Филология: Қазақ филологиясы 1-курс, 1/3



Дата19.10.2022
өлшемі20,68 Kb.
#44239



Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті


Филология: Қазақ филологиясы 1-курс, 1/3
Осөж-Сөж
Тақырыбы: Тілдік амалдар. Тіл мен сөйлесім әрекеті.
Орындаған:Қолышпаева С.Қ.

Тексерген: Мұратбек Б.Қ


Ақтөбе,202


Тілдік амалдар.
Тіл мен сөйлесім әрекеті.
Тілдік қатынасқа қатысты құбылыстардың ішінде тіл мен сөйлеуге соқпай өтетін мәселелер жоқтың қасы. Сондықтан бұл мәселелердің басын ашып алудың маңызы зор.
Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм Гумбольдт пен орыс лингвисі И.Э.Бодуэн де Крутенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған процесс деп қарастырады.
Тіл мен сөйлеу туралы ерекше концепция — Фердинанд де Соссюрдің тұжырымы. ОЛ тілді қалыпты, сипаттамалы құбылыс ретінде тани келіп, оны дыбыстық материяның тұтас жүйесі түрінде қарастыру керек деп санайды.
Ғалым тілді ерекше құрылымы бар, жүйелі, бірақ қалыпты
құбылыс деп көрсете отырып, ондағы дыбыстық ерекшеліктерді, тілдік тұлғалардың дыбысталуын, сөздердің айтылуын — бәрін түгелімен сөйлесімге /речь/ қатысты қарастырады.
Ф.де Соссюрдің пікірінше, тіл — дыбыстық материяның жиынтығы, форма, қарым-қатынас құралы; ал сөйлеу -дыбыстың өзі, дыбысталу. Яғни тіл — барлық дыбыстық таңбалардың жиынтығы болса, сөйлесім — дыбысталудың жиынтығы.
Ғалым тіл мен сөйлеудің ара жігін ажырата келіп, оларды екі ғылымның объектісі ретінде зерттеу керек дей отырып, олар /тіл мен сөйлесім/ өзара тығыз байланысты екенін де атап өтеді: «Язык и речь тесно связаны между собой и предпологают друг-друга: язык необходим, чтобы речь была понятна тем самым была эффективна; речь в свою очередь необходима для того, чтобы сложился язык».
Фердинанд де Соссюрдің көзқарастары кейде қайшылықты болғанымен, өзінен кейінгі лингвистердің пікіріне әсер етпей қоймайды. Кейінгі тұжырымдардың көпшілігі осыдан келіп шыққанын тіл мен сөйлеуге берілген анықтамалардан аңғаруға болады.
Ю.В.Фоменко Фердинанд де Соссюрдің тіл лингвистикасы мен сөйлесім лингвистикасы деген пікірін жоққа шығара отырып, Ф.де Соссюр тіл мен сөйлесімді бір-біріне қарама-қарсы қояды және олардың екеуі бір-біріне ешбір қатысы жоқ екі түрлі мәселе деп айтады деп түсінеді. Сондықтан да Ф.де Соссюр олардың әрқайсысының айырмашылықтарын жеке-жеке бөліп көрсеткен дей келіп, Ю.В.Фоменко сол көрсетілген айырмашылықтардың барлығына дау айтады. Сөйте түра, бұл автор да Ф.де Соссюрдің тіл мен сөйлеудің әлеуметтігі жөніндегі көзқарасын қүптайды.
Жоғарыда айтылған пікірлердің барлығында, негізінен, тіл мен сөйлесімге қатысты Фердинанд де Соссюрдің айтқан ерекшеліктері сөз болады. Мәселен: тіл мен сөйлесімнің психологиялық, физиологиялық жақтары, таңбалар жүйесі ретіндегі өзгешелігі, әлеуметтік-жекелік табиғаты, олардың қарым-қатынас құралы тарапынан ерекшелігі. Яғни
авторлардың көпшілігі бұл мәселелерді одан әрі жалғастыруды, дамытуды көздейді.
Сондай пікірлерді қорыта келгенде, мынаған көз жеткізуге болады: бұл мәселе неғүрлым көп қарастырылып, жан-жақты сөз болған сайын, тілдің де, сөйлесімнің де қатысымдық қасиеттері айқындала түсіп, бүкіл мәселе осы бағытқа қарай бет бұрып келеді. Лингвистикада сөйлесім мен тілді біріктіріп, қос процесс деп санаған көзқарастар да бар. Олардың айтуынша, сөйлесім мен тіл екеуі екі бөлек құбылыс емес, олар бір процестің екі жағы. Кейде оны тілші ғалымдар «уровень языка», «уровень речи» деп те атайды.
Бұл көзқарас бойынша, тіл мен сөйлесім бір-бірімен теңдес әлеу-меттік-жекелік құбылыс болып саналады. Мұндай пікірді айтушы адамдардың сүйенетін негізі - қатысымдық ерекшеліктер. Бұл пікірді жақтаушылар сөйлесім деген -қатысым құбылысының өзі, ал тіл сол қатысымды іс жүзіне асыру үшін керек дейді. Бұл көқарасқа қарсы пікір айтушылар да бар. Олар А.С.Чикобава, Г.В.Колшанский, Т.С.Шарадзенидзе, А.Г.Волков, А.Г.Спиркин, Г.Шухарт т.б.
Жалпы тіл мен сөйлесімге қатысты көзқарастар орыс тілінің энциклопедиясындағы осы ұғымдарға берілген анықтамалармен байланысты. Энциклопедияда тіл қарым-қатынасты жүзеге асыратын, осы мақсат үшін қызмет ететін дыбыстық таңбалардың жүйесі, ал сөйлесім қатысымдық құбылыстың өзі, яғни тілдің негізінде жасалған, тіл арқылы жүзеге асатын коммуникативтік құбылыс деп баяндалады: «Язык — это стихийно возникшая в человеческом обществе и развивающаяся система дискретных /члено-раздельных/ звуковых знаков, служащая для целей коммуникации и способная выразить всю совокупность знаний и представлений человека о мире», «речь — это конкретное говорение, происходящее в звуковой /включая внутреннее проговаривание/ или письменной форме. Под Р. Принято понимать как сам процесс говорения, так и результат этого процесса, т.е. и рчечвую деятельность и речевые произведения, фиксируемые памятью или письмом». Қазақ совет энциклопедиясында сөйлеуге төмендегідей түсініктеме беріледі: («Сөйлеу — адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйле — анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.
Тілдік амалдар — сөз тудыру, сөз тіркестерін, сөйлем құрау ережелері - көпшіліьске ортақ, объективті категориялар. Осы сипаты арқылы тіл жүрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы ретінде қызмет етеді.
Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайға сай ыңғайланған стилі болады. Мүнымен бірге сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне гана тән /индивидуальдық/ сөз жүмсауы, сөз тіркесін, сөйлем қүрау ерекшеліктері болады».

Қазақ энциклопедиясындағы тілге қатысты айтылған түсініктеме мен анықтамалар оның жан-жақты ерекшеліктерін, жалпы сипатын және күрделі қүыбылсқа тән басты белгілерін жақсы атап өтеді;


«Тіл — адам қоғамның ең негізгі қатынас құралы. Дыбысты Тіл - адам қоғамымен бірге туып, қатар жасап келе жатқан қоғамдық құбылыс. Тіл - өте күрделі, сан-салалы құбылыс.
Егер Тілді функционалдық жағынан анықтағымыз келсе, оның қатынас құралы, адамдардың бір-бірімен пікір алысып, өзара түсінісуінің құралы дейміз.Егер Тілді ой мен санаға қатынасты жағынан анықтамақ болсақ, онда Тілді ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығаратын құрал, ойлау құралы дейміз. Тілді құрылымы жағынан анықтамақ болсақ, Тіл - қатынас жасауға қажетті материалдардың жиынтығы деп қараймыз.Тілді таңбалық сипатына қарай таңбалар жүйесі, семотикалық жүйе деп анықтау да Тілдің қоғамда атқаратын қызметінің мәніне орай. Бұлардың ішіндегі ең негізгісі — Тілдің функциясына қарай берілген анықтама. Тілдің тіршілігі, дамуы оның қатынас құралы болу қызметіне байланысты. Тілдің бұл қызметі коммуникативтік функция деп аталады. Тілді адам өзін қоршаған қауымнан, өмірден үйренеді». Қазақ лингвистикасында тіл мен сөйлеуге қатысты мәселелерді анықтап, олардың айырмашылықтарын көрсетуге тырысқан тілші — Т.Р.Қордабаев.
Т.Р.Қордабаев: «Сөйлеу дегеніміз — тілді қатынас жасау процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз», - дей келіп, - «Сөйлеу тілдік материалдар арқылы болады және тілдік заң-ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Тіл мен сөйлеу бір-бірінен ажырамас бірлікте» - деп, тіл мен сөйлеудің ара қатысын орыс лингвистерінің көзқарастарына байланысты баяндайды. Бұл автор сөйлеу мен сөйлесім әрекетін қысқаша түсіндіре келіп, тілді қоғамдық құбылыс ретінде танып, оның ерекшеліктеріне тоқталады. Сол сияқты К.Аханов тіл мен ойлау процестерін қарастыра келіп, тілге төмендегідей анықтама береді: «Тіл — ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы» Аханов К.
Сонымен қатар ол тілдің таңбалық қасиетін де оның басты ерекшеліктерінің қатарына жатқызады. Тілші: «Тіл — таңбалардың коммуникативтік жүйесі болып табылады», - дей келіп оның басқа құбылыстардан айырмашылығын көрсетеді. Сонымен, тілдік қатынасқа байланысты болатын тіл, ойлау, сөйлесім құбылыстарының бәрі де ғылыми тұрғыдан толық шешімін тауып, бірізге түсе қоймаған, арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелер.
Біздің ойымызша, тіл мен сөйлесім бір-бірімен байланысты бірақ екі бөлек қүыбылыс бола келіп, екеуі де:

а/ әрі қоғамдық-әлеуметтік;


ә/ әрі жекелік, дербестік мәні бар;
б/ әрі қатысымдық-құбылыстар.

Тіптен айтыс тудырған мәселе тіл мен сөйлесім - екеуі екі бөлек ғылымның зерттеу объектісі ме, жоқ бір тіл білімінің екі түрлі мәселесі ме — деген пікірлердің өзі бір ортақ нәресні мойындайды.


Ең алдымен, тілдің әлеуемттік және жекелік жақтарын қарастырайық. Тіл — табиғаттың адамзатқа берген сыйы, ол -қоғамда өмір сүретін адамдардың өзіне тікелей бағынбайтын күрделі құбылыс. Сондықтан ол әлеуметтік-қоғамдық процесс болып саналады. Оны лингвистика да, психология да, физиология да өз мақсаттары түрғысынан қарастырады. Оның сөйлесімге қатысты жағы — тіл — сөйлесімнің қажетті құралы; тіл болмаса, сөйлесім өз мақсатына жете алмайды, өз қызметін орындай алмайды. Тілдің психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері бүкіл адамзатқа ортақ қасиет, бұл — оның тұлғаларына да тән. Оның сыртында, әрбір адамның сөйлеу өзгешелігінде ғана емес, тілінде де жекелік сипат бар. Оның мәні мынада: барлық тіл бір мезгілде, бір себептен шыға салмайды. Оған әсер етуші сыртқы және ішкі жағдайлардың ықпалынан әр адамның тілінің шығуының, қалыптасуының жекелік мәні бар. Бұл ерекшелік оның әлеуметтік мәніне қарағанда, кең шеңберде болмауы мүмкін. Бірақ әр сәбидің тіліне байланысты, оның бөлшегіне қатысты үлкен қоғамдық тілдің алғы шарттары пайда болып, қалыптасады. Тілге қажет нәрсенің бірі — ішьсі анатомиялық-физиологиялық даму, жетілу процесі. Ол адамның тууымен біртіндеп өзі болады.
Екіншіден, тілдің тіл болуы үшін ең қажетті шарт — ойлау, пайымдау. Адамның ми қабатына жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады; сөйлесім арқылы бейнеленеді, көрініс табады. Адамның ойы тілдік тұлғалар арқылы неше мәрте айтылса да, белгілі бір сөйлесім жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады.
Үшіншіден, тілге қажетті маңызды фактор - қарым-қатынастың болуы, яғни қатысымдық. Тілдің ең маңызды атқаратын қызметі - дыбысталу арқылы ойды сыртқа шығару. Кез келген сыртқа шыққан сөйлеу үлгісі белгілі бір ортаға тап болады. Сөйтіп, айналасындағы затпен, қүбылспен байланысқа түседі. Бұл — мәселенің бір ғана жағы. Оның сыртында, далаға шыққан ой екінші біреуден жауап алу үшін, жоғалмай дамуы үшін қажеттілік. Өз қызметін атқара алмаған тіл жоғалып, жойылып кетеді. Мәселен, жабайы аңдардың ортасына түскен адам бірнеше жыл сол ортада өмір сүруінің арқасында тілді үмытады. Сөйтіп, қарым-қатынас болмағандықтан, тіл өз функциясынан айрылады. Мұндай адамның ойлау жүйесі /тамақ табу, қорқынышты, қауіпті сезу, оған қарсы ойлау қабілеті бүрынғыдан шектеліп қалады. Дегенмен, қарапайым түрде болса да ойлау сақталады, ал тілдік қарым-қатынас сақталмайды, тіл болмайды. Демек, қатысымдық байланыс болмаса, тіл де өмір сүре алмайды, тіл де болмайды.
Қарым-қатынас — тілдің өмір сүруінің, тілдік болмыстың басты өлшемі. Қарым-қатынас сөйлеу, сөйлесім арқылы жүзеге асады. Сөйлеудің ең маңызды құралы — тіл, сөйлесімді жүзеге асыратын да — тіл. Сондықтан да тіл қатысымдық құбылыс болып саналады.
Тіл - адамдар арасындағы тілдік қатынасты қамтамасыз ететін, дыбыстық, таңбалар жүйесінің жиынтығы арқылы ойды жарыққа шығарудың құралы. Тіл сияқты сөйлесім де әлеуметтік құбылыс. Өйткені сөйлесімді жеке бір адам жүзеге асыра алмайды, ол бірнеше адамдардың тілдік түсіністігі арқылы іске асады. Сөйлесім адамдарды біріктіреді, оларды өзара байланысқа түсіреді. Мұндай байланыс қоғамның құрылысына әсер етеді. Жалғыз адам табиғаттан, қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны сияқты, жалғыз адам сөйлесім процесін де жүзеге асыра алмайды. Адам жаратылыстан, табиғаттан тыс емес, сөйлеу адамнан тыс емес. Сөйлесім — адамдарды қаумыдастыққа жетелейтін, қоғамдық мәні бар күрделі әрекет.
Сөйлесім арқылы адамдар бірін-бірі түсінісіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық-әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешеді, өзара бірлікте, ыетамақтастықта болады, түсініседі, сөйтіп, қоғамның дамуын жетілдіреді; не керісінше кері кетіреді. Бірақ қай жағдайда болсын сөйлеу адамның алдына қойған мақсатына қызмет етеді, сөйлеусіз, сөзсіз адамдар арасындағы ешбір тірлік жүрмейді. Осыдан келіп, сөйлесімнің қоғамдық-әлеуметтік мәні шығады. Қарым-қатынасқа түсетін адамдардың тілді, сөзді қолдануында да өз ерекшеліктері бар. Әр адамның сөйлеу мәнері, стилі басқа адамға үқсамайтын, тек өзіне ғана тән сөйлеу үлгісімен өзгешеленеді. Осының өзінен сөйлеудің жекелік мәні, даралық ерекшелігі келіп шығады.
Сөйлеу қаншама даратүрлік болса да, сөйлеуде адамның өзіндік ерекшелігі болса да, ол /адам/ сөйлесімнің құрамдық бөлшектерін, тілді өз еркінше жасап, өзі қүрай алмайды. Адам дайын тілдік тұлғаларды пайдаланады. Осыдан тағы да сөйлесімнің қоғамдық орны көрінеді.
Сөйлесімнің мұндай екі жақты ерекшелігін В.Я.,Мыркин мынадай деп ажыратып көрсетеді: Сөйлесім мазмұны, мағынасы тарапынан әлеуметтік болады да, орындалуы жағынан жекелік құбылыс болып табылады: «Речь социально по значению и индивидуальна по исполнению».
Сөйлесімнің жекелік мәнін көрсететін тағы бір жай қарым-қатынас процесінде сөйлеу жеке адамға тән бола келіп, нақтылы бір адамның атынан айтылады не жазылады. Содан барып, сөйлеу - жеке авторға тән процесс болып саналады, себебі сөздің белгілі авторы бар.
Зерттеушілердің пікірлеріне шолу жасай келіп, сөйлесімнің әлеуметтік мәні мен жекелік қасиетінің - екеуінің де маңызды екенін атап айтуға тура келеді.


Пайдаланған әдебиет:
Оразбаева Ф.Ш. Тіл әлемі. Мақалалар, зерттеулер. –Алматы: АнАрыс

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет