«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің қосымша емтихан сұрақтары 1-деңгей «Ғылыми зерттеулер негіздері»



бет21/35
Дата18.01.2023
өлшемі463.41 Kb.
#61758
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35

деңгей


1. Ғылыми стильдің көркем əдебиет стилінен айырмашылығы. (Мысалмен көрсетіңіз)

«Көркем әдебиет стилі» - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де тұрады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп


стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде алатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр. Стилистердің бір тобы (Л. Н. Максимов, Н. М. Шанский, Н. А. Мещерский, К. А. Панфилов т. б.) көркем әдебиет тілін функциональдық стильдерден тыс, мүлдем бөлек тілдік құралдар жүйесі деп қараса, P. А. Будагов, А. И. Ефимов, И. Р. Гальперин, Э. Г. Ризель, М. Н. Кожина, Б. Н. Головин, A. Н. Васильева, Д. Э. Розенталь, A. Н. Гвоздев сияқты ғалымдар Көркем әдебиет стилін басқа
стильдермен "терезесі тең", себебі көркем әдебиет те тіл қолданудың аясы болып табылады әрі әлеуметтік қызмет атқаруға қатынасады, ал эстетикалық қызметі сол әлеуметтік қызметтің бірі деп санайды.
Ғылыми стиль - зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Яғни, ғылыми стильде сөз көп мағыналы болып келмейді. Тек
сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады. Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады. Қазіргі таңда ғылым даму үстінде. Сол себепті күннен-күнге жаңа ғылыми сөздер пайда болуда. Адамдар осы сөздерді ғылыми стильді қолдана отырып мағынасын жазуда. Сол арқылы жаңа пайда болған сөздер жалпы халықтық лексикаға айналады. Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады. Ғылыми стиль негізінен халықтық әдеби түрде жазылады.Бұл стильді қазақ елінің қайталанбас дарын иесіМұхтар Әуезов қолданған. Оған мысал Абай жолы шығармасы. Негізінен Абай жолы шығармасы Мұхтар Әуезовтың зерттеу еңбегі болып табылады. Бұл жазушының шығармаларынан бөлек ғылыми стильді Пушкин, Лермонтов, Белинский еңбектерінен байқауға болады.


2. Ғылыми стильдің публицистикалық стильден ерекшеліктері. (Мысалмен көрсетіңіз)

Публицистикалық стиль. Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет) - қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер


публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады. Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Ресейде XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға
бастайды. Радищевтің “Санкт-Петербургтен Москваға саяхаты” сол
публицистикалық шығарма болып есептелген. XIX
жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар публицистиканы царизмге қарсы күрес құралы етіп жүмсады. В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық құрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық публицистиканың ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық еңбектер болып саналады. Жазба публицистика
кезде жалынды ғасырдың екінші
баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дәрежесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі —Қазан төңкерісініңжемісі. “Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны болған жоқ. Бірен-саран шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі — “Қозы Қөрпеш — Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш -1816 жылы басылыпты). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Санкт-Петербургте, Қазан мен Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыққан. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардың ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қарлығаш” деген өлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық көрді”. Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттеудің мақсаты - жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету.

Ғылыми стиль - зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Яғни, ғылыми стильде сөз көп мағыналы болып келмейді. Тек


сөздің белгілі бір анықтамасы арқылы қолданылады. Сонымен қатар ол сөздің мағынасын ашу үшін де ғылыми стиль қолданылады. Қазіргі таңда ғылым даму үстінде. Сол себепті күннен-күнге жаңа ғылыми сөздер пайда болуда. Адамдар осы сөздерді ғылыми стильді қолдана отырып мағынасын жазуда. Сол арқылы жаңа пайда болған сөздер жалпы халықтық лексикаға айналады. Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады. Ғылыми стиль негізінен халықтық әдеби түрде жазылады.Бұл стильді қазақ елінің қайталанбас дарын иесі Мұхтар Әуезов қолданған. Оған мысал Абай жолы шығармасы. Негізінен Абай жолы шығармасы Мұхтар Әуезовтың зерттеу еңбегі болып табылады. Бұл жазушының шығармаларынан бөлек ғылыми стильді Пушкин, Лермонтов, Белинский еңбектерінен байқауға болады.


3. Ғылыми мəліметтерді өңдеу мен интерпретациялау. (Мысалмен көрсетіңіз)

Ғылыми əдебиетті тиімді талдау үшін оны санауды, талдау мен анализдеу əдістерін білу қажет. Əр зерттеуші іздене алуы керек əрі өзінің зерттеу жұмыстары үшін қажетті ақпаратты жинап яғни библиография негізін білгені дұрыс. Библиография оқырманды басылымдармен ақпараттындыру мақсатын қояды ол үшін көрсеткіштер, каталогтар, жалпы щолулар құрылады.


Қызықтыратын проблема бойынша əдеби мəліметтермен танысу процесін анықтамалық əдебиеттермен танысудан (бесаспап жəне арнаулы энциклопедия, сөздіктер, анықтамалық) бастау керек. Сосын ҒТИ ұйымдарының есептіктіркеу баспасын қарастырып, фундаменталды кітапхана библиографиялық көрсеткіштерді қарастырады.


Анықтамалықты-ұсынылған сипатта болатын оқырман билеті үш түрде болады:алфавитті, жүйелі жəне алфавитті-пəнді. Əдеби мəліметтермен жұмыс жасағанда дұрыс оқып, түсініп əрі оқығанды есте сақтау керек. Ғалымдар оқығанда ақпаратты өңдеудің төрт негізгі тəсілін анықтады. Бұл оқу: əріптермен, буындап, сөздер бойынша (бірінші сөздің бірінші буыны мен екінші сөздің алғашқы əріптері қарастырылады, сөздің қалған бөлігі табылады (угадывается)), түсіну бойынша (тақырыптан тек жекелеген кілттік сөздер алынады да сосын мағынасы синтезделеді, ол бір немесе бірнеше сөйлемдерде болады).


Күрделі текстті түсіну үшін оқығанда көңіл қойып, оны қолдана алуы керек əрі белгілі ойлау құралдарын білгені дұрыс. Оның бірі жеке сөздерді емес толық сөйлемнің тобымен тіпті абзацтарды қабылдаудан тұрады. Осыдан антиципация деп аталатын – мағынасын түсіну – бірнеше əріптер бойынша сөзді табу, бірнеше сөйлемнен – фразаны, бірнеше фразадан толық бір абзацтың мағынасын табу шығады.


Ол үшін дифференциалды алгоритм қолданса болады, соған сай əр абзацты өңдеу кілтті сөздерді анықтаудан басталады, онда негізгі мағыналық салмақ болады, содан кейін мағыналық қатар құралады да текстті кілтті сөздерді бөлу жолымен шағындап қысу жүреді əрі соның негңзңнде лаконикалық көрініс түзіледі (бұл текстті елеу болады, соңында мағынасының дəні қалады) жəне интегралды алгоритм, (текстті қабылдағанда əрекеттің ретін анықтайды. Интегралды деген сөз алгоритм əрекеті барлық текстке толығынан таралатыны білдіреді. Интегралды алгоритмді қолдану үшін оның барлық блогын есте сақтап, түсініп əрі оның мағынасын елестеткен жөн. Ақпараттық материалды оқу есте сақтаумен аяқталуы керек. Бұл есте сақтау процесі, нəтижесінде ертеде есте болған нəрсені жаңа жолмен байланыстыра бекіту жүзеге асады.


Есте тұрған материалды логикалық ойластырған дұрыс: жатталатын материалдың жоспарын құру, оны бөліктерге бөлу, сол бойынша осы материалдың барлық мазмұнын көрсететін олардағы тірек пунктерін бөліп көрсету. Жадыда сақтаудың əртүрлі тəсілдері бар. Механикалық – көп мəрте қайталап əрі оқығанды жаттауға негізделген. Осылай есте сақтағанды жекелеген элементтер арасындағы логикалық байланыс жойылады. Бұл тəсіл тиімсіз ол шекті жағдайларда – формула, цитата, шет елдік сөздер, датаны жаттағанда қолданады.


Логикалық- мағыналық тəсіл жекелеген элементтердің арасындағы логикалық байланысты есте сақтауға негізделген. Оқығанда жекелеген элементтерді емес, текстті толығымен оның мағынасын, бағытын, маңызын түсіну керек. Текстті есте сақтау үшін бір мəрте тез оқу керек. Дегенмен мұнда логикалық байланысқа маңызды көңіл бөлген жөн. Логикалық-мағыналық есте сақтау тəсілі механикалықтан бірнеше мəрте тиімді. Жадыда сақтаудың туынды тəсілі əртүрлі мнемониялық құралдар қолдануға негізделген. Таңдамалы мнемониялық құрал біршама кең тараған.


Ақпаратты өңдеу алдында мақсат қойылады – нақты бір материалды есте сақтау. Мысалы, каталитикалық крекингтің ретті технологиясы. Мұндай бағыт, құрал материалды есте сақтауды жеңілдетеді. Басқаша мнемониялық құрал уақытына бағытталу болып табылады, яғни қажетті есте сақтау ұзақұтығы.


Қайталау – есте сақтаудың тиімді əдістерінің бірі. Қайталау пассивті (бірнеше рет қайталана оқылады) əрі активті (айта отырып оқылады) болады. Екінші тəсіл біршама тиімді, онда жаттау мен өзін өзі бақылау бар. Жаңа материалды өткенде – конспект , ғылыми рефераттар және ғылыми жалпылама жасайды.


Конспект – керек материалдың жинақталып келтірілген түрі, қысқа жəне нақты автордың ойын келтіру. Формула, анықтама, сызба, жаңа түсініктер өзгеріссіз жазылады. Кейде автор сөзін цитат ретінде келтірсе болады. Реферат - біріншілік құжаттардың қысқаша түсінігі. Онда тақырып, зерттеу нысаны, жұмыс жүргізу әдісі, алынған нәтижелер, қорытынды, қолданылатын жері баяндалады.


Ғ ы л ы м и ш о л у - белгілі бір сұрақтардың талқыланып жинақталған түрі. Ғылыми шолулар мақала есебінде жорналдарда, конференция және симпозиумдар материалдарын жариялайтын жинақтарда жарияланады. Сол сияқты олар монографияларда да жарық көруі мүмкін.


Интерпретация – әдебиеттанудағы күрделі, әрі әлі де болса жан-жақты зерттей түсуді қажет ететін мәселелердің бірі. Көркем шығарманы оқығанда әр оқырман интерпретатор ретінде танылатындықтан интерпретация мен талдаудың ара-жігін ашып көрсеткен зерттеулер көп емес. Көркем шығармаға талдау жасай алу үшін де ол шығарманы қабылдап, түсіну керек. Ал, интерпретация дәл осы қабылдау, зердеге түйіп, түсіну деген ұғымдарды көздейді. Интерпретация латынның «Interpretatio – делдалдық (посредничество)» деген ұғымынан тарайды. Яғни, көркем шығарманы қабылдау, түсіну мен талқылау, ой қорыту, шығармашық өңдеуден өткізу. Ғылыми әдебиеттануда интерпретацияның орны ерекше. Ол ғылым мен көркем шығарманы табиғи қабылдаудың арақатынасынан жүйелеп, қарапайым оқырман мен кәсіби әдебиеттанушы маманның ойлауы мен қабылдауын салыстырады. Сол арқылы оқырманның көркем шығармаға деген көзқарасын ғылыми деңгейге жетелейді.


Әдебиеттануда интерпретация көркем шығарманың тұтастай мағынасын, мазмұнын, оның идеясын, концепциясын тану, түсіну, зерделеу болып табылады. Оның бірнеше түрлері бар: 1. Алғашқы, оқырмандық интерпретация адамның шығарманы оқып шыққаннан кейінгі алғашқы әсеріне, көңіл-күйіне, сезіміне негізделеді. 2. Ғылыми интерпретация. Әдебиеттанушы оқырман ретіндегі алғашқы әсерін ғылыми негізде жинақтап, нақтылап, әдеби талдаумен тексереді. 3. Шығармашылық-образдық интерпретация әдеби шығарманы көркемөнердің басқа түріне көшіру (мысалы, әдеби шығарма негізінде көркем фильм түсіру, сахналық қойылым, опера немесе балет жасау т.т.), – дейді зерттеуші ғалым Қ.Т. Жанұзақова.Демек, ең алдымен шығарма оқырман тарапынан қабылданып, шығарманың шынайы мәнін, терең қабаттарын түсіну үшін интерпретация жасалады. Ғылыми интерпретация автордың айтар ойын, мәтіннің мағынасын, тереңде жатқан астарлы ойын зерделеуде зерттеушілердің сыни пікірлері мен пікірталастары арқылы туындайды. Осы интерпретациялардың шыңы – шығармашылық интерпретация. Автордың айтор ойын қабылдап, зерттеушілер пікірлерін зерделей отырып, шығарманың сырын ұғып, өз жүрегіңнен өткізіп өзге бір өнер туындысына айтналдыру. Мүлде бөлек тың дүние жасап шығару. В.В. Гетьман интерпретацияның «базалық құралымы» ретінде төмендегі негіздемелерді ұсынады:
• «Интерпретация тілдің және сөйлеудің құралымына, контекстер мен жағдаяттарға,
қарымқатынас ережесіне, тілдік қарым-қатынас шеңберінен тыс дәйектемелерге сүйеніп
жасалады»;
• «Интерпретация үшін мәтіннің немесе пікірдің мағынасы туралы болжамдарды ескеру және
тексеріп отыру маңызды»;
• «Интерпретация үшін жеке тұлғалық және тұлғааралық қатынастар маңызды», яғни мәтін
авторы мен интерпретатор арасындағы байланыс, мүмкін бола тіпті бір мәтіннің бірнеше
интерпретаторлары арасындағы байланысты анықтап отырған жөн.
• «Интерпретация ажырамас үш компоненттің басын біріктіріп жатуы тиіс: автор және оның ішкі
әлемі – мәтін – оқырман-интерпретатор және оның өз ішкі әлемі туралы түсінігі. Осы үштік одақ адекватты интерпретацияның қалыптасуының кепілі бола алады. Осылайша мәтін интерпретациясы бір жағынан оқырманның өз ішкі әлемі мен екінші жағынан «автордың жиынтық әлемінен» түзілген «әлемнің менталды моделін» құрауы тиіс.


4. Эссе, үлгілері, құрылымы. (Мысалмен көрсетіңіз)

Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"-


сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.
Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды.
Эссе құрылымы
Эссе тақырыптары әдетте белгілі адамдардан алынған дәйексөздер түрінде беріледі, олармен жазушы келісуі немесе келіспеуі мүмкін, өз пікірін дәлелдейді.
Сондықтан эссені «Мен бұл пікірмен келісемін» немесе «Мен өз ойымды автор сияқты айта алмаймын» немесе «бұл мәлімдеме маған қарама-қайшылықты болып көрінеді, бірақ Мен бұл пікірге қосыламын ».
Екінші сөйлемде мәлімдеменің қалай түсінілгендігі туралы түсініктеме болуы керек. Сіз өзіңізден жазуыңыз керек - жазушының пікірінше, автор не айтқысы келді және неге олай ойлады.
Эссенің негізгі бөлігінде «Мен солай ойлаймын, өйткені...» қағидасы бойынша автордың көзқарасы жан-жақты баяндалады. Жазушы келісетін басқа дәйексөздер мен афоризмдерден көмек сұрауға болады.
Эссенің қорытындысы – жұмыстың нәтижесі. Бұл жұмысты аяқтайтын міндетті элемент.
Эссе жазылатын негізгі тақырыптарды қарастырыңыз.


5. Академиялық шағын эссенің жазылу мақсаты, түрлері, ерекшілігі. (Мысалмен көрсетіңіз)

Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"-


сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау.
Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген- түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.
Эссе түрлері
талпыныс,
жазушылық
1. Салыстырмалы эссе
2. Пайымдық эссе
3. Көркем-әдеби эссе
Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе бір мәселе немесе сұрақ бойынша жеке көзқарасты білдіріп, алдын ала немесе мәселені қанағаттанарлықтай баяндалуына үміттенбейді. Әдетте, эссе бір нәрсе туралы жаңа, субъективті рең беретін сөзді және философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сын, ғылыми- көпшілік, баллетристикалық сипатта болуы мүмкін.
Эссе тақырыбы эссенің мақсатын, эссенің өн бойында не сұралып отырғандығын, қандай мәселені қозғайтындығын көрсетеді.
1. Кіріспе - берілген тақырыптың мәнін ашатын бөлім. Бұл бөлімде қандай сұрақтарға жауап іздейтіндігіміз анықталады.
2. Неізігі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектемелерді, түрлі статистикалық мәліметтер мен схемаларды
қолданып тақырыпты ашады, көтерілген мәселені айқындап, оның туу себептерін
көрсетеді.
3. Қорытынды - тақырып бойынша түйін. Қорытындыда жаңа ой енгізілмей, дәлелдемелер
бойынша түйін шығарады, шешу жолдарын көрсетеді.


6. Парафраз, дəйексөздер жəне қорытынды жасаудың ерекшеліктері. (Мысалмен көрсетіңіз)

Парафраза - мәтінді жақсырақ түсінуге қол жеткізу үшін оны түсіндіру немесе түсіндіру. Парафраз сөзі латыннан шыққан парафраз бұл өз кезегінде грек тілінен шыққан παράφρασις.


Парафразалау жақсы түсінуге ықпал ету үшін түпнұсқаға сәйкес келмейтін мәтінді еркін аударуға негізделген. Парафразаның негізгі сипаттамасы Бұл жеке тұлғаның өз тілінің қолданысы, ол қарапайым сөздерді қолдануға негізделген, түпнұсқа мәтінін жақсы түсінуге қол жеткізу үшін, сонымен қатар оқырманның пікірлері немесе пікірлері түпнұсқа мәтінін кеңейту арқылы қосылады.

Дәйек сөз, цитата (лат. cіto– келтіремін, шақырамын) – түпнұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікірлермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады.


Дәйек сөз, негізінен, баспасөз материалдарында, ғылым еңбектерде, кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда, баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Дәйек сөздер ғылым еңбектерде пайдаланғанда, сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып, жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте, зерттеу еңбектерінде, көбінесе әдебиет, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен дәйек сөздер алынып отырады. Мұның өзі үлкен талғаммен, орынды алынса, еңбектің сапасын арттыруға есебін тигізеді.
Дәйек сөз көбінесе ықшам түрде алынады. Сөйлем ұзақ болған жағдайда керекті жерін алып, қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шарты бар. Дәйек сөз, әдетте, тырнақшаға алынып жазылады. Міндетті түрде дәйек сөз алынған еңбек, оның авторының аты-жөні сілтемелерде анық, нақтылы көрсетілуі тиіс. Эпиграф та дәйек сөздің бір түріне жатады.

Қорытынды жасау үшін орындалатын қадамдар туралы толығырақ айтпас бұрын, біз оның неден тұратындығын нақты білуіміз керек. Егер сөздің этимологиялық шығу тегіне қайта оралсақ, тұжырым латынның «conclusio» сөзінен шыққан және «жабу, аяқтау» дегенді білдіреді. Сондықтан бұл туралы эссе, мақала, презентация немесе диссертацияның соңғы бөлігі.


Қорытынды. Адам ретінде біз өмірде ақыл-парасат қабілетімізге негізделген әртүрлі шешімдер қабылдайтындығымызды байқаймыз. Әр түрлі ойлар негізделген шешімдерді қабылдауда қолданылатын дәлелді тұжырым жасау үшін қолданылады және жоғарыда қарастырылған дедуктивті және индуктивті пайымдаудың негізінен екі түрі бар.


Ойлаудың бұл түрлері логикаға негізделгенімен, олар бір-бірінен өзгеше. Дедуктивті пайымдау көбінесе шындыққа сенетін және сонымен бірге шынайы тұжырымдарға әкелетін жалпы үй-жайларға негізделген. Алайда, индуктивті пайымдау кең жалпылама тұжырымдарға негізделеді, олар белгілі бір байқауларға да негізделген, олар тұжырымды дәлелдеу үшін ғылыми тұрғыдан тексерілуі мүмкін. Керісінше, дедуктивті ойлау гипотезаны тексеру үшін ғылыми әдістерді қолданады, ал қорытынды индуктивті пайымдауда гипотеза ретінде қарастырылады.
Сонымен, хат жазу үлгілері, қорытынды жасаудың адам өміріне қатты әсер етеді. Сол арқылы қоршаған ортамен байланыс жасай отырып, жан-жақты дами түседі.
Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге бағытталады. Академиялық – рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар және т.б. осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады. Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің ғылыми бағытына қарай өзіндік зерттеу әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық бағытта жазылатын оқу құралын алатын болсақ, оның негізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырмандарға түсіндіру. Апайдың лекциясынан алғаным.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет