«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Реферат жазудың ерекшеліктерін «Фишбоун» əдісі арқылы анықтаңыз



бет41/94
Дата18.01.2023
өлшемі1.46 Mb.
#61759
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94
53. Реферат жазудың ерекшеліктерін «Фишбоун» əдісі арқылы анықтаңыз.
Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында 38 жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады. Ғылыми мақала жазу тек сауатты жаза білумен шектелмейді, ең әуелі ол ойлау дағдысын, сондайақ жазу барысындағы біліктілікті игеруден көрінеді және жазудан кейінгі атқарылатын жұмыстарды да жетік меңгеру қажет. Осылай еткенде ғана ғылыми мақала жазуды ұйымдастырудың басты тетіктері мейлінше кең көрініс таппақ, үйрету әдістемесі де неғұрлым толыққанды болмақ. Сондықтан ғылыми мақала жазудың басты әдістерін үш мәселе төңірегінде қарастырамыз. Біздің ойымызша, осы үш нәрсе бойынша студенттер қажетті дағдыларды қалыптастыра алса, ғылыми мақала жазу барысында ілгерілеушілікке ие болады. Олар: 1) Жазуға дейінгі дағдылар; 2) Жазу кезіндегі дағдылар; 3) Жазудан кейінгі дағдылар.

  1. Жазуға дейінгі дағдылар Жазуға дейінгі дағдылар ойлау, есте сақтау, тақырыпты логикалық бөліктерге ажырата алу және ауызша жеткізе білу тәрізді әрекеттермен байланысты. Сондықтан практикалық бағытта орындалатын тапсырмалар осы мәселелердің айналасында іске асуы тиіс, солар бойынша дағдылар қалыптастыруды көздейді. Жазылымның сөйлеу әрекеттерінің басқа түрлеріне қарағанда (сөйлесім, оқылым, тыңдалым) әлдеқайда күрделі және содан кейін, осы әрекеттердің негізінде жүзеге асатынын ескерсек, аталған дағдыны студенттің бойында қалыптастыру аса маңызды болып табылады.

  2. Жазу кезіндегі дағдылар жазбаша ғылыми қарым-қатынас барысында қолданылатын әртүрлі мағыналық құрылымдарды үйретуге арналады. Құрылымдық-мағыналық топтарды функционалдық аспектіні негізге ала отырып, деңгей бойынша және негізгі, аралық, шеткері аймақтарда қолданылатын тілдік құралдарды ажыратып оқытқан дұрыс. Сонымен бірге ғылыми және ғылыми-көпшілік мәтіннің баяндалу типтерін де назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Өйткені тәжірибе барысында таза ғылыми мәтіндермен қатар ғылыми-әдеби (көркем), ғылыми-публицистикалық, ғылыми-құжаттық мәтіндердің кездесіп отыруы заңды, осы орайда біздің міндетіміз – осылардың барлығына ортақ, оқыту өлшемдеріне лайық, типтік мәтіндерді дұрыс іріктей алуымызда болса керек.

2. Рефератты жазудағы ең басты мақсаты: зерттеу тақырыбы бойынша мәселенің негізгі мазмұнын ашу, жұмысты орындау барысында кейбір мәселелерді мәтін ішінде әртүрлі туындыгерлердің жазған көзқарастарын ашып көрсету және берілген мәселеген қатысты өзінің көзқарасын қалыптастыру болып табылады. Жұмыста өзінің тікелей көзқарасын көрсету міндетті емес, өйткені зерттеу мәселесі тек бір ғана көздің ұстанымын қанағаттандырады. Бірақ бұл жағдайда тек атақты, белгілі ғалымның айтылымына ғана қатысты өзіңіздің негіздемеңізді дәлелдеуіңіз қажет.


3. Жұмысты дұрыс орындау үшін, келесі шарттар іске асырылуы тиіс:
• Мәселені қалыптастыру. Қалыптастыру ең бірінші жұмыстың мақсатын анықтаумен басталады. Рефератта сіз не туралы айтқыңыз келеді, соны ғана ұсынасыз. Сол үшін ұсынылған мақалада және монографияда, оқулықтың тиісті бөлімін оқуыңыз қажет. Бұл сізге ерекше қызықты да, тиімді болып табылатын мәселенің аспекттерін таңдауға көмектеседі.
• Тапсырманы орындау үшін ең алдымен жұмыс жоспарын құрып алу керек. Егер тақырыппен жоспар бірге берілсе, бұл жұмысты орындаудың міндетті жоспары емес. Жоспарды мәселеге қатысты тікелей өзіңіз де құруыңызға болады. Жұмысты құрылған жоспар бойынша орындау барысында, міндетті түрде жұмыстың мақсаты іске асырылуы қажет.
• Рефератты орындау үшін ұсынылған әдебиеттер тізімін оқып білу керек. Содан кейін, өзіңіздің ойыңызша олардың ішінен тапсырманы орындауға қажетті деген кітаптарды таңдап аласыз.
• Әдебиеттер тізімімен танысқаннан кейін, сізге рефератты жазуға көмектесетін кітаптар тізімінің көшірмесін жазап аласыз.
4. Рефарат тақырыбын таңдау.
5. Тапсырманың тақырыбы сынақ кітапшасының ақырғы екі санына сәйкес таңдап алынады. Мысалы, сынақ кітапшасының нөмір: ГР. 324567. Бұл, сіздің тақырыбыңыздың нөмірі сынақ кітапшасының ақырғы екі санының қосындысына сәйкес екендігін білдіреді, яғни 13.
6. Рефератқа қойылатын талаптар:
• Жұмыс көлемі – ең аз бет А4 стандартты форматтағы 10-12 беттік баспа мәтіні, барынша көп 15-20 бет.
• Беттерде тікпе мен ескертуге арналған жолағы болуы тиіс.
Сол жағы — 2,5 см., жоғарғы және оң жағы — 1,5 см., ал төменгісі — 2 см.
• Шрифт — 14
• Жұмыс беттері нөмірленуі тиіс.
• Рефератың құрылымы:
a) алғашқы бет
b) жұмыс жоспары
c) мәтін
d) әдебиеттер тізімі
e) қосымша (фотосуреттер, схемалар, диаграммалар және т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет