Филологическая 1 ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ филологическая серия



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата18.03.2017
өлшемі1,65 Mb.
#10000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

28
мағынасын көрсетпейді, адвербиалданып, іс-әрекеттің болған орнын, мекенін 
білдіріп,  мекендік мағыналарда жұмсалған.
Түркологияда ол адвербиалданған -ғару, -геру тұлғалы сөздердің түбірі, 
оның қандай мағынада жұмсалғандығы жайында әртүрлі пкірлер айтылып 
жүр. Йоқару үстеуіне негіз болатын әлбетте, йо сөзі екені белгілі. Тіл тарихынан 
зерттеушілер мұны йоқ сөзінің қысқарған түрі деп қарайды. Ал -қарұ формасы 
ешбір тілдік өзгеріске түспеген, өзінің бастапқы дыбысталу қалпын сақтайды. 
Кейін түбір мен форма бірігіп, адвербиалданған соң, декорреляция процесінің 
әсерінен  түбірдің  мағынасы  мен  тұлғалық  сипаты  өзгергенге  ұқсайды. 
Зерттеуші Е. Саурықов барыс жалғауы жалғанған йо түбірінің мәнін көне 
түркі тіліндегі қырат, шоқы мағыналарында қолданылған йоқ лексемасынан 
іздейді де, оны йоқ сөзінің қысқарған формасы деп қарайды. Йоқ сөзі көне 
заманда жеке лексикалық единица ретінде қолданылған. Кейінгі дәуірлерде 
де аталған сөз йер лексемасымен тіркесіп, (иоқ+ер) «биік жер», «биік қырат» 
деген ұғымды білдіргенін айтады.  Егер тілдегі қосымшалардың арғы тегі 
жеке сөздерден бастау алатынын ескерсек, несі бар, -ғару, -геру морфемасы 
йер сөзінің фонетикалық өзгеріске ұшырауынан қалыптасуы да мүмкін. Түркі 
тілдерінің дыбыстық жүйесінде й -ж дыбыс сәйкестігі бар екенін ескерсек, 
йер сөзінің бастапқы дыбысы тілдің даму барысында г (ғ) дыбысына айналған 
да, содан барып –герү, -ғарү тұлғасы қалыптасқан болып шығады. Ал ү (у) 
ескі кезеңде бағыттық мағынаны білдірген сөздің қысқарған түрі болуы да 
ғажап емес.
Түркологияда -ғару, -геру морфемасының этимологиясы, шығу тегі 
жайында  түрлі  көзқарастар,  ғылыми  болжамдар  көп.  Соның  ішінде  ең 
елеулілеріне тоқталып өтейік.
Белгілі түрколог Г.И. Рамстедт оны құранды аффикс деп атап көрсетеді 
(ға+  ру)  де,  оның  алдыңғы  бөлігі  -ға  қосымшасын  барыс  септігінің 
грамматикалық  көрсеткіші  деп,  ал  -ру  жұрнағын  деректив  деп  таниды. 
Ғалымның  бұл пікірін соңынан В. Котвич қолдай келіп,  өз жорамалын да 
ұсынады. Оның айтуына қарағанда, аталған қосымша өте ерте заманда болған 
моңғол-түркі  тіл бірлестігінің қалдығы, қазіргі моңғол тіліндегі сөз тудыруда 
актив  қолданылатын  -гаду  қосымшасы  [7-354].  Аталған  қосымшаның 
құранды  екені оның -ға, -ру аффикстерінен жасалғандығы, -ға тұлғасының 
барыс септігінің грамматикалық көрсеткіші болып табылатындығын қазақ 
тілшілері  де  мойындайды.  Бірақ  түркологияда  да,  қазақ  тіл  білімінде  де 
аталған құранды қосымшаның соңғы бөлігі -ру, -рү аффиксінің шығу тегі 
жайы сөз болғанда зерттеушілердің пікірі бір жерден шыға бермейді. 
Тілдік фактілер көне түркі ескерткіштерінде кездесетін -ғарү, -герү,       
-керү, -ару, -еру тұлғасының үстеу қалыптасырушы форма екенін дәлелдесе, 
олардың әлі де болса септік жалғауларының қызметінен алыстап кетпегенін 
көрсетеді. Сөзімізге дәлел болу үшін мысалдарға жүгінейік: 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
29
Көне жазба ескерткіштер тілінде  -гару, -геру, -кару, -керу, -ару, -еру 
формаларының    барыс  септігінің    мәні  мен  қызметінде  жұмсалғандығы 
мынадай мысалдардан айқын көрінеді.
-Ол үч каған өглесіп: Алтун йыш үзе қабысалым тіміс. Анчи өглссміс. 
өнре Түрк қағанғару сүлелім, тіміс, аңару сүлемесер. Кач нсн ерсер. «Ол үш 
қаған кеңесіп: Алтын қойнауына жетейік деп, былай депті, шығыста (алда) 
түрік қағанына қарай аттанайық, егер оны шаппасақ, ол бізді (құртады, 
жеңеді)».
-Көк Өңүг йуғуру Өтүкен йышғару удызтым «Көк Өңүг өзеніне өтіп. 
Өтүкен қойнауына бастадым».
-Апа тарқанғару ічре саб ыдмыс: Білге Тониқуқ. Анығ ол, өз ол аңлар 
«Апа  тарқанға  жасырын  сөз  жолдапты:  Білге  Тониуқұқ  өзі  айлакер,  өзі 
пайымды...»
Келтірілген мысалдардан аталған форманың сөйлемдегі қызметі бағыттық 
барыс септігі екендігіне толық көз жеткізуге болады. Мысалдардағы -гару, 
-геру, қару, керу, ару, еру жалғаулары білдіретін грамматикалық мағынасы, 
атқаратын қызмет аясы жағынан үстеулер тобына еш жақындамайды. Яғни, 
бұл сөздердің құрамындағы формалар адвербиалдану процесіне ұшырамаған, 
зат есімнің сөз түрлендіруші септік жалғауы болып қалған.
Тіл дамуында кейбір жекелеген сөздер құрамындағы аталған форма 
тұтастай сөз түрлендіруші барыс септігі қызметінен айырыла бастаған. Оған 
себеп, осы формалармен сақталатын бірқатар сөздер сол кездің өзінде-ақ 
лексикаланып,  өзге  сөз  табы  қатарына  ауыса  бастаған.  Осындай  тілдік 
заңдылықтарға сай құранды барыс септігі біртіндеп қолданыстан шығып, ал 
бірқатарлары жекелеген сөздер құрамында «өлі» элемент, көнеленген форма» 
ретінде сақталған.
Зерттеліп отырған құранды -гару, -геру, -кару, -керу формаларының 
екінші, негізгі қызметінің ерекшелігіне тоқталайық. Қолданылу аясына сай 
грамматикалық  мағыналарының  түрлі  болып  келуі  жалғаулардың  даму 
заңдылығын көрсетеді.  
Енді барыс жалғаулы зат есімдердің адвербиалдануына дәлел ретінде 
көне түркі ескерткіштерінен мысалдар келтірейік: 
Ілгерү Қадырқан йышқа тегі, керү Темір қапығқа тегі қонтурмыс. Ілгері 
қадырқан қойнауына дейін, керү Темір қақпаға дейін жайлаған («Күлтегін» 
жазуынан). Қаным Елтеріс қағанығ өгім Ебінге қатун теңрі төтесінше тутуп 
йөгерү көтүрміс ерінг. «Әкем Елтіріс қағанды, шешем (анам) Ебілге қатынды 
тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен».
Айғақ ретінде аталған сөйлемдегі ілгерү, көрү, йоқары сөздері барыс 
жалғауының  грамматикалық  мәнін  емес,  адвербиалданып,  үстеуге  тән  
мекендік мағынаны білдіріп тұр. Бұған қарап, үстеулер көне түркі дәуіріне 
дейін-ақ  адвербиализация процесінің нәтижесінде басқа сөз таптарынан 

Вестник ПГУ №4, 2010
30
ауысып келген сөздердің есебінен толыққан, грамматикалық мағынасы мен 
қызметі айқындалған, дербес грамматикалық категория болып қалыптасқан 
деген қорытынды жасауға болады. 
Барыс жалғаулы зат есімдердің де адвербиалданып, үстеулер қатарына 
ауысуының, біздіңше, екі түрлі себебі бар. Бірінші себеп, әрине, ол-үстеулерге 
деген  қоғамдық-әлеуметтік  сұраныс,  екінші  себеп  осы  бірінші  себептен 
туындайтын тілдік себеп. Тілдік себеп өз кезегінде синтаксистік қолданысты 
тудырады. Тілдік қажеттілікті өтеу мақсатында тілде дайын күйінде тұрған 
үстеу сөздер жоқ болғандықтан семантикалық мәні жағынан жақындығы бар 
өзге сөз таптарына жататын сөздер үстеу қызметін атқара бастайды. Уақыт 
өте  келе  үстеулерге  тиесілі  пысықтауыш  қызметінде  ұдайы  әрі  тұрақты 
қолданылған  барыс  жалғаулы  сөздер  сол  функцияда  әбден  тұрақталып, 
бұрынғы  грамматикалық  мәнінен  біржола  айрылып,  үстеулер  тобына 
түпкілікті ауысады. Тілдің даму барысында түбір мен қосымша бір-біріне  
сіңісіп, әбден көнеленіп, бөліп жаруға келмейтін біртұтас тұлғаға айналады. 
Түбірге қосылған форма онымен сіңісіп, дерексізденіп, бірте-бірте көнеленеді. 
Әлбетте, түбір мен форманың мағыналық жақтан сіңісіп, бір бүтінге айналуы 
сөздің ішкі қабаттарында жүріп жатады. Ал сөздің сыртқы қабығы болып 
саналатын дыбыстық құрылым (не дыбыстық комплекс (бастапқы кезде) 
өзінің сыртқы пішінін біраз уақыт сақтағанымен, тілдің даму барысында ол 
да өзгеріссіз қала алмайды. Тілге әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың 
әсерінен олар да дыбысталу қалпын өзгертіп, бір формадан  екінші формаға 
ауысып отырады. 
Түбір  мен  форманың,  жалпы  сөздің  дыбысталу  қалпын  өзгертіп, 
басқаша  сипатталуына  әсер  ететін  ішкі  факторларға  дауысты  және 
дауыссыз  дыбыстар  жүйесінің  дамуы,  тілде  пайда  болған  түрлі 
фонетикалық құбылыстар мен заңдар, фонемалардың бір-біріне ықпалы 
сықылды факторлар жатса, сыртқы әсерлерге қоғамдық-әлеуметтік өмірде 
үздіксіз болып жатқан түрлі өзгерістер, жаңалықтар, шет мемлекеттермен 
арада  болатын  сауда-саттық,  экономикалық  байланыстар  арқылы  өзге 
тілдерден енген сөздермен бірге келген кірме дыбыстар жатады. Осындай 
тілдің дамуына тікелей немесе жанама түрде әсер ететін ішкі және сыртқы 
факторлардың әсерінен сөздің ішкі мазмұнымен қатар сыртқы формасы 
да  өзгеріп,  түрленіп  отырады.  Сөзімізге  дәлел  ретінде  Орхон-Енисей 
жазбаларында  ұшырайтын  йоқары  сөзін  алайық.  Бұл  сөз  қазіргі  түркі 
тілдерінің  көпшілігінде  жоғары  түрінде  айтылатыны  белгілі.  Әрине, 
бұл  лексеманың  қазіргі  кезде  ішкі  мағыналарында  айырмашылық  жоқ 
болғанымен,  сыртқы  түр-тұрпаттарында  өзгешеліктер  бар  екені  көзге 
бірден шалынады. Көне түркілік дәуірде йоқары сөзінің дамуында, оның 
фонетикалық  сипатын  өзгертуде  ішкі  факторлардың  ерекше  ықпалы 
болғаны  байқалады.  Сөз  басында  айтылатын  й  дыбысының  тіл  дамуы 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
31
барысында ең жаңа түркі тілдерінде (соның бірі-қазақ тілі) ж фонемасына 
айналғаны  белгілі.  Ал,  сөз  ортасындағы  қатаң  қ  дыбысының  ұяң  ғ 
дыбысына айналуы түркі тілдерінің дамуының орта ғасырлық дәуірінен 
қалыптасқан сингармонизм заңының әсерінен болған құбылыс.
Бұл сөз, қорыта айтқанда, тарихи-диахрондық тұрғыдан қарастырғанда 
ғана барыс септігінің формасы деп танылады. Ал, тілдің қазіргі қалпы немесе 
синхрондық  күйі  жағынан  аталған  тұлға  қосымша  қасиетінен  айрылған,  
көнеленген форма, болмаса лексикаланған морфема болып танылады.
әдебиеттер
1.  В.М.  Жирмунский.  О  природе  частей  речи  и  их  классификаций.  
В сб.: «Вопросы теорий частей речи». - Ленинград, 1968.
2. А.А. Потебня. Из записок по русской грамматике. - Харьков, 1966.
3. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы: «Санат», 1993.
4. Н.М. Шанский. Очерки по русскому словообразованию. Изд. МГУ, 
1968.
5. В.М. Насилов. Глагольные имена и их развитие в тюркских языках. 
В сб.: «Вопросы тюркской филологии». Изд. МГУ, 1960.
Резюме
В  статье  рассматриваются  адвербализационные  падежные 
формы в казахском языке.
Resume
The article considers adverbialized  case forms in the Kazakh lan-
guage.
ӘОЖ 81
ЛАКУНА БОЙЫНДАҒЫ УӘЖДІЛІК ҚЫЗМЕТ
М.Б. Аманжолова
С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті
Әр  түрлі  ұжым  бір  затты  өзінің  күнделікті  тәжірибесінде  кездесеп 
қолданылатын  жағынан  танып  оны  өзіне  таныс  құбылыстармен 
байланыстыратыны  белгілі.  Яғни  ат  қоюда  өмір  шындығы  мен  тұрмыс 
болмысы тіл фактілеріне айналып халықтың таным түсінігі атауыштық мәнде 
сөзбен бейнеленеді. Осының негізінде сол затты танып біліп басқалардан 
ерекшелігін анықтағаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажыратқыш белгілер 
әр түрлі болуы мүмкін. Тіл білімінде ол белгілерді уәж деп атайды [1].

Вестник ПГУ №4, 2010
32
Жалпы тіл білімінде уәжділік мәселесі В. Фон. Гумбольдтан бастау 
алып, Ф де Соссюр, Б. Уорф, А.А. Потебня теорияларында сөз болады. Кейін 
жеке  ғылым  саласы  ретінде  В.В.  Виноградов,  И.С.  Торопцев,  В.Г.  Гак,  
Е.С. Кубрякова, Н.М. Шанский, т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылды. 
Ал,  қазақ  тіл  білімінде  уәж-уәжділік  туралы  Ә.  Қайдар,  Е.  Жанпейісов, 
М.М.  Копыленко,  К.Ш.  Хұсайын,  Б.  Қалиев,  Н.  Уәли,  Р.М.  Гинатуллин, 
Г. Смағұлова, Ж. Манкеева, Б. Қасым, Ұ. Әділбаева, Ж. Акимишова, т.б. 
ғалымдар зерттеулерінде анықталады. 
Қазақ  тіл  біліміндегі  уәжтаным  теориясына  елеулі  үлес  қосқан  
Б. Қасымның тұжырымдамаларын келтірсек: Аталым үрдісінде екі кезеңді 
бөліп көрсетуге болады. Біріншісі – жасалымның негізі болатын уәжділік 
белгіні таңдау, екіншісі – сол уәжділік белгінің негізінде тілдік тұлғаны 
таңдау. Аталым үрдісінде негізгі нысандағы көңіл бөлінген басты белгі, 
сол заттың атауы болып қалыптасады. Тіл білімінде аталым мен уәждеме 
мәселесін  бір-бірімен  тығыз  байланысты  қарастырады.  Уәждеме  бар 
жерде  аталым  жасалады.  Уәждеме  –  шындық  болмыстағы  заттар  мен 
құбылыстарды  жаңа  атауға  қажетті  негіз  болатын  тілдік  бірліктер.  Бұл 
жерде  уәждеме  бар  жерде  аталым  жасалады  десек,  онда  лакуна  бірлігі 
уәждемеге тікелей қатысты болар. Сондай-ақ Б. Қасымның келтіруінше, 
номинацияның бір саласы ретінде уәжтаным (мотивология) - өз нысанын, 
негізі  болып  әдісін,  мақсаты  мен  міндетін  айқындау  жоландағы  сала. 
Уәжтаным – номинацияда лексемаларды бөлшектенбейтін бірлік ретінде 
қарастырса,  ал  сөзжасамда  –  туынды  сөздердің  мағыналық  құрылымын 
құрастырушы  бірліктері,  лексеманың  мағыналық  құрылымын  жасаушы 
негіздері тұрғысынан айқындалады. Сондықтан, уәждеме – туынды атаудың 
мағыналық құрылымын сипаттаушы құбылыс ретінде түсініледі [2]. 
Р. М. Гинатуллин пікірінше «зат пен құбылыс атауларының уәжін зертеу 
ерекшелігі біржақты лингвистикалық тәсілден гөрі жан-жақты терең білімді 
талап етеді». Уәжділік заттық белгіні тіл құралдары арқылы атауынан көрініс 
табатын тілдік құбылыс. Уәждеме гомогенді уәждер тобын түсіндіретін ұғым. 
Уәж нақты уәждемеге ауысады [3].
М.М. Копыленко пайымдауынша «Если этимология является надежным 
инструментом  изучение  взаимоотношение  народов  –  носителей  древних 
языков и историй их материальной культуры, то мотивология незаменима 
при исследований их воззрений, психологий, духовной жизни» [4].
Демек, кез келген заттың атауын анықтау, оның сондай атқа таңылу, 
таңбалану  себептерін,  негіздерін  айқындау  жолдарын  ғылыми  негізде 
қарастыру бірнеше ғалымдардың зерттеу нысаны болғанымен әр ғалым әр 
тарапта түсіндіруге тырысқаны байқалады.
Б.  Қасым:  «Тіл  біліміндегі  уәждеме  теориясының  аталым  процесі 
табиғатын ашудағы маңызына соңғы кездерде баса назар аударыла бастады. 

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
33
Ішкі мағыналық құрылым – уәждемеге таңдалған белгінің тілдік бейнесі 
ішкі мағыналық құрылымда уәждеме процесі негізінде таңдалған белгілер, 
тілдік құралдар арқылы бейнеленеді. Ішкі мағыналық құрылымның ұғымды 
бейнелеуіш сипаты аталымдардың уәжділік дәрежелерін анықтауға көмекке 
келеді» деп тұжырымдайды [2].
И.С. Торопцев: «Уәжділік мазмұндық және заттық жағынан екі жақты 
көрініс табады. Мазмұндық көрініс – лексикалық бірліктің мағынасында 
жалпы және ұқсас белгілер мен сөзжасамдық байланыс арқылы анықталса, 
заттық көрініс олардың дыбыстық сыртқы қабатына сәйкес келеді немесе 
жалпылық қасиетке ие болады. Уәжділіктің түрлерін ұқсату, белгі, мазмұн 
ерекшеліктеріне қарай бөлуге болады» [5].
В.Г.  Гак:  «Фонетикалық  уәждеме  –  абсолюттік,  ал  қалған  түрлері 
қатыстық уәждеме болады» [6, 52б].
К.Ш. Хұсайынов өз монографиясында уәжділікті дыбыс бейнелеуіштік 
және  дыбыс  еліктеуіштік  жағынан  зерттей  келіп  былай  дейді:  «В 
лингвистическом  плане  под  мотивированностью  слова  понимается 
закономерная  историческая  обусловленность  его  значения  в  момент 
наименования или на определенном этапе его эволюции формой или значение 
исходного слова» [7].
Ж.  Манкеева:  «лингвистикалық  тұрғыдан  сөздің  уәжділігі  –  оның 
атау сәтіндегі мағынасымен тарихи байланысты» деп пайымдай келе, тіл 
біліміндегі уәжділіктің үш түрін келтіреді. Олар: 
1. дыбыстық уәж; 
2. морфологиялық уәж
3. семантикалық уәж; 
Семантикалық  уәж  –  номинациялық  қағиданың  дыбыстық  және 
морфологиялық  уәждерімен  тығыз  байланысты  өзекті  бөлігі  ретінде 
анықталады [8, 239 б].
Байқап қарасақ, зат атауының уәжін анықтау лингвистикалық жолмен 
де, одан тыс адамның дүниетанымына тікелей тәуелді психикалық қабылдау 
қасиеттеріне де қатыстылығы бар екені аңғарылды. 
Белгілі бір уәжге байланысты қойылған атаулар халықтың мәдениетінің 
психологиясының дүниетанымының көрінісі. Ғалымдардың уәжділік мәселесіне 
қатысты  анықтаған  зерттеулерін  сараптай  келгенде  атаудың  қалыптасу 
формасы екі парадигмада өрбиді. Бірі, лингвистикалық форма: фонетикалық, 
морфологиялық, синтаксистік, семантикалық жасалу ерекшеліктеріне қарай 
заттың атауы пайда болады екен; Екіншісі, экстралингвистикалық парадигма: 
атау берілетін зат не құбылыстың түр-түсі, сипаты, көлемі, қызметі, қимыл-
қозғалысы, қолданылатын орны, географиялық тұрағы, жеке қасиеті, көзге 
ерекше түскен өзгешелігі, даусы, өзге зат не құбылыстардан ажыратылатын 
айырмашылығы, басқа бір дүниеге ұқсастығы, теңелуі (теңестірілуі) сияқты 

Вестник ПГУ №4, 2010
34
белгілері арқылы атауыш мәнге ие болады. Бұл жерде экстралингвистикалық 
тану  белгілері  яғни,  затты  көру,  есту,  сипап  сезу,  дәмін  тату,  қолдану 
арқылы қабылдау нәтижесінде заттың өзіне тән таңбалануға бейім тұратын 
доминанттық ерекшелігін айқындауға негіз болады. Соған сүйене отырып, 
лингвистикалық формада (фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік) сол 
заттың атауы (номинациясы) пайда болады. 
Ұ. Әділбек ішкі форма мәселесі туралы жан-жақты талдай келе оның 
мынадай  анықтамаларын  ұсынады:  «ішкі  форма  –  ономасиологияның 
сипаттамсы;  Атаудың  негізін  қалаушы  бейне,  ол  номинация  актісі  мен 
обьективті  және  субьективті  байланыста  болады;  ішкі  формада  жуық 
этимологиялық мағына болады; ішкі форма – мазмұнның тілдегі көрінісі; 
ол проблемасы жағынан этимологиядан да кең; ішкі форма – синхорнды 
құбылыс; ішкі форма – жай сөздерде лексикалық мағынаға бағытталған; 
ішкі форма – түбір сөздерде бейне, белгі ретінде лексикалық мағынасында 
көрініс табады; ішкі форма – адам есінде қалған сөздердің бейнесі; ішкі 
форма – адамға таныс емес сөздерде болмайды; ішкі форма – уәжділіктің 
негізі; ішкі форма – уәжділіктің сандық және сапалық сипаты; ішкі форма кез 
келген лексикалық бірлікке тән; ішкі форма – сөздің уәжін табуға көмектеседі; 
ішкі форма уәжділікпен қарым-қатынаста; ішкі форма – тілдік бірліктердің 
этимологиялық мағынасын ашушы; ішкі форма – тұрақты [9, 21б].
Зерттеуші Ә. Алмауытова киім атауларының мынадай уәжділік түрлерін 
анықтап береді:
1 жасалу материалына байланысты уәжділік;
2 формасына (пішініне) байланысты уәжділік;
3 жасалу технологиясына байланысты уәжділік;
4 әлеуметтік мәніне байланысты уәжділік;
5 этномәдени ерекшелігіне байланысты уәжділік;
6 түсіне байланысты уәжділік;
7 қызметіне байланысты уәжділік;
8 көлеміне байланысты уәжділік [10, 18-19 б].
Айталық,  аяқ  киімнің  бір  түріне  жататын  кебісті  алсақ.  Жасалу 
материалына  сәйкес  көксауыр,  пішіні  жағынан  шолақ  бас,  жасалу 
технологиясына  байлнысты  алтынды  кебіс,  қызметі  жағынан  (аяқ  киім) 
жүрдек  т.б.  түрлері  бар,  әлеуметтік  уәжі  тұрғысынан  жас  ерекшелігіне, 
жынысына байланысты болып келеді [10, 29 б]. Көріп отырғанымыздай, 
кебісті  талдай  келгенде,  жан-жақты  уәжі  шығады.  Сондай-ақ  киім 
атауларындағы  әлеуметтік  уәжділікке  байланысты  мынадай  деректер 
келтіруге болады. Қазақ киімдері адамның қоғамдағы әлеуметтік мәніне 
байланысты  өз  дәрежесінде  қызмет  атқарып  отырды.  Яғни  әлеуметтік 
топтардың киім үлгісінде өзара ерекшеліктер болды. Қазақы киім – өзіне тән 
ерекшеліктерін сақтап бізге жеткен заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
35
бір көрінісі, – дейді Ө. Жәнібеков [11, 20 б]. Осымен байланысты қоғамдағы 
материалдық құндылықтардың бірі болып саналатын киім-кешек түрлері 
ұлттық мәдениеттің жарқын көрінісі [10, 50 б].
Бір ғана «жыға» сөзін алсақ, оны хандар, атақты батырлар алтынды 
«жыға» таққан. Бұл әлеуметтік уәжділікті білдіріп тұр. 
Антропоцентристік бағытта зерттеудің негізі адам санасында жинақталған 
ақпараттың тіл арқылы жарық көруін қарастыруға барып тіреледі. Сондықтан 
тіл  білімінде  басты  зерттеу  нысан  тіл  бірліктері  болғандықтан,  тілдің 
өз ішіндегі емес, сол тілдің мазмұн, мәніне сай жинақталған жан-жақты 
мағыналар мен білім көздерін, ауыс мәндері мен коннотаттық мәндерін, 
ассоциативтік, стереотиптік, символдық, бейнелік мазмұндарын айқындайтын 
концепт ретінде қарастыру адамның сол тіл арқылы айтқысы келген ішкі 
ойын, ақиқат дүниесін анықтауға болады.
Лакуналардың өзі ұлттық-мәдени концептілердің негізін құрай алады. 
Бірақ  оның  ішкі  концептуалдық  құрылымы  ассоциативтік,  стереотиптік, 
символдық  уәждерге  сай  айқындалады.  Мәселен,  «қарқара»  баскиімі 
өзге тілдер үшін лакуна болғанымен, оның осылайша аталу уәжі сыртқы 
пішінінің тау қарқарасына ұқсау ассоциациясы арқылы туындаған. Сондай-
ақ бұл баскиімнің өзіндік дәрежесі, санаты, мәртебесі, киелілігі мен халық 
танымындағы  ерекше  қасиеттері  концептілік  құрылымдардың  әрбір 
перифериясын толықтырып отырады. Сондықтан ұлттық-мәдени мазұнға 
негізделген уәжі бар лакуналардың өзі мәдени концепт бола алады. 
Қазақ  лингвистикасындағы  тілтаным  теориясы  ХХ  ғасырдың  аяқ 
шеніндегі когнитивтік тіл білімі  ережелерімен, оның ұғымдық бірліктерімен 
шебер үйлесе отырып, тың бағыттың аса құнды бастамасы деп есептеледі, ал 
оның  ғылыми негізі жалпы лингвистикалық теориялардың құрамдас бөлігі 
ретінде танылады [12]. 
Ал  енді  қазақ  тіл  біліміндегі  концепт  мәселесіне  келетін  болсақ,  
ХХІ ғасырдың басында Г. Гиздатов, С. Сүгірбекова, Г. Иргебаева, Э.Р. Когай, 
Г. Снасапова, М. Күштаева, тағы басқалар концептіге жалпы сипаттама 
бере отырып, қандай ұғымдар концепт бола алатыны туралы сөз қозғады. 
Одан кейінгі жаңа бағытты зерттеушілер легі Н. Оразалиева, А. Әмірбекова,  
Б. Тілеубердиев, т.б. концептілердің түрлерін ажыратып, қазақ когнитивтік 
тіл білімінің негізгі зерттеу нысандары мен мақсат-міндеттерін айқындап 
берді, концептуалдық талдау үлгілерін ұсынды.
«Қазақ  тіл  біліміне  концептілік  зерттеулердің  келуіне  жалпы  тіл 
біліміндегі объективті себептер, когнитивті революцияның ықпалымен қатар. 
Қазақстан өміріндегі өзгерістер де себепкер болды. 
Дегенмен де жалпы тіл білімінде ХХ ғасырда пайда болған «концепт» 
ұғымы туралы деректер орыс және шетел тіл білімі арқылы келіп жетті. Бұл 
мәселенің негізін салушы, бастаушысы ретінде В. Кубрякова, А. Арутюнова, 

Вестник ПГУ №4, 2010
36
В. Маслова, Б. Бабушкин, Н. Никитин, В. Телия, А. Аскольдов-Алексеев,  
Ю. Степанов сияқты ғалымдар тұрғаны белгілі. 
В. Виноградов зерттеулерінде концепт сөз мағынасы ұғым белгілермен 
сәйкестендіріліп, «ақиқаттың үзігі» формасында танылған. Г.В. Колшанский, 
Б.А.  Серебренниковтердің  зерттеулерінде  де  сөз  мағынасын  санадағы 
мазмұнның  бейнеленуімен  таныту  басым  көрінеді.  Демек  сөз  мағынасы  
санадағы ұғымның мазмұнына қызмет етеді. Сөз мағынасын сана әрекеті 
арқылы танылатын, ойлау субстратының бір элементі деп тануға болады.
Концептіге талдау жасауда Е.С. Кубрякова психологиядағы сенсорлы-
перцептивті әрекеттерді айқындайтын фигура-фон ұғымының когнитивтік 
лингвистикада қолданылуын қолдайды. Ғалым пікірінше, егер тіл дүниенің 
ерекше белгілерін бейнелеп түсіндірсе, онда бақылаушы позициядағы таным 
тілдегі концептілерде бекітілген жалпы субъективті танымға сәйкес келеді. 
А. Вежбицкаяның анықтамасы бойынша, концепт – бұл ақиқат әлемі 
туралы адамның мәдени-шартты түсінігін бейнелейтін «идеалды әлемнің 
объектісі».
Д.С. Лихачев концепт деп адам өзінің жазба тіліне сүйенетін әлде бір 
алгебралық мағыналарды танитын ұғымды танытады. 
Р.М.  Фрумкина  концептіні  мәдени  категориялардың  әсерінен  туған 
вербалды ұғым ретінде түсінеді. 
В.Н. Телияның пікірінше, концепт – бұл адамзаттың ақыл-ой жемісі 
және ондағы құбылыстар мен болмыстар идеалды. Ол тек тілге ғана емес, 
адам санасына тікелей қатысты. 
Демек, концепт дегеніміз тілдің бойында жинақталған, сол тілдің мазмұн 
мәнімен берілетін ақиқат дүниенің жан-жақты көрінісі. Біздің зерттеуімізде 
ұлттық мәдени мәні мен мағынасы жағынан ерекше ақиқат дүние ретінде ұлт 
санасында танылған тіл бірліктері концепт бола алады. Ал сол концептілердің 
атауы ұлттық мәдени мазмұнға, ұлттық салт-дәстүр мен ырым-тыйымға, 
наным-сенімге негізделетін болса, ол концепт лакуна ретінде де таныла алады. 
Сондықтан біздің зерттеуіміздегі ұғымдық мәні жағынан ұлттық-мәдени 
мазмұнымен концепт атануға лайықты болған лакуналар тек оның уәждену 
құбылысына негізделеді екен. Демек, концепт бола алатын лакуналар мынадай 
иерархиялық қалыптану процесінен өту қажет: Ұлттық-мәдени болмыс → 
Ұлттық ассоциативтік уәж → Лакуна → Концепт
Демек, ұлттық мәдени құндылықтарды концепт ретінде қарай отырып, 
оның лакундық ерекшелігі арқылы, лакуна болудағы уәжін анықтау арқылы 
сол концептінің ішкі ақиқат дүниесіне де толық үңілеуге болады екен. 
әдебиеттер
1. Кубрякова Е.С. Номинативный аспект речевой деятельности. - Москва, 
1986.

серия 
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет