Ғылыми зерттеу жұмысы Тақырыбы: «Химияның негізгі стехиометриялық заңдары және химиядағы сандық есептеулерге қолдану әдістемесі»



бет1/4
Дата22.12.2022
өлшемі25,7 Kb.
#59091
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Жаратылыстану Ғылымдары және Педагогикасы» жоғары мектебі


«Химия» кафедрасы


Ғылыми зерттеу жұмысы

Тақырыбы: «Химияның негізгі стехиометриялық заңдары және химиядағы сандық есептеулерге қолдану әдістемесі»
Орындаған: Жаркинбаева М.
Тобы: ЕП-19-4К
Тексерген: Әлібекова М.

Шымкент 2020 ж.



Жоспары:
Кіріспе……………….. 3
Негізгі бөлім

  1. Құрам тұрақтылық заңы. Еселік қатынас заңы ……………………… 4

  2. Гей-Люссактың көлемдік қатынастар заңы. Авогадро заңы ……5

  3. Эквиваленттер заңы. Массаның сақталу заңы ………………6

  4. Химиялық сандық есептеулер әдістемесі……………………7

Қорытынды……………………………………………………………8
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………9

Кіріспе
Химияның негізгі түсініктері
Химия қоршаған ортаны зерттейтін жаратылыстану ғылымдарына жатады. Химияның зерттеу объектісі – заттар. Химия заттардың құрамын, қасиеттерін және өзгерістерін зерттейді. Сонымен қатар ол заттардың өзгерістерге ұшырауы барысында байқалатын физикалық құбылыстарды да зерттейді. Мысалы: реакция нәтижесінде жылудың бөлінуі мен сіңірілуін, ерітінділердің электрөткізгіштігінің өзгеруін, қайнау және қату температураларының төмендеуін және жоғарлауын, химиялық энергияның электр энергиясына айналуын және т.б.
Химия көптеген дербес салаларға бөлінеді: бейорганикалық химия, аналитикалық химия, органикалық химия, биологиялық химия, физикалық химия, коллоидты химия, электрохимия, радиохимия, геохимия, полимерлер химиясы, кванттық химия және т.б.
Стехиометрия - заттардың арасындағы массалық және көлемдік қатынастарды қарастыратын химияның бөлімі.
«Стехиометриялық мөлшер» деген ұғым химиялық реакцияның теңдеуіндегі немесе формуладағы заттың мөлшеріне сәйкес келеді. «Стехиометриялық есептеулерге» заттардың түрлері мен олардың арасында жүретін теңдеулері бойынша әр түрлі есептеулер және оған заттардың түрлері мен химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыру да жатады. Стехиометрияның негізін стехиометриялық заңдар құрайды. Бұларға:
заттар массасының сақталу заңы;
құрам тұрақтылық заңы;
эквиваленттер заңы;
еселік қатынас заңы;
көлемдік қатынас заңы;
Авогадро заңы жатады. Бұл заңдар заттардың атомдар мен молекулалардан тұратынын және атом – молекулалық ілімнің дұрыс екенін дәлелдесе, ал атом молекулалық ілім стехиометриялық заңдардың мәндерін толық түсіндіріп береді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет