«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Тезаурус, дəйектеме жазудың ерекшеліктерін Венн диаграммасы арқылы



бет42/94
Дата18.01.2023
өлшемі1.46 Mb.
#61759
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94
54.Тезаурус, дəйектеме жазудың ерекшеліктерін Венн диаграммасы арқылы
көрсетіңіз.
Тезаурус — дескрипторлы ақпараттық іздестіру тілінің лексикалық бірліктер арасындағы семантикалық қарым-қатынасын бейнелеп көрсетіп және мағыналы мазмұнына қарай сөзді іздестіретін автоматтандырылған сөздік. Тезаурус синонимдер кітабы болып табылады, ол көбінесе байланысты сөздер мен антонимдерді қамтиды .
Дәйектемец и т а т а - белгілі бір шығармадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Әуезов өзінің сан-сала зерттеу еңбектерінде, сөйлеген сөздерінде, айтпақ пікіріне бірде негіз-тірек, енді бірде өріс ретінде дәйектемені жиі әрі ұтымды қолданып отырған. Ол дәйектемені сөз талғап алу (цитирование) деп атаған. Мәселенің маңыздылығын терең сезінген жазушы Қазақстан Оқу комиссариатының білім кеңесі шешімімен 1930 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген өзінің «Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программасы және түсінік хаттың» қазақ әдебиеті пәніне арналған «Суретті әдебиет туралы» деп аталатын бөлімнің «Жазу тіліне жаттығу» атты тарауында оқушылардың кітаппен жұмыс істеуінің бір түрі ретінде дәйектемеге, оның қажеттілігі мен меніне арнайы тоқталып өткен. Бұл мәселеге ол екінші рет «Тағы да көркем әдебиет тілі турапы» деген пікір тапастырған мақаласында оралып, тілшінің өзі келтірген цитата сөздерін кітаптардың бірде-бір беттерін көрсетпей пайдаланғанына қынжылыс білдіреді. «Өзің талдап отырған еңбектің ішінен сынға апып отырған жерлерің болса, оны нақтылап атап, көздеп беру әрбір айтыстың әділ шарты еді» деп, дәйектемені пайдапануды жазу, сынау мәдениетінің көрінісі ретінде бағалайды. Әуезовтің пайымдауынша, цитата ретінде пайдаланылған сөйлемдер, пікірлер тырнақшаға алынуы, соңынан олардың қай шығарманың қандай беттерінен алынғаны, авторы немесе кімнің пікірі, қай еңбегі екені бері анық, дәл керсетіліп отырылуы керек екендігі айтылады.
Дәйектеме – сынның жарнама – сыннан және аннотациядан едәуір айырмасы бар.Егер жарнама – сын көркем шығарманың дүниеге келгендігін хабарлау міндетін атқарса, аннотация сол шығарманың негізгі мән – маңызын қысқа түйіндейді, талдау жасауды мақсат етпейді.Ал дәйектеме – сын пәлендей талдау жасай қоймағанымен, оқушыға шығарманың оқиғасын, мәнін, жазылу себебін түсіндіреді.XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің шығармаларында осындай сын материалдары жиі кездескендіктен, оны аннотация мен рецензия аралығындағы құбылыс екендігін ескеріп, дәйектеме – сын деп атаған орынды.Оны іштей үш топқа бөліп қарастырған жөн. Ең алдымен,ағарту идеясы мол жырланды және сыншылық ой елегінен мүмкін қадірінше өтіп отырады. Екінші, өз шығармасы туралы өзі пікір айтып, түсіндірме жазушылар да едәуір кездесті.Үшінші, әдеби – сын элементтері айқын да басым дәйектемелер. Дәйектеме сынның алғашқы көріністерінде әр автор өз шығармасының нендей мақсатпен жазылғандығын түсіндірсе, оны оқып шығуды кем-кетігі болса сынап, келесіде түзерліктей тілек-талаптарын жазып жіберуді, жазған еңбегі ұнаса, оны көпшілікке таратуды, ойын қылып беруді өтінген авторлық пікірлер ХХ ғасырдың басында шыққан кітаптарда бірқыдыру мол кездеседі. Сонымен қатар, дәйектеме сынның сапалық қасиетін көтере түсетін, әдеби талдауға ұмтылып, өзінің ойын айтуға талаптанатын сын-пікірлер де жоқ емес.Бұлар сан жағынан аз болғанымен мән-маңыз жағынан әлдеқайда алымды да құнарлы.Дәйектемелер социологиялық-эстетикалық сынға барар жолдағы үлкен өнерпаздық өткел болғаны анық.Сонымен, қазақ баспасөзінің туу дәуірінде шыққан көркем шығармалар мен өлең жинақтарына, оқу құралдарына, басқадай кітаптарға жазылған, олардың мән-мақсатын түсіндірген комментттарийлердің эстетикалық өрісіне қарап, оларды дәйектеме-сын деп атаған орынды.Қорыта келгенде, дәйектеме – сын көркемдік талдауы мен эстетикалық дәлелдеуі, әлеуметтік түсіндірмелері аралас жүретін мәнді сын мақалаларға, құнды рецензияларға барар жолдағы бір басқыш.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   94




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет