Филологическая серия



жүктеу 3.54 Mb.
Pdf просмотр
бет8/28
Дата12.02.2017
өлшемі3.54 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

72
73
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
көрсетеді. Лирикалық бастау мен эпикалық құлаш жарасым тапқан өлеңмен 
жазылған  роман-поэмалар  бір-бірін  толықтырып,  терең  философиялық 
астары  бар,  мәңгілік  өмір  айналымының  сыры  мен  жұмбағына  үңіледі, 
оқырманның алдына түйіні күрделі сауалдар тастайды. 
Кеңес  дәуірі  әдебиетінде  «Аласапыран»,  «Сары  қазақ»,  «Шақан 
шері», т.б. шығармаларымен тарихи роман жанрын дамытқан М. Мағауин 
тәуелсіздік жылдарында да рухани қазынамызды байытты. М. Мағауиннің 
жалпы шығармашылық сапарында қашанда өзгешелікке, жаңашылдыққа 
ұмтылатынын,  тынбай  ізденетінін  аңғарамыз.  Бұған  әсіресе,  тәуелсіздік 
жылдары жазылған, бірін-бірін қайталамайтын, көркемдік әлемі, айтатын 
ойлары бір-бірінен өзгеше «Қыпшақ аруы», «Мен», «Жармақ» романдары 
куә. Әсіресе, тәуелсіздік алғаннан кейін жазылған туындылары бұрынғы 
шығармаларынан  оқиға  жағынан  да,  құрылымдық,  әдістік  тұрғыдан  да 
ерекше соны. Кеңестік әдебиетте реалист жазушы ретінде қабылданатын 
М. Мағауиннің кейінгі туындыларында модернистік таным тереңірек із салған. 
М. Мағауин «Қыпшақ аруы» хикаяты арқылы халқымыздың бұрынғы 
бет-бейнесін, рухани кескін-келбетін тұтастай қайтадан қалпына келтіріп, 
бүгінгі  қазақтың  қанындағы  бабалар  рухын  қайта  жаңғыртқысы  келетін 
ынта-ұмтылысын танытады. Көлемі шағын болғанымен, романның жүгін 
көтерген, уақыты мен кеңістігі кең шығарма жазушының шеберлік қуатын 
танытады. Туындыда қиял мен шындық, өткен мен бүгін, романтикалық, 
поэтикалық және публицистикалық бастаулардың синтезі, жарасым тапқан. 
Қорыта айтқанда, қазақ әдебиетіндегі роман жанры ұлттық сөз өнері 
дамуы  тарихындағы  классикалық  дәстүр  жалғастығының  көрсеткіштері 
болып саналады. Қазіргі қазақ романдары ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ 
беттерін  ақтарып,  бұрын  айтылмай  келген  өмір  шындығын  сан  түрлі 
тәсілдермен  бейнелейді.  Қазіргі  әдеби  процесте  романның  жанрлық 
түрлерінің  трансформациялануы  тұрақты  құбылысқа  айналды.  Ол,  ең 
алдымен, көркем шығармашылыққа жаңа талап қойған ХХ ғасыр соңындағы 
әлеуметтік-мәдени  жағдайлармен  тығыз  байланысты.  Қазақтың  көркем 
прозасында өзіндік суреткерлік қолтаңбаларымен танылып қалыптасқан 
көрнекті  қаламгердің  жаңа  романдары  ұлттық  және  әлемдік  әдебиеттің 
классикалық үрдістерін байыта, тереңдете түсті. Қазақтың фольклоры мен 
әдебиеті мұраларын негіз тұтқан қазіргі қазақ романы – әлем әдебиетінің 
қлассикалық  үрдіс  деңгейінде  дамып  келе  жатқан  жанр.  Қазіргі  қазақ 
прозасы жаһандық әдеби жұртшылыққа рухани асыл қазыналарымызды 
таныстырудың, авторлық концепцияны танытудың өзге де форма, тәсілдерін 
іздестіруде. Қазақ романының жанрлық түрлерінің саналуандығы, стильдік 
ізденістері, идеялық-тақырыптық ауқымының кеңдігі бұл жанрдың тамырын 
тереңге жібергенін көрсетуімен қатар оның қазақ әдебиеті дамуындағы жаңа 
асуларын айғақтайды. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1  Елеукенов,  Ш.  Р.  От  фольклора  до  романа-эпопеи.  Идейно-
эстетическое жанровое своеобразие казахского романа. – Алматы : Жазушы, 
1987. – 352 с.
Тынянов, Ю. Н. Поэтика. История литературы. Кино. – М., 1979. – С. 27.
Рустемова, К. Р. Некоторые особенности современной литературы. 
– Алматы : Респ. изд. кабинет, 1996. – 108 с.
4 Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық жинақ. Тәуелсіздік кезеңі (1991-
2001). – Алматы : Қазақпарат, 2006. – 10 т. – 420 б.
5  Жақсылыков,  А.  Ж.  Образы,  мотивы  и  идеи  с  религиозной 
содержательностью  в  произведениях  казахской  литературы.  Типология, 
эстетика, генезис: дис. ... докт. филол. наук : 10.01.08. – Алматы, 1999. – 322 б с.
Материал 04.11.14 баспаға түсті.
К. Т. Жанузакова 
Жанровые трансформации романа в современной казахской прозе
Казахский государственный
женский педагогический университет, г. Алматы.
Метериал поступил в редакцию 04.11.14.
K. T. Zhanuzakova 
Genre transformations of the novel in the modern Kazakh prose
Kazakh State Women’s Teacher Training University, Almaty.
Material received on 04.11.14
Статья посвящена проблеме жанровой трансформации романа
Исследуются художественные, жанровые особенности, некоторые 
теоретические вопросы и классификация романа. Анализируется роль 
и значение романа в современном литературном процессе. В статье 
роман рассматривается как одна из свободных литературных форм, 
предполагающая громадное количество видоизменений и обнимающая 
несколько главных ответвлений повествовательного жанра.
The article discusses the art, genre features and theoretical issues in 
the novel. Classification and genre of transforming the novel. Analyses the 
role and importance of the novel in contemporary literary process. In the 
article the novel is regarded as one of the free literary forms, which involves 
a huge number of adaptations and leaning on several main branches of 
the narrative genre.

74
75
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ӘОЖ 82:81-26; 82:81’38
Қ. Т. Жанұзақова
1
, Б. Б. Дүйсекеева
2
 
1
ғ.ф.д., қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, 
2
магистрант, Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ. 
МОНОЛОГТЫҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ
ТҮРЛІ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Мақалада  көркем  шығармадағы  қаһарманның  мінез-құлқын, 
рухани жан дүниесін суреттеудегі монологтың көркемдік қызметі 
М. Жұмабаев, Ә. Кекілбаев, Т. Әбдіков, С. Санбаев шығармаларының 
негізінде  талданады.  Кейіпкерсөзінің  оның  іс-әрекетін,  психика 
құбылыстарын,  ішкі  өмірін  кестелеудегі  маңызы,  эстетикалық 
тұрғыдан  қажеттілігі,  түрлі  функционалдық  мағыналары 
айқындалады.
Кілтті  сөздер:  монолог,  көркем  бейне,  логикалық  шешім, 
мінез-құлық,  психологиялық  бейнелеу,  инверсия,  ырғақ,  тілдің 
экспрессиялығы, әуезділік.
Монологтың образдың мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін, рухани әлемін 
және ол тіршілік ететін ортамен тартыс табиғатын ашудағы қызметі айрықша.
Монолог – кейіпкерлердің характерін сомдауда маңыздықызмет атқаратын, 
логикалық шешімдердің, іс-әрекеттің нанымдылығын дәлелдейтін көркемдік 
бейнелеу құралы. Көркем бейне жанды және нақты әрекет үстінде, сөйлеу 
барысында толыққанды тұлғаланып, мінез-құлқындағы өзіндік ерекшелігі 
ашылады. Демек, образ сомдауда кейіпкер тілі шешуші орын алады. 
Ішкі  монолог  –  кейіпкердің  көзқарасын,  дүниетанымын,  мінез 
ерекшелігін танытудың, адамгершілік әлеміне енудің қолайлы және ең жиі 
кездесетін психологиялық амалы. Ол шығармада адамның психологиялық 
құбылыстарын, ішкі жан дүниесін ашып, характер сомдауда сүбелі үлес 
қосады. Ішкі монолог арқылы суреттеліп отырған кезең мен дәуірдің тынысын 
да аңғарамыз. Ішкі монологты басты психологиялық бейнелеу құралдарының 
бірі ретінде қарастырған Г. Пірәлиева оған төмендегідей анықтама жасайды: 
«Ішкі монолог – (іштей ойлау, кейіпкердің өзін-өзі саралауы, ой ағысы) адам 
психологиясының ішкі иірімдерін, күрделі де терең ойлау жүйесін, сана мен 
сезім арпалыстарын ашу. Ішкі монологтың көркемдік қызметі-адам жанының 
сырт көзге байқала бермейтін ішкі «қоймаларын», құпия-қалтарыстарын, 
жұмбақ сырларын шынайы да сенімді түрде бейнелей білу» [1, 12].
Қазақ  әдебиетінде  тұтастай  ішкі  монологқа  құрылған  шығармалар 
қатарына М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі», Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың 
ақыры» туындыларын жатқызуға болады. 
М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» – осы тұстағы қазақ прозасының 
қазанына үлкен көркемдік олжа әкелген ерен аңсарлы дүние. Суреткердің 
адам болмысының, оның ішінде әйел табиғатының күрделілігін, қайшылығын 
және жұмбақтығын: тұлғаның бір мезгілде асқақ арман биігіне көтеріліп, 
күнделікті күйкіліктің қалыбынан шыға алмау қабілетін, діндар және күнәһар, 
мейірімді  әрі  қатігез  бола  алатынын  бейнелеуі  негізгі  шығармашылық 
нысанға  айналды.  Бастан-аяқ  Шолпанның  ой  толғанысына,  монологқа 
құрылған әңгімеде оқиға желісі мен кейіпкерлер характері соның көзімен, 
ойы мен санасындағы «таластан» сомдалады. «Еркек атаулы бала дегенде, 
ішкен  асын  жерге  қойғанда,  Сәрсенбай  неге  бала  деп  аузына  алмайды? 
Әлде... әлде... жоқ... болмас... болмас... кім біледі... жоқ... ендеше ол неге 
бала іздемейді. Неге... неге... шынында ол, әлде бедеу еркек пе екен? Тәңірім, 
Тәңірім... егер ол шынында, ол бедеу болса... құлшылықтың кемдігінен, 
құшақтың  салқындығынан  болмай,  Сәрсенбайдың  бедеулігінен  болса» 
деп толғанған Шолпан – жалғыз және сырымен жан адаммен бөліспейді, 
жары да, көңілдесі де оның жан дүниесінде не болып жатқанымен шаруасы 
жоқ, оның іс-әрекетінің нағыз сырын түсінбейді. Шығармада Шолпан мен 
Сәрсенбайдың арасында диалог жоқ, олар өзара сөйлеспейді. Тығырықтан 
шығар жол таппаған әйелдің қасіреті оның ішкі сөзінде жатыр. Жалғыздық 
дертіне душар болған Шолпанның серігі – ойы. Сәрсенбайдың ойы Шолпанға 
да, оқырманға да жұмбақ. 
Ә.  Кекілбаевтың  «Аңыздың  ақыры»  романының  өн  бойында 
кейіпкерлердің  ішкі  рухани  әлемін,  жан  дүние  қалтарыстарын,  жалпы 
табиғатын  тану  мақсатында  қолданылатын  ішкі  монологтың  көркемдік 
қызметі,  оның  шығармада  атқарар  рөлі  айқын  көрінеді.  Аса  көлемді 
шығармада  жазушы  диалогтан  гөрі  оқиғаны  бірде  өзі  баяндап,  бірде 
кейіпкерлердің ішкі монологы арқылы беруге бой ұрады. Шығармада Әмірші, 
кіші  ханша  мен  шебердің  арасындағы  шарпысқан  ішкі  психологиялық 
сезім-күйлері мен жан дүниесіндегі толғанысы, ой арпалысы шеберлікпен 
суреттеледі. Әмірші хауыздағы суға қарап отырып: «Сол бір көз жасындай, 
көріне түсіп жоғалып жатқан мөлт-мөлт тамшыларға қараған сайын, көңілі 
әлденеге жібектей жұмсарып барады. Көктемнің майса самалындай әлдебір 
майса сезімнен мұның жанында пәлен жылдан бері тапжылмай жатып алған 
қаттылық  пен  қатыгездіктің  меңіреу  тоңы  біртіндеп  мүжіле  түскендей, 
қараптан-қарап отырып, әлденеге елегізіп, бір түрлі жалғызсырағандай болды. 
Көкірегінде ойда жоқта аяныш оянды. Мынау еміс-еміс көрініп ап, бойын 
жазып шапши алмай қайтадан құрдымға жоғалып жатқан мөлдір суды ма, 
жоқ әлгі кіреуке көк мұнарға оранып ап, мөлдіреп қала берген көк мұнараны 

76
77
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
ма – нені аяп отырғанын өзі білмейді... Мынау мөлдір судай мап-майда 
үлбірек сезім ойына тағы да ханымды түсірді. Ол әлгі көк мұнарада бұған 
алыстан қол бұлғаған сағынышы мен асыға күткен ынтызарын, өзгеден ала 
бөтен өліп-өшкен ықыласын ғана емес, жалғыздығын, басқалардың көптігін 
істеп басынғанын көріп, қамырыққан қам көңілін, «кел, мұңымды тыңда, ұқ, 
қорға» деп шағынған жалбарыныш сезімін түгел бейнелегендей. Асқақтық пен 
нәзіктік, шаттық пен мұң, ерлік пен аяныш, сағыныш пен құштарлық – бәрі 
қосылғанда махаббаттан басқа не болушы еді» - деп ойға кетеді. 
Осы лирикалық сипаттағы үзіндіде бірнеше рет қайталанған белгісіздік 
есімдіктері, әміршінің көңіл-күйіндегі әлдебір, өзі де сөзбен жеткізе алмайтын 
жұмбақ сезімді бейнелеу мақсатында жұмсалған.  «Мынау», «әлгі» деген 
сілтеу есімдіктерінің кей тұста синтаксистік тұрғыда қолданылуы міндетті 
болмаса да, жазушы поэтикалық сөздерге асқақ мән беріп, эмоциялық реңк 
үстеу үшін оларды әдейі қолданған. Сондықтан кейіпкердің ішкі монологы 
шығармаға әрі психологиялық, әрі философиялық салмақ қосқан.
Кейде  ішкі  монолог,  ширыға  келіп,  өзінің  ең  жоғарғы  нүктесіне, 
ақтық шегіне жеткенде әдебиетте сирек қолданылатын «сана ағымы» атты 
психологиялық тәсілге ұласады. Бұл тәсіл кейіпкердің бір мезеттегі көңіл-
күйі мен сезімдері мүлдем бей-берекетсіз, ретсіз, жүйесіз дамып жатқан 
сияқты  елес  қалдырады.  Мысалы,  Ә.  Кекілбаевтың  «Аңыздың  ақыры» 
романында «сана ағымы» тәсілі де бой көрсетеді: «Әмірші өз көңіліндегі 
түйткілдің шешуін таба алмай-ақ қойды... Кіші ханымның бұл келісі тегін 
келіс емес, ол не де болса, жанын шүберекке түйіп, нар тәуекелге бел буып 
келіп отыр. Әлгі немеге жаны шындап ашымаса, ол мұндайға өлсе бара ма? 
Сонда... Сонда... Күтуші кемпірдің анадағы айтып жүргені не боп шықты? 
Әлгінде ханымның өзі де: «Арамызда ештеңе болған жоқ», – деп ант-су ішіп 
еді ғой. Соның бәрі жалған болғаны ма? Жоқ. Жоқ... Ханым мынау терезеден 
күні-түні телміре төніп тұрған әзәзіл мұнара тұспалдаған әлдеқандай жұмбақ 
аңсарға ханым тіпті де кет әрі болмаған». 
Қаламгер  прозасының  философиялық  бағдары  образ  характерімен 
тығыз байланысты. Кейіпкерлердің ішкі жан сыры мен толғанысы жекелік 
сипаттан гөрі жалпыадамзаттық мәндегі мәңгілік мәселелермен ұштасқан. 
Олардың бақ пен бақыт, даңқ пен дақпырт, өмір мен өлім, болмыстың мән-
мағынасы, адам өмірінің шынайы құндылықтары турасында ойға берілуі, 
ханның қарапайым адамға тән махаббат пен бақытты аңсауы, ханшаның әр 
әйелге тән сезімдері, жар сүюге деген табиғи ұмтылысы – жалпы адамзатқа 
тән  әрекеттер.  Шығарманың  көркемдік  құндылығы  образ  характерінің, 
болмыс-бітімінің жан-жақты ашылуымен тығыз байланысты. 
Мұнара романның композициялық кіндігі, басты символы ғана емес, 
қаһармандардың мұнараны қабылдауы арқылы олардың мінез ерекшелігін 
де аңғарамыз. «Қызыл алма» тарауында Әміршінің мұнараны қабылдауы, 
онымен  қарым-қатынасы,  екеуінің  арасындағы  үнсіз  текетіресі,  сол 
арқылы Әміршінің өмір мен өлім, жақсы мен жаман, даңқ пен дақпырт, 
т.б.  құндылықтар  туралы  философиялық  толғанысы,  ой-тебіренісі,  ішкі 
монологы суреттеледі.«Мұнара» тарауында Жаппардың мұнараны дүниеге 
әкелудегі мехнаты, шығармашылық азабы, терең сезімі, махаббат қайғысы, 
ой толғанысы аралас суреттелген. Жаппардың өзі болып мұнара тіл қатады. 
«Махаббат»  атты  үшінші  тарауда  ханымның  мұнарамен  үнсіз  сұхбаты, 
күн  ұзақ  мұнараға  тесіле  қараудан  туған  алуан  түрлі  сезімдері,  ойлары, 
психологиялық ахуалы суреттелген. 
Романда қаһармандар монологтары басты композициялық, сюжеттік 
функция атқарады, оған терең лирикалық сипат береді. Романның өн бойында 
кейіпкерлердің  ішкі  рухани  әлемін,  жан  дүние  қалтарыстарын,  жалпы 
табиғатын  тану  мақсатында  қолданылатын  ішкі  монологтың  көркемдік 
қызметі, оның шығармада атқарар ролі айқын көрінеді. Жалпы алғанда, 
Ә. Кекілбаевтың қаламгерлік қолтаңбасына, жазу мәнеріне өз кейіпкерінің 
характерін, психологиялық ахуалын ішкі монолог пен авторлық баяндау 
арқылы ашу әдісі тән. Негізгі қақтығыс оқиғаның сыртқы сюжеттік тінінде 
емес,  кейіпкердің  ішкі  әлемінде,  жан  дүниелерінде  дамиды.  Романда 
оқиғаның  шым-шытырық  бірізді  дамуынан  гөрі  жеке  тұлғаның  рухани 
ішкі дамуына басты назар аударылған.Қазіргі әдебиеттануда шығарманы 
үздіксіз сана ағымы тұрғысынан қарастырған ғалымдар оның монологқа, 
толғанысқа құрылған романтикалық бояуын, модернистік сипатын басты 
назарда ұстайды. 
Ә.  Кекілбаевтың  «Күй»  повесінде  де  монолог  көркем  шығарманың 
құрылымында  функционалдық  қызмет  атқарады.  Жазушы  повесте  өз 
кейіпкерлерінің мінез-құлқын олардың сыртқы іс-әрекеттері, қимылдары 
арқылы емес, ішкі монолог арқылы ашады. Қаламгеркүй ағысының нәзік 
қырларын,  сазды  сөзбен  бейнелеу  арқылы  кейіпкерлерінің  ішкі  әлемін, 
психологиясын  барлайды.  Күй  барысында  Жөнейіт  пен  күйшінің  ішкі 
тартысын, жарысқан «үндерін», әрқайсысының өз ойларын аңғарамыз. 
Жазушы  тілінде  сұраулы  интонациялар,  риторикалық  сұрақтар  көп 
кездеседі. Жөнейіттің күй сазының әсерінен жан дүниесінде пайда болған 
рухани өзгеріс: «Сай-сүйегі неге сырқырайды? Мынау жалба-жұлба тұтқын 
баяғыда Дәулетжаны тартқан салқын сазды қайдан біледі? О да тап осындай 
әлдекімді ақылға иліктіре алмай таусыла күңіренбеуші ме еді, талмаусырап 
егілмеуші ме еді?! Апырау, Жөнейіт мықты еді ғой. Ай бойы аза тұтып 
отырғанда  алқымына  жас  тығылған  кезі  бар  ма  еді?  Тап  осы  қазір  бұл 
осынша неге жасып, неге жуасып отыр? Бұл босаса, мынау соңынан ерген 
көп найза бет-бетімен босып кетпей ме?»–деп сипатталады [2, 65]. Осы үзінді 
бірыңғай риторикалық сұрақтардан тұрады. Бұл Ә. Кекілбаев прозасының 
ірі мәселелерді алға тарта білуі қасиетімен байланысты.

78
79
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
Сөздердің қайталануы, инверсия, ырғақ, тілдің экспрессиялығы, әуезділік 
(музыкальность) жазушы стиліне тән. Жазушының өзі мойындағанындай, 
«мұндай әдіс музыкалық шығарманың өзінен туындайтын фактураларды 
тереңірек  қамту  үшін  алынған».  Шығарма  стилі  әуезділігі  жағынан  күй 
сазындай әсер қалдырады. 1970-80 жылдардағы қазақ әдебиетінде көне аңыз-
әңгімелерді жанрлық-стильдік тұрғыда игеру тәжірибесінде Ә. Кекілбаевтың 
лиро-эпикалық стиліне әуезділіктің, ырғақтық қайталаулар мен лиризмнің, 
көтеріңкі лептің тән екенін бақылауымызға болады.
Ә. Кекілбаев туындыларындағы стильдік доминанттар –психологизм мен 
монологизм. Осы доминанттарға форманың барлық элементтері мен қырлары 
көркемдік тұрғыда бағынған. Сондықтан ішкі көркемдік (психологиялық) 
детальдар сыртқы детальдардан гөрі молырақ. Ал сыртқы детальдың бірі 
мұнара психологиялық салмақ алған, кейіпкердің эмоционалдық әсерін, ішкі 
әлеміндегі өзгерістерін бейнелеуге қызмет етеді. 
С.  Санбаев  стилі  белсенді  авторлық  араласумен  айрықшаланады.  
С. Санбаев қаламына тән («Аңызды аңсағанда», «Ақ аруана», «Мәңгілік 
күрес»,  т.б.)  көркемдік  тәсілдің  бірі  –  шығарманың  басталуы  мен 
аяқталуындағы ой жалғастығы, сабақтастығы. Қаһармандарының өміріне 
бейтарап  емес,  олардың  ішкі  сезімдеріне  қатысып  отыратын  автор 
көзқарасының экспрессивтік, метафоралық сипаты басым. Басты айтылар ой 
авторлық толғаныс немесе кейіпкер монологы арқылы баяндалып, оқиғаға 
автордың тікелей қатысы байқалып отырады. Өмірдің қия тастай қиындығын, 
күрделілігін философиялық ой толғамдары арқылы көрсете біледі. Жазушы 
өз оқырмандарын интуитивтік тұрғыда шығармада болып жатқан оқиғаларға 
араластыра отырып, өзінің сезімдерімен, ойларымен бөліседі. Өзінің ой 
ағынына оқырманды тартуға ұмтылысы арнайы синтаксистік құрылымды 
талап  етеді.  Сондықтан  С.  Санбаев  шығармаларында  экспрессивті-
эмоционалдық бояу, лирикалық интонациялар, метафоралар мол, поэзияның 
(поэтикалық инверсия, қайталаулар, әуезділік) әсері айқын. Бұлар өз кезегінде 
жазушы шығармаларына лирикалық реңк берген. Жазушы шығармаларында 
әр  кезеңде  қайталанып  отыратын  сөз  тіркестері,  сөйлемдер  жазушының 
стильдік машығына айналған. Қайталаулар шығармаға ерекше реңк беріп, 
әсерлілігін,  саздылығын  күшейтумен  қатар  жазушы  машығын,  суреткер 
даралығын нұсқап тұр. Жазушы баяндау мәнеріндегі ырғақты басынан аяғына 
дейін ұстана біледі. Мұның өзі кемеліне келген суреткердің үлкен табысы, 
дара жеңісі болып табылады. 
ХХ ғасырдың екінші жартысынан, әсіресе, 70-ші жылдардан бастап 
прозада көркем шығармада бейнеленетін оқиғаларға автордың субъективті, 
авторлық қатынасы айқынырақ көрінді. Соғыстан кейінгі 50-ші жылдар 
әдебиетінде  көркем  шығарма  тінінде  авторлық  дауыс  құмығып,  бәсең 
шығатын.  Кемел  өмірді,  жарқын  болашақты  суреттеген  сырты  жылтыр 
шығармалар қатары біртіндеп көбейіп, әдебиет танымның ерекше түрінен 
гөрі «тура өмірдегідей» көшірмесіне айнала бастады. 1950 жылдардағы әдеби 
процесті сипаттаған С. Қирабаев пікірі осы кезең әдебиетінің ерекшелігін 
түсінуге бағдар береді: «Коммунистік партия өзінің идеологиялық саясатын 
бірсыпыра  қатайтты.  Әдебиет  пен  өнер  қызметкерлерін  социалистік 
реализмге,  партиялық  принципке  берік  болуға  шақырды...  Бұл  сындар 
мен айыптаулардың аяғы қуғындалуға соқты» [3, 210]. Сондықтан болар 
әдебиетте тағдыры қым-қуыт тұлғалар, өз ортасына сын көзімен қараған 
күрделі, «бүлікшіл», мазасыз қаһармандар емес, олардың көшірмесі, яғни 
кескіндік сипаты ғана бар, жаттанды қалыптағы біртектес кейіпкерлер бой 
көрсете бастады. Сол жылдардың әдеби үдерісінде орын алған схематизм 
қайталанбас  тұлғалардың  азаюына,  өзгеше  авторлық  ұстанымның  сирек 
көрінуіне әкеле бастады. Дей тұрғанмен, осы тұста ұлттық прозамыздан 
ойып орын алған терең тамырлы, озық үлгідегі басқа шығармалар көркем 
жинақтаудың  жаңа  жолдарын,  түрлерін  іздестірді,  нәтижесінде  жаңа 
сипаттағы авторлық ұстаным жоталанды.1950-60 жылдар ішінде әдебиетке 
жаңа кейіпкерлер, баяндаудың жаңа түрлері, үлкен құрылымдық өзгерістер 
келе бастады.
1970 жылдардан бастап прозада авторлық «меннің» берілуі күрделене 
түсті. Қаламгерлердің шығармашылық ізденістеріндегі стильдік процестер 
түрлі  бағытта  жүрді.  Өз  заманында  ілгеріде  болған  құбылыстар  мен 
оқиғаларды айта отырып, оларға деген өзінің көзқарасын монологтар арқылы 
беріп, дәуірінің көкейтесті мәселелерін көтеру суреткердің қайсысына болса 
да тән. Т. Әбдіковтің «Оң қол», «Ақиқат», «Парасат майданы» повестерінде 
монолог – кейіпкер характерін ашудың негізгі тәсілдерінің бірі. Қаламгер 
туындыларындағы  модернистік  таным  эстетикалық  объектіге  авторлық 
идеялық-эмоциялық қатысын көрсетуде, қоғам қайшылығын, заман ахуалын 
бейнелеуде көрінеді. 1960-80 жылдардағы қазақ романдарының стилі мен 
типологиясын зерттеген М. Хамзин жазушы шығармашылығы турасында: 
«Т. Әбдіковтің барлық ірілі-ұсақты шығармаларында байқалатын жайт – 
автордың стильдік бедеріндегі салмақтылық, орнықтылық. Көп ретте өзге 
шығармаларындағы сияқты баяндау мен кейіпкер монологы жарасымды 
үйлесім тауып жатады» деуі сөзімізді дәйектейді [4, 17].
Жақсылық  пен  жамандық,  адамгершілік  пен  рухани  жұтаңдық, 
адалдық,  тазалық  пен  арамзалық  сияқты  алпауыт  күштердің  майданы, 
пенде  бойындағы  тылсым  күштердің  арпалысы,  адам  психикасындағы 
ұшы-қиырсыз ғажайып иірімдер – қаламгер шығармаларының негізгі өзегі. 
1970-ші жылдары прозада көркем шығармада бейнеленетін оқиғаларға 
ішкі «меннің» қатынасы, авторлық ұстаным басым сипат алды. Бұл орайда 
Т.  Рахымжановқазіргі  прозалық  шығармалардағы  авторлық  ұстанымдар 
табиғатын  байыптай  отырып:  «Қазіргі  романның  көркем  бейнеленген 

80
81
серия
 ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ. 2014. №4
ISSN 1811-1823. Вестник ПГУ
объектісі – қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстар, адамның жан 
қозғалысы, орталық және қосалқы кейіпкердің ішкі «менінің» өсу, кемелдену 
эволюциясы болып табылады» – дейді [5, 219]. 
Жазушы сомдаған әр қаһарманның өз рухани әлемі бар. Сондықтан 
әдебиет теориясында кейіпкерлердің психологиясын ашуға, олардың сана-
сезімін,  ойлау  жүйесін  барлауға  басты  назар  аударылады.  Ғалымдар  да 
кейіпкердің ішкі толғанысын, сана арпалысын, сезім толқындарын зерттеуге 
көбірек  көңіл  бөледі  [6].  Көркем  шығармада  қаһарманның  ішкі  рухани 
әлемі оның тілі арқылы монолог пен диалогтар деңгейінде ашылады. Кейде 
монолог сюжеттің, композицияның басты компоненті қызметін атқаруы да 
мүмкін. Сондықтан туындыда монолог эстетикалық тұрғыда аса қажетті 
құралдардың біріне айналып, түрлі функионалдық мағына көтереді. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Пірәлиева, Г. Қазақтың көркем прозасындағы психологизм табиғаты 
және оның бейнелеу құралдары. – Алматы, 2007. 12-б.
Кекілбаев, Ә. Дала балладалары. – Алматы : Жазушы, 1968. – 200 б.
3  Қирабаев,  С.  С.  Көп  томдық  шығармалар  жинағы.  –  Алматы  : 
Қазығұрт, 2007. – 1 т. – 456 б.
4  Хамзин,  М.  1960-80  жылдардағы  қазақ  романының  стилі  мен 
типологиясы: филол. ғыл. докт. ... автореф.: 10.01.02. – Алматы, 1997. – 30 б.
Рахымжанов, Т. Н. Романның көркемдік әлемі. – Алматы : Рауан, 
1997. – 223 б.
6  Джуанышбеков,  Н.  О.,  Темирболат,  А.  Б.  Теория  литературы. 
Учебное пособие. – Алматы, 2009. – 284 с.
Материал 06.11.14 баспаға түсті.
К. Т. Жанузакова, Б. Дуйсекеева


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет