Ғылым тарихы және философиясы



бет31/185
Дата27.10.2022
өлшемі1,17 Mb.
#45758
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   185

Әл-Фараби философиясы


Әл-Киндидің философиялық идеяларының ары қарай дамуын Әл-Фараби шығармашылығынан көреміз. Аристотельдің еңбектерін аударғаны және оларға түсініктемелер бергені үшін, ол – әлемдік фи- лософияда «Екінші ұстаз» атанған адам.


Әл-Фарабидің толық аты – Әбу Нәсір Мұхаммед Ибн-Тархан Ибн- Узлак ат Түрік (870-950 жж.). Ол Қазақстанда, Отырар қаласында (Фа- раби) дүниеге келген. Ересек тарта бастағанда, білім іздеген ол керу- енге ілесіп Таяу Шығысқа келіп, Бағдад және Алеппо қалаларында білім алады: араб және басқа тілдерді үйреніп, антика философиясына өз бетінше зерттеу жүргізеді. Біз оның өзіміздің ғұлама ойшылымыз болғанын мақтан етеміз. Бірақ белгілі бір дәрежеде ол араб ойшылы да болады, өйткені араб мәдениетінің ғаламат ықпалын сезінген және өз еңбектерін осы тілде тудырған. Сол себепті оны бәрінен бұрын
«Шығыс философиясының жұлдызы» немесе «Жер планетасының ұлы ойшылдарының бірі» деп бағалағанымыз дұрыс болмақ.
Әл-Фарабидің сақталып, бізге жеткен еңбектерінен оның ғылым мен философиядағы айқын ұстанымын көреміз. Шығармаларының құрылымы, мәселелерінің тақырыптары мен қойылуы оны бізге арабтілді перепатетизмнің1 негізін салушы ретінде танытады.
Оның негізгі еңбектері ретінде «ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «ғылымдарды саралау жөнінде», «азамат- тық саясат» және басқа туындыларын атауға болады. Әл-Фарабидің болмыс туралы ілімі негізінде неоплатонизм өкілдері зерттеген эма- нация (кемерінен асу) ұғымы жатыр. Әлемді Алғашқы мән жаратқан, ол – бар жаратылыстың себепшісі. Алғашқы мән мүлтіксіз, мәңгі, өздігінен жетілген, түр-пішінге де, себепке де, мақсатқа да мұқтаж емес. Азғантай болса да, бір нәрсеге мұқтаждық сезсе, ол Алғашқы мән болмас еді. Ол – барлығынан жоғары, Бәрін білгіш, Данышпан, Шындық, Өмір және т.б. алғашқы мән – материя емес. Сондықтан ойшыл оны «белсенді ақыл-парасат» деп атайды. Өзінің қай жағынан



1 Арабтілді перепатетизм – Аристотель мен неоплатонизм ілімдеріне негізделген ортағасырлық араб-ислам философиясы ағымдарының бірі.
да мүлтіксіздігі себепті Алғашқы мән өз-өзіне сыймай, кемерінен асып төгіледі, соның нәтижесінде басқа дүниелер пайда болады. Басқа дүниелерді тудыра отырып, Алғашқы мәннің өзі жоғалып кетпейді, Ол мәңгі өмір сүреді.
Егер ол жоғалып кеткен болса, онда Ол жоғарғы билігін жоғалтар еді де, Өзінің ар жағында одан да мүлтіксіздірек, жетілген әлдене бар екенін көрсетер еді.
Алғашқы мәннің эманациясы барысында алдымен материалдық емес аспан әлемдері, содан кейін барып Сатурн, Юпитер әлемі пай- да болады. Бұл жерде біз ойшылдың схоластикалық ойларының үлгілерін көреміз. Ақыр соңында, бұл эманация біздің Ай астындағы әлеміміздің құрылуымен аяқталады. Оның айырмашылығы – бұл көптік әлемі. Оның негізінде жер, су, ауа мен от жатыр. Ал өмірге кел- сек, Әл-Фараби оны: өсімдіктер, жан-жануарлар және ақылды жан- жануарлар, яғни адамдар деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет