Ғылым тарихы және философиясы



бет37/185
Дата27.10.2022
өлшемі1.17 Mb.
#45758
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   185
«жабайылық пен озбырлық» және «өркениет» деп атаған кезеңдер.
Оған қоса, ол тарихта осы екі кезеңнің болғанын айтып қана қоймайды, сонымен қатар біріншісінен екіншісіне өтудің себептерін де көрсетеді. Бұл өндірістің дамуына және өнім молшылығының пайда бо- луына байланысты, өйткені өнімнің артық болуы қымбат тауарлардың шығуына және оларды алуға ұмтылуға әкеліп соқтырады. Әдемі киім, дәмді тамақ, жайлы тұрғын үй, әлбетте, көпшілікті қызықтырады. Со- нымен бірге олар өндірістің дамуына, бұрынғыдан да көп алуан түрлі тауарлардың пайда болуына (жұп-жұқа былғарыны илеу және бояу технологиясы, әртүрлі әшекей бұйымдарды жасау, минералдар мен тастарды өңдеу технологиясы және басқалары) серпін береді. Ақыл-ой қызметімен айналысатын адамдардың ерекше топтары пайда болып, ғылым мен өнердің жедел дамуына себепкер болады.
Ары қарай – одан да көбірек... Ибн-Хальдун әлемдік философияда алдыңғылардың бірі болып бастапқы салыстырмалы теңдіктен толық теңсіздікке өтудің қалай орын алғанын айқын көрсетіп берді. Бұл жерде ол тағы: «асабийя» және «мүлік» деген екі жаңа санат енгізіп, қоғамның әлеуметтік-саяси өмірін талдауға дейін көтеріледі. Бұл ұғымдардың шығу тегі мынадай: «асабийя» ру-тайпаның бірлігі, өзара байланыс дегенді, ал «мүлік» байлық, меншік дегенді білдіреді.
Ибн-Хальдун адамдардың бастапқы байланыстары қандық- туыстық болғанын ғана айтып қойған жоқ, сонымен қатар оның материалдық мұқтаждықтардың және әртүрлі қауіп-қатерлерден қорғану қажеттілігінің маңыздылығын да көрсеткені ғажап болды. Сол себепті кей кезде қандық-туыстық әлеуметтік құрылым айтарлықтай
өзгерістерге ұшырап, күрделене түседі. Мысалы, ру-тайпа мүшелігіне басқа жерлерден келгендер қабылдануы, ал кейбір топтар қорғаныш және қолдау іздеп, бір тайпаның құрамына кіруі мүмкін.
Бастапқы кезеңде адамдық қатынастар теңдік қағидасына негізделіп құрылады, өйткені әлі өнімдер молшылығы бола қойған жоқ. Ру- тайпалардың көсемдері тайпаны басқарумен, ру-тайпаішілік және оның шекараларынан тыс қатынастарды реттеумен айналысады. Бірақ дәл осы басқару ісінде болашақ теңсіздіктің ұрығы жасырынған. Басқарушы барлықтарын да өз еркіне бағындыруға, ал көнбегендерді жазалауға тиіс. Ал бұл ру-тайпа мүшелерінің көсемге тәуелді болуының күннен-күнге арта түсуіне әкеп соқтырады. Бастапқыда көсемнің жанында тең дәрежеде болғандар енді оның еркіне бағынуға мәжбүр. Билікке қолы жеткен билеуші енді ешқашанда одан бас тарт- пайды, керісінше, бар күшін салып, оны нығайтуға ұмтылады.
Билікпен бірге көсем басқа да артықшылықтар иеленеді, бұл, ақыр соңында, мүліктің (жеке меншіктің) қалыптасуына, сондай- ақ теңсіздіктің пайда болуына жеткізеді. Бұл жерде «мүлік» сөзінің
«билік» деген басқа бір мағынасына назар аударған жөн. Қазақ тілінде
«бай» – дәулетті, ал «би» – билеуші дегенді білдірсе, орыс тіліндегі
«власть» және «владеть» сөздері бір түбірден шыққан.
Тайпа ішіндегі теңсіздіктің пайда болуы басқа тайпаларды күшпен басып алу немесе қорқыту арқылы оларды «өз еркімен» бағынышты болуға келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   185




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет