Ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми кон ференция қазақ тілі мен әдебиетінің, өнері мен



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата01.01.2017
өлшемі5,98 Mb.
#923
  1   2   3   4

№42

(9636)

20 қыркүйек

2014 жыл


e-mail:

janaarkagazeti@mail.

ru

АУДАНДЫҚ  МӘСЛИХАТТЫҢ 

КЕЗЕКТІ XХХV СЕССИЯСЫН

ШАҚЫРУ  ТУРАЛЫ

Атасу кенті                                        20  қыркүйек  2014  жыл

Аудандық  мәслихаттың  кезекті XХХV сессиясы  2014

жылдың  30-  қыркүйек  күні  сағат  11.00-де  шақырылсын

(аудан әкімдігінің мәжіліс залы, Тәуелсіздік даңғылы, №5).



Ж. ӘБҮЙІРОВ, 

сессия төрағасы

ХАБАРЛАМА

2014    жылдың    30-қыркүйек      күні    өтетін    аудандық

мәслихаттың кезекті XХХV сессиясының  қарауына  келесі

мәселелер  ұсынылады:

1.  Жаңаарқа  аудандық  ішкі  істер  бөлімінің  қылмыстың

алдын-алу  және  қоғамдық  қауіпсіздікті  нығайту

барысындағы  атқарып отырған жұмыстары туралы.

2. Ақтау  ауылдық  округі  әкімінің  атқарған жұмыстары

мен алға қойған міндеттері туралы. 

3. Ералиев  ауылдық  округі  әкімінің  атқарған жұмыстары

мен алға қойған міндеттері туралы.

4. Әртүрлі мәселелер.



М.ӘБДІШЕВ,

аудандық мәслихат  хатшысы

ҰЛЫЛАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН 

«Мәдени  мұра»  стратегиялық  ұлттық  жобасы  ая-

сында  Жаңаарқа  ауданында  «Туған  жерден  түлеп

ұшып,  ұлт  мақтанышына  айналған  тұлғалар  және

олардың мұраларының тағылымы» атты республикалық

ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми кон-

ференция  қазақ  тілі  мен  әдебиетінің,  өнері  мен

мәдениетінің  өсіп-өркендеуіне  өз  үлестерін  қосқан

жерлестеріміз Байдалы би, Сайдалы Сары Тоқа, Шоң

Телғозыұлының  өмір  жолдарына  және  қоғам

қайраткері, ақын Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдық

мерейтойына арналды.

Республикалық  деңгейде  ұйымдастырылған

конференцияға ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері

С.Қирабаев, мемлекет қайраткері О.Әбдікәрімов, ҚР

парламенті мәжілісінің депутаты А.Смайылов, фило-

логия ғылымдарының докторы А.Әлтаев, филология

ғылымдарының докторы С.Негимов, филология ғылымдарының докторы Б.Рахымов, филология ғылымдарының докторы

Ж.Жарылғапов, тарих ғылымдарының докторы Д.Ескекбаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Сәкен өмірін зерттеуші С.Оспанов,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ж.Жүзбаев, ақын, жазушылар одағының мүшесі С.Бексейіт  сынды ірі тұлғалар арнайы келді.

Ауданымызға келген қонақтар, ең алдымен, аудан әкімдігінің алдында орналасқан С.Сейфулиннің ескерткішіне гүл шоқтарын

қойып, жерлес ақынымыздың рухына тағзым етті. 

Бұл рәсімнен кейін келген қонақтар ауданымыздың

көркіне көрік қосып, жаңаарқалықтардың асқақ рухын

бейнелейтін,  жаңадан  бой  көтерген  «Мәңгілік  ел»

алаңына беттеді. Ғасырлар бойы  Тәуелсіздікті  аңсап

келген  қазақ  жұртының   егемендікті   алып, етек-

жеңін  жиғанына да 23 жыл болды. Мемлекетіміздің

жылдар өткен сайын қуаттылығы  артып,  экономи-

касы  көтеріліп, әлемге аты  мәлім елдермен иық тіре-

стіріп, танымал болып келеді.

Биылғы жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  болашақты

бағындырар іргелі  ірі мемлекетке  айналып, Мәңгілік

ел болуымызға  әр  қазақстандық атсалысу керек екені

жөнінде    ой    тастады.    Шынымен    де  уысымызға

түскен  Тәуелсіздігіміздің тұғырының  берік  болуына

баршамыз  бірдей  атсалыссақ  үлкен  нәтижелерге

жетеріміз анық.  Аудан  орталығындағы  «Мәңгілік ел»

алаңының  өзіндік  сыры  бар. Алаңда орналасқан  «Алтын адам» мүсіні халқымыздың тұғыры берік, тұңғиық тарихынан

сыр шертеді. Алаңның дәл ортасында орналасқан шаңырақ татулық пен бірліктің нышанын білдірсе, шаңырақ астындағы

тайқазан мүсіні тыныштық пен тоқшылықтың ұғымын білдіреді. Қашанда  жеті  санын  киелі  ұғынатын  қазақ  жұрты  бұл

алаңға  да   жеті постомент орнатыпты. 

Әр постамент үстіне ашылып тұрған кітап сипатындағы мүсіндер қойылған. Кітаптарда Жаңаарқа ауданынан өсіп-өнген

ірі тұлғалар – би-болыстар, Қазақ КСР Жоғары кеңесінің депутаттары, қазақ батырлары, Ауған соғысының ардагерлері, Со-

циалистік  Еңбек  ерлері,  қоғам  қайраткерлері,  сал-серілер,  әншілер,  күйшілер,  ақындар,  жазушылар,  ғалымдар  және

спортшылардың есімдері жазылған.



(жалғасы, 2 бетте)

ДҮБІРЛІ ТОЙ

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ

МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР

ЖҮКТЕЛДІ

15-қыркүйек  күні  аудан  әкімі  Ғ.И.Омаров  кезекті

аппараттық  кеңесін  өткізді. Аппараттық  кеңесте   аудан

әкімі   өткен  апталарда  болған   селекторлық  жиындардағы

өзекті   мәселелер  туралы  сөз   қозғап,  ауданымызда  өткен

«Туған жерден түлеп ұшып, ұлт мақтанышына айналған

тұлғалар  және  олардың  мұраларының  тағылымы»  атты

республикалық ғылыми-практикалық конференция бары-

сына тоқталып,  келген қонақтардың ұйымдастырушыларға

ризашылық білдіргенін жеткізді. 

Жексенбі  күнгі  түндегі    тоқ көзінің шамадан тыс көбейіп,

тұрмыстық  техникалардың  істен   шыққанына  тоқталып,

энергияның  неліктен   көбейгенін  білуді, оған не  себеп

болғанын  анықтауды  тапсырды.   

Кеңестің күн  тәртібінде  Жаңаарқа   ауданының  жұмыспен

қамту және  әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің  басшысы

Ш.Ибраева  атқарылған жұмыстар мен  алда  тұрған  мін-

деттер туралы баяндады. Бүгінгі  күні   мемлекет болып

мүгедек  жандарды  жұмысқа  орналастыруды  қолға  алу-

дамыз. 


Осы  тұрғыда  атқарылып  жатқан  шаралар  барысына

тоқталған  мекеме басшысы  мүгедек  жандардың  көбінің

мамандығы болмағандықтан  жұмыс  беруші  мекемелерге

орналаса  алмай  отырғандығын  баяндады.     

Күн  тәртібіндегі екінші  мәселе  бойынша  «Тұрғын үй

коммуналдық  шаруашылығы,  жолаушылар  көлігі  және

автокөлік жолдары» бөлімінің бастығы  Ж.Бөгенбаев  ха-

барлама  жасады.  Хабарламаны  тыңдаған   аудан  басшысы

осы  саладағы   кемшіліктерді түзеп,  ауыз су  құбырларына

есептегіш  құралдарды  орнатуды   қатаң  тапсырды. 

Келесі кезекте қысқа әзірлік барысы туралы   сөз  қозғалып,

осы  жылдың  тоғыз  айлығы   яғни,  үш тоқсан  бойғы

атқарылған  жұмыстар  туралы  әр мекеме  басшыларының

беретін есептерінде қателіктер кетпеуін алдағы міндеттердің

орындалысын қадағалап,  нақтылай  жұмыс атқаруды тап-

сырды. 


15-қыркүйектен бастап «Тазалық айлығы» жарияланғанын

еске  салған  аудан  әкімі  осы    айлықта  барлық  мекеме

қызметкерлері мен аудан тұрғындары   сенбіліктерге қатысу

керектігін  баса  айтты. Тазалық айлығы  кезінде  көшеттер

отырғызылып,  көше  бойындағы  жарық шамдар  қалпына

келтіріліп,  қалтарыста  қалып  қоятын    көшелердегі

қоқыстар  тазартылуын тапсырды.   

Жиын  соңында  «Нұр  Отан»  партиясының  аудандық

филиалының  жаңа  үлгідегі  партиялық  куәліктерін  партия

төрағасы, аудан әкімі  Ғ.И.Омаров   ауданымыздағы  ме-

кеме, ұйым, кәсіпорындар  басшыларына салтанатты  түрде

табыстады. 



Апта-Ақпарат

20 қыркүйек 2014 жыл

2

ОТБАСЫ-МЕМЛЕКЕТ БАЙЛЫҒЫ



БАЙҚАУ АЯСЫНДА

Халықаралық отбасылар күнін мерекелеуге  арналған іс-шаралар ауылдық

округтің барлық елді-мекендерінде бекітілген жоспар бойынша өткізілді.

"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұялық  береке әр сәбидің, әр

баланың болашақ қадамы. Өйткені, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»,-

дейді.  Отбасы–ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден

қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса,

үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелеріде жерде қалдырмайды. 14 қыркүйек -

халықаралық   отбасы   күні.  Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару

қажеттігінен туындаған. Бидайық ауылдық округінің «Мерейлі отбасы» байқауында Исабаев Дауылдың отбасы

жеңімпаз болып таңылды. Мереке болған соң, міндетті түрде тарту етілетін сыйлықтар да болды. Мерекені

Бидайық ауылдық округінің әкімі С.Баязитов құттықтау сөзімен ашты. Ауыл әншісі А.Абдулғанит «Әже»

әнімен елді тамсандырса, мектеп оқушылары отбасыларға арнап ән-билерін ортаға салды.  Мектеп оқушылары

ауыл ақсақалдарының, еңбек зейнеткерлерінің ақ баталарын алды.   Бидайық ауылдық округінің «Үлгілі» кі-

тапханасында халықаралық отбасылар күніне «Мерейлі отбасы» атты  кітап көрмесі  ұйымдастырылды. 

Ж.ЖАҚИЯНОВА,  Бидайық ауылдық округінің жетекші маманы 

   ҰЛЫЛАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН   

(соңы, басы 1-бетте)

«Мәңгілік ел» аллеясының алдына  жиналған  көпшілік ал-

дында  аудан  әкімі  Ғ.И.Омаров:-  «Мәңгілік  ел»  алаңы–

ауданымыздың әрбір азаматы үшін қашан да барыс бейнелі

болашаққа нық қадам басқан мемлекеттіліктің айшықты бел-

гісі, ұлттың ғасырлар бойғы арман-ойы мен  өнегесін үнемі

еске салатын  көрнекті орын екенін айтып өтті. 

Қазақ  елі туралы  әнді  шырқаған  мәдениет  үйінің  әншілері

әннен шашу шашса,  зиялы қауым  өкілдеріне «Мәңгілік ел»

алаңының қақпасына құрылған лента қию рәсімі ұсынылды.

Облыс  әкімінің    орынбасары  Ғ.Әшімов,  ел  ағалары

С.Қирабаев,  О.Әбдікәрімов,  А.Смайылов  лентаны    қиып,

алдыға озды. 

Алаң ортасында орналасқан шаңырақ астындағы тайқазан

маңына жиналған  әр ұлт пен ұлыс  өкілдері өз ұлттарының

әні мен биін билеп, татулықты ту етіп,  бейбітшілік  мәңгі ор-

насын  деген  ниеттерін  көгершін  ұшырумен  білдірді.  Көк

аспанға бойлай ұшқан ақ кептерлер ырысы мен ынтымағы

жарасып,  тату-тәтті  күн  кешкен  халықтар  достығын

өзгелерге  жеткізуге асыққандай.  Саба толы қымыз сапыры-

лып, тостағандарға  құйылып,  табақ толы  бауырсақтар да-

старханымыздан  ас  кетпесін  деген  ырыммен  қонақтарға

ұсынылды.Ұлтымыздың  салт-дәстүрімен  сабақтасып

өрбіген, тәрбиелік мәні зор  рухани азыққа толы алаңның

ашылуына  куәгер  болған  қонақтар  «Туған  жерден  түлеп

ұшып, ұлт мақтанышына айналған тұлғалар және олардың

мұраларының  тағылымы»  атты  республикалық  ғылыми-

практикалық конференция өтетін орынға келді.  Қонақтарды

мәдениет  үйінің    фоесінде    ауданымыздағы  «Назқоңыр»

ансамблінің орындауындағы  сырлы  күйлер қарсы  алды.

Конференцияны аудан әкімі Ғ.И.Омаров ашып,  еліміздің әр

түкпірінен  келген    қонақтармен  конференцияға

қатысушыларды таныстырып,  оларға  аудан тұрғындары аты-

нан алғысын  білдірді.   

Шараның  шымылдығын түре  кіріспе  сөз  сөйлеген ҚР пар-

ламенті мәжілісінің депутаты А.Смайылов конференциядағы

қозғалар  қазақ жұртының  төрт  мақтанышы  жайлы  пікірін

білдіре,  осындай  ауқымды  шараның  ұйымдастырып

жатқанына аудан басшысы Ғ.И.Омаровқа ризашылығын біл-

дірді.  - Қазақ даласы даналар мен даралардың ордасы. Даналар

сарқылған  емес,  олар  сарқылмайды  да.  Ғасырлардан-

ғасырларға жететін даналар сөзі өткенмен қайра қауыштырып,

бүгінгімен табыстыруда-деген Алдан Зейнуллаұлы  сәттілік ті-

леді.  Түркиядан  арнайы  келіп,  конференцияға  қатысқан

Түркісой халықаралық ұйымының өкілі  осы  ұйымның бас

хатшысы Дүйсен Қорабайұлының сәлемін жеткізе,   аудан

әкімі Ғ.И.Омаровқа арнайы әкелген  сыйлықтарын  табыс

етті.  Филология ғылымдарының докторы А.Әлтаев «Сәкен

Сейфуллин – Заңғар тұлға» тақырыбында баяндама  жасады.

Келесі кезекте сөз алған ҚР еңбек сіңірген әртісі С.Оспанов

аманатқа қиянат жасалмауы керек екенін айта келе, сөз зер-

гері  Ақселеу  ағаға    берген  уәдесінде  тұрып,    «Сәкен

Сейфуллиннің  музыкалық мұрасы» атты кітаптың жарық

көргенін  айтып  өтті.  Мұқабасы  қызыл  кітапта    Сәкеннің

әндерінің зерттеліп, зерделенгенін айта кеткен Секең осы

кітапқа демеушілік еткен  О.Әбдікәрімовке  алғысын білдірді.

Ол кітаптың тұсаукесері  үлкен  деңгейде  Астана қаласында

15-қазан күні  өтетінінен құлағдар етті.  Елордадағы  С.Сей-

фуллин атындағы  мұражайдың қызметкері  Айгерім  Астана

қаласындағы  мұражайдағы  экспанаттар  туралы сөз қозғады.

Ақиық ақынның өмірі мен өлеңі, шығармашылығы  жайлы

сөз  қозғаған  игі  жақсылардың  баяндамасын  ақынның

«Аққудың айырылуы» поэмасын нәшіне келтіре  орындап

үзінді көрсеткен  Пазыловтар көрермен кошеметіне ие болды.

Е.Игемберлиннің сөзіне  жазылған  «Сырбаз Сәкен» әнін

Жалын  Айтбекұлы    орындап,    опасыздар  қолынан    мерт

болған  Сәкенді  мәңгі  өлмейтін екінші  өмірге  шақырды.  

Екінші  бөлім Байдалы биге арналды. Абылайханның сегіз

биінің  ішіндегі  семіз  биі  Байдалы  жайлы    филология

ғылымдарының  докторы Серік Негимов «Байдалы бидің сөзі-

ұлылықтың  көзі» тақырыбында,  филология ғылымдарының  док-

торы Берік Рахимов «Байдалы бидің өмірімен өнегесі» атты

баяндама  оқыды.  Мәдени сауық орталығының  әншісі  Бе-

йімбет Сарымсақов Байдалы би ролін сомдап, бидің  нақыл

сөздерін тарту етті.  Әділеттің дарасы Шоң би  бөлімінде   фи-

лология ғылымдарының  докторы Жансая Жарылғапов «Шоң

және дала  дипломатиясы»  тақырыбында  сөз алып, Шоңның

ел арасындағы  билік сөздері жайлы  ой  қозғады.  Шоң ту-

ралы  деректерге  тоқталған  Қазақстанның оқу ісінің үздігі

Мұса Тайтөлеуов  бабаның туылған жылдары мен оның өскен

ортасындағы дереккөздердегі   әр түрлі  ауытқуларды сара-

лап,  зерттеп,  бір  арнаға    тоғыстыруды  ұсынды.  Келер

ұрпақтың  шатаспауына  біздер  ықпал  етіп,  қате  кеткен

мағлұматтарды  дер  кезінде  түзеуді қолға  алуды ұсынды.

Б.Әлеухановтың  сөзіне    жазылып,  И.Омаровтың  «Шоң

бабам» әнін  ҚР еңбек  сіңірген  әртісі  Ғалым Мұхамедин

орындады. 

Сары тоқа-шертпе  күйдің  шебері бөлімінде Тотаң күйлері

жайлы  тарих ғылымдарының кандидаты Дәурен Ескекбаев,

ҚР еңбек сіңірген қайраткері  Жанғали Жүзбаев баяндаса,

Тотаң  күйлерін  кейінгі  ұрпаққа  жеткізуші,  насихаттаушы

Мұхаметжан  Тілеухан  «Төрт  толғау»  күйінің  әр  бөліміне

жеке тоқталып, шертті.  Жерлесіміз «Жазушылар одағының»

бірінші орынбасары  Ғалым Жайлыбайдың сәлемін жеткізген

ақын, жазушылар одағының мүшесі   Сәбит Бексейіт  бүгінгі

күннің қуанышты сәттерімен құттықтап, толайым  табыстар

тіледі.  Тұщымды  ойлармен  тың  деректер  ұсынылған

конференцияның    қорытынды    сөзін    ҚР  еңбек  сіңірген

ғылым қайраткері Серік Қирабаев  ақсақал  алып,  жүргізіліп

отырған конференцияның  өту  барысына  оң бағасын  беріп,

ауылдастарына, замандастарына  алғысын білдірді. Өткен

күннен естеліктер  шерткен академик  туған жер топырағын

мекендеген  іні-қарындастарына  табыстар тіледі. 

Аудан әкімі Ғ.Омаров  аталмыш конференцияға орай төрт

тұлғаға арнайы  дайындаған  тұлғалардың суреттері  бейне-

ленген естелік  сыйлықтарды келген қонақтарға  табыстады.  

Мәдениет  үйінің    фоесінде    Н.Крупская  атындағы    орта

мектептің оқушыларының қолынан  шыққан дүниелер «Ақын

өлеңдеріндегі  өрнектер»  атты  С.Сейфуллинге  арналған

көрмеге  қойылыпты.  Шебер оқушылардың  жанын тербей

дүниеге келген туындылар қатарында  ақынның әр өлеңіне

сай бедерлер бейнеленген. Атап айтсақ, «Біздің жақта», «Ақ

боз ат»,  «Аққудың айырылуы», «Сәкеннің ата-анасы», «Сыр

сандық» туындылары оқушылардың  талғамынан сыр шер-

теді.  Мәдениет үйінің алдындағы  алаң мен бой  көтерген

дала сахнасының шымылдығы  осы  күні  түрілді. Қарсы

бетке орналасқан төрт тұлғаға арналған  ақбоз үйлер    алаңға

тігіліп, қонақтарды қарсы алса,  дала сахнасында  өнерпаздар

ән  шырқап,  би  биледі.  Жаймашуақ  күні  жадыраған

көрермендерді ән тербеді. 

Алаңға құрылған алтыбақан маңына балалар шоғырланса,

қазақ күресі  ұйымдастырылған  бозкілем  маңы  спорт сүйер

қауымға  толды. Дала  сахнасында  ауданымыздан  түлеп

ұшқан өнер  майталмандарын көру  аудан  тұрғындары үшін

үлкен  мәртебе  болды. Дәл осы  күні ауданымызда  тағы қос

нысан  бой  көтеріп, халық игілігіне  пайдалануға  берілді.

Аудан әкімшілігінің  ұйымдастырылуымен  тұсауы  жаңа ке-

сілген «Алтын Арқа» тойханасында  қонақтарға арнайы да-

стархан жайылып, қонақ кәде  ұсынылса, ауданымызға келер

қонақтарды  қарсы алып, шығарып салатын “Қонақ кәде” де-

малыс орыныныңда  алғашқы  қонақтары  конференцияға

жиналған қауым  болды. 

Ел есінде  мәңгілік өшпес із қалдырған  тұлғаларға  арналған

конференция  аяқталды  дегенімізбен  оларға  арналған игі

шаралар  жалғасын  таба  бермек.  

Төрт  тұлғаға  арналған  конференцияның  салтанатына орай

тоқайластырылып,   төрт  нысанның  тұсауы кесіліп,  халық

игілігіне  пайдалануға  берілгеніне аудан тұрғындары аудан бас-

шыларына  ризашылықтарын  білдірді.   

САЛТАНАТ ЕРАЛИНА

ДҮБІРЛІ ТОЙ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының басты

мақсаты  кәсіпкерлікті  дамыту  болып  табылады.  Бұл

бағдарлама төрт бағыттан тұрады. Бірінші бағыты жаңа

бизнес бастамаларына қолдау көрсету, екінші бағыты

«Іскерлік байланыс», үшінші бағыты «Сервистік қолдау

көрсету»,  төртінші  бағыты  «Кәсіпкерліктің  әлеуетін

күшейту». Осы бағдарламаның төртінші бағыты:



Кәсіпкерлік әлеуетін күшейту

Жаңадан ашылған кәсіпкерлерге қолдау көрсету меха-

низмі бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ  «Бизнес-Кеңесші» атты жо-

басы  ауданымыздың болашақ жеке кәсіпкерлеріне және жеке тұлғаларға облыстық

кезеңдік қысқа мерзімді тегін оқу тренингісі 2014 жылдың қыркүйек айының 11-12

күндері  өтіп,    40  адам  білімдерін  жетілдіріп  оларға  сертификаттар  табыс  етілді.

Алдағы уақытта аталған бағдарлама аясында  аудан  тұрғындарына  несие алып өз

ісін ашам деушілерге қолдау көрсетіледі.



Жаңаарқа  аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі

20 қыркүйек 2014 жыл

3

6-қыркүйек  күні  ауданымыздағы  Тәуелсіздік    саябағындағы    стадионда    аудан  әкімі



Ғ.И.Омаров бастаған   ауданымызға  қарасты  барлық мекеме  ұжымдары,  білім  беру

ошақтары қызметкерлері  мен  оқушылары  қатысқан  денсаулық  фестивалі өтті.  Аудан

басшысы барлық  жиналған  қауымды  бүгінгі  күнмен  құттықтап,  салауатты  өмірді  наси-

хаттайтын  шараға   қалыс  қалмай  атсалысушыларға  сәттілік  тіледі. 

«Балдәурен» үлгілі  бишілер  тобының  жетекшісі  Л. Жұмабекова  «Қара жорға»  биінің

қимылдарын  көрсетіп,  қалғанымыз  қоштап,   бой қыздырып  алғаннан кейін  жаттығу

жасауға кірістік. Әр  мектептің  дене шынықтыру  пәні  ұстаздары  көрсеткен  жаттығуларды

жасап,  серги  түскен  көпшілік  осы   фестиваль аясында   ұйымдастырылған   жарыстардың

куәсі  болды.  Арқан  тартыстан №132  мектеп- І орын,  Жастар орталығы-ІІ орын,

Аграрлық кол-дж-ІІІ орын алды. 



Кір тасын көтеруде І орын – Ә.Төлешов (№132ОМ), ІІ орын – Н.Амангелді (аграрлық

кол-дж), ІІІ орын-Ә.Қали  алса, (№132ОМ) қол күресінен І орын –Ә.Қали, ІІ орын – Ә.Иса-

баев, ІІІ орын –Н. Сайлауов,  Т.Жахметов иеленді. 

Көңілді старт сайысында  І орын - № 132 ОМ, ІІ орын – Н.К.Крупская ОМ, ІІІ орын –

С.Сейфуллин ОМ иеленді. 



Жүгіруден ұлдар  арасында    І  орын-  А.Тілеуқабылов  (аграрлық  кол-дж),  ІІ  орын  –

Н.Әбікенов (АІІБ), ІІІ орын – А.Тілеуов. (Н.К.Крупская ОМ),  қыздар  арасында І орын –

Н.Ланцова (№132 ОМ) ІІ орын –Р. Сексенбаева (№132 ОМ), ІІІ орын –А.Ермекова (№132

ОМ) иеленді. 



Өз тілшімізден

Спорт-денсаулық кепілі



ДЕНСАУЛЫҚ-ЗОР БАЙЛЫҚ

«Еңбек  етсең  ерінбей,  тояды  қарның  тіленбей»  немесе  «Еңбек    етсең  емерсің»

нақылдарының   айтары  көп, аясы  кең. Еселі  еңбектің  отын жағып, отбасына  үлгі  болған,

сол еңбектің арқасында  абыройы асып,  кеудесіне орден  таққан  азамат  біздің  ауылдың

тұрғыны.  Ақтау  ауылының  күншығыс  беткейінде   Сауғабай атты  жер  бар. Бұл  №2

Айшырақ бөлімшесінің орталығына  таяу Атасу  өзенінің  қапталында орналасқан   малшы

қыстағы. Осы  қыстақты  мекендеген Шалғынбай Ынтықбаев еңбектің көрігін қыздырған

жан. Анасы көмекші қойшы, өзі қозышы  болған Шәкең  кәмелеттік  жасқа  толған соң

ақтылы  қойды  алдына  салып, Шопан атаның  ақ таяғын  қолына  алды. Аптап  ыстық пен

қытымыр аязда  алдындағы  малдың амандығы  үшін арпалысты,  еңбек етті, тер төкті.  Қысы

–жазы демалысты  білмей мал соңында  болды. Шаршап- шалдықса да  сол  бейнетті

күндерінің жақсылығын   көруге құлшынды. Жары Жақсыбала  екеуі  шаңырақ құрып,  түтін

түтетіп мал соңында  күн кешті.  Малшы болу, мал  бағу оңай  шаруа  емес. Демалысы  жоқ

жұмысқа  жегілген Шәкең табандылығы  мен  еңбекқорлығының арқасында   жүз  қойдан

120, 130 қозы  алып, «Құрмет  белгісі», «Еңбек  Қызыл  Ту», «Ленин»  орденін  кеудесіне

тақты.  Әр марапаты  әр  жылдағы  сүбелі  еңбегінің  көрінісі. Отызға енді қадам  басқан

жас  шопан  1965 жылы мемлекеттің ең жоғарғы марапаты «Социалистік Еңбек Ерінің»

алтын жұлдызын  кеудесіне қадады.  Бұл  марапат  сол  дәуірдегі  өзі  еңбек  еткен Ақтау

ауылының  атына емес   біздің  қазақ елінің  қоржынына  түскен  үлкен  олжа  еді.  Еңбек

ері  атанған  Шәкең барлыққа  тасып, мен-менсімеген  жан. Азаматтық ар-ожданымен

адамдық  қасиеттен  айнымаған Шәкең  қой  өсіруден  үздіктердің  алды  болды.  Кеңестік

кезең  ыдырап  тарқағанша  мал  соңында  болып,  қой  өсіруге  үлкен  үлес  қосты.

Анасының  санасына  сіңірген  тәрбиесін  отбасында   қалт  жібермей  ұстанды.  Дүниеге

келген  ұл-қызды  еңбекпен  тәрбиелеп,  еңбек  етуге  үйретті.  Жастайынан  бойларына

сіңірген  тәрбиенің  арқасында атқа мінер  ұлдары   әке  жолын  жалғап,  шопанның   құтты

таяғын  қолдарына   алды. Кешегі  тоқыраумен  тоғысқан  шақта  пайға  тиген  азын-аулақ

малды  өсіріп, көбейтіп, үлкен  шаруа  қожалық  құрды.  «Батыр» ауылының  түтінінің  түзу

шығып,  іргесінің  сөгілмеуі, отбасының   бірлігі,   үйдің  ұйытқысы  болған  әке-шешенің

берген    тәрбиесінде.  Бала    тәрбиесімен    айналысқан    Жәкең:-Апам  (енесін  айтады),

Шалғынбайым   жалғыз, оның өсіп-өнуіне  сен атсалыс. Жыл сайын Алла берсе дүниеге

бала әкеле бер. Мен  көйлегімнің етегіне  орап,  өзім  өсіремін,-деген  болатын.  Апам  да

мен де уәдемізде  тұрдық. Мен  өмірге әкелдім ол  кісі  өсірді,-дейді  жымиып.  Қара қазанда

қайнаған  тамақты  бір  табақтан  бөле  ішкен   он екі  баланың  тірегі  де, тілеуі  де   ата-

анасы.    Өмірінің  соңына  дейін балаларына  өсиеттеген  әке  сөзі   олардың  басты

ұстанымы.

-Шаршамаңдар, шалдықпаңдар, тек  адал  жолмен  еңбек  етіңдер. Кісі  ақысын  жемеңдер.

Береген  қолым  алаған,-  деген, көмек  сұрап  алдыңа  келсе  бетін  қайырма, еңбекпен  бағың

жанады, қолдарыңнан  кеп  жатса  қолқайыр  жасауға  дайын  болыңдар,-деген  әке  өсиеті

балаларының  жадында  жаттаулы, есінде  сақтаулы. Міне, бүгінде  Шәкеңнің  соңындағы

ұрпақтары  әке жолын  қуып, ауылдың өркендеуіне  ат салысып, шаруа қожалығының кере-

гесін кеңейтіп, төрт  түлікті  өсіріп-өркендетуде. Шәкең  өмірден озғанымен  алтын ұя, ақ

орданың  шаңырағында   бүгінгі шөберелеріне  Әз әже болған Жақсыбала  шешей ымыраның

алтын  діңгегі  болып отыр.  Еңбекпен  бағы  жанған ордалы отбасындағы  әке  салған  сүрлеу

үлкен  жолға  айналды. Сол  жолмен  жүрген  балалар мәңгі үзілмес еңбек  көшінің  сапында.

“Әке  көрген  оқ жонар”,-  деген  сөз  Шәкеңнің  балаларына  айтылғандай. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет