Ғылымның тарихы мен философиясының пәні


Жаңа дәуір ғылымы. Тәжірибелік ғылымның пайда болуы және оның маңызы



бет24/103
Дата11.09.2022
өлшемі436,98 Kb.
#38846
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103
34.Жаңа дәуір ғылымы. Тәжірибелік ғылымның пайда болуы және оның маңызы
Жаңа дәуір философиясы (ағылш. modern philosophy) — XVII, XVIII және XIX ғасырлардағы француз, ағылшын және неміс философиясы. Шартты түрде "жаңа дәуір" деп 1640 жылғы Ағылшын революциясынан басталатын дәуірді айтады, ол капиталистік қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылыс болатын. Жаңа дәуір философиясы арқылы адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және ортағасырлар), "адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек дүниенің қожасы" деп сенген жаңа рухани пікірді сомдады.
Жаңа дәуір философиясы рационализм және эмпиризм сынды екі бағытты ұстанды. Онда тума идея туралы философиялық пайым және адам санасы таза тақта деген философиялық пайым өзара пікірталас жүргізді.


Рационализм мен эмпиризм
Рационализм (лат. ratio – «сана») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық 2. гносеологиялық 3. этикалық рационализм
Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.
Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.
Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес»).
Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:
1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;
2.ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық бола алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.
«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм деп аталады. Ежелгі дүние мен қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің ресми философиялық бағытқа айналуына үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза болды. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет