Ғылымның пайда болуы. Ғылымның даму алғышарттармен себептері. Ғылымның даму жолдары. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері



Дата15.02.2023
өлшемі32,01 Kb.
#68172
түріБағдарламасы

Ғылымның пайда болуы. Ғылымның даму алғышарттармен себептері. Ғылымның даму жолдары. Ғылымның тарихи динамикасының негізгі кезеңдері


Дəріс мақсаты: Ғылымның пайда болу мəселесі: негізгі бес болжауды көрсету. Месопотамия, Грекия, Египет, Қытай жəне Үнді мəдениеттері: өркениеттік мақсаттары, дамуының технологиялық бағдарламасы, математика, астрономия, медицина білімдерінің қолданбалы қасиеті жəне практикалық мақсаттарын анықтау. Ежелгі Грекия ғылымның жарату төңірегі ретінде. Батыста орта ғасыр кезеңіндегі ғылыми танымның ерекшелігі. Жаңаеуропалық ғылымының дамуының тарихи бастамасы ретінде. Ғылымның постпозитивистік пен классикалық емес кезеңдерінің ерекшелігін көрсету. Вена ұжымына: қызметі, қалыптасуы, өкілдері, қойылған мəселелеріне тоқтау.
Ғылымның тарихи уақыты туралы мəселе бірнеше шешімнің иесі болады. Олардың барлығы үстемді жəне күшсіз болуы мүмкін, себебі, əр ұсынылған болжауда тарихи уақыттың əсерімен ғылым өзгеше сипатталады.
1-і болжау. Кейбір ғалымдар антика ғылым феноменіне назар аударады, яғни, сол кезде теориялық ғылымның негіздері қалыптасты деген пікір (мысалы, Евклид геометриясы). Алғашқы натурфилософтар (Стагириттің анықтамасы бойынша «фисиологтар») көбінесе философтар емес, ғалымдар болған. Бəрімізге мəлім, антика əлемі математиканы қолданып, теориялық деңгейіне дейін əкелді. Антикада ақиқатты тануға, жандандыруға, яғни, логика мен диалектикаға назар аударған.
Ойды жалпы рационалдандыру арқылы өзгерістер басталған. Ойды метафорадан жеңілдетті, сезім бейнелерден анықтамалармен жұмыс жасайтын интеллектке бет бұрды, философияның дəстүрлі мəселелерін жаңа түрде көрсетті. Бүкіл антропоморфтық күштерді ысырып, аңыз поэтикасының орнын логос, табиғат заттары туралы «ақыл сөз» алады. Алғашқы «фисиологтар» немесе натурфилософтар өздерінің алғашқы бастамалары (су, от, жер, ауа) туралы ілімдерімен таныс болды. Сөйтіп, ақырын философиялық жүйелер рационалды түрге келтірілген білімге айналды. Аңыздың тұлғалық-бейнелік түрі философияның тұлғасыз-анықтама түріне ауысады. Кейіптеу абстракциямен ауыстырылады. Көптүрлі адамға тəн құдайлардың орнына бəріне ортақ табиғи - мəңгі жəне көптүрлі табиғат ұсынылды. Мифологияда нақтылықты елестетсе, натурфилософияда оны түсінуге тырысады.
Алғашқы ежелгі грек натурфилософтары - табиғатты зерттеген Милет мектебінің өкілдері: Фалес, Анаксимандр, Анаксимен жəне Эффестік Гераклит де ғалым болып саналады. Мысалы, Фалес күн тұтынуды болжаған, ай сəулесін түсіндірген, Ай Күннен өз сəулесін шағылыстырады. Қарапайым геометриялық теореманы дəлелдегенде ол дедуктивтік əдісті қолданды. Дəстүрлі түрде оған келесі шығармалардың авторлық иесі берілген: «Морская астрология», «О 34 солнцестоянии», «О равноденствии», «О началах» - осының бəрі табиғатқа назар аударуын білдіреді.
Фалестің шəкіртін Аниксимандрды «грек, сонымен бірге бүкіл еуропалық табиғат туралы ғылымның нағыз бастаушысы» деп атайды. Оның пікірінше мəңгіліктің бастамасы (принципі) жəне стихиясы (элементі) - апейрон (грек «шексіз»). Апейрон - шексіз, анықсыз - бүкіл дүниенің негізінде жатыр, жарату күштің иесі, жалпы бəрінің шығуы мен сөнуінің себебі болады.
Натурфилософияның Логосы өзінің мазмұны ретінде дүниенің негізін іздеу, оның қозғалысының себебі мен заңдарын ашу қабылдаған. «Фисиологтар» көп түрлі табиғи құбылыстардың ортақ бірінші негізін ашуға тырысқан. Бірінші бастама деп аталған мəндер жəй физикалық стихия емес. Олар өзінде физикадан тыс, жоғары мағынаны ұстаған. «Логос» деген термин өзі - жалпы заң, дүниенің негізі, əлемдік ақыл жəне сөз деген мағыналардың иесі. Мəңгілік туралы сөз сияқты ол мифтің қиялына, заттардың сезімділік қабылдаудың жəй көрінуіне қарсы қолданған ұғым. Мифтен логосқа - деп универсумды түсінуде қабылданған антика ойының жолы аталады.
Натурфилософия табиғатты тұтас түрде түсінуге бағытталған ойлаудың ең алғашқы тарихи түрі. Ол мифологияда үстемді болған «жаратушы» бейненің орнына себептілік идеяны ұсынды. Натурфилософия шеңберінде бірнеше болжаулар ұсынылды: атомистік гипотеза, хаостан реттіліктің пайда болуы туралы гипотеза т.б.
Натурфилософияда дүниені түсіндіруде қалыптасқан екі бағыт айқын: «Барлығы тұтас болады» жəне «Тұтас барлық болады». Біріншісі бойынша, көптүрлі табиғат əлемі өзінің негізінде бəріне ортақ субстанция арқылы құрастырылған - бірінше элементтерден немесе кірпіштерден - атомдардан. Екіншісінің пікірінше, өзінің бірлігінде тұтас универсум даму барысында өзінен табиғат құбылыстарының көп түрлігін жаратты. Сөйтіп, натурфилософтар келешек философия үшін маңызда екі мəселені шығарды: субстанция мəселесін - мəндіктің мəңгі бар негізі туралы жəне қозғалыс себеп принципі бүкіл өзгерістің негізі. Бірінші сұраққа Фалес «Су бəрінің бастамасы» деп жауап берсе, қозғаушы күшпен ол жанды байланыстырады. Магнит темірді қозғалтса, яғни, жанды да, деп айтқан.
Сонымен бірге, айқын жəне маңызды «сыртқа бағытталған» интенция табиғат туралы жаңа идеяны қалыптастыра бастады, ол натурфилософтарды антропоморфизация қағидаларынан арылып тек заттың логика жолымен ойлануды қажет етті. Натурфилософиялық ойлау объектке бағытталған. Сонымен қатар, анықсыз нақты байланыстар «идеалдық фантастикалық байланыспен», ал «жетілмейтін фактілер - қиялмен» ауыстырылған. Аристотель өзінің алғашқы «фисиологтары» туралы - «олар элементтер мен бастаманы құрастырғанда, логикалық дəлелсіз, бірақ қайшылықтар туралы ақиқатпен мəжбүрленгенін айтады», солай натурфилософтар стихиялық диалектиканың бастамасын бекітеді.
Пифагоршылдықтар философияны математикамен біріктіріп, дүниенің сандық құрылысы туралы сұрақ қойған. Ежелгі грек философы Пифагор - Кротонда Пифагоршылдық ұжымның қалаушысы - «ғылымның атасы». 35 Онымен құрастырылған ұжымның дəстүрлері мен рəсімдері қатал болғаны анық; ұжымның өкілдері аскетикалық өмір сүрген. «Ең данышпан - сан», «сан заттардың иесі» - Пифагордың тұжырымдарының бірі. Тұтас бастама өзінің көрінбейтін мəнінде - нөль болады, ал - абсолюттің көрінісі ретінде - бірлікке тең. Бірлікті екіге айналдыру: тұтас нақтылықты материя мен рухқа; «бір нəрсе туралы» біліммен «басқа туралы» білімге. Пифагор «аумақтардың үйлесімділігі» туралы ойында ғарышты реттелген жəне симметриялық біртұтастығы деген. Дүниені «сезімді емес» интеллект арқылы түсінуге болады. Математика парадоксалдық түрде теологиямен байланысты болған, ал теология өзі математикадан басталған.
П. Гайденко айтқандай, Грецияда біз математиканың теориялық жүйесін қалыптасуын байқаймыз: гректер тұңғыш рет қатал түрде бір математикалық ережелерден екіншісін шығарды, яғни, математикалық дəлелдемені енгізген.
Элеадтар, олардың ішінде, Ксенофан, Парменид, Зенон жəне Мелис болмыстың субстанционалдық негізі туралы жəне ойлау мен болмыс арасындағы қатынастар туралы сұрақтар қойған. Өзінің «Табиғат туралы» негізгі шығармасында əділет құдайының - Парменидтің аузымен өзінің философиялық ойы жеткізіледі - «пəн туралы ой жəне пəннің ойы бір». Бейболмысты ойлауға мүмкін емес, себебі, ол - жоқ. Сөйтіп, бейболмыс туралы ой өзі бейболмысты болмыс қылып, ойдың пəніне айналдырады. «Нағыз» бар, ал «нағыз емес» жоқ. «Нағыз болмыс» тұтас, өзгермейтін, бөлінбейтін «біртұтас». Уақытша, өзгеретін, ағылым сезіммен байланысты. «Нағыз болмысты» біз ақылмен түсінеміз. Ойлау біртұтастықты, ашады, ал сезімдер – көп түрлілікті. Қалай сезім дүниесі ақиқатқа қарсы, солай пікір - білімге. Парменидтің ойлау мен болмыс арасындағы теңдік ғылыми ойлаудың бастамасы.
Парменидтің шəкірті Зенон болмыстың біртұтастығы туралы идеяны қарсылық əдіс арқылы дəлелдейді. Көп түрлі заттар нақты түрде қанша болса сонша болу қажет, одан аз да көптей болмау керек. Олар қанша бар, сонша болады, саны шектеледі. Болмыстың қозғалмайтындығын, Зенон апориялар (қиын, шешілмейтін мəселелер) арқылы дəлелдегісі келді. Оның пікірлері Аристотельдің «метафизикасы» арқылы жетті, келесіде осы атауларға ие болды: «Дихотомия», «Ахиллес жəне тасбақа», «Жебе», «Стадион». Біріншісінде, «Дихотомияда» қозғалыс басталу үшін қозғалушы жолдың жартысың өту керек, солай шексіз. Шексіз кішкентай үзінді нөльге ұмтылады, бірақ жоғалмайды да. Оны анықтау мүмкін емес, себебі, адам бүкіл жолды өте алмайды да, бастап да алмайды. Зенон, сөйтіп, дүниеде өзгеретін, қозғалатын заттар қайшысыз ойланбайды деп тұжырымдайды. Физикалық əлем қайшы. Зенонның апориясында сезімнің нəтижелеріне сүйенгенде керісінше пікірлер туылды. Сезімдер қозғалысты «көрсе», ақыл оны «түсінгісі» келеді. Ақыл мəнді зерттейді десек, ал сезім - құбылыс пен қөріністерді, яғни, мəнде қозғалыс жоқ. Бірақ Зенон қозғалысты қайшылықсыз сүреттеу мүмкін емес дейді. Сөйтіп, қозғалыс - ол қайшылық. Зенонның апорияларының құндылығы - нақтылықтың қайшылығын айқындайды. Сол себепте, оны диалектиканың бастаушысы деп Аристотель айтқан. Ал Зенон өз шығармаларын Парменидтің 36 «бəрі көп болады» деген тезисті дəлелдеу деп қабылдайды. Бəріне себеп болған пікірталасқа сүйіспеншілік.
Философтардың барлығы қозғалыс мəселесін маңызды деп есептеген. Аристотель (Стагирит) қозғалыстың білмегендігі себептің білмегендігіне əкеледі деген. «Санға азаю мен көбею қасиеттер берілген: сапаға - айналыс, мəнге - жəй шығу мен жоюшылық». Қозғалыстың алты түрін ажырату қажет: пайда болуы, жоюшылық, азаю, ауысу. Бірақ материяның өзгермейтін концепциясын дамытуда Аристотель, түбінде келесі тұжырымға келген: қозғалыстың себебі бірінші түртпе - барлық іс-əрекеттің бастамасы, таза форма. Сонда қозғалыс атрибут емес модус болады, материяның қарапайым қасиеті, бірінші итермемен негізделеді. Философияның келесі кезеңдерінде қозғалыс материяның атрибуты ретінде қарастырылмайды, тек оның қарапайым қасиеті деп қабылданады.
Анаксагордың «Табиғат туралы» шығармасы келесі сөйлеммен басталады: «Заттар бəрі бірге болған...». Стихияны бастама ретінде қабылдамай, ол «бəрі барлығында» деген тезисті ұсынған. Бастаушы болып заттардың қасиеттері қабылданған, ал олар көп. Анаксагор оны «дəндер» деп атаған, ал Аристотель «гомеометрия», яғни нақты сияқты дейді. Əр гомеометрия шексіз бөлінеді, көптүрлі, біртұтас сияқты өзіне бəрін қамтиды. Бірақ, Анаксагордың гомеометриясы пассивтік материя, ал хаостың космосқа тек активтік бастама арқылы ауысатындығын ол ескермеген. Анаксагор оны Нус немесе Ақыл дейді. Ол əуелі бəрін айналмалы қозғалысқа əкеледі, содан кейін, сол арқылы түрлер пайда болады. Жеңілдер шетіне, ал салмақтылар ортасына түседі. Анаксагорды рационалистік дəстүрдің бастаушысы деп атауға болады. Бірақ ол осы бағытты ұстанбай, бəрін механистикалық тұрғыдан түсіндірген.
Атомистика өзінің - Левкипп, Демокрит, Эпикур, Лукреций Кар деген өкілдерімен - элеадтардың «бейболмыс жоқ» деген пікіріне қарсы шығып «қуыстықты» ұсынады. Бүкіл процестер мен қозғалыстың бастамасы болып, ол өзі қозғалмайды, шексіз, тығыздықсыз. Болмыстың түрлері мен тығыздығы бар, жəне ол бөлінбейді (грек «атомос»). Атом өзіне тең, бірақ көптүрлі, реттілігі мен орны өзгеше. Демокриттің ілімінде жан атомнан тұрады. Дүниенің атомистикалық тұжырымдамасында көп түрлілікке сипаттау берілген жəне пайда болу, жойылу, қозғалыс мəселелері өзгеше шешілген.
А.Н Чанышевтің пікірінше, атомистер Гераклит пен Парменидті біріктіріп: зат дүниесі ағылуда, ал соны - құрастыратын элементтері өзгермейді, деген. Атомистер болмысты, қозғалысты сақтау заңдарын жəне себептілік туралы заңды жариялаған. «Ешқандай зат себепсіз болмайды, бəрі себеп байланысы мен қажеттілік арқасында». Кездейсоқтық əлі субъективтік деп түсінген, оның себебін адамдар білмейді.
Ғылыми ойлаудың даму тұрғысынан софистердің де қызметі жоғары бағаға ие болды. Олар өздерінің күшін анықтама, əдіс, аргументация, логикалық дəлелді шығару процесіне, пікірдің нəтижелерін айқындауға салады. Қайшылықсыз дəлелделген рационализм, релятивизм, скептицизм жəне нақты қойылған мақсаттар софистерден бастапқы ғылыми ізденістің қажетіне 37 айналды. Зерттеушілердің пікірінше, антика ғылымда салыстырмалықсыздық феноменімен соқтығысқан. Иррационалдық сандар реттеудің логикасына қайшы. Антика ғылымының тарихында салыстырмалықсыздықты жүйеге келтіру бірнеше талпыныс жасалған. А. Огурцов айтқандай: «Демокрит өзінің «Иррационалды сызықтар мен денелер» атты шығармасында, соңғы пифагоршылдықтар (ғарыштың құрылыс реттілігімен салыстырмалықсыздық идеясын) біріктіре алмаған. Сөйтіп, олар математика құрылыстарынан тыс деп тұжырымдаған».
Бірақ, үйлесімділік, симметрия, реттелген ғарыш идеялары үстемді болған. Платон салыстырмалықсыздықтың түбінде хаос онтологиясы жатыр деп, математиканың реттелген құрылысының қоғамдық маңызына назар аударады. «Математика мемлекетті меңгеруде келесі қажеттілігі бар: жанның жоғары құрылысын құруға, оны хаостық жəне ретсіздік сезім əлемінен алшақтап реттілік, гармония, симметрия үстемді, мəңгі болмыс əлеміне бет бұруға икемделеді», - деген. Ғылымға деген жүйеленген қатынасты Аристотельдің шығармаларында табамыз. Мысалы, оның «Физика» атты шығармасында физиканың философиясын табамыз. Аристотельдің бір пікірінде айтылған: «Осыған деген табиғи жолдың қадамы анық түрден анықсызға жылжыды: бізге анық жəне өзгешенің табиғаты бір емес». Сөйтіп, Аристотель ғылыми танымның ең маңызды түрі тікелей танылатыннан түсіну арқылы жетілетінге кешу дейді. «Нағыз еместен» шығуды Аристотель кездейсоқтық деп түсінеді. Қозғалыс потенциядан энергияға, мүмкіндіктен нақтылыққа көшу. «Физикада» ол үздіксіз идеяны қарастырады. Ойлаудың шексіздігін Аристотель Ғарыштың шексіздігінің шарты деп қабылдайды. Перипатетикалық физикада қуыстықтың мүмкін еместігі негізделеді, математика мен физика қатынасында физикаға үстемділік берілді. Физика «фундаменталды ғылым», «базистік» деуге болады. Кеңістік пен уақыттың мəнін анықтауда антика философиясында екі концепция қалыптасқан: субстанционалды мен реляционды (геіагіо — «қатынас»). Субстанционалды концепцияның бастаушысы Демокрит (кеңістік мəселесі бойынша), Платон (уақыт мəселесі бойынша), олар кеңістік пен уақытты өзгеше жетілген мəндер, материядан, бір-бірінен тəуелсіз деп ойлаған. Демокрит қуыстықты нақты, атомдардың қозғалысына ықпал дейді. Демокрит, Эпикур, Лукреций Кардның ілімдері бойынша, кеңістік объективті, біртүрлі, шексіз. Ол атомдардың сиғызушысы. Уақыт мəңгілікке тең, ол таза созылу, алғашқыдан келешекке ағылым. Уақыт жағдайларды сиғызады. Аристотель керісінші пікірлерді ұсынды. Реляционды концепцияның мағынасын көрсеткен. Қуыстықты жоққа шығарған Аристотель, кеңістік бірдей емес, ол заттардың тұратын табиғи орны деп тұжырымдайды. «Уақыт дегеніміз не?» деген сұраққа Аристотель былай дейді: қозғалыста да, уақытта да «əуелгі» жəне «содан кейін» деген мағынасы бар. Қозғалыс арқылы біз бір-бірінен өзгеше «қазірді» анықтаймыз. Уақыт сол «қазірдің» қозғалысы, ауысуы, саны, «алғашқы мен соңының байланысы». Осы екі тенденциялар - болмыстың заттық толуынан өзгеше, объективті, тəуелсіз, қозғалыстағы материяның ішкі аспектісі. Бірінші субстанционалды 38 концепция ХХ астам ғасыр үстемді болды: Ньютонның қозғалмайтын, үзіліссіз, 3 өлшемдік кеңістік Демокриттің пікірінің қайталауы; классикалық механикада кеңістік пен уақыт объективті, ештеңеден тəуелсіз, бəрін қамтиды. Ньютон абсолюттік уақыт «өзгеше, өзінің мəні бойынша, сыртқы дүниеге қатысы жоқ, бірқалыпты созылады, ұзақтық деп аталады». Кеңістік пен уақыт туралы,
Аристотельдің пікіріне сай, жаңа заманда Лейбниц пен Декартпен дамытылған ойлар айқын. Бірдей қуыстық, таза ұзақтық өзгеше, болмыстан тыс бастама ретінде мүмкін емес. Кеңістік - заттардың тұру реттілігі, уақыт - бір-бірін ауыстыратын жағдайлар. Объектердің бойлығы, процестердің ұзақтығы - бірінші касиеттер емес, олар тартылыс жəне қағажыту күштердің ішкі жəне сыртқы байланысымен, қозғалысымен, өзгеруімен негізделеді. Аристотель-Птолемейдің геоцентрлік жүйесі қарапайым пікір мен тəжірибемен негізделген. Геоцентризм ақиқатқа айналған. «Астрономияның əйгілі математикалық құрылысы» атты шығармасында Күн, Ай жəне басқа аспан денелерінің қозғалмайтын Жерді айналуын математикалық есептер арқылы дəлелдеме жалпы қозғалыстың математикалық түрде есептеуіне ықпал етті. Птолемейдің асторономиялық кестелері практикалық астрономияда кең қолданған.
Осы версияның жалпы тұжырымына келсек: философиядан басқа ғылымдар бастама алады. Классикалық антика ғылымында натурфилософтардың бастаушы бағдарламасында құбылыстарды тұтас түрде зерттеуге ықпал пайда болды, ғылымдарды, олардың пəндері мен əдістерін өзгеше қарастыруға тенденциялар қалыптасты.
2-і болжауда, антика ғылымынан ежелгі түрі - Мысыр өркениеті туралы айтылады. Б.д.д. ІV мың жылдықта Ежелгі Мысыр өркениеті математика, медицина, география, химия, астрономия салаларында терең біліммен меңгерген. Ежелгі Мысырдан шыққан құпия, мистикалық ілімдері түбінде Үнді, Парсы, Халдей, Қытай мен Жапон; Ежелгі Грекия мен Римнің біліміне əсері айқын. Айтылған барлық салалар бойынша Мысыр ең ежелгі түрдің иесі. Ежелгі Мысырда 4 мың жылдық нағыз белсенді даму кезеңі болған.
Ежелгі Мысырдың шаруашылығының негізі - ирригациялық егіншілік болған. Мемлекеттің табиғи-ауа-райы шарттары, Ніл өзенінің ағылуы түбінде мысырлықтардың көзқарастарының ырғақтылық, циклдік түрін қалыптастырды. Нил ағылымдары топырақпен қосылып қан түсін шығарып, жерді жаратып, өмірді анықтаған. Осы мемлекет өмірінің тұрақтылығын негіздеген. Геродот Мысырды «Нилдің сыйы» деп атаған. Ол Мысыр - Кем мемлекетінің грекше атауы (құпия, жұмбақ). Басқа мəлімет бойынша, Кемет - Қара - Нил жерінің түсі бойынша аталған.
Егіншіліктің дамуы жер өлшеу геометрияның дамуына əкелді. Кейбір болжаулар бойынша, Мысырдың ғылыми басқа ежелгі өркениеттен алынған білім (Атлантида). Бірақ олар аңыз түрінде ұсынылған.
Б.д.д. VІ-ІV мыңжылдықтарда көрсетілген ежелгі мысыр өркениеті рационалды тұрғыдан өзгеше көзқарас ұсынады. Мысырдың географиялық орны өзгешелік пен бірегейлікті қалыптастырды. Оны «адамзаттың сəбилік» кезеңі деп те айтуға болмайды. Оның күші мен көлемі білімнің қалыптасуында 39 ізгілік мəселеленің мысалы. Пифагор математиканы əуелі мысыр абыздарынан оқыған. Египеттіктер сияқты маңдайына қызыл шүберек тартқан. Элладаны асырап алған Ежелгі Мысырдың қасиетті білімі туралы айту дұрыс болар.
Египеттанушы И. Шмелевтің пікірінше «фундаменталды заңдарды тұңғыш рет ашқандар гректер емес, Ежелгі Мысырдың абыздары гректерден бір мың жыл алдын ала қазір ашылып жатқан құпияларды меңгерген». Египет математиктері шеңбердің ұзындығының диаметірге қатысы («пи» деп аталған), тік жақшамен есептер, екі белгісіз теңдікпен шешімдерді ұсынған. Білім өлшеуден басталады десек, осы тікелей түрде ежелгі египет өркениетіне қатысты. Египетте математиканың негізі - бірлік тік жақша, əлемдік қордың жетістігі. Ежелгі мысырдың шығармаларынан «Книга мертвых», «Тексты пирамид», «Тексты саркофагов», «Книга коровы», «Книга часов бдений», «Книги о том, что в загробном мире», «Книга дыхания», «Адмуат», тағы Геродот (б.д.д. VІ-V ғғ.) пен Плутархтың (б.д. І ғ.) «Исида мен Осирис туралы» шығармаларда. Хорристің үлкен папирусының ұзындығы 45 м. Саяси тұрғыдан Египет мемлекетінде фараон деспотиясы болған; абыздар қасиетті білімнің иелері; төменге сатыдағы өкілдерге білімді жарияламаған; фараон «Күн ұлы» болған соң үлкен пирамидада мумия түрінде сақталған; салт арқылы мəйіттері жерге берілген; қазір 80 пирамида мұра түрінде сақталып жетті. Бірақ, пирамидалар саяси қызмет атқаруға арналған; психотехника арқылы халықты ұстауға; пирамида храмындағы биоритмикалық, энергетикалық əсер өзгеше болады; храм стационарлық алаңның генерализациясын жасайтын синтезатор, транстың тереңдігін сақтайды. Хеопс пирамиданың қасында адамның басынан жəне арыстан денесінен тұратын сфинкс мүсіні салынған; жалпы Ежелгі Мысырдың рəмізі; ешқайда қарап тұрған сфинксті түсіну, яғни, түбінде шексіз адам микрокосымын түсінуге болады. Құрылыс өнері, мыс металлургиясы, ағашты, тасты өндеу, құмырашы өнер; египет шеберлерімен жасалған стол мен орындықтар осы кезге дейін өзгермей сақталған; папирус, кендірден мата жасау, теріні өндеу, керамикадан заттар жасау; əр түрлі түсті бояулар - бəрі мысырлықтардың шаруашылығында пайдаланған. Ежелгі мысыр аңыздарында көрсетілген таразы шаруашылық практикасының ірі жетістіктердің бірі; жел энергиясын қолданудағы бірінші қадам болып желкеннің ойлап шығарылуы ерекше орын алды. Ежелгі патшалықтарында мумия жасау практикасында қолданған білімдер түбінде анатомия мен медицинаның бастаушы білімдері; көз, тіс, хирург мамандарының пайда болуына себеп болды. Ежелгі египет дəрігерлері анатомия саласында, қан айналымы туралы, ми адам денесінің ортасы деп, бассүйектің трапанациясын жасаған, тіске пломба салған, ветеринарларға нұсқау берген, химия, медицина салаларында зерттеулер өткізген, хирургияны дамытқан. Ежелгі мысырдың мифологиясы жоғары өркениетпен негізделген жəне жазудың пайда болуымен байланысты. Жазуды сол өркениеттің негізі деп 40 айтуға болады. Папирустың көбісі əлі оқылмаған, бірақ оларды магиялық мəтіндерге жатқызуға болады (Гарристің магиялық папирусы). Жан Франсуа Шампильон (1790-1832 жж.) египеттанудың қалаушысы, ежелгі папирустарды оқуға кілт тапқан. Иероглифтер əуелі өзіндік аттар мен сандарды білдірген, белгілер бір немесе бірнеше дауыссыз дыбыстардың суреті жəне дыбыс белгісі. Бірақ əр дыбысқа оқылмайтын, мағыналы таңба берілген, олар қиын, оқылмайтын жазуларды құрастырады. Тасқа жазылуда қолданған көбінесе, ал шаруашылықта, əдеби жəне ғылыми кітапты жазу үшін тез оқылатын жазу қолданылады. Астрономия күн сағаты мен математикалық географияда қолданылған; Жер форма тұрғысынан дөңгелек жəне кеңістікте қозғалыста екендігін мысырлықтар жақсы білген; күнтізбесін жасаған - жыл төрт айдан тұратын үш сезонға бөлінген, 30 күннен тұратын ай декадаға бөлінген, жылда 36 декада, жылдың соңына 5 күн қосылады. Күнтізбенің практикалық себебі Нил өзенінің ағымының периодикасына қатысты. Нилдің ағуы Сириус жұлдызының таңда шығуымен белгіленеді; бірақ мысырлықтар астрономиялық пен күнтізбелік жылдарды бір-біріне сəйкес келтірмеген; олардың айырмашылығы 1 сағат, түбінде 120 жылдық қатеге əкелді; Коперник осы күнтізбені өзінің ай мен планета кестелерінде қолданған. Күнді 24 сағатқа бөлу мысырлықтардың жаңалығы, египет саны 10 күндізгі, 12 түнгі, 2 қараңғы сағаттардан тұрады. Мысырлықтар аспан картасын шығарып, планеталарға бақылау жасаған. «Бəрі халыққа, бірақ халық арқылы емес» деп Египет абыздары білімдерін құпия түрінде сақтаған. Білімге жақындаған адамдар жабық қоғамды құрған соң, профандар оған кіргізілмеген; ұстаздық пен жетекшілік ғылыми кадрлерді даярлауда жұмыс қағидасы; генетика мен клондық істе олардың білімдері əлі үстемді жəне қызықты, себебі информациялық технология арқылы қайта жаңғыртуға болады.
3-і болжау соңғы ортағасыр мəдениетінде ғылымның пайда болуы туралы. Кейбір мəліметтерде ғылымның шығуын Батыс Еуропада (ХІІ-ХІV ғғ.) соңғы орта ғасыр мəдениетінің өркендеуінде деп санаған. Ағылшын епископ Роберт Гроссетест (1175-1253 жж.) пен ағылшын францискан монах Роджер Бэконның (1214-1292 жж.) қызметінде тəжірибелік білімнің ролі басқаша қарастырылған. Гроссетесттің «Сəуле туралы» трактатында Құдай туралы ештеңе жоқ, бірақ Аристотельдің «Аспан туралы» шығармасынан үзінділер келтірілген. Ол оның категориялық аппаратын қолданады; Гроссетесті орта ғасыр ғылымның пионері дейді. Оның қаламымен «О тепле Солнца», «О радуге», «О линиях угла и фигурах», «О цвете», «О сфере», «О движении небесных тел», «О кометах» деген шығармалар жазылған. Олардың математикалық дəлелдемесі сан рəмізімен байланысты: «Форма ең қарапайым түрі ретінде, ешқандай мəнге келмейтін онымен бірлікке теңестіріледі; форма арқылы өзгеретін, екі ұштас дүниесін көрсеткен соң екіге тең; форма мен материяның қосындысы сəуле - үш; төрт элементтен тұратын əр аумақ - төрт. Барлық санды қосқанда - 10 болады. Сөйтіп, он - бүкіл əмбебап аумақтарының қосындысы». Гроссетест фактілерді бақылау əдісін резолюция деп атайды; дедукцияға назар аударады; 41 ал екі нəтиженің қосындысын композиция деп атайды. Роджер Бэкон туралы қызық мəліметтер жеткен; ол су астында жүретін кеме, автокөлік, ұшқыш аппарат идеяларын ұсынған; лабораториялық жағдайда кемпірқосақты модельдеуге тырысқан; пікірден мəліметтерге, диалектикалық пікірталастан практикаға, трактаттан табиғатқа көшуге шақырған; сандық зерттеулерге, математиканы кең түрде қолдануға шақырды; оның шығармаларын отқа жағып, өзін абақтыға жапқан. Орта ғасырда алхимиктің бейнесі - зертханада эксперимент жасап жатқан, көптүрлі тəжірибелерінде металдардың трансмутациясы арқылы философиялық тасты, өмір эликсирін шығаруды мақсат ететін зерттеуші. Экспериментті сол кезде бірлік процестердің комбинациясы деп түсінген. Эликсирдің негізінде жасанды алтын алынады; сол кезде бəрі металдар жасалмаған алтын деген түсінік үстемді болған; қорғасын мен сынап қосындысын қыздырғанда алтын шығады т.б. эксперименттер жасалған. Лабораториялық алхимияның екі түрі болған: саяшылар жəне бəрінен алшақтау түрі; бірінші - механикалық эффектке бағытталған, ал екіншісі - тазарту мен медитативтік практикаға. Алхимиктердің көбі инквизициямен жойылған; оның позитивтік нəтижелері фармакология туралы трактаттарда сақталған. Орта гасырда жеті еркін өнерлер болған - тривиум: диалектика, грамматика, риторика; квадриум: арифметика, геометрия, астрономия, музыка. Əр ғалым осы ғылым-өнерлерді меңгеруін қажет еткен. ХІІ-ХІІІ ғғ. араб ғалымдарының табиғатты зерттеу нəтижелерін қамтитын шығармаларының мəтіндері ашылған; араб сандары қолданған; бірақ ғылымда схоластикалық əдіс үстемді болған соң, табиғат кең түрде зерттелмей қалды. Орта ғасыр мен Жаңа заманның ғылымдарына компаративистік (салыстырмалы) талдау өткізгенде, негізгі айырмашылықты индукция жəне дедукциямен байланыстырады. Орта ғасыр ғылымы Аристотельдің ізгілігімен дедукцияны қолдаған, ал Жаңа ғылым (1600 ж.) бастап бақылау өткізілген фактілерден индукция əдісі арқылы жалпы принциптерге жетеді. Дедукцияны түсу, жайылу принципі деп түсінеді, эманацияға теңдейді. Орта ғасырда ресми доктринаның шеңберінде жазылудың ақиқаты мен сенімі үстемді. Ақиқат мəселесінде Ақыл өзінің ролінен айырылады, табиғат өзгешелігі мен белсенділігін жоғалтады, Құдай құдіреті арқылы табиғи реттілікке қарамай өз күшімен қызмет жасайды. Орта ғасырдың теориялық бағыты əйгілі ойшылдардың мəтіндерінде анық көрсетілген. Мысалы, К. Тертуллиан (160-220 жж.) былай деген: «философтардың талпыныстары бекер болады, себебі олар өз қызығушылығын Жаратушы мен Жарлық берушіге емес табиғат заттарына аударса». Əлде «философтар тек ақиқатқа тырысады, ал христиандықтар оны меңгерген. Себебі, басынан бастап философтар данышпандықтан бет бұрған, яғни, Құдай үрейінен». Құдай ақиқаттың билеушісі, солай болса, «христиандықтар дүние стихиясына берілген философиядан алшақтап, жаратушы Құдай бойынша философиялану қажет», - деп Августин жариялаған. Орта ғасырда осыдан басқа 42 көп дəлелдер де келтірілген: ақиқатты таным Құдай жариясыз мүмкін емес; ғылымға көшетін білім тек заттарды меңгеретін ақыл танымы; ғылымды Құдай ақылына бағындыру қажет. Философтар туралы Августин былай жазған: «Олар маған «ақиқатқа» жетуді үйретті, бірақ оны мен таппадым. Олар тек Сен жəне жалпы Сенімен жаратылған заттар туралы да өтірік білім берді». Логика өзгеше орын алды, себебі, Боэцийдің пікірінше, «əр зат табиғаттын зерттеймін деген, əуелі ойлау заңын меңгеру қажет. Сөйтіп, логика туралы керемет ойлар бүкіл біздің ақыл күшімізді осы ғылымға арнау қажет, содан кейін біз заттар туралы нағыз білімге жетеміз». Логика ол рационалды философия деп түсінген жəне оны табиғат заттары туралы ақиқатты ашуға қолданатын қару деп санаған. Пьер Абеляр да пікірді дəлелдейтін ғылым деп логикаға жоғары баға беріп, логиканы əр сұрақты қою процесінде қажетті деп, данышпандыққа ықпал, қойылатын сұраққа бірінші кілт, - деді. Ал, енді орта ғасырдың кредосын Фома Аквинский тұжырымдады: «ақыл арқылы біліміне жететін философиялық пəндер міндетті түрде қасиетті жазудың ғылыммен толықтырылуы қажет. Қасиетті ілім дегеніміз басқа, жоғары ережелерге негізделген жоғары ғылым; соңғысымен меңгеретін тек Құдай, жəне соның рахатына шомылғандар. Бұл ғылым - теология, басқа ғылымдарды ол өзіне бағынышты деп санайды». Қорыта айтқанда, орта ғасырда ақиқаттың өзгеше жəне шешуші өлшемдері қалыптасқан, əсіресе, авторитетке сілтеме жасау, ал орта ғасыр мəдениетіннің шеңберінде ол - Құдай. Қайта өрлеу кезеңінің басында математикаға үлкен қызығушылық болды. Мысалы, Лука Пачолидің (1445-1509 жж.) «Арифметика, геометрия, пропорция мен пропорционалдылықтың қосындысы» деп аталатын шығармасы. Осы шығармасында автор алғашқы математикалық білімге қорытынды жасайды, антика математигінің Филолайдың «математика бəрі заттарға қатысты заңның жалпылығын қамтиды» деген тезисін жаңа күшпен дəлелдейді. П. Гайденканың пікірінше: орта ғасырдың ғылыми білімінің бірнеше өзгеше қасиеттері бар: ереже түріндегі комментарий (талдау); жүйелендіруге жəне классификациялауға тенденция; канонизацияға айналған шығармалардың барлығы классификацияны қолданады; компиляторлық қасиет, яғни, алғашқы шығармалалардың ойларын қайталап қолдану; ақиқатқа екі ұштастық берілген (теология мен натурфилософияның), бірінші - ақиқатты Құдай жазуымен байланыстырады, ал екіншісі - тəжірибе мен индукцияны қолдайтын табиғи ақылмен. В. Соколовтің пікірінше, сол кездегі ғылым екі жерде жинақталған: университет пен суретшілер мен мүсіншілер, архитекторлардың тəжірибе— эксперименталды шеберханасында. Өнер заттарын шығару практикасы оларды шеберліктің логикасын математикамен қосуға мəжбүрлейді. Ұлы суретші Леонардо да Винчи қазіргі табиғаттанудың пионері деп аталады. Оның зерттеу кеңістігі математика, механика, физика, астрономия, геология, ботаника, химия, анатомия, физиология т.б. қамтиды. Ол тəжірибенің нақтылығы мен дəлдігіне назар аударып, оны ақиқатты танымның минималды 43 шарты деп санаған; Леонардо спонтандық эксперименттерге бағытталған; «Ғылым - қолбасшы болса, практика - сарбаз» - деген сөзі - ғылымды тəжірибемен, экспериментпен шектеуге болмайды, ол тəжірибенің нəтижелерін жалпылауға бағытталады. Механиканы ол теориялық ғылым сияқты емес, практикалық өнер деп санаған, машина мен құрылыстарды құрастыруға көмекші. Сөйтіп, В. Соколовтың, Леонардо экспериментті математикамен біріктіріп, қазіргі табиғаттанудың бастамасын дайындады, деген пікіріне қосылуға болады; келесіде ол классикалық ғылымның шығуына ықпал етті. 4-і болжауды ең дəстүрлі деп санайды. Бұл болжау бойынша Жаңа заман ғылымының бастамасы - жалпы еуропалық тұрғыда (ХVІ-ХVІІ ғғ. басы), Коперниктің көзқарасы, Галилей мен Ньютонға негізделген классикалық механиканың заңдары, дүниенің ғылыми бейнесі. Польша астрономы Николай Коперник (1473-1543) Краков университетінде оқыған (1491-1496). Содан кейін Италияға астрономия, медицина, философия мен құқық салаларында білім алуға барған; сол жерде грек тілімен бірге ежелгі авторлардың космогониялық идеяларын меңгерген. Өзінің «Əлемнің жаңа механизмі» (1505-1507) атты шығармасында математикалық түрде Аристотель-Птолемейдің теориясының жалғандығын дəлелдейді. Оның өмірінің ең жоғарғы нəтижесі мен мақсаты - «Аспан деңелерінің қозғалысы туралы» шығарма, өлгеннен кейін шықты. Сол шығармасында Коперник гелиоцентрлік жүйе туралы теориясын ұсынды; осыдан бастап телеологиялық-организмиялық дүниеге көзқарасқа қайшы детерменистік-механистикалық дүниеге көзқарас бастамасын алды. Жер басқа планеталар сияқты «қарапайым» екен. Қорыта айтқанда, осы позиция бойынша, ғылым жас, оның жасы 400 астам жыл. А. Уайтхедтің «Ғылым жəне қазіргі заман» шығармасы бойынша, ХVІ ғ. батыс христиандықтың құлдырауына жəне қазіргі ғылымның шығуына куə болды. Ғылымның дамуы адам санасына жаңа түстер енгізді, ойлау əдістердің жаңа түрлерін жаратты. Ол біздің санамыздың метафизикалық негіздері мен образдық мазмұнын өзгертті. Грек ойшылдары математикаға қызыққан. Олар негізгі ережелерді, дедуктивтік əдіске сүйеніп теоремаларды шығарды. Олардың ойлары жалпылауға тырысқан. Олар анық жəне батылды идеяларға, одан шығатын қатал тұжырымдарға сұраныс берген. Бұл жетілгендіктің белгісі, бұл гениалдылық, идеалды түрде жасаған дайындық жұмыс. Бірақ, осыны əлі таза түрде ғылым деп санауға болмайды». Аристотель мен схоластикалық дəстүрде ғылымның ережелерін екі (диадикалық схема) элементтен тұратын схема бойынша көрсеткен: нақтылық пен объективтік дүние; сол туралы ғалымдармен жасалған дүниенің ғылыми бейнесі. Ақиқатты реалды өмірдің заттары мен интеллекттің келісімі; индукцияны кейбір кезде лингвистикалық бақылау материалды құрастыратын əдіс деп санаған; ғылымның жеңісін нақты аналитикалық сөйлемдердің шығуы байланыстырады; содан соң ғылым триптикалық схема негізімен түсінілген: бақылау объектісі, жаратушы ғалым, дүниенің бейнесін шығаратын таңбалар. Логикалық позитивистер осы екінші мен үшінші элементтердің өзара қатысына назар аударған. Оның нəтижесі ғылымның семантикалық сапасы деп аталған. 44 Үшінші элементтердің арасындағы қатынастар - логикалық компонентті құрады. Индуктивтік əдістердің тарихы - ғылымды жаңалық ашу тарихы деп аталады; ал индуктивтік əдістердің философиясы - идеялар мен концепциялардың тарихы. Табиғаттың бір қалыптығын бакылай отырып, біз индукция арқылы табиғаттану заңдарының үстемдігіне келеміз. Жаңа заман ғылымының белгісі - эмпиризм мен математикалық жалпылау. Эмпиризм атынан эмпириялық философиясының бағдарламасымен Френсис Бэкон шыққан. Ал рационалистік принциптің атынан математик Рене Декарт шықты. Ағылшын эмпиризмнің бастаушы Гарвей Бэконды индукциямен лорд-канцлер сияқты айналысты деп тұжырымдаған, яғни, тек нұсқаулар берген деп; Декарт болса ақиқатқа жолды метафизикалық пен схоластикалық ойлаулар мен пікірлер емес математика ашады деген. Осы философияның математикалық реформасы ғылыми əдістің негізгі принциптері ретінде нақтылық пен анықтаманы сынайды. Сонда, олар сандық анықтамаларға сұраныс жасап, сезімге негізделген сапалық анықтамаларға қарай жылжыды. 1662 ж. Лондонда Корольдің хартиясымен бекітілген табиғатты зерттеушілердің патшалық қоғамының ашылуы ғылымның туылу жылы деп санайды. 1666 ж. Парижде Ғылым Академиясы жарияланған. Лондондық патшалық қоғам ғалымдарды ерікті ұжымға біріктіреді, оның уставы Роберт Гукпен жасалған. Қоғамның мақсаты «эксперимент арқылы (богословияны, метафизиканы, моральді, саясатты, грамматика мен риториканы, логиканы кірістірмей) табиғаттану пəндер, қажетті өнерлер туралы білімді жетілдіру». Патшалық қоғам эмпиризмді қолдауға тырысты, басқа норма мен жасалған жұмыстар қарастырылмаған. ХVІІ ғ. табиғаттанушының жаңа рөлі анықталған - табиғатты жаратушының геометрия тілінде жазылған «Табиғат кітабы» арқылы ашу (Галилей). Галилейлік типтік ғалымдар табиғат кітабын рационалдық түрде оқыған. Жаңа заманның ең жоғарғы жетістігі - ойлаудың ғылыми тəсілінің қалыптасуы, эксперимент ғылыми əдіс түрінде математикалық əдіспен бірігіп жəне теориялық табиғаттану - оны негіздейді. Галилей мен Декарт сезімнің аржағында математикалық заңдарды көрген. Экспериментке қызығушылық орта ғасырдағы қатып қалған рационалдылыққа берілген баға. Мысалы, Галилейдің инерция принципі идеалдық эксперимент арқылы ашылды. Галилей парадоксалдық бейнені тұжырымдайды - шексіз шеңбер бойынша қозғалыс шексіз сызыққа тең; бүкіл қызықты жағдайларда теориялық идеализация мен қарапайым тəжірибенің, теориялық құрылыс пен тікелей бақылау арасында сəйкестік жоқ, олар қайшы. Ғылыми-теориялық ойлаудың мəні байланысзаттарды іздеуден, бақылау жағдайларды өзгертумен, эмпириялық материалды ассимиляциалаудан, басқа пəндік аймақты шығарудан басталады. Теоретикалық идеализация, теоретикалық конструкт қатал табиғаттанудың тұрақты бөлшегі; олардың мысалдары: математикалық нүкте, сандар, графиктар, абстрактылық автоматтар т.б. Ғылымның пайда болуымен бірлестіретін жағдайлар мен оқиғаларға 45 келесілер жатады: дəулет пен бос уақыт, университеттердің таралуы, кітаптарды басып шығаруы, Константинопольды қармау, Коперниктің, Васко да Гаманың, Колумбтың шығуы, телескопты құрастыру т.б. А. Уайтхедтің хронологиясы бойынша: ХVІІ ғ. басында, 1605 ж. Бэконның «О достоинстве и приумножении наук», Сервантестің «Дон Кихоты»; 1604 ж. Шекспирдің «Гамлеті», 1616 ж. 23 ақпанда Сервантес пен Шекспир дүниеден кетті, сол жылы Гарвей Лондонның дəрігерлік колледжде қан айналым теориясын ұсынды, Галилей өлген жылда Ньютон дүниеге келді (1642), Коперниктің шығармасының шығуынан 100 ж. кейін, 1641 ж. Декарт «метафизикалық ойларды» шығарған, 2 жыл кейін - «Философияның бастамасын». Жаңаеуропалық ғылымның басында тұрғандар: Бэкон, Гарвей, Кеплер, Галилей, Декарт, Паскаль, Гюйгенс, Бойль, Ньютон, Локк, Спиноза, Лейбниц. А. Уайтхед өзінің ғылыми ізденісін былай тұжырымдайды: «Қазіргі ғылым Еуропадан шыққан, бірақ оның үйі - бүкіл əлем». 5-і болжауда ғылымның тарихи жасын анықтау мəселені талдауда классификацияны қолданып екі сатыға бөледі: ғылымға дейін жəне ғылымның өзі деген. Қалыптасқан ғылым көбісінде практикалық тəжірибеге, бақылауға, қарапайым білімге т.б. арқа сүйейді. Нақты заттармен шұғылдану танымның идеалды бағдарламасына, идеалды объектілермен іс-əрекет жасауға негіз болды. Ғылымның өз кезеңінде ғылымдар заттардың бейнесі деп санамайды. Олар өзгеше рəміздік объекттер ретінде. Теориялық мүмкіндіктер эмпириялық практикадан жоғары, ал теориялық постулаттың салдары ретінде эмпириялық фактілер болса - осыны таза ғылымның белгісі дейді. Білім практикалық нəтижелердің қосындысы емес, жалпы мен қажеттіліктен басталатын ісəрекеттің рецепті болған. Білім жəне білім емес арасындағы демаркация ғылыми-теориялық зерттеу əдісін құрастырудың сызығы бойынша өтеді. Ғылым - математика мен экспериментті біріктіретін ғылыми əдістің пайда болуы. Ғылым емес - эмпириялық жағдайларды сипаттау, практикалық нұсқау. Ғылыми зерттеудің эвристикалық жəне болжау компоненттері ғылымның туылуының белгісі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет