Филологическая серия



жүктеу 3.54 Mb.
Pdf просмотр
бет14/28
Дата12.02.2017
өлшемі3.54 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28

130
131
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
3. термин – белгілі бір терминологияның мүшесі (А. А. Реформатский);
4. термин деген – ұғым аты;
5. терминнің міндетті түрде дифинициясы болады;
6. терминдердің негізгі басым бөлігі жалпы есімдер, сөз табына қатысы 
жағынан зат есімдер болады;
7.  терминдер  атауыштық  қызмет  атқарып,  негізінен  ғылым  тілінде, 
арнаулы сала шеңберінде қолданылады [5,7].
Терминологияны жетілдіруде термин жасау қағидаттарын саралап алу 
керек. А. Байтұрсынұлы қазақ терминологиясын қалыптастыру мен дамытуда 
үлес қосушы, терминологияның алғашқы ғылыми қағидаттарын жасаушы 
болды. Ғалымның ең басты ұстанған қағидаты – қазақ тілінің өз мүмкіндігін 
толық пайдалану. А. Байтұрсынұлы терминжасамда бірнеше принциптерді 
басшылыққа алғандығын байқау қиын емес:
1.  терминдер  ұлт  тілінің  негізінде  жасалып,  ұлттық  танымдық 
құбылыстармен сәйкес келуі;
2. терминдер оқырманға түсінікті және пәннің ғылыми категориясы 
мүмкіндігін көтеруі;
3. шет тілдерінен енген терминдерді ұлт тіліндегі баламасы табылмаған 
жағдайда сол қалпында қолдану және шетел терминдерін қолдану үстінде 
барынша анықтамалар арқылы түсіндіру;
4. терминжасамдағы бірізділіктің сақталуы, т.б.
А. Қайдаров «Қазақ тілі терминологиясына жаңаша көзқарас» еңбегінде 
термин түзудің 11 қағидатын төмендегідей санамалап көрсетеді:
1  принцип:  Егеменді  ел,  тәуелсіз  мемлекеттің  басты  белгілерінің 
(атрибуттарының) бірі – мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің бірі 
– терминологияны жан-жақты дамытуға, реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен 
қолдануға сол мемлекеттің өзі қамқорлық жасауы керек. 
2 принцип: Қазақ тілі терминологиясының жақсы дәстүрлерін жалғастыра, 
өскелең өмірдің биік талап-талғамына сай жүз беріп отырған бұқаралық 
үрдістің тіл үшін тиімді де қажетті жақтарын саналы түрде пайдалану. 
3  принцип:  Салалық  терминдер  мен  атауларды  жаңадан  жасауда, 
өзгертуде,  ауыстыруда  ең  алдымен  қазақ  тілінің  төл  және  бұрыннан 
қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану. 
4  принцип  (қазақ  терминологиясы  үшін  жаңа  бағыт):  Термин 
шығармашылығында  бұдан  кейін  туысқан  түркі  тілдерінің  (әсіресе 
терминология  дәстүріне  бай  жазба  тілдердің)  озық  тәжірибиелерінен, 
терминдік өрнек-үлгілерінен, оңтайлы да үйлесімді сөз жасау модельдерінен 
мүмкіндігіне қарай пайдалану. 
5  принцип  (бұрынғы  принциптің  жаңаша  баяндалуы):  Тіліміз  үшін 
қажет, бірақ дәл баламасы жоқ, аударуға келе бермейтін интернационалдық 
терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау. 
6  принцип:  Орыс  тілінен  (жалпы  славян  тілдерінен)  енген 
терминдік  атауларды  мүмкін  болғанынша  қазақшаға  аударып  қолдану; 
аударуға  келмейтіндерін  бұрынғыдай  сол  қалпында  емес,  қазақ  тілінің 
фономорфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау. 
7 принцип   (қысқартылған терминдер мен атаулар жайында): Салалық 
күрделі терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз негізінде алғашқы әріптері 
мен буындары бойынша (сөз араластырып та) кеңестік интернационалдық 
термин-атаулардың үлгісімен қысқартып қолдануды заңдастыру. 
8 принцип: Күн санап толассыз туындап жатқан терминдік ұғымдарға 
тілімізден дәл балама іздеуде де, термин-атауларды жаңадан жасауда да 
жалпы терминдерге тән талаптарды сақтай отыра, дәстүр мен шарттылық 
заңдылығын мойындау. 
9  принцип:  Тілімізге  қабылданатын  терминдер  мен  атаулардың 
мағыналық, тұлғалық жағынан жақындарын өзара топтастырып, салыстыра 
отырып, лексикалық байлығымызды салалық жүйе бойынша жіктеп, саралап 
пайдалану. 
10  принцип:  Тіліміздегі  ұлттық  және  интернационалдық  термин-
атаулардың сандық және сапалық ара салмағын табиғи қалыпта сақтаудың 
жолдарын іздестіру. 
11 принцип: Терминдер мен атауларының емлесін тіл заңына, жазу 
дәстүріне сәйкес реттеу қажет деп санамалап көрсетіп береді [4]. 
Қазіргі  қазақ  тілі  терминологиясы  жылдан-жылға  дамуының 
нәтижесінде күрделене түскен. Дегенмен, ғалымдар арасында екі түрлі пікір 
бар. Бірі – термин атаулының бәрін ұлт тіліне аудару қажет десе, екіншісі 
– халықаралық терминдерді аудармай, сол қалпында қабылдауды ұсынады.
Терминология  саласында  жоғарыда  көрсетілген  принциптерді 
басшылыққа алудың маңызы зор. Аталған принциптердің негізінде ғылым 
тілін ұлт тілінде жасауға болады. Терминдік жүйеде бұрыннан қалыптасып, 
тілде  кең  орын  алған  халықаралық  терминдер  саны  лингвистикалық 
терминдер арасында да басым. Алайда олардың барлығын аударма тәсілі 
арқылы  ұлт  тіліне  бейімдеудің  өзінде  шарттылықтың  болғаны  дұрыс. 
Халықаралық терминдік бірліктерді жаппай аудару керек емес. Өйткені 
әлемдік  лингвистиканың  деңгейіне  қазақ  тіл  білімін  көтеретін  болсақ, 
халықаралық терминдердің де қолданыста жүруін заңды деп тану қажет.
Ө.  Айтбаев  қазақ  тілінде  терминдік  қорды  жетілдірудің  негізгі  
3 бағытын көрсетеді: 1) өз сөздік құрамымыздың ішкі мүмкіндігін сарқа 
пайдалана алатын ұлттық тіл жасау; 2) дайын терминдер беретін немесе 
калькалау тәсілін ұсынатын орыс тілін пайдалану; 3) дайын күйінде термин 
беретін немесе калькалау тәсіліне ерік беретін халықаралық терминдерді, 
орыс тілі немесе өзге тілдер арқылы енген кірме терминдерді пайдалану 
[1,153]. А. А. Реформатский терминдердің экспрессивті мағынасынан қашу 

132
133
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
үшін  терминге  қойылатын  талаптарды  сақтай  отырып,  терминдерді  дәл 
тұлғасымен беріп, нақтылай түсу үшін мүмкіндігінше интернационалдық 
терминдер болып саналатын грек, латын тілдерінің материалдарын көбірек 
пайдаланып, термин ретінде қалыптастыру қолайлы деген тұжырым айтады 
[7, 46].
Ғалым Н.Сауранбаев қазақ тілінің терминжасамының өнімді жолдары 
ретінде екі тәсілді көрсетеді: «біріншісі – сөзбе-сөз аудару, екіншісі – сөздің 
немесе сөз тіркесінің мазмұнын ғана қазақшалау» [6,66]. 
Лингвистикалық  терминдердің  жасалуына  қатысты  отандық  және 
шетелдік  ғалымдардың  пікір-көзқарастарын  қорытындылай  келе, 
лингвистикалық терминдер табиғатына тән мынадай негізгі белгілерді атап, 
тұжырым жасауға болады. Сонымен лингвистикалық терминдер:
– тілдегі терминологиялық қордың бір бөлігі;
– лингвистика ғылымының әлеуетін көрсететін бірлік;
– құрамы түбір, туынды, күрделі (тіркесті) тұлғалар арқылы жасалады;
– тіл білімінің негізгі терминологиялық жүйесін құрайды;
– сан жағынан шектеулі;
–  мағынасы  сала  мамандарымен  қатар,  көпшілікке  түсінікті 
жалпыхалықтық сипатқа ие;
– қолданылу жиілігі жоғары [2]. 
Алаш зиялыларының да терминологияға қосқан үлесі зор. 1912-1925 
жылдары, айналдырған 10-15 жылдың аралығында, қазақ зиялылары қазақ 
тілінің ұлттық терминологиясын қалыптастырды деуге болады. Бұған дәлел 
–  барлық  салалардағы  сол  зиялылар  қалыптастырған  терминологияның 
95-98  пайызы  ұлттық  терминдер  болды,  қалған  аз  ғана  бөлшегі  –  кірме 
сөздер.  Ахмет  Байтұрсынұлының  1912  жылы  жарық  көрген  «Оқу 
құралындағы» терминдер үлгісімен Елдес Омаров – геометрия саласында, 
Халел  Досмұхамедов  –  медицина  мен  биология  саласында,  Мағжан 
Жұмабаев – педагогика, Жүсіпбек Аймауытов – психология, Қаныш Сәтпаев 
алгебра  саласында  терминдер  жасады.  Мысалы,  Ахмет  Байтұрсынұлы 
қалыптастырған «одағай сөз» терминін Елдес Омаровтың геометриялық 
терминдері арасынан кездестіруге болады, онда «одағай сан» деген термин 
болған, алайда бұл қазір қолданылмайды. 
А.  Байтұрсынұлының  1912  жылы  жарық  көрген  «Оқу  құралының» 
өзінен  буын,  дыбыс,  нүкте,  дауысты  дыбыстар,  жарты  дауысты  дыбыс, 
дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп (әріп) сияқты терминдерді кезіктіруге 
болады. Ал 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға 
дейін  бірнеше  дүркін  басылып  тұрған  «Тіл  құрал»  оқулығында  бүгінгі 
күнге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беруге тиіс зат есім, сын 
есім,  сан  есім,  есімдік,  етістік,  үстеу,  қосымша,  жалғау,  жұрнақ  сияқты 
жүздеген  терминдер  кездеседі.  Ғалым  әдебиеттану  терминдерін  жасай 
отырып,  олардың  ғылыми  терминге  тән  анықтамасын  беріп  отырған. 
Мысалы, «Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз 
өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ 
дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ 
дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының 
арасы. Бунақ ішінде буын болады» (Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш//  
А. Байтұрсынов шығармалары. – Алматы, 1989. – 192 б.) Бұл мысалда, ғалым 
біріншіден, өлеңнің құрылым-құрылысын (түр-тұрпатын – А. Б.) анықтаған, 
екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, басты белгісін, іргелес өзге 
ұғымдардан айырмасын көрсететін анықтама берген. Яғни әрбір ұғымның 
мазмұны мен көлемін анықтаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын 
(айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің 
жүйелілік ерекшелігін ескере отырып, жалпы қолданыстағы бір үлгімен 
жасалған  (модель)  сөздерді  термин  ретінде  пайдаланған;  бесіншіден, 
ғылыми  ұғымдардың  арасындағы  жүйелілік  құрылымдық  байланысты 
көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшықтың – шумақтан, шумақтың – тармақтан, 
тармақтың – бунақтан, ал бунақтың – буыннан құралатындығын сатылай 
көрсету арқылы ұғымның микрожүйесінің өзіндік табиғатын танытқан. Бұдан 
ғалымның өзі зерттеп отырған ғылым саласындағы ұғымдар жүйесінің ішкі 
байланысы мен ерекшелігін терең білумен бірге, оларды таңбалауда тілді 
өте шебер пайдалана алғандығы анық көрініп тұр. «Әдебиет танытқыштан» 
мұндай  мысалдарды  әлі  де  көптеп  келтіре  беруге  болады.  Ғалым  қазақ 
тілін оқыту әдістемесінің де негізін қалаушы ретінде бұл салаға қатысты 
көптеген  терминдерді  жасаған:  әдіс,  әдісқой,  сауаттау  әдісі,  жалқылау 
әдісі,  жалпылау  әдіс,  жалқылау-жалпылау  әдіс.  А.  Байтұрсынұлының 
қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар, ол тәсілдерді термин 
жасауда  пайдаланудың  жарқын  үлгісін  көрсеткендігін  оның  қаламынан 
туындаған жүздеген терминдері дәлелдейді. Мәселен, ғалымның жұрнақ, 
жалғау, буын, шумақ, тармақ, рай, мүше, әдіс, т.б. осылар сияқты терминдері 
семантикалық  тәсілмен,  жақша,  сызықша,  көсемше,  есімше,  дәйекші, 
буыншы, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, 
әуреленіс, күліс, әлектеніс, әліптеме, зауықтама, мазмұндама, ермектеме, 
қорытпа, ұсынба, сұқтаныс, азаптаныс, жалғаулық, есімдік тәрізді көптеген 
тер миндері морфологиялық тәсілмен, ал дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс, 
қатаң  дыбыс,  ұяң  дыбыс,  түбір  сөз,  туынды  сөз,  қос  сөз,  қаратпа  сөз, 
қыстырма сөз, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын пысықтауыш, 
тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, жалаң 
сөйлем, жайылма сөйлем, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем, толымды 
сөйлем сынды терминдер тобы синтаксистік тәсілмен жасалған. Бұл аталған 
терминдердің кейбіреулері орыс тіліндегі терминдердің негізінде калькалану 
арқылы  (дауысты  дыбыс,  дауыссыз  дыбыс,  қос  сөз,  т.б.)  жасалғандығы 

134
135
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
аңғарылып тұр. Бұдан ғалымның калька тәсілін де ұтымды пайдаланғанын 
көруге болады. Г. Ц. Пюрбеев «Калькалау арқылы термин жасау өте күрделі 
мәселе. Аударманың сәтті шығуы үшін өзге тілдегі сөздің (сөз тіркесінің) 
семантикасын, морфологиялық құрылысы мен қолданылатын саласын жақсы 
білу керек» деген болатын. Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінен қимыл атау 
формасымен келетін аңдау, ауыстыру, әсірелеу, әсерлеу, байымдау, бейнелеу, 
бүкпелеу,  дамыту,  кейіптеу,  көріктеу,  меңзеу,  теңеу,  түйдектеу,  үдету, 
шендестіру сияқты әдебиеттану терминдері мен демеу, жалғау, үстеу, шылау 
тәрізді тіл білімі терминдерін көптеп кездестіруге болады. Заттық ұғым мен 
процестік ұғымды ұштастырып тұратын мұндай терминдерді жасау осы 
ғалымнан бастау алып, бүгінгі қазақ терминологиясындағы термин жасаудың 
өнімді  бір  үлгісіне  айналғанын  аңғарамыз.  Бұл  терминдердің  қайсыбірі 
(мысалы, ауыстыру, теңеу, т.б.) тілде бұрыннан бар сөздердің терминденуі 
арқылы жасалған болса, кейбіреулері (мысалы, лептеу, ойламалдау, т.б.) сол 
үлгімен, яғни етістік түбіріне – у жұрнағын жалғау жолымен жасалынған. А. 
Байтұрсынұлы жасаған терминдерді қазіргі қолданысқа толық қанды енгізер 
болсақ, талай терминдеріміз қазақы қалпына түскен болар еді. Алайда әлі 
де ауыстыруды қажет ететін терминдер баршылық. Мысалы: ғаныш – гипс, 
тәкапарлар бұлшық еті - мышца гордецов, кезеген жүйе – нерв блуждающий 
(медицина);  піспек - поршень, ішпек – подшипник (техника) тағы басқалар. 
Медицина терминдері ішінде, айталық «клетка» термині 1992 жылы «жасуша» 
болып бекітілді. Ал 2000 жылы жарық көрген Қазақша-орысша, Орысша –
қазақша терминологиялық сөздікте (медицина) ол – торша деп алынған. 
Тіптен  көптеген  оқулықтарда  клетка  сол  клетка  күйінде  қалдырылған. 
Әрине, соңғы кездері бұл терминнің алғашқы нұсқасы қолданысқа батыл 
еніп  келеді.  Алайда,  әртүрлі  оқулықтардан  білім  алған,  оқушылар  мен 
студенттердің емтихан, сынақ тапсырған кездегі жағдайы қалай болатыны 
түсініксіз. Сондай-ақ кәдімгі мех сөзі бірде – тері деп, (мәселен – аң терісі), 
бірақ адамға қатысты – кожа), бірде үлбір деген атауға ие болып жүр. Бір 
қарағанда тері термині көңілге қонымды сияқты. Бірақ, айталық қоянның 
үлпілдеген  жүні  бар  терісі  мен  қолтырауынның  бұжыр-бұжыр  терісін 
теңестіре алмайсыз. Сондықтан сірә, аң атаулының терісіне үлбір термині 
қолданылып жүр. («Үлбір» сірә, үлбіреп тұру, үлбіреу деген мағынадан туса 
керек.) Алайда, аюдың терісі үлбіремейді.  Сәтті балама табылмай жүрген 
сөздердің бірі  раздел – бөлім, отдел – бөлім – часть – бөлім; отделение 
– бөлімше, подразделение – бөлімше (подразделениенің – отделениеден 
анағұрлым үлкен екені белгілі). Аталған сөздер әсіресе қатарласа, қабаттаса 
келген кезде аудармашылақ қиналып қалып жатады. Договор – шарт, условия 
– шарт (Условия договора), утверждение – бекіту, закрепление – бекіту 
(утвердить закрепление), служба – деятельность, функцияның да жағдайы 
осындай. Оған қоса жекелеген аудармашылар, тілшілер тарапынан қолдану 
қалпына еніп кеткен халықаралық терминдерді зорлап ұлттандыруы қарын 
ашырады. (Әрине, олар ұғымды дәл беріп, сіңісіп кетіп жатса қарсылық 
жоқ). Мәселен, шайтанарба-мотоцикл; телефон – сымтемір, шылдырлауық 
қорап; радио – үнжария;  ауыз тартқы –маска; директор – мүдір; министр 
– уәзір; тираж – ұзынсан; техника – жасалым;  рецепт – ішірткі; шаптырма 
– фонтан; қылтима – балкон; бағдаржол – алгоритм сөздерін осы аудармалы 
баламасымен бекіте салу асығыстық болар еді. Сондай-ақ өлшем бірлігі: 
граммды – мысқал деп алсақ – дейді аудармашылар. Бірақ халықаралық 
терминдерді осы күйінде қалдырған дұрыс болар.
Ойымызды қорыта айтқанда, терминделуші ұғым мен терминденуші 
сөзді сәйкестендіру үшін ұғымдар жүйесіне де, терминдер жүйесіне де бірдей 
мән беру термин жасаушыға аса қажет. Әрине, терминдерді жасауға барша 
халық қатыстырылуы керек. Бірақ, олар салалық мамандардың, тілшілердің 
сүзгісінен өтсе ғана қазіргідей олқылық тумас. Тіл де тірі организм секілді 
үнемі даму, өсу үстінде болады. Ал, қазақ тілінің жайына келетін болсақ, 
Қазақстан  Республикасының  Президентінің  «Қазақстанның  болашағы  – 
қазақ тілінде» деген ойын термин жасаушылар есінен шығармаса, осындай 
олқылықтар болмас та еді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Айтбайұлы, Ө. А. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. 
– Алматы, 1988. – 208 б.
Жиренова, С. А. Лингвистикалық терминдердің терминологиялық 
принциптерге қатысы.//М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік 
университетінің Хабаршысы – №3 желтоқсан.
Қалиев,  Ғ. Тіл  білімі  терминдерінін  түсіндірме  сөздігі.  Алматы  : 
Сөздік-Словарь. 2005. – 440 б.
Қайдаров, Ә. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. – Алматы : 
Рауан, 1993. – 43 б.
5  Құрманбайұлы,  Ш.  Терминқор  қалыптастыру  көздері  мен 
терминжасам тәсілдері (Барлық сала мамандарына арналған әдістемелік 
құрал). Алматы : Сөздік-Словарь, 2005. – 240 б.
Сауранбаев, Н. Т.  Қазақ тіл білімінің проблемалары. – Алматы : 
Ғылым. 1982. – 352 б.
Реформатский, А. А. Что такое термин и терминология?//Вопросы 
терминологии. – М. : Наука, 1961. – С. 46-54.
Материал 11.11.14 баспаға түсті.

136
137
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Б. М. Кадырова, А. Ербол 
Проблемы казахской терминологии
Павлодарский государственный университет
имени С. Торайгырова, г. Павлодар.
Материал поступил в редакцию 11.11.14.
B. M. Kadyrova, A. Erbol
Problems of Kazakh terminology
S. Toraighyrov Pavlodar State University, Pavlodar. 
Material received on 11.11.14.
В данной статье, рассматривая основные проблемы казахской 
терминологии,  анализируются  основные  принципы  составления 
терминов. 
In this article, the basic principles of terms-making are analyzed 
based on the consideration of the major problems of Kazakh terminology.
ӘОЖ 81’373
Д. Е. Капанова
к.ф.н.,  доцент,  кафедра  иностранная  филология  и  переводческое  дело, 
Павлодарский государственный университет имени С. Торайгырова, 
г. Павлодар
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Автор  осы  мақалада  фразеологизмдердің  ұлттық-мәдени 
ерекшеліктерін қарастырады.
Кілтті  сөздер:  фразеология,  болмыс,  танымдық,  интеллект, 
рухани  мәдениет,  ұлттық  ментальдық  өріс,  семантикалық, 
эмоционалдық-экспрессивті, номинация.
Қазақ фразеологиясын зерттеуге үлкен үлес қосқан қазақтың көрнекті 
ғалымы І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» атты көлемді 
еңбегі тек қазақ тіліне ғана емес, бүкіл түркологияға қосылған қомақты 
еңбек деп айта аламыз. 
Ғ. Смағұлова өз еңбектерінде «Әр адам ұлт тілінің өкілі ретінде өз 
болмысы мен танымдық, интеллект қасиеттері арқылы дараланып көрінеді. 
Әрі сол ұлт тілін дамытуға, сөздік құрамын байытуға үлес қосады. Яғни 
ұлттық рухани мәдениетін қалыптастыруда жеке тұлғаның ықпалы ерекше. 
Бұл әсіресе ұлт тіршілігінен және ұлттық ментальдық өрісінен хабар ететін 
фразеологизмдердің мағыналас түрлері мен қатарларын анық байқатады» 
деп атап көрсетеді. 
Осы  мақаламызда  біз  қазақ  тіліндегі  фразеологияның  мағыналас 
қатарларының топтарын жіктеу және сол фразеологизмдердің ұлттық-мәдени 
ерекшеліктерінің мәнін ашып көрсету болып табылады.
Тіл-тілдің қай-қайсы болмасын өмірдің кез- келген саласын қамтып, 
ішкі  мазмұны  жағынан  өте  бай  болып  келетін,  өзіндік  құрылымы  мен 
мағынасы тұрғысынан тілімізге мәнерлі рең беретін тұрақты сөз тіркестері 
көп кездеседі. Сөздердің өзара тіркесу қабілеті әр түрлі, кейбір сөз аз сөзбен, 
кейбір сөз көп сөзбен, кейбір сөз тек бір сөзбен тіркеседі. Бірқатар сөздер тек 
фразеологиялық тіркес құрамында қолданылады. Осы орайға байланысты 
сөздердің семантикалық шектеулі тіркестігі мәселесіне және фразеологиялық 
тіркестердің жасалу жолдарына, олардың кейбір ерекшеліктеріне тоқталуды 
жөн көрдік.
Фразеологизимдердің семантикалық тақырыптық топтарын сөздердің 
тақырыптық  семантикалық  топтарымен  салыстырғанда  фразеологиялық 
топтардың үлес салмағы сан жағынан шектеулі, аздық етеді. Фразеологизмдер 
сөздер  сияқты  тіршіліктің  барлық  саласын  қамти  алмайды,  дүниенің 
кез-келген  ұғымына  атау  номинатив  бола  алмайды,  ол  тек  өрісінде,  өз 
жағдайында құбылыстар мен заттар, адамның көңіл-күйін эмоционалдық-
экспрессивті бағалауда образды елестетумен, туынды номинация жасаумен 
шектеледі. Ал сөз болса, оның жүрмейтін жері жоқ. Ойлау мен ұғымның 
шексіздігін жеке сөздер ғана қамти алады. Солар арқылы әлемнің тілдегі 
көрінісі нақтыланады.
Әуел баста мағыналас фразеологизмдерінің мысалдарын жинастырғанда 
синоним қатарлары мол екендігіне сенімді болдық. Бірақ, фразеологиялық 
фактілерді  жинай  келе  байқағанымыз:  барлық  мағыналас  қатарлардың 
семантикалық,  мағыналық  топтары  түгелге  жуық  адам,  оның  іс-
әрекеті,  фразеологиялық  қалпы  мен  жағдайы,  түрлі  сезімдерге  қатысты 
психикалық  процестер  мен  содан  туатын  ұнамды,  ұнамсыз  эмоция 
түрлеріне негізделген картина шықты. Бұдан тілдік құбылыстарда әсіресе 
фразеологизмдер жағдайында «адамды тіл ішінде зерттеу» – оның мағыналас 
фразеологизмдерінің қатарында ең жоғарғы сатыда жүзеге асырылатыны 
туралы қорытынды жасауға болады. Себебі мағыналас қатар ішіндегі әр 
фразеологизм – әр образ. Тіпті образдар жинағы деп атауға да болады. Ал 
әр  образдылық  –  әр адамның  дүниені  қабылдаудағы өзіндік  санасы  мен 
болмысынан туатын ерекшелік. Тіпті бірдей образдылықты екі түрлі адам 
бір мезгілде жасай қоюы екіталай. Себебі адам бойындағы сезім саласындағы 

138
139
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
айырмашылықтар түрліше. Тұрмыс жағдайы, білім деңгейі, жас мөлшері, 
қоршаған орта әсері де ықпалын тигізеді. Қалыпты, күнде көріп жүрген, 
болып жатқан дүние құбылысын әр адам әр түрлі қабылдап, баға береді. 
Мәселен: бармақ басты, көз қысты, жең ұшынан жалғасты, көз жұмбайға 
салды, құлқына тықты, аузын алды, мұртын майлады, көмейін тығындады 
сияқты мағыналас тіркестер сезім дүниесінің тіпті қоғамдық болмыс, сипатқа 
да қатысын білдіреді. 
Жалпы фразеологиялық қорды зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша 
фразеологизмдердің идеографиялық бөлінісінде басқа бөліктерге қарағанда 
«Адам оның әрекеті, сезімі» сияқты бөліктер үлгісі жоғарыда тұратындығын 
бір ауыздан мақұлдайды.
Қазақ  тіліндегі  мағыналас  фразеологизмдер  қатары  бұл  айтылған 
пікірлерді өзіндік ерекшеліктерімен толықтырып, қуаттайды.
Қазақ  халқы  өзіндік  ұлттық  ойлау  ерекшелігі  –  дүние  шындығын 
көркем  образбен  қабылдауы,  шешендік  сөз  өнерін  ұлт  ментальдығы 
ретінде көрсетуде, қала берді табиғат аясындағы көшпелі өмір салты – бәрі 
«ішімдегінің бәрі – тілімде, тілімдегінің бәрі – түрімде» дегеніндей қазақ 
ұлттының психологиялық болмысын байқатады.
Сонымен қазақ фразеологиясындағы мағаналас қатарлардың топтарын 
тілдегі адамдық фактор тұрғысынан мынадай фразео-семантикалық өрістерге 
жіктеуге болады:
1)  Адамның  жағымды,  жағымсыз  қимыл  әрекеттеріне  негізделген 
фразеологизмдер қатары.
2)  Сезім  әрекеттеріне  қатысты  жасалған  фразеологизмдердің 
тақырыптық мағыналас топтары.
3) Адамның физикалық қалпын бейнелейтін фразеологизмдер.
4) Адамның сөйлеу дағдысы түрлерін сипаттайтын фразеологизмдер.
5)  Адамның  жеке  басына  тән  қасиеттері  туралы  жасалған 
фразеологизмдер.
6)  Адамның  қоғамдағы  әлеуметтік  жағдай,  орны,  тұрмысы  туралы 
фразеологизмдер.
7)  Адамның  сыртқы  түр-әлпеті,  жас  мөлшері  жөнінде  қалыптасқан 
фразеологизмдер.
8) Уақыт, кеңістік, өлшемге байланысты туған фразеологизмдер. 
9) Киім, тамақ, денсаулыққа байланысты туған фразеологизмдер.
10)  Табиғат  құбылыстарының,  ауа  райына  қатысты  жасалған 
фразеологизмдер.
11) Тілек – бата, ырым-садақаға байланысты айтылатын фразеологизмдер.
12) Еңбек, өмір, тағдыр, дүние туралы айтылатын фразеологизмдер.
Ал тамаққа байланысты, оның ішінде «нан» атауына байланысты туған 
фразеологизмдер. Нан және нан тағамдары атауларының бір ерекшелігі, 
олардың семантикалық аясы өте кең болып келеді, сондықтан болар бұл 
атаулар мақал-мәтел, фразеологизмдерде жиі қолданылады. Мысалы
нан ұрсын/атсын – қарғыс. Өтірік айтсам нан атсын (Ауыз екі тіл). 
көкірегіне/кеудесіне нан пісті. Өр көкіректік істеді, асып-тасып ешкімді 
менсінбеді. Деміне нан піскендей кей мәнсіздің (Айтыс). 
нан соғар – арам тамақ адам жөнінде. 
нан ұстап ант ішу – қолына нан ұстап ант беру. Көне дәстүр бойынша, 
түркі халықтарында мұндай ант беру түрі өте жауапты саналған. Өйткені 
нан құраннан да жоғары деп есептелген. 
жеті нан құдайы беру – жеті шелпек пісіріп, садақа беру. Діни наным-
сенім бойынша, мұндай садақа түрлі апат, тіл-көзден, аурудан сақтаған.
нандай илеу – қалай болса солай қорлау, билеп-төстеу.
нанын тауып жеу – жанын бағу, күнін көру.
наны таусылу - өлім қаліне жету, тататын дәмі біту.
нан бар жерде – жан бар және тағы басқалар.
Түркі тілдерінде нан тағамдары дайындау технологиясымен ғана емес, 
сонымен қатар қолданылуымен де ерекшеленеді. Мысалы: шелпек – «майға 
пісірілген жұқа нан» қазақ, өзбек, тәжіктерде адам қайтыс болғанда, не жұма 
күндері дайындалса, түркімендерде үйлену тойына, бала дүниеге келгенде 
пісіріледі. Қазақтарда бала қырқынан шыққанда қырық шелпек пісіріледі.
Қорыта келе, барлық халықтарда, оның ішінде, түркі халықтарында да, 
нанның/нан тағамдарының орны ерекше. Сондықтан болар белгілі ғалым 
И. П. Павлов өзіне Нобель сыйлығын тапсырған кезде: “недаром над всеми 
явлениями человеческой жизни господствует забота о хлебе насущном. Он 
представляет ту древнейшую связь, которая соединяет все живые существа 
в том числе и человека, со всей окружающей природой” деген.
Қорыта  келе  айтарымыз,  фразеологизмдердің  ұлттық-мәдени 
ерекшеліктері  жайында  мынаны  айтуға  болады.  Фразеологизмдердің 
семантикалық топтары сөздердің тақырыптық семантикалық топтарымен 
салыстырғанда  фразеологиялық  топтардың  үлес  салмағы  сан  жағынан 
шектеулі болып келеді. 
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей  фразеологизмдер  сөздер  сияқты 
тіршіліктің  барлық  саласын  қамти  алмайды,  ол  тек  өз  өрісінде  өз 
жағдайында құбылыстар мен заттар, адамның көңіл-күйін эмоционалды – 
экспрессивті бағалауда образды елестетумен шектеледі. Ал сөз болса, оның 
қолданылмайтын жері жоқ, ойлау мен ұғымның шексіздігін тек жеке сөздер 
ғана қамтиды. 
Фразеологизмдер әлі де болса, жан-жақты зерттеуді қажет ететін тіл 
білімінің күрделі саласы. 
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет