Ғылым тарихы және философиясы


Ұлы әл-кинди (800-879) – араб философиясын бастаушы



бет30/185
Дата27.10.2022
өлшемі1.17 Mb.
#45758
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   185
Ұлы әл-кинди (800-879) – араб философиясын бастаушы. Ол Аристотельдің идеяларын жақтаушылардың алдыңғысы болды. Оның негізгі еңбектері: «Алғашқы философия туралы», «Бес мағына туралы кітап» және басқалары. Еңбектерінде Әл-Кинди өз заманының негізгі ғылыми жетістіктерін суреттеген болып саналады, дегенмен ойшылдың
мұраларын зерттеумен айналысатын кейбір ғалымдардың ойынша, оның дәлелдері әрдайым сенімді бола бермейді және «шешендік, ал кейде ақындық уәждерге бой ұрады». Бұл, мүмкін, біздің заманымызға оның мұраларының он бөлігінен де аз мөлшері ғана келіп жеткенінен шығар. Алайда ойшылдың бізге жеткен шығармаларының ешбір күмән тудырмайтындай дәлелдейтіні – Әл-Кинди философияны жаратылыс және ғылыми білімдермен тығыз байланыстырған және философи- ямен айналыспақ ниеті бар адамның міндетті түрде математиканы жақсы білуге тиіс екеніне сенімді болған. Аристотельден кейін фило- софияны ұтымды түсіндірген сол болды. Болмыс туралы өз ілімінде ол екі түпнегіз (субстанция) туралы айтады. Біріншісі – сезімдік зат- тар, сапалық және сандық жақтарын зерттеп алып, оларды танып- білуге болады. Осының барлығын математика ғылымдары зерттейді. Оларды зерттемей тұрып, түпнегізді түсіну мүмкін емес. Кімде-кім түпнегізді білмесе, ол философияны біле алмайды. Ал философияны білмеген адам екінші түпнегізге жете алмайды, өйткені ол тұрақты және өзгермейді.
Адамды қоршаған болмысты Әл-Кинди «Ай астындағы әлем» деп атайды. Айдан тыс ешқандай қозғалыс та, пайда болу мен жойылу да жоқ. Олар тек Ай астындағы әлемге тән. Қоршаған болмыс төрт элемент: жер, су, ауа және оттан тұрады. Олар әртүрлі өзгермелі іс- әрекеттерде табиғат денесін құрайды.
Таным ілімінде Әл-Кинди ең ғажап ғылым деп философияны мо- йындайды, өйткені ол заттардың шынайы табиғатын ашып көрсетуге, сол арқылы бізге іс-әрекеттерімізде жәрдемдесуге ұмтылады.
Әлденені тану үшін, төрт сұраққа жауап беру қажет:

  1. Ол бар ма?

  2. Ол не?

  3. Ол қандай?

  4. Себебі не?

Адам танымы екі түрге бөлінеді. Біріншісі – сезімдік таным. Ол бізге жақын, бірақ мағынадан алшақ, өйткені заттар тұрақты емес: үздіксіз өзгеріп тұрады, өтпелі. Сан тұрғысынан алғанда, олар көбейеді, азаяды, ал сапалық жағынан да бір-біріне теңбе-тең және теңбе-тең емес те болып жатады, күш алады немесе күшін жоғалтады..., біз өзгеретін заттардың пішінін ғана қабылдаймыз және оларды зердеміз- де және миымызда сақтаймыз.
Танымның екінші түрі мағынаға жақын, бірақ бізден алшақ. Бұл – ақыл-ой. Жекелеген заттар сезім арқылы қабылданады, бірақ әлденені,
яғни тұрақты мен тектікті сезіммен қабылдау мүмкін емес, олар ақылмен қабылданады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   185




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет