  тарауын  жазып  жатырмын. 

ноябрь-декабрьде бітіретін шығармын, – дедім.

–  Ә,  жақсы  екен...  Әлгі  Қуандық  қайда?  –  деп  маған 

қарады.


– Қуандық ауылына кеткен. Баянда. осы екі-үш күнде келіп 

қалар, – дедім. Шамалы үнсіздік пайда болды.

– Ағай, – дедім Қажекеңе қарап, – осы Қуандықты Сіз көп 

іздемейсіз ғой. ол да Сізді мазаламайды. Ал, нина Сергеевна бол-

са, мені апта сайын шақырады. Сіз олай етпейсіз ғой. неге?

– Ә, нина Сергеевна – қатал ұстаз, бірақ әділетті адам. ол 

өте  жақсы  маман,  фольклор  теориясына  жетік.  оның  талабын 

орындап, айтқанын істеу керек. Ал, Қуандық болса, ол – асылдың 

сынығы ғой. оны беталбаты мазалап қайтем, өзі де біледі, – деді.


373

Аяңдап, трамвайдың аялдамасына келдік. Қажекең трамвайға 

отырды  да,  мен  үйге  жаяу  тарттым.  Жол  бойы  жаңағы  акаде-

мик  ағайымның  «асылдың  сынығы»  деген  сөзі  ойыма  орала 

берді... Қажекең айтқан «асыл» – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да, 

«сынығы» – Мәшекеңнің немересі – Қуандық Пазылұлы. Сол 

«сынық» – бүгінде республикамызға белгілі ғалым, танымал жа-

зушы, ұлағатты ұстаз, үлкен отбасының өнегелі атасы.

Айтса – айтқандай-ақ. Қуандық тегін емес екендігін, бойын-

да қайнап жатқан талант пен алысқа апаратын асқақ арман бар 

екенін ерте-ақ танытты. ол атақты атасының ізін қуып, әдебиет 

әлеміне  ақын  болып  енді  де,  поэзия  оқырмандарының  назарын 

өзіне  бірден  аударды.  Жиырмаға  жетпеген  студенттің  алғашқы 

өлеңдерінің  өзі-ақ  әдебиет  сыншыларының  назарына  ілігіп, 

жоғары  баға  алды.  «достарыма»  деген  өлеңі  1961  жылы  «Қазақ 

әдебиеті»  газетінің  1  Май  мерекелік  санында  жарияланып,  жас 

ақынның  өмірге  деген  көзқарасын,  азаматтық  кредосын  айқын 

аңғартты.

Қыран боп көкке жете алмай,

Күрсінген жаман достарым.

Өзен боп ағып өте алмай,

Іркілген жаман, достарым.

Жалт етіп барып жана алмай,

Сөнген де жаман, достарым.

Күштіге күшпен бара алмай

Көнген де жаман, достарым...

Көбелек болып көлбеңдеп,

тек қалған жаман, достарым.

Қатарың кетсе өрге өрлеп,

Кеш қалған жаман, достарым.

Өкініш қылып өткенді,

Аңсаған жаман, достарым.

Аса алмай жатып көп белді,

Шаршаған жаман, достарым.

Кезінде  белгілі  сыншы  З.  Серікқалиевтің  жоғары  бағасына 

ие болған осы төрт шумақтағы ойлар күні бүгін де мән-маңызын 

жоғалтпай, қазіргі жастарымызға арналғандай естіледі. Өз қата- 

рын  «қыран  боп  көкке  самғауға»,  «өзен  боп  іркілмей  ағуға» 



374

шақырған  Қуандық  өзі  де  бүкіл  азаматтық  өмірінде  сол 

мүддеден  шығуға  күш  салып,  «күрсінбей  де  іркілмей,  сөнбей 

де  күштіге  көнбей,  өкінбей  де  шаршамай»  келе  жатыр,  көркем 

шығармашылық пен ғылыми істі, ұстаздық пен тәлімділікті шебер 

ұштастырып, қатар алып келеді.

Үлкен  шығармашылық  жолға  ақын  боп  түскен  Қуандық 

поэзия  ауылында  ұзақ  тұрақтамай,  көркем  прозаға  ауысты. 

Алғашында  шағын  әңгімеден  бастап,  бірте-бірте  эпикалық 

прозаға  қол  артты.  Әңгіме  жанры  жазушыдан  талантпен  бірге 

үлкен  шеберлікті  талап  ететіні  белгілі.  Шағын  шығармаға  көп 

нәрсені  сыйдыру  тәсілін  жақсы  меңгеріп  алған  Қуандық  1974 

жылы «Жұлдыз» журналында «Қара кемпір» атты тұңғыш повесін 

жариялап, өзінің енді көркем сөздің құдіретін терең түсінгенін, 

шеберлік сырын толық игергенін, сөйтіп ұлттық беллетристика-

мызда тағы бір талантты автор пайда болғанын мәлімдеді. Араға 

төрт жыл салып, жастар өміріне арналған «Армандастар» повесін 

шығарды.  Екі  жылдан  соң  оның  «Қыздар,  жігіттер»  атты  повесі 

жарық көрді. Мұнда ұлттық әдебиетімізде Сафуан Шаймерденов 

пен Әзілхан нұршайықовтан кейін эпикалық планда көрсетілмей 

жүрген  қызығы  мол  студенттік  өмірдің  сырлары  мен  қырлары 

көркем  бейнеленіп,  оқырманның  ықыласына  бөленді,  соның 

нәтижесінде орыс тіліне де аударылып, жарияланды.

Әдебиетімізге  өзіндік  қолтаңбасы  айқын,  қаламы  төселген 

жазушы келгенін жұртшылық оның драмалық шығармаларынан 

да көрді. 1970–1980 жылдар аралығында ол бірнеше пьеса жазып, 

драматургия  жанрының  да  заңдылықтарын  жетік  меңгергенін 

көрсетті. оның пьесалары сол тұстағы қоғамдық-тәлімдік, иман-

дылық мәселелерін көтеріп, сюжеттің қызғылықтығы жағынан да, 

кейіпкерлердің шынайы бейнеленуі жағынан да, проблемалардың 

өте  өткірлігі  жағынан  да  оқырманы  мен  көрерменін  бейжай 

қалдырған жоқ. Мәселен, бір ғана «Ұл мен қыз» атты пьесасының 

Семейдің Абай атындағы музыкалық драма театрында алты жыл 

бойы үзілмей қойылғанын айтсақ та жеткілікті. Әсіресе, Шығыс 

Қазақстан мен Қарағанды, Семей облыстары ауылдарында 300 рет 

қойылған бұл пьеса алыс аймақ көрермендерінің ризашылығына 

ие болғанын айтпасқа болмайды.

Қуандық  көркем  шығармашылықпен  ғана  шұғылданып 

қойған жоқ. Мәшһүр Жүсіп атасына ұқсап ол ғылыммен де айна-

лысты. Бұл салада да айтарлықтай табысқа жетті. оның ғалымдық 



375

қаламынан  150-ден  астам  мақала,  үш  монографиялық  зерттеу 

туды.  Бұл  еңбектерде  зерттелген  ғылыми  мәселелерді  жүйелеп 

айтар болсақ, мыналар: прозадағы дәстүр мен жаңашылдық, стиль 

мен  шеберлік,  әдебиеттегі  деталь  мен  шарттылық,  нақтылық 

және  дерексіз  ұғым  мен  заттылық,  т.б.  Әдебиеттанушы  ретінде 

де  ол,  әсіресе,  поэзияның,  соның  ішінде  лириканы  жан-жақты 

зерттеді.  нақтылап  айтқанда,  оның  қарастырғаны  лирикадағы 

стиль  мен  бейнелілік,  композиция  мен  сюжет  мәселелері. 

оның  зерттеушілік  назарынан  романтизм  мен  реализм,  көркем 

туындыдағы портрет пен табиғат, идея мен образ, жеке ақынның 

шеберлігі мен прозаиктің өзіндік жазу мәнері сияқты проблема-

лар да тыс қалған жоқ.

Қырық жылға жуық шығармашылық және ғалымдық жолын-

да Қуандық өзін жаңашыл да зерделі зерттеуші, ойлы да сындар-

лы  сыншы  және  әдебиеттің  жанашыр  насихаттаушысы  ретінде 

де көрсетті. оның мерзімді баспасөзде жарық көрген «Өлең өрісі 

неге  тар?»,  «Сын  –  сергек  жанр»,  «Махаббатты  қалай  жырлап 

жүрміз?»,  «Замандас,  сен  қандайсың?»,  «ортаға  түскен  ойлар», 

«Бес ақын және бес өлең», «Көркемдікке көз жеткізе білейік» т.б. 

ондаған  сыни  және  публицистикалық  мақалалары  мен  эсселері 

әдебиеттің,  мәдениет  пен  тілдің,  сондай-ақ  қоғамдағы  рухани 

өмірдің көкейкесті проблемалары мен әдебиеттанудың әр алуан 

аспектісін  сөз  етіп,  оқырмандар  мен  мамандарды  пікір  алысуға, 

ой қосуға шақырды. 

Мейлі зерттеуші, мейлі сыншы, мейлі оқытушы, яғни қай роль-

де көрінсе де Қуандық сүйікті әдебиетін насихаттаудан жалықпай 

келеді. Бұл мақсатта ол ақын-жазушылардың мерейтойын да, жеке 

бір  автордың  жаңа  туындысының  жарыққа  шығуын  да,  немесе 

драмматург  пьесасының  сахнадағы  премьералық  қойылымын 

да  ұтымды  да  сәтті  пайдаланады,  сөйтіп  әріптестеріне  ыстық 

ықыласы  мен  ізгі  ілтипатын  көрсетіп  жатады.  Қазақ  әдебиеті 

өкілдерінің ішінде оның назарына ілікпегені – кемде-кем. Ұстаз 

ретінде де ол әдебиетті насихаттаудың өзіндік әдісін тапқан. Мы-

салы,  оқушыларға  ол  әдеттегідей  шығарманың  тақырыбы  мен 

идеясын  түсіндіріп  жатпайды.  оның  өз  тәсілі  бар:  ең  әуелі  әр 

ақын мен жазушының суреткерлігін ашады, не себепті автор өз 

өлеңінде нақ осы сөзді алған, соны дәлелдейді және шәкіртін тек 

қабылдаушы  деп  ұқпайды,  оны  ойлауға,  ізденуге  баулиды,  әрі 

көркем сөздің құдіретін түсінуге талпындырады.



376

Қуандық Пазылұлы – әдебиет тарихын да, текстологияны да 

зерделеп жүрген ғалым. Бұл саладағы айрықша еңбегі – Мәшһүр 

Жүсіптің  шығармаларын  текстологиялық  тұрғыдан  сараптауы 

мен газет-журнал беттерінде жариялауы дер едік. Аспирантураға 

түскен  шақта  ол  өзінің  атасы  Мәшһүр  Жүсіп  туралы  диссерта-

ция  жазуды  ойласа  да,  жүзеге  асыра  алмады.  1960  жылдардағы 

«жылымық» қаншама ерік берді десек те, идеологиялық қыспақ 

пен қатаң цензуралық бақылау күшті еді. 1950 жылдары діншіл, 

байшыл,  кертартпа  ақын  деп  «айыпталған»  Мәшекеңді  1959 

жылғы әдеби мұраға арналған конференция да ақтай алмаған-ды. 

оның сәті тек 1989 жылы ғана түсті. Енді міне, сол олқылықтың 

орнын Қуандықтың өзі, оның балалары толтырып жатыр. Қызы 

Гүлназ, ұлдары нартай, Ертай, Естай ғұлама аталарының мұрасын 

әр  қырынан  зерттеп,  кандидаттық  диссертацияларын  қорғады. 

Қазір олар Мәшһүр Жүсіптің 20 томдығын даярлау үстінде. «Ата-

дан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді», – деп қазақ бекер ар-

мандамайтын болса керек. «Іске сәт!» – дейміз оларға...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет