Ғылыми зерттеу жұмысы тақырыбы:«Ботай-дала өркениетінің бастауы» Ғылыми жетекшісі



бет2/2
Дата20.02.2023
өлшемі19,01 Kb.
#69448
1   2
Зерттеу болжамы. Ботай мәдениеті туралы талдау жасау, ақпаратты жинақтау, саралау.Оқушылардың Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Зерттеу әдістері. Тақырыпты зерттеуде біз соңғы жылдары Отандық тарих ғылымында болып жатқан түбегейлі методологиялық және теориялық өзгерістерді негізге алдық. Тақырыпқа қатысты нақты деректерге сүйене отырып тарихи білімді жинақтау тұрғысында зерттеудің методологиялық
негізі тарихи және шыншылдық принциптері болмақ. Ғылыми жұмыста жүйелеу-салыстыру, нақты тарихи және хронологиялық талдау әдістерін пайдалана отырылып жазылды. Сонымен қатар, кейнгі кезде қалыптасып келе жатқан тың бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды, жаңа тарихи көзқарас тұрғысында жазылған еңбектерді басшылыққа алдық.
Хронологиялық және географиялық ауқымы. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы - жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында.
Практикалық маңызы. Зерттеудің өзегіне айналып отырған мәселе бойынша кеңінен пайдаланылған археологиялық және құжаттық деректер негізінде жасалған кейбір теориялық тұжырымдарын, қорытындылары мен ізденіс нәтижелерін ұлттық жаңғыруға бастаған ғылыми жұмыс мектеп оқушылары мұғалімдеріне таптырмайтын әдістемелік құрал.
Жұмыс құрылымы. Жұмыс кіріспеден, тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады. Қоныстың мәдени қабаты теориясының мысалы ретінде бір-біріне жалғасып жатқан №№ V, VIII, XVI қазындыларда жүргізілген бақылау жұмыстарын алайық. Бұл жердегі қазылған жердің ауданы 679 шаршы метр.Тұрғын үй қазаншұңқырлары қазылған жердің 47,3% құрайды әрі барлық табылған заттардың 51,2% осы жерлерден шықты. Олардың жалпы саны - 7658 зат. Тұрғын үйдің ішкі бөлігімен барлық табылған заттардың жартысынан көбісінің байланысы бар, оларды жатқан орындарына қарай, еденнің үстінен табылған бұйымдар мен өндіріс қалдықтары және қабырғаларынан құлаған сазды балшықтардың арасынан табылған заттар кешені деп бөлуге болады. Сүйектен жасалған бұйымдар бұдан да азырақ кездеседі (шамамен тастан жасалған бұйымдардан 4 есе кем). Жиірек ұшырасатындары тұйықтар (28) мен қазықтар (13). Қалыптар, сүңгілер, әшекейлер, қашаулар, саптар, қалақшалар секілді бұйымдар бірлі-жарым. Баспаналарда аттардың ойылған бақайшық сүйектері табылды. Сүйектен жасалған заттардың үштен бір бөлігін типологиялық жағынан және қандай мақсатқа пайдаланылғандығын анықтау қиынға түсіп отыр. Қоныс мекеннің орталық бөлігінде негізінен тұрғын үйлер орналасқан, дегенмен де, олардың кейбірі азық-түлік қорларын сақтау үшін пайдаланылған да шығар. Ал қыста оларда қызу жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде артефактілер пайда болса керек.Жалпақ тіліктер және олардың бұйымдары (3898) барлық артефактілердің 2,3%-ын құрайды. Жалпақ тіліктер де нуклеустер сияқты екі мәдени-хронологиялық кешенге: энеолитке дейінгі және энеолиттік "ботайлық" болып бөлінеді. Ертедегі бөлшектелген жалпақ тіліктер ішбет ретінде қолданылған, олардан пышақтар, біздер, қырғыштар және басқа танымал бұйымдар жасалған. Ботай баспанасы дүние құрылымының көшірмесін жасаған іспетті. Дөңгелек көпбұрышты пішіні, шар тәрізді жабындысы - күмбез, баспананың ортасы - ошақ, от - жасанды күн. Күндіз күн сәулелері дөңгелек түтіндіктен түсіп тұрады, түнде алау - ошақ баспанаға жарық береді. Сонымен қатар, түтіндік жасанды және табиғи күннің қосылуының сиқырлық рөлін атқарады. Осы құбылыстың таңбасы ретінде қазақтардың дөңгелекті құлыптар, кесенелердің күмбездері ретінде бейнелейтіндігін атауға болады. Ботай заманында баспаналардың кәдеге жаратылатын және әдет-ғұрыптық функциялары күрделі дүние тану мен тұрмыстық бірлікпен қатар қолданылды. Оған бірден-бір мысал - баспаналардың ішінен қабірлер жасау, кіре беріске итті немесе оның бас сүйегін көму, табыну мақсатында баспаналарда адамдардың саз балшықпен сыланған бас сүйектерін пайдалану. Баспана құрылысын бастаған кезде құрбандық шалу әдет-ғұрпы. Кейбір үлкен баспаналарды ботайлықтар қоғамдық мақсаттарға пайдаланса керек. Мысалы, қоныс-мекендердің дәл ортасында орналасқан №62 баспананың еденінде ошақтың қасынан 12 оюланған тұсаулы аттың сүйектері табылды. Бақайшық сүйектері ұзына бойы, кейде жағалай кертіктермен, ал жазық беттері бір-бір геометриялық нақыштармен оюланған. Құпия сыры мол осынау заттар үш бағытта талданды: олардың функциялары, оюдың иконографиялық сипаттамасы және оның сандық шарттылығы, семиотикалық мәні. Әлбетте, бұл талдаулар археологиялық және тарихи мән-мәтінге байланысты болмақ. Тұғңыш рет жылқыны қолға үйретудің құрал-саймандық дәлелдемелері пайда болды. Бұны ботайлық остеологиялық материалдарды талдау барасында ағылшындық және америакандық зерттеушілер жүзеге асырды. Жылқы сүйектері қоныста 99,9% құрайды. Сүйектердің арасында қаңқаның барлық бөліктері бар. Зерттеулердін көрініп тұрғандай, ботайлық жылқылардың өлшем бірліктері Қазақстанның, Шығыс Еуропаның қола дәуіріндегі үй жылқыларының парамметрлерінің ауытқушылық деңгейіндк жатқанын байқаймыз, сондай-ақ Бибикованың келтірген деректерінде дәлелденгендей, дереивка қонысының неолит дәуіріндегі жылқылардың кейбір сүйектерінің параметрлеріне ұқсайтындығын да аңғарамыз. Сондықтан біз ежелгі замандағы үй жылқыларының доместикациялық белгілерінің жеткілікті ауқымда зерттелмегендігіне қарамастан, алынған өлшемдер мен қоныстанушылардың шаруашылық салттары туралы археологияылық деректерді ескер отрырып, ботайлық жылқылардың қолға үйретілген жылқылардың түріне жатқызуға әбден болады деп есептейміз.
Баспаналар мен салттық мифологиялық атрибуттарды зерттеу қоғамдық және дүние тану сипатындағы бірқатар сауалдарды қоюға мүмкіндік берді. Ботай қоғамының алғашқы ұясы отбасы болды. Бір отбасына шамамен 8-10 адам кірген. Қоныста тарихи белгілі бір аралықта 600-800 адам өмір сүрген. Соңғы кезеңде қоныс 160 жыл тұрған. Қыс мезгілінде тұрғындар қоныс төңірегіне шоғырланған, ал жылы уақытта жан-жаққа шашырап кеткен. «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды». ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетінеде ерекше тоқталып өтті. Өйткені жылқы мен адам арасындағы қарым-қатынастың тарихы Қазақстан аумағының теріскейіндегі жазық даласында басталып, адамзаттың тағ­ды­рын түбегейлі өзгертті. Еліміздің солтүстігінде Ботай қонысының табылуы әлем назарын аударған оқиға бол­ғаны талассыз шындық. Осы жерді б.з.д. ІV мыңжылдықта мекен еткен адамдар қамбар ата төлін алғаш рет қолға үйретіп, арбаға же­к­­кені, бие байлап, қымыз ашыт­­­қаны археологиялық қаз­ба­­лар арқылы дәлелденген. Энеолит дәуіріне жататын Ботай тұрағы 20 гектар аумақты алып жатыр. Қоныс шамамен бір ғасырдан артық уақыт өмір сүрген. Археологтар қыш құ­мыраларды, ыдыс-аяқтарды, жыл­қының қаңқаларын көптеп кездестірген. Сондай-ақ осы қонысты мекен еткен адамның сүйегі табылды. Дала өркениетінің бастауында тұрған ерекше мә­де­ниетке төрткүл дүниенің қызығушылығы бірде-бір толастаған емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет