«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Академиялық мəтін құрылымы: Азат жол композициясы. Аннотация. Кіріспе. Өзектілігі. Мақсаты, міндеттері. Болжамдары. Қорытынды. Қосымша. Сілтеме жасау, оның түрлері



бет6/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Академиялық мəтін құрылымы: Азат жол композициясы. Аннотация. Кіріспе. Өзектілігі. Мақсаты, міндеттері. Болжамдары. Қорытынды. Қосымша. Сілтеме жасау, оның түрлері.

Кез-келген оқырман қалауына орай түрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Мәтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық және академиялық емес деп 2 бөлуге болады:
Академиялық – рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар және т.б. осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады.
Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің ғылыми бағытына қарай өзіндік зерттеу әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық бағытта жазылатын оқу құралын алатын болсақ, оның негізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырмандарға түсіндіру.[1]
Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге бағытталады. Сол себепті, академиялық бағытта жазба жұмысын жазу барысында ақпарат түсінікті және мағыналы болуы үшін белгілі бір құрылымды сақтаған жөн. Әдетте, академиялық бағытта жазылған мәтіннің мынадай негізгі ерекшеліктері болады: күрделі, формалды, нақты, объективті, шектеулі және жауапкершілікті. Бірақ, мәтіннің жазылуының басты талабы - анық және түсінікті тілмен жазылуы.
Күрделі. Жазба тілі ауызекі тілге карағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексика- лық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.
Формалды. Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.
Нақты. Академиялық жазылымда ақпаратты қолдану ба- рысында нақты мәлімет беруге тырысыңыз. Мысалы, «көптеген адамдар» деген мәліметті қолданбай, оның орнына «50 мың адам» деп нақты санын көрсету қажет.
Объективті. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъективті пікір ұстанбауы тиіс. Яғни, біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы ткіс. Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. Сонымен қатар, академиялық мәтінді оқу барысында оқырманды автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не жасалғаны қызықтырады. Сол себепті, «менің ойымша» немесе «мен сенемін» деген создер мен сөз тіркестері қолданылмағаны абзал.
Сонымен қатар, жазба жұмысында мынадай сөздерді қолданбау қажет: «Мен», «Менің», «Менікі». Оқырман әдетте сілтеме жасалмаған ойды автордың пікірі ретінде қабылдап, бағалайды. Бірақ, оны мәтінде ерекшелеп көрсетудің қажеті жоқ. Мысалы: «Менің ойымша, бұл жақсы жазылған зерттеу жұмысы» деп көрсету қажет емес. Оның орнына, «Жақсы жазылған зерттеужұмысы» деп жазған дұрыс. Оқырманға «Сіз» немесе «сен» деген сілтеу есімдіктерін қолданбаған дұрыс. Мысалы: «Сіз 1990 жылдардың басында ҚР экономикасының қиын кезеңді бастан кешіргенін білесіз» дегеннің орнына «1990 жылдарының басында ҚР экономикасы қиын кезеңді бастан кешірді» деп қолданған жөн.
Шектеулі. Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені гана қамтуы тиіс. Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу оқырман қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының тәмендеуіне алып келеді. Сондықтан, ЖОО-дарында жазба жұмысы ретінде тапсырма берілгенде жұмыс тақырыбы мен қамтылатын зерттеу нысанына қарай оқытушы тарапынан көлемі белгіленіп беріледі. Белгіленген көлем студент үшін тақырып жөніндегі оның толық мәлімет беріп, артық ақпарат жазбауына мүмкіндік береді.
Жауапкершілік. Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Яғни, мәтіндегі түрлі қателіктер мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады. Сонымен қатар, мәтінді жазу барысында плагиаттық жасамау қажет. Біреудің пікіріне немесе сөзіне сілтеме жасамай колданғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын естен шығармау керек.
Сонымен, академиялық жазылымның ерекшелігі:

  • Объективті түрде жазылады;

  • Ғылыми стильде жазылады;

  • Жүйелі құрылыммен жазылады;

  • Сілтемелерді жиі қолданады.

Академиялық мәтін ешкашан субъективті болмауы тиіс. Мы- салы: «Менің ойымша, академиялық жазылымның басқа жазылымдарға қарағанда үлкен төрт айырмашылығын көре аламын» деген сөйлемді объективті түрде былай беруге болады: «Жалпы алғанда, академиялық жазылымның басқа жазылымдардан төрт түрлі ерекше айырмашылығын байқауға болады».
Жалпы студенттер өздерінің субъективті ой-пікірін дәріс барысында, оқылым арқылы қандайда бір ойды тұжырымдауда, практикалық сабақтардағы талқылауда қолдануға болады және оны білдірудің маңызы зор.
Академиялық жазылым барысындағы сөйлемнің құрылымы да ерекше болады. Бұл бағыттағы жазылым ғылыми стильге тән ерекшеліктерді басшылыққа алады. Ал, әдеби жанрда және публицистикалық бағытта, тіпті қарапайым хатта кез келген формадағы сөйлем түрін қолдануға болады. Мәселен, Түн. Айнала тастай қараңғы. Мұдай сөйлемдер оқырманға эмоциялық тұрғыдан әсер беріп, көркемдік қызмет атқарады. Ал, академиялық бағыттағы сөйлемдер толық грамматикалық құрылымда беріліп, нақты ақпарат беруді көздейді. Сондықтан, академиялық құрылыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты түсінікті дәлелді етіп анық жеткізу. Бұл ғылыми стильге тән ерекшелік болып табылады.[2]
Академиялық хат – арнайы мамандықтарға байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттердің өз бетінше зерттеу дұмысын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады.
Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Тіл білімінде стильдің 5 түрі:

  • Ауызекі

  • Публистикалық

  • Әдеби

  • Ғылыми

  • Ресми іс-қағаздар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет