Ғылым тарихы және философиясы



бет28/185
Дата27.10.2022
өлшемі1.17 Mb.
#45758
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   185
Әлеуметтік философияда ойшыл қоғамдық қатынастардың нор- мативтік реттелуіне үлкен көңіл бөледі. Ф.Аквинский әлемде бар заңдардың үш түрін ажыратып көрсетеді:

  1. мәңгілік заңдар (лат. – lex aeterna).

  2. жаратылыс заңдары (лат. – lex naturalis).

  3. адам жасайтын заңдар (лат. lex humana).

Мәңгілік заңдар – ол Құдайдың Әлемді жарату алдындағы жоба- сы. Оларда әрбір заттың не үшін пайдаланылатыны, оның орналасуы, тәртібі көзделген.
Жаратылыс заңдары ақыл-ойы бар тіршілік иесі ретінде адамның жақсылық пен жамандықты ажырата алатын қасиеттерінен келіп шығады. «Жақсылық жасауға ұмтыл, жамандықтан аулақ бол» – жа- ратылыс заңы. Жаратылыстың ең жоғарғы құндылығы – өмір. Олай болса, адам өз өмірін сақтауға ұмтылуға тиіс. Бұл да – табиғат заңы. Ер адам мен әйелдің өзара қарым-қатынастары, бала тәрбиесі және басқалары да осыған жатады.
Адам жасайтын заңдар қылмыскерлерге, әртүрлі жамандықтарға қарсы бағытталған. Олар адамның ақылынан туған. Оларда заң қатаң қадағалайтын мақсат және сол мақсаттарға жету құралы көзделген. Егер Августин адами заңдардың қажеттігін адамның бастапқы күнәһарлығынан көрсе, Ф.Аквинский табиғи қажеттіліктен шығарады. Олар табиғи заңдардың нақтылануы сияқты және соларға сай болуға тиіс. Адам ақылының нәтижесінде жаратылыс заңдарынан адамның азаматтық құқықтары келіп шығады. Мысалы, өмірді сақтау – табиғат заңы, ал одан: «Өлтірме!» – деген қағида туады. Ада- ми заңдарда нақтылана отырып, адамды қасақана ниетпен өлтіру не- месе адам өлтіру фактісінің кездейсоқ орын алғаны айқындалады. Тиісінше, қылмыс істеген адам жазаланады. Қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулай отырып, заң адал ниетті адамдарды қорғайды. Алғашында қылмыскер заң талаптарына мәжбүрлі түрде бағынады, кейіннен бұл
дағдыға айналады. Ақырында, қылмыскер адал адам болып шыға ала- ды. Заңның тәрбиелік мәні осында жатыр.
Ф.Аквинскийдің табиғат заңдарына қайшы келгенде, адами заңдардың күштерін жоятыны туралы ойына назар аударайық. Ада- ми заңдардың негізінде әділеттілік жатуға тиіс, әйтпесе қоғамды сыбайласқан жемқорлық, билікті асырапайдаланушылық жайлайды.
Ф.Аквинскийдің ойынша, биліктің ең қолайлы түрі – монархия, ал ең жаманы – заңсыздықтар мен зорлық-зомбылыққа жеткізетін озбыр билік. Ал мемлекеттің рөлі үлкен: қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулай және тәрбиелей отырып, сондай-ақ тәртіп пен адамдардың бейбіт өмірін қамтамасыз етіп, мемлекет адамдардың өмірін, олардың әдет- ғұрыптарын жақсартады.
Бірақ мемлекет адамдардың барлық рухани тілектерін қанағат- тандыруға қауқарсыз. Сол себепті адамды шексіз сүйетін Құдай оған ашылу (лат. – lex divina) заңдарын (аяндар арқылы) берді, адам, өз кезегінде, адами заңдарды солармен өне бойы салыстырып отыруға тиіс.
Ф.Аквинский қоршаған ортаны танып білу барысында адамның өзі қол жеткізе алатын білім шындықтарының алдында Құдайдан түскен аяндардағы сенім шындықтарының басым екеніне сендіре отырып, бұл іргелі қағиданы адамның қоршаған дүниені танып білуінің тұтас үдерісіне таратады.
Бұл қағидаларды ұлы ойшыл қалай негіздейді? Адам – кемеліне келмеген тіршілік иесі, оның кемшілік-міндері де көп, адасып-шатасуға бейім. Сондықтан бір уақыт ол Библияға (Қасиетті құжатқа) жүгініп, өзінің қолы жеткен білімдерін Ашылу (аян) шындықтарымен салысты- рып отыруға тиіс. Егер олар бір-бірлеріне қайшы келсе, онда – адамның адасқаны деп біліңіз.
Ф.Аквинскийдің бұл қағидаларында үлкен мағына бар. Қазіргі за- ман тілімен айтқанда, бұл жерде ғылымның дамуына адамгершілік тұрғысынан бақылау жасау туралы сөз болып отыр. Адам, өкінішке қарай, әлі күнге дейін ғылым жетістіктерін бірінші кезек- те соғыс қаруларын жетілдіру мақсатында пайдаланады. Ал қазір біз термоядролық ақырзаманда адамзаттың өзін-өзі өлтіруі мүмкін шек- терге тым жақын тұрмыз. Көріп отырғанымыздай, Ф.Аквинскийдің ойлары бүгінгі күні де өзектілігін жоймаған екен.
Айтылғандарды қорытындылай келе, Ф.Аквинский шығарма- шылығының әлемдік мәдениет тарихында елеулі де өшпес із қалдырғанын ерекше атап айтуға тиіспіз. Оның жарқын ойлары, таза
логикасы, өмірге құштарлығы, Құдай мен адамға деген сүйіспеншілігі әлі де қазіргі заман адамдарының рухани өмірлеріне, олардың филосо- фиялық сипаттарына шабытты серпін беретін үлгі болып қала береді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   185




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет