Филологическая 1 ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ филологическая серия



Pdf көрінісі
бет11/24
Дата18.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#10000
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24

103
сүйектен  өтеді,  таяқ  еттен  өтеді»  деген  мақалынан  қазақ  мәдениетіндегі 
сөздің  құдіретті күшін асыра бағалайтын ментальдық ерекшелік танылады.  
Шешендік өнер дарыған тұлға отаншыл, елінің салт-санасын, әдет-ғұрпын 
жетік білетін ұшқыр ойлы, «орақ ауыз, от тілді» болып келеді. Ол халқының 
басынан өткерген мұң-зарын, арман-тілегін, өмірлік құндылықтарын жеріне 
жеткізе, түйіндей айтып береді. Бұл елге танымал тілдік тұға дәрежесіне 
көтерілуіне бірден бір себеп болады.
Тілдік тұлға ұлттық тілді   ғана тұтынушы емес, ұлттық мәдениетті де 
тұтынушы. «Тілді  тұтынушыда лингвистикалық құзірет, коммуникативтік 
құзірет, сондай-ақ мәдени-тілдік құзірет болады. Ал тілдік-мәдени құзірет 
дегеніміз  тілдік  тұлғаның  сөйлеу  (жазу)  мен  айтылған  (жазылған)  сөзді 
қабылдау кезінде тиісті мәдени семантиканы, мәнділікті қоса меңгеруі» [5, 
17].  Қазақ сөз мәдениетінің негіздерін қарастырған Уәли Нұргелді этностың 
ақиқат дүние туралы көзқарасы, салт-дәстүрі, жол-жоралғылары әдет-ғұрпы, 
моралі,  әдебі,  тұрмыс-тіршілігімен  байланысты  ақпараттар  жинақтаған 
тұрақты сөз орамдарының мазмұндық құрылымында ақиқат дүниенің тілдік 
бейнесін көрсететін ұлттық менталитетті танытатын компоненттер болатынын, 
оларды айқын аңғара білмеген жағдайда сөйлеуші/жазушы коммуникативтік 
сәтсіздікке  ұшырайтынын  айта  келіп,  тілдік  тұлғаның  коммуникативтік 
сәтсіздікке ұшырау қаупі жиі кездесетін аймақ ретінде фразеологизмдер 
мен паремологизмдерді атайды. Бұл  фразеологизмдер мен паремиялардың 
мәдени-ұлттық семантикасымен байланысты. 
Тілдік  тұлғаның  сөз  саптау  әрекеті  жалпыадамзаттық  құндылық 
принциптеріне  бағынады.  Жалпыадамзаттық  құндылық  принциптеріне 
адамгершілік, жауапкершілік, мейрімділік, әділдік, ар-ұят және т.б. жатқызамыз. 
Тілдік тұлға коммуникацияда осы аталған ұстанымдарды негіз етіп алады. Бұл 
әсіресе қазақтың шешендік сөз өнерінде айрықша байқалады. 
Жеке тұлғаның бір қырына ақылы-ойы мен есі, аялық білімі (дүние 
туралы білімі) мен өмірлік тәжірибесі және мәдени ортадағы өзін көрсете 
білуі жатса (бұл аталғандар тілдік тұлғаның сыртқы қыры), екінші қырына 
(тілдік тұлғаның ішкі қырына) түрлі жағдаяттар негізінде болған сезім мен 
эмоция жатады. Осы аталған аспектілер жеке тұлғаның сөзінде түрлі көрініске 
ие болып, тілдік тұлғаның дамуына әсерін тигізеді. 
әдебиеттер
1.Сәбет БАП-БАБА  Жалпы психология. - Алматы, 2005. – 352 б.
2. Караулов Ю.Н.  Русский язык и языковая личность.  – Москва: «Наука», 
1987. – 263 с.  
3.Әділова  А.С.  Қазіргі  қазақ  көркем  шығармаларындағы 
интертекстуалдылықтың репрезентациясы, семантикасы, құрылымы. Филол. 
ғыл. докт. диссс. автореф. - Алматы, 2009. - 53б.

Вестник ПГУ №4, 2010
104
4. Қожахметова Ф.Б. Тұрмағамбет Ізтілеуов тілдік тұлғасының дискурстық 
сипаты. Филол. ғыл. канд. дисс. автореф. - Алматы, 2004. -28 б.
5. Уәли Нұргелді. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Филол. 
ғыл. докт. дисс. автореф. - Алматы, 2007. – 50 б.
Резюме
В  данной  статье  рассматриваются  проблемы  «языковой 
личности» с научной точки зрения и определяются образующиеся 
факторы.
Resume
The article is devoted to the issues of a lingual personality and some 
aspects are defined.
ӘОЖ 81`38
ТАРИХИ МӘТІНДЕРДЕГІ СТИЛЬТүЗУШІ ЭЛЕМЕНТТЕР 
М. Қанабекова
Қазақ қыздар мемлекеттік  университеті, Алматы қ.
Қазақ  әдеби  тілінің  ұлттық  көркем  нормаларын  айқындауда, 
ерекшеліктерін танытуда, әдеби нормадан ауытқу құбылысының сырын 
ашып,  дұрыс-бұрысын  көрсетуде,  тілдік  құбылыстарды  пайдалану 
принциптерін,  көркемдік-эстетикалық  заңдылықтарды  белгілеуде 
лингвистилистика ғылымының маңызы зор. Демек, көркем шығармалар 
тілін нормативті-стилистикалық тұрғыдан зерттеп қарастыру - әлі де бүгінгі 
қазақ тілінің мәні зор өзекті мәселелерінің бірі.
Бұл тұрғыдан келгенде, көркем стильден басқа функционалды стильдердің 
барлық түрінде белгілі бір лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық т.б. 
лингвистикалық  заңдылықтарға  сай  келетін  құбылыстар  болып  тұрады, 
ал көркем шығарма тілінде жазушының сөз қолдану мәнері мен дағдысы 
көп  жағдайда  тілдің  құрылымдық  заңдылықтарына  сай  келе  бермейді. 
Сондықтан жазушының сөз қолдану тәжірибесінің негізінде лингвистикалық-
стилистикалық құбылыстар туралы пікір қозғауға болады.
Қазіргі таңда әдеби тілдің стильдік тармақтары сараланып, орнығуына 
байланысты  көркем  шығармаларда  әртүрлі  стилизация  белгілері  қазіргі 
тарихи көркем туындылар тілінен байқалады. Мұнда автордың тіл шеберлігін 
көрсету  негізінде  тарихи  стилизация  құбылысына  тән  тілдік-стильді 
амал-тәсілдерді  айқындауға,  жазушы  қолданысындағы  архаистік  тілдік 
құралдардың мәнін ашуға, көркемдік сөз өрнегін талдап көрсетуге - қысқасы, 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
105
қазақ  әдебиетіндегі  тарихи  жанрдағы  туындылардың  тілдік  табиғатын 
тереңірек зерттеп тануға мүмкіндік туады.
Тарихи тақырыпқа қалам тартқан қандай да жазушы суреттеліп отырған 
дәуірге тән тілдік белгілерді, түрлі ескі атауларды, байырғы сөз орамдарын, 
сөз тіркестерін іздейді; соларды көркемдік қажетіне жаратуға тырысады. Әр 
суреткер осындай тілдік құбылыстарды тауып, өз орнымен дәл қолдана білсе, 
әр кейіпкерін өз «дәуірінше», өз «үнімен» сөйлете білсе, тарихи жанрдағы 
шығармаларға стильдік тұрғыдан қойылатын талаптың жоғарғы деңгейден 
шыққандығы деп ұғамыз. Мұндай әдісті тілімізде тарихқа орай стиль тезіне 
түсіру деп атайды.
Тарихи стилизация (тарихи стиль тезіне түсіру) - өте күрделі де қиын 
мәселе, ол көптеген ұғымдарды қамтиды. Мәселен, авторлық баяндаудың, 
кейіпкер  тілінің  стилизациялануы,  ондағы  лексикалық,  семантикалық 
архаизмдер, грамматикалық тәсілдер, текст (мәтін) түзіміндегі құрылымдар, 
байырғы  шешендік  сөз  үлгілері,  олардың  қолданылу  мотивтері  т.б.  сөз 
етілуге тиіс.
Қазіргі көркем шығармалар тіліндегі тарихи стилизация құбылысы, оның 
мән-мазмұнын айқындау мәселелері күні бүгінге дейін қазақ тіл білімінің 
арнайы ғылыми зерттеу объектісіне айналған емес. Дегенмен қазақ тіліндегі 
стилизация проблемасының табиғатын танып, сипаттама беруде төмендегідей 
пікірлер бар: «Стилизация дегеніміз шығарманың тақырыбына, жанрына, 
эстетикалық мақсатына және «автор образы» - дегенге (яғни автордың идеясы, 
көзқарасы, позициясына) тілінің үндес келуі ғой. Мысалы, тарихи  шығарма 
авторы жеке атауларды таңдауда болсын, кейіпкерлерін сөйлетуде болсын 
т.т. суреттеп отырған дәуір шындығына мейлінше жақын, сәйкес келуді 
көздесе, ол тарихи стилизация болмақ» [1, 82] - дегенді айтады. Мұндай пікір-
пайымдаулардың қай-қайсысы да көркем шығармадағы стилизация құбылысын 
танып-білуге, зерттеп-зерделеуге, көркем әдебиет стилистикасындағы бір 
тілдік ұғым-категория ретінде қалыптасуына елеулі үлес қосады.
Тарихи  шығармалардың  тілі  табиғатынан  екі  тұрғыдан 
қарастырылатындығы белгілі:
1. қазіргі көркем тіл нормаларын белгілеу тұрғысынан;
2. суреттеліп отырған дәуір тілі ерекшеліктерін айқындау тұрғысынан.
Яғни тарихи көркем туынды жалпыға ортақ әдеби тілмен суреттеле 
отырып,  сол  дәуір  тілінің  де  сипаты  қатар  көрінеді.  Бұл  екі  тілдік 
құбылыстың көркем шығармада аралас келуі, олардың шығарма тіліне ену 
жолдары, әдістері сан түрлі болуы мүмкін екендігін кейбір тың пікірлер, 
құнды зерттеулер дәлелдей түседі [2, 90-92]. Мұндай жағдайда зерттеуші-
лингвистердің пайымдауынша, тарихи баяндауға ең аз дегенде екі жүйелік 
құрылым сәйкес келеді. Ең алдымен, авторлық баяндау тұтасымен қазіргі 
әдеби тілдің нормаларына негізделеді де, суреттеліп отырған дәуірдің тілдік 

Вестник ПГУ №4, 2010
106
элементтері тек кейіпкерлер тілінен, кейбір тарихи кұжаттар тілінен немесе 
хат-естеліктерден байқалады.
Екінші кезеңде стильдеуші амал-тәсілдердің қолданылу аясы әлдеқайда 
кеңірек.  Олар  авторлық  баяндауға  да  ене  отырып,  баяндау  нормаларын 
қалыптастырады,  тарихи  баяндаудың  тілдік  ұйымдасу  құрылымын 
белгілейді, шығарма суреттеліп отырған дәуірдің тіліне жақындай түседі. 
Тарихи  стилизация  құбылысы,  дәлірек  айтқанда,  шығарманың  тілдік 
құрылысындағы екінші құрылымында ғана толық көрінеді. Айталық, белгілі 
жазушы Мұхтар Мағауин «Аласапырын» романының басталар тұсында-
ақ өзінің авторлық баяндауында сол кезеңнің тарихи келбетін, көрінісін 
суреттеуде стильдік құралдарды орынды да әсерлі етіп қолданған. Тәуекел 
ханның  шақырумен  өткізілген  кеңес,  құрылтайды  автор  «романтикалық 
пафосты  үнмен»  жеткізіп  суреттейді,  «сондықтан  жалпақ  қазақ  қауымы 
деп емес, «киіз туырлықты қазақ ұлы» деп, «Хақ-Назар хан опат болғалы» 
деп айта салмай, «төңіректің төрт бұрышына түгел қылыш сермеген Хақ-
Назар хан шаһид болғалы» деп бейнелі, әсерлі суреті тілмен баяндайды. 
Сірә,  бұдан  400  жыл  бұрындар  қазақ  халқы  қазақ  хандығы  болып,  сол 
халықты сақтап, кең байтақ жер-суға иелігін жоғалтпау сияқты миссияны 
атқарып  тұрған  кезең  жайындағы  тарихты  осылайша  пафоспен  бастау 
қажет  болғанды [3, 110]. Бұл пафосты үн көркем тілде бейнелі сөздермен, 
поэтикалық  анықтауыштармен  (киіз  туырлықты  қазақ,  төңіректің  төрт 
бұрышына түгел қылыш сермеген хан...) жеткізіліп берілген. Бұл - тарихи 
стильтезіне түсірудің көркем амалдары.
Тарихқа орай стиль тезіне түсірудің басты шарты тарихи стилизациядағы 
тілдік тәсілдерді, әсіресе көнерген сөздерді, сөз тіркестерін жинап-топтап 
көрсетуде ғана емес, оларды қолдану принципінде екенін, көркем шығарма 
жүйесінде сол құралдардың құрылымдық-ұйымдасу механизмінде екенін 
естен  шығармау  керек.  Яғни  тарихи  стилизация  тек  тілдік-стильдік 
тәсілдердің қолданылу ерекшеліктерін қарастырып қана қоймай, соныман 
қатар стильдеуші элементтердің шығарманың жанрлық ерекшелігіне қалай 
қызмет  ететіндігін,  композициялық  құрылымына  тигізетін  әсерін  де 
сөз етуді көздейді. Бұл жайында В.Д. Левиннің мына бір пікірі орынды 
айтылған: «Специфика языка художественной литературы обнаруживается 
не  в  особом  материале,  а  в  особом,  обусловленным  конкретными 
эстетическими  задачами  произведения  стилистически  целенаправленном 
употреблении, трансформации и актуализации материала «обшего» языка» 
[4,  67].  Олай  болса,  тарихи  стиль  тезіне  түсіру  өткенді  бейнелеудің  бір 
формасы ретінде әр жазушыда түрліше сипат алады. Мәселен, стилизация 
құбылысы бір жазушының авторлық баяндауында көбірек сезіліп жатса, 
екінші біреулерінде диалог-монолог сөздерінде, тек персонаждар тілінде 
ғана көрініс табады.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
107
Жоғарыда  аталған  «Аласапыран»  авторы  М.  Мағауинның  тарихи 
баяндауында тағы бір өзіндік құрылым-өзгешеліктері бар. Автор тілінде 
де, кейіпкер атынан берілетін ойлары, баяндау сөздерінде де өткен дәуірге 
тән халық тілінің асыл қазынасы - мақал-мәтелдерді, байырғы шешендік сөз 
үлгілерін, қанатты сөздерді мол пайдаланады. Сол тәсілдер арқылы автордың 
да, кейіпкерлердің де сөйлеу мәнері бейнелі тілімен жеткізіліп, әсерлі, көрікті 
сөз қолданыстарымен беріліп жатады. Осының бәрінің тарихи баяндауда 
қажетті тіл тауып, көне өмірдің нанымды кейпін жасаудағы көркемділіктері 
ерекше: Қылыш үстінде серт жоқ, қымыз үстінде кеңес жоқ; Аға тұрып 
іні сөйлегеннен без, төре тұрып қара сөйлегеннен без т.т. тәрізді ақиқатқа 
айналған  мақал-мәтелдер,  фразалық  тіркестер  де  молынан  ұшырасады, 
олардың  бұл  қолданысы  -  стильдік  мақсаттағы  қолданыс.  Керісінше, 
жазушылардың  тарихи  шығарма  жанрын,  принциптерін,  ерекшеліктерін 
елемеуден туған кейбір сөз талғаудағы сәтсіздіктері де байқалып жатады. 
Мәселен, І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романында, аталған «Аласапыран» 
романында да тарихи кейіпкерлер кейде қазіргі заманның тілімен, әдеби 
нормадағы үлгімен сөйлеп береді. Қияқ батыр Тәуекел ханмен әңгімесінде 
тап тартысын, айырымын дәл бүгінгі адамша талдап береді. Ол бірде Тәуекел 
ханға: «Ал егер жұт келіп, сол көрісімнен айырылсам, менің үй-ішімді еш 
ханның атағы аштықтан алып қала алмайды. Тіпті Ескендір Зұлқарнайынның 
атағы да...» Бұдан Қияқ батырдың өз заманының ұғымына лайық сөз үлгісі 
деп тану орынсыз не болмаса «...бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе, ерге беру 
керек, ол жағын Әз-әжем шеиіеді» тәрізді сөз орамдары немесе «Қызылбас 
елшілерімен де келіссөзге отыру қиын емес (Ораз-Мұхамедтің сөзі), әрқайсын 
сұлтанның саулығы үшін тоғыз аяқтан қымыз ішесіңдер (Ай-Шешектің сөзі), 
әскери одақ - ат үсті шешілетін мәселе емес» сияқты бүгінгі тіл нормасындағы 
сөздердің, терминдерді тарихи кейіпкерлер тілінде қолданып жатады.
Суреткер-жазушылар кейде өткен дәуірге тән арнайы тілдік реалийлерді 
қолданысқа түсірмей, кейбір мәселе-оқиғалардың мәнін ашуда бүгінгі тілдік 
нормадағы, бейнелеп отырған кезеңде қалыптаса қоймаған сөз орамдарына 
тарихи семантикалық рең үстеп, жаңаша тіркестіріп жұмсайды, сол арқылы 
өткен  заманның  мазмұны  танылып  жатады.  Мәселен,  І.  Есенберлиннің 
«Көшпенділер»  романында  түрлі  оқиғаларды,  кейіпкерлердің  іс-әрекет, 
мінез қайшылықтарын, ой түкпірін айқыңдап көрсетуде баяндау жүйесіне 
енген әңгіменің (Бұқар жырау әңгімесі), монологтің де (Абылай монологі), 
диалогтің де (Абылай мен Бұқардың диалогі) қаншалықгы қызмет атқарып 
тұрғандығын байқауға болады.
Абылай  ханның ойының, тілдік мінездемесінің ашылар тұсы Бұқармен 
диологінде айқын көрінеді: «...Өкінішім, үш жүздің басын қоса алмадым: аз 
елге хан болдым, қазаққа мал емшегін  емізгенмен, жер емшегін емізе алмадым 
... өзге жаудан қазақтың  жерін қорғаймын деп жүгенімде дүние құрғыр 

Вестник ПГУ №4, 2010
108
өтіп кетіпті ғой!» (Жанталас, 318-6). Бұл үзіндіде  Абылайдың қайраткер 
ретіндегі шешендігі ашылып тұр. Автордың баяндауға диологті енгізудегі 
мақсаты Абылайдың көңіл-күйін, өкінішін экспрессиялы түрде жеткізу болып 
табылады. Қазіргі тілде жалпы ұғынылатын мал бақтырғанмен егін салдыра 
алмадым деп жай баяндап айтудан гөрі, автор суреттеліп отырған дәуірге 
тән сөздерді, сөз тіркестерін пайдаланбаса да, мал емшегін емізу, жер емшегі 
тәрізді фразеологизмдерді стильдік мақсатпен сол кездегі Абылай дәуіріне 
тән әлеуметтік мәселенің (егіншілікке отырғызу) тарихи мәні ашылып, сол 
заманның үні естіледі. Бұл - өткенді стиль тезіне түсірудің бір амалы.
Әдеби тіл нормасына жатпайтын, бүгінде мағынасы беймәлімдеу немесе 
басқашалау,  өткен  тарихи  кезенде  актив  қолданылған  көптеген  сөздерді 
жазушылар өз мағынасына дәл, орынды пайдаланған. Бұлар да шығарма тілін 
тарихи стиль тезіне түсірудің жақсы көрінісі. Мұндай көнерген сөздердің негізі 
- қазақ қауымының саяси-әкімшілік құрылысына, ұрыс-соғысқа қатысты 
сөздер, әскери лауазым атаулары, қару-жарақ, құрал-сайманды білдіретін 
сөздер. Мәселен, М. Мағауиннің «Аласапыран» романында ел басқару ісіндегі 
әкімшілікке, шен-атақ дәрежесіне, қызмет бабына қарай төмендегідей сөздер 
молынан ұшырасады: анда, алаш, аламан, арқұқ, аталық, баhадүр, бақауыл, 
бауыршы, сабадар, датқа, даруға, қалға, емелдес, ертауыл, жанасар, тұтқауыл, 
ақтажы бояр, күріген, қарашыбек, қондыгер, сыпағ, отаман, оғлан, воевода, 
вой,  вор,  өкілеш  (околъничий),письменный  голова,  стрелецкий  приказ, 
стряпчий, царевич т.б. Қару-жарақ, құрал-сайман атауларына қатысты: жақ, 
жебе, дабыл, даңғыра, берен, бадана, кіреуке, пешіл, пестіл, самопал, петарда 
(тасатқыш), шарайна, шыңдауыл, тәрізді сөздер жатады.
Бір айта кететін жайт, Мұхтар Мағауин жоғарыда аталған қару-жарақ 
атауларын образ үшін пайдаланып, поэтикалық тіл өрнегін жасайды, өткен 
заманға тән теңеулерді құрайды. Мұндай теңеу, метафоралы тіркес, эпитетті 
анықтауыштар жазушы тілінде түрлі көркемдік бейнелер жасауға қатысады: 
Қандауырдың жүзіндей қайғы кірпіктері; Хан-аға - жақ болғанда, сұлтан-іні - 
жебе ; қайраусыз қара қанжар, берік түйінді берен сауыт болған біз едік –тәрізді 
экспрессивті эпитет, теңеулерде қару-жарақ атауларын адамзатқа теңеу болса, 
он сан оқ, аламан оқ, дізе оқ, ши оқ, томар оқ, доғал оқ сияқгы тіркестерден 
бір-ақ  сөзінің қаншама эпитет түрінде жұмсалатындығын аңғарамыз. Бұл - 
Мағауин тілінің стиль тезіндегі контекстік, поэтикалық тіркестері.
Қазіргі  тіл  нормасы  үшін  мағынасы  басқа  немесе  өзге  мәндегі 
кейбір  сөздердің  жазушылар  тіліндегі  қолданысына  назар  аударайық. 
Көне  мағыналық  реңкте  жұмсалып  тұрған  мынадай  сөздердің  үлгілерін  
М. Мағауин романының тілінен кездестірдік: азамат, аталық, жұрт, ауыр, 
қара,  қол,  ойын,  қарындас,  аламан,  т.б.  Тарихи  шығарманың  стилъдік 
сипатын  сақтау  мақсатымен  осындай  семантикалық  көне  сөздерді  де 
бүгінгіден  өзгешелеу,  сол  кезге  тән  мағынада  беру,  жұмсау  әрекеті  де 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
109
бар. Бұлар да стиль тезіне түсіруде үлкен мәні бар тілдік тәсілдер екені 
ақиқат. Мысалы, ойын сөзі шығарма тілінде көз ашқаннан соғыс өнеріне 
тәрбиеленген, өз інісі Көшекті де осы өнерге үйретуді талап ететін Ораз 
Мұхамедтің  Бесоба  батырмен  диалогінде  ұшырасады.  Контекст  ішінде 
осы  сөздің  көне  үғымда  қолданылып  тұрғанын  аңғару  қиын  емес:  «...ал 
оған дейін, - деді, отқа тесіле қарап, үнсіз қалған Бесобадан басқа ешкімге 
бұрылмай, сөзін ары қарай сабақтап, - батыр баба, мына кейінгі баланы 
аламан  ойынға  үйрет.  Қылыш  шапсын,  найза  шаншысын,  жай  тартсын» 
(Аласапыран, 113-б). Осы үзіндідегі аламан ойын тіркесі бүгінгі тіліміздегі 
мағынасынан өзгеше, «соғыс өнеріне үйрету керектігі» жайында, яғни «ұрыс 
өнеріне үйрету (қылыштасу, жекпе-жек т.б.)» деген ұғымдарда қолданылып 
тұр. Бұл мағынаны кейінгі «қылыш шапсын, найза шаншысын, жай тартсын» 
деген синонимдік мәндегі тіркестер де ашып, нақтылай түседі. «Ең сәтті 
ойыннан екі есе артық қазамен шығамыз» (Аласапыран, 240-б) сөйлемінен 
де ойын сөзінің мағынасын бірден аңғарамыз. Ерте кездегі ауыз әдебиеті 
нұсқаларында,  батырлар  жырында  бұл  сөздің  «ұрыс,  соғыс»  мәнінде 
жұмсалатындығын  Р.  Сыздықова  «Сөздер  сөйлейді»  атты  (1980,1995) 
кітабында  дәлелдеп  көрсетеді.  М.  Мағауин Ораз-Мұхамедтің өз  көзімен 
көрген  ойын  түрлерінің  де  әскери  ойын,  от  ойындарының  ережелері  мен 
айла-тәсілдерін  де  тарихи  шындыққа  сай  көркем  баяндайды.  Жоғарыда 
келтірілген  сөздердің  мағынасының      бүгінгі  тілге,  нормаға  сай  келмеуі 
контекст  ішінде  сол  сөздердің  мағыналық  реңкін  анықтау  кезінде  ғана 
аңғарылады. Мұндай тілдік амалдарды шығарма тіліне енгізудің мәні ерекше 
стильдік жағдайларды талап етпейді, олардың образ үшін ғана емес, өткен 
дәуірдегі білдірген мағынасын дәл тану үшін де қолданылғандығында деп 
ұғамыз.
Қазіргі  көркем  шығармалардағы  тарихи  стилизация  мәселесі,  оның 
тілдік  категория  ретінде  танылуы,  зерттеу  нысаны,  мақсат  -  міндеттері 
айқындалып, біршама қалыптаса түсті. 
әдебиеттер
1. Сыздықова Р. Бүгінгі көркем проза тілі және әдеби норма. – Жинақта:   
Өнер алды қызыл тіл. - А., 1986.
2. Левин В.Д. Средства языковой исторической стилизаций в романах          
Ю.Н. Тынянова. – Кітапта: Исследоавния по языку писателей. - М., 1959.
3. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. А., 2005.
4. Левин В.Д. Литературный язык и художественное повествование. – 
Кітапта: Вопросы языка современной русской литературы. - М., 1971.

Вестник ПГУ №4, 2010
110
Резюме 
В  статье  рассматриваются  вопросы  о  стилеобразующих 
элементах в художественно-исторических текстах.
Resume
The article studies the problems of style formation components in 
belles-lettres and historical texts.
ӘОЖ 827.512.122
АДАМ ПСИХОЛОГИЯСЫН АШУДАҒЫ ҚАЗАҚ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДРАМАЛАРЫНДАҒЫ 
ҰМЫТЫЛЫСТАР
Ж.Қ. Кішкенбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.
Қазақ  әдебиетінің  бір  саласы  –  драма  жанрының  алғашқы  үлгілері, 
пьесалар ХХ ғасырдың басында қолжазба түрінде ел ішіне тарала бастады. 
Жалпы  «драматургия»  –  қазақ  әдебиетінде  ХХ  ғасырдың  басында 
әлеуметтік-қоғамдық  фактордың  ықпалымен,  ұлттық  өнердің  тарихи 
дамуының заңды жемісі ретінде туған жанрлық түр» [1, 207].
ХХ ғасырдың басында жанр есебінде дүниеге келіп, басқа халықтардың 
драма жанры тарихымен салыстыра қарағанда, аз ғана уақыттың ішінде 
әлемдік деңгейде дамып үлгерген қазақ ұлттық драматургиясының қалыптасу 
жолы күрделі.
Қазақ  драматургиясы  жалпы  драмаға  тән  қасиет-сапаларға  ие. 
Аз  уақыттың  ішінде  қалыптасқан,  тарамдалған  қазақ  драматургиясы 
ұлтымыздың жаңа мәдениетімен, әдебиетімен бірге өсіп, жетіліп отырды. 
Әдебиеттің ерекше бір түрі – драматургия театрды нысана етеді, сахнаға 
қойылу үшін жазылады.
Ал қазақ драматургиясының бүгінгі дамуындағы жақсы бір құбылыс - адам 
психологиясын ашуға ұмтылу екендігіне Зейін Шашкиннің «Ақын жүрегі» 
пьесасы жақсы айғақ бола алады. Талай сахналық шығармалар салған жерден 
диалогган ақсайды. Бірінің бетін бірі жыртып, ұрсып, айқайлап қоя беретін 
кейіпкерлер сөзін естігенде, мазасыз, кесірлі үйге еніп кеткендей боласың. 
Өмірден көріп, біліп ұшырасып жүретін адамдарыңа мүлде ұқсамайтын шар- 
қаяқ, бар сырын, бар ашуын қолма-қол ақтарып тастайтын даукес, қызыл өңеш 
персонаждар мезі еткендіктен де шығар, жұмбағы жан түкпірінің тереңіңде 
жататын, ашынса да кісіліктен арылмаған қаһармандарға бірден іш тартасың. 
«Ақын жүрегі» драмасы ең алдымен психологизмге ден қоюмен қызықты.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
111
Өнерпаз бейнесін жасауда қазақ әдебиетінде біраз тәжірибе жинақталған. 
Драматургиядағы ірі бейнелер Шернияз, Сырым, Абай, Ақан сері – бәрі 
де  ақындар.  Әсіресе,  Сырым  мен  Ақан  серінің  романтикалық  серпінді 
әуенде жазылған, кемерінен асып төгіліп жатқан тентек толғаулары қазақ 
драматургтерінің  көбіне  стильдік  жағынан  ықпалды  әсер  етті..  Шашкин 
пьесасыңдағы Жұмат монологтарынан осы дәстүр анық аңғарылады. Сырын 
мәнермен, ырғақпен, ойын тұспалмен, астармен емес, шашып-төгіп, тебіреніп-
теңселіп, сыр мен ойды, сезім мен байламды қатар өрген ақын мінезін көреміз. 
Оның сөзі шұбырта жөнелген төкпе жыршының термесі сияқты ұйқасып, 
айшықталып  келеді.  Бірақ  қасындағы  адамды  көп  елемей  алып  қашып, 
аспанға шығып кететін кездерінде, пьесаның драмалық арқауы үзіліп, жалаң 
көрініс дендеп қоя береді.
Суреткерлік  талапты,  әсіресе  роман  жанрында  айырықша  таныл 
ған  Зейін  Шашкиннің  шығармашылығына  тән  сипат  форма  жаңалығын 
қарастыру, бұрын қарастырыла түсе қоймаған тақырыпты өзге қырынан алып 
бейнелеу талабы драмалық шығармаларында да жиі ұшырасады. Эпикалық 
туындылар  мен  кинода  қолданылатын  прологты  автор  «Ақын  жүрегі» 
пьесасында орынды пайдаланған.
Асылында жол үсті адамды еріксіз ойландырады. Көз алдыңнан бұлдырап 
өтіп жатқан тау-тас, өзен-кол, бұлт-сағым тіршіліктің де тұрақсыздығын, 
фәнидің жалғандық сырын меңзегендей; жалғыз болсаң мұндайда кешегі 
күндер, қуанышты сәттер, қайдағы мұң еске түсіп тұнжыраймыз. Ал сезімтал 
жолаушы кездессе, мұндайда шартарапқа көз салып, ой бөлісіп, сыр бөлісіп 
бір жасап қаласың.
Әрине, жол үстіндегі егде ақын көлденең кездескен көк атты жолаушыға 
салған  жерден  ақтарыла  әңгіме  бастамақ  емес.  Жұматтың  Нәзипаға 
кешегі соғыс сұрапылындағы бастан кешкен қиындықтарын айтып беруі 
тебіреністен, ерекше толқудан туған жағдай. Жұматтың өткен күндерін көзге 
елестетер  монологында  талантты  ақын,  әйгілі  партизан  Жұмағали  Саин 
оміріне үқсас жайттер мол. «Ақын жүрегі» документальды шығарманың 
саяз деңгейінде қалып қоймаған, мұнда өмір деректері мен жеке деректер 
автордың суреткерлік дәрежесі тұрғысынан екшеліп, қорытылған. Драматург 
мақсаты Жұмағали Саинның биографиясын бейнелеу, ғұмырнамасын жасау 
емес, психологиялық тартыстар үстінде көрінген ммінез-тартыстар арқылы 
өзегін жарып шыққан өз сырын айту.
Пьесадағы  оқиға  әр  жерде  өтпей  бір  орында  өтсе,  көрерменнің 
назар, ықыласы күшейе түспек деген классицизм әдісін ұстанган ертедегі 
драматурггер  ғана  емес,  алып  отырған  өмірлік  материалдың  ыңғайына, 
шығарма идеясына сәйкестікті  «Ақын жүрегі» драмасынан көреміз.
Облыстық аурухананың бас дәрігерінің үйіне қонақ келмекші. Келетін 
қонақтар, жастық шақты бірге откізген достар: ақын Жұмат, дәрігер Есен. 

Вестник ПГУ №4, 2010

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет